Саяси билік: ұғымы және құрылымы


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе2

1. Саяси билік: ұғымы және құрылымы. 3

2. Саяси билікті жүргізу механизмдері. 4

3. Саяси билік қызметі4

Қорытынды6

Пайдаланылған әдебиеттер. 7

Кіріспе

Билік ұғымы туралы түсінік саяттың негізгі мәселесі билік болғандықтан, саясатта билік теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттың саяси институттар мен барлық саяси әлемнің мінін түсініп-білуге көмектеседі. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі деген екен. Ағылшын философы, қоғам қайраткері Бертран Рассель (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген. Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс {1902 - 1979) экономпкалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деп тұжырымдаған. Билік туралы мынандай тұжырымдамалар бар: Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, структуралистік, конфликтілік. Сонымен билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады. Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сонымен билік дегеніміз не? Қазіргі ғылыми әдебиетте биліктің бес анықтамасы бар:

1. Бихевиористік анықтама. Бұл анықтама бойынша билік адамдардың мінез-құлқына әсер ету мүмкіндігіне негізделген айрықша мінез-құлық түрі болып табылады.

2. Телеогиялық анықтама. Ол бойынша, билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жету.

3. Инструменталистік билік анықтамасы бойынша билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады, мәселен зорлық, күштеу т. б.

4. Структуралистік билік анықтамасы бойынша билік:билік жүргізушілер мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы.

5. Конфликтілік билік анықтамасы бойынша иеліктерді даулы жағыдайларда бөлісуді үйлестіру құралы ретінде түсіндіріледі.

Қазақстан қазір тәуелсіз, дербес мемлекет болып өз алдына отау тігіп, өз саясатын жүргізіп жатқан кезде ел билеудің, билікті іске асырудың баламалы мүмкіндіктерін жан-жақты ойластырып жатқан кезде жастарымызды билік туралы ұғым түсініктердің қыр-сырымен қаруланудың маңызы зор.

Билік туралы түсінік күнделікті өмірде, ғылыми әдебиетте кеңінен қолданылады. Мәселен, фәлсафашылар ол туралы қоғамдық биліктің объективті заңдылығы, социологтар әлеуметтік билік, экономистер-шаруашылық билік, саясаттанушылар саяси билік, жаратылыстанушылар табиғатқа деген билік, психологтар-адамның өзіне деген билігі, ата-аналар отбасы билігі, діндарлар тәңірі билігі туралы айтуға бейім тұрады. Сонымен қатар құқық, атқарушы, қазы биліктері туралы түсінік бар.

1. Саяси билік: ұғымы және құрылымы.

Қоғам өзінің саяси жүйесінде әлеуметтік міндеттерді билік арқылы, құқықтық заң-жобалар, нанымдар және басқа шартты қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады.

Билік - саясаттанудағы негізгі түсініктердің бірі. Оны саяси құрылым саяси қозғалыс және саясаттың өзін түсінудің кілті деуге болады. Билік түсінігінің анықтамасы, оның мәні мен сипаты мемлекет пен саясаттың табиғатын танудың маңызды шарты. Сонымен бірге оның бүкіл қоғамдық қатынастардың ішінен саясатпен саяси қатынастарды бөліп қарастыруға мүмкіндік беретінін айту керек.

Жалпы алғанда билік дегеніміз қоғамдағы тап, әлеуметтік топ, мемлекет, жеке адам т. б. субъектілердің тарапынан өзіндік ерік-жігерді іске асырудағы қабілеттіліктермен пайдалана отырып, адамдардың қызметі мен мінез-құлқына бедел күштеу құралдары арқылы әсер ету деп түсінуге болады. Қазіргі саяси ғылыми әдебиеттерде кеңінен белгілі Саймон деген американ саясаттанушының билік туралы пікірі таралған. Ол билікті былай деп түсінген «егер «В-ның» мінез- құлқын «А» өз талаптарына бағындыра білсе, онда «В-ның» үстінен «А» билік жүргізеді». Сонымен, билік барлық ғылыми анықтамаларда адамдардың өз ерік жігерін әр түрлі (бедел, заң, күштеу) әр түрлі құралдары арқылы іске асыру тәсілі мен мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі. Қоғамдық қатынаста биліктің пайда болуы мен жүзеге асырылуына төмендегі бөлшектердің болуы шарт: 1. Кем дегенде билік қатынасының жеке адамда немесе топтан тұратын екі өкілі болуы керек. 2. Билікті жүзеге асыру үшін оған бағынбаған жағдайда жазалау шараларын қолданатындығы жөніндегі басқарушының бұйрығы болуы тиіс. 3. Билікті жүзеге асырушыға билігі жүретін адамдардың бағынуы керек. 4. Бұйрықты берушінің оған құқы бар екендігін айқындайтын қоғамдық ережелердің болуы тиіс. Ол бұл бұйрықтың кімге қатынасты болса, биліктің жүргізушіге бағынуға міндеттілігін айқындауға тиіс. Сонымен, саяси билік деп қоғамдағы адамдардың, не сол адамдардан құрылатын әр түрлі әлеуметтік және институционалдық субъектілердің іс-әрекетінің бағытына, сипатына және мінез-құлқына экономикалық, идеологиялық т. б. механизмдер арқылы ықпал ету, қабілет пен мұмкіндік.

Сондықтан саяси билік биліктің ең негізгі түіне жатады.
Биліктің басқа түрлерімен салыстырғанда саяси биліктің мынадай ерекшеліктері бар оның өктемдік сипаты, оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың мүддесін қорғауы, басқа мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы, т. с. с. Саяси билік бар жерде тенсіздік бар. Мұнла біреулер билеуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар.
Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Мысалы: сайлау науқаны уақытында көп қаржы жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат жетістпегендіктен шетелдерде үміткерлер жеке бай адамдардың бірлестіктердің көмегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты ұстап тұру үшін көп қаражат керек. Және үкімет басына келушілер өз реформаларын ала келеді. Мысалы: АҚШ президенттері Ф. Рузвельт "Жаңа бағыт", Дж. Кеннеди "Жаңа шеп", т. с. с. Экономикалық қорға қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа да материалдық құндылықтар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары, т. б. жатады. Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдарды топтастырады. Ондай рөлді ең алды мен оның мәртебелі, абыройлы, көптеген жеңілдіктерді пайдаланатын қызметкерлері орындайды. Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура т. б. жатады.

Ақпарат құралдары. Радио, теледидар. баспасөз, т. с. с. ақпарат құралдары өз елдеріндегі жағдайларды ғана емес, дүние жүзінде не болып не қойып жатқанын көріп-біліп отырады. Шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялық партиялары бар елдерде ақпарат құралдарының маңызы арта түседі. Билікті жүзеге асырушыға билігі жүретін адамдардың бағынуы керек. 4. Бұйрықты берушінің оған құқы бар екендігін айқындайтын қоғамдық ережелердің болуы тиіс. Ол бұл бұйрықтың кімге қатынасты болса, биліктің жүргізушіге бағынуға міндеттілігін айқындауға тиіс.

Биліктің мәні оның көріністері арқылы белгіленеді - ол: басшылық, үстемдік, бағындыру, бақылау, ұйымдастыру, қадағалау. Осы тұрғыдан алғанда билік-әлеуметтік түрлерді іске асыру құралы да болалады.

Биліктің белгілері: 1) Қоғамдық өмірді реттеушілік монополиялығы; 2) Қоғамға және жеке адамға мәжбүрлеу етудің мүмкіндігі; 3) Үстемдік ықпалының басымдылығы; 4) Билік басқарушылық аппаратының болуы.

2. Саяси билікті жүргізу механизмдері.

Билік күрделі қоғамдық құбылыс. Оның құрылымдық бөлшектері мыналар болып табылады:

1) үстемдік мүдде, 2) осы мүддені танытатын ерік, 3) мүддені іске асыруды қамтамасыз ететін құралдар. Оның өзінің қайнар көздері мен жүзеге асу құралдары бар.

Билік мынандай қайнар көздерге негізделеді - күш, байлық, статус, ұйым, білім мен ақпарат.

Саяси биліктің қоғамда жүзеге асуында әр түрлі құралдарды қамтамасыз етіп, пайдаланады. Ғылыми әдебиеттерде олар биліктің ресурстары деп аталады. Биліктің ресурстарын жалпы мынандай түрлерге бөлуге болады:

- экономикалық (материалдық қажеттіліктер)

- әлеуметтік (статусты өзгертуге арналған құралдар)

- күш ресурстары (әскер, қару жарақ, полиция)

- ақпараттық (білім және ақпараттық құралдар)

- демографиалық (адам- ең негізгі әләуметтік құрал) .

Осы рессурстардың ішінде қазіргі уақытта Э. Тоффлердің пікірінше білім мен ақпараттық құралдар билік ресурстарының әлемде ерекше маңызға ие бола бастады.

Саяси биліктің өз ерекшеліктері бар. Біріншіден - ол адамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың қоғам экономикасындағы рөлі басым болады да, қоғам сол топ мүддесі тұрғысынан басқарылады. Екіншіден - қоғамдағы басшылық көбінесе сол топ өкілдерінің қатысуымен мемлекет арқылы, қоғамдық-саяси ұйымдар мен саяси көсемдер арқылы жүргізіледі. Үшіншіден - саяси биліктің арнайы басқару ісімен шұғылданатын ерекше кәсіби топтардың болуы.

Қазіргі демократиялық дамыған елдерде саяси биликтің тұрақтылығы оның легитимділігіне байланысты. Биликтің легитимділігі деп оның заңдылығын айтады. Бірақ оның тек қана заңға сәйкестілігі емес, сонымен қатар билікті қоғамдағы мүшелердің оны өз еркімен қабылдауы заңы. Ондай кезде қоғамдағы халық берілген билікке өз сенімін білдіреді және өз еркімен оны қабылдайды. Легитимді биліктің идеалды түрлерін М. Вебер талдаған. Ол легитимді биліктің мынадай 3 түрін ажыратқан: дәстүрлі, харизматикалық, легальды - рационалдық.

3. Саяси билік қызметі

Саясат ғылымында атқарушы билікке ерекше мән бріледі. Әкімшілік қызметтің барысы тұтасымен алғанда елдің жағдайын тікелей байланысты. Мемлекеттік басқару қашан болмасын саяси басқару болып келеді. Атқарушы биліктің функциялары:

1) Егемендікті жүзеге асыру функциялары: а) мемлекеттің сыртқы жағдайдағы егемендігі мен тұтастығын қорғау; б) ішкі қарым-қатынасты сақтау, тәртіпті, ішкі тұтастықты сақтау; в) мемлекеттік -саяси жүйенің қызметін ұйымдастыру - сайлау науқаны, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және басқалары.

2) Экономикалық функциялары. Қазіргі уақытта бір де бір мемлекет елдің экономикасын мемлекет тарапынан реттеуге қарсы емес. Мұнда туатын проблеманың ең бастысы саясаттың экономикаға ықпал ету шегі мен оның берер нәтижелері. Экономикалық заңдылықтарды ескермей кету қатері бар. Сондықтан мемлекеттік билік экономиканың дамуына өте тиімді ыпал жасауы қажет. Социалистік мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей саяси басшылық экономикалық басшылықты ауыстырмауы керек. Мемлекеттің функциясын бақылап отыру, дағдарысты жағдайларға жол бермеу. Экономикамен айналысқан мемлекеттік билік тұтыну, қажеттілік өндірісінің қуаты мен ақиқатты көлемін бақылап отыруы қажет. Саясаттанушы Д. Кейнстің идеясы бойынша нарықтық экономикадағы елдерде жұмыс қолы түгел қамтылуы керек, тұтынушылардың тұтыну қабілеті өндіріс құралдарын өндіруге сәйкес дамуы тиіс. Ол үшін мемлекет салық, бюджет, инвестициялық және несие саясатын қолдануы қажет. АҚШ сияқты елдерде экономиканы реттеу сауда, мемлекеттік кәсіпорындар, транспорт, ғылыми-техникалық жұмыстар арқылы жүргізіледі.

Билік бөлу идеясы ең алғашқы рет жаңа дәуірдің кезеңінде ең әйгілі ойшылдар ұсынылған. Бұл идеяны қалыптастырушы 17ғ. ағылшын ойшылы Джон Локк және әрі қарай толық дамытқан 18ғ. француз ойшылы Ш-Л. Монтескье болып табылады. Ол саяси биліктің бөлінуін мемлекеттегі биліктің бір қолда болмауымен және оның үш тармағына бөлінуімен түсіндірген: Заң, Атқарушы, Сот билігі.

1) Бұқаралық билікті жүзеге асыратын адамдардың ұйымы, ол үшін нормалық-құқықтық және ақпараттық-идеологиялық жағдайларды қалыптастырып отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясат тарихы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының мемлекет нысандарының жүйесі
Саясаттану ғылым және пән ретінде
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Саяси билік және саяси жүйе
Саясаттану пәнінен дәрістер кешені
Саяси ойдың даму кезеңдері
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Әкімшілік құқықтың пәнінен дәрістер
Саяси биліктің мәні мен негізгі міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz