Саяси билік түсінігі, ғылыми анықтамалары және оның көріністері


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе3

1. Саяси билік түсінігі, ғылыми анықтамалары және оның көріністері4

2. Саяси биліктің түрлері. 6

Қорытынды9

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі10

Кіріспе

Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жұргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Бұдан біз саяси биліктің мағынасының мемлекеттік биліктен кең екендігін байқаймыз. Себебі, біріншіден, саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Мысалы, алғашқы адамдық қауым кезінде ақсақалдар кеңесінің, веченің (Ежелгі Русьтегі азаматтар жиналысының түрі), вече соттанрының және т. б. билігі болды. Екіншіден, саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, НАТО) және т. б. сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да билігін жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік, жоғарыда көрсетілгеніндей, ерекшк күштеу аппаратына сүйенеді және оның билігіне қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғары, ең толық, ең дамыған түрі, оның өзегі болып табылады.

Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынандай екі шарт қажет: 1) ол халықтың қалауы боынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс; 2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.

Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетті. Ең біріншісі- әдет ғұрыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенді. Сондықтан, мысалы, (кейбір елдерде қазір де) хан, сұлтан, патша, шах, әмір және т. б. билігін халық дұрыс, заңды деп түсінді. Билік әкеден балаға мирас болып қалып келді, оны жұрт ата-салтымыз деп мойындап отырды.

Екінші түрде харизматикалық легитимдік жатады. Мұнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді. Мысалы, Мұхаммед пайғамбар, Ганди, Аятолла Хомейни және т. б. Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жетті. Харизма деген сөздің өзі де көсемге, мемлекеттік басқарушының жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді.

Үшінші түріне Вебер ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігін жатқызады. Онда саяси билік салт-дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді. Мұндай легитимділік саяси биліктің пайда болуы және өмір сүруі демократиялық талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па сонымен анықталады.

1. Саяси билік түсінігі, ғылыми анықтамалары және оның көріністері

Қоғамдағы саяси саланың қызметі билікпен байланысты. Билік саясаттың ең өзекті мәселелерінің бірі және саяси ғылымның негізгі зерттеу пәні болып есептеледі. Билік адамзат пайда болғаннан бері бар дүние. Оның қажеттілігі туралы ертедегі грек ойшылдары айта бастаған. Биліктің қажеттілігі: 1) Адамдардың әр кезде, барлық жағдайда өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін; 2) Қоғамдық қатынастардың негізі болып келетін қоғамдық ережелерді бекіту үшін; 3) Қоғамдағы жасампаздық шаруашылықты қызметін атқару үшін қажет.

Билік әрқашанда жалпыға бірдей үміттену, дәмелену объектісі болған. Билік ұғымы саяси ғылыми әдебиеттерде әр түрлі түсіндіріледі. Билік туралы түсінік күнделікті өмірде ғылыми әдебиетте кеңінен қолданылады. Мысалы: философтар ол туралы қоғамдық биліктің объективті заңдылығы. Социологтар әлемдік билік экономистер шаруашылық билік, саясаттанушылар саяси билік, жаратылыстанушылар табиғатқа деген билік, психологтар адамның өзіне деген билік, ата- аналар отбасы билігі: семьядағы билік. Сонымен қатар құқық атқарушы және биліктері туралы түсінік бар.

Қазіргі ғылым әдебиетте биліктің 5 анықтамасы бар: 1. Бихевиористік- анықтама бойынша билік адамға мінез - құлқына әсер етуші мүмкіндігіне негізделген. 2. Телеологиялық- билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жетудің (құдай арқылы) . 3. Инструменталистік- билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады. Мысалы: зорлық, күштеу, т. б. 4. Структуралистік- билік жүргізушілер мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы. 5. Конфликттік- анықтама бойынша игіліктерді, даулы жағдайларды бөлісуді үйлестіру, құрастыру ретінде түсіндіріледі.

Жалпы алғанда билік дегеніміз тап, әлеуметтік топ, мемлекет, жеке адам т. б. тарапынан өзіндік ерік- жігерді іске асырудағы қабілеттіліктермен пайдалана отырып, адамдардың қызметі мен мінез- құлқына бедел күштеу құралдары арқылы әсер ету деп түсінуге болады.

Ғылыми әдебиеттер кеңінен белгілі Саймон деген американ саясаттанушының пікірі. Ол билікті былай деп түсінген «егер В-ның мінез- құлқын А өз талаптарына бағындыра білсе, онда В-ның үстінен А билік жүргізеді». Яғни билік оның барлық анықтамасында өз ерік жігерін әр түрлі (бедел, заң, күштеу) әр түрлі құралдары арқылы іске асыру тәсілі мен мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі.

Қоғамдық қатынаста биліктің пайда болуы мен жүзеге асырылуына төмендегі бөлшектердің болуы шарт: 1. Кем дегенде билік қатынасының жеке адамда немесе топтан тұратын екі өкілі болуы керек. 2. Билікті жүзеге асыру үшін бағынбаған жағдайда жазалау шараларын қолданатындығы жөніндегі бұйрығы болуы тиіс. 3. Билікті жүзеге асырушыға билігі жүретін адамдардың бағынуы керек. 4. Бұйрықты берушінің оған құқы бар екендігін айқындайтын қоғамдық ережелердің болуы тиіс. Ол бұл бұйрықтың кімге қатынасты болса, биліктің жүргізушіге бағынуға міндеттілігін айқындауға тиіс.

Сонымен билік деп адамдардың не сол адамдардан құрылатын басқа да әлеуметтік және институционалдық субъектілердің іс- әрекетінің бағытына, сипатына және мінез- құлқына экономикалық, идеологиялық т. б. әр түрлі механизмдер арқылы ықпал ету, қабілет пен мұмкінділік.

Биліктің мәні оның көріністері арқылы белгіленеді - ол: басшылық, үстемдік, бағындыру, бақылау, ұйымдастыру, қадағалау. Осы тұрғыдан алғанда билік- әлеуметтік түрлерді іске асыру құралы.

Саяси биліктің қайнар көздері мен ресурстары.

Билік күрделі қоғамдық құбылыс. Оның құрылымдық бөлшектері болып табылады:

1) үстемдік мүдде; 2) осы мүддені танытатын ерік; 3) мүддені іске асыруды қамтамасыз ететін құралдар. Оның өзінің белгілері мен қайнар көздері бар. Белгілері: 1) Қоғамдық өмірді реттеушілік монополиялығы; 2) Қоғамға және жеке адамға мәжбүрлеу етудің мүмкіндігі; 3) Үстемдік ықпалының басымдылығы; 4) Билік басқарушылық аппаратының болуы.

Билік мынандай қайнар көздерге негізделеді:- күш, байлық, статус, ұйым, білім мен ақпатар.

Саяси биліктің қоғамда жүзеге асуында әр түрлі құралдарды қамтамасыз етіп, пайдаланады. Ғылыми әдебиеттерде биліктің ресурстары деп атайды. Ғылыми әдебиеттерде биліктің ресурстарын жалпы мынандай түрлерге бөлуге болады:

  • экономикалық (материалдық қажеттіліктер)
  • әлеуметтік (статусты өзгертуге арналған құралдар)
  • күш ресурстары (әскер, қару жарақ, полиция)
  • ақпараттық (білім және ақпараттық құралдар)
  • демографиалық (адам- ең түпкі құрал)

Саяси және мемлекеттік билік, оның ерекшеліктері мен міндеттері.

Саяси биліктің ерекшеліктері:

  • Ол- адамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың қоғам экономикасындағы ролі басым болады да, қоғам сол тап мүддесі тұрғысынан басқарылады.
  • Қоғамдағы басшылық көбінесе сол топ өкілдерінің қатысуымен мемлекет арқылы, қоғамдық- саяси ұйымдар мен саяси көсемдер арқылы жүргізіледі.
  • Саяси биліктің ерекшелігі- арнайы басқару ісімен шұғылданатын ерекше кәсіби топтардың болуы.

Саяси биліктің қасиеттерінің бірі- оның ең жоғарғы, басты айқындаушы, шешуші күш ретіндегі ықпалы. Екінші қасиет- биліктің иерархиялық сипат алуы. Келесі қасиет- үстемдікті шоғырландыруға және монополизациялауға ұмтылу. Саяси билік қоғамда көбінесе мемлекеттік билік арқылы жүзеге асады. Мемелекеттік билік саяси биліктің бір түрі. Оның ерекшеліктері: 1) Ол белгілі бір территориясында ерекше аппарат арқылы жүргізілетін билік. 2) Мемлекеттік билік өзінің күштеу аппатарына сүйенеді. 3) Мемлекеттік билік монополиялық сипат алады.

Саяси биліктің легитимділігі және билік бөліну принципі.

Қазіргі демократиялық дамыған елдерде саяси биликтің тұрақтылығы оның легитимділігіне байланысты. Биликтің легитимділігі деп оның заңдылығын айтады. Бірақ оның тек қана заңға сәйкестілігі емес, сонымен қатар билікті қоғамдағы мүшелердің оны өз еркімен қабылдауы заңы. Ондай кезде қоғамдағы халық берілген билікке өз сенімін білдіреді және өз еркімен оны қабылдайды. Легитимді биліктің идеалды түрлерін М. Вебер талдаған. Ол легитимді биліктің мынадай 3 түрін ажыратқан:

  • дәстүрлі,
  • харизматикалық,
  • легальды - рационалдық.

Билік бөлу идеясы ең алғашқы рет жаңа дәуірдің кезеңінде ең әйгілі ойшылдар ұсынылған. Бұл идеяны қалыптастырушы ағылшын ойшылы Джон Локк және әрі қарай толық дамытқан 18ғ. Француз ойшылы Ш-Л. Монтескье болып табылады. Ол саяси биліктің бөлінуін мемлекеттегі биліктің бір қолда болмауымен және оның үш тармағына бөлінуімен түсіндірген: Заң, Атқарушы, Сот билігі.

Себебі билік бір ғана қолда болса, шектелмесе, өзі заң шығарса, жүзеге асырса және оның жүзеге асуын қадағаласа, онда ондай билік тиранияға айналады, ауысады. Сондықтан қоғамдағы билік жүргізу жағдайында билік тек қана бір органның қолында болуы мүмкін емес және де халық билікті өзі жүргізе алмайды. Билік жүргізу белгілі топқа, ұжымға, органға беріледі. Жан Жак Руссо: ол халық суверинитеті идеясын көтеріп, биліктің тұрлерін ажыратқан, ал үш билік сол бір тұтас халық билігінің көрінісін табу деп тұжырымдады. Заң шығарушы, атқарушы, сот жүйесіне бөліну қазіргі уақытта демократияның дамуы болып табылады. Үш үкіметтің біреуінің басым болып кетпеуіне кепілдік бере алады. Биліктің бөлуін бір- біріне мүлдені тәуелсіз автоном органдардың қолына бөлініп беріледі деп түсінбеу қажет.

2. Саяси биліктің түрлері.

Қоғам өзінің саяси жүйесінде әлеу­меттік міндеттерді билік арқылы, құқықтық заң-жобалар, на­нымдар және басқа шартты қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады. Бұл ретте саяси жүйенің өз ішінде саяси рөлдердің өзі бөлініп отырады. Мемлекет саяси билікті жүргізу­дегі ең негізгі буын болып табылады. Мемлекет мынандай си­паттармен айқындалады:

- бұқаралық билікті жүзеге асыратын адамдардың ұйымы, ол үшін нормалық-құқықтық және ақпараттық-идеологиялық жағдайларды қалыптастырып отырады;

- елдің барлық территориясын қамтитын жағдайда салық­тарды алып отыратын ұйым. Мемлекет саяси билікті жүргізетін құрылым екендігі белгілі.

Әр түрлі қоғамда мемлекеттің билігі де өзгеріп отырады, қызметінің түрлері де көбейіп отырады. Соңғы уақытта мемлекет үстем таптардың мүддесіне орай езілуші таптардың мүддесіне орай, езілуші таптардың қарсылығын басып отыратын аппарат деп келеді. Бұл дұрыс та. Тек бұл қырынан келіп қарау маркстік теорияны жете бағаламаумен бірдей. «Анти-Дюринг», «Л. Фейербах және неміс классикалық фило­софиясының ақыры», «Семьяның, жеке меншіктің және мем­лекеттің шығуы» деген еңбектерді талдай келіп, біз мынандай қорытындыларға келеміз:

- мемлекет адамзат қауымының немесе азаматтық қо­ғамның дамуына және еңбек бөлісіне қарай дамып жетілді;

- бұл процесс өз мүдделеріне сәйкес жаңа әлеуметтік топтардың шығуына әкелді;

- бұл бөлінудің өзі ортақ мүдделерді жүзеге асыру үшін қажетті функцияларды талап етеді;

- қарама-қайшы топтар арасындағы шиеленісті туғызып, олардың кейбіреуін басу қажеттігі туады;

- ортақ мүдделер мен функцияларды атқару қажеттігі шы­ғады.

Осы аталғандардан келіп биліктің төмендегідей маңызды функциялары шығады:

- мемлекеттің жалпыға бірдей мүддесін қорғау және белгілі бір тәртіпті сақтап отыру. Бұл алдымен ортақ мүддеге қарсы немесе экономикалық үстем таптардың мүддесіне қарсы шығушы жеке адамдар мен жіктердің мүддесін басуға бағыт­талады, одан кейін ел тұрғындарының мүдделерін үйлестіру және келістіру, үшіншіден, сыртқы шабуылдан қорғау.

- басқару арқылы ортақ мүддені қанағаттандыру - бүкіл қоғамның міндеттерін әкімшілік жолмен орындау.

Бірінші міндет қоғамның ыдырауына жол бермейтін қажетті­ліктен туады. Бірақ кей жағдайда қарсыласушы топтардың мүд­делеріне тағы басқа топтардың қосылуы мүмкін. Онда олардың ортақ мүдделерін таба білу қажет. Мемлекеттегі таптар мен жіктердің ымыраға келу жағдайын қарастыру болып табылады.

Мемлекеттің сыртқы дұшпандардан қорғалуындағы биліктің рөлі ерекше.

Елдің халқын басқару саласында мәселе күрделі болып келеді. Бұл мәселеде әр түрлі бағыттар бар. Бірінші бағыт мемлекеттің барлық функциялары елдің қоғамын тұтасымен басқару деп қарастырылады. Екінші бағыт атқарушы өкіметтің мемлекеттік басқару қызметі деп қарастырылады, заң шығару мен соттық билікті ескермейді. Мұны «әкімшілік» деп атайды. АҚШ-та оны бұқаралық «әкімшілік» дейді.

Жалпы теория мен практикада биліктің функцияларын: заң шығарушы, соттық және атқарушы деп бөледі. Мемлекет басшысының функциясы тағы бар. Билікті жүзеге асыратын подфункциялар да бар. Америкалық саясаттанушы Л. Уайт мемлекеттік басқару органдарын үш топқа бөледі:

- штабтар - өзі орындай алатын шешімдерді қабылдай­тындар;

- жедел қызметтер - штабтардың шешімдерін жүзеге асырушылар;

- көмекші қызметтер - штабтар мен жедел қызметтердің қажетіндегі жұмысына жағдай туғызатындарды атайды.

Барлық мемлекеттік ұйымдар екі түрге бөлінеді: үкіметтің мемлекеттік органдары - жалпы мемлекеттік шешімдер қабылдайды; мемлекеттік басқару органдарының аппараты, олар мемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік басқару, мемлекеттік аппарат деп аталады. Мемлекеттік ұйымдардың барлығын орталық және жергілікті деп екіге бөледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси билік және саяси жүйе
Саяси билік түсінігі
Қоғам және философиялық ерекшеліктер
Саясаттану ғылымы
ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ. ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ҚҰРЛЫМЫ, ТҮРЛЕРІ
Қазіргі қазақ менталитетінің ерекшелігі
«Қоғам - өздігінен дамитын система»
Саяси басшы саяси лидер
Басқарудың әкімшілік құқықтық нысандары және әдістері
Саяси билік жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz