Дүние жүзі тілдерінің территориялық жіктелуі



Кіріспе 3
1. Дүние жүзі тілдерінің территориялық жіктелуі 4
2. Тілдің территориялық және әлеуметтік жіктелуі 8
3. Тіл . жалпы әлеуметтік құндылық. 11
Қорытынды 14
Қолданылған әдебиеттер 15
Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды.
1. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді.
а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы» бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, олады белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь).
б) «Одағай теориясы» бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазірге тілге негіз болады.
в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде «сөздермен» бірге мимикалар мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі адамдардың рухани әрекетімен, әрекет құралы болуымен байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф. Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды.
1. Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік себептерден ізделеді.
а) «Қоғамдық келісім теориясы» бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі.
б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде «еңбек айқайы теориясы» (Л. Нуаре, К. Бюхер) мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге «адамды адам еткен» факторларға енеді.
Қоғамдық теориялардың дұрыстығы – тілдің қоғамдық қажеттіліктен пайда болғаны шындық және ол қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда пайда болып, онымен бірге дамиды.
1. Ә.Қайдар, М.Оразов. «Түркітануға кіріспе»Оқу құрал.3-ші басылым.-Алматы: «Арыс» баспасы,2004ж-360бет.
2. Отар Әлі Бүркіт. «Түркітану» Алматы,200ж.
3.Ә.Қоңыратбаев,Т.Қоңыратбаев. «Көне мәдениет жазбалары». А,1991ж.40бет
4.Корш Ф.Е. «Классификация тюрских языков» Этнографический сборник.СПб.,1910 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3
1. Дүние жүзі тілдерінің территориялық жіктелуі 4
2. Тілдің территориялық және әлеуметтік жіктелуі 8
3. Тіл - жалпы әлеуметтік құндылық. 11
Қорытынды 14
Қолданылған әдебиеттер 15

Кіріспе
Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды.
1. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді.
а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған дыбысқа еліктеу қағидасы бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, олады белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь).
б) Одағай теориясы бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазірге тілге негіз болады.
в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде сөздермен бірге мимикалар мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі адамдардың рухани әрекетімен, әрекет құралы болуымен байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф. Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды.
1. Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік себептерден ізделеді.
а) Қоғамдық келісім теориясы бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі.
б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде еңбек айқайы теориясы (Л. Нуаре, К. Бюхер) мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге адамды адам еткен факторларға енеді.
Қоғамдық теориялардың дұрыстығы - тілдің қоғамдық қажеттіліктен пайда болғаны шындық және ол қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда пайда болып, онымен бірге дамиды.
Тіл философиясының ғылыми түсінігін кезіндегі археология мен єтнографияның, антропология мен социологияның т.б. зерттеулеріне сүйене отырып жасап берген К.Маркс пен Ф.Энгельс болды. Олардың ілімінше, адам тілінің табиғи қалыптасуына бірден-бір себеп болған адам тектес маймылдардың адамға айналу процесінің барысынла туған қоғамдық қажеттілік - алғашқы адамдардың бірлескен тіршілік іс-әрекеттерін үйлестіру қажетті еді. Демек, адам тілінің шығуы адам коғамының шығу, қалыптасу проблемасына барып тіреледі екен, өйткені біріншісі екіншісінің, яғни антропогенез бен социогенез проблемасының, құрамдас бөлігі болып табылады.

1. Дүние жүзі тілдерінің территориялық жіктелуі

Үндіеуропа тілдері шоғыры
Еуразиядағы ең ірі, жан-жақты зерттелген тілдер шоғыры -- Үндіеуропа тілдері шоғыры. Оның құрамына енетіндердің өзі бірнеше топқа, топтар тармаққа бөлінеді. Атап айтқанда:
* тек қана өлі тілдерден тұратын хетто-лувий (анатолы) тілдері тобы. Бұл топқа сына жазулы және иероглифті ескерткіштері сақталған хетто тілі, сына жазулы ескерткіштері сақталған лувий, лидий, ликий, сидет, писидий, т.б. өлі тілдер жатқызылады;
* үнді тілдері. Оған веда, санскрит, месопотамдық, көнеүнді, пракрит, оның ішінде пали, т.б. (өлі тілдер) және хинд, бихар, маратх, ория, бенгал, ассам, сингал, синдх, раджастхан, гуджарат, бхил, кхандеш, непал, гархвал, парья, сыған (тірі тілдер) тілдері жатады;
* иран тілдері. Оған авеста (зенд), көне парсы, мидия, пехлеви, парфян, соғды, хорезм, бактрия, т.б. (өлі тілдер), парсы, тәжік, пушту, курд тілдері, лур және бақтияр диалектілері, белуж, тат, талыш, гилян, мазандеран, парач, ормур, кумзар, осетин, памир (оның ішінде, шуғнан, рушан, бартан, орошор, сарыкөл, жазғұлам, ішқашым, мұнжан, вахан, идг), т.б. тілдер жатады. Кейбір Еуропа ғалымдары ежелгі сақ тілін де осы топта болған өлі тілдер қатарына жатқызып жүр. Бірақ мұндай көзқарастың негізсіздігін соңғы жылдардағы зерттеулер көрсетіп отыр;
* тохар тілдері тобы. Бұл топқа тохар А және тохар Б өлі тілдері жатады;
* армян тілі тобы. Оған армян тілі (грабар) жатады;
* фриг тілі тобы: фриг тілі(өлі тіл);
* фрак тілі тобы: фрак тілі (өлі тіл);
* иллир тілдер тобы: иллир және мессапс тілдері (өлі тілдер);
* албан тілі тобы: албан тілі;
* венет тілі тобы: венет тілі (өлі тіл);
* грек тілдері тобы: көне грек және орта грек тілдері (өлі тілдер), жаңа грек тілі;
* итали тілдері тобы: латын және умбр тілдері (өлі тілдер);
* роман тілдері. Оған француз, окситан (провансал), испан, каталан, галлисий, португал, итальян, сард (сардин), ретороман, румын, молдаван, арумын (аромун, македон-румын), исторумын, мегленит (19 ғасырдың аяғынан өлі тіл қатарында), далматын тілдері жатқызылады;
* кельт тілдері тобы: галль және мэн (өлі тілдер), вали (уэль), бретон, ирлан, гэль (шотлан) тілдері;
* герман тілдері. Оған гот, жоғарғы неміс тілі, оның ішінде көне жоғарғы неміс және орта жоғарғы неміс (өлі тілдер) тілдері, неміс, идиш (жаңа еуропа), голланд (нидерлан), африкаанс (бур), исланд, дат, швед, норвег (риксмол және лансмол -- екі әдеби тіл түрінде) тілдері жатқызылады;
* балтық тілдері тобы. Оған парус, ятваж, голяд, шалау, курш, селон өлі тілдері және литва, латыш тілдері жатады;
* славян тілдері тобы. Оған ескі славян, полаб, жоғарғы лужа, төменгі лужа (өлі тілдер), болгар, македон, серб, хорват, словен (словин), чех, словак, поляк, кашуб, орыс, украин, беларусь тілдері жатады.
Алтай тілдері макрошоғыры
Дүние жүзі тілдерінің ішіндегі ірі тілдер шоғырының бірі -- Алтай тілдері макрошоғыры. Бұл шоғыр шығу тегінің бірлігіне, туыстығына қарай түркі тілдерін, моңғол, тұнғыс-маньчжур тілдерін, сондай-ақ, аталған тілдерден алшақтап, тұйықталған корей және жапон тілдерін қамтиды: түркі тілдері -- Қиыр Шығыстан Жер Орта тілі мен Үнді мұхитына дейінгі кең-байтақ өлкеде тұрып жатқан 40-тан астам туыс халықтардың тілі. Бұл тілдерде қазіргі таңда 160 млн-ға жуық адам сөйлейді (1992). Олар лексика, грамматика, фонетика құрылымы жағынан бір-біріне өте жақын. Тек чуваш, саха (якут) тілдері ғана басқа туыс тілдерден оқшаулау тұр. Көрнекті түркітанушы Н.А. Баскаков түркі тілдерінің даму тарихын мынадай кезеңдерге бөледі:
* алтай дәуірі;
* ғұн дәуірі;
* көне түркі дәуірі (5 - 6 ғасырлар);
* орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі тайпаларының дамуы мен қалыптасу дәуірі;
* жаңа түркі дәуірі немсе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі (16 - 19 ғасырлар);
* ең жаңа дәуір (20 ғасыр) немесе түркі тілдерінің Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі даму дәуірі. Түркітану ғылымында Баскаков жасаған түркі тілдерінің төмендегідей жіктелім үлгісі орныққан.
Батыс ғұн тілдері:
І. бұлғар тобы (солтүстік-батыс тобы). Оған қазіргі чуваш тілі жатады;
ІІ. оғыз тобы (оңтүстік-батыс тобы). Осы екі топтың араласуынан үш тармаққа бөлінген түркі тілдері таратылады:
1) оғыз-бұлғар тармағы:
* а) гагауз тілі,
* ә) балқан түркілерінің диалектілері;
2) оғыз-салжұқ тармағы:
* а) Әзірбайжан тілі,
* ә) түрік тілі;
3) оғыз-түрікмен тармағы:
* а) түрікмен тілі,
* ә) трухмен тілі;
ІІІ. қыпшақ тобы (солтүстік-шығыс тобы).
1) Қыпшақ-бұлғар тармағы:
* а) татар тілі,
* ә) башқұрт тілі.
2) Қыпшақ-половец тармағы:
* а) қарашай-балқар тілі,
* ә) құмық тілі,
* б) қырым татары тілі,
* в) урум тілі.
3) Қыпшақ-ноғай тармағы:
* а) қарайым тілі,
* ә) ноғай тілі,
* б) қарақалпақ тілі,
* в) қазақ тілі;
ІV. қарлұқ тобы (оңтүстік-шығыс тобы):
* а) өзбек тілі,
* ә) ұйғыр тілі.
Шығыс ғұн тілдері:
І. ұйғыр-оғыз тобы (солт. тобы).
1) Ұйғыр-тукюй тармағы:
* а) тыва тілі,
* ә) тофа (қарағас) тілі;
2) якут тармағы:
* а) хакас тілі,
* ә) қамасин тілі,
* б) шор тілі,
* в) чулым тілі,
* г) сары ұйғыр тілі;
ІІ. қырғыз-қыпшақ тобы (оңтүстік тобы):
* а) қырғыз тілі,
* ә) алтай тілі (қ. Түркі тілдері).
Моңғол тілдеріне: моңғол, бурят, қалмақ, моғол (Ауғанстан), дағұр (Солтүстік-Шығыс Қытай), монғор, дуньсян, баоан және шираюгур (Қытайдың Ганьсу және Цинхау аймақтары) тілдері кіреді. Тұңғыс-маньчжур тілдеріне: эвенко (солон, негидаоль), эвенск, удэгей (ороч), нанай (ульс, орок), маньчжур (чжуржэн) тілдері енеді.
Орал тілдері макрошоғыры
Угро-финн тілдері:
* Балтық-финн тілдері тобы: финн, ижор, карель, веппс, вод, эстон, лив (өлі тіл) тілдері;
* еділ тілдері тобы: эрзя, мокша, марий тілдері;
* перм тілдері тобы: коми-зырян, коми-перм, удмурт тілдері;
* угор тілдері тобы: ханти (остя), манси (вогуль), венгр, саам (финн) тілдері;
* самоди тілдері тобына: камасин, койбал, матор, таги, карагас (өлі тілдер) және ненец (юрако-самоед), энец (енисей-самоед), нганасан (тауги), селькуп (остяк-самоед) тілдері жатады. Драуди тілдері шоғырына: телуг, тамиль, каннада, малаялам, тулу, кодагу, кота, ирул, конд, т.б. тілдер енеді. Афразия тілдері макрошоғыры бес (немесе алты) негізі бұтаққа тармақталады: семит тілдері, көне египет тілі (өлі тіл), бербер-ливи тілдері, чад тілдері, кушит (және омот тілі болуы мүмкін) тілдері. Семит тілдері тармағына: аморей, угарит, көне еврей, финик-пуни, ескі арамей, амхар (өлі тілдер), араб (классикалық араб, атауи түбегі диалектісі, сонымен қатар, египет, сирия, судан, ирак, мағриб, хасанийа, шоа, мальта тілдері); амхар, тиграй (тигре), иврит, сокот, ассир тілдері жатқызылады.
Бербер-ливия тілдері тармағы 4 топқа бөлінеді:
* шығыс тілдер тобы: сиуа, ауджила, сохна, фоджаха тілдері;
* оңтүстік тілдер тобы: гхат, ахнет, тамахак, аир, тауллеммет, кель арокас, кель антессар тілдері;
* батыс тілдер тобы: зенага диалектісі;
* солтүстік тілдер тобы: тиндуфт, иглиуа, тазервальт, нтифа, сенхажа, шенуа, сиус, зуар. Чад тілдері тармағына: хауса, гвандар, ангас, сура, чип, герка, боккос, тангале (тангле), вардж, боггом, бад, тера, жар, марг, кильб, бана, бата, гуде, нзанги, ламанг, сукур, матакам, будума, гавар, маса (банана), нанчере, барейн тілдері жатқызылады.
Кушит тілдері тармағы бес топқа бөлінеді:
* солтүстік кушит тобы: бедәуйе (беджа) тілі;
* орталық кушит тілдері тобы: агав тілдері;
* шығыс кушит тілдері тобы: сидамо, хадия, камбатта, алаба, сомали, байсо, бони, оромо, консо, гидоле, варази, цамай тілдері;
* оңтүстік кушит тілдер тобы: ираку, горов, алагва, нгомви, сань тілдері;
* батыс кушит тілдері тобы: ари-банн, шоко, дизи, каффа, моча, бваро, анфилло, воламо, бадитту тілдері.
Ибер-кавказ тілдері шоғыры үш топқа бөлінеді:
* абхаз-адыгей тілдері тобы: абхаз, абазин, убых, адыгей, кабардин-черкес тілдері;
* картвель тілдері тобы: грузин, мегрель, лаз (чань), сван тілдері;
* нахс-дағыстан тілдері тобы: шешен, ингуш, бацби, авар, ботлих, годобер, ахвах, каратин, тиндин, чамалин, анди, лак, дарғын, лезгин тілдері.
Палеоазия тілдері шоғыры шартты түрде беске бөлінеді:
* чукот-камчат тілдері тобы. Оған чукот (луораветлан), коряк (нымылан), алютор, керек, ителмен (камчадал) тілдері жатады;
* эскимос-алеут тілдері тобына: эскимос, алеут тілдері жатады;
* Енисей тілдері тобына котт, арин, пумпоколь (өлі тілдер), кет (енисей-остяк), ассан, сым (юг) тілдері жатады;
* юкагиро-чуан тілдер тобына чуан, омок (өлі тілдер), юкагир тілдері енеді;
* нивх тілі.
Қытай-Тибет тілдері шоғыры
Қытай-Тибет тілдері шоғыры -- ең ірі тіл шоғырының бірі. Ол екі тармаққа бөлінеді:
* шығыс (қытай-тай) тілдер тобы. Оған қытай, тай, мяо-яо, дүнген, т.б. тілдер жатқызылады;
* Тибет-бирма тілдері тобы. Оған бирман, тибет, карен, хан, манипури (мейтхай), бодо (качари), цзинпо (качин), лису, таманг, невар, гурунг тілдері жатады.

2. Тілдің территориялық және әлеуметтік жіктелуі
Тіл және қоғам. Тіл - қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен пайда болған және қоғамда пайдаланылатын құрал. Бұжан тілдің келесі басты қызметі шығады. Яғни тіл - адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы. Бұл кең түсінік: тіл арқылы хабарды жеткізуге (информативтік және констациялаушы функциясы), немесе хабарды алуға (сұрау функциясы) болады. Сонымен бірге қозғау салуға, бұйыруға, өтінуге (аппелятивтік функциялары) т.б. болады. Бұлардың хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлемдерге сәйкес келетінін байқауға болады. Келесі мәселе тілдің қоғамдағы жіктелістері. Ол тілдің қоғамдық дифференциялары деп аталады. Оның негізгілері:
1. Әлеуметтік дифференция әдеттегі кәсіби сөздерді, терминдерді, жаргондарды береді. Яғни тілде адамдардың әлеуметтік топтарына, мамандығына, шаруашылық кәсібіне байланысты жіктелулер бар. Терминдер, арнайы сөздер белгілі бір сала бойынша қолданылады. Оларды әдетте ғылыми терминдер, өнер терминдері және спорттық терминдер деп бөледі. Кәсіби сөздер, профессионализмдер әлеуметтік диалект деген татаумен де белгілі. Олар адамдардың, өлкенің шаруашылық кәсібіне байланысты, соған тән сөздер. Мысалы балық, егін, бақша өнімдері, мал шаруашылығы, құсбегілік, аңшылық немесе өндірістік аймақтардың сол шаруашылыққа байланысты ғана қолданылатын сөздері жатады. Ал жаргондар адамдардың әлеуметтік топтарына байланысты қолданылатын сөздер, бұл мағынасында әскерилердің жаргоны, студенттік жаргон, қылмыскерлердің жаргоны, компьютерлік жаргон деген ыңғаймен қолданыла береді, бұл ауызекі тілде молынан ұшырасады, әдеби тілге енбейді. Жасөспірімдердің тіліндегі сөйлеу ерекшеліктері сленг деп аталады. Бұлар тілдік модаға, сәнге байланысты өзгеріп отырады. Лингвистикада бұлардың бәрін жинақтап, әлеуметтік дифференция бойынша сөздердің түрлерін социолект деп атайды.
Бұл атаулар әдеби тілге енбейтіні болмаса, жағымсыз мағынада қолданылмайды. Шындығында, қазіргі әдеби тілде бір кездегі жаргондар сөздің ауыспалы мағынасы немесе, лексико-семантикалық варианты, тұрақты сөз тіркесі түрінде молынан ұшырасады.
2. Территориялық дифференция тілдегі диалектілерді, говорларды тілдің варианттарын береді. Мысалы ағылшын тілінің диалектілерімен қатар, америкалық, австралиялық, британиялық, жаңа зеландиялық, оңтүстік африкалық, канадалық деп аталатын нұсқалары бар. Ал диалектілер - жергілікті аймақтардың тілдік ерекшеліктері. Ол фонетикалық (сөздің айтылуындағы дыбыстық айырмалар), лексикалық (сол аймақта ғана қолданылатын сөздер) және грамматикалық (аймақтар бойынша сөз тұлғаларының айырмасы) диалектілер болып бөлінеді. Говорлар, сөйленістер - деген аймақтың ішіндегі сөйлеу ерешелігі бар шағын аудандар. Картаға түсіргенде диалект аймақтарының шекарасын изогластар бөліп тұрады. Бұл диалектология ғылымының зерттеу объектісі. Кейде диалект мен тілдердің айырмасын белгілеу қиын болады: бір тілдің екі диалектісі бір-бірін түсінбеуі де мүмкін, керісінше екі басқа тілде сөйлеушілер толық түсініседі. Бұл жағдайларда халықтың тілі деген түсінікке ғана қарайды.
Тіл өзінің бағытталуы бойынша монологті, диалогті, полилогті түрлерде жарық көреді. Монологті тіл кейінгі деп есептеледі. Себебі тіл, қарым-қатынас қажеттілігінен пайда болған.
Тіл және қоғам мәселелеріне тілдің мәртебелері, қолданылу аясы, мемлекеттік және ресми тіл, халықаралық қатынас тілі статустары, тілді дамыту мәселелері де жатады. Қазір әлемде шамамен 6000-ға жуық тірі тіл бар деп есептеледі. Олардың 70 пайызының жазба тілі жоқ және жойылып кетудің алдында тұр. Әлемдік тілдер деген атауды негізінен БҰҰ-ның ресми жұмыс тілдеріне қолданылады. Олар қытай, ағылшын, испан, француз және орыс тілдері. Тілдің таралуын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдерінің жіктелуі. Түркі тілдерінің классификациясын жасаудың маңызы. Жетістік-кемістіктері. М.Қашқари "Диуани лұғат ат түрік" сөздігі
Түркі тілдерінің жіктелуі жолдары
Түркі тілдерінің жіктелуі жайлы мәлімет
Дүние жүзі тілдері
Тілдердің классификациясы
Түркі тілдерінің зерттелу тарихы
Түркі тілдерін жіктеу тарихы мен болмысы
Сөз және мағына
Әлемдегі халықтардың өсу деңгейі
Түркі тілдерінің жіктелуі (классификациясы)
Пәндер