Тілдің танымдық қасиеті



Кіріспе 3
1.Тілдің танымдық қасиеті 4
2.Когнитивтік (танымдық) лингвистика: қалыптасуы мен дамуы 6
3.Бұқаралық коммуникация тілі. 10
Қортынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер 15
Тілдің мән-мағынасы, қасиеті, өзіндік сипаты – оның коммуникативтік (қарым-қатынас құралы) қызметінде. Тілдің ойлаумен, қоғаммен, қоғам өмірімен қарым-қатынасын да, өзіндік даму заңдылығында оның осы қызметінен іздеу керек. Тілдің тіршілігі де қатынас құралы қызметімен байланысты. Егер тіл адамдар арасында қатынас құралы қөызметін атқарып тқрса, ол тірі тіл деп аталады. Ал ондай қызмет атқарудан қалса, өлі тіл деп аталынады. Тілдің өзіндік сиатына, құрылымына қарай беріліп жүрген анықтамалардың ішінде жиі қайталанып жүргені – тілді «таңбалар жүйесі», «семиотикалық жүйе» деп санайтвн көзқарас. Шындығында да тіл атқаратын қызметі жағынан алғанда – қатынас құралы, «ойды қалыптастырушы» болып табылады да, ал өзіндік сипаты, құрылымдық белгісі жағынан алғанда ол – «таңбалар жүйесі». Осы айтылған екі түрлі қасиетін, яғни қызметі мен құрылымдық белгісін қоса алғанда: тіл дегеніміз – қатынас құралы, экспрессивтік қызмет атқарушы таңбалардың тарихи түрде қалыптасқан жүйесі.
Тілдегі әлеуметтік және ішкі құрылымдық құбылыстардың өзараәрекеттесімітіл туралы ғылымның маңыздымәселелерінежатады. Шетел тіл білімінің кейбір өкілдері ішкі құрылымдық факторларды әлеуметтік факторлардан бөліп қарастыруға ұмтылып жүр. Мәселен, Х.И.Ульдаль «адамдық фактордың» тілге әсерін, яғни әлеуметтің, қоғамның тілге әсерін жоққа шығаруға тырысты. «Адамдық фактордың»,яғниәлеуметтікжағдайлардыңтілге әсерін жоққа шығару мүмкін емес. Өйткені тілдің құрылымы адамдардың сөйлеу әрекеттерінің барысындақалыптасады.Әлеуметтік факторлар тілдің өмір сүруі мен дамуының көп қырлы формаларын туғызып, түрлі әлеуметтік топтардың тілдік қолданыстарындағы ерекшеліктерін қалыптастырады. Бейтаныс адамдармен сөйлескен алғашқы минутта-ақ, сөйлеу дағдылары мен мәнеріне қарай олардың қай жерден екенін, қандай әлеуметтік топқа жататынын, өзі мен қоршаған орта туралы қандай ойда екенін, білімі мен мәдениетінің деңгейін, қаншалықты ақылдылығы мен білімпаздығын аңғаруға болады. Бұған тілші-ғалым И.П.Лысакованың төмендегі сөзі толық дәлел бола алады: «Кез келген адамның сөйлеу тілінде оның әлеуметтік-таптық ерекшелігі, жасы, білімі, қызмет түрі, тұрғылықты жері, жынысы, қатынастың жағдайы, түрі, тақырыбы, мақсаты, сипаты көрініс табады» [5, 18].
Тілдіңкоммуникативтікқызметатқаратынын барлық ғалымдар құптайды. Тілдің әлеуметтік мәні оның осы қызметінде жан-жақты көрінеді. Коммуникативті қызмет адамның әлеуметтік мәнінің қалыптасуының, әлеуметтік организм мен материя қозғалысының жоғары әлеуметтік формасы ретіндегі адамзат қоғамының өмірге келуінің, өмір сүруінің қажетті шарты болып табылады.
1. К.Аханов «Тіл білімінің негіздері» Алматы -2002ж
2. Жаманбаева Қ.Ә. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. –Алматы: Ғылым, 1998.
3. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері // Тілтаным. — Алматы, 2001.
4. .Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті (салыстырмалы-салғастырмалы лингво-мәдени сараптама): филол.ғыл.док. дисс. –Алматы, 2004
5. Раев Д.С. Қазақтың шешендік өнері: философиялық пайымдау. – Алматы, 2001. -228 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3
1.Тілдің танымдық қасиеті 4
2.Когнитивтік (танымдық) лингвистика: қалыптасуы мен дамуы 6
3.Бұқаралық коммуникация тілі. 10
Қортынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер 15

Кіріспе

Тілдің мән-мағынасы, қасиеті, өзіндік сипаты - оның коммуникативтік (қарым-қатынас құралы) қызметінде. Тілдің ойлаумен, қоғаммен, қоғам өмірімен қарым-қатынасын да, өзіндік даму заңдылығында оның осы қызметінен іздеу керек. Тілдің тіршілігі де қатынас құралы қызметімен байланысты. Егер тіл адамдар арасында қатынас құралы қөызметін атқарып тқрса, ол тірі тіл деп аталады. Ал ондай қызмет атқарудан қалса, өлі тіл деп аталынады. Тілдің өзіндік сиатына, құрылымына қарай беріліп жүрген анықтамалардың ішінде жиі қайталанып жүргені - тілді таңбалар жүйесі, семиотикалық жүйе деп санайтвн көзқарас. Шындығында да тіл атқаратын қызметі жағынан алғанда - қатынас құралы, ойды қалыптастырушы болып табылады да, ал өзіндік сипаты, құрылымдық белгісі жағынан алғанда ол - таңбалар жүйесі. Осы айтылған екі түрлі қасиетін, яғни қызметі мен құрылымдық белгісін қоса алғанда: тіл дегеніміз - қатынас құралы, экспрессивтік қызмет атқарушы таңбалардың тарихи түрде қалыптасқан жүйесі.
Тілдегі әлеуметтік және ішкі құрылымдық құбылыстардың өзараәрекеттесімітіл туралы ғылымның маңыздымәселелерінежатады. Шетел тіл білімінің кейбір өкілдері ішкі құрылымдық факторларды әлеуметтік факторлардан бөліп қарастыруға ұмтылып жүр. Мәселен, Х.И.Ульдаль адамдық фактордың тілге әсерін, яғни әлеуметтің, қоғамның тілге әсерін жоққа шығаруға тырысты. Адамдық фактордың,яғниәлеуметтікжағдайлар дыңтілге әсерін жоққа шығару мүмкін емес. Өйткені тілдің құрылымы адамдардың сөйлеу әрекеттерінің барысындақалыптасады.Әлеуметтік факторлар тілдің өмір сүруі мен дамуының көп қырлы формаларын туғызып, түрлі әлеуметтік топтардың тілдік қолданыстарындағы ерекшеліктерін қалыптастырады. Бейтаныс адамдармен сөйлескен алғашқы минутта-ақ, сөйлеу дағдылары мен мәнеріне қарай олардың қай жерден екенін, қандай әлеуметтік топқа жататынын, өзі мен қоршаған орта туралы қандай ойда екенін, білімі мен мәдениетінің деңгейін, қаншалықты ақылдылығы мен білімпаздығын аңғаруға болады. Бұған тілші-ғалым И.П.Лысакованың төмендегі сөзі толық дәлел бола алады: Кез келген адамның сөйлеу тілінде оның әлеуметтік-таптық ерекшелігі, жасы, білімі, қызмет түрі, тұрғылықты жері, жынысы, қатынастың жағдайы, түрі, тақырыбы, мақсаты, сипаты көрініс табады [5, 18].
Тілдіңкоммуникативтікқызметатқараты нын барлық ғалымдар құптайды. Тілдің әлеуметтік мәні оның осы қызметінде жан-жақты көрінеді. Коммуникативті қызмет адамның әлеуметтік мәнінің қалыптасуының, әлеуметтік организм мен материя қозғалысының жоғары әлеуметтік формасы ретіндегі адамзат қоғамының өмірге келуінің, өмір сүруінің қажетті шарты болып табылады.
1.Тілдің танымдық қасиеті
Тілді диалектика-динамикалық құбылыс ретінде қарастыру, оның қоршаған әлеммен де, адамдық факторлармен де сабақтастығын зерделеу қазіргі қазақ лингвистикасының ұлттық сипатымен қатар, әлемдік лингвистика деңгейіне көтерілер биігін де айқындауға септігін тигізіп келеді. Осыған орай, қазақ тіл білімінің концептуалдық қоры мен әдіснамалық негізі де құнды зерттеулердің дүниеге келуін қамтамасыз етер алғышарттар қатарын құрауда. Қазақ топырағында қалыптасып, ғылымдар тоғысында шешімін тауып келе жатқан тілтаным теориясының ғылыми негізде дәйектелуі де сол үзілмес байланыстың белгісі болып табылады. Тіл табиғатын адам болмысымен, оның қимыл-әрекетімен ұштастыра талдаған қазақ тілшілерінің тіл мен таным ұғымдарына назар аударуын, олардың тоғысуынан бастау алатын ережелерге мән беруін де заңды сабақтастықтың нәтижесі деп бағалаған дұрыс, өйткені шынайы өмірді қабылдау, оның қыр-сырын ой таразысынан өткізе пайымдау, соның салдарынан жинақталар ақпараттар мен мәліметтерді жадыда сақталар қор ретінде жүйелеу - барлығы тілдік бірліктердің болмысын ішкі және сыртқы әсерлер тұрғысынан талдауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, құрылымдық принциптер логикалық және танымдық қағидаларға ұласып, тіл ғылымының өрісі кеңейте түспек. Бұл күні қазақ тіл білімінің танымдық бағытын зерделеу, оның себеп-салдарын айғақтау, ғылыми-теориялық ұстанымдары мен ұғымдық бірліктерін жүйелеу әрі когнитивтік парадигма негіздерін анықтау өзекті тілдік мәселелер ретінде күн тәртібіне еніп келеді. Қазақ лингвистикасының тарихын тілтаным теориясының қалыптасуымен байланыстыру, соның негізінде жекеленген тұлғалардың тілтанымдық тұжырымдарымен танысу, сол арқылы қазақ халқының төл қазынасын құрайтын құндылықтарына зер салу, оларды зерттеу нысанына қарай арнайы бағыттарға топтап қарастыру - барлығы дерлік қазақ тіл біліміндегі когнитивтік ұстанымдардың бастамасын зерделеуге, олардың негізін әлемдік қордың бір бөлшегі есебінде бағалауға көмектеседі, яғни қазақ тіл білімінің тарихи негізінен бастау алатын тілтаным теориясы уақыт сұранысынан туындай келіп, қазіргі жалпы лингвистиканың өзекті мәселесіне айналғаны көпшілікке мәлім.Адамзат тіршілігінің ең басты құралы деп танылатын тіл болмысына зер салу, сөз мағынасын халықтық таным тұңғиығынан өрбіту, тіл тарихын адамның қабылдау, пайымдау, ойлау тарихымен ұштастыру, дәстүр мен жаңашылдық үдерістерін танымның динамикалық табиғатымен үйлестіру, сол арқылы универсалды, яғни барша жұртқа ортақ ұстанымдарға қол жеткізу қазақ тілінің өрісін кеңейтуге, өркениетті мемлекеттің қоғамдық-әлеуметтік мүмкіндігін арттыруға әсер етері хақ. Демек, бүгінгі тіл ғылымының атқарар қызметі де, жол бастар соқпағы да айрықша. Оны ұсынылып отырылған тілтанымдық тұжырымдар, бір жүйеге келтірілген универсалды принциптер, топталып берілген когнитивтік ұғымдар мен бағыттар парадигмасы, сөзсіз, дәйектей түседі.
Таным негіздерін, оның өзге құбылыстармен байланысын зерттейтін ғылымның өзі әр түрлі салаларға жіктелетіндіктен, аталмыш ұғымның аясы да ғылыми тұрғыдан әркелкі түсіндіріліп келеді. Когнитивтік лингвистика - ғаламның тілдік бейнесінің концепциялары тұрғысынан тіл білімін жүйелеу мен құрудың құралы. Когнитивтік қызметтен тілдің танымдық, затдеректік (денотаттық), референция қызметтері бірге танылады. Когнитивизмнің басты зерттеу нысанасы - адамзаттық когниция. Когниция - бұл танымның өзгеше сипаты, ол адамды қоршаған шынайы болмыс туралы жан-жақты мәлімет беретін, сезім, қиял, қабылдау, ақыл-парасат сияқты әрекеттермен бірлікте дамитын құбылыс ретінде айқындалады. Демек адамның когнитивтік әлемі оның ойлау әрекеті мен тәжірибесі арқылы анықталады.
Когнитивті терминдер сөздігінде танымдық тіл ғылымында адамзат тілін жалпы хабарды ұсынуға, оны бір күйден екінші күйге ауыстыруға мүмкіндік беретін таңбалар жүйесі, таным механизмі әрі құралы ретінде қарастыратын лингвистика саласы деген анықтама берілген. Психолингвистикамен тығыз байланыста бола отырып, когнитивті лингвистика сана, қабылдау, сыртқы ортамен үздіксіз қатынаста болу, тану, бақылау, пайымдау секілді проблемаларды ұғым, семантика тұрғысынан талдап көрсетуге бағытталады.
Қазақ тілін когнитивтік зерттеуге арнаған алғашқы жұмыстардың бірі ретінде Қ.Ә.Жаманбаеваның Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана атты монографиясын атауға болады. Бұл жұмыста тілдік сана құрылымы, гештальт теориясы, тілдік сана және мәтін құрылымы, тілдік модельдер, мұң концептісі т.б. когнитивтік мәселелер қарстырылған [1].
Профессор Ж.Манкееваның Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері атты мақаласында М.Бирвиш, Хомский, Лакофф, Коок, Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян және тағы басқалардың есімдерімен байланысты когнитивтік лингвистиканың пайда болуы мен дамуына қысқаша шолу жасалады [2].
Өзіміз байқағандай, қазақ және салыстырмалы тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың түрлі мәселелері мен проблемаларын зерттеу белсенді түрде жүргізілуде, екі не одан да көп нәрселер мен құбылыстардың артық-кемдігі сарапқа салынуда, өйткені когнитивтік әдіс тілдің адаммен, оның ақыл-ой, рухани жағынан күшті дамуымен, барлық ойлау және ақиқат дүниені, өмірді танып білу жөніндегі білім процестерімен, сондай-ақ соның негізін құрайтын механизмдер және құрылымдармен алуан түрлі байланысындағы тілдің жарқын болашағын көре білуге жол ашады.
Әр адамның қоршаған орта, құбылыстар, іс-әрекеттер, мінез-құлық туралы түсініктері әр түрлі болады. Бұл жайында Б.Қасым: Қоршаған ортаны түрлі адам бірдей қабылдап, таниды деп айту қиын. Әр адам өзінше танып, өзінше қабылдайды және ол сол адамның белгілі тәжірибесіне, қабілетіне біліміне, ерекшелігіне байланысты, -- деген еді .
Әркім іс-әрекеттерге, мінез-құлыққа, құбылыстарға өзінің ойлау өресі жеткенше, өз түсінігі шеңберінде баға береді. Сөзіміз дәлелді болу үшін мысалдар келтіре кетейік. Мәселен, құралайды көзге атқан деген тұрақты сөз тіркесі адамның мергендігін, яғни бағытталып айтылған адамға жағымды баға беріп, мақтау мәнінде қолданылады. Сол сияқты төрт түлігі сай адам немесе мал біту деген сөз тіркестері байлық, бай, баю мағыналарын береді. Бұдан қазақ халқы байлықты төрт түлік малмен өлшегендігін көруімізге болады.
Қазіргі лингвистикада когнитивті бағытқа сай нәтижеге жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
1. Ғаламды тану мен пайымдау, іс-әрекеттің даму барысы.
2. Ғалам туралы ақпарат алу, қайта өңдеу және беру процесіндегі тілдік білімдер.
3. Білімді концептілеу мен категориялау процестері, мәдениет тұрақтылығын тілдік тұрғыдан категориялау мен концептілеудің құралдары мен тәсілдерін суреттеу.
4. Концептілік аймақты ұйымдастыратын және оның мүшеленуінің негізгі болып табылатын әмбебап концептілер жүйесін суреттеу.
5. Ғаламның тілдік бейнесі мәселелері.
Сонымен, когнитивтік тіл білімі тілдік құбылыстар арқылы концептуалдық жүйені де зерттейді. Концепт сөздерінің беретін ұғымын түсіну арқылы жеке бір адамнан бастап, қоғамдық топтардың, бүкіл бір ұлттың, халықтың ой-өрісінің, дүниетанымының ерекшеліктері айқындалады. А.Исламның айтуынша әр ұлттың концептілер жүйесін дүниетаным құндылықтары құрайды. Әр қоғамдық даму кезеңдерге сәйкес тіл және мәдениет иелерінің абстрактілі концептілерді танып-түсінуде өзгерістер болғанымен, негізгі дүниетанымдық мәні өзгеріссіз ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады [3].
2.Когнитивтік (танымдық) лингвистика: қалыптасуы мен дамуы
Когнитивизм -- адам ақыл ойын, олармен байланысты менталды процестерді зерттеу объектісі етіп алған ғылымдарға бағытталады. Қазіргі кезде ғылым салаларында когнитивті төңкеріс туралы сөз болуда. Американдық белгілі лингвист Н. Хомский: Когнитивтік төнкеріс ақыл-ой мен мыйдың жағдайын, олардың адамның когнитивті болмысына: танымына, біліміне, ұғымына, түсінігі мен сеніміне қалай ықпал ете алатынын зерттейді деп жазды. Адамның білімі мен түрлі ақпараттарды қабылдауына қатысты процесс когнитивтік немесе когниция деп аталады. Оларға интеллектуалды, менталды терминдері синоним бола алады.
Адам интеллектісімен, ойлау заңдылығымен ерте заманнан бері логика, философия, физиология, психология айналысып келеді. Философияда таным теориясымен айналысатын гносеология бөлімі бар. Алайда когнитивистика аясында байырғы мәселелер жаңаша түсіндіріле бастады.
Когнитивистикада адами когницияға басты мән беріледі, ол тек бакылауға алынған іс-әрекет деңгейінде зерттеліп қоймай, оның менталды (ішкі кабылдау, жүйесі), адамның когнитивтік әлемі, тілдің белсенділік әрекетімен ілгерілеп отыратын мінез құлқы мен іс әрекеті бойынша зерттеліп, қалыптасып қатар қаралды.
1960 жылы американдық профессорлар Дж. Миллер мен Дж. Бруннер Гарвард университетінде когнитивтік зерттеудің алғашқы орталығын құрды.
ХX ғасырдың аяғында тілді зерттеу адамның танымдық қызметі тұрғысынан қарала бастады. Сөйтіп, когнитивтік лингвистика когнитивизм бағытында пайда болды. Когниция -- когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымы. Ол білім мен ойлау, танымның тіл арқылы танылуын қарастырады. Тіл -- мәдениет пен қоғамнан да жоғары дәрежеде адам танымы мен мінез-құлқына жол ашады.
Адам санасы мен ойлау процесіндегі құбылыстар тіл арқылы ғана белгілі болады.
Когнитивтік лингвистика сияқты психолингвистика, этнолингвистика, соцлингвистика ғылымдарының пайда болуы тіл білімінде үлкен өзгеріс тудырды.
Когнитивтік лингвистиканың негізгі кұралдары: есте сақтау бірліктері -- таным, гештальт теориясы, тілдік сана және т.б. Когнитивтік лингвистика дүние бейнесін сипаттауға бағытталады.
Дүние туралы белгілі бір дүниетанымның қалыптасуы психикалық сәулеленудің үш деңгейінің өзара қатысымдылығына байланысты: сезімдік қабылдау деңгейі, қабылдауды қалыптастыру деңгейі, сөйлеу-ойлау процесс деңгейі.
Когнитивтік лингистикада тілдің таным кұралы және танымның алғы шарты екендігі басты назарда ұсталынады. В. Гумбольдт кезінде тілдің адам болмысы мен танымының барлық аясын қамтитын адами рухтың басты қызмет екендігін баса көрсеткен болатын.
Когнитивтік лингистиканың негізгі үғымдары: ойлау, білім, когниция, дүниені тілдік көру, менталдылық, концепт т.б.
Когнитивтік лингвистика -- XX ғасырдың 70 жылдары Европада кең таралған лингвистикалық бағыт болып саналады. Бұл лингвистикалық бағыт өзінің пайда болған отаны Америка Құрама Штаттарында когнитивті грамматика деп аталса, Ресейде когнитивті семантика-когнитивтік зерттеулердің алғашқы бастауы болды. Когнитивтік лингвистиканың пайда болуы лингвистикалык зерттеудегі әдіснамалық ілгерілеу болды. Тілді зерттеудің когнитивтік (танымдық) сипатының қалыптасу тарихын түсіндіру үшін зерттеушілер мынадай фактіні келтіреді.
1970 жылдары американдық лингвист Чейфтің түсіндіруінше, ағылшын тілінде қандай да бір оқиға туралы мәлімет көпшілікке жеткізілер болса, хабарлы сөйлем, интонация, когнитивті күш-жігер жұмсалатындығына тоқталды.
Когнитивтік лингвистика бірнеше ғылым түрлерінің өзара қатысымдылығы негізінде пайда болды:
Когнитивтік ғылымдар (когнитология, когиотология).
Оның зерттеу обьектісі -- адами танымның кұрылымы мен қызметі.
1960-70 жылдардың шегінде жасанды интеллектіде мынадай түсінік қалыптасты: адамдағы интеллектуалды үдерістер адам ойлауының әмбебап заңымен пара-пар бола алмайды. Интеллектуалды тапсырмалардың басым
көпшілігін адам баласы вакуумда немесе таза жады арқылы емес,
жадыда бұрыннан сақталған білім қоры негізінде орындай алады.
Тіпті белгілі бір ережелерге сай құрылған шахмат ойынының өзін шебер ойнау үшін адамның жинақталған таным қоры болуы қажет.
Когнитивтік психологияны когнитивті лингвистиканың қалыптасу көзіне жатқызамыз. Когнитивті лингвистика когнитивті психологиядан концепт ұғымын алады.
Когнитивтік грамматика термині 1975 жылы Дж Лакофф пен Г.Томпсонның Когнитивті лингвистиканы таныстырамыз атты мақаласында қолданылды. 1987 жылы Р. Ланкагердің Когнитивті лингвистиканың негіздемесі еңбегінің бірінші томы жарық көрді. Сондай-ақ осы бағытқа арналған Дж Лакоффтың Әйелдер, от және қатерлі заттар атты еңбегі аталатын кітабы жарияланды.
XX ғасырдың 80 жылдарындағы Л. Тальми, Ч. Филмор, У.Чейфтің мақалалары когнитивті лингвистиканың дамуындағы ерекше кезеңі болды. XX ғасырдың 90 жылдарының басына дейін когнитивті лингвистика ғылымы бір-бірімен байланысы жоқ жеке зерттеулермен толықты.
Бұл -- Дж. Лакофтың, Р. Ланкагердің, Т. ван Дейктің (Нидерландтық),
Дж. Хэйманның (Канадалық) зерттеу бағдарламалары.
90 жылдардың ортасында Европада когнитивті лингвистикаға арналған алғашқы оқулықтар жарық көре бастады, олар: Ф. Укегер, Х. Шмид. Когнитивтік лингвистикаға кіріспе (1996) және Б. Хайне Грамматиканың когнитивті негіздемесі (1997). Орыс тіл білімінде алғаш рет когнитивті лингвистика В. И. Герасимовтың шолулары (1985) арқылы таныс болып, сексенінші жылдары қарқынды дами бастады.
Когнитивтік лингвистиканың дамуына ерекше үлесі болды деп
Ю. С. Степановтың Орыс мәдениетінің сөздігі кітабын айтуға болады. Бұнда бірінші рет мәдениет кұндылықтары талданады. Мәселен: Шындық, Заң, Махаббат, Сөз, Жан, Күнә, Ғылым, Интеллегенция, От, Су, Нан т.б.
Е. С. Кубрякованың Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігі еңбегінің де айтарлықтай маңызы болды.
Зерттеуші С.Г.Воркачаевтың тіл мен таным, тіл мен ойлау мәселесі жөнінде мынадай пікірі бар: Тіл мен таным процестерінің арақатынасын көрсету тіл қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді. Тіл мен ойлаудың, тіл мен танымның арақатысы адам баласының интелектуалды өмірінде құндылықтар қаншалықты рөл атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен таным арақатысын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрылымға түседі деген пікірін білдірген.
Қазіргі таңда когнитивтік лингвистиканың басты орталығы Калифорния университетінің Беркли және Сан-Диего бөлімдері, сондай-ақ, Буффалодағы Нью-Йорк университетінің Когнитивті ғылымдар орталығы. Европада когнитивті лингвистика әсіресе Голландияда, Германияда ерекше дамуда.
Зерттеушілердің көрсетуінше, қазіргі таңда когнитивтік лингвистика іштей бірнеше бөлімдерден тұрады:
Табиғи тілдің түсінілу және жасалу үдерісін зерттеу; Тарихи жағынан біршама байырғы зерттеу түрі. Мәтіннің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фонемаларды түзету
Қазақ тіл біліміндегі тіл мен таным бірлігі
Тілдің ұрпақ үшін қоғамдағы айрықша қасиеті
Когнитивтік лингвистиканың лингвомәдениеттану және этнолингвистика ғылымдарымен сабақтастығы
Қазақ-ағылшын тілдеріндегі гендерлік сипаттағы коммуникативтік бірліктер
Сөздер мен сөйлемдер құрылысы – адамның дүниетану жетістігі
ТІЛ ҚЫЗМЕТІНІҢ КОГНИТИВТІК 6 НЕГІЗДЕРІ
Ұлттық әшекей бұйымдардың тілдегі көрінісі
Танымның адам өмірінде алатын рөлін мәтінге талдау жасау арқылы айқындау
Жазғызбадың есті өлең
Пәндер