Тілдің құрылымы


Кіріспе3
1. Тілдің құрылымы мен жүйесі4
2. Тіл білімін зерттеген ғалымдар5
Қорытынды7
Пайдаланған әдебиеттер8
КіріспеҚазақ тілі білімі - қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы. Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде: а) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең, ә) ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең 19 ғасырдың 2-жартысынан басталады. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысы туралы алғашқы мәліметтер Н. И. Ильминскийдің “Материалы к изучению киргиз-казахского наречия” деген еңбегінде ұшырасады. Бұл - қазақ тілінің кейбір ерекшеліктерімен таныстыруға арналған тұңғыш еңбек. Кейін М. А. Терентьевтің “Грамматика турецкая‚ персидская‚ киргизская и узбекская” (1875), П. М. Мелиоранскийдің “Краткая грамматика казах-киргизского языка” (1894‚ 1897) ‚ В. В. Катаринскийдің “Грамматика киргизского языка” (1897) ‚ т. б. еңбектер жарық көрді. Қазақ тілін таныстыру мақсатын көздегендіктен бұл еңбектерде белгілі бір категориялардың сырын ашу, оның ерекшеліктерін анықтау жағы қарастырылмаған. Олар негізінен қазақ тілінің заңдылықтарын, ерекшеліктерін орыс тілімен салыстырып, сол тілдің негізінде түсіндіруге тырысты. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ тілінің лексикогр. жұмыстары қауырт қолға алынып‚ дами бастады. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде 40-қа жуық сөздік жарық көрді (А. Е. Алекторов, “Краткий казахско-русский словарь”‚ 1891; “Начальное руководство к изучению арабского‚ персидского и татарского языков с наречиями бухарцев‚ башкир‚ киргизов и жителей Туркестана”‚ 1869; Т. Бокин “Русско-киргизский словарь”‚ 1913; Н. И. Ильминский “Материалы к изучению киргиз-казахского наречия”‚ 1861, т. б. ) . Орыстардың Ресей империясына қараған халықпен қарым-қатынас жасауына көмектесу мақсатын көздеген бұл сөздіктер қазақтың сөздік құрамын хатқа түсіріп‚ жаңа‚ көне сөздердің мағынасын ашып көрсетті. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңнің өзі а) қуғын-сүргінге дейінгі кезең (1912 - 29) ; ә) қуғын-сүргіннен кейінгі кезең (1930 - 88) болып екіге бөлінеді. Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, дамуы Ахмет Байтұрсынұлының есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған “Тіл - құрал” атты еңбектерінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады.
1. Тілдің құрылымы мен жүйесіТіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, шартты таңба. Олардың ұксастықтары мен айырмашылықтары. Тілдік таңбаның екі негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу. Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем. Тілдік таңбаның белгілері:
I) еріктілік, 2) шартгылық. .
Еріктілік, шарттылық дегеніміз - таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе үғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы. Сондықтан бір зат әр түрлі тілдерде әр түрлі аталады. Тілдің таңбалық теориялары. Семиотика - хабарды сақтап басқаға жеткізе алатын әр түрлі танбалық жүйелердің кұрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.
Құрылым дегеніміз-бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы. Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема -тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема - ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік. Сөз - болмыс кұбылыстарын, заттарын, олардың қасиеттерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем - тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.
Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі. Жүйе дегенді өзін тән айырықша құрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деуге болады. Тіл құрылымының жеке салаларының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынасында, өзара байланысында тілдің жалпы жүйесін құрайды. Тілдің жүйелік сипаты тіл білімінің барлық саласында көрінеді. Мысалы дауысты дыбыстар жүйесі, дауыссыз дыбыстар жүйесі.
Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын және оның өзгеруін зерттейді. Бұл екеуі бір нәрсе емес. Синхрония - тіл дамуындағы өзгеріссіз кезең, диохрония-тіл жүйесіннің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің қыры. Синхрония мен диохрония бір-біріне қарама-карсы қойылып қарастырылады. Тіл, тілдік құрылым уақыт озған сайын дамып, жетіліп отырады. Сондықтан да, оны зерттегенде оған тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарау жеткіліксіз. Бұған қоса тілге оның шығу тегі, дамуы тұрғысынан да қарай қажет. Демек, тілді зерттеуде ғалымдардың, біріншіден оны кұрастырушы элементтердің байланысы тұрғысынан, екішіден, олардың шығуы, тарихи дамуы, өзгеруі тұрғысынан қарастырған жөн.
Фонетика - тіл дыбыстарының ерекшеліктері мен зандылықтары, процестер, сәйкестіктер туралы ілім. Қазіргі фонетика дыбыстың төрт қырын жеке қарастырады, олар: Қызметтік, артикуляциялық акустикалық, перцептивті қырлары. Фонетика анатомия, физика, психология, физиология пәндерімен байланысты болады. Қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарын А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, Ғ. Мұсабаев, Ж. Аралбаева, Ә. Жүнісбеков, С. Мырзабеков және т. б. зерттеді. Фонеманы зерттейтін ілім - фонология деп аталады. Фонема - тілдегі дыбыстық қатарды қүрайтын бірлік. фонеманың қазіргі түсінігін және фонология теориясын Бодуэн де Куртенэ XIX г. 70-80 жылдары жасаған.
Қазақ тілінің фонетист ғалымы Ә. Жүнісбеков фонема ұғымының түркі тілдерінің табиғатына аса үйлесімді еместігін айтып, түркі тілдері үшін «сингармема» деген атаудың лайықтығын дәлелдейді. Бұл түркі тілдеріндегі сингорманизм заңдылығымен үйлес. Сингорманизм зандылыгын С. Мырзабеков көп зерттеді. Фонетикалық процестер: ассимиляция, диссимиляция, диереза, редукция, элизия және т. б. фонетикалық кұбылыстар: просодиялық фонетикалық құбылыстар, анлауттағы фонетикалық кұбылыстар. инлауттағы фонетикалық құбылыстар, ауслауттағы фонетикалық құбылыстар.
2. Тіл білімін зерттеген ғалымдар
1954 жылдан бастап осы күнге дейін, жарты ғасырдан астам уақыт ғалым қазақ тіл білімінің қара шаңырағы саналатын ғылым ордасында - қазіргі А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында еңбек етіп келеді. Аспи¬рантураны бітіріп, арнаулы ғылыми даярлықпен келген жас маман өзінің еңбек жолын ұйғыр-дүнген мәдениеті секторының кіші ғылыми қызметкері ретінде бастап, инс¬титут директорына дейінгі жолды жүріп өтті. Осы қызметті 1995 жылға дейін үлкен абы¬роймен атқарды. Ғылым кандидаты, ғылым док¬торы, профессор, академик болды. Сөйтіп, ғылымның ауыр жолында оның барлық лауазым, атақ, дәреже баспалдақтарынан өтті. Белгілі бір мамандықтың барлық сатыларынан өткен адамның ғана өз саласының хас шеберіне айналатыны белгілі жайт. Академик Ә. Қай¬дардың ғылымдағы өмір жолы осының айқын дәлелі бола алады.
Академик Ә. Қайдар - ғұлама ғалым. Ол қазақ тіл білімінің, түркітану мен алтаисти¬ка¬ның алуан түрлі салалары бойынша әлемдік дең¬гейдегі құнды зерттеулер жазды. Түркі тіл¬де¬ріндегі түбір теориясы, қазақ тілінің лек¬сикасы мен лексикологиясы, лексикографиясы, қазақ тіліндегі еліктеуіштер табиғаты, қазақ қос сөздерінің семантикалық құрылымы, қазақ терминологиясының өзекті мәселелері, қазақ тілінің грамматикалық құрылымы мен лексика-фразеологиялық жүйесі, қазақ ономастика¬сы¬ның жай-күйі мен болашағы, этимологиялық зерттеулердің әдіс-тәсілдері мен басты ұста¬ным¬дары, қазақ этнолингвистикасының ғылы¬ми-теориялық және танымдық негіздері ғалым еңбектерінде егжей-тегжейлі сөз болады.
Академик Ә. Қайдар “Түркі этимологиясы: өзекті мәселелер мен міндеттер” атты еңбегінде этимологиялық реконструкцияны зерттеудің барлық жағдайына арналған универсалды ғылыми-теориялық талдау әдістері мен кри¬терийлердің болмайтындығын ескерте келіп, этимологияның фонетикалық, морфологиялық критерийлерімен қатар, семантикалық кри¬терийлерді де белгілейді: 1) лексикалық бір¬лік¬тің бастапқы және кейінгі мағыналарының қайсысының негізгі, түпкі мағына екенін тап басып тану; 2) сөз мағынасында жалпыдан жекеге, бүтіннен бөлшекке немесе керісінше да¬муының болатынын ескеру; 3) сөз тұлғасы¬ның дыбыстық өзгеріске түсуі кезінде оның мағынасының өзгеретінін немесе сараланаты¬нын естен шығармау; 4) гомогенді және гете¬рогенді омонимдерді шатастырмау; 5) сөз мағы¬насының өзгеруінде тілдік қана емес, бейтілдік факторлардың болатынын бағамдау; 6) кейбір сөздердің мағынасын салыстыруда олардың тарихи түбірлес екенін (сағақ, сақал, сағанақ, сағалдырық, саға, сағана, сағалау) ұмытпау қажеттігін айтады. Ә. Қайдар қазақ тіл біліміндегі этимологияға арналған еңбектерді көне сөздердің, топоним, этноним, диалектілік, басқа тілден енген лексикалардың, түбір, бі¬ріккен сөздердің, қос сөздердің этимологиясын зерттеуге арналған жұмыстар ретінде бағалайды. Бұл дегеніңіз, тілдік бірліктердің қазақ этимологиясында жеке-дара, дербес қарастырылып жатқанының көрінісі. Осы кемшілікті жою үшін ғалым төрт түрлі міндетті алға қояды: 1) қазақ тілі материалдары негізінде этимологиялық реконструкция жасаудың әдістемесі мен ұстанымдық мәселелерінің ғылыми-теориялық негіздемесін жасау; қазақ тіліндегі базалық лексиканың қыпшақтық немесе түркілік қалыпқа қатысын неғұрлым тереңірек талдау; 2) жалпы және жеке түркі тілдеріне тән түбірлер мен негіздерді айқындауға бағышталған салыстырмалы-тарихи зерттеулер жүргізу; 3) этимологиялық сөздіктерді құрастыруда “Қазақ тіліндегі этимологиялық зерттеулер тәжірибесі” тәрізді ғылыми негіздемелік еңбек жазу; 4) түркі тілдеріндегі этимологиясы айқын¬далған лексика мен грам¬матикалық фор¬ма¬лардың толық тізбесін жасап, этимология мә¬се¬лелеріне арналған ең¬бектердің толық биб¬лио¬графиясын құрас¬ты¬ру. Еңбекте сөз болған мәселелер, қойылған міндеттер күні бүгін де өз өзектілігін жойған жоқ. Әбекеңнің түркі¬тануға қатысты қандай еңбегі болмасын, дәл осындай маңызды ой-тұжырымдардың мол¬ды¬ғымен, болашаққа бағдарланған шешім¬дер¬дің көп кездесуімен ерекшеленеді.
Ұйғыр тіл білімінің мәселелеріне арналған алғашқы еңбектерінің бірінде қос сөздердің табиғаты зерделенсе, кейінгі еңбектерінде ұйғыр тілінің грамматикасы (синтаксис), лек¬сикасы, қазіргі ұйғыр әдеби тілінің мәселелері сөз болды. Ғалым 1962 жылы жарыққа шыққан “Қазіргі қазақ тілі” оқулығы авторларының бірі, 1966 жылы басылған “Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі” еңбегінің негізгі авторларының бірі болды. Бұлардан соң “Структура односложных корней и основ в казахском языке” (1986), “Сырға толы түр мен түс” (1986) еңбектері жарияланды. М. Оразов¬пен бірігіп “Түркітануға кіріспе
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz