Тіл білімі немесе лингвистика


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе3

1. Тіл құрылымы және жүйесі4

2. Тіл дыбыстары5

3. Тіл дыбыстары және оны зерттеген ғалымдар6

Қорытынды8

Пайдаланылған әдебиеттер9

Кіріспе

Тіл білімі немесе лингвистика (грек linqua-тіл) - әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және олардың жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады. Тілдің дыбыстық жүйесі - тіл білімінің фонетика саласында, сөздік құрамы - лексикология саласында, грамматикалық құрылысы - грамматика саласында қарастырылады. Осы аталған салалардан басқа тіл білімінде лексикография, стилистика, фразеология сияқты салалар бар. Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, тіл білімі олардың әр түрлі қырларын, салаларын, дамуын, өзара байланысын, тілдің дамуының ішкі заңдылықтарын зерттейді. Тіл белгілі бір жүйе жиынтығын құрайтыны сөзсіз. Тіл жүйесі туралы ілім неміс ғалымы В. фон Гумбольдтың есімімен тығыз байланысты. В. фон Гумбольдтың бұл идеясын әрі қарай дамытушы швейцар ғалымы Фердинанд де Соссюр болды. Фердинанд де Соссюр тілдің жүйелілігі туралы: «Тілдің барлық элементі - біртұтас болып келетін жүйе, ал жеке элементтердің мағынасы басқа элементтері болғандығы үшін ғана байқалады» - деп қорытынды жасайды. Тілдің жүйелік қасиеті оны меңгере білуге және қатынас құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Тілдің жүйелік сипаты оның барлық салаларынан көрінеді. Мысалы, қазақ тілі фонетикасында дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке, еріндік және езулік, ашық және қысаң болып бөлінуі тілде белгілі бір жүйе бар екенін көрсетеді. Осы сияқты мысалдарды тіл білімінің лексикалық, грамматикалық, синтаксистік салаларынан да келтіруге болады. Тілдің жүйелік қасиеті тілді меңгере білуге, оны қатынас құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Тілді жүйелі түрде қарастыру қазіргі лингвистикада жеке бағыт алды. Осының негізінде тіл білімінде жаңа лингвистикалық бағыттар мен концепциялар, әдіс-тәсілдер пайда болды

Тілдің әр түрлі қабаттары (деңгейлері) және олардың элементтері өзара бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мысалға, терезе деген сөзді алалық. Ол т, е, р, е, з, е деген дыбыстардың тіркесінен жасалған, бұл оның фонетикалық жағы; аталған сөз - зат есім, атау септігінде тұр, жекеше, бұл оның грамматикалық мағынасы; ол сөздің "үйге жарық түсіретін әйнегі бар жақтау" деген мағынасы тағы бар; бұл оның лексика-семантикалық жағы. Демек, әрбір сөзде тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жақтары (аспектілері) ұштасып келеді. Септік категориясы - негізінен алғаңда, морфологиялык категория. Дегенмен, оның синтаксистік жағын мойындамау дұрыс болмаған болар еді. Септіктер сөздерді бір-бірімен байланыстырып, қызмет атқарады.

1. Тіл құрылымы және жүйесі

Тіл - белгілі бір құрылымы, жүйесі және қызметі бар, біртұтас құбылыс. Яғни тілге құрылымдық (структура), жүйелілік (система) және қызмет (функция) деген үш түрлі сипат тән. Бұлардың өзіне тән, нақтылы мазмұны болады. Тілдің қызметі туралы жоғарыда айттық. Енді құрылым мен жүйе дегендерге келелік. Құрылым деп, әдетте, бүтін нәрсенің элементтерінің, қатынастардың тінін немесе сұлбасын айтады.

Ол бүтіннің бір тектес немесе әр тектес элементтерінің ара бірлігінен тұрады. Элементтер яғни тілдік бірліктер : і) дыбыс (фонема), 2) морфема, 3) сөз, 4) сөз тіркесі,

5) сөйлем, 6) мәтін. мДыбыстар (фонемалар) - есту мүшелері арқылы кабылданатын, бір морфеманы екінші морфемадан, бір сөзді екінші сөзден ажырататын ең кіші тілдік элемент. Мысалы, п, с, т, д, м, н дыбыстары пән, сән, тән, дән, мән, нән деген сөздерді бір-бірінен ажыратып тұр. Морфема - дыбыстар мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік элемент. Морфеманың түбір морфема (бүл+ін, красн+ый), аффикстік морфема (жылқы+шы, бала+лық; ағаш+тың бүтағ+ғы) деген түрлері бар. Бұлардың, яғни жұрнактар мен жалғаулардың әрқайсысының білдіретін мағыналары болады. Мысалы, сөз тудырушы мағына, сөз түрлендіруші мағына (яғни сөздердің байланысын, бір-біріне қатынасын білдіретін мағына) т. б. Морфема бір ғана фонемадан да құралуы мүмкін. Мысалы: бар+са+м, бар+са+ң, бар+а+ды. мСөздер заттар мен құбылыстарды, сапа мен белгіні, іс-әрекет пен қимылды атайды, солардың атаулары ретінде қызмет атқарады. Сөздің бұл қызметін - номинативті (атау болу) қызмет деп атайды.

Сөйлем ойды, байымдауды білдіреді, бір нәрсені хабарлау қызметін атқарады. Сөз номинативтік қызмет атқарса, сөйлем коммуникативтік (пікір алысу, сөйлесу) қызметін атқарады. Тіл өзінің қатынас құралы болу қызметін сөйлемдер арқылы іске асырады.

Кез келген тілдің жалпы құрылымы мен жүйесі болады. Сонымен бірге оның әрбір қабатының (деңгейінің - уровень), мысалы, фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік қабаттарының әрқайсысының жеке өз кұрылымы, өз жүйесі болады. Әр құрылым мен жүйенің, мәселен, фонетика жүйесінің барлық элементтері (дыбыстары) сол жүйенің мүшелері ретінде қызмет етеді. Олай болса, жүйе дегеніміз не?

Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердін бірлігі. Ол заттық негіз (материя, субстанция), құрылым және қызмет деген үш ұғымның ұштасып келуінен, олардың бірлігінен және өзара қатынасынан құралады. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни жүйе - рет-ретімен ұйымдаса орналасқан біртұтас кұбылыс (бірлік) . Жүйе материя мен құрылымның бірігуі, қосылуы түрінде өмір сүреді және белгілі бір қызмет атқарады. Сондай ақ, жүйе дегенді - өзіне тән айрықша кұрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деп те айтуға болады. Тіл құрылымының жеке қабаттарының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынаста, өзара байланыста тұрып тілдің жалпы жүйесін құрайды.

2. Тіл дыбыстары

Фонетика - (грек. phônçtіkуs - дыбыстық, дауыстық) - тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да - дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.
Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады. [1] [2]

Дыбысты зерттейтін бейтілдік ғылыми пәндермен салыстырғанда фонетика дыбыстық құбылыстарды тілдік қарым-қатынас үшін қажетті сөздер мен сөйлемдердің материалдық тұрпатын жасаушы тілдік жүйенің элементі ретінде қарастырады. Тілдің дыбыстық жағы мұндай қызметтен ажырап қалса, түсініксіз болады. Тіпті сөз ағымындағы жекелеген дыбыстардың өзі тілдің мазмұндық бірліктерімен байланыста, яғни фонеманың өкілі (варианты, аллофоны) ретінде ажыратылады. Мысалы, майсөк сөзі мәйсөк түрінде берілгенмен, алғашқы буындағы фонема а болады,
себебі қазақ тілінде май деген түбір бар да, мәй деген түбір жоқ.

Бүгінгі тіл білімінде фонетика сөзінің кең және тар мағынасы қалыптасқан. Кең мағынада фонетика тіл дыбыстарын зерттейтін ғылымның бір саласы, ал тар мағынада тіл дыбыстарының сөз ағымындағы, дыбысталған сөздегі көріністері мен әр түрлі құбылыстарын зерттейтін бөлімі дегенді білдіреді. Кең мағынадағы тіл ғылымының бір саласы ретінде фонетика жалпы және жеке немесе жекелеген тілдердің фонетикасы болып бөлінеді.

Фонетиканың зерттеу тәсілдері

  • адамның дыбыстау аппаратының мүмкіндіктерін, дыбыстық бірліктердің акустикалық, артикуляциялық, перцепциялық ерекшеліктерін зерттеп, оларды айырым белгілеріне қарай таптастырады;
  • дыбыстардың әуендік, әуездік сипаттарын анықтайды;
  • дыбыстардың тіркесімділігін, буын ерекшеліктерін, олардың сөздегі үйлесімі мен үндесімін;
  • буын табиғатын, дыбыстардың буынға бірігу заңдылықтары мен сөз ағымының буынға жіктелуінің факторын;
  • сөздің фонетикалық ұйымдасуын, екпін мен үндестік заңын;
  • сонымен қатар тілдің интонациялық құралдары болып табылатын дауыс әуенін (негізгі тон жиілігін), қаттылығын (интенсивтілігін), жылдамдығын, әуезін, кідірістерді қарастырады.
3. Тіл дыбыстары және оны зерттеген ғалымдар

В. Радлов Ы. Алтынсарин И. Ильминский А. Байтұрсынов П. Мелиоранский Қ. Жұбанов Н. Сауранбаев т. б. Қазақ тіл білімін зерттеген ғалымдар

И. Ильминскийдің зерттеуі Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н. И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а-ä, е, ы, і, о-ö, у-ÿ), дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, м, w; т, д, н; ж, з, ш, с; р, л, j; k¨, ѓ, к, г, ң) атап өтеді (дыбыстарды өзара артикуляциялық жуықтығына қарай жіктеп көрсеткен) . Н. И. Ильминский тіл алды ашық ä (ә) дауыстысын дербес фонема түрінде қарамай, а дауыстысының варианты ретінде түсініп, оны негізгі дауыстылардың тобынан шығарып тастайды.

Орыс ғалымдарының қазақ тілін зерттеуі В. Радловтың «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» атты еңбегі күні бүгінге дейін өзінің ғылыми мәнін жоғалтқан емес, мұнда қазақ фонетикасының едәуір мәселелері, атап айтңанда: дыбыс құрамы, сөзде дыбыстардың қолдану ерекшелігі, дыбыстардың дистрибуция кезеңі, ол дыбыстардың әр түрлі өзгеру заңдылықтары, сингармонизм құбылысы, екпін категориясы сияқты өзекті мәселелер өзге түркі тілдерінің материалдарымен салыстырыла отыра әңгіме бола­ды. Сонымен қатар қазақ тіліне тән кейбір фонетикалық құбылыстарға аса назар аударған. П. М. Мелиоранский екі бөлімнен құралатын қазақ тілінің грамматикасын жазып, оның алғашқы бөлімін фоне­тика мен морфология мәселесіне арнаған болатын. Фонетика тарауында дыбыстардың артикуляциясы (жасалуы), дыбыстардың комбинаторлық түрде алмасуы, сөз шенінде қолдану жайы, үндестік заңы мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз болады. Дауыстылардың протеза, элизия, редукция құбылыстары жайында да азын-аулақ мәлімет беред. [3] П. М. Ме­лиоранский дыбыстардың құрамына тоқтай келіп қазақ во­кализмі тоғыз дауыстыдан (а, ä, е, ы, і, о, ö, у, ÿ), консонан­тизм саласы

Қазақ тілі дыбыс құрылысының арнаулы жүйемен жан-жақты зерттелуі - совет дәуірі тұсынан басталды. Совет дәуірі кезінде жаңа ғылым - қазақ лингвистикасы туды, оның фонетика, грамматика, лексикология, диалектология, стилистика сияқты бірнеше салалары пайда болды. Қазақ тілін зерттейтін дербес Институт ұйымдасты және көптеген маман-кадрлар шықты. қазақ тіл білімінің арнаулы бір тармағы болған - фонетика саласында едәуір жұмыс істелді. Фонетика мен фонологияның зерттеу әдістері, тәсілдері анықтала түсті. Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерт­теу кезеңі проф. Құдайберген Жұбановтан басталады. Проф. Қ. Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда - тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заң, сөздің буын құрылысы және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді.

А. Байтұрсыновқа дейінгі еңбектерде қазақ тілі жүйесі түрде зерттеледі, жоғарыда аталған орыс ғалымдарының еңбектеріндегі зерттеулердің ғылыми дәрежесі төмен болды, қазақ тілінің өзіндік табиғи қасиеті көп жағдайда ескерілмеді, бір жақты байымдаулар мен үстірт пікірлерге құрылды, көбіне фиктивті құрылымды тілдердегі ережелерге сәйкестендірілді. Мысалы, Санкт- Питербургте 1875 жылы жарық көрген М. А. Теретьевтің «Грамматика турецкая, персидская, киргизская» деп аталатын кітабында қазақ тілі, оның дыбыс жүйесі мен грамматикалық құрылысы жайында азды- көпті ғана, қазақ тілінің қасиетін, мәнін т. б. ерекшеліктерін аша алиайтын мағлұмат берілген.

Ы. Алтынсариннің 1871 жылы Оринборда жарық көрген «Начальное руководство к обучению киргиз-русскому языку» атты еңбегі қазақтарға орыс тілі грамматикасын түсіндіретін ең бірінші оқу құралы ретінде зор қзмет атқарды. Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым А. Байтұрсыновтың ағартушылық жолға құлшына кірісіп, сауаттылықты жою жолында қазақ тілін жан-жақты талдауына Ы. Алтынсариннің осы еңбегі де үлгі болған сияқты. Ташкентте, Орынборда, Алматыда жоғары орындарында профессор қызметін атқару. Қазақ тілі мен әдебиетін терең зерттеуге ғалымға мүмкіндік жасады, ұстаздық пен қоғамдық жұмыстарда жүріп, ол зерттеу жұмыстарын тоқтатпаған.

Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері «Оқу құрал» (1912) «Әдебиет танытқыш» (1926) «Әліпби» (1924) «Тіл құрал» (1914) “Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап әліппе мен әріп, тіл һәм оқу құралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен Ақаң еді. Ұлт қамы дегенді көксеген адам болмай, қазақ құлшылыққа кез болғанда бостандыққа жол көрсеткен Ақаң еді”, 1841жылы Қостанай облысы Затобол ауданында туған 1879 - 89 жылдары Торғайда мектеп инспекторы болды, 4 училище, 7 мектеп ашты 1860 жылы Торғайда қазақ балалары үшін мектеп ашуға рұқсат алады 1850-57 жылдары Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебінде білім алады 1864жылы мектеп жанынан интернат ашылады 1888 жылы Орскі қаласында мұғалімдер мектебін ашты 1889 жылы Ырғызда қыздар интернатын ашты Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) “Қазақ хрестоматиясы” “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы”

Қорытынды

Тілдің жүйелілік сипаты оның барлық деңгейінен (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) көрінеді. Мысалы, кез келген тілдің фонетикасында "дауысты дыбыстардың жүйесі", «дауыссыз дыбыстардың жүйесі" деген тақырыптар бар. Ол, әрине, тегін емес. Дауыстылар жуан-жіңішке, еріндік-езулік, ашық-қысаң болып бөлінеді. Бұлай жұп-жұбымен және бір-біріне қарама-қарсы топтасуы тілдің дыбыстық қабатында белгілі бір жүйе бар екендігінің белгісі. Дыбыстар бір белгісі бойынша бір-біріне қарама-қарсы қойылса, екінші белгісі бойынша олар біртектес больш келеді. Мысалы: ы мен і дыбыстары тілдің қатысы жағынан бір-біріне қарсы дыбыстар (ы - жуан, і - жіңішке), ал еріннің қатысы жағынан олар біртектес дыбыстар (екеуі де езулік) . Бұл сияқты жүйелілік дауыссыз дыбыстарға да тән. Мысалы, П мен Б дауыс қатысы жағынан бір-біріне қарама-қарсы (П-қатаң, Б-үяң), ал жасалу орны жағынан - біртектес дыбыстар (екеуі де ерін дауыссыздары) . Жүйенің бір элементі өзі тектес екінші бір элементтің болуын аңғартады. Мысалы, септелудің жүйесі кемінде екі септеудің, жіктелудің жүйесі кемінде екі жақтың (1-жақ, 2-жақ) болуын керек етеді. Егер олар бір-бірден болса, онда олар жүйе құрай алмаған болар еді. Әрбір сөз өзінше өзгеріп, өзінше түрленбейді. Олардың өзгеруі мен түрленуінің белгілі бір жүйесі, белгілі бір заңдары, формалары болады. Ондай жүйелер мен заңдар және формалар бір сөзді ғана емес, белгілі бір топқа енетін сөздердің күллісін қамтиды. Мысалы, зат есімдердің септелуін алалық. Тек зат есімдер ғана септеледі және белгілі бір үлгі бойынша ғана септеледі. Бұлар зат есімнің барлығана тән. Осылай болғандықтан ғана біз септелу жүйесі туралы сөз ете аламыз. Егер зат есімдердің әрқайсысы өзінше септелсе, онда сөздердің септелуін біліп алу да, оқып үйрену де мүмкін болмас еді. Құрылымдық, жүйелілік қасиет тілдің синтаксис саласынан да айқын көрінеді. Сөздердің сөйлемдегі тіркесуі белгілі бір тәсілдер (формалар) арқылы іске асады. Тіл-тілде сөздердің тіркесуінің матасу, меңгеру, қабысу, жанасу деп аталатын тәсілдері бар. Бұл тәсілдер бірлі-жарым сөздерді ғана емес, тіркесуші сөздердің белгілі бір тобын түгелдей қамтиды. Сөйтіп, сөздердің байланысу тәсілдерінің жүйесін кұрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVI-XVIII ғасыр лингвистикасы
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
Жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі проблемалары, салалары
Әлеуметтік лингвистика. Әлеуметтік лингвистикаға қатысты көзқарастар
Тіл білімі ғылымы туралы түсінік
Лингвистиканың объектісі
Xx ғасыр лингвистикасындағы бағыттар мен мектептер
Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі
Тіл білімі лингвистика туралы түсінік
«Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz