"Ұлылықтың басында ұстаз тұрар" тақырыбына тәрбие сағаты


1 Мақсаты
2 Міндеті
3 Барысы
Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді.
2 жүргізуші:
Ия, жаңа оқу жылымен қатарласа келетін мұғалімдер күні де осы күздің үлесіне тиіпті. Ендеше осы білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздарға деген құрмет арта бермек.
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сізсіз мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да.
1 жүргізуші:
Ең күрделі ғылым–Адам болу ғылымынан дәріс беріп жүрген мамандық иесі, сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздар, армысыздар! Бүгінгі «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!
2 жүргізуші:
Тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің жасампаздығына көз жеткізіп, өздерінің еселі еңбектерін тек шәкірт ғұмырына арнаған, өмірге өзі де бақытты болып келіп, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп халық қалаулысы атанып, бақытты шаңырақтың иесі болып отырған ұстаздар.
1 жүргізуші:
Қыр сырын зерттеп заманның
Ұлылығын айтып бабамның
Өнерге өріс беретін
Барсыз ұстаз мәңгілік

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 11 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Күні:
Сыныбы: 6 Ә
Тақырыбы: Ұлылықтың басында ұстаз тұрар
Мақсаты:
Оқушыларға ұстаздар, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.
Міндеті: Оқушы санасында ұстазды тұлға ретінде қалыптастыру және ұстаз еңбегін дәріптеу.
Көрнекіліктер: шарлар, нақыл ұстаздар
Барысы:
1 жүргізуші:
Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді.
2 жүргізуші:
Ия, жаңа оқу жылымен қатарласа келетін мұғалімдер күні де осы күздің үлесіне тиіпті. Ендеше осы білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздарға деген құрмет арта бермек.
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сізсіз мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да.
1 жүргізуші:
Ең күрделі ғылым - Адам болу ғылымынан дәріс беріп жүрген мамандық иесі, сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздар, армысыздар! Бүгінгі Ұлылықтың басында ұстаз тұрар атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!
2 жүргізуші:
Тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің жасампаздығына көз жеткізіп, өздерінің еселі еңбектерін тек шәкірт ғұмырына арнаған, өмірге өзі де бақытты болып келіп, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп халық қалаулысы атанып, бақытты шаңырақтың иесі болып отырған ұстаздар.
1 жүргізуші:
Қыр сырын зерттеп заманның
Ұлылығын айтып бабамның
Өнерге өріс беретін
Барсыз ұстаз мәңгілік
1 жүргізуші:
Ұстаздар қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар, дей отырып Алғашқы ұстаз әнін қабыл алыңыздар!
2 жүргізуші:
Ұстаздар ұлттың тірегі
Ұстаздар мектеп жүрегі
Ұрпаққа жетер ұстазбен
Халықтың ұлы тірегі дей отырып сіздердің алдыларыңызда
Қаражорға биі
2 жүргізуші:
Ұстаз ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
1 жүргізуші:
Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр.
2 жүргізуші:
Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін өлең жолдарымен білдіреді.
1. Оқушы:
Мектеп анамдай, асыл мектебім,
Құшағы нұрлы көктемім.
Өмірдің аттап өткелін,
Сенде өсіп көктедін.
Бағында құстай сайрадым,
Қырында гүлдей жайнадым.
Сәулетті дархан бесігім,
Тербеліп жүрмін осы күн.
2. Оқушы:
Әлі есімде мектепке алғаш барғаным,
Сөмке асынып, дәптер, қалам алғаным
Бір бұрышында сол сөмкенің
Кеней сақа, кендір баулы қармағым
3. Оқушы:
Сабағыңнан қалсаң іздеп келетін,
Сырқаттансаң емдеп те өзі көретін.
Жалықпастан жанында ұзақ отырып,
Нелер қызық ертегі айтып беретін
4. Оқушы:
Көңілін бар шәкірттің таба алатың
Кеуделерге намыс отын жаға алатын
Өзіңдей болса, шіркін, барлық ұстаз
Білімді шәкірттер тәрбиелейтін.
5. Оқушы:
Алдыңа келіп, ұстазым
Тұңғыш қалам ұстадым
Күлімдеген көзіңнен
Мейірімді сезінген
6. Оқушы
Жүрегі кең ұстаздар данасы гой
Қамқор болған біздерге баласындай
Сынып жетекшілері ыстық ықыласымызды
Қабыл алыңыздар аялаған біздерді баласындай
1 жүргізуші:
Ұстаз деген ұлы сөз
Жүректің берген бағасы
Мұғалім ұстаз бола алсаң
Баланың көп қой данасы
2 жүргізуші:
Хан бол мейлің, қара бол
Дарын бол, мейлің дара бол
Өтетін бәрі алдынан
Ұстаздар бейна сара жол
1 жүргізуші:
Әр сабағың өтіп жатыр
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып
Тұрасыз сіз, дирижер болып күлімдей, демекші ендігі кезекте ұстаздарға арналған сауалдар
Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз?
Ұстаз ұлағатты есім дегенді қалай түсінесің?
Мектепте қандай қызықтармен кездесе білдіңіз?
Мамандық таңдау қиын ба?
2 жүргізуші:
Мұғалімді анамдай жақсы көрем
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне
Ел баласын оқытады ой Алла, дей отырып оқушылардың сіздерге арналған өлең жолдарын қабыл алыңыздар!
7. Оқушы:
Мұғалім - ұстазысың балалардың.
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бірі де жеткізе алмас бағалардың
8. Оқушы:
Атағым Алатаудай болып биік
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп
Алдыңда әрқашан да тағзым етіп
Тұрармын Ұстазым деп басымды иіп
9. Оқушы:
Ұстаз болу - жүректің батырлығы
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы
10. Оқушы
Данышпан да, дана да оқып сенен
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
Ұстаз деген аяулы, асыл жанды
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең
11. Оқушы:
Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында
12. Оқушы:
Арылтып түн-түнектен саналарын,
Ойлаған ұрпақ қамын, бала қамын
Бала емес, адамзатты тәрбиелер
Ұстаздар - ар-ұяты замананың
13. Оқушы:
Мәрт мінез елің барда өресі кең,
Шықпайсың қажыма, ұстаз ел есінен
Жетіңдер мұраттарға ұзақ жолда
Тағдардың толқын ұрған кемесімен
14. Оқушы:
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді
Өмір думан, бақ әкелсін мереке.
15. Оқушы:
Ана тілім бабам тілім, ардағым
Келеді кезек өзіңе ән арнағым
Мәртебесі өскен сайын тілімнің
Көркейгендей болып келед жан жағым
Мәртебесі асқан сайын тілімнің
Көкке пырақ мініп самғатар
16. Оқушы:
Қуат алып күндерден алыстағы
Жүресіңдер мініп ап намысқа бір
Дерексіздер өткеннен, керексіздер
Болыңыздар бай қуатты арыстарым
17. Оқушы:
Ақырын жүріп андап бас
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық қылған жалықпас
Ұйретуден балаға
18. оқушы
Мектепке келдім
Ұстазды көрдім
Тыңдадым сөзін
Табынып, сүйіп
1 жүргізуші:
Сенің бағың өрге қарай өрлесе
Ол да бірге қуанышқа кенелген
Сол арқылы сенде өмір жалғадың
Ізгі іс қой ұстаз тілін алғаның, дей отырып, Ұстазым әнімен ортада
1 жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма
Арқаң деп сенің ұғамын
2 жүргізуші:
Ғылым иесі, ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілін бал тамған ақын да, егін салған диқан да, бал бағып, терін төккен шопан да бәрі бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан да ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Ән
1 жүргізуші:
Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің
Үйреткені адалдық
Ұсынғаны адамдық
Текті мінез даналық
Бар ұстазға тілейміз
Бақыт, табыс, амандық дей отырып, Ұлылықтың басында ұстаз тұрар атты тәрбие сағатын аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар ұстаздар!
Сабақ тақырыбы: Азаматтық қоғамды қалай түсінесің?

Сабақ мақсаты: білімділік-оқушыларға адам құқығы, азаматтық,
олардың конституциялық-құқықтық мәртебесі,
адам және азаматтардың негзгі міндеттері
туралы түсінік беру
дамытушылық- оқушылардың өз бетімен оқып-үйренуі,
ойлау қабілеттерін дамыту.
тәрбиелік-оқушы бойында жауапкершілік приципін
қалыптастыру.
Сабақ түрі: тәрбие сағаты
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өздігінен жұмыс істеу.
Пән аралық байланыс: саясаттану, мемлекет және құқық теориясы

Сабақ барысы:
Ұйымдастырушылық кезең.
1.сәлемдесу.
2.оқушыларды түгендеу
3.сабаққа қатысуын, дайындығын қадағалау.
Үй жұмысын сұрау.
Бұқара-ақпараттар, газет-журнал арқылы жаңалықтар дайындау.

Берілген сұрақтарға жауап беру.
1. Мемлекет дегеніміз не?
2. Адамның құқықтары мен бостандықтары туралы
3. Азаматтардың экономикалық және әлеуметтәук құқықтар?
4. Еңбек ету құқықтары ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Көліктер тақырыбына тәрбие сағаты
"Аналар мейрамы" тақырыбына тәрбие сағаты
«Аяулы жан-Анашым» тақырыбына ашық тәрбие сағаты
Дос болайық бәріміз тақырыбына тәрбие сағаты
Салауатты өмір салты тақырыбына тәрбие сағаты
«Отбасы тіршіліктің тірегі» тақырыбына тәрбие сағаты
Тәуелсіздік - тұғырым. (Тәрбие сағаты)
Тәрбие сағаты «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»
Діни экстремизм . Тәрбие сағаты
"Көктем келді" тәрбие сағаты
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь