XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой- пiкiрлердiң дамуы



Мазмұны

Кiрiспе

1.тарау. XX ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы психологиялық ой.пiкiрлердiң дамуының ғылыми негiздерi

1.1XX ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ зиялыларының психологиялық көзқарастарының қалыптасуының алғышарттары

1.2XX ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ зиялылары еңбектерiндегi жан тану ғылымына деген көзқарастарының қалыптасуы

1.3ХХ ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы қалыптасқан психология ғылымының мазмұны

2.тарау. XX ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы қалыптасқан психологиялық ой.пiкiрлердiң негiзгi идеяларын тәжiрибеде пайдаланудын мүмкiндiктерi

2.1Қазақтың психологиялық тұжырымдарының мақал.мәтелдердегi көрiнiсi

2.2ХХ ғасырдағы Қазақстандық психолог.ғалымдардың ой.пiкiрлерiн оқу.тәрбие процесiнiң мазмұнында пайдаланудың мүмкiндiктерi

Қорытынды

Пайдаланылған әдiстемелер тiзiмi
Кiрiспе

Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Қоғамның бүгiнгi дамуы елiмiздiң тарихи қалыптасуы мен дамуындағы ұлттық құндылықтарымызды зерделеп, озық тұстарын тәжiрибеде пайдалануды қажет етедi. Себебi, ата-бабаларымыздың психологиялық көзқарастары бойынша айтқан өсиеттерi мен нақыл сөздерiнiң педагогикалық мәнi бүгiн де өз құндылығын жойған жоқ. Керiсiнше, нағыз сұранысын тауып отыр.
Қазақ психологиялық ой-пiкiрлердiң дамуы көне замандардан бастау алып, қалыптасқан. Олар туралы пiкiрлер түркi халықтарының ортақ ғұдамалары әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.Яссауи, М.Иугнеки және т.б. еңбектерiнде басталып, қазақ ағартушылары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаев еңбектерiнде жалғасын тапқан.
XX ғасырдың бiрiншi ширегiндегi психологиялық ой- пiкiрлердiң дамуы Ш.Құдайбердiұлы, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов, М.Ж.Копеев және т.б. еңбектерiмен айрықша ерекшеленсе, ХХ ғасырдың екiншi жартысы Қазақстанда психология ғылымының дамуына үлес қосқан академик Т.Т.Тәжiбаев пен профессор М.М.Мұқанов, доцент Ә.Сыдықов, С.Балаубаев және т.б. қазақ ғалымдарының еңбектерiн қамтиды.
Қазақ топырағында ХХ ғасырдың басында тәлiмдiк ой- пiкiрлерi мен ұлттық нақышқа толы психологиялық көзқарастарымен барша жұртты тәнтi еткен қазақ жантану iлiмiнiң көшбасшысы ретiнде танылған Ж.Аймаутовпен қатар оқу - тәрбие iсiне тiкелей қатысты педагогикалық психологияға ерекше ден қойған М.Жұмабаевтың таңдаулы еңбектерi деп атауға болады.
ЖАймаутовтың психология саласындығы еңбектерiнiң басты бiр ерекшелiгi төл тiлiмiздегi тұңғыш психологиялық туындылар болуымен қатар, бұрыңғы Кеңес елiн мекендеген түркi тiлдес халықтар тiлдерiне алғаш жарық көрген бiрден - бiр ғылыми басылымдар екендiгiнде.
М. Жұмабаев сынды жыр дүлдiлiнiң тәлiм - тәрбие ғылымының (педагогика, психология және т. б.) теориялық мәселелерiне бой ұруы таңғаларлық жайт. Өйткенi бұл салада ғылыми еңбек жазған әлемдiк ақын - жазушылар некен-саяқ. Осы тұрғыдан алғанда Мағжанның "Педагогика" (1922 - 1923 ж.ж.) атты кiтап жазуы өмiрде өте сирек кездесетiн, тек аса талантты, данышпан адамдарға ғана тән қасиет.
Кеңестiк кезеңде Қазақстанда психология ғылымының дамуына өзiндiк үлес қосып, осы салада артына мол мұра қалдырған академик Т.Тәжiбаевтың ұлт психологиясына орай айтылған жеке пiкiрлерiмен қатар, Абайдың психологиялық көзқарастары туралы еңбегi; Қазақстандағы ғылыми психологияның дамуына ерекше үлес қосқан, өзiнiң 20 жылға созылған этнопсихологиялық еңбектерiнде қазақ халқының сонау ерте замандардың өзiнде - ақ ой - өрiсi өте жоғары болғанын эксперимент арқылы дәлелдеп берген ғалым. М.М. Мұқановтың 1979 жылы жарық көрген "Дәстүрлi мәдениет өкiлдерiндегi когнитивтi эмпатия мен рефлексияның зерттелуi" атты ғылыми мақаласы мен 1980 жылы жарық көрген "Ақыл ой - өрiсi" кiтабынан жекелеген тараулары да осы көзқарастың растығын дәлелдейдi.
ХХ ғасырдың екiншi жартысында, яғни 1930 - 1990 жылдар арасында қазақ елiнде, жоғарыда аты аталған ғалымдардан басқа, ұлттық психология ғылымына азды - көптi үлес қосқан басқа адамдар да аз емес. Олар психология ғылымдарының докторлары - профессорлар Жарықбаев Қ., Жақыпов С., Намазбаева Ж., Шериязданова Х., Хамзин Б., Бердiбаева С., Кәрiмова Р. және т.б. Бұлардың барлығының қазақ психологиясының бүгiнгi дамуында өзiндiк орны ерекше.
Ғалым Қ.Жарықбаевтың "Қазақтың психологиялық ой - пiкiрлерi" атты соңғы оныншы том, негiзiнен, елiмiздiң егемендiк алып, тәуелсiздiк алған кезеңiнде дейiнгi қазақ халқының он төрт ғасырлық психологиялық ой - пiкiрлерiн баяндайды. Яғни, бұл сонау VI-VIII ғасырлардан басталып, ХХ ғасырдың соңғы жылдарымен аяқталатын аса дүбiрлi үлкен кезең. Ал үстiмiздегi ХХI ғасырдағы қазақ психологиясының тарихын жазу бiзден кейiнгi ұрпақтың еншiсi болмақ деймiз.
Осындай ауқымды психологтар пiкiрлерiнiң жинақтары болса да олардың көзқарастарын толыққанды зерделеп, тәжiрибеде пайдалану өз деңгейiнде емес. Сондықтан бiз диплом жұмысымыздың тақырыбын "XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой- пiкiрлердiң дамуы" деп алдық.
Зерттеудiң мақсаты: XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой-пiкiрлердiң дамуына теориялық талдау жасау және оны бүгiнгi тәжiрибеде пайдаланудың жолдарын көрсету.
Зерттеудiң обьектiсi: XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстандағы психологиялық ой пiкiрлердiң мәнi мен мазмұны.
Зерттеудiң пәнi: XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстандағы психологиялық ой - пiкiрлердiң даму процесi.
Зерттеудiң мiндеттерi:
- XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстандағы зиялы тұлғалардың психологиялық көзқарастарына теориялық талдау жасау, мәнiн айқындау.
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi

1. Қ.Жарықбаев. Қазақ психологиясының тарихы. -Алматы:Қазақстан, 1996. -160 б.
2. Қ.Жарықбаев. Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы.-Алматы, 2006.-480 б. 10-том.
3. Қ.Жарықбаев. Кезiнде әлемдiк психологияға өзiндiк үлес қосқан қайран қазақ психологиясының қазiргi халi қандай? /Мектептегi психология. 2006. №4. Шiлде-тамыз.
4. Сабирова Ж. Мағжан Жұмабаевтың психологиялық көзқарастары. -Алматы, 2005.-25 б.
5. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлiм-тәрбиесi. -Алматы:Санат. 1995. -352 б.
6. Жарықбаев Қ., Құдиярова А. Жантану пәнiн орта мектептерде оқытудың мәселелерi. -Алматы, 2004.
7. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кiрiспе.-Алматы, 2000.
8. Сейiтнұр Ж. М.Мұқановтың педагогикалық-психологияға қосқан үлесi. /Ұлағат.-Алматы, 2001. -38 б.б.
9. Уалиханов Ш. Шығармалар жинағы. - Алматы, 1961. 5 - том.- 89 б.
10. Құнанбаев А. Қара сөз, поэмалар. // Құрастырған К.Серiкбаева. - Алматы, "Ел", 1992. - 272 б.
11. Құдайбердиев Ш. Шығармалары: Өлеңдер, дастандар, қара сөздер. // Құрастырған М.Жармұхамедұлы, С.Дәуiтов. - Алматы: Жазушы, 1988. - 560 б.
12. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы: Ана - тiлi, 1992. - 160 б.
13.Көбеев С. Баланы семьяда тәрбиелеу. - Алматы: Мектеп, 1965.-67 б.
14.Аймауытов Ж. Психология. - Алматы, 1995. -235 б.
15. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеулер мен өлеңдер. - Алматы: Ата мұра. 2003. - 208 б.
16. Әуезов М. Адамдық негiзi - әйел. 20-томдық шығармалар жинағы. Т-15. - Алматы: Жазушы, 1984. -7-9 б.
17.Ауезов М. Мысли разных лет. – Алматы, 1965. С.18
18. Алтынсарин Ы. Шығармалар толық жинағы. - Алматы: Жазушы, 1988. - 207 б.
19. Жарықбаев Қ.Б. Психология. -Алматы, 1993.
20. Алдамұратов Ә., Рахымбеков Қ. Қызықты психология. -Алматы, 1992.
21. Тәжiбаев Т. Жалпы психология. -Алматы, 1993.
22. Елеусизова С. Қарым-қатынас психологиясы. -Алматы, 1993.
23. Елiкбаев Н. Ұлттық психология.-Алматы, 1992.
24. Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану. -Алматы, 1994.
25. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжiрибелiк психология. -Шымкент, 2006. 1-том. - 188 б.
26. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. -Шымкент, 2007.2-том.
27.Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. -Алматы, 1981.
28. Жұмабаев М. Шығармалары.-Алматы:Жазушы. 1989.- 448 б.
29. Бейсембиев Қ. Қазақ ағартушыларының әлеуметтiк-саяси философиялық көзқарастары туралы. -Алматы, 1958.
30. Габдуллин И. Абай тағылымы. -Алматы, 1986.
31. Жарықбаев Қ. Әл-Фараби. -Алматы, 1977.
32. Дербiсалин Ә. Ы.Алтынсариннiң өмiрi мен қызметi туралы. - Алматы, 1968.
33. Қалиев С. Қазақ халқының салт-дәстүрi. -Алматы, 1991.
34. Псиқология./Кітапты араб жазуынан көшірген психология ғ.к. А.Т.Ақажанова. — Алматы: "Рауан". 1995, 2-1—32: 42— 57; 62—65: 69—77; 127—146; 178—198-6.)

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық
ой- пiкiрлердiң дамуы

Орындаған:
Ғылыми жетекшiсi:

Мазмұны
Кiрiспе

1-тарау. XX ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы психологиялық
ой-пiкiрлердiң дамуының ғылыми негiздерi

1. XX ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ зиялыларының
психологиялық көзқарастарының қалыптасуының
алғышарттары

2. XX ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ зиялылары
еңбектерiндегi жан тану ғылымына деген көзқарастарының
қалыптасуы

3. ХХ ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы
қалыптасқан психология ғылымының мазмұны

2-тарау. XX ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы қалыптасқан
психологиялық ой-пiкiрлердiң негiзгi идеяларын тәжiрибеде пайдаланудын
мүмкiндiктерi

1. Қазақтың психологиялық тұжырымдарының мақал-мәтелдердегi
көрiнiсi

2. ХХ ғасырдағы Қазақстандық психолог-ғалымдардың ой-пiкiрлерiн
оқу-тәрбие процесiнiң мазмұнында пайдаланудың мүмкiндiктерi

Қорытынды
Пайдаланылған әдiстемелер тiзiмi
Кiрiспе

Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Қоғамның бүгiнгi дамуы елiмiздiң
тарихи қалыптасуы мен дамуындағы ұлттық құндылықтарымызды
зерделеп, озық тұстарын тәжiрибеде пайдалануды қажет етедi.
Себебi, ата-бабаларымыздың психологиялық көзқарастары бойынша
айтқан өсиеттерi мен нақыл сөздерiнiң педагогикалық мәнi бүгiн де
өз құндылығын жойған жоқ. Керiсiнше, нағыз сұранысын тауып отыр.
Қазақ психологиялық ой-пiкiрлердiң дамуы көне замандардан
бастау алып, қалыптасқан. Олар туралы пiкiрлер түркi халықтарының
ортақ ғұдамалары әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.Яссауи,
М.Иугнеки және т.б. еңбектерiнде басталып, қазақ ағартушылары
Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаев еңбектерiнде жалғасын
тапқан.

XX ғасырдың бiрiншi ширегiндегi психологиялық ой- пiкiрлердiң
дамуы Ш.Құдайбердiұлы, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
Ж.Аймаутов, М.Ж.Копеев және т.б. еңбектерiмен айрықша ерекшеленсе,
ХХ ғасырдың екiншi жартысы Қазақстанда психология ғылымының
дамуына үлес қосқан академик Т.Т.Тәжiбаев пен профессор
М.М.Мұқанов, доцент Ә.Сыдықов, С.Балаубаев және т.б. қазақ
ғалымдарының еңбектерiн қамтиды.

Қазақ топырағында ХХ ғасырдың басында тәлiмдiк ой- пiкiрлерi
мен ұлттық нақышқа толы психологиялық көзқарастарымен барша жұртты
тәнтi еткен қазақ жантану iлiмiнiң көшбасшысы ретiнде танылған
Ж.Аймаутовпен қатар оқу - тәрбие iсiне тiкелей қатысты
педагогикалық психологияға ерекше ден қойған М.Жұмабаевтың
таңдаулы еңбектерi деп атауға болады.

ЖАймаутовтың психология саласындығы еңбектерiнiң басты бiр
ерекшелiгi төл тiлiмiздегi тұңғыш психологиялық туындылар
болуымен қатар, бұрыңғы Кеңес елiн мекендеген түркi тiлдес
халықтар тiлдерiне алғаш жарық көрген бiрден - бiр ғылыми
басылымдар екендiгiнде.

М. Жұмабаев сынды жыр дүлдiлiнiң тәлiм - тәрбие
ғылымының (педагогика, психология және т. б.) теориялық
мәселелерiне бой ұруы таңғаларлық жайт. Өйткенi бұл салада ғылыми
еңбек жазған әлемдiк ақын - жазушылар некен-саяқ. Осы тұрғыдан
алғанда Мағжанның "Педагогика" (1922 - 1923 ж.ж.) атты кiтап жазуы
өмiрде өте сирек кездесетiн, тек аса талантты, данышпан адамдарға
ғана тән қасиет.
Кеңестiк кезеңде Қазақстанда психология ғылымының дамуына
өзiндiк үлес қосып, осы салада артына мол мұра қалдырған академик
Т.Тәжiбаевтың ұлт психологиясына орай айтылған жеке пiкiрлерiмен
қатар, Абайдың психологиялық көзқарастары туралы еңбегi;
Қазақстандағы ғылыми психологияның дамуына ерекше үлес қосқан,
өзiнiң 20 жылға созылған этнопсихологиялық еңбектерiнде қазақ
халқының сонау ерте замандардың өзiнде - ақ ой - өрiсi өте жоғары
болғанын эксперимент арқылы дәлелдеп берген ғалым. М.М. Мұқановтың
1979 жылы жарық көрген "Дәстүрлi мәдениет өкiлдерiндегi когнитивтi
эмпатия мен рефлексияның зерттелуi" атты ғылыми мақаласы мен 1980
жылы жарық көрген "Ақыл ой - өрiсi" кiтабынан жекелеген тараулары
да осы көзқарастың растығын дәлелдейдi.
ХХ ғасырдың екiншi жартысында, яғни 1930 - 1990 жылдар
арасында қазақ елiнде, жоғарыда аты аталған ғалымдардан басқа,
ұлттық психология ғылымына азды - көптi үлес қосқан басқа адамдар
да аз емес. Олар психология ғылымдарының докторлары - профессорлар
Жарықбаев Қ., Жақыпов С., Намазбаева Ж., Шериязданова Х., Хамзин
Б., Бердiбаева С., Кәрiмова Р. және т.б. Бұлардың барлығының қазақ
психологиясының бүгiнгi дамуында өзiндiк орны ерекше.
Ғалым Қ.Жарықбаевтың "Қазақтың психологиялық ой - пiкiрлерi"
атты соңғы оныншы том, негiзiнен, елiмiздiң егемендiк алып,
тәуелсiздiк алған кезеңiнде дейiнгi қазақ халқының он төрт
ғасырлық психологиялық ой - пiкiрлерiн баяндайды. Яғни, бұл сонау
VI-VIII ғасырлардан басталып, ХХ ғасырдың соңғы жылдарымен
аяқталатын аса дүбiрлi үлкен кезең. Ал үстiмiздегi ХХI ғасырдағы
қазақ психологиясының тарихын жазу бiзден кейiнгi ұрпақтың еншiсi
болмақ деймiз.

Осындай ауқымды психологтар пiкiрлерiнiң жинақтары болса да
олардың көзқарастарын толыққанды зерделеп, тәжiрибеде пайдалану өз
деңгейiнде емес. Сондықтан бiз диплом жұмысымыздың тақырыбын
"XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой-
пiкiрлердiң дамуы" деп алдық.

Зерттеудiң мақсаты: XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы
Қазақстанда психологиялық ой-пiкiрлердiң дамуына теориялық талдау
жасау және оны бүгiнгi тәжiрибеде пайдаланудың жолдарын көрсету.
Зерттеудiң обьектiсi: XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы
Қазақстандағы психологиялық ой пiкiрлердiң мәнi мен мазмұны.
Зерттеудiң пәнi: XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы
Қазақстандағы психологиялық ой - пiкiрлердiң даму процесi.
Зерттеудiң мiндеттерi:
- XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстандағы зиялы
тұлғалардың психологиялық көзқарастарына теориялық талдау жасау,
мәнiн айқындау.
- XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстандағы психологиялық
көзқарастардың бүгiнгi қоғамдық-педагогикалық мәнi мен тәрбиелiк
мүмкiндiктерiн айқындау.
- XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстандағы психологиялық ой-
пiкiрлердi бүгiнгi оқу-тәрбие процесiнде пайдаланудың жолдарын
көрсету.
Зерттеу көздерi: XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда
өмiр сүрген қазақ зиялыларының психологиялық көзқарастары
жарияланған еңбектерi, тақырып төңiрегiндегi зерттеулер мен
мақалалар және т.б.
Зерттеу әдiстерi: теориялық талдау, салыстыру, жүйелеу,
топтау, және т.б.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кiрiспеден, негiзгi
екi тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен
тұрады.
Кiрiспе бөлiмде диплом жұмысының көкейкестiлiгi, оның
зерттелу жағдайы және ғылыми аппараты қарастырылды. Онда
зерттеудiң мақсат-мiндеттерi, зерттеу көздерi мен әдiстерi
айқындалды.
"XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстандағы психологиялық
ой-пiкiрлердiң дамуының ғылыми негiздерi" деп аталатын бiрiншi
тарауда XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психология
ғылымының дамуының алғы шарттары, Қазақстандағы зиялылар
еңбектерiнiң психология ғылымындағы рөлi және қазақ психолог-
ғалымдарының еңбектерiнiң дамуы қарастырылады.
"XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық
ой-пiкiрлердi бүгiнгi тәжiрибеде пайдалынудын мүмкiндiктерi" деп
аталатын екiншi тарауда Қазақстандық психолог-ғалымдардың
еңбектерiн оқу- тәрбие процесi мазмұнында пайдалану мүмкiндiктерi
мен Қазақстандық психолог - ғалымдардың еңбектерiн оқу- тәрбие
процесiнде пайдалануға ұсыныстар берiледi.
Қорытынды бөлiмде диплом жұмысын орындау барысында қол
жеткiзген нәтижелерiмiз қорытындыланып, тұжырымдалады.

1-тарау. XX ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы
психологиялық ой-пiкiрлердiң дамуының ғылыми негiздерi

1. XX ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ зиялыларының психологиялық
көзқарастарының қалыптасуының алғышарттары

ХХ ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақстанда психологиялық
көзқарастарының қалыптасуы мен ғылымның дамуын қарастыруда бiз ең
алдымен қазақ зиялыларының көзқарастарына әсер еткен факторларды
талдауды жөн көрдiк. Қазақ зиялыларының психологиялық ой-пiкiрлерiнiң
дамуына батыс философтары мен шығыстың ұлы ғұламалары еңбектерi негiз
болды. Сонымен қатар осы аталған ғұламалар еңбектерiнен сусындап өскен
қазақ топырағындағы тұңғыш ағартушылар мен ақындардың көзқарастары
әсер еттi.
Адам бар жерде оны танып бiлуге деген талпынушылық, адамның
құрамдас бөлiктерi яғни тән. адамның жаны, рухы туралы ойлар
көпшiлiктi мазалады.
Ерте заманда дененің әр мүшесінде бір-бір жан бар деп жүретін,
мұндай философияны, мәселен, Аристотельдің психологиясынан табуға
болады. Аристотель: "Адамда тіршілік етуші бір жан бар, ойлаушы ақылы
және тухы бар" дейді. Жанды ішінара тағы бөледі: өсетін қабілет
(способность), сезетін қабілет, пайымдайтын қабілет деген сықылды.
Ақылды тағы бөледі: белсенді (активный) ақыл, белсендi емес
(пассивиый) ақыл. Аристотельдің осы оқуынан XIX ғасырдың аяғына дейін
"қабілеттер қисыны" деген теория дәуірлеп келді. Бұл қисын (теория)
бойынша бір мінездес жанның көп құбылыстары жанның бір түрлі
қабілетінен шығады деп қарайды: мәселен, сезу, түйсіктеу, ескеру,
қиялдау, көңілдену, қалау қабілеттері. Бірақ, сол ерте заманда-ақ
осындай шатасқан қисындарға қарсы данышпандар болған. Сондай
данышпанның бірі ағылшынның Локк деген адамы. Локк былайша дәлел
келтіреді: "Зейін ұғады" деген сөйлем "билеу қабілетті билейді" деген
сөйлемнен мәнді емес", — дейді. "Қабілеттер қисыны" Гербарт тұсынан
бері өте тексеріліп, сынға алынып, негізінен айырылды. Гербарт айтады:
"Жан қуаттары", "жан құбылыстары" деген сөз жан құбылыстарын ертегіге
айналдырған, ойдан шығарған, тәнге зияндыі сөз. "Қабілет" деген сөздің
ешбір деректі мағынасы жоқ, қабілетсiз бір жадты да түсіндіруге
болмайды" дейді.
Соңғы кездегі психология мамандары бұрыңғы психологияларда
айтылатын ақыл, көңіл, жад, қиял, қайрат деген сөздерге де қарсы
болып, бұлайша жіктеудің керегі жоқ деп табады. Бұлардың пікірінше,
соңғы кез-келген мектеп психологиясын ашып қарасаңыз, жан құбылыстары
бірнеше негізгі топқа бөлінеді деген сөздерді ұшыратасыз. Алдымен
ақыл, қайрат, сезім деп үшке бөледі. Ақылдың өзін сыртқы сезім,
түйсік, жад, қиял, ойлау деп тағы бөледі. Ақыл , қайрат, сезім
айырмалары туралы пайым даулары жан туралы жорығаны сықылды
мейілінше шатақ, біріне-бірі қарсы мағынасыз болып шығады. Осы
айтылған "қуаттар", "қабілеттер", "талаптардың" "жаннан" бөтен ,
әйтпесе, жанның бөлімдерінен бөтен дәнемесі жоқ. Мұнымен еш нәрсе
ұғынуға болмайды. Ол түстерді жақсы жаттайды. Өйткені түстерді тоқып
алатын "жады жақсы" деген сөз.
Сол сияқты психологияны сана туралы пән деп айтуда дұрыс емес.
"Сана" (сознание) деген бiр сөз түрлі мағынада жүреді. Кейде
бірдемені ойлағанды "сана" деген сөзбен айтады, кейде "сана" деген
сөздің астында бір болмыс (факт) жатыр деп те ұғады. "Сана" бір бар
нәрсе, болмыс деп алсақ, онда жоқ деп отырған "жанды" екіншіі "сана"
деген сөзбен түсін бояп айтқан боламыз. "Сананы" ойлау мәнісінде
алсақ, ол "білу қабілеті" деген үғымға тура келеді. "Білу қабілеті"
жан қабілеттерінің бір тарауы ғана. Олай болса, "сана" туралы пән
психологияның біраз бөлімін ғана баяндайтын пән болып қалады. Бұрынғы
психологиялар адамның ең жоғарғы қабілеті — ақыл деп айтады.
Психология — сана туралы пән деген мағына ескі психология кітаптарынан
қалған сарқыншақ. Сондықтан "сана туралы" пән деушілер ескі құрғақ
даналық психологияны алдымызға тартып отыр деп ұғыну керек.
Айта берсек, психологияны жан құбылыстарын зерттейтін пән деп айту
тағы дұрыс емес. Ондай психологияның жан туралы психологиядан пәлендей
қара үзіп кетерлік жері жоқ. Психология жансыз бола тұрып, жан
құбылыстарын нтексере бастаса, жоқ деген "жанды" қайта тірілткен
болады. Психология жан құбылыстары жайынан сөйлеуші пән деушілердің
дәлелі: "жан құбылыстары" деп дене құбылыстарынан айырмасы бар, көзге
көрініп тұрған заттардан басқаша, көлемдіктен орын алмайтын, саңылау
мүшелеріміз арқылы білуге көнбейтін, ішкі толқындарымызбен ғана
сезілетін, бірі мен бірімен айырмасы бар біркелкі құбылыстарды айтамыз
дейді. Әлде менің ойым "ми" атанған көлемдіктен орын алмай, өздігінен
болуы мүмкін бе? Әлде менің қуанғанымның шет жағасын болса да сіз
көрмейсіз бе? Менің тілегімді есітпейсіз бе? Осының бәрін көре-біле
тұра, жан құбылыстары көлемдікке байланыссыз, өзімнен басқа ешкімге
мәлімсіз деп кесіп айтуға болар ма екен? Әрине, болмайды.
Сөйтіп тәжірибелі психология да кемшіліктен сау емес. "Жанның"
орнына "сана қабілеттерін", "жан қабілеттерін", я "жан құбылыстарын"
алуы дұрыс емес. Жаңа психология бұның бірі болмауы керек деген
тұжырым айтады.
Американдық психология маманы Джеймстің пікірі дұрыс. Ол: "Қашан
да "рухтың" нысаны болып жүрген жұтқыншақ пен танаудың арасынан
шығатын дем деген нәрседен данышпандар "сана" атты субстанция (тірек)
деген болмысты туғызып алды деп нанамын. Субстанция ойдан шығарылған
нәрсе. Бірақ деректі затта болатын "ой" дегеніміз нәрсе не заттан
жасалса, о да сол заттан жасалуы керек",-дейді.
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының өмірге келуі XIX
ғасырдың екінші жартысына жатады жэне психология ғылымына генетикалық
идеяның енуімен байланысты. Даму үстіндегі психологиялык-педагогикалық
ой-пікірге көрнекті орыс педагогы К. Д. Ушинскийдің сңбектері, алдымен
оның Адам — тәрбие такырыбы деген жұмысы едәуір үлес қосты. Адамды
жан-жақты тәрбиелеуге ұмтылған педагог, алдымен оны барлық жағынан
танып білуі тиіс деп есептей отырып, К- Д- Уишнский мүғалімдер мен
тәрбиешілерге арнап: ...өздеріңіз басқарғыларыңыз келетін психикалык
кұбылыстардың заңдарын зерттеңіздер, осы заңдарға және оларды
қолданғыныз келетін жагдайларға сәйкес іс-әрскет жасаңыздар— деп
жазды. Жас ерекшелігі психологиясының дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялык
идеяларының айтарлықтай ыкпалы тиді. Олар психикалық дамудың кайнар
көздері проблемасына зейін аудартты. Психология зерттейтін
деректердің рефлекстік мәнін түсінудегі психикалык іс-әрекеттің
маңызын кернекті орыс ғалымы Я. М. Сеченов те атап көрсетті.
Психология ғылымының адамзат қалыптасуындағы рөлi мен маңызы
шығыстың ұлы ғұламалары еңбектерiнде де кеңiнен қарастырылған.
Солардың бiрi ұлы ғұлама әл - Фараби адамның мінезінің қалыпты болуы
оның психикалық ахуалына тәуелді қалыптасатынын айтады. Ол өзінің
"Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері" деген еңбегінде: "Дене
сияқты жанда да өзіне тән денсаулығы және науқасы болады. Жанның
саулығы сол, оның өзінің және оның бөлшектерінің жайы жақсы болуының
әсерінен әрдайым ізгі қылықтар көрсетіледі, игілікті істер істеледі
жамаша әрекеттер жасалады. Ал жанның науқастығы сол, оның өзінің және
бөлшектерінің жайы нашар халде болуының әсерінен әрдайым жаман
қылықтар көрсетіледі, азғындық істер істеледі және сорақы әрекеттер
жасалады", - деп адам әрекетінің бәрі белгілі бір әсерлер жиынтығының
нәтижесі екенін көрсетеді. Адамның игі қылықтары мен жақсы әрекеттерін
жасауға көмектесетін жан қасиеттері - ізгілікті қасиеттер, ал адамның
пасық істері мен оңбаған әрекеттер жасауына себепші болатындары -
сұрқиялық, кемшілік немесе опасыздық болып шығады.
Әл - Фараби бала болмысы туа біткен қасиет болмағандықтан,
оны жастайынан жақсы құлықтарға бейімдеп тәрбиелеудің маңыздылығын
ескерте отырып, ол үшін әр түрлі сыртқы әсерлер мен жағымды ықпалдарды
пайдаланудың керектігін айтады. Ол: "Адамның әуелден тоқымашы немесе
хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылық та адамға
әуел бастан жаратылысынан дарымайды. Бірақ қайырымдылықпен немесе
жаман қылықпен байланысты күйге жаратылысынан бейім болуы мүмкін,
сонда оған қандай да болсын басқа әрекеттерден гөрі әлгі күйден туатын
әрекеттерді істеу оңайырақ болады. Сонымен, оны қандай да болсын
сырттан келген басқа бір ниет қарама-қарсы жаққа бағыттап жібермесе,
ол әуел бастан - ақ жаратылысынан өзіне оңайырақ келетін әрекетке бет
қояды" - деп түсіндіреді. Бұдан ғұламаның айтпақ болғаны, адамның
қалыптасуында оның арғы тегінің маңызды рөлдi атқаратындығын ескере
отырып, оның тәрбиесі әртүрлі қосымша тәрбие ықпалдарын дербес
пайдалануды керек етеді дегенді білдіреді. Баланың қалыптасуында
тәрбие шешуші фактор деп санағанымызбен оның генетикалық ерекшелігі
оның индивидуалдық яғни жеке - даралық сипатын анықтайтынын, соған
сай психикалық қасиеттерiне сай тәрбие әдістерінің әртүрлі болуының
қажет болатындығын түсiндiредi.
Фараби мінез - құлықтың қалыптасуында Аристотельдің адамдағы
барлық мінез - құлық қасиеттерді туа біткен емес, жаттығу, әдеттену,
машықтану, нәтижесі деген қағиданы басшылыққа алады. Ол адамда жақсы
мінез - құлықты қалыптастыруда ерік - қайратына көп мән береді,
өйткені, сезім мен рухани нәпсі және парасат мұқтаждықтары бір -
біріне қарама - қарсы келгенде санамен шешу ерікке, өзіне - өзі
билеуге тіреледі. Мұндай жақсы ниет, оң істер бара - бара адамның
дағдысына, жақсы қасиетіне айналып, ол жақсы мінез - құлықты болып
өседі.
Біз мінез - құлық сапаларының абзалы да, оңбағаны да жүре
пайда болады дейміз. Адамда қалыптасқан мінез - құлық болмаса, онда ол
жақсы немесе жаман мінез - құлыққа тап болғанда, қарама - қарсы мінез
- құлыққа өз еркімен көшіп кетуі мүмкін.
Адамның белгілі бір мінез - құлыққа ие болуына немесе жақын
жұғысудың арқасында бір мінез - құлықтың басқа бір мінез - құлыққа
ауысуына себепші болатын нәрсе әдет болады, ал әдет деп мен белгілі
бір әрекеттің жиі - жиі және ұзақ уақыт қайталауын айтамын", - деп
пікірін білдіреді. Бұл көп жағдайда мінез - құлықтағы "кеселді" ауру
денені, организмді емдеуге қолданылатын медициналық тәсілдерге ұқсас
әдістермен сауықтыруды ұсынады. Басқаша айтқанда, әл - Фараби жан
саулығы мен тән саулығын салыстыра, қатар алып қарастыруды ұсынады.
Өйткені, адамның жетілуі оның мінез - құлқының жетілуіне сайма - сай
келеді.
Қалыптасып шыққан мінез - құлық үш түрлі халдің бірінде болады, -
деп түсіндіреді әл - Фараби. Ол: не орташа халде, не орташадан асыңқы
халде немесе орташаға жақын халде. Егер хал орташаға жақын болса,
бірақ, екінші қарама-қарсы жағына қарай жақындап одан асып түспесе,
онда қашан орташа халге жеткенше тағы біраз сол әрекеттерді жасай
береміз.
Әл-Фарабидің ілімі бойынша адамның рухани бет - пердесі, мінезі
мен жүріс - тұрысы қоғамдық орта, тәрбие әсері, адамның еркі, ауру
сияқты көптеген обьективті және субьективті себептерге байланысты
өзгереді.
Шоқан Уәлиханов (1835 - 1865) еңбектерiнде психологиялық
мәсәлелерге байланысты әр түрлi сипаттағы деректер баршылық. Осылардың
iшiнде басқа мәселелерден көбiрек сөз болғаны - халқымыздың ұлттық
санасы, оның iшiнде өзiндiк психологиялық ерекшелiктерi туралы мәселе
едi.
Ғалым қазақ халқының ұлттық психологиясын мына төмендегi
пiкiрлерiнде жерiне жеткiзiп сипаттаған.Өз халқының медениетi мен
әдебиетiн, әдет - ғұрпы мен психологиясын осыншама жоғары бағалаған
Шоқанды қайтып қана қадiр тұтпассың!
Көшпендi ата- бабаларымыздың психологиясы туралы Шоқан бiр
еңбегiнде тағы да былай жазады: " Тарихи жағынан алғанда қазақ
халқының поэзиялық рухы тамаша, бiрiншеден ақындарының еске тұту жайы
барынша ғажап болғандықтан... өз батырлары туралы деректердi бұл күнге
дейiн бұрмалаусыз сақтап келген, екiншiден, қазақтың өткен замандағы
аңыздары мен сенiм- нанымдарын соншалық бағзы қалпында сақтауы
таңырқарлық. Одан да ғажабы- әсiресе, ақырдарының эпикалық жырлары кең
даланың қай қиыр түпкiрлерiнде айтылмасын, бiр ғана қолжазбадан
көшiрiлгендей көшпелi орданың ауызша тарихының осыншалық дәлдiгi
таңырқарлықтай, сөйтсе де бұл күдiк келтiруге болмайтын ақиқат факт".
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) де Шоқан сияқты арнаулы
психологиялық еңбектер жазып қалдырмаған кiсi, әйтсе де оның сан алуан
ойға толы шағармаларынан қоғамдық және педагогикалық психология
мәселелерiне орайласайтылған көптеген қызықты деректер табылады. Бұл
пiкiрлер оның өзi айналысқан практикалық iстерiнен туындаған сияқты.
Ой қозғаған осындай түйiндерге: бала және оны тәрбиелеу жолдары, оқыту
процесiнiң психологиялық, педагогикалық негiзднрi, мұғалiм- ұстаз
проблемалары, қоғамдық психологиялық мәселелерi, т.б. жатқызуға
болады.
Алтынсарин өз "Хрестоматиясында" жас өспiрiмдердiң жан дүниесiн,
ақыл- ойын қалыптастыруға ұдайы есептедi. Көшпелi қазақ баласының
айналасын дұрыс қабылдай алуы, осыған орай оның байқағыштық
қасиеттерiн арттыру, жетiлдiру мақсатын көздеген.
Бала жанының зергерi Алтынсарин әңгiмелерiнiң бәрi- бәрi де
балалардың жас ерекшелiктерiне орай, тiлi жеңiл, мазмұны тартымды,
олардың жан- дүниесiне әсер етерлiктей етiп iрiктелiнiп алынған. Осы
әңгiмелерде мұғалiмдер мен ата- аналардың балаларды әр түрлi iзгi
қасиеттерге тәрбиелеу мақсаты көзделедi.
Қазақ зиялыларының психологиялық көзқарастарына қазақтың ұлы ақыны
Абай Құнанбаевтың (1845- 1904) да психологиялық ой-пiкiрлерi ықпал
еттi. Ол жастардың болашағы бiлiм мен ғылымды меңгеруiмен тiкелей
байланысты дей келе, жақсы оқу үшiн есте сақтау, қабылдау, қайта
жаңғырту т.с.с. психологиялық қасиеттердiң маңыздылығын айтады. Оқу
процесiнде ескеруге тиiс психикалық жаттығуларды нақтылап атайды.
Мысалы, абай естiгендi ұмытпастықтың төрт шарты бар дейдi: Естiгенде
ой кеселдерiнен аулақ болу керек. Ой кеселiнен аулақ бола алмаса,
салынбау керек дейдi. Екiншiден, естiген ақпараттан әсерлену керек
дейдi. Үшiншiден, естiгенде бұрын белгiлi болған бiлiмдермен
байланысын тауып, үқсастыру керек. Сосын көңiлге берiк етiп бекiтiп
қою керек деп ұсынады.
Ақын творчествосында психологияның негiзгi мәселесi- жан мен
тәннiң арақатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие мен
бiлiмнiң атқаратын қызметi, сондай- ақ бала психологиясы мен қоғамдық,
ұлттық психологияның жекелеген мәселелерi де көрiнiс тапқан.
Абай адамның танымдық қасиеттерiнiң табиғатын ғылыми материалистiк
тұрғыдан түсiндiредi. Сезiну және түйсiну мәселелерiн де дәл осы
бағытта талдайды. Ақын сыртқы дүниенiң адамның сезiм мүшелерiне әр
түрлi сипатта әсер ететiн айта келiп: "Құлақ болмаса, не қаңғыр, не
күңгiр, дауыс, жақсы үн, күй, ән- ешбiрiнен ләззат алмас едiк..."- деп
сетедi. Алайда сезiм мүшелерiнiң мимен байланысты дейтiн ғылыми
түсiнiкке ол бара қоймайды. Бiрақ түйсiну, қабылдаудың басқа да
танымдық құбылыстарымен, дәлiрек айтқанда, ойлау, елестету, ұғым
сияқты түйсiктермен байланысты екенiн ашып айтады. Осыған байланысты
Абай: "Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен. Ұнамсызы ұнамсыз
қалпыменен, әрнешiк өз суретiменен көңiдге түседi ",- деп жазады.
Ақын:
"Сыртын танып iс бiтпес, сырын көрмей,
Шу дегенде құлағың тосаңсиды,
Өскен соң мұңдай сөздi бұрын көрмей,
Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай ".

1.2 XX ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ зиялылары еңбектерiндегi
жан тану ғылымына деген көзқарастарының қалыптасуы

XX ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ зиялылары еңбектерiнде жан
тану ғылымына деген көзқарастары баяндалып, осы ғылымға деген ой-
пiкiрлерi мен оның адам тәрбиесiндегi маңызы жариялана бастады.
Солардың бiрi Шәкәрiм Құдайбердiұлы (1858-1937) ХХ ғасырдың басындағы
қазақтың қоғамдық - әлеуметтiк, мәдени-әдеби өмiрiне белсене араласып,
туған халқына iзгiлiк пен имандылық, ғылыми ағартушылық тарату жолында
ұлы Абайдың ұлттық нақышқа толы пәлсапалық-психологиялық дәстүрiн
әрмен қарай жалғастырып, халқына мол мәдени мұра қалдырған ғұлама.
Оның психологиялық көзқарастары өлеңдерi арқылы берiлiп, адамға
қоршаған ортаны сезiнудiң сан қилы құбылыстарымен сипатталады. Оны
Тән сезiп, құлақ естiп, көзбен көрмек,
Мұрын иiс, тiл дәмнен хабар бермек.
Бесеуiнен мидағы ой хабар айтып,
Жақсы-жаман әр iстi сол тексермек,-деген өлең қатарлары
дәлелдейдi.
Шәкәрiм адам жанының әр түрлi жағдайда көрiнетiнiн айтады. Өзiнше
бұлардан орысша-қазақша термин жасағысы келедi. "...Инстинкт-сезiмдi
жан, сознание- аңғарлық жан, мысль- ойлайтын жан, ум-ақылды жан"
дегендей әртүрлi қасиеттердi тiзбектейдi. Дене әр түрге түскен сияқты
жан да өсiп, өнiп, жоғарылайды, толық, терең ақыл адамнан шығады.
Ақын ми қызметi адамның сезiм мүшелерiнiң әрекетi арқылы iске
асады дей отырып, кiсiнiң ойға алған iсiн жүзеге асыруы, оның
әдiлеттi, әдiлетсiз болуы, iзгiлiктi қууы немесе жауыздық жолға түсуi
ақыл мен жүректiң қызметi дейдi.
Қазақ ғылымы мен мәдениетiнiң аса көрнектi өкiлi, әмбебап ғалым,
қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту, тәлiм-тәрбие саласында
артына аса бай мұра қалдырды. Ол психология ғылымы саласында да
өзiндiк қолтаңбасымен дараланады.
А.Байтұрсынов сол сөз өнерiн меңгерудiң теориясын жасап, оны
үйретудiң әдiстемесiн көпшiлiкке ұсынған ғалым. А.Байтұрсынов адам
жанының айнасы сөз болғандықтан, рухани байлыққа қол жеткiзудiң бiрден-
бiр жолы ғылым-бiлiмдi игеру арқылы ғана жүзеге асырылатынын жастарға
өсиет етедi. Қазақ халқын тынымсыз тiршiлiкке шақыра отырып,
еңбектенуге, әрекетке талпындырып, жағымсыз әдеттерден аулақ болуға
шақырады. Ол өзiнiң "Жиған - терген" деген өлеңiнде еңбек тәрбиесiне
көңiл бөлу бала психологиясының дұрыс қалыптасып, мiнез-құлқының
реттелуiне алып келетiн құрал деп есептейдi.
Балалық қалып
Ес бiлiп анық,
Ер жеткелi жиырма жыл.
Баяғы қалпы,
Баяғы салты,
- Бұл неткен жұрт ұйқышыл!,- деп , балалары ер жетiп жиырмаға
келiп қалса да әлi балалық танытып әрекетсiз, еңбек етпей
ұйқымен өмiрiн өткiзiп жатқан кейбiреулердi сынайды. Олардың
мұндай халде болуы жұрттың ықпалы, көпшiлiк өнегесi, тәрбиенiң
осалдығы деп түсiнедi.
Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерiнiң мазмұнында дәл бүгiнгi күннiң
жағдайларына байланысты кездесетiн қарым-қатынастар мен мiнез-
құлықтардың көрiнiсiне арналған мәселелер көптеп қарастырылады.
Өлеңдерi арқылы кемел адамды қалыптастыру немесе жас ұрпақты
тәрбиелеуде қажеттi тұлғалық қасиеттердi саралап, олардың бойындағы
психологиялық қасиеттерiне сай ерекшелiктерiн көрсетiп отырады.
Мысалы, "Қарға мен түлкi", "Қасқыр мен қозы", "жас ағаш" және т.б.
өлеңдерiнде күнделiктi тұрмыста кездесiп жүрген қарым-қатынас
жарасымдығына нұсқан келетiн жайттар айтылып, дұрыс әрекеттерге бағыт-
бағдар берiледi. Оларды адам мiнезi мен iс-әрекетiнде кездесетiн
қасиеттерiмен байланыстырып сипаттайды.
Ахмет Байтұрсынов кейiнгi ұрпаққа өзiнiң ғылыми және ақындық
шығармалары негiзiнде психологиялық көзқарастарын жеткiзе отырып, оны
жастар тәрбиесiнде пайдаланудың тиiмдiлiгiн ескертедi.
Қазақ зиялыларының тағы бiр көрнектiсi, ақын М.Жұмабаев.
Мағжан Жұмабаев Ақмола губерниясының Ақмола Полуденовский
болысында (қазiргi Солтүстiк Қазақстан облысының Булаев ауданындағы
"Молодежный" савхозы) дүниеге келген Мағжан ( 1893- 1938 ) қазақ
әдебиетiнiң ХХ ғасыр басындағы жарық жұлдыздарының бiрi. Ол 1922 жылы
тұңғыш "Педагогика " атты оқулық жазып, бала тәрбиесiнiң
проблемаларымен айналысушы мұғалiмдер қауымына үлкен көмек көрсеттi.
Сонымен бiрге педагогика, психология ғылымдарының қазақ тiлiндегi
терминдерiн жасауға белсене ат салысады. Ол жалпы педагогика және
психология ғылымы туралы өз көзқарасын айта отырып, бастапқы кезде
жөпшендi бiлiнбейтiн баланың жан тұрмысы бала өскен сайын бiрте - бiрте
бiлiне бастайды. Сондықтан баланың дене тәрбиесi мен жан тәрбиесiн
қатар алып бару керек дейдi. Тiптi, қатар алып бару емес, бала өскен
сайын тәрбиешi күшiнiң көбiн баланың жан тәрбиесiне жұмсай беруге
мiндеттi дейдi. Тегiнде берiк ұғу керек: адамның қымбат нәрсесi де,
жұмбақ нәрсесi де сол жан. Қиын тәрбие тiлейтiн де сол жан. Жанды дұрыс
тәрбие қылу үшiн жанның жайын баяндайтын ғылыммен таныс болу керек.
Ал психологиялық көзқарасын оған анықтама беруден бастайды. Ол
психология - ескi пән. Бұл пәндi пән етiп (дүниеге шығарушы Иса
пайғамбардан бұрын болған, грек ұлтынан шыққан Александр Македонский -
Ескендiр Зұлқарнайын патшаның тәрбиешiсi Аристотель данышпан.
Психология деген сөз грекше екi сөзден құралған: psycht - жан, logos
- сөз. Яғни, жан туралы сөз, жан туралы пән деген сөз болып шағады.
Жанды ешкiм көрмесе де, жанның барлығында дау жоқ. Бiрақ
сол жан деген не нәрсе? Жанның не нәрсе екендiгi туралы үш пiкiр бар.
Үшеуi үш түрлi филосифия пiкiрiне негiзделедi. Бiрiншiсi - жан деген
бөлек, өз алдына бiр нәрсе дейдi. Бұл баяғыдан берi келе жатқан пiкiр.
Қазақтың "жан шыбын сияқты бiр зат, өлгенде ауыздан ұшып шығып кетедi,
ұйықтағанда мұрыннан шығып серуендеп жүредiмiс" дейтiн ертегiсi осы
пiкiрдiң бiр сәулесi.
Бұл жан денеден тiптi бөлек, өз алдына қандай да болса
бiр зат деген пiкiр "спиритуализм", яки "идеализм" деп аталады. Екiншi
пiкiр - жан дене iскерлiгiнiң бiр түрi дейдi. Яғни жан деген жеке зат
жоқ, жан деген дененiң бiр бөлiгi деген сөз. Бұл пiкiр "материализ"
деп аталады.
Үшiншi пiкiр - жан деген жан көрiнiстерiнiң жиынтығы
дейдi. Яғни жан деген ойлау, сезу һәм басқа барлық жан көрiнiстерiнiң
жалпы аты дейдi. Бұл пiкiр "феноменализм", яки эмпиризм деп аталады.
Қайткенмен де, адамзат бұл күнге шейiн жанның не зат екенiн бiле
алған жоқ. Жанның не зат екенi бiлiнбеуiнен жанның бар екенiне күмән
қылуға болмайды. Жан бар. Барлығы сол, оның iстерi, көрiнiстерi бар.
Ақша қарда жосылып жатқан айқын iзге түссең, алдымызда аңның барлығына
күмән қыламыз ба? Бұ да сол сықылды, жалғыз- ақ айырма мынау iзге
түсiп зерттеп отырып, адамзат аңды баяғыдан берi соғып келсе де, жанға
жете алған жоқ. Яғни iстерi, көрiнiстерi бойынша жанның не зат екенi,
қанша бiлгiш болса да, әлi күнге бiле алғаны жоқ. Бiрақ бұдан бала
тәрбиесi ақсамайды. Баланың жанын жақсы тәрбие қылу үшiн жанды көзбен
көрiп, қолмен ұстамай - ақ, оның iстерiн, көрiнiстерiн жақсы тексеру
жетедi.
Жан туралы ғылымның адам тәрбиесiнде қажеттiгi мен осы ғылым
туралы ой-пiкiрдi қазақ зиялыларының келесiсi Ж.Аймауытов та көтерiп,
өз көзқарасын көпшiлiк назарына ұсынған.
Ж. Аймауытов (1889—1931) қазіргі Павлодар облысының Баян ауыл
ауданындағы Қызылту атырабында кедей отбасында дүниеге келді. Сегіз
қырлы, бір сырлы дарынды ақын, романшы, аудармашы, драматург. Тұңғыш
қазақ тілінде шыққан педагогикалық- психологиялық жүйелі
"Психология" оқулығыньң авторы. Ол психолдогия не туралы сөз қозғайды,
жан деген ұғым қалай туған? деген сұрақтарға жауап iздейдi. Оған жауап
ретiнде психология грек сөзі. "Псюха" — жан, "логос" — сөз, сонда дәл
мәнісі "жан сөзі" болады. Қазақша "жан тақырыпты пән", болмаса "жан
туралы білім" деп айтуға болады. Біз бұл кітапта "псиқология"1 деп
ескі атын қазақ тіліне бұрмалап қолдандық дейдi.
Ал, жан бар ма, жоқ па№ деген сұрақ қоя отырып, оған мынадай жауап
қайтарады.
Жан бар деген наным ерте заманнан бері келеді. Бұл наным ең
алғашқы тағы, анайы адамдарда да болған. Содан бері "жан бар" деген
наным барлық адам баласына тарап, өрбіген.
Бұл нанымның тууына жанды заттар мен жансыз нәрселердің аіырмасын
бақылау себеп болған. Жанды зат туады, өседі, өрбиді, көбейеді, өз
еркімен қозғалады, аяғында өледі. Жансыз затта бұл сипаттар не
түгелмен жоқ, не бір сыпырасы жоқ. Жанды заттардың осындай өзгешелігін
байқап, анайы адам оларды қозғайтын бірдене болу керек деп жорыған,
ол "бірдеңе" "жан" болу керек деп түсінген.
Әр түрлі халық әр заманда "жанды" дененің әр жерінде болады деп
жіп таққан. Кей жұрт "жанды" — бүйректе, кейбір ел — жатырда, тағы
біреулер — жүректе, енді біреулер қанда болады деп ойлаған. Берірек
заманда жан мида болуға тиіс деген ұғым туған.
Ж.Аймауытовтың көзқарасы бойынша "жан бар" деуге тағы бiр себеп
болған.(Псиқология.Кітапты араб жазуынан көшірген психология ғ.к.
А.Т.Ақажанова. — Алматы: "Рауан". 1995, 2-1—32: 42— 57; 62—65: 69—77;
127—146; 178—198-6.)
Бұл жинаққа қазіргі қолданысқа сай "психолгия" деп түзету
еңгізілді. өлетіндігінен көрген. "Өлі мен тірініі" арасында үлкен
айырма бар. Өлген соң жүрек соқпайды, қан жүрмейді, одан да айқьн бір
парқы: дем алмайды, қозғалмайды. Өлген соң жануардың, адамның демі
бітеді. Осыдан шығарып "жанды" — дем, әйтпесе, "дем алу" деп жоритын
болған. Дем бітсе не болады? Жан денеден шығып кетеді-мыс. Өлердегі
ауыр күрсініп, көкірек сылқ етіп, сап бола қалу, ақырғы дем таусылу —
жан шыққанның белгісі деп түсінген.
Денеден шыққан соң жан қайда кетеді? Бұрынғылардың ұгуънша, жан
өлмейді, өз бетімен өмір сүреді. Өлген адамның жаны аспанға ұшьп
кетеді-мыс. Көк әлемінде жандардың тұратын жайы болады-мыс. Ол жандар
жаңадан жаралатын заттарға жан болып, денесіне кіреді-мыс. Адамньң
жаны кейде үрім-бұтағына, кейде айуандарға да жан бола кетеді-мыс.
(Ол, діннің айтуына қарағанда, өлген адамның иманды, имансызына қарай
болса керек.) Осы тәрізді бұлдыр ертегілер жан туралы көп, әр жұртта
әр алуан.
Дем алғанда іштен шығатын жылы ауаны да жан деп жорыған. Сондықтан
өлген адамның жаны ақ бұлт, ақ құс, көгершін, көбелек болып, ауаға
ұшып кетеді деген әуезетлер де тараған. Кейде жанды құрт сүгіретіне
кіріп, құрт болып кетеді деп те ойлаған. (Оның себебі өлген жануардың
денесі шіріп, құрт пайда болганын бақылаудан туса керек.)
Жан тақырыпты осындай ұғымдардын сілемі дін кітаптарында да бар.
Мәселен, Құдай адамды балшықтан жаратып болған соң, Жебірейіл
періштені жіберіп, адамның денесіне үрлеп, жан салған екен. Жебірейіл
ақ көгершін болып көрінген екен, Адам ата мен Хауа ананы азғыртуға
Әзәзіл жұмаққа келгенде жылан суретінде көрінген екен деген сияқты.
Берірек келгенде адам баласы "жанды" басқаша ұғына бастаған. Жа
мен тән — егіз, "жан" — "тәннің" көлеңкесі, елесі, сүлдері, ауа
тәрізді көзге көрінбейтін бірдеңесі деген нанымға келген. Адамда екі
түрлі "мен" бар: біреуі — жан, біреуі — тән. "Жан" көрінбейтін "мен";
көрінбесе де көрінетін "менді" ("тәнді") қозғап, жүргізіп тұратын
тетігі. "Тән" — жанның қабы. Кейбір ойшылдар адамның "мен" дегені
"жан" дегені болу керек, "тәнi" (дене) "менікі" болу керек деп ұққан.
"Ақыл мен жан — "мен өзім", "тән — менікі", "Мен" мен "менікінін"
мағынасы екі. "Мен" өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, "Менікі" өлсе —
өлесің, оған бекі", — дейтін Абайдың философиясы осыған келеді. Бұл —
Абай тапқан пікір емес. Еуропа данышпандарының пікірі.
"Жанды" "тәннен" бөлек, бар нәрсе деп ұғуға адамның түс көруі де
себеп болған. Ұйықтағанда адам еш нәрсені сезбейді, сөйлемейді, жарты
жаны жоқ тәрізді болады. "Ұйқы мен өлі тен" дейді жұрт мәтелі. Бірақ
адам өніндегідей нәрселерді көреді. Дене сезбейтін болса, көретін не
болу керек? Әрине, жан болу керек деп жорыған. Сонымен, ұйықтаған
адамның жаны денесінен шығып, қыдырып кетеді, басқа жандармен, қала
берсе өлген адамдардың жанымен жолығьп жүреді деген наным туған.
Жиып-теріп келгенде, "жан бар" деген ұғым жанды заттардың дем алу,
жүрегі соғу, қаны жүру, өсу, өну, өлу, қозғалу, түс көру сықылды түрлі
сипаттарын бақылаудан туғандары көрінеді. Қарапайым адам солай
түсінуге тиіс. "Көзінен басқа ойы жоқ", терең ұғым миьна қонбайды. Жан
туралы ұғым тірі мақұлықтардың тіршілігін, өмірін, өмірндегі
өзгерістерін зерттегенен туған жай бір жора-мал; аңқау тәжірибенің
қорытындысы. Білім күшейіп, өркендеген сайын мұндай жорамал қала
бермек. Өйткені тірі заттың белгісі — жаны бар. Жан барлықтан дем
алады, өседі, көбейеді, қозғалады, өледі деген дәлелге бұл күнде
ешбір оқымысты адам нанбайды. Өсетін, көбейетін, қозғалатын, өлетін
заттардың бәрінде жан болса, ағаштың, шөптің, қысқасы, барлық
өсімдіктердің де жаны бар деуге болар еді. Өсімдікте жан бар деген
ұғым жиырмасыншы ғасырдың адамына тым сылдыр, тым дәлелсіз қысыр сөз.
Т.Тәжiбаевтың (1910-1964) ғылыми iзденiстерi негiзiнен екi
бағыттың төңiрегiнде, атап айтқанда ұлт тiлiнде психологиядан оқу
құралдарын құрастыру мен халқымыздың педагогикалық және психологиялық
ой-пiкiрлерiнiң даму, қалыптасу және зерттелу iсiне бағытталды.
Т.Тәжiбаев бұрын әр жерде шашырап, белгiлi жүйеге түспей жүрген
ұлттық психологиялық терминдердi саралап, бұл ғылымның төл тiлiмiзде
тамыр жая түсуiне жағдай жасады. Т.Тәжiбаевтың "Жалпы психология" деп
аталатын еңбегiнде (1992ж.) психология ғылымының теориялық негiздерi
баяндалады. Бұл еңбек 1940, 1946 жылдары жарық көрген профессор
С.Л.Рубинштейннiң "Основы общей психологии" атты кiтабының ғылыми
принциптерiмен астарлас дүниежүзiлiк классикалық психологияның iргелi
теориялық қағидаларынан мол мағлұмат беретiн, Ж.Аймауытов кiтаптарынан
кейiнгi кесек психологиялық еңбек едi. Бұл еңбек мазмұнында "Жеке
адам", оның iс-әрекетiнiң түрлерi, бұлардың өзiндiк психологиялық
астарлары, сондай-ақ, адамның басты-басты жан қуаттары, түйсiну мен
қабылдау, елестету мен ес зейiн мен дағды, ойлау мен сөйлеу, қиял мен
сезiм, ерiк-жiгер т.б. ғылыми талдауға алынды.
Т.Тәжiбаевтың еңбектерiнiң бiразы халқымыздың ғұлама перзенттерi
Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардың педагогикалық және
психологиялық көзқарастарын зерттеуге арналды.
Бауыржан Момышұлы (1910-1982) психология ғылымының шет елдерде
кең өрiс алған салаларының бiрi-әскери психология ғылымының
Қазақстандағы iргесiн қалаушы. Шын мәнiнде ол iрi әскери теориетик,
қазақтан шыққан алғашқы әскери ғалым.
Қазақ халқының жауынгерлiк психологиясы, жау жүрек батырлығы мен
ерлiгi, қаһармандығы, қолбасшылық қабiлет-қарымы, әскерлердi ерлiк
жасауға жұмылдыра бiлу қасиетi, шешендiгi мен әмiр ете бiлушiлiк
сипаты бұрын-соңды дәл Момышұлындай ешбiр тұлғадан таба алған жоқ. Ол
өзiнiң "Жауынгерлiк тәрбие" атты еңбегiнде ерлiк, ұят, масқара
болушылық сезiмдерге батылдық, айлакерлiк, ептiлiк т.б. сезiмдердi
тәрбиелеуге көңiл бөле отырып, солдат сезiмiн мынадай етiп топтайды:

1. Жоғары сезiмдер:
Парыз
Ержүректiлiк
Адамгершiлiк
Ерлiк
Батырлық
Қаһармандық
1. Төменгi сезiмдер:
Опасыздық
Ұждансыздық
Үрей
Қорқыныш
Шошу және т.б.
Ол жоғарғы сезiмдерге жауынгер бойындағы ең жақсы сезiмдердi
жатқызса, төменгi сезiмдерге адам бойындағы ең ұнамсыз сезiм-
эмоцияларды жинақтайды. Солдаттың жан-дүниесiндегi iшкi күрес те осы
сезiмдердiң арпалысынан туады деп ой түйiндейдi.
Жауынгер тәрбиесiнде ол ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрлердiң
яғни этнопсихологиялық ерекшелiктердiң маңызын Ұлы Отан соғысы
тәжiрибелерi арқылы айқын көрсетiп бердi. Ол мұны терең ұғынып, оның
ерекше маңыздылығын түсiне бiлдi.

1.3 ХХ ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы қалыптасқан
психология ғылымының мазмұны

ХХ ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы зиялы қауымның
психолдогия саласында жазған ой-пiкiрлерiнiң қай-қайсысын алып қарасақ
та, олар жан адам болмысын екi бөлiкке яғни жан және тәнге бөлiп
қарастырады.
М.Жұмабаев жан көрiнiстерi мен дене көрiнiстерiнiң арасында
көптеген айырмашылық бар деп, оны төмендегiше түсiндiредi:
Бiрiншi. Сыртқы дүние заттарынның бәрi, мысалы, қазан, дөңбек,
құдық белгiлi бiр орын алып тұрады. Қандай зат болса да, орын алатыны
бiзге белгiлi. Егерде бiр заттың алып тұрған орнын өлшеген болсақ,
пәлендей орын алып тұр деймiз. Өлшемеген болсақ, пәлен зат зор не
болмаса кiшi, яки пәлен зат пәлен заттың не оң жағында, не сол жағында
тұр деймiз. Сыртқы дүниедегi заттың өзi түгiл, ол заттың өзi де
белгiлi бiр орын алады, яғни белгiлi бiр орында болады, мысалы, жүру
адамның iсi. Осы iс белгiлi орында болмай ма? Әрине. Ал ендi, жан
көрiнiстерi белгiлi орын тiлемейдi. Мысалы, бiз бiр ойымызды пәлендей
орын тiлеп тұр, яки пәлен ой пәлен ойдың оң жағы, яки сол жағында тұр
деп айта аламыз. Бұл - бiр айырма.
Екiншi. Сыртқы дене заттары һәм көрiнiстерi сезiм мүшелерi
арқылы бiлiнедi. Мысалы, бiр малды көрiп, бiр иiстi иiскеп, жылылықты
сезiп бiлемiз. Ал ендi, жан көрiнiстерiн сыртқы сезiмдерiмен бiлуге
болмайды. Мысалы, ұялу деп аталатын жан көрiнiсiн не көрiп, не
татып, қысқасы сезiм мүшелерiнiң бiреуiмен бiлiп бола ма? Әрине, жоқ.
Бiз екiншi адамда болып тұрған жан көрiнiстерiн өзiмiздi өзiмiз
сынаумен ғана бiлемiз, мысал үшiн ұялу деген жан сезiмiн алайық.
Қарсымызда отырған бiр кiсi бiр орасан iстi iстедi де, қызарып кеттi,
бiз осы кiсiде ұялу жан көрiнiсiнiң болғанын бiле қоямыз. Мұны қалай
бiлдiк? Ұят деген бiр зат болып көзiмiзге көрiндi ме? Яки иiс болып
мұрынымызға келдi ме? Жоқ, бiрi де болған жоқ. Бiз жалғыз - ақ қарсыда
отырған кiсiнiң бетiнде кенет қызылдық көрдiк. Басқа еш нәрсе
сезгенiмiз жоқ. Олай болса, жаңа қарсыдағы адамда ұялу жан көрiнiсi
болды деген бiлiм бiзге қайдан келдi? Мұның мәнiсi мынау - күндерде
бiр күн бiз де, орасан бiр iс iстен, жанымыз қысылып қалған. Яғни
ұялған. Жанымызда осы ұялу көрiнiсi болып қалған уақытта бетiмiз
дуылдап, қып - қызыл болып кеткен.
Сонда бiз бiлгенбiз ұялғанның не екенiң, жанда ұялу көрiнiсi
болғанда бет қызарып кетедi екен" деп. Жаңа қарсымыздағы адам
қызарғанда бiздiң оны ұялды дегенiмiз осы, яғни ана адамның бетiнде
қызылдықты көргенде, бiздiң өз басымыздан кешкен iс есiмiзге түсе
қалды, яғни бiз өзiмiздi өзiмiз сынай қойдық. Қысқасы, жан
көрiнiстерiн адам сыртқы сезiмдермен бiле алмайды, өзiн сынап қана
бiледi.
Үшiншi. Сыртқы денеде бiрнеше заттар, яки көрiнiстер бiр
уақытта бола бередi. Мысалы, денеде қан жүру, дем алу сықылды дене
көрiнiстерi бiр уақытта болып жатады. Бiр - бiрiне бiрiнiң бөгетi жоқ.
Ал ендi, жан көрiнiстерi бiр уақытта болмайтыны бар. Олар бiрiнiң
артынан бiрi өтедi. Мысалы, бiз бiр уақытта екi ой ойлай аламыз ба?
Жоқ. Кей уақытта олар бiрiнiң артынан бiрi найзағайдың
жарқылдағанындай тез - тез келгенде, бiзге осы ойлар бiр мезетте
болған сықылды көрiнедi. Бiрақ бұл көрiнуi ғана, шынында әрқайсысы әр
уақытта, бiрiнiң артынан бiрi келiп жатыр.
Сондай-ақ, М.Жұмабаев бұл ұғымдар мен түсiнiктер бiр-бiрiнен
айырмашылық бергенiмен олар арасында байланыстың ба болатынын
түсiндiредi. Оны "Дене жанға, жан денеге байлаулы, бiреуiнiң
бiреуiнсiз күнi қараң" деп сипаттайды.
Өзiмiзге мәлiм - денiмiз сау болса, жанымыздың iсi де сау,
жақсы болады. Яғни ақылымыз түзу, мiнезiмiз дұрыс, қайратымыз берiк
болады. Егерде денiмiз ауру болса, яки жұмыс қылып шаршаса, жанымыз да
ауру, жанымыз да шаршайды. Басқа ауру, мидың ауруы жан iсiне жаман
әсер қылады. Нашар ауа басты айналдырып, қанды дұрыс жүргiзбей, денеге
әсер қылады, жанға барып қол салады. Яғни жанның iсi шабандайды,
бұзылады. Ой күңгiрт тартады, сезiм топастанады. Қайрат жасиды. Денең
салбырап отырған кезде ыстық қою шайды iшiп жiберсең, денең жадырап
кетедi. Денең жадырап кетсен соң, жаның жадырап кетедi. Бұл
мысалдармен бiз жанның денеге байлауы екенiң көрсеттiк. Бұл жерде
М.Жұмабаевтың көзқарасы шығыстың ұлы ғұламасы әл-Фарабидiң
көзқарасынан туындап отырғанын көремiз.
Ал ендi дене де жанға байлауы, жан көрiнiстерi денеге қатты әсер
бередi. Адамның көзқарасы, дауысы, аяқ басуынан жанның қандай күйде
екенi көрiнiп - ақ тұрды. Қайғы һәм ойлау дененi жабықтырады. Қуаныш
адамды клдiредi. Қайғы һәм ойлау дененi жабықтырады. Қуаныш адамды
күлдiредi. Бетке қан жүгiртедi. Ақынның: "Бетке шықпай қала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой- пiкiрл
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Зерттеудің жетекші идеялары
Зәки Уәлиди Тоған
Психология ғылымының Ресейде дамуы
Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау
Жан, тән және мән туралы психологиялық түсінік
Әлеуметтану ғылымын зерттеу
Психодиагностика
Пәндер