«Азаматтық – құқықтық жауапкершілік: түсінігі, тарту негіздері және түрлері»


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:
Диплом жұмысының тақырыбы:
«Азаматтық - құқықтық жауапкершілік:
түсінігі, тарту негіздері және түрлері»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. АЗАМАТТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі . . . 8
1. 2 Азамматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрлері және формалары . . . 14
1. 3 Азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тарту негіздері . . . 22
2. АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ШАРТЫ ЖӘНЕ ТАРТУ НЕГІЗДЕРІ
2. 1 Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері . . . 29
2. 2 Азаматтық - құқықтық міндеттемені тоқтату және оның түсінігі . . . 40
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 51-53
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында ең қымбат қазына адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп белгіленген. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады делінген ҚР Конституциясының 1, 2-тармағында. Яғни «Қазақстан Республикасының азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады» (ҚР Конституциясының 12-бабының 3-тармағы) . Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс (5-тармақ) [1] .
ҚР адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында ұлттық заңдылыққа сүйенеді. Қазақстанның халықаралық конвенцияларға қосылуы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау саласында әлем стандарттарына қол жеткізуінің басты факторы болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары жалпы - республикалық зандар болып табылады және ол Азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзге де зандары мен Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан (заң актілерінен), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан тұрады.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттеуде азаматтық құқық пәнін анықтап, мұның пәнін не екенін белгілеу . Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін коғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетінін, құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі колданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1- бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды [2] .
Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы) [2] .
Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады.
Азаматтық құқықта жауапкершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы салдары жауапкершілікті туындатқан азаматтардың және заңды тұлғалардың құқығын қорғау азаматтық - құқықтық жауапкершілік арқылы жүзеге асырылады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік тудыратын жағдай оның негіздері болып есептеледі. Ондай негіздерге ең алдымен заңда немесе шартта көрсетілген құқықтарды бұзу жатады. Мысалы, міндеттеме шартында көрсетіле тұрса да тұлғаның оны орындамауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы, әлдекімге мүліктік залал келтіруі тәрізді жағдайларды айтуға болады.
Алайда жауапкершіліктің аталған негіздерінің бірі пайда болған кезде оны белгілі бір тұлғаға қолдана қою әр кез мүмкін емес. Ол үшін азаматтық-құқықтық бұзушылыққа сәйкес келетін жалпы, типтік болып табылатын белгілі бір жағдайларды айқындап алу қажет. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің мұндай жалпы негіздеріне жататындар:
1) тұлғаның кұкыққа қайшы қылығы (іс-әрекеті не әрекетсіздігі) ;
2) жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы;
3) құқық бұзушының құқыққа қайшы іс-әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасындағы болатын себепті байланыс;
4) құқық бұзушының кінәсі.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін коғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінеді. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін онын пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі колданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар кұрайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1- бабы, 1-тармағы) . Сонымен қатар мүліктік катынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы) [2] .
Азаматтық - құқықтық жауапкершілік дегеніміз, заңмен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқық катынасының субъектісіне қолданылатын мүлікті өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған кұқыққа орай уәкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.
Отандық заңгер Ғ. Төлеуғалиевтің пікірінше, азаматтық-құқықтық жауапкершілік - Азаматтық құқықтың Жалпы бөлімінің институты болып табылады, өйткені, жалпы ереже бойынша азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі деп есептейді [3, 336 б. ] .
Жауапкершіліктің түрлерін оның негіздері, субъектілері, құқық бұзушыға қолданылатын шара мен оның сипаты бойынша айыруға болады.
Негіздері бойынша жауапкершілік шартты және шарттан тыс деп бөлінеді, яғни ол шарт арқылы немесе онсыз да жүзеге асады. Бірінші жағдайда әр жақтың өзара шартынан, сондай-ақ басқа да әрекеттерінен туындайтын құқықтық қатынастарға байланысты көрінеді. Жақтардың мақсаты қоғамдық-пайдалы нәтижелерге қол жеткізу болып табылады, бірақ заң мен шарт олардың мүмкін болатын құқық бұзушылығына орай міндеттері мен жауапкершіліктерін қарастырады. Сондықтан, мұндай қатынастар бойынша жауапкершілік осы құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқыққа сай келетін іс-әрекеттерін сол нормалармен реттейді. Әдетте екі жаққа да бірдей әрі мейлінше қатал талаптар қойылады.
Алайда әлеуметтік жауапкершілік ерекше мағынаға ие болып, әлеуметтік психологиялық сипатта болады. Әдебиеттерде осы жауапкершілік түсінігіне ұқсастыруға тырысады. В. А Тархованың пікірі бойынша: «өзінің істеген әрекетіне жауап бере отырып міндеттеменің реттелу құқығы- юридистикалық жауапкершілік», - дейді [4, 177 б. ] . Юридистикалық жауапкершіліктің осындай түсінігі жауапкершілік түсінігін шектен тыс үлкейтіп, оның тәжірибелік мағынасынан айырады.
С. Н. Братусь жауапкершілік деп мемлекеттік немесе қоғамдық мәжбүрлеу шараларын, сонымен қатар борышқордың өзіне жүктелген міндеттемені орындауын түсіндіреді [5, 125 б. ] .
Сонымен, қоғамдық өмірде «рухани жауапкершілік » категориясы үлкен маңызға ие. Ол ұнамдылықты бұзу нормасымен байланысқан және қоғамға жат қылықты қоғамдық айыптау түрімен ерекшеленеді. Осындай мәселелерді қарастыра келе, диплом жұмысының тақырыбын азаматтық-құқықтық жауапкершілікке байланысты таңдауыма тура келді.
Тақырыптың ғылыми зерттелуі. Азаматтық - құқық жауапкершіліктің ғылыми зерттелуін қарастырып көрелік. Аталған мәселелерді зерттеумен айналысып жүрген Қазақстандық ғалымдар Ғ. А. Жайлин, Ю. Г. Басин, М. К. Сүлейменов, А. Г. Диденко, О. Ихсанов, Ғ. Төлеуғалиевтердің пікірінше азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің азаматтық құқықтағы маңызы өте зор және азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің әлеуметтік өмір аясында адам, қоғамның табиғи өмір сүруі үшін қажетті жағдай туғызуға себепті салдары тигізетін еркіндікті (соның ішінде ой еркіндігінде) қамтамасыз етуге қабілетті, жауапкершілікті адамдардың мінез - құлқын қалыптастыру құралы болып табылатындығы баяндалады. Олай болса, азаматтық - құқықтық жауапкершілік пен еркіндік өзара байланысты әрі бір-біріне себепті салдарлық құбылыстар. Еркіндік істің байыбын барлай отырып, дұрыс шешім қабілеттілігінен басқа ешнәрсе емес. Еркіндік немесе шешім қабылдауға жағдай тудырған болса, жауапкершілік те арта түседі. Еркіндік шектелген, шектелінген жерде жауапсыздыққа, заңға қайшы келетін мінез-құлыққа әкеліп соқтыратын психологиялық деформацияға жол ашылады.
Сонымен қатар, азаматтық - құқықтық жауапкершілік тақырыбына байланысты А. М. Белякованың «Гражданско-правовая ответственность за причинение вреда: Теория и практика» (М., 1986) [6], А. Т. Ащеуловтың «Гражданско-правовая ответственность за вред, причиненный преступлением против личности» монографиясы (Алматы, 2000) [7], Р. К. Карабулованың «Гражданско-правовая ответственность за экологические правонарушения» авторефераты (Алматы, 2000) [8] жарық көрген.
Нарықтық қатынастарға негізделген қазіргі экономикалық жүйеге көшу кезінде шаруашылық қызметінде толық еркіндік және сонымен бір мезгілде экономикалық қызмет нәтижесі жолында фирмалардың, кәсіпкерлікпен, сауда-саттықпен айналысып жүрген барлық адамдардың толық жауапкершілігі талап етіледі. Бұл үрдіс меншіктің барлық түрлерінің тепе-теңдігіне, меншік қатынастарын белсенді реформалауға сүйенеді. Меншік иесінің дербестігі мен тәуелсіздігі шығармашылық белсенділік пен икемділікті дамыта отырып, оның жауапкершілігіне, өз мүлкін ұқыптылықпен пайдалануға, сақтауға және жауапкершілігін арттыруға жол ашады. Жауапкершілік бір мезгілде түрлі әлеуметтік байланыстарға тән нәрсе. Жауапкершілік сезімі адамгершілік санаты (категориясы) болып табылады. Алайда, жауапкершіліктің мұндай қасиеті құқықтық жағынан негізделгенде ғана құқықтық реттіліктің көрінісі ретінде жауапкершілік ұғымы түрлі аспектілерге жиі қолданылады. Кейбір жағдайларда міндеттерді, тапсырмаларды, жүктелген жұмыстарды орындау мен оның нәтижелері, өзге жағдайларда олардың бұзылу, сақталмау жөніндегі жауапкершілігі туралы сөз болды. Бірінші жағынан алып қарастырғанда тұтас құбылыс мінез-құлықтың ондай қылығына тәуелсіз, ал екінші жағынан алып қарастырғында міндеттердің салдары ретінде туындап тәуелдікке ұшырайды. Бұл мінездің қоғамымыздың құқықтық жүйесінің қалыпты орнығуында үлкен маңызға ие заңдық жауапкершіліктің аспектілері болып табылады.
Зерттеу пәні. Тақырыптың зерттеу пәні болып - ҚР Азаматтық құқығы және азаматтық кодексі болып табылады.
Зерттеу объектісі. Зерттеу объектісіне азаматтардың азаматтық - құқықтың жауапкершілігі жатады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының басты мақсаты - ҚР азаматтық құқығы және азаматтық кодексіндегі белгіленген заңдар бойынша азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің түсінігін, азаматтық - құқықтық жауапкерлілікке тарту негіздері мен түрлерін толық зерттеу арқылы тақырыптық мәнін ашу.
Жұмыстың алға қойған мақсатын орындау үшін мынадай міндеттерді шешуге тура келеді:
- Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігін қарастыру;
- Азамматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрлері және формаларына тоқталу;
- Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен босату негіздерін анықтау;
- Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздерін анықтау;
- Азаматтық - құқықтық міндеттемені тоқтату және оның түсінігіне тоқталу;
- Кәмелетке толмағандардың азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің мәнін ашып көрсету.
Міне, осы аталған мәселелерді шешу арқылы тақырыптық мәні мен мазмұнын ашу - диплом жұмысының басты мақсаты.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Кіріспе, үш бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. АЗАМАТТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі
Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық құқықтық қатынастың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақ та бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына да қатысты. Ю. Басин өзінің «Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства» атты еңбегінде жауапкершілікке мынадай анықтама береді: «Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз - заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне қолданылатын мүліктік өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай өкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады» [9, 31 б. ] .
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:
А) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару;
Ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;
Б) борышқорды міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;
В) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болу (өйткені, контрагенттің дұрыс болмауынан пайла болатын шығынды өтеуді қамтамасыз етеді) ;
Г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше айғақтау болып табылады.
Ықпалы әр түрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі. Мұндай жауапкершіліктің қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін заңнан (мысалы, міндеттемені бұзғаннан келетін залалдың орнын толтыру), әр жақтың өзара жасасқан шарттарынан, міндеттеменің келісілген жағдайларынан туындайды. Жауапкершілікті белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады. Мысалы, оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай жасалатын келісімді жатқызуға болады.
Б. И. Пугинский жазады: « Жауапкершілік адам бойындағы белгілі бір істі, өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі» [10, 14 б. ] .
Адамның қоғам алдындағы азаматтық борышын атқарумен бірге, өзіне жүктелген жауапкершілікті орындап шығуы оның кісілік беделін қалыптастырып, іскерлігін шыңдайды. Әр адам ерік-жігеріне, қайраты мен табандылығына қарай жауапкершілікті әрқалай сезінеді. Жүктелген міндетіне жауапкершілікпен қарайтын адам туған-туыстары, жора-жолдастары, ұжымдағы қызметтестері, жалпы әлеумет алдында жоғары бағаланып, оған жауапты да күрделі істерді атқаруға сенім артады. Адамның мақсатына жетуі, ісінің сәтті болуы, көбінесе, оның жауапкершілікті сезінуіне тікелей байланысты болып келеді [11, 77 б. ] .
В. П. Грибановтың пікірі бойынша, азаматтық - құқықтық жауапкершілік (АҚЖ) - заңмен немесе шартпен қаралатын, өзіне жүктелген міндетті бұзатын азақаттық - құқықтық қатынасының субъектісіне қолданылатын мүлікті өндіріп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады [12, 211 б. ] .
Ал, О. С. Иоффе азаматтық - құқықтық жауапкершілікті мынадай формуламен көрсетеді: «Азаматтық - құқықтық жауапкершілік, бұл құқық бұзушылық санкциясы, жалпы аоғанда жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық - құқықтық жауапкершілік мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтудың да, осы мақсаттың алдын алудың да тәрбиелік маңызы айрықша » [13, 331 б. ] .
Г. В. Хохлова бекітеді: «Азаматтық - құқықтық жауапкершілік - бұл қолданыстағы бар заңның (абсолюттік немесе қалыптық заңның) мемлекеттік мұқтаждарды қамтамасыз ететін жаңа жауапкершілікпен ауыстырылымы немесе қосымшасы - субъективтік құқық бұзушылық үшін белігі бір сомада компенсация есебінде ақша төлеу» [14, 85 б. ] .
Е. В. Баринова жазады: «Азаматтық - құқықтық жауапкершілік - Азаматтық құқықтың жалпы бөлімінің институты болып табылады, себебі, жалпы ереже бойынша азаматтық құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттері кездеседі» [15, 208 б. ] .
Азаматтық - құқықтық жауапкершілік түсінігіне А. А. Лукьянцев анықтама береді: ол заң ғылымында даулы мәселе, яғни міндеттемені тиісінше орындауда азаматтық - құқықтық жауапкершілік әртүрлі ережелерге бағынады, демек оны борышқордың белгілі бір әрекетінің аясына сыйдыруға болады [16, 70-73 бб. ] .
Шын мәнінде, жоғарыда айтып өткендей, заң ғылымдарына арналған еңбектерге сүйенсек, азаматтық-құқықтық жауапкершілік - Азаматтық құқықтың Жалпы бөлімінің институты болып табылады, өйткені, жалпы ереже бойынша азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі.
Жауапкершілікті түсінуде көп жағдайда ретроспективті көзқарас белең алады, сондықтан да ол тәртіптің бұзылуы, санкциясы жүзеге асыру (мемлекеттік мәжбүрлеу) ретінде ұғындырылады. Оның үстіне тәртіп бұзушылықтағы жауапкершіліктің мән-маңызын ұғынуда екі бағыт тілге тиек етіледі. Бұл мәселеге қалам тартқан авторлар заңды жауапкершілік тәртіп бұзушылар үшін қосымша ауыртпалық түсіру мен (қолайсыз жеке және мүліктік зардаптар) міндетін орындауға мәжбүрлеу деп болжайды, ең бастысы - ол жауапкершілік, сондықтан заңдық, жауапкершілік те - міндет, алайда ол мәжбүрлеу арқылы орындалады. Осыдан кейін заңдық жауапкершілік адамға тәртіп бұзуға жол бергенге дейін болмайды деген қорытынды жасалады [17, 371 б] .
Жауапкершілікті ретроспиктивті көзқарас ретінде түсінудің гносеологиялық себептері неде? Қоғамдық ой-пікір дәстүрінде жауапкершілік жазалаумен, құн алумен байланыстырылады. Құқықтық ұғымда қоғамдық пікір мен ғылым неліктен міндеттеуге, жазалауға, мемлекеттік мәжбүрлеу, қылмыстық-құқықтық шараларға жүгінеді?
Құқық тек жарлық пен тиым салынғын тенденцияларға тән қарапайым құбылыс болғаны ма?
Бірден және кездейсоқ пайда болмаған бұл сауалдарға жауапты жауапкершілік теориясындағы қиғаштық себептерін мемлекеттік құбылыстың тарихи тәжірибелерінен, басқарудың өміршеңдік, биліктік-әкімшілік, бюрократтық тәсілдерінің белең алу практикасынан іздеу керек.
Біздің құқықтық жүйеміздің қазіргі реформалары ең алдымен оны орнықтыру тәсілдерін жаңғыртуды көздейді. Бұл жерде ең басты гуманизм әділеттілік бастауларын нығайту адамдарға деген құрмет сезімін қалыптастыру, олардың заң алдындағы құқықтары мен бостандығын, теңдіктерін қатаң сақтау, әркімнің өз әрекеті үшін жауапкершілігінің заңдылығын мойындау.
Заңдылықты нормативті-мәжбүрлеуді шектен тыс арттырудан сақ болған жөн. Құқықты тар ауқымда ұғыну-құқықтың демократиялық, акдамгершілік, гуманистік потенциялының жан-жақты ашылуын барлық қоғамдық соның ішінде құқықтық құбылыстарды орталықтандыруды қамтамасыз ете алмайды [18, 331 б] .
Нақты алғанда құқық күрделі құбылыс. Оның мазмұнында адамдардың еркін олардың творчестволық дербестігінің мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін компоненттер маңызы мен құқықтың мінез-құлқын механизміне ықпал ету мүмкіндік беретін ынталандыру және еркін беру нормаларының үлес салмағы арттырылуда.
Сонымен, заңдық жауапкершілік міндеттерді орындалмағаны үшін санкцияларды, айып салуды, жазалауды күшейту жолымен емес, адамдардың келісім-шарт міндеттері мен заңдылықты қатаң сақтаудағы жауапкершілікті, салалы қатынастарын күшейту жолымен жүргізген жөн. Бұл жауапкершіліктің өркен жайдыратын нақты тарихи даму жолы.
Қ. Мұздытаев азаматтық-құқықтық жауапкершілік ретроспекттивті бағыттан перспективті бағытқа өтетінін көрсетеді. Бұл ретте адамдардың болашақ іс-әрекетінің нәтижелерін алдын-ала аңғару қабілеті емес, олардың қоршаған ортаны қайта жаңғыртуға белсенді қатысу жөніндегі ұмтылыстары да есепке алынады. Бұл жағдайда заңды жауапкершілікті моральдық, ішкі жауапкершілікпен шатастыруға болмайды. Тек позитивті заңдық жауапкершіліктің бір-бірімен тығыз байланысты моральдық құқықтың негізі болатынына көңіл аударғымыз келеді [19, 45 б. ] .
П. А. Варул мен И. Н. Грязин заңдық жауапкершілік тұрғысынан келгенде жауапкершілікті арттыру қажеттігі «өз міндеттерін түбегейлі орындамаған немесе орындамаған кінәлі адамдарды қатаң жазалау қажеттігін білдіреді. Мұндай жаза, ақтық нәтижеде қоғамның әрбір мүшесінің өз міндеттерін жақсы орындауда мемлекеттік масштабта қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен, әңгіме жауапкершіліктің тиімділігі жөнінде болып отыр» [20, 28 б. ] . Мұндай қорытынды тарихи практикамен әрдайым сәйкес келе бермейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz