Студенттің психологиялық сипаттамасы



«Студент» термині латын сөзінен шыққан, орысшаға аударғанда іждағатты жұмыс жасайтын, әртүрлі іс-әрекеттермен шұғылданатын, яғни білім алуға ынталанған адам.

Студент белгілі жастағы адам және жеке тұлға ретінде үш жағынан сипатталуы мүмкін:

1) психологиялық жағы – психологиялық үдерістер, жағдайлар және қасиеттердің бірлігін көрсетеді. Психологиялық жағынан, ең бастысы, психикалық үдерістердің жүзеге асуына, психикалық жағдаяттардың пайда болуына, психикалық құрылымдардың көрінісіне тәуелді болатын – психикалық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, мінез-құлық, қабілеттер). Дегенмен, нақты студентті зерттеу кезінде, әр индивидтің ерекшеліктерін, олардың психикалық үдерістерін және жағдаяттарын ескеру керек;

2) әлеуметтік жағы – студенттің белгілі әлеуметтік топтан, ұлттан шығуынан туындайтын қоғамдық қатынастарын, қасиеттерін нақты көрсетеді;

3) биологиялық жағы – жоғарғы нерв іс-әрекетінің типі, анализаторлардың құрылысы, шартсыз рефлекстер, инстинктілер, физикалық күш, дене құрылысы, бет әлпеті, терісінің және көзінің түсі, бойы және тағы басқалармен көрінеді. Бұл жағы, негізінен, тұқым қуалаушылық және туа біткен дағдылармен алдын ала анықталған, бірақ, белгілі шекара аралығында тіршілік жағдайына байланысты өзгереді.

Бұл жақтарын зерттеу студенттердің қасиеттері мен мүмкіндіктерін, оның жасына байланысты және тұлғалық ерекшеліктерін көрсетеді. Сонымен, егер студентке белгіл жастағы адам деп қарасақ, оған қарапайым, құрама және сөз сигналдары, абсолютті және әртүрлі сезім анализаторлар оптимумы, күрделі психомоторлық құрылымдардың және басқа дағдылардың иірімділігі тән болады. Басқа жастағы адамдарға қарағанда, жасөспірімдік шағында оларда үлкен жылдамдықтағы оперативтік еске сақтау, және зейіннің тез басқаға ауысуы, вербалды-логикалық есептерді шығаруы және т.б. мүмкіндіктері басым болады.

Сонымен, студенттік жас барлық алдындағы биологиялық, психологиялық, әлеуметтік даму үдерістеріне негізделген ең жоғары, «шың» жетістітерге жетуімен сипатталады.

Егер студент жеке тұлға ретінде зерттелсе, онда 18-20 жас – адамгершілік және эстетикалық сезімдерінің ең көрнекті дамыған, мінез-құлықтың қалыптасу мен тұрақтану кезеңі, және, ең маңыздысы, ересек адамның әлеуметтік ролінің толық кешенін игеру: азаматтық, кәсіби-еңбектік және т.б. Бұл кезең «экономикалық белсенділіктің» басталуымен байланысты, демографтар оны адамның жеке өндірістік іс-әрекетке кірісу, еңбек биографиясының басталу және өзінің меншікті от басын құру кезеңі деп түсінеді. Бір жағынан, мотивацияның, барлық құндылық бағдар жүйесінің өзгеруі, келесі жағынан – мамандандырылуына байланысты арнайы қабілеттердің қарқынды қалыптасуы, бұл жасты мінез-құлық пен интеллектінің тұрақтануының орталық кезеңі сипатында бөліп көрсетеді. Ол спорт рекордтарының, көркем шығармашылықтың, техникалық және ғылыми жетістіктердің уақыты. Студенттік жас - интеллектуалдық және физикалық күштің дамуының көптеген оптимумдарына жететін кезең болып сипатталады. Бірақ, кейбір кезде осы мүмкіндіктер мен олардың нақты жүзеге асуының арасында «қайшылықтар» қатар жүреді.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Студенттің психологиялық сипаттамасы

Студент термині латын сөзінен шыққан, орысшаға аударғанда іждағатты жұмыс жасайтын, әртүрлі іс-әрекеттермен шұғылданатын, яғни білім алуға ынталанған адам.

Студент белгілі жастағы адам және жеке тұлға ретінде үш жағынан сипатталуы мүмкін:

1) психологиялық жағы - психологиялық үдерістер, жағдайлар және қасиеттердің бірлігін көрсетеді. Психологиялық жағынан, ең бастысы, психикалық үдерістердің жүзеге асуына, психикалық жағдаяттардың пайда болуына, психикалық құрылымдардың көрінісіне тәуелді болатын - психикалық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, мінез-құлық, қабілеттер). Дегенмен, нақты студентті зерттеу кезінде, әр индивидтің ерекшеліктерін, олардың психикалық үдерістерін және жағдаяттарын ескеру керек;

2) әлеуметтік жағы - студенттің белгілі әлеуметтік топтан, ұлттан шығуынан туындайтын қоғамдық қатынастарын, қасиеттерін нақты көрсетеді;

3) биологиялық жағы - жоғарғы нерв іс-әрекетінің типі, анализаторлардың құрылысы, шартсыз рефлекстер, инстинктілер, физикалық күш, дене құрылысы, бет әлпеті, терісінің және көзінің түсі, бойы және тағы басқалармен көрінеді. Бұл жағы, негізінен, тұқым қуалаушылық және туа біткен дағдылармен алдын ала анықталған, бірақ, белгілі шекара аралығында тіршілік жағдайына байланысты өзгереді.

Бұл жақтарын зерттеу студенттердің қасиеттері мен мүмкіндіктерін, оның жасына байланысты және тұлғалық ерекшеліктерін көрсетеді. Сонымен, егер студентке белгіл жастағы адам деп қарасақ, оған қарапайым, құрама және сөз сигналдары, абсолютті және әртүрлі сезім анализаторлар оптимумы, күрделі психомоторлық құрылымдардың және басқа дағдылардың иірімділігі тән болады. Басқа жастағы адамдарға қарағанда, жасөспірімдік шағында оларда үлкен жылдамдықтағы оперативтік еске сақтау, және зейіннің тез басқаға ауысуы, вербалды-логикалық есептерді шығаруы және т.б. мүмкіндіктері басым болады.

Сонымен, студенттік жас барлық алдындағы биологиялық, психологиялық, әлеуметтік даму үдерістеріне негізделген ең жоғары, шың жетістітерге жетуімен сипатталады.

Егер студент жеке тұлға ретінде зерттелсе, онда 18-20 жас - адамгершілік және эстетикалық сезімдерінің ең көрнекті дамыған, мінез-құлықтың қалыптасу мен тұрақтану кезеңі, және, ең маңыздысы, ересек адамның әлеуметтік ролінің толық кешенін игеру: азаматтық, кәсіби-еңбектік және т.б. Бұл кезең экономикалық белсенділіктің басталуымен байланысты, демографтар оны адамның жеке өндірістік іс-әрекетке кірісу, еңбек биографиясының басталу және өзінің меншікті от басын құру кезеңі деп түсінеді. Бір жағынан, мотивацияның, барлық құндылық бағдар жүйесінің өзгеруі, келесі жағынан - мамандандырылуына байланысты арнайы қабілеттердің қарқынды қалыптасуы, бұл жасты мінез-құлық пен интеллектінің тұрақтануының орталық кезеңі сипатында бөліп көрсетеді. Ол спорт рекордтарының, көркем шығармашылықтың, техникалық және ғылыми жетістіктердің уақыты. Студенттік жас - интеллектуалдық және физикалық күштің дамуының көптеген оптимумдарына жететін кезең болып сипатталады. Бірақ, кейбір кезде осы мүмкіндіктер мен олардың нақты жүзеге асуының арасында қайшылықтар қатар жүреді.

Сыртқы көріністің құлпыра түсуімен қатар жүретін үздіксіз жоғарылап келе жатқан шығармашылық мүмкіншіліктер, интеллектуалдық және физикалық күштің дамуы, олардың өздерінде күштің жоғарылауы мәңгілік жалғаса береді, барлық ең жақсы өмір әлі алда, ойдағанның бәріне жеңіл жетуге болады деген сағымды жасыруға әкеліп соқтырады.

Жоғары оқу орнында оқу уақыты жасөспірімдіктің екінші немесе ер жетудің бірінші кезеңімен сәйкес келеді, ол кез Б. Г. Ананьев, А.В. Дмитриев, И.С. Кон, В.Т. Лисовский, 3.Ф. Есарева және т.б. еңбектерінде талданып, көрсетілген жеке тұғалық белгілердің тұрақтануының күрделілігімен ерекшеленетін үдеріс.

Бұл жастағы адамгершіліктің дамуының өзіне тән сипаты - мінез-құлықтың саналы мотивтерінің күшейе түсуі. Жоғары сыныпта оқып жүрген кезде өздеріне жетіспеген - мақсатқа талпыну, батылдылық, табандылық, дербестілік, ынталану, өзін-өзі ұстай алу сияқты қасиеттер нығая бастайды. Моральдық проблемаларға мүдделері күшейе түседі (мақсаттар, өмір салты, қарыздар болу, махаббат, адалдық және т.б.) .

Сонымен қатар, жасқа байланысты психология мен физиология саласындағы мамандардың пайымдауларынша, 7-19 жастағы адамдардың өз мінез-құлқын саналы түрде реттеу қабілеті толық дамымаған. Лайықсыз мотивтер негізінде қауып-қатерге баруы, өздерінің жағымсыз қылықтарының салдарын болжай алмауы жиі кездеседі. Мысалы, В. Т. Лисовскийдің айтуынша, 19-20 жас - адал ниетті құрбандыққа және толық өздігінен беріле жұмыс орындауға дайын кезең, сонымен қатар, жағымсыз жағдайлардың да болуы мүмкін.

Жастық шақ - өзіне-өзі талдау жасайтын және өзін-өзі бағалай- тын кез. Өзін-өзі бағалау идеалды мен-ді реалды мен-мен салыстыру арқылы жүзеге асады. Бірақ, идеалды мен әлі тексерілмеген және кездейсоқ болуы мүмкін, ал реалды мен тұлғаның өзімен әлі жан-жақты бағаланбаған. Осы объективті қарама-қайшылық жастардың тұлғалық дамуында оның өзіне іштей сенімсіздік тудыруы мүмкін, кейде тысқы агрессиялық, жүгенсіздік және түсініксіз сезіммен қатар жүреді.

Жастық жас, Эриксон бойынша, ұқсастық дағдарысының айналасында құрылады, әлеуметтік және индивидуалды-тұлғалық таңдаулар, сәйкестендіру және өз тағдырын өзі шешу серияларынан тұрады. Жасөспірім осы міндеттерді шеше алмаса, жағымсыз ұқсастық қалыптасады, оның дамуы негізгі 4 жолмен жүруі мүмкін:

1) психологиялық интимдіктен алыстайды, жақын тұлғааралық қатынастан алшақтап жүреді;

2) уақыт сезімі шайылады, өмірлік жоспар құруға қабілетсіз, есеюден және өзгерістерден қорқады;

3) шығармашылық, продуктивті қабілеттердің шайылуы, өзінің ішкі ресурстарын пайдалануды білмеуі және қажетті іске өзін шоғылдандыра алмауы;

4) негативті ұқсастықты қалыптастыру, өз тағдырын өзі шешуден бас тарту және еліктеуге жағымсыз бейнелерді таңдап алуы.

Негізінен клиникалық деректерге сүйене отырып, Эриксон сипатталған құбылыстарды сан түрінде көрсетуге тырысқан жоқ. Канада психологы Джеймс Марша 1966 жылы сол ақтаңдақты толтырды, ұқсастықтың дамуын жастардың кәсібилік, діншілдік, саяси тағдырларын өзі шешу деңгейімен өлшенетін 4 кезеңге бөлді.

1) Анықталмаған, шайылған ұқсастық индивидтің әлі қандай болсын нақты сенімге келе алмағаны, мамандық таңдай алмағаны және ұқсастық дағдарысымен бетпе-бет келмегені;

2) Ұзақ мерзімді, уақытынан бұрынғы ұқсастық индивид сәйкес қатынастар жүйесіне кіріскенде болады, бірақ, оны бастан кешірген дағдарыстар мен қиыншылықтардың нәтижесінде өздігінен істеген жоқ, басқа жат адамдардың көзқарасының, өнегесінің, беделінің негізінде істеді;

3) Тоқтам салу кезеңі, индивид көптеген даму варианттарының арасынан өзіме қарасты деп санайтын біреуін ғана таңдай отырып, өз тағдырын өзі шешудің нормативтік дағдарыс үдерісінде жүруімен сипатталады;

4) Кемеліне жеткен ұқсастық дағдарыстың аяқталуымен, индивид өзін іздеуден өзін-өзі іс жүзінде көрсетуге ауысуымен анықталады.

Бес мың жоғарғы сынып оқушыларын (15-18 жас) зерттей келе, американдық психолог Морис Розенберг (1965) өзін-өзі сыйлауы төмен бозбалаларға мен бейнесінің және өзі туралы пікірінің жалпы тұрақсыздығы тән болатынын анықтады. Айналасындағы адамдарға жалған адам - МЕНі елестетеді деп көрсетіп, көбінесе олардан жабылуға бейімдірек келеді. Адамдарда өзім туралы жақсы пікір туғызу үшін, әртүрлі ролдерді ойнайтынымды байқап қаламын және Мен басқалардың алдында маска киюге бейімдімін сияқты пайымдау түрлерімен келісу - өзін-өзі сыйлау деңгейі жоғары жастарға қарағанда өзін-өзі сыйлауы төмен бозбалаларда 6 ретке жиі кездесті.

Өзін-өзі сыйлау деңгейі төмен жастар ерекше жәбірленгіш және өзін-өзі бағалауының жанды деріне тисе, сезімтал келеді. Сынды, күлкіні, ескертулерді басқалардан ауырлау көтереді. Оларды көбінесе айналасындағы адамдардың жаман пікірлері алаңдатады. Жұмысы дұрыс жүрмесе немесе өзінен бір кемістік тапса, оны өте ауырсынады.

Соның салдарынан олардың көбі ұялшақ, психикалық оқшаулануға, шындықтан арман әлеміне кетуге бейімірек, бірақ, ол еріксіз кету.

Тұлғаның өзін-өзі сыйлау деңгейі неғұрлым төмен болса, оның жалғыздықтан қайғыратынына күмән жоқ. Жоғары оқу орнына түсу фактісі жастардың өз күштеріне және қабілеттеріне сенімін, толыққанды және қызықты өмір сүруге үмітін арттырады. Сонымен қатар, ІІ және ІІІ курстарда жоғары оқу орнын, мамандықты, кәсіпті дұрыс таңдау туралы мәселелер туындауы мүмкін, ІІІ курстың соңында өзінің кәсібилік тағдырын анықтау мәселесі біржола шешіледі. Дегенмен, осы кезде, болашақта бұл мамандық бойынша жұмыс істеуден қашу шешімі де кездеседі. В.Т.Лисовскийдің зерттеу нәтижесінде келтірген деректерінде, тек іргелі жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің 64%-і ғана өздерінің негізгі бейімділіктеріне және мүдделеріне болашақ мамандықтары толық сәйкес келеді деп шешкен. Көбінесе, студенттердің көңіл-күйлерінде өзгерістер байқалады - оқудың бастапқы айларындағы шаттықтан оқу орнының жұмыс кестесін, оқыту жүйесін, жеке оқытушыларды бағалаудан дейін сенбестік туа бастайды. Адамның кәсіптік таңдауын кездейсоқ факторлардың анықтауы жиі кездеседі. Мұндай құбылыс, әсіресе, жоғары оқу орнын таңдағанда келеңсіз жағдай, себебі ондай қателер қоғамға да, жеке адамға да қымбатқа түседі. Сондықтан, жоғары оқу орнына түсетін жастармен кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізу өте маңызды.

Жоғары оқу орнында оқытатын мамандықты игеруге қажетті қабілетті анықтау үшін, алдын ала профессиграмма құру керек. Профессиграмма адам психикасына қоятын талаптарына сәйкес үш деңгейге бөлінеді: 1) абсолютті қажетті; 2) біршама қажеттігі; 3) тілекке сәйкес. Бұл профессиограмманы қолдану жақсы нәтиже береді.

Б.Г.Ананьевтің пайымдауынша, студенттік шақ адамның негізгі әлеуметтік потенциалы даму үшін сенситивті кезең болып табылады. Жоғары білім адамның психикасына, оның тұлғалық дамуына үлкен әсерін тигізеді. Жоғары оқу орнында оқыған кезде, барлық қолайлы жағдай жасалса, студенттерде психиканың барлық деңгейінің дамуы қарқынды жүреді. Ол адамның ақыл-ойының бағытын анықтайды, яғни тұлғаның кәсіби бағыттылығын сипаттайтын ойлау жүйесін қалыптастырады.

Жоғары оқу орнында табысты оқу үшін жалпы интеллектуалды дамудың жоғары деңгейі, жеке алғанда, қабылдау, елестету, есте сақтау, ойлау, зейін, эрудициялық мүмкіншілігі, танымалдық мүдделердің кеңдігі, логикалық операцияларды белгілі шеңберде игеру деңгейі және т.б. болуы керек. Бұл деңгей біраз төмендеген жағдайда көтеріңкі мотивация немесе жұмыс қабілеті, оқу үдерісінде табандылық, ұқыптылық, мұқияттылық арқылы оның орнын толтыруға болады. Бірақ, мұндай төмендеудің шегі бар, ол кезде компенсаторлық механизм көмектесе алмайды, студентті оқудан шығарып жіберуі мүмкін. Әртүрлі жоғары оқу орнындарында бұл деңгейлер өзгеше болады, дегенмен жалпы алғанда, беделді және беделі төмен мамандықтарды салыстырғанның өзінде олар бір-біріне жақын тұрады. Жоғары оқу орындарында гуманитарлық мамандықтарды табысты игеру үшін, адамда айқын вербалды типтегі интеллект, орташа есеппен, вербалды емес типтен 16 шартты өлшем артық болуы керек. Гуманитарлық мамандар танымдық мүдделердің кеңдігімен, эрудициялығымен, тілді толық меңгеруімен, бай сөз қорымен болуы, оны дұрыс қолдана білуі, нақты және абстракті түсініктердің арақатынасын дәл белгілеу және тұтас алғанда жоғары дамыған абстракті ойлаумен сипатталады. Гуманитарлық профильдегі мамандар, бейнелеп айтқанда, сөз әлемінде өмір сүреді, ал техникалық және жаратылыстану профиліндегі мамандар заттың пәндік және нақты әлеміне жиі жүгінеді. Жаратылыстану факультетіне түсетін жастарда, ең алдымен, жоғары дамыған логикалық және абстрактілі ойлау, өздерінің ойлау үдерістерін ерікті басқару қабілеті болуы, яғни өзін қызықтырған объектіде зейінін тез және айқын шоғырландырып, одан басқалардың бәрінен көңілін аудара алуы керек. Соңғысы тек зейінін шоғырландырудың жоғарғы деңгейінде ғана мүмкін болады. Оларда пайымдаудың қаталдығы мен логикалығы мінсіз болуы қажетті. Жаратылыстану мамандықтарын игеруге қажетті ақыл-ой сапасы жоғары оқу орындарына түсу кезінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дипломалды практика бағдарламасы
Өндірістік практика бағдарламасы
Студенттік топтың сипаттамасы және оны зерттеудің психологиялық әдістері
ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Оқытушылар мен студенттер арасындағы тұлға аралық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктерін айқындау
ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері
Дене шынықтыру және спорт мамандары кәсіби қызметіндегі дене мәдениетінің рөлі
Педагогикалық-психологиялық диагностикалау - тұлғаны зерттеудің негізі
Студент жастардың әлеуметтену үрдісін психологиялық зерттеу
Пәндер