Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық ерекшеліктерінің қалыптасуы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І . Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

2. 1. Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық ерекшеліктерінің қалыптасуы.

2. 2. Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің өзара қатынасының сипаты.

2. 3. Қарсылықтық қатынасты білдіретін салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық, функционалдық арақатынасы.

2. 4. Себеп-салдарлыққатынасты білдіретін салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық, функционалдық арақатынасы.

2. 5. Шарттық қатынасты білдіретін салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық, функционалдық арақатынасы.

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық

ерекшеліктерінің қалыптасуы

Тіл білімінде құрмалас сөйлемдер туралы түрлі пікірлер айтылады. Н. Дмитриев, Н. Баскаков, Н. Гаджиева, М. Закиев, Е. Убрятова т. б. түрколог-ғалымдардың пікірлері әр түрлі болғанымен, дербес сөйлемдердің жай ғана тіркесіп келуі құрмалас сөйлем емес екендігін, оны әлдеқайда күрделі құбылыс ретінде танудың қажеттілігі жөніндегі пайымдаулары тоғысып жатты.

Орыс тіл білімінде құрмалас сөйлемдерді құрылымдық жағынан сипаттаған А. Шаханов, А. Пешковский, Н. Шведова, М. Алехина сияқты ғалымдар тобы құрмалас сөйлем компоненттерінің арасындағы салаласа, сабақтаса байланысуды ажыратудың формальді белгілерін атап көрсетіп, синтаксистік компоненттерінің байланысу жолдарын алғашқы орынға қояды, осы синтаксистік байланыс негізінде жай» сөйлемдердің тіркесуінен жасалған сөйлемдерді құрмалас сөйлемдер деп таниды. Қазақ тіл білімінің құрмалас сөйлем синтаксисі осы құрылымдық принципті негізге алып дамыды.

Н. Поспелов, В. Богородицкий тәрізді ғалымдардың бір коммуникативтік бірлік ретінде берілетін тұтас синтаксистік құрылымды құрмалас сөйлемдер ретінде санайтын көзқарасын ұсынатын ғалымдар қатарынан Р. Әмір, М. Серғалиев, Қ. Есеновтер көрінеді.

Адамзаттың пікір алмасуына дәнекер болған жай сөйлемдердің өзара байланысуы арқылы қарым-қатынастың келесі сатыдағы көрінісін сипаттайтын құрмалас сөйлемдердің пайда болу мерзімін бір уақытқа телуге болмайды. А. Потебня, И. Лысков, Г. Абдурахманов, Т. Қордабаев сияқты ғалымдардың айтуынша, тіл дамуының көне заманында құрмалас сөйлемнің салалас түрі ғана болған. Тілдік категориялардың даму заңдылықтарына орай, салалас байланысудың негізінде сабақтас байланысу келіп шыққандығын Н. Сауранбаевтің еңбегінен көруге болады. Түрколог-ғалым Н. Гаджиева жай сөйлемдердің алғаш қабысу жолымен байланысқандығын, сабақтас байланысудың өзі салаласа байланысудың негізінде келіп шыққандығын айтады. Компоненттерінің әрқайсысы дербестіктерін сақтап тұратын құрмалас сөйлемнің салалас байланысатын көне түрінің орнына жаңа түрінің пайда болуы түркі тілдерінің агглютинативтік құрылымына сәйкес жүзеге асқан процесс деуге болады. Сөйлеушінің нақты түсінігінің қоршаған ортаға танымдық әрекетін білдіретін абстрактілі түсінікке ұласуының негізінде тілде біртіндеп жай сөйлемдерді құрмаластыратын әдістер, формалар туады да, тлдің және ойлау процесінің күрделенгенінің белгісі болып табылатын салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің байланысу белгілерінің өзі қазақ тіл білімінің тұңғыш тілтанымпазы А. Байтұрсынұлының еңбегінде алғаш танылған. Басқа да түркі тілдеріндегі сияқты, қазақ тілінде құрмаластарды салалас, сабақтас бөлу алғашқы компонент баяндауышының тұлғалық ерекшелігіне негізделеді, яғни таза тілдік белгі меже болады. Құрмалас сөйлемнің салалас және сбақтас түрі арасындағы көптеген ерекшеліктер компоненттерінің баяндауыш формасындағы өзгешеліктің негізінде туады. Ал белгілі бір мағыналық қатынастардың берілуі жай сөйлемдердің салаласа немесе сабақтаса құрмаласуына бағынышты болады.

Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің өзара қатынасының сипаты

Қарым-қатынас жасаудың, мәлімет алудың және оны таратудың құралы саналатын бұл синтаксистік категориялардың атқаратын қызметі біреу болғанымен, олардың сөйлеу процесіндегі салмағы мен алатын орны бірдей емес. Осы тілдік құбылыстардың сөйлеудегі өзіндік заңдылықтарын түсіндіруге құрылымы тірек болады. Сөйлеудің құрылымы оның статикалық күйі болса, динамикалық күйі болатын сөйлеуде белгілі бір мақсатқа сай жеткізу үшін таңдалатын тілдік форманың қолданыс ерекшелігін статистикалық әдіс арқылы айқындауға болады. Осы мақсатқа тілдік мәліметтерді саралау негізінде күрделі ойды беруде алғаш қолданылған салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жиілігі сабақтастан төменекендігі айқындалды.

Бірбүтін синтаксистік құбылыс саналатын құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер көпшілік жағдайда сабақтаса байланысатындықтан, құрмалас сөйлемнің түрлерін салалас, сабақтас деп атау - шартты құбылыс. Салалас байланысудың өзін мағыналық, тұлғалық жағынан бағынышсыз байланысу деп түсінгенімізбен, компоненттері мағыналық жағынан бір-біріне тәуелді болатын және ол белгілі бір грамматикалық амалдардан байқалатын салалас құрмалас сөйлемдер де кездеседі. Қазақ тіл білімінде проблемалық мәселе ретінде бұрыннан айтылып жүрген бұл құбылыстар - құрмалас сөйлемдер жүйесінде әлі де шешімін таппаған мәселелердің бар екендігінің дәлелі. Құрмалас сөйлем синтаксисі дамуының алғашқы кезеңінде қалыптасқан пікір-көзқарастардың бүгінгі дамудың ғылыми арнасына түскен, жаңаша пайымдалып отырған талаптарға жауап бере алмауының өзі - заңды құбылыс.

Тіл дамуында құрмалас сөйлемнің ең алғашқы түрі саналатын жай сөйлемдердің іргелесіп құрмаласуы жазба әдебиет тілі кейін қалыптасқан жалғамалы тілдерге ғана емес, флективті тілдер тобына тән құбылыс екендігі Г. П. Ухановтың тұжырымынан байқалады.

Компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан алғанда, құрмалс сөйлемнің бір түрін жасаудың екі түрлі тәсілі саналатын жалғаулықсыз салалас пен жалғаулықты салаластың арасында айтарлықтай алшақтық жоқ деген пікір айтылып жүргенімен, екеуін құрмалас сөйлемнің біртүрі есебінде қарауға болатын жайттар аңғарылады. Жалғаулықты сөйлемдер мен жалғаулықсыз құрмаласқан сөйлемдер мағыналық жақтан сәйкес келе бермейтіндігі, іргелесе құрмаласқан сөйлемдер арқылы берілетін мағыналық қатынастың аясы жалғаулықтыға қарағанда анағұрлым кеңдігі және оларда байланысудың грамматикалық көрсеткіші ретінде сол сөйлемнің өзінің құрылымдық элементі қолданылатындығы тілдік деректерден көрінеді.

Әлі де іргелі зерттеулерді қажетсінетіндігі түркологияда, қазақ тіл білімінде айтылған пікірлердің әрсипатты болып келуінен көрінетін жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдерде жай сөйлемдердің мағыналақ үйлесімділігі негізгі мәнге ие. Копонент құрамындағы кейбір жеке сөздердің, сөйлем мүшелерінің атқаратын қызметінің ерекше болуы, екі компонентте де антоним сөздердің келуі, ырғақ, ритм, ұйқас, ассонанссияқты амал-тәсілдер жалғаулықты салалас пен сабақтаста көмескі болса да байқалатындығы құрмалас сөйлем түрлерінің бір-бірімен ұштасып, байланысып жатқан өзара қатынастағы котегориялар екендігін көрсетеді.

Жалғаулықтар арқылы ұйымдасқан салалас сөйлемнің қолданыста кеңінен етек ала бастауы әдеби тілдің дамуымен ұштастырылуға тиісті. Жалғаулықтардың құрмаласқа енген жай сөйлемдер арасындағы қатынастың мәнін айқын көрсетуі олардың есімдік негізінде екендігіне байласты болса керек.

Белгілі бір үлгімен құрылатын құрмалас сөйлемдердің айырым белгілерінің бірі - құрылымдық белгісіне оны құраушы компаненттердің байланысу тәсілдері жататын болса, семантикалық белгісі ретінде компаненттердің байланысу тәсілдері негізінде берілетін мағыналық түрлері алынады. Салалас пен сабақтастың әрбір түрінің өзіне тән айырым белгілері құрылымның бір ғана түрінің меншігінде қалып қоймайды, олар басқа белгілерімен өзара қарым-қатынаста болады екен.

Құбылыстардың арасындағы байланысты айқын ажырата көрсететіндіктен, қолдану ықтималдығы жоғары болатын сабақтас құрмаласқан сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының баяндауышы тиянақсыз формада айтылуы - ұзақ уақыттар бойында қалыптасқан процесс. П. Мелиоранский еңбектерінің өзінде шартты райлы етістіктің шарт және мезгіл мәнін беруде жұмсалғандығы, көсемшенің мезгіл, амал, себеп, мақсат, шартты бағыныңқыылы сабақтастарды жасайтындығы айтылған. С. Маловтың -п, -ып, -іп жұрнақты көсемшенің бағыныңқы сөйлем баяндауышы қызметінде жұмсалуын қызметінің өте көне замандарда байқалғандығының бір көрінісі.

Сөйлемнің құрылысында компоненттерінің гамматикалық байланысында болған өзгерістердің, тілдік коммуникативтік және эспрессивтік қызметі артуының нәтижесінде сабақтас құрмалас сөйлем пайда болады десек, белгілі мақсатты көздей ұйымдасқан мұндай сөйлемдерде логикалық ұғымға байланысты негізгі сөздермен қатар жұмсалатын эмоционалды, эспрессивті сыңар сөздер ойды байытады. А. Кононов, М. Балақаев сынды ғалымдар дәлелдік пікірлер айтқан септеуліктердің осы қызметті атқаруда ролі бар.

Тілде сөйлемнің мағыналық жалпы ұғымына оншалықты нұқсан келмей, сол мағынаның нақтыланған реңктерін көрсету үшін жұмсалатын сөйлемдердің пайда болуының негізінде параллелизмдік-синонимдік, варианттық қасиеттер туындайды. Мезгілдік мағынаны білдіретін -ғанда, -ғанша тұлғалары осы мағынаны білдіретін -ған кезде, -ғанға шейін тіркестерінің негізінде ықшамдалу арқылы қалыптасқандықтан, сабақтастың сыңарлары арасындағы мезгілдік қатынас онша айқын болмайды. Қазіргі қазақ тілінің синтакистік жүйесіндегі осы сипаттас синтаксистік конструкциялар сөйлеушінің алдына қойған нақты мақсатына сәйкес таңдап алынады. Коммуниканттың ол конструкцияларды қолдануы, талғаулы пікір алысу жағдайына, ниетіне, талғамына байланысты.

Қарсылықтық қатынасты білдіретін салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық, функционалдық арақатынасы

А. Байтұрсыновтың «Тіл - құралында» ереуіл бағыныңқы деп аталған қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы копоненті баяндауышы -са, -се шартты рай тұлғасынан, шартты райлы етістікке да, де шылауларының тіркесуінен, көмектес септік жалғаулы - ған тұлғасындағы есімшеден және -а, -е тұлғалы көсемшеден болатын жасалу жолдары құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты еңбектерде бірізді баяндалса, өткен шақтық есімшенің -ша, -ше жұрнақтары түрі мен - ған формалы есімшенің барыс септік тұлғасында келіп, қарамастан демеуінің меңгеруінде тұруы арқылы да қарсылықтық қатынастың берілетіндігі жекелеген еңбектерде ғана айтылады.

Құрамындағы компоненттері бірақ, дегенмен, әйткенмен, әйтсе де, алайда, ал жалғаулықтарының дәнекерлігі арқылы да, жалғаулықсыз, іргелес тұрып та ұйымдасатын қарсылықты салалас сөйлемнің қалыптасқан құрмалас екендігіне оның жасалу жолының біртектестігіне құрмалас сөйлем синтаксисі бойынша жазылған ғылыми әдебиеттергешолу жасау арқылы көз жеткізуге болады.

Бағыныңқыда орындаушы іс-әрекетті жүзеге асыру үшін әрекеттенгенмен, басыңқыда сол әрекет орындалмай, теріске шығарылады. Мұнда қарсылықты мағынада бөлек үстеме мағына болымсыз. Мысалы, Алғашқы күндер біреу «ұшынған» деп, біреу «соқпа» деп, тағы біреу «сүзек» деп әр түрлі топшылағынмен, дәлбаққан ешкімболған жоқ (М. Әуезов) . -ғанмен тұлғасының жұмсалу жиілігі жағынан -са да тұлғасынан кейінгі орынды иеленетіндігін мағыналық жақтан бағыныңқылардың басқа түрін жасай алмайтындығымен түсіндіруге болады.

Көсемше жұрнақтарының қарсыластық қатынасты беруде қолданылатындығы лингвистикалық әдебиеттердің басым көпшілігінде айтылады. Полисемантикалық қасиетке ие көсемше тұлғаларының ішіндегі белсенді жұмсалатын -п тұлғасының қарсылықтық қатынасты білдіретіндігін Р. Әмір алғаш анықтайды. Қарсылықтыққатынасты беруде көсемше жұрнақтарының өте сирек кездесетіндігі атқаратын қызметінің сан қилылығымен, ал бойында салыстыру мәні бар -ғанша, -мақ түгіл тұлғаларының аз қолданылатындығы олардың бойындағы жанама мәнмен байланысты тәрізді. Тілдік мәліметтер құрамында түгіл, тұрсын, тұрмақ сөздері бар сөйлемдердің контекст жағдайында қарсылықтық қатынасты беруде жұмсалатындығын көрсетті.

-ғанмен, -ғанда да, -ғанына қарамастан, -ғаны болмаса конструкциялы сөйлемдер туралы А. Аманжолов, Қ. Есеновтер әр түрлі пікірлер білдіргенімен, мұндай құрылымдық бірліктер қарсылықтық қатынасты туғызатындықтан және интонациялық құбылыстарынан оларды қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың қатарына жатқызуға болады.

Қазіргі таңда пайда болып отырған коммуникативтік талаптарға сай, қарсылықты салалас сөйлемдердің компоненттері бірде жалғаулықты қатыстырса, бірде қатыстырмайды. Яғни, белгілі бір коммуникативтік мақсат туғанда, компоненттер синтаксистік байланысты нақты танылатын қарсылық туғанда, компоненттер синтаксистік байланысты нақты танытатынқарсылық жалғаулықтары арқылы байланысса, басқа бір коммуникативтік мақсаттуғанда, жалғаулықсыз, іргелес тұрып байланысады.

Ал тұрақты іргелес салаластар санатындағы алғашқы компонентінің баяндауышы бұйрық рай етістік, еді көмекші етістігі тіркескен өткен шақ көсемше, келгендей, алғандай, алатындай тұрғалы есімше тәрізді арнаулы конструктивтік компоненттер қатысып құрылған сөйлемдер аз кездеседі. Мұның дәлелі - қарастырылған шеңбердегі 12 жалғаулықсыз сөйлемнің үшеуінің ғана осындай құрылымда келуі.

Синтаксистік компонентері бірақ жалғаулығымен ұйымдасқан, олардың баяндауыштары түрленіп отыратындықтан, қарсылықтық қатынас байланысқа түсуші сөйлемдердің нақтылы маңызына қарай түрліше құбылып байқалады: бірінші сөйлем, көбіне, алдағы уақытта болатын немесе ойға алынған істі білдірсе, екінші сөйлем, осы ойға алынған, жоспарланған істің жүзеге аспай қалғандығын айтады; бірақ жалғаулығынан кейн тұрған сөйлем алдыңғы сөйлемдегі оқиғаның өзін тежемейді, соның нәтижесі ретінде тууға тиіс оқиғаны тежейді; бірақ жалғаулығы сөйлеушінің жүйелі ойына қосымша бір пікірді жалғатыру үшін жұмсалады, қарсылық мәні компоненттердің мазмұн желісінен және жалғаулықтың жұмсалуынан білінеді.

Қазақ тілінде сөздер мен сөйлемдердің арасын байланыстыру үшін жұмсалатын жалғаулықтардан бөлек сөздердің бірі болса соңғы сөйлемнің бастауышын ерекше атап, алдыңғы сөйлемге қарсы қояды. Болса сөзі қатысқансөйлемдердің ішінде заттардың айырым аспаларын, сындарын білдіретін қайшы мәндес сөздер болса ғана қайшылықты мән беретінін Р. Әмір көрсеткен болатын.

Тілдік қолданыста қайшы мәнді жалғаулықтардың жеке сөйлемнің басында кездесетіндіктен құрмалас етіп біріктіріп іберуге болатын сөйлемдердің жеке жай сөйлемдер ретінде жұмсалатындығы байқалады. Мұндай сөйлемдерді М. Балақаев, Т. Сайрамбаевтар ыдыраушылық жағдайлары көрінетін сөйлемдер ретінде көрсетіледі.

Жалғаулықты қарсылықты мәнді сөйлемдердің жалғаулықсыз түрінен кем қолданылатындығы олардың сөйлемдер арасын байланыстыруда негізгі қызмет атқармай, тек сол байланысты күшейтетін көмекші тұлға болатындығымен байланысты болса керек. Жаңаша қалыптасқан амал санатындағы іргелесіп байланысу амалы арқылы жасалатын жалғаулықсыз салалстың кейіннен пайда болғанкоммуникативтік талаптарға кеңінен жауап беретіндігі де оның қолданысының жоғарылығына себеп болары сөзсіз. Жұмсалу дәрежесі әр түрлі грамматикалық тәсілдер сөйлеушінің коммуникативтік мақсатына сай талғанып жұмсалады.

Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық, функционалдық арақатынасы

Себеп пен салдардың қарым-қатынасынан туатын себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемде хабарланып отырған ойдың себебін білдіретін бағыныңқы компонент баяндауышы -дықтан, -діктен қосымшалы өткен шақтық есімше, соң шылауы өткен шақтық есімше, -а, -е, -й, - п, -ып, -іп формалы көсемше арқылы жасалыды. Өз басыңқысымен деп етістігі арқылы құрмаластан бағыныңқы компоненттің себептік қатынасты білдіретіндігі ішінара айтылады. Себеп бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы жай сөйлемі қалыпты себеп пысықтауыш тәріздес қызметатқаратындықтан, А. Байтұрсынов, А. Ысқақов, С. Жиенбаев, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев еңбектерінде себеп пысықтауыш бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп аталады.

Ал құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара теңдік қатынаста келіп, себеп пен салдардың тығыз қарым-қатынасын көрсететін себептес салалас сөйлемдер жалғаулықтар арқылы да, жалғаулықсыз да жасалады. Ондағы синтаксистік қатынастың көрінісі сондықтан, сол себепті себеп мәнді және өйткені, себебі салдар мәнді жалғаулықтары арқылы байқалады. Компонентерінің мағыналақ қатынастары жағынан алғанда бірдей себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем мен себептес салалас сөйлемнің арасындағы өзгешелікке компоненттердің бір-бірімен құрмаласу тәсілі және орналасу жағы жатады. Себептес салаласта себепті білдіретін компонент пен салдарды білдіретін компонент қандай жалғаулық арқылы құрмаласып тұрғанына қарай, орын жағынан көшпелі болып келеді. Себеп бағыныңқылы сабақтаста компоненттер орны жағынан тұрақты келеді.

Қазіргі қазақ тіл біліміндегі себеп-салдар салалс сөйлемнің ерекшелігі болып табылатын айтылған ойдың себебін не салдары тұрақты орынды талап етпеуі сөйлеушінің коммуникативтік мақсатына байланысты. Себеп пен салдардың қатынасын тіл тарихына негізделген Н. Сауранбаевтің пікіріне сүйеніп, себеп мәнді сөйлемдердің даму жолын сипаттауға болады. Себептес салалас сөйлемдердің жалғаулықтары әр кезеңді қамтитындығы алғаш салдары айтылып, кейін себебі баяндалатын сөйлемдердің жұмсалып, тілдің дамуы барысында осындай сөйлемдердің керісінше құрылатындығынан көрінеді.

Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтармен байланысқан сөйлемдердің жалғаулықсыз сөйлемдерден жұмсалу жиілігі төмен. Алдыңғы сөйлемнің себепті я нәтижені білдіріп келуіне байланысты әр түрлі құрылымдық-семантикалық түрлерге бөлуге болатын нәтиже - себеп, себеп - нәтиже құрылымындағы сөйлемдердің әр стильдік аядағы қолданыс ерекшелігі әр түрлі болатындығын тілдік мәліметтер дәлелдейді.

Себептік жалғаулықтардың ішінде тілімізде аса көп жұмсалатын өйткені, себебі жалғаулықтары арқылы байланысатын сөйлемдердің соңғысы алдыңғы сөйлемде айтылған ойға дәлел ретінде жұмсалады. Себептік тәуелдеу де, себептік негіздеу де мағынасын бере алатын бұл жалғаулықтардың жұмсалу жиілігінің жоғары болуы салдарлық-себептік қатынастағы сөйлемдерді байланыстыратын негізгі қызметіне байланысты. Ал себептік тәуелдеу мағынасын білдіретін сондықтан жалғаулығының жұмсалу жиілігі жоғары болу себебі, біріншіден, мағынасының конкрктті болуынан, екіншіден, пайда болу негізінде себептік бағыныңқы баяндауышы формасының көрінетіндігінде.

Себеп пен салдардың қарым-қатынасы негізінде құралатындықтан, жалғаулықты себептес салалас сөйлемнің жалғаулықсыз келген түрінен айырмашылығы жасалу құрылысынан байқалады. Жалғаулықсыз сөйлемдердің мән-мағынасын синтаксистік компоненттерінің орналасу тәртібі, аралық қатынастары арқылы белгілі болады. Жұмсалу жиілігі жоғары болжам модальдылығы мағынасын білдіретін ма, ме, ба, бе, па, пе шылаулырына біткен сөйлемдерді және -гендікі ме конструкциялы сөйлемдерді жалғаулықты керек етпейтіндіктен, тұрақты іргелес салаластар деуге болады. Предикативтік бірліктер арасындағы мағыналық қатынасты көрсетуде ролі бар интонацияның ерекшелігі жалғаулықсыз себеп мәнді салалас сөйлемдерде де байқалады.

Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдерге артылған коммуникативтік міндет байланысты болып келеді. Сондықтан олар функционалдық параллель бола алады.

Шарттық қатынасты білдіретін салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық, функционалдық арақатынасы

Мағынасы мен формасы басқа бағыныңқылардан гөрі анық шартты бағыныңқының ежелден келе жатқан көне сабақтастардың бірі екендігі, сабақтас сөйлемнің басқа түрлерінен өзіндік өзгешелігі Н. Гаджиеваның, С. Аманжоловтың, Қ. Есеновтің, Н. Сауранбаевтың еңбектерінен байқалады. Синтаксиске арналған еңбектерде сабақтас сөйлемдегі шарт мәні -са, -се, -ғанда, -й, -майынша тұлғалары арқылы берілетіндігі бірізді баяндалады.

Компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан да, орналасу тәртібі жағынан да шартты сабақтас сөйлемнен ешқандай өзгешелігі жоқ шартты салалас сөйлемнің өзіндік ерекшелігі - шартты білдіретін жай сөйлем баяндауышы тиянақты формады айтылуы. Қазіргі қазақ тіл білімінде алғашқы компоненттерінің баяндауышы шартты райлы етістік, жедел өткен шақ етістік болды көмекші сөзімен тіркескен, шартты райлы етістіктен кейін жедел өткен шақ жұрнағы жалғанған бол көмекші етістігіне ғой сөзі тіркескен, шартты райлы етістікке ғой сөзі тіркескен конструкцияларды шартты бағыныңқылының қатарына жатқызуды дұрыс санаған пікірлер кездескенімен, ғалым Р. Әмірдің пікіріне сүйене отырып, шартты мәнді салалас сөйлем деген тұжырым жасалынады. Яғни, санамаланған грамматикалық тәсілдер шарттық қатынасты білдіретін салалас сөйлем жасауға қызмет ететіндігі нақтылы тілдік мәліметтер арқылы дәлелденді.

Негізгі қызметі сабақтас құрмалас сөйлем жасау болып табылатын шартты рай тұлғасының жұмсалу жиілігі жоғары болу себебін шарт мәнін беруде барлық стильде мол қолданылатындығымен, еңбектерде негізгі тәсіл ретінде баяндалатындығымен түсіндіруге болады. Синтаксистік қызметі барынша кең шартты райдың шарттық қатынасты көрсетудің критериі етіп егер жалғаулығының бірге жұмсалуын ұсынған пікірлер кездескенмен, тілдік мәліметтер оның сөйлем ішінде болмауы шарттық қатынасты бұзбайтындығын көрсетеді. Сөйлемде шарттық мағына барынша айқын болуының себебі - сөйлемде шартты мағынаны айқындап тұратындығы күмәнсіз егер сөзінің қатысуы емес, бағыныңқы компонент баяндауышының етістіктің шартты рай тұлғасына аяқталуы деген тұжырымымыз түрколог-ғалымдардың пікіріне негізделеді. Басқа да түркі тілдерінде шарт мәнін беруде қолданылатын онда сөзі егер жалғаулығымен кейде бір сөйлемнің ішінде қатар келіп, кейде дара-дара жұмсалғанымен, әдеби тілдегі жұмсалу жиілігі төмен.

Н. Сауранбаев ұялас шартты сабақтас деп атаған сөйлемдерге қазіргі қазақ тіл білімінде объектілік бағыныңқы сабақтас, салыстырмалы сабақтас терминдік атаулары беріліп жүргенімен, ондай сөйлемдердегі шарт мәні күшті болады, қолданыста аз кездеседі. Сондай-ақ бол, де, қал көмекші етістіктеріне -са тұлғасы жалғанғанда экспрессивтік қызметі айқын көрініп, шарт мәні күшті сезіледі. Мысалы: Бар Тобықтының ішінде бір үй қазанына арам ас салмады десе, сол, ең алдымен, осы Үркімбай үйі болатын (М. Әуезов) .

Бағыныңқысы -майынша тұлғасында келіп, басыңқысының баяндауышы болымсыз тұлғада тұратын конструкцияларда шарт мәні күшті сезілгенмен, жұмсалу жиілігі төмен. Полисемантикалық көсемшенің шарт мәнін берунің бір ерекшелігі -са тұлғасы болымсыздықты білдіргенде -май тұлғасына алмасады да, эмоциялық реңктің басымдылығын көрсетеді. Салыстырыңыз:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мезгіл мəнді құрмалас сөйлемдер
Т.ҚОРДАБАЕВ және ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ МӘСЕЛЕСІ
Қазақ тіліндегі шарт қатынасындағы құрмаластық құрылымдардың функционалдық-семантикалық табиғаты
Құрмалас сөйлем ықшамдалуының басқа тілідік құрылымдармен байланысы
Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы құрмалас сөйлемдер
Шартты бағыңқы сабақтас құрмалас
Тілдегі үнемдеу заңдылығының теориялық негіздері
Сөйлемдердің түрлі грамматикалық құрылымдарда жасалу және қалыптасу ерекшеліктері
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Құрмалас сөйлемдерді жіктеу мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz