Философия дәрістер
1.дәріс.
Философия, оның пәні мен қоғамдық өмірдегі ролі.
Философия құрылымы, салалары мен қызметтері.
Дүниеге көзқарас және оның тарихи типтері.
Ғылыми таным философиясы пәні.
2 дәріс.
Ежелгі дәуірлердегі философия, ғылыми танымның бастаулары. Антика дүниесіндегі философия және ғылым бастауларының пайда болуы.
Шығыстың әлемді философиялық тұрғыдан байыптаудағы және тәжірибелік қолданбалы білімдердегі жетістіктері
3 дәріс.
Батысеуропалық ортағасыр схоластикалық философияның ғылыми білімнің дамуына қосқан үлесі.
Орта ғасырдағы Мұсылман философиясы ғылыми танымның дамуындағы тарихи бастамалары.
4 дәріс.
Қайта өрлеу дәуірі. Еуропалық өркениет дамуындағы сілкініс және жаңа дәуірдегі философия мен ғылымның қалыптасуы.
5 дәріс.
Жаңа дәуір философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларының әлеуметтік.философиялық негіздері ретінде. Ф. Бэконның танымдағы объекті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасы. Р.Декарт шығармашылығындағы таным мәселесі. Күдіктену қағидасы. Спиноза мен Лейбництің таным туралы ілімдері.
6 дәріс.
ХVIII.XIX ғасырдағы Неміс философиясындағы таным теориясы. И.Канттың таным теориясы.Фихтенің ғылыми ілімі. Ойлау мен болмыстың теңдігінің гегелдік принципі.
7 дәріс.
XX ғасырдағы Батыс философиясындағы сциентистік үрдістер. Позитивизм және оның тарихи формалары. «Бірінші позитивизм», «Екінші позитивизм», «үшінші позитивизм», «постпозитивизм». Экзистенциализм және философияның қүндылықтық сипатына назар аудару. К.Ясперс, А. Камю, С. Кьеркегор.
8 . дәріс
Әлемнің физикалық бейнесінің онтологиялық беделі. Әлемнің физикалық бейнесінің эволюциясы. Қозғалыс, кеңістік және уақыт . материяның өмір сүру формалары. Даму және жалпы өзара байланыс принципі. Материя философиялық категория ретінде
9 . дәріс
Философиядағы сана мәселесі. Сана және ойлау. Сана және тіл. Сана және шығармашылық.
10.дәріс.
Таным философиялық талдау пәні
Таным процесінің диалектикасы
Ғылыми танымның әдістері
11 дәріс.
Ғылыми таным және оның құрылымы. Танымның тәжірибелік табиғаты. Қазіргі адамзаттың қажеттіліктер мен оны қанағаттандыру жолдарын іздеу . қазіргі ғылым дамуының негізі. Ғылыми таным құрылымына адамның барлық мәнді күштерінің кірістірілуі. Ғылыми танымның деңгейлері мен әдістері. Танымдағы ақиқат мәселесі. Адасу мен жалғандық. Ақиқат пен сенім.
12 дәріс.
Қоғам . ғылыми таным обьектісі.
Қоғамды түсіндірудің материалистік және идеалистік тұрғыларының мәні.
Қоғам табиғатын формациялық және өркениеттік талдау.
13 дәріс.
Философиялық ойлау тарихындағы адам бейнелері.
Адам болмысындағы биологиялық пен әлеуметтіктің арақатынасы.
Адам ғылыми және философиялық танымның обьектісі. Адам ұғымы. Адамның био.психоәлеуметтік мәні.
Адамның жаратылу мәселесі. Адам өмірінің мәні.
14.дәріс.
Ғылым әлеуметтік.мәдени феномен ретінде. Ғылыми ізденістегі рационалдылық пен иррационалдық. Нақты шындықтың ғылыми танымының әлеуметтік.экономикалық, адамшылық және эстетикалық негіздері.
15.дәріс.
Қазіргі заманғы жаһандық мәселерінің ғылыми таным философиясы. Жаһандық модельдеу. Жаһандану, глобализм және антиглобализм тарихтың қазіргі кездегі түйткілді мәселелері ретінде.

Философия - табиғат, қоғам мен адам санасының ең жалпы даму заңдары туралы ғылым және қоғамдық санасының бір түрі, көзқарастың теорияның негізі, философиялық пәндер жүйесі, адамның рухани дүниесінің қалыптасуына ықпал жасайтын ілім.
Дүниеге қөзқарас дегеніміз қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән мағынасы туралы қөзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүнинге көзқарас сезімнен, нанымнан, танымнан тұрады. Оның құрамына білім, сенімдер мен нанымдар, құндылықтар мен ережелер, эмоционалды - еріктік компоненттер кіреді.
Дүниеге қөзқарастың үш тарихи типтері бар: миф, дін және философия.
Миф - бұл адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы, дүние, табиғат және адам жайында біртұтас түсінік болып табылады, өйткені онда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, білім мен көркем бейне, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмайды.
Діни дүниеге көзқарастың негізгі ерекшелігі - тылсым күшке, яғни Құдайға деген сенім болып табылады.
Философия - дүниеге көзқарастың рационалды, теориялық деңгейі болып табылады.
Философия (б.з.б. 6-5 ғасырлар) Үндістанда, Қытайда, Грекияда пайда болды. Бұл терминды алғаш қолданған антик философы, математигі Пифагор еді. Ол оны "даналыққа құштарық" деп түсінді. Бұл сөздің тіркесіндегі "құштарлық" белгілі бір нәрсеге таңдануды, өзіңнен жоғары тұрған сезіміңмен мойындауды және басқа осындай әсерлі білдірумен қатар, "өзге" үшін "өзіңді ұмыту","өзіңнен бас тарту" сезімін де аңғартады. Аристотельдің пікірінше "философия таң қалудан" басталса, Декарттың ойы бойынша "философия күмәнданудан" басталады. Қалай дегенде екеуі де философияны адамды ойға, танымға жетелейтін даналық ретінде қарастырған. Осылай зерделеудің нәтижесінен мынадай түйін келіп шығады. Философия - адамның өзінің шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани форма. Сонымен философияны даналық түсінігімен байланыстырар болсақ, онда бұл соңғы ұғым "білімнің жоғары синтезі", белгілі бір нәрсе туралы "толық жетілген білім" деген мағынаны білдіреді. Демек, философия осындай білімге деген құштарлық, ал бұл даналықтың нысаны - менің өзімнен тыс табиғат және адамзат әлемі, сонымен қатар өзім және феномен ретінде білімнің өзі. Философияның бастапқы негіздері мифология, дін және алғашқы ғылымдарда (математика, физика, астрономия, медицина) жатыр.

1-дәріс.
Философия, оның пәні мен қоғамдық өмірдегі ролі.
Философия құрылымы, салалары мен қызметтері.
Дүниеге көзқарас және оның тарихи типтері.
Ғылыми таным философиясы пәні.
Философия - табиғат, қоғам мен адам санасының ең жалпы даму заңдары туралы ғылым және қоғамдық санасының бір түрі, көзқарастың теорияның негізі, философиялық пәндер жүйесі, адамның рухани дүниесінің қалыптасуына ықпал жасайтын ілім.
Дүниеге қөзқарас дегеніміз қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән мағынасы туралы қөзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүнинге көзқарас сезімнен, нанымнан, танымнан тұрады. Оның құрамына білім, сенімдер мен нанымдар, құндылықтар мен ережелер, эмоционалды - еріктік компоненттер кіреді.
Дүниеге қөзқарастың үш тарихи типтері бар: миф, дін және философия.
Миф - бұл адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы, дүние, табиғат және адам жайында біртұтас түсінік болып табылады, өйткені онда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, білім мен көркем бейне, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмайды.
Діни дүниеге көзқарастың негізгі ерекшелігі - тылсым күшке, яғни Құдайға деген сенім болып табылады.
Философия - дүниеге көзқарастың рационалды, теориялық деңгейі болып табылады.
Философия (б.з.б. 6-5 ғасырлар) Үндістанда, Қытайда, Грекияда пайда болды. Бұл терминды алғаш қолданған антик философы, математигі Пифагор еді. Ол оны "даналыққа құштарық" деп түсінді. Бұл сөздің тіркесіндегі "құштарлық" белгілі бір нәрсеге таңдануды, өзіңнен жоғары тұрған сезіміңмен мойындауды және басқа осындай әсерлі білдірумен қатар, "өзге" үшін "өзіңді ұмыту","өзіңнен бас тарту" сезімін де аңғартады. Аристотельдің пікірінше "философия таң қалудан" басталса, Декарттың ойы бойынша "философия күмәнданудан" басталады. Қалай дегенде екеуі де философияны адамды ойға, танымға жетелейтін даналық ретінде қарастырған. Осылай зерделеудің нәтижесінен мынадай түйін келіп шығады. Философия - адамның өзінің шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани форма. Сонымен философияны даналық түсінігімен байланыстырар болсақ, онда бұл соңғы ұғым "білімнің жоғары синтезі", белгілі бір нәрсе туралы "толық жетілген білім" деген мағынаны білдіреді. Демек, философия осындай білімге деген құштарлық, ал бұл даналықтың нысаны - менің өзімнен тыс табиғат және адамзат әлемі, сонымен қатар өзім және феномен ретінде білімнің өзі. Философияның бастапқы негіздері мифология, дін және алғашқы ғылымдарда (математика, физика, астрономия, медицина) жатыр. Оның ерекшеліктері:
Оның негізгі зерттеу нысаны - адам, оның әлемде алатын орны және оған деген қатынасы.
Ол, дүние құрылымының бастапқы негіздерін қарастырады. Дүние оның мәні, мазмұны қандай деген танымдық сұрақтарға жауап іздейді.
Философиялық өмірдің, жаңа фактілердің әсерімен өзгереді, ал оның таным әдістері ақыл - ой мен интуиция (мифте - сезім, қиял болса, дінде - сенім және сезім).
Философияның негізгі бөлімдері:
* онтология - болмыс туралы ілім;
* гнесеология - таным туралы ілім;
* философия тарихи - философиялық ой пікірлердің дамуы туралы ілім;
* әлеуметтік философия - қоғам өмірінің болмысы туралы ілім;
* этика - әдептілік мәселелерін зерттейтін ілім;
* эстетика - әсемдік пен сұлулық туралы ілім;
* антропология - адам мәселесін зерттейтін ілім;
* аксиология - құндылықтар табиғатын зерттейтін ілім;
* логика - адамның ойлау процесін зерттейтін ілім.
Философияның негізгі қызметтері:
1. Гуманистік - адамның өз өмірінің мәнін түсінуге, табиғат пен қоғамдаөз орнын табуға, имандылыққа, адамгершілік қатынастарға жетелейді.
2. Гносеологиялық - адамдардың білімдерін топтастыра, жинақтай отырып, тереңдете түседі де, арнайы ұғымдар, категориялар арқылы дүниеге толық, тұтас, жүйелік көзқарас қалыптастырады.
3. Аксиологиялық - адамды этикалық және моральдық, адамгершілік тұрғыдан дамытады, адам санасында белгілі бір құндылықтар бағдарларын қалыптастырып, құндылық ережелерімен идеалдарын табуға мүмкіндік береді.
4. Әлеуметтік - философия қоғам дамуын талдай отырып, қоғам дамуының жалпы және спецификалық заңдылықтарын ашады. Социумнің дамуын сараптай отырып, оның даму бағытын болжамдайды.
5. Тәрбиелеуші - мәдениетті материалды-рухани феномен ретіндеқарастырып, адамның өзінің жеке мәдениетін қалыптастырады.
6. Методологиялық - философия жалпы басқа ғылымдар үшін жалпы ғылыми және жеке методологиялық негіз болып табылады.
7. Дүниетанымдық - адамға қоршаған ортада бағдар жасауына, оны өзгертуіне көмек беретін ғылым. Дүниетаным ғылым жетістіктері негізінде қалыптасады, бірақ ол сонымен қатар қоғамның тарихи тәжірибесіне, оның мәдениетіне сүйенеді, әлеуметтік дамудың жеткен деңгейі мен өмір сүру тәртібін бейнелейді.
Тарихқа жүгінетін болсақ, онда философия мен арнайы ғылыми мен арнайы ғылыми білімнің арақатынасында үш кезеңді аңғаруға болады:
1) ежелгілердің алғашқы білімдерінің жиынтығы философия немесе табиғат философиясы деп аталды; бұл алғашқы білім ғылым бастамаларын да, философия бастамаларын да қамтыды.
2) білімдердің мамандануы, яғни жеке нақты ғылымдардың қалыптасып, біртұтас жиыннан бөлініпшыға бастауы, әсіресе XVI-XVIII ғасырларда жылдам жүрді.
3) Бірқатар ғылымдардың теориялық тарауларының қалыптасып, олардың біртіндеп интеграциялануы. XIX ғасырдан басталған үшінші кезең одан әрі жалғасуда. Соңғы кезеңде бұрынғы дерексіз философиялық формада ғана қарастырылып келген көптеген теориялық міндеттерді енді ғылым өз міндетіне алды. Философия қайта ғылыми білімдерді жалпылаудың негізінде шешуі тиіс екендігі барған сайын дәлелдене түсті. Ал бұл философияның ғылымилық сипатын арттыра түсті.
Философия пайда болған кезден-ақ дүниеге көзқарас ретінде қалыптасты, оның дамуы мына кезеңдермен сипатталады:
1. Шығыс философиясы - сыни көзқарас ретінде б.з.б. VIII-VI ғасырларда Үндістан, Қытайда қалыптасты. Дүниетанымда қоғам даму нәтижесінде прогрессивтік, атеистік, консервативтік, мистикалық бағыттар дүниеге келді.
2. Антикалық философия - мифология және жаңадан дамып келе жатқан ғылыми болжамдарға негізделген бағыт.
3. Орта ғасыр. Дінге байланысты болды, оны ақыл - оймен дәлелдеуге тырысты.
4. Қайта өрлеу дәуірі - XIY ғасырдың ортасы- XYII ғасырдың басы. Ғылыми түсініктер мен эстетикалық ой- пікірдің әсеріарқылы дамыды.
5. Жаңа дәуір философиясы - жаратылыстану ғылымына сүйеніп, адам тағдырын, оның ішкі дүнйесін зерттеуді алға қойды.
6. Философия барлық ғылымдардың әдістемесі ретіндегі рөлін сақтап қалды. Гегель философиясының негізінде, XIX-XX ғасырларда марксизмде философия пәні туралы төмендегі түсінік қалыптасты.
2 дәріс.
Ежелгі дәуірлердегі философия, ғылыми танымның бастаулары. Антика дүниесіндегі философия және ғылым бастауларының пайда болуы.
Шығыстың әлемді философиялық тұрғыдан байыптаудағы және тәжірибелік қолданбалы білімдердегі жетістіктері
Антика философиясы деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. Антик сөзінің латын тілінен аударғанда көне деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық шеңберіне келер болсақ, антик философиясы өзінің бастауын б.з.д. 7-6 ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С. Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик философиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б.з.д. 7-5 ғ.); классикалық грек философиясы (б.з.д. 4 ғ.); эллиндік-римдік философия (б.з.д. 3 ғ. - б.з. 5 ғ.). Ал Дж.Реале мен Д.Антисери антик философиясы дамуының төмендегідей жетілдірілген жүйесін ұсынады:
Б.з.д. 6 және 5 ғасырлар аралығын қамтитын физис және космос мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мұның өкілдері қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик-плюралистер және физик-эклектиктер жатады.
Адам болмысының мәнін айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистік кезең. Бұл кезеңнің басты өкілдері - софистер және Сократ.
Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдің үлкен синтезі кезеңі.
А. Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектептер мен пұтқа табынушылық заманы соңына дейін - кинизм, эпикурейзм, стоицизм, скептизизм, эклектицизм бағыттары кезеңі.
Антиктік пұтқа табынушылық дүниетаным ойының діни дәуірі - неоплатонизм және оның модификацияларының жандану кезеңі.
Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі.
Антик философиясында ерекше орынды софистер (Протагор, Горгий, т.б.) алады. Әдетте, оларды теориялық тұрғыда тұрлаусыз, ақиқатқа жету жолындағы шынайылықтың орнына жеке мүддені ойлаушылар деп және тағы да басқа күнәлармен айыптайды. Шындығында софистика б.з.д. 5 ғасырдың екінші жартысындағы Грекия өміріне объективті әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамудың алғышарттарымен келген феномен болып табылады. Софистер өз заманының талабын дұрыс ұғып, оған форма мен дауыс береді. Адам - бар нәрсенің өлшемі деген Протагор аксиомасындағы релятивизм мен прагматизм Горгий нигилизміне ұласқанымен қатар, сөз өзінің шынайылығынан гөрі нандыру мен сендірудің құралы дегенге саятын теориялық жаңалыққа да әкеледі. Сондықтан б.з.д. 5 ғасырдағы Грекияда риторика немесе сендіру өнері мемлекет қайраткерінің қолындағы нағыз штурвалға айналды.
Антикалық философияның қалыптасуы мен өзіндік сипаты.
Сократқа дейінгі философиялық кезең - Милет мектебі, Гераклит, Атомистік мектеп, Элей мектебі.
Софистер және Сократ ілімі.
Платонның объективті идеализмі.
Аристотел философиялық ілімі.
Эллинистік дәуір философиясы.
Гректердің антика философиясы б.э.б. VII-VI ғғ. пайда болды. Өзінің сипаты және мазмұнының бағыты, философиялық ойлау методтарының өзгешелігіне байланысты шығыс философиясынан өзгеше, тарихта алғаш рет қоршаған ортаны рационалды тануға тырысты. Антика философиясының дамуының 4 кезеңін атап көрсетуге болады:
1 кезең - Сократқа дейінгі кезең. Бұл кезеңнің орталық мәселесі космос, табиғат мәселесі болды.
2 кезең - классикалық кезең. Ол Сократ, Платон және Аристотель сияқты көрнекті философтардың шығармашылықтарымен сипатталады. Адам мәселесіне, оның мәніне және танымдық мүмкіндіктеріне негізгі көңіл бөлінді.
3 кезең - эллинистік кезең - бұл кезеңде көптеген философиялық бағыттар мен мектептер қалыптасты, олардың көпшілігі Плотон мен Аристотель философияларының ықпалымен пайда болған этикалық мектептер.
4 кезең - антикалық философияның дамуының соңы - бұл кезеңде грек демократиясы құлап, грек полистері Рим империясының қолына өткен кезі еді. Бұл кезде (І-ІІ ғғ.) христиандық философия басталды.
2. Милет мектебі - Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Антикалық Грецияның ең алғашқы философиялық мектебі. Бұл мектептерде алғаш рет барлығының бастауы не, дүниенің субъстанциясы мәселесі қарастырылды. Дүниенің негізі ретінде олар белгілі бір материалды принципті алды. Олар интуитивті түрде әлемді материалды деп түсінді. Алғашқы грек мектептері стихиялы материализм бағытын ұсынды. Бұл мектептің негізгі принципиалды ойлары ретінде мыналарды айтуға болады: дүниені түсініп білу үшін табиғаттан тыс күштердің жаратқандығына сенімнен тыс, оны өзінде ұғыну керек, яғни оның негізі материалдық бастамалардан іздеу керек. Милет мектебі өкілдері гилозоистер болды, яғни материаның жанды екендігін айтып, әрбір заттың жаны болғандықтан қорзғалады, бұл олардың қоршаған ортадағылардың барлығы үнемі қозғалыста, өзгерісте болады деген қарапайым диалектикалық ойларынан туындаған.
Элей мектебінің өкілдерді - Ксенофан, Парменид, Зенон. Элей мектебінің өкілдері рационализмнің негізін қалаушылар болды, олар шынайылықтың ұғымдық бейнеленуін қарастырды. Олар ең алғаш таным процесінің сезімдіктен рационалдыққа өту екендігін анықтады, бірақ танымның бұл деңгейлерін бір-бірінен мәнділігіне қарай бөліп, оларды қарама-қарсы қойды. Ақыл бұл - ақиқатқа бастайтын жол, яғни ол ғана ақиқат білімді береді, ал сезімдік таным пікірді ғана тудырады. Білімді пікірге қарсы қойылған, яғни күнделікті қарапайым пікірлерге қарсы қойылған.
Элей мектебінің көрнекті өкілдері Парменид пен Зенон болмыс туралы мәселені жан-жақты талдады. Дүниені екіге болді бірі - сезімдік заттар дүниесі, екіншісі - сезімнен тыс дүние. Болмысты ойлау арқылы білуге, түсінуге, сырын ашуға болады. парминид : болмыс бар, ал болмыс емес жоқ - деп, Ойлау мен болмыс бір деп тұжырымдады. Болмысты өзгермейтін, қозғалмайтын процесс деп қарады.
Зенон болмыстың өзермейтін, қозғалмайтындығын түсіндіру үшін апорийлерін пайдаланды. Ол үшін төрт дәлелге сүйенді. 1-ші - қозғалыс ешбір ақиқатқа ие бола алмайды, өйткені қозғалушы дене өзінің нысанасына жету үшін алдамен жарты жолға жету керек, ал оған жету үшін оың жартысына жектуі керек, сөйтіп қайталана береді. 2-ші - қозғалысты сезімдік арқылы анықтау оңай болғанымен, ой арқылы, кеңістік пен уақыт арақатысында анықтау өте қиын. Ахиллес пен тасбақа. 3-ші - ұшып келе жатқан жебе тыныштықта тұр қозғалыс пен тыныштық диалектикасын анықтау. 4-ші - қозғалыс барлық денеге тән бе? Осы мәселелері арқылы Зенон диалектиканы негіздеген.
Гераклит - оның ілімі бойынша барлығының түп негізі от; барлығы оттан пайда болады және оған қайта оралады. Оның шығармасы Табиғат туралы, бірақ бұл еңбектің кейбір бөліктері ғана жеткен. Гераклитті Қараңғы деп атаған, бұлай деп аталуы оның идеяларының күрделілігінен болса керек.
Гераклит атымен диалектикалық көзқарастардың дамуын байланыстырады. Оның ілімінің орталық принципі панта рей (барлығы ағады). Тіршілік ететінің бәрі бір күйден екінші күйге ауысады, бұл қарама-қайшылықтардың сәйкес келуінен болады. гераклит қарама-қайшылықтардың күресінің жалпылығы туралы айтты. Соғыс - барлығының әкесі, патшасы: ол біреулерді құдай, біреулерді адам, біреулерді құл, ал кейбіреулерді ерікті етті. Соғыс, күрес арқасында қарама-қайшылықтар бірігеді, олардың арасында гармония орнығады. Осылайша, пайда болу мен жойылу, өмір мен өлім, болмыс пен бейболмыс - өзара байланыста болып, шартты түрде бір-біріне өтеді.
Гераклит адам жаны туралы былай тұжырымдады: ылғал мен от сияқты қайшылықтардың бірлігінен тұрады. Жанның көп мөлшерін от алып жатса, ондай жан ғажап және ақылды. Ал жанды су баса, онда жанның өлетіндігінің белгісі. Құрғақ жан парасатты. Жанның өлуі - ылғалға айналу.
Пифагор мектебі - негізін қалаған Пифагор ( б.з.,б. 580-500 жж.) антика философиясындағы идеализмге жол ашты, сандарға мистикалық қасиеттерді таңды. Пифагоршылар сан - табиғатты бейнелеуде бірінші принцип, сан - материя және әлемнің формасы. Барлық заттар саннан пайда болды Филолай былай деген: Егер сандар болмаса ешнәрсе пайда болмас еді, санның құдіретін құдайлар мен перілердің әрекеттерінен, адамдардың ойы мен ісінен, қолөнер мен музыкадан байқау қиын емес пифагоршыларда сан - көзге көріненін тастар немесе нүктелер түрінде болды, олардың сыртқы бейнесі пішін түрінде көрінеді. Тақ және жұп сандардың түрлі сапалары болады: жұп сандар төмен дәрежеде, ал тақ сандао жоғары дәрежедегі қасиетке ие. пифагоршылар әлемнің пайда болу концепциясын былай түсіндірді: барлығының бастамасы - бірлік, бірліктен сан құралады., сандардан нүктелер, нүктелерден сызық, сызықтан жазық дене, садан кейін көлемді денелер пайда болады. содан соң төр түрлі материалды элементтердің бар екендігі тұжырымдалды: жер, от, ауа, су. Пифагор материалды элементтерді түрлі дұрыс көпбұрыштармен байланыстырып түсіндірді: жер - куб формасының бөлшектерімен, от - тетраэдрлер формасының бөлшектерімен, ауа - октаэдрлермен, су икосаэдрлермен.
Атомистік мектеп - Эмпедокл, Анаксагор, Демокрит, Левкипп, Анаксагор әмбебап қоспалар принципі - қандай болмасын заттың үкен немесе кіші қасиеті салыстырмалы. әлемнің бөлшектері мен біртұтастығы, олардың арасындағы байланыс ғарыштағы қозғалысты анықтайды. Оларды қозғалысқа келтіретін күш - ақыл (грек нус) бұл күш мақсаттан келіп шықпайды, механикалық себеп-салдар. Ақыл - қозғалыстың қайнар көзі, екіншіден - ғарышты ұйымдастырады.
Демокрит (б.зб. 460-370 жж.) заттар атомдардан тұрады, олар формасы, жағдайы, тәртібі арқылы ерекшеленеді, өзгермейтін сапалық жағынан біртекті. Қажеттілікті аса жоғары бағалап, кездейсоқтықты жоққа шығарды. Әлемде жаратылғанның бәрінің өз себебі бар, сондықтан ке-келген құбылыс қажетіліктен туындайды. Кездейсоқ, себепсіз оқиғалар адамдардың ойлап тапқандары, болып жатқанның шын мәнін түсінбегендіктен туындайды. Болып жатқанның шын мәнін ұғыну, анықтау танымның негізгі мақсаты.
3.Софисттер - б.з.б. V ғ. Көне Грецияда пайда болған ақылы ұстаздар, олар философия, риторика (шешендік өнер), и эристикға (пікір таластыру өнеріне) үйретті..
Софистер бір мектептің өкілдері болған жоқ, керісінше бір-бірімен бақталас болды, оларды тек кәсіптері ғана емес, философиялық тұжырымдамаларының пәні мен әдлдісі біріктірді. Олардың қарастырған негізгі сұрағы: дүние мен білімнің арақатысы мәселесі болды. Софистер оъективті ақиқат жоқ, ол орынға, уақытқа, адамның өзіне байланысты, яғни ақиқат - субъективті. Сонымен қатар әлем танылмайды. Олар алғашқа агностиктер болды. Ақиқаттың салыстырмалығы адамгершілік заңдарының да - салыстырмалы екендігін көрсетеді. Софистерді былай бөледі:
Аға буын софистер - Протагор, Горгий, Продик, Гиппий, Ксениад және кіші буын софистер - Алкидам, Фразимах, Критий және т.б..
Сократ (б.з.б.469-399 жж.) жасында мүсіншілікпен айналысқан, кейін философ, қоғам қайраткері. Сократ софистер бастап бірақ аяқтай алмай кеткен адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Таным мен философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Негізгі принципі Өзіңді өзің таны. Екінші қағидасы менің білетінім - менің ештеме білмейтінің, ал басқалар мұны да білмейді.
Сократ философиясның негізгі тақырыбы - этика. Адам жаны Мен танушымын деген бағыттағы және ол парасатты және адамгершілікті. Адамның мәні оның жанында, жан -тәнді құраушы. Сократ жандағы ұжданның маңызын ерекше көрсетті, ішкі дауыс ретінде даймонион деп атады және ол ақиқатқа жетудің негізі болып табылады.
Материалды дүниені тануға байланысты агностик болған, оны толығымен тануға болмайды, бірақ адам жанын тануға болады, бұл философияның пәні болып табылады. Слкрат философиясының негізгі мақсаты адам әрекетінің адамгершілік негіздерін ашатын философиялық әдісін табу.
Философия тарихында Сокракттың адамды тану және рухани дүниесін ашу үшін пайдаланған әдісі өте бағалы, ол маевтика деп аталады. Онымен ол ойлау процесіндегі индуктивті әдістің ашылуына жол ашты, анықтаушы ұғымдарды тудыруда ерекше құнды. Сократ қортынды жасау өнеріне үйретті, ол жалпы ұғымдарға дұрыс анықтама бере білуге көмектеседі. Ол әңгімелесу формасында өтілді, шәкірттері білетін ұғымдарының анықтамасын жасауға үйренді. Сонымен, Сократ оларды логикаға үйретті. Сократа ілімі ертедегі Грек жеріндегі этикалық мектептердің пайда болуына ықпал етті. Мысалы, олар: Гедондық мектеп Аристипп, Эпикур мектебі - Эпикур, Киникалық мектеп Антисфен, Стоиктер мектебі - Сенека, Марк Аврелий, Мегар мектебі, Платона академиясы - Платон
4. Сократтың дана шәкірті, ізбасары, оның философиялық ілімін жүйелеуші Платон (б.з.б. 427-347 ж.ж.) атақты және аса ауқатты жанұядан шыққан.Шығармашылық жолы үш кезеңнен тұрады. 1-ші кезеңі - Сократ шәкірті, оның идеясын насихатаушы. 2-ші кезең - Сократ ықпалынан бірте-бірте босанып шығып өз жүйесін негіздеуге ұмтылған кезеңі. 3-ші кезең - философиялық жүйесі толығымен анықталып, объективті идеализмі толығымен қаланды. Оның философиялық мұралары Сократа апологиясы, Заңдар трактатары, хаттары мен эпиграммларынан басқа, ол 34 еңбегін диалог формасында жазған: Софист, Парменид, Мемлекет және т.б.
3 дәріс.
Батысеуропалық ортағасыр схоластикалық философияның ғылыми білімнің дамуына қосқан үлесі.
Орта ғасырдағы Мұсылман философиясы ғылыми танымның дамуындағы тарихи бастамалары.
Орта ғасыр философиясы - адамзат дүниетанымының даму кезеңдерінің бірі. Орта ғасырдағы еуропалық философия деп Европада V-XV ғасырларда таралған философиялық бағытты атаймыз, онда жоғарғы жаратушы ретінде Құдайды, ал қоршаған орта оның туындысы деп қарастырылды. Осы кезеңде қоғамның рухани өмірінде үстемдік етуші дін болды. Ортағасырлық батысеуропалық философияның басты мәселелерінің негізі Құдай болмысының дәлелі, сенім мен ақылдың ара-қатынасы адам жанының мәңгілігі болды. Антикалық философияға қарағанда орта ғасырдағы ойлау стилі теологиялық болды, яғни әлемді жаратушы ғарыш емес, Құдай болды. Білімділіктің, зиялылықтың орталығы христиан дінінің шіркеуі болды. Шіркеу-мемлекет ішіндегі мемлекет, яғни көптеген мемлекеттік функцияларды атқарды
Ортағасырлық теологиялық философияның көрнекті өкілдері: Тертуллиан Карфагендік (160-220), Аврелий Августин (354-430), Боэций (480-524), Ұлы Альберт (1193-1280), Фома Аквинский (1225-1274), Ансельм Кснтерберийлік (1033-1109), Пьер Абеляр (1079-1142), Уильям Оккам (1285-1349), Николай Отрекурлык (ХІVғ.)
Орта ғасырдағы ғылым антикалық ғылымға қарағанда кейін бірнеше қадамға шегінді. Дегенмен, орта ғасырлық мәдениет негізінде білімнің кейбір өзіндік маңызы бар салалары астрология, алхимия, астрохимия, табиғи магия пайда болды. Олар қазіргі ғылымға негіз болып саналды. және механикалық турғыдан түсіндірудің алғашцы қадамдары жасалды. Бос кеңістік, шексіздік, түзу сызықпен қозғалу сияқты түсініктер пайда болды.
Дәл өлшеуге жағдайлар тууының де маңызы болды. Астрономияның дамуы да бүған себеп болды.
Математика мен физиканың арасында байланыс нығая түсті, жаңа уақыттың математикалық физикасы пайда болды және бұл ғылымның даму бастауында атақты астрономдар Коперник, Кеплер, Галилей түрды.
Орта ғасырлық жаратылыстанудың бір жетістігі дүниенің аяқталғанын шеңбермен білдіруден бас тарту болды. Бұл модель шексіздік сызығымен, яғни дүниенің шексіздігін білдіретін модельмен алмастырылды.
Сол кездегі ғылымның дамуына қалалықтарды қатал тәртіп жағдайына бағындыратын діни әдет-ғүрыптарды уақыт бойынша тәртіппен өткізу, орта ғасырлық мектеп мен университеттердің ашы-луы да әсерін тигізді. Тек қана антикалық ғылым мен кітапты ғана оқып-үйрену емес, логикалық ойлау да да жоғары бағаланды.
Дегенмен, орта ғасырлық дүниетаным ғылым мүмкіндігін шектеп, дамуын тежеді. Сондықтан, жаңа уақытқа дейін ғылымға көзқарасты өзгерту қажет болды, ол қайта өрлеу дәуірінде жүзеге аса бастады.
Жаңа ғылымның ірге тасын қалағандардың бірі Галилео Галилей болды. Ол математикалық және тәжірибелік жаратылыстанудың негізін салды.
Жалпы көпшілікке ортақ пікір бойынша, орта ғасырлық философияның өзі екіге бөлінеді:
1) патристика (2-8 ғғ.);
2) схоластика (9-15 ғғ.).
Патристика кезеңінің өзі үшке бөлінеді:
1) ерте патристика (2-3 ғғ.),
2) толысқан патристика (4-5 ғғ.),
3) соңғы патристика (5-8 ғғ).
Схоластика да шартты түрде екіге бөлінеді:
1) ерте схоластика (11-12 ғғ.)
2) толысқан немесе соңғы схоластика (13-14 ғғ.) (3-ке бөлінді) Бұл схоластика орта ғасырдан кейін де жаңа заманға дейін неосхоластика немесе екінші схоластика деп аталып жалғасын тапты:
1) контрреформация (15-16 ғғ);
2) католиктік реставрация (18-19 ғғ);
3) неотомизм (20 ғ).
Осы дәуірдегі философия ілім "схоластика" ("мектептік ілім") деген атқа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті: а) Балауса схоластика (IX - XII ғасырлар). Бұл кезеңде ғылым, философия, теология әлі бір-бірінен ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалийлерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің "заңдылығын" дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Пьер Абеляр, Августин Аврелий, т.б.; ә) Кемелденген схоластика (XIII ғасыр) Бұл кезеңде Аристотель еңбектері көпшілік арасына тарап, []философиялық теология ілімі]] қалыптасып, кең етек алды. Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, т.б.; б) Құлдырау кезеңі (XIV - XV ғасырлар). Шынайы ғылыми және философиялық ойлардың қарқынды дамуының нәтижесінде (әл-Фараби мен ибн Рушдтың "қосақиқаттылық" тұжырымдамалары негізінде), теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика қалыптасты. Негізгі өкілдері: Уильям Оккам, Жан Буридан, т.б. Схоластикалық пікірталас үстінде христиандық қағидаларға сәйкес келе бермейтін көптеген философиялық мәселелер көтеріліп, кейінгі кезеңдерде өз шешімдерін тапты. Аврелий (354 - 430ж) философ, католик шіркеуінің белгілі уағыздаушысы және саясаткері ретінде августиншілдік деп аталған христиан философиясындағы жаңа платоншылдық бағыттың негізін қалады. Негізгі еңбектері: "Тәубеге келу", "Құдай қаласы туралы", т.б. Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып оның іс-әрекеттері, қылықтары құдай еркімен белгіленіп қойған. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне деген сенімділігі (бұл сенімнің негізі - құдай) мен құдайға деген сүйіспеншілігінің танымдық күші жатыр. Августиншілдік теология-философиялық бағыт ретінде Батыс Еуропа елдерінде XII ғасырға дейін үстемдік етіп, кейін христиан аристотельшілігінің негізін қалаушылар Ұлы Альберт пен Аквинскийдің ілімдерімен ығыстырылды. Схоластик тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теологы-схоласты, философ Абеляр (1079 - 1142ж) болды. Негізгі еңбегі - "Бар мен жоқ". Абелярдың пікірінше, шынайы өмір сүретін жалқылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде жалпылар ұғымы қалыптасады. Бұл жалпылар (универсалийлер) шын өмір сүреді, себебі ол - құдай жаратқан заттардың үлгісі. Адамға ең керекті нәрсе оның іс-әрекеті емес, құдайға деген сенімі. Христиандық діни ілімді Аристотельдің философиясымен байланыстырған, шіркеудің алғашқы схоласт ұстазы Аквинский болды. Аквинскийдің пікірінше, дін құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім, сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтық қоғамнан жоғары тұрады. Аквинскийдің іліміне қарсы сын айтқан шотланд схоласты Дунс Скотт (1268 - 1308) құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік-жігеріне тәуелді, сондықтан құдайдың жігері абсолютті ерікті, ал оның қалағанын істегеннің өзі - игілік деп есептеді. Скоттың пікірі бойынша, құдай жігерінің арқасында әлемдегі жеке заттарды жаратқан. Ол тек жаратушы ғана емес, сонымен бірге сол заттардың рухани түпнегізі. Орта ғасыр философиясының көптеген идеяларымен келіспей, өзіндік пікір айтып, таным процесінде тәжірибенің беделін көтерген ойшылдардың бірі Роджер Бэкон (1214 - 94ж) болды. Ол философияны, табиғаттану ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымдар ғимаратының іргетасы - тәжірибе, эксперимент және математика деп есептеді. Номиналистік бағыттың көрнекті өкілі, схоластикалық ойлау тәсілінен арылып, трансценденталды болмыстың антологиясын қалыптастырған ағылшын ойшылы У.Оккам (1300 - 134950ж) болды. Оның пікірінше, филосилық ақиқат пен діни ақиқат екі түрлі құбылыс. Ғылым мен философия үшін ең маңызды нәрсе - интуиция (түйсік) мен білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Оккамның ілімі Коперниктің аспан механикасы туралы ілімінің қалыптасуына және ғылымда геометриялық тәсілдің үстемдік құруына ықпал етті.
Ортағасырлық мұсылман философиясы. Мұсылман әлемінің ойшылдары ежелгі грек ғылымы мен философиясымен қатар, философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, дамытқан. Ортағасырлық Батыс Еуропада христиан дінін идеологияландыру, философияны негіздеу процесі жүріп жатса, мұсылман әлемінде, әсіресе, VII - X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде алгебра, психология, астрономия, химия, география, медицина, т.б. ғылым салалары қарқынды дамыды. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясыныңқалыптасуына дүниетанымдық жағынан зор ықпалын тигізді. Батыс әлемі мұсылмандық Шығыс философиясы арқылы алғаш рет ххантикварлы мәдени мұрамен, сондай-ақ Шығыс мәдениетінің жетістіктерімен танысты. Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарында әл-Кинди мен әл-Фараби тұрды. Ортағасырлық дәуірде "арабтардың философы" атанған әл-Кинди (800 - 879ж) философ қана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі. Оның пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңістік пен уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыстың нәтижесінде өзгереді және ақыр соңында жойылады, ол - мәңгілік емес, оның соңы бар. Әл-Кинди жаңа платоншылдыққа жақын болса, әл-Фараби X ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болды. Әл-Фарабидің көптеген филосиялық идеялары батыс Еуропа философияның идеялары мен тұжырымдамаларының қалыптасуы мен дамуына, әсіресе Б.Спинозаның философиясы көзқарасына ықпалын тигізді. Орта ғасырлардағы философия мен ғылымның дамуына энциклопедист-ойшыл ибн Сина (980 - 1037ж)зор үлес қосты. Әл-Фарабидің кейбір идеяларын одан әрі жалғастырған ибн Сина надандыққа қарсы шығып, ақыл-ой үстемдігі үшінкүресті. Философия мен теологияның ара жігін ажыратып, олардың мәртебесі туралы идеяны ибн-Рушд қосақиқаттылық туралы теориясында одан әрі жалғастырды. Философия дамуындағы рационалистік бағытты шығыстың Закария әл-Рази, әл-Маари, Омар Хайям, ибн Абдаллах, ар-Раванди сынды танымал ғалымдары мен философтары дамытты. Ортағасырлық мұсылман ойшылдары сопылық дүниетаным негізінде тың тұжырымдар жасады. Нақты өмірдегі рухани бөлектену орын алатынын ескере отырып, сопылықтың данагөйлері рухани-адамгершілік тұрғыда толысудың жолын ұсынды (қ. Сопылық). Сопылық дүниетанымның көрнекті өкілдері: Қ.А. Иасауи, А.Иүгінеки (XI ғасыр), ибн Араби (1165 - 1240ж), әл-Хуруфи (1339 - 9394ж), Әнуар Қасими (XIV ғасыр), Мағриби (XV ғасыр), Рузбехан Богли (XVIII ғасыр), т.б. болды. Сопылық ілімнің өкілдері Құдай туралы ойды дамытып қана қоймай, рухани жетілген адам туралы, олардың өмірде әділетсіз мемлекетке, қоғамның азғындауына үнемі қарсы тұратыны туралы идеяларды насихаттайды.
4 дәріс.
Қайта өрлеу дәуірі. Еуропалық өркениет дамуындағы сілкініс және жаңа дәуірдегі философия мен ғылымның қалыптасуы. Адамға қарай бетбұрыс, оның жеке даралығы мен креативтілік бастауы - қайта өрлеу дәуіріндегі маңызды ерекшелік. Зайырлы зиялылардың шоғырының қалыптасуы. Н.Кузанский шығармашылығындағы ақиқат мәселесі. Коперник, Галилей,Бруно мен Кеплердің жаратылыстанушылық-ғылыми жетістіктері. Н.Макиавелли шығармашылығындағы қазіргі заманғы саясаттанудың негіздерінің қалыптасуы.
Қайта өрлеу философиясы XV ғасырда Италияның Флоренция қаласынан бастау алған. Қайта өрлеу дәуірінде грек философиясының, мәдениетінің, өнерінің, әдебиетінің жаңадан жаңғырып оралуын білдіреді. Философияда Қайта өрлеу кезеңін Ренессанс деп те айтады, өйткені Ренессанс - Қайта өркендеу , жандану, жандандыру, қайта даму, қайта туу дегенді білдіреді.
Мәдениеттің барлық саласында керемет жетістіктерге қол жеткізілді. Қолөнерден мануфактураға өтуге жол ашылып, ірі өнеркәсіп орындарының құрылуына негіз салынды. Ірі әлеуметтік экономикалық өзгерістер адамдардың ақыл-ойына, рухани өміріне де елеулі әсер етті. Қоғамның барлық әлеуметтік-мәдени өмірінде діннің, шіркеудің ықпалынан босану үрдісі жүріп жатты.
Қайта өрлеу дәуірінің негізгі сипаты, оның адамға бағытталуы болды. Ежелгі антикалық философтар дүние ортасына Космосты, орта ғасырларда Құдайды, ал Қайта өрлеу дәуірінде адамды қойды. Сондықтан Қайта өрлеу философиясының негізгі ерекшелігі - антропоцентризм. Қайта өрлеу философиясында адамның іс-әрекеті шығармашылық іс-әрекетке айналды. Адам өзінің күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, жаңа дүние, жаңа құндылықтар жасай бастады. Ең жоғарғы құндылық - адам өзін-өзі жасап, қалыптастырып, тұлға ретінде дамыды.
Гуманизм термині латынның humanitas - адам сүйгіштік, адамдық дегенді білдіреді. Гуманизмнің негізін қалаушы - ақын, философ Франческо Петрарка (1304-1374) . Өз шығармаларында католик шіркеуінің рухани қыспағынан құтылуға ұмтылуды, адамдардың бостандығы туралы идеяны қозғады. Әдебиет, өнер, ғылымның жаңа сатыда дамуы үшін негізді қалаушылардың ойына еліктеуден гөрі, антикалық мәдениеттің жоғары сатысына ұмтылуға шақырды.
Саяси философияның дамуына зор үлес қосқан Никколо Макиавелли (1469-1527) Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік-философиялық ойлау өкілі, орта ғасырдағы Құдайдың бәрін алдын ала болжау концепциясын фортуна идеясымен ауыстырды. Фортунамен бірге ол тарихтың қозғаушы күші ретінде Виртун - адамның жігерлігін, іскерлігін, талантын іске асыру түсінігін енгізді. Макиавелли Патша атты еңбегінде Мақсатқа жету үшін барлық құралдар жақсы , Мақсат құралды ақтайды деп жазған.
Табиғатқа деген қызығушылық және теңіз сауда-саттықтардың қарым-қатынастардың орын алуы - жағрафия, астрономия, математика ғылымдарының дамуына ықпал етті. Осы ықпалдың нәтижесі ретінде Птоломейдің геоцентристік теориясын жоққа шығарған. Геоцентризмнің көрнекті өкілдері Н.Коперник пен Г.Галилей.
Қайта өрлеу дәуіріндегі орталық философиялық мәселелердің бірі пантеистік ілім болды. Осы бағыттың өкілі католик шіркеуінің қайраткері, кардинал, Германия легаты, атақты философ - Н.Кузанский (1401-1464). Ол Білместік ғылымдары туралы, Шығу тегі туралы, Мүмкіндік болмысы туралы атты еңбектерін жазды.
Н.Кузанский ілімін әрі қарай жалғастырған италиялық ойшыл Джордано Бруно (1548-1600). Бруно: Табиғат деген ол заттардағы құдай, табиғаттың өзі Құдай не Құдай заттардың ішінде ,- дейді. Бруноның көзқарасын шіркеу идеологтары аса жек көрді. Ол 1592 жылы түрмеге жабылды. Инквизация одан өз көзқарасынан бас тартуды ұсынды. Оның көнбегендігінен, 1600 жылы Римде оны отқа өртеп жіберді. Оның негізгі еңбектері: Себептілік бастама және біртұтастық туралы, Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы.
Жаңа заманда кәсіпорындардың ашылуына, капиталистік буржуазиялық қатынастардың дамуына байланысты нақты ғылымдарға - математика, механика, физика ғылымдарына, ғылыми әдістер мен жаңалықтарға сұраныс жоғарылады.
Жаңа заман философиясының ерекшелігі рационализм мен ғылым болды.
Жаңа заманда эмперизмнің негізін салушы, схоластикаға қарсы шыққан Фрэнсис Бэкон (1561-1626). Ол Жаңа Заман материализмі мен тәжірибелік ғылымның негізін қалаушы, Білім-күш, күш-білімде деген қағиданы насихаттады. Оның еңбектері: Ғылымдар табысы, Жаңа Органон, Жаңа Атлантида.
Бэкон елестердің 4 түрін көрсетті: бірінші, Тектік елестер. Ол адам табиғатының өзінен, адам ақылы мен сезім мүшелерінің жетілмеуінен шығады. Екінші, Үңгір елестері. Ол адамның қоршаған дүниені субъективтік қажеттілік түрде қабылдаумен байланысты. Үшінші, Нарық елестері. Ол дұрыс емес не дәл емес сөздердің нәтижесінде, терминдерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда болатын кедергі. Төртінші, Театр елестері беделге, соның ішінде дәстүрлі философиялық жүйелерге сөзсіз сенуге негізделген.
5 дәріс.
Жаңа дәуір философиясындағы сенсуалистік және рационалистік таным теорияларының әлеуметтік-философиялық негіздері ретінде. Ф. Бэконның танымдағы объекті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасы. Р.Декарт шығармашылығындағы таным мәселесі. Күдіктену қағидасы. Спиноза мен Лейбництің таным туралы ілімдері.
Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Гидростатика, механика, геометрия, т.б. ғылымдар саласында қол жеткен жаңалықтар табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды. Философияда механикалық, метафизикалық көзқарастың қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл - ағылшын философиясының көрнекті өкілі, ғылыми зерттеудің- индуктивтік тәсілінің негізін қалаушы
Френсис Бэкон (1561-1626 жж.) еді. Бэконның ілімінше, адамның негізгі мақсаты табиғат күштерін игеру. Табиғаттың сырын, заңдылықтарын біоген адам оларды өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материяны қарастыру арқылы түсінуге болады. Материяның қасиеттері көп, солардың ішіндегі негізгісі - қозғалыс. Қозғалыс - материяның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілмен қабылдап білуге болатын денелер ғана, ал рух,жан, т.б. ғылыми тұрғыдан танып білуге болмайтын болғандықтан - нақты шындыққа жатпайды. Табиғатты танып-білу негізінде мәдени өмірді мақсаттылықпен өзгерту - адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп, табынушылық жалған эксперимент екенін түсінулері керек. Бэконның түсінігінше, зерттелетін заттардың қасиеттері еш уақытта өзгермейді және олар бір - бірімен байланыста болмайды.
Француз ғалымы және философы Рэне Декарт (1596-1650жж.) ақыл -ойды таным процесінде бірінші орынға қойып, тәжірибенің рөлін сол ақыл- ойдың мәліметтерімен тексеретін қарапайым практикаға дейін түсіреді. Декарттың философиясы өз бастамасын күмәндану қағидасынан алады. Ол дәстүрлі қалыптасқан пікірлерге де, сезімдік танымның ақиқаттығына да күмәнданады. Нағыз шындық - күмәндануды ойлаудың қабілеті деп мойындау. Оның Мен ойлаймын, олай болса, өмір сүремін деген қағидасы төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді: біріншіден,ол танымның негізін объективті шындықтан іздемейді, керісінше, таным процесінің өзінен табуға ұмтылады; екіншіден, бұл қағида оны мәнділіктен субстанциясы (түпнегізі) бар екенін мойындауға итермелейді.
Бенедикт Спиноза (1632-1677 жж.) - нидерланд философы. Жалпы алғанда, таным процесі үш сатыдан тұрады: біріншісі - сезімдік таным. Бұл сатыда біз шынайы білім ала алмаймыз, себебі түйсіктер арқылы алған ақпараттар көп жағдайларда көңіл күйге байланысты болады; екіншісі - рационалдық таным, басқаша айтқанда, ақыл - ой арқылы таным. Танымның бұл сатысында да біз ақиқатқа жете алмаймыз; үшіншісі - интуиция немесе заттар мен құбылыстардың мәнін іштей түсіну. Бұл сатыда заттардың мәнін түсініп білу арқылы, олардың түпнегізін (Құдайды) білуге мүмкіндік аламыз.
Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716 жж.) - немістің көрнекті физигі, математигі, тарихшысы және философы. Лейбництің таным процесі туралы іліміне келсек, ол сезімдік түйсіну мен рационалдық танымдардың өзара қатынасын екі түрлі ақиқаттың табиғатын айқындаудан шығарады. Бірінші түрі ақыл ой ақиқаты немесе кездейсоқтық ақиқаты деп аталады. Бірінші түрлі ақиқат деп отырғанымыз - логика мен математиканың қағидалары. Оларды сезімдік түйсіну арқылы танып-білуге, дұрыстығын дәлелдеуге болмайды. Сондықтан бұл ақиқатқа жетудің бірден бір жолы - Аристотельдің логикалық заңдарына сүйеніп танып-білу болып табылады.
6 дәріс.
ХVIII-XIX ғасырдағы Неміс философиясындағы таным теориясы. И.Канттың таным теориясы.Фихтенің ғылыми ілімі. Ойлау мен болмыстың теңдігінің гегелдік принципі.
Немістің трансцендентальді-сыни философиясы - 18 ғасырдың орта шені мен 19 ғасырдың басын қамтитын неміс пен батыс еуропалық аймаққа таралған: Кант, Фихте, Шеллинг, Гегель, Фейербах сынды ой алыптарының туындыларымен байланысты кезең. Энгельс бойынша марксизм идеологиясына сүйенілген тұғырнамада немістің классикалық философиясы деп аталған болатын. Немістің трансцедентальді-сыни философиясы -- батыс еуропалық мәдениет пен философияның даму тарихындағы әйгілі кезең бола отырып, айқын нәтижелер мен интеллектуалдық ізденістерде маңызды болып саналған. Бұл өзінің тегі жөнінен философиялық канон немесе канондық философиялық дәуір. Онда Платон идеяларынан бастап, 18 ғасырға дейінгі метафизиканың түйінделуі көрініс беріп, ол әрқашанда әлемдік философиялық ойдың классикалық ареалы түрінде бағаланды.
Кант (Kant) Иммануил (1724-1804 жж.) -- неміс философы және жаратылыстанушы. Оның шығармашылығын дәстүрлі түсінікте екіге бөліп қарастыру қолға алынған: сыншылдыққа дейінгі және сыншылдық кезең. Алғашқы кезеңде ойшыл күн жүйесінің жаратылуы мен дамуы, жер тарихы мәселелерімен айналысты. Оның нәтижесі: Жалпы жаратылыстану тарихы және аспан теориясы атты еңбегінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz