Биліктің қызметтері мен жіктелуі



Кіріспе 3
1. Билік ұғымы туралы түсінік 4
2. Биліктің қызметтері мен жіктелуі 5
3. Билік пен жеке адам арақатынасы 6
Қорытынды 9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 10
Билік – саяси саладағы негізгі мәселелердің бірі. Оны қоғамдағы саяси процестерді түсінудің кілті деуге де болады. Билік туралы түсінік күнделікті өмірден жақсы белгілі және кеңінен қолданылады. Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болды және оның даму барысында әлі де бола бермек. Оның алғашқы пайда болуын қазіргі саяси ғылымда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады. Билік көп салалы, көп мағыналы құбылыс. Мысалы, мәжбүр ету күш билігі, жетекшінің, ата-ананың, мұғалімнің, әкімшіліктің, заңның, мемлекеттің билігі және т.б.
Билік деп біреудің екіншілерге өз әмірін жүргізіп, олардың іс- әрекеттеріне, қызметіне, тағдырына ықпал етуін айтады. Бұл жалпы билік туралы түсінік. Ал билік деген ұғым үлкен екі топқа бөлінеді: саяси билік және саяси емес билік.
Саясаттанудың объектісі тек ғана саяси билік. Саяси билікке заңның, мемлекеттің, үкіметтің, жалпы қоғамның өмірімен байланысты биліктер жатады. Сонымен қатар саяси биліктің өзі де бір мағыналы, бір салалы емес.
Себебі саяси биліктің түрлері өте көп. Мысалы, монархияның билігі (патша, император, король, хан, шах, сұлтан), бір партияның билігі, әскери топтың, диктатураның билігі, фашистік билік т.с.с.
Саяси биліктің тағы бір түрі – сайланған билік, яғни, халық билігі.
Осыған байланысты, саяси биліктің өзі екі түрге бөлінеді: заңды (легитимді), сайлаулы билік, демократиялық билік және заңды емес (легитимді емес), сайланбаған, демократиялық емес билік. Саяси билік қоғамдағы аса күрделі процесс болғандықтан, оның көріністері де сан алуан болып келеді.
Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және әскермен қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын анықтайды. Конституция атынан оның жұмысына арнайы органдар бақылау жасайды.
Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды, ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.
1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі.
2. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6
3. “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том
4. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. — 569 б.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3
1. Билік ұғымы туралы түсінік 4
2. Биліктің қызметтері мен жіктелуі 5
3. Билік пен жеке адам арақатынасы 6
Қорытынды 9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 10

Кіріспе
Билік - саяси саладағы негізгі мәселелердің бірі. Оны қоғамдағы саяси процестерді түсінудің кілті деуге де болады. Билік туралы түсінік күнделікті өмірден жақсы белгілі және кеңінен қолданылады. Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болды және оның даму барысында әлі де бола бермек. Оның алғашқы пайда болуын қазіргі саяси ғылымда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады. Билік көп салалы, көп мағыналы құбылыс. Мысалы, мәжбүр ету күш билігі, жетекшінің, ата-ананың, мұғалімнің, әкімшіліктің, заңның, мемлекеттің билігі және т.б.
Билік деп біреудің екіншілерге өз әмірін жүргізіп, олардың іс- әрекеттеріне, қызметіне, тағдырына ықпал етуін айтады. Бұл жалпы билік туралы түсінік. Ал билік деген ұғым үлкен екі топқа бөлінеді: саяси билік және саяси емес билік.
Саясаттанудың объектісі тек ғана саяси билік. Саяси билікке заңның, мемлекеттің, үкіметтің, жалпы қоғамның өмірімен байланысты биліктер жатады. Сонымен қатар саяси биліктің өзі де бір мағыналы, бір салалы емес.
Себебі саяси биліктің түрлері өте көп. Мысалы, монархияның билігі (патша, император, король, хан, шах, сұлтан), бір партияның билігі, әскери топтың, диктатураның билігі, фашистік билік т.с.с.
Саяси биліктің тағы бір түрі - сайланған билік, яғни, халық билігі.
Осыған байланысты, саяси биліктің өзі екі түрге бөлінеді: заңды (легитимді), сайлаулы билік, демократиялық билік және заңды емес (легитимді емес), сайланбаған, демократиялық емес билік. Саяси билік қоғамдағы аса күрделі процесс болғандықтан, оның көріністері де сан алуан болып келеді.
Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және әскермен қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын анықтайды. Конституция атынан оның жұмысына арнайы органдар бақылау жасайды.
Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды, ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.

1. Билік ұғымы туралы түсінік

Саясаттың негізгі мәселесі билік болғандықтан, саясатта билік теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттың саяси институттар мен барлық саяси әлемнің мінін түсініп-білуге көмектеседі.
Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі деген екен.
Ағылшын философы, қоғам қайраткері Бертран Рассель (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген.
Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс {1902 - 1979) экономпкалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деп тұжырымдаған.
Билік туралы мынандай тұжырымдамалар бар: Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, структуралистік, конфликтілік.
Сонымен билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде билік қоғамдық сипатта болды. Мұнда қауым болып тайпаларды басқарды. Құл иеленушілік құрылыста құл иеленушілер және құлдар пайда болып, теңсіздік туды. Бір таптың екінші бір тапты бағындыру қажеттілігі туды. Осылай билік аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды.
"Билік" сөзі әр мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына объектісіне байланысты былай бөлуге болады:
* Ата-аналар билігі.
* Мемлекеттік билік.
* Экономикалық билік.
* Саяси билік.
* Әлеуметтік билік.
* Құқықтық билік.
* Әскери билік.
* Рухани билік, т.с.с.
Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең негізгі түріне жатады.
Саясаттануда саяси билік теориясы орын алады. Саяси институттар мен барлық саяси ұғымы әлемінің мәнін түсініп-білуге мүмкіндік береді. Себебі, саясаттың негізгі мәселесі -- билік, ал мазмұны -- билік үшін күрес және билікті жүргізу. Шығыстың кқрнекті ой-шылы Ибн-Халдун (1332 -- 1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі -- ол билік үшін күреседі деген екен. Ағылшынның ең, ірі фәлсафашыларының бірі, қоғам қайраткері болған Бертран Рассея (1872 -- 1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі үғым билік болып табылады деп дұрыс айтқан. Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902 -- 1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген. Сондықтан бұл курстағы басқа тақырыптардың бәрі билікке байланысты келеді.
Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Солардың негізгілеріне қысқаша тоқтала кетейік.
1. Телеологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіңдігі деп түсіңдіреді. Мысалы, ағылшын фәлсафашысы Т. Гоббс (1588 -- 1679) билік бо-лашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.
2. Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіңдігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.
3. Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір кұралдарды, амалдарды (зорлык-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р. Даль (1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.
4. Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды дейді. Солардың арасында, олардың ойынша, билік қатынастары туады.
5. Конфликтілік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.
6. Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы ыкпал ретінде қарайды.

2. Биліктің қызметтері мен жіктелуі

Саяси биліктің құрылысы, басқа да белгілері, қасиеттері әр уақытта тарихи, ұлттық, тіпті елдің географиялық өзгешеліктерімен байланысты болады. Мысалы, Англияда осы күнге дейін монарх пен лордтар палатасының сақталуы, АҚШ-тағы штаттардың уәкілдерінен қалыптасқан сенат палатасының 43 болуы, Жапониядағы императорлық дәстүрлердің сақталуы, Қазақстандағы парламенттің бір палатасы Мәжіліс деп аталуы т.с.с.
Келесі ерекшелік -- саяси биліктің сапасы көбінесе қоғамның саяси- құқықтық мәдениетінің деңгейімен байланысты болуы. Саяси билік - теориялық проблема. Қоғамда неғұрлым саяси биліктің теориялық проблемаларын танып-білуге, меңгеруге жағдай жасалған болса, соғұрлым саяси биліктің қарқынды дамуына жолдар ашылып оның сапасы жоғарылайды. Мысалы, бұл процесті альпинизммен салыстыруға болады. Тауға көтеріліп бара жатқан альпинист алға ұмтылған сайын таудың шыңы альпинистке жақындай түседі. Саяси билікте те солай - ол саяси білімнің, теорияның шыңы, оны меңгеріп ұққан сайын билік қоғамға жақындай түседі.
Әр елдің билігі өзіне лайық деген саясаттанудағы тұжырымдама осыны көрсетеді.
Билік туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси билік
Билік ұғымы және оның тұжырымдамалар
Билік ұғымы туралы түсінік
Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері
Саяси билік пен мемлекеттік билік
Саяси билік және мемлекеттік билік
Демографияның және оның негізгі белгілері
Саяси әлеуметтанудың объектісі мен пәні
Мемлекеттік биліктің басты қызметтері
Саяси ғылымның құрылымы
Пәндер