Қазақстан су корына жалпы сипаттама



Кіріспе 3
1. Су қорларының жалпы сипаттамасы 4
2. Гидросфераны ластаушы жүйелері 7
3. Табиғаттағы су айналымы 9
Қорытынды 11
Пайдаланған әдебиеттер 12
Су әлемнің ең үлкен байлығы бірақ біздің планетамыздағы тұщы судың қоры санаулы ғана, барлық су ресурстарының 3% ғана таза судың жетіспеушілігі жер шарының көптеген аудандарындағы өткір мәселелердің бірі болып отыр.
Жердегі су ресурстары жалпы алғанда жер бетілік және континентальды сулар. Бүкіл әлемдік мұхит сулары және жер астылық сулар болып үшке бөлінеді. Континентальды суларға өзен, көл, теңіз, батпақ, атмосфералық жауын – шашын сулары, мұздықтар суы, бүкіл әлемдік мұхиттар мен оларға құятын теңіздер ал жер астылық суларға топырақ, ылғалдары жер астының грунт сулары жатады.
Судың химиялық құрамы бір біріне байланысыз, екі фактордың тарихи табиғи және геологиялық жағдайлар мен антропогендік фактордың әсерінен қалыптасады. Судың химиялық құрамының түрліше болуы себепті: оларды минералдану дәрежесіне байланысты төмендегіше класификациялауға болады (1г\м).
Тұщы су – 1. Тұздану – 1-25. Тұзды – 26-50. Ащы - > 50
Жер бетіндегі тұщы су қорының 97% Антарктида, Греландия полюстер мен таудағы мұздықтардың үлесіне тиеді. Егер осы мұздықтарды жер бетіне бірдей етіп болса, онда ол қалыңдығы 53 м қабат түзген болар еді.
Құрлықтың бар болғаны шамамен 3% көлдер мен өзендер алып жатыр. Сондықтан да тұщы судың жетіспеушілігі түсінікті жағдай деуге болады. Табиғатта су үздіксіз жүріп отырады. Күн әсерінен мұхит суларының, құрлықтың беттерінен және өсімдік транспирация арқылы су үздіксіз буланады. Нәтижесінде атмосфера сумен қанығады. Қазіргі кезде ішкі суларын ластану дәрежесі өте қауіпті жағдайға жетіп отыр. Қазақстан су ресурстарының ластану көздерінің ішіндегі ең қауіптісі балықтарға зиян әсер ететін құрамында химиялық улы заттары бар өндірістің қалдықтары. Оған: целлюлоза-қағаз фабрикалары, химия өндіріс орындары, мұнай өңдеу, металлургия зауыттары, мал шаруашылығы өнімдерін-жүн, тері өңдейтін зауыттар, т.б. жатады.
Сондықтан да тұщы ауыз суды таза ұстау, оны ластамау, орынды пайдалану, үнемдеп жұмсау жұмыстары бүкілхалықтық көкейтесті проблемаға айналып отыр.
Зерттеу мақсаты
Қазақстан су корына жалпы сипаттама беріп,олардың қазіргі экологиялық жағдайын анықтау. Қазақстан өзендері, колдері, теніздерін сипаттау, су ресурстарының ластау көздерін анықтау, суды тиімді пайдалану әдістерін айқындау.
1. Асқарова Ұ.Б. «Экология және қоршаған ортаны қорғау» Алматы, 2005 ж
2. А.А. Демеген, Е.Т.Жаңбыршин,, А.Д. Демеев «Табиғи ресурстарды үнемді пайдаланудың оңтайлы жолдары» Ақтау, 2005 ж
3. С.Мұқаұлы, Е Чпшиев «Табиғат пайдалану экономикасы » оқу құралы
4. Алматы «экономика» 1999 ж.
5. Мамыров Н.Қ., Тонкопий М.С., Үпішев Е.М. «Табиғатты пайдалану экономикасы». Алматы 2005.
6. Баешов Ә.Б. “Экология және таза су проблемалары” Алматы-2003 ж.
7. Бейсенова А. Экология және табиғатты тиімді пайдалану Оқу құралы Алматы 2004
8. Сағымбаеы Ғ.К. Экология негіздері Алматы 1994
9. Оспанова Г. Бозшатаева Экология негідері Алматы 2000
10. Мамбетқазиев Е. Сыбанбеков Қ. Табиғат Қорғау 1990
11. Нұрғызарынов А., Шапшанов Қ. – Арал өңірінің экологиясы Оқулық, Алматы, 1996 ж.
12. Каспий экологиялық программасы, Информациялық бюллетень, 2001,№2.-61 бет.
13. Қазақстан Республикасының 2004- 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы.
14. Достаев Ж.. Табиғат суларын ластанудан және сарқылудан қорғау. А., 1993.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. Су қорларының жалпы сипаттамасы 4
2. Гидросфераны ластаушы жүйелері 7
3. Табиғаттағы су айналымы 9
Қорытынды 11
Пайдаланған әдебиеттер 12

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Су әлемнің ең үлкен байлығы бірақ біздің планетамыздағы тұщы судың қоры санаулы ғана, барлық су ресурстарының 3% ғана таза судың жетіспеушілігі жер шарының көптеген аудандарындағы өткір мәселелердің бірі болып отыр.
Жердегі су ресурстары жалпы алғанда жер бетілік және континентальды сулар. Бүкіл әлемдік мұхит сулары және жер астылық сулар болып үшке бөлінеді. Континентальды суларға өзен, көл, теңіз, батпақ, атмосфералық жауын - шашын сулары, мұздықтар суы, бүкіл әлемдік мұхиттар мен оларға құятын теңіздер ал жер астылық суларға топырақ, ылғалдары жер астының грунт сулары жатады.
Судың химиялық құрамы бір біріне байланысыз, екі фактордың тарихи табиғи және геологиялық жағдайлар мен антропогендік фактордың әсерінен қалыптасады. Судың химиялық құрамының түрліше болуы себепті: оларды минералдану дәрежесіне байланысты төмендегіше класификациялауға болады (1г\м).
Тұщы су - 1. Тұздану - 1-25. Тұзды - 26-50. Ащы - 50
Жер бетіндегі тұщы су қорының 97% Антарктида, Греландия полюстер мен таудағы мұздықтардың үлесіне тиеді. Егер осы мұздықтарды жер бетіне бірдей етіп болса, онда ол қалыңдығы 53 м қабат түзген болар еді.
Құрлықтың бар болғаны шамамен 3% көлдер мен өзендер алып жатыр. Сондықтан да тұщы судың жетіспеушілігі түсінікті жағдай деуге болады. Табиғатта су үздіксіз жүріп отырады. Күн әсерінен мұхит суларының, құрлықтың беттерінен және өсімдік транспирация арқылы су үздіксіз буланады. Нәтижесінде атмосфера сумен қанығады. Қазіргі кезде ішкі суларын ластану дәрежесі өте қауіпті жағдайға жетіп отыр. Қазақстан су ресурстарының ластану көздерінің ішіндегі ең қауіптісі балықтарға зиян әсер ететін құрамында химиялық улы заттары бар өндірістің қалдықтары. Оған: целлюлоза-қағаз фабрикалары, химия өндіріс орындары, мұнай өңдеу, металлургия зауыттары, мал шаруашылығы өнімдерін-жүн, тері өңдейтін зауыттар, т.б. жатады.
Сондықтан да тұщы ауыз суды таза ұстау, оны ластамау, орынды пайдалану, үнемдеп жұмсау жұмыстары бүкілхалықтық көкейтесті проблемаға айналып отыр.
Зерттеу мақсаты
Қазақстан су корына жалпы сипаттама беріп,олардың қазіргі экологиялық жағдайын анықтау. Қазақстан өзендері, колдері, теніздерін сипаттау, су ресурстарының ластау көздерін анықтау, суды тиімді пайдалану әдістерін айқындау.
Зерттеу міндеттері
:: ҚР өзен көлдері мен бөгендері, мұздықтары туралы сипаттама беру;
:: Су ресурстарының сарқылуы және ластануын бақылау;
:: Суды ластаушы көздерін анықтау;
:: Қазақстанның су ресурстарын тиімді пайдалану туралы шешімдер;
1. Су қорларының жалпы сипаттамасы

Қазақстан жерінде өзен, көл, мұздықтар мен жер асты суының таралуы және Су қоры олардың деңгейлік ерекшеліктсрі ең алдымен климат факторларына, жер бетіне түсетін жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Су қорларының ішінде, әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ көпшілік өзен-көлдердің деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлш. қалыпты орташа деңгейден 2 - 4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтік аймақта жайласқан Қ-ның маңызды табиғи қорларының бірі - жер асты суы. Су қорлары кең-байтақ аумақта біркелкі таралмаған.
Мұздық. Қ-ндағы жер беті ағын суы қорының негізгі көзі - мұздықтар суы. Таулық өңірлерден жалпы ауд. 2033,3 км2-лік 2724 мұздық анықталды (1985). Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000 км2-ден астам) Жетісу Алатауында (мұздық аум. 1369 км2), қалғаны Іле мен Күнгей (610,7 км2), Теріскей (144,9 км2) Алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында (106,2 км2), Қырғыз және Талас Алатауларында (101,5 км2). Қазақстан мұздықтарын 3 топқа жіктеуге болады: аңғарлық мұздықтар, беткейлік мұздықтар және денудациялық беткейлер мұздықтары (жұмыр, мүжіле тегістелген шыңдарда). Осылардың ішінде көбірек таралғандары (жалпы мұздықтардың 66%-ы) аңғарлық мұздықтар. Аңғарлық мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын (әсіресе таулы өңірлерін) зерттеуге аса зор ұлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталған. Іле Алатауындағы Талғар массивімен байланысты күрделі аңғарлық Корженевский мұздығы - Қазақстандағы аса ірі мұздық болып саналады: ұз. 11,7 км, ауд. 38,0 км2, мұзының жалпы көл. 6,32 км3. Аңғарларда және аңғарлық беткейлерде қалыптасқан мұздықтардың көпшілігінің қалыңд. 50 - 100 м, ал таудың жоғары беткейлеріндегі мұздықтардікі 10 - 30 м.
Мұздықтардағы мұздың жалпы көл. 100 км3. Мұз басудың төм. шекарасы мен фирн (мұзқар) сызығының (мұз шоғырының көбеюі кезіндегі жоғ. және еріп азаюы кезіндегі төм. бөліктері арасындағы шегі) абс. биіктігі солт-тен оңт-ке және батыстан шығысқа карай арта түседі. Егер де Алтайда бұл көрсеткіш 2500 - 2800 м болса, Тянь-Шань тауында 3500 - 3800 м. Бұның өзінде оңт. беткейлерге қарағанда солт. беткейлердің шекарасы 200 - 250 м төменірек жатады. Қазақстан мұздықтары негізінен тым төмен темп-ралы келеді. Әсіресе, мұздың үстіңгі 12 - 15 м қабаты қыс кезінде қатты суынады. Жаз маусымында мұздың 1 м-ге дейінгі беткі қабаты 0°С-ка дейін ғана жылынады. Мұз қабатының жұқалығына, темп-расының төмендігіне және жылдық жауын-шашынның шамалы түсуіне байланысты мұздықтар жылына 50 - 70 м-ге дейін төмен қарай баяу жылжиды. Мұздықтардың абляциялық (еру және булану процесінің) маусымы қалыпты жағдайларда 2 - 2,5 айға созылады. Абляцияның көп жылдық орташа мөлш. 1 м шамасында. Мұздық суы - тау өзендерінің толығу көзі. Әр тау өзені ағынының басталар жеріндегі суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлігіндегінің 35%-ы мұздық суының үлесіне тиеді.
Республика мұздықтары тартылуда. Кейбіреуінің ұз. жылына 5 - 20 м-ге, ауд. 1000 м2, мұз қоры 0,05 - 0,1%-ға кемуде. Қазақстанның таулық бөлігінде ауд. 20000 км2-дей көп жылдық тоң белдемі қалыптасқан; оның төм. шегі Алтайда 2000 м, Сауырда 2300 м. Жетісу Алатауында 2800 м және Тянь-Шань жоталарында 3000 м-ге дейін төмендейді.
Өзен. Қазақстан өзендерін ұзындығы бойынша топтасақ, онда 85 022 өзеннің ішінде 84 694-і шағын (ұз. 100 км-ге дейін), 305-і орташа (500 км-ге дейін) және 23-і ірі (500 - 1000 км-ден астам) өзендер қатарына жатады. Республиканың шығысындағы Алтай, оңт.-шығысындағы Жетісу және Іле Алатаулары ылғалы мол таулы өңірлердегі өзен торының жиілігі (барлық өзендер ұзындығы қосындысының осы алаптың ауданына қатынасы) басқа өңірлерге қарағанда жоғары, 0,4 - 1,8 кмкм2 шамасында. Шағын өзендердің көбі Ұлытау, Шыңғыстау, Қарқаралы тауынан, сонымен қатар Тарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарынан басталады. Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерінде өзен торының жиілігі тым сирек (0,03 кмкм2-ге дейін) келеді. Өзендердің басым көпшілігі Каспий, Арал т-дерінің, Балқаш, Алакөл және Теңіз сияқты көлдердің тұйық алаптарына жатады. Тек Ертіс, Есіл және Тобылға кұятын өзендер ғана мұхитқа құятын Кара т. алабына қарайды. Қазақстандағы ең суы мол өзен - Ертіс. Оның республика жеріндегі ұз. 1700 км, жалпы ұз. 4248 км. Жоғ. бөлігіндегі ағыны 2 ірі су электр ст-ларымен (Бұқтырма және Өскемен) реттелген. Өзен суының біраз бөлігі Ертіс-Қарағанды каналы арқылы Орт. Қазақстанға бұрылған. Ұзындығы жөнінен республикадағы екінші өзен - Сырдария. Қазақстандағы ұз. 1400 км, жалпы ұз. 2219 км. Егін суаруға қарқынды пайдалануына байланысты ағыны кейбір жылдары Арал т-не жетпей тартылып қалады. Балқаш к. алабындағы ірі өзен - Іленің республика шегіндегі ұз. 815 км (жалпы ұз. 1001 км). Оның ірі салаларының бірі Шілік өз-нен бастап, Шамалған өз-не дейін ұз. 200 км-ге жуық Үлкен Алматы каналы салынған.
Бат. Қазақстан жерін негізінен Жайық өз. суландырады. Ол республика жерінен тыс Оңт. Оралдан басталады. Қазақстандағы ұз. 1082 км, жалпы ұз. 2428 км. Ірі өзендер қатарына сонымен бірге Есіл, Тобыл, Елек, Шу, Торғай, Ырғыз, Сарысу, Нұра, Талас, Ойыл, Жем, т.б. өзендер жатады. Бірақ бұлардың кейбіреуінің деңгейі жазда тым төмендеп, кейбіреуі мүлдем тартылып қалады, ал көктемде қар суымен толысып тасиды. Қазақстан өзендерінің көпшілігі жазда суы тартылып, жеке-жекеқарасуларға бөлініп қалады. Біразы көктемгі қар суымен маусымдық көлдерге құйылып, жазда сорға айналады.
Қазақстан өзендері толығу сипатына қарай 3 топқа бөлінеді: қар суынан толығатын, мұздық суынан және аралас толығатын өзендер. Өзендердің көпшілігі көктемде тасиды, тек мұздық суынан толысатын өзендер ғана жазда тасиды. Климат сипатына байланысты өзендердің көп жылдық арын мөлшері де үнемі өзгеріп отырады. Жазық өңірлер өзендері арынының орташа өзгергіштігінің вариациялық коэфф. негізінен 0,80-нен 1,20-ға дейін жоғарылайды. Бұл шамадан тек Жайық өз-нің ағын өзгергіштігі кемірек (0,58 - 0,80), ал Тобылдікі көбірек (1,50-ге дейін) келеді. Тау өзендерінің жылдық ағын мөлшерінің ауытқуы онша болмайды, әсіресе Іле Алатауының солт. беткейінен басталатын өзендер деңгейі тұрақты. Тау өзендерінің суы гидрохим. құрамына қарай гидрокарбонатты болады; олардың минералдығы жоғары деңгей кезінде 200 - 300 мгл, деңгейі төмен түскенде 500 - 600 мгл-ге дейін жоғарылайды. Жазық өңір өзендерінің суы сульфатты немесе хлорлы топқа жатады және олардың минералдығы су жинайтын алаптың ауданына, жер бедері мен топырақ сипатына, климаттық жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Шөлейт және шөл белдемдердегі өзендердің минералд. 100 - 200 мгл-ден (бастау жағында) 5000 мгл-ге дейін (төм. ағысында) артады.
Өзендердің лайлылығы жөнінен Қазақстанның жазық және таулы аудандар арасында үлкен айырмашылық бар. Жазық жер бедеріне және өзен егістігінің шамалы болуына байланысты мұндағы өзен суында қатты зат ағыны біршама аз болады, лайлылығы 200 гм3-ден артпайды. Борпылдақ жынысты өңірде ағатын Бат. Қазақстан өзендерінің лайлылығы тым жоғары (500 - 700 гм3). Таулы аудандар өзендерінің лайлылығы ағыс бойымен төмен қарай 50 - 100 гм3-ге дейін артады.
Көл. Қазақстан көлдерін ауданына қарай топтастырсақ, онда жалпы 48 262 көл айдынының 45 248-і шағын (ауд. 1 км2-ге дейінгілер) көлдер қатарына жатады. Ауд. 10 км2-ден астам ірі көлдер саны 296, ал 100 км2-ден астам аса ірі көлдер 21 (бұл 21 айдын үлесіне Қазақстандағы барлық көлдердің жалпы ауданының 60%-ы тиеді). Қазақстан аумағы бойынша көлдер біркелкі таралмаған. Кейде бұлар бір-бірінен жүздеген километр алшақ жатады, кейбір өңірде жиі орналасып, біртұтас көлдер жүйесін құрайды. Солт. Қазақстанда жалпы ауд. 15 623 км2 болатын 21 580 көл болса, бүкіл Орт. және Оңт. Қазақстанда жалпы ауд. 4658 км2 болатын 17 554 көл ғана бар. Солт. Қазақстанда 100 км2-лік аймаққа 3 км2-лік көл айдындары болса, бұл көрсеткіш Орт. және Оңт. Қазақстанда сәйкес түрде 0,23 және 0,53 км2-ге дейін кемиді. Қазақстан көлдері пайда болуы жөнінен тектоник. және экзогендік түрлерге бөлінеді. Каспий және Арал т-дері, Балқаш, Алакөл, Теңіз, Сасықкөл, Марқакөл, т.б. ірі көлдер тектоник. қазаншұңқырларда қалыптасқан. Экзогендік көлдерге Сілетітеңіз, Теке, Жалаулы, Қызылқақ, Үлкен Қараой, т.б. жатады. Орманды дала және дала белдемдері көлге бай. Жалпы республика айдындарының көпшілігі абс. биіктіктері 100 м-ден 3500 м-ге дейінгі борпылдақ төрттік шөгінділердің үстінде орналасқан. Көлдердің су жинайтын алаптарының ауданы көбінесе 10-нан 320 км2-ге дейін, ал шөлейт және шөл белдемдерінде бұдан да аумақты келеді. Қазақстан көлдері шарасында 190 км3 су жиналған. Көктемде көлдер деңгейі 0,2 м-ден 6 м-ге дейін көтеріледі. Жаздың ортасына қарай сіңу және булану мөлшерінің артуына байланысты көлдердің деңгейлері күрт төмендейді, ал кейбіреуі кеуіп қалады. Төм. деңгей қазан - қараша айларында байқалады. Көпшілік көлдер деңгейінің орташа жылдық ауытқу амплитудасы 1 м шамасында. Ағынсыз көлдер су балансының шығымы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың жалпы мінездемесі
Жер ресурстары туралы түсінік
Деректер қорларының байланысуы
Табиғи ресурстар және оларды ұтымды пайдалану
Экологиялық қылмыстар
Қалалардың орналасу факторы
Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне қарсы қылмыстар
Су жүйелері және оның ластану көздері
Міндеттемелер
Экологиялық қылмыстардың түсінігі
Пәндер