Тілдердің классификациясы



Кіріспе 3
1. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы. 4
2. Тілдердің типологиялық классификациясы 6
3. Дүние жүзі тілдерінің жіктелуі 7
4. Типологиялық жіктелім 12
Қорытынды 15
Әдебиеттер 16
Құрылымдық ұқсастық бір негізден тараған туыстас тілдердің арасында ғана емес, сонымен бірге әр басқа негізден тараған тілдердің, яғни генеологиялық жағынан әр басқа тілдердің арасында да болуы мүмкін. Мұның үстіне, тусытас тілдердің арасында да құрылымдық жағынан елеулі айырмашылықтардың болуы әбден ықтимал. Ал туыстас тілдердің арасындағы құрылымдық айырмашылықтарды салыстырмалы тарихи тіл білімі тұрғысынан түсіндіру әрқашан мүмкін бола бермейді. Мұндай ұқсастық пен айырмашылықтарды айқындау, олардың себептерін зерттеу және тіәлдердің құрылымдық типтерін белгілеу барысында тіл білімінде оның бір саласы – лингвистикалық типология пайда болды. Лингвистикалық типология тілдердің құрылымдық ұқсастығы мен жақындығын олардың туыстығына байланыссыз зерттейді.
Лингвистикалық типология тілдердің типтерін айқындауды мақсат етеді. Алайда, лингвистикалық типология пайда болғаннан бері ұзақ уақыт (150жылдан астам) өткенімен, тілдік тип туралы ұғым мен тілдердің типтерінің пайда болу себептері әлі де болса жете айқындалмай келеді.
Тілдердің типін анықтау, сайып келгенде, тілдің құрылысын айқындау болып келеді. Алайда белгілі бір тілдердің қандай типіне жататындығын айқындау үшін әдетте сол тілдің барлық қасиеттері мен ерекшеліктері емес, оның басты белгілері негізге алынады. Тілдерге типологиялық классификация жасауда грамматикалық формалардағы аналитизм мен синтетизм құбылыстарының арақатынасы, бұлардың бірінің басым бірінің аз не мулдем болмауы, түбір морфема мен аффикстік морфемалардың байланысу сипаты, ішкі флексияның болуы не болмауы, анықтауыш пен анықтағыштың арасындағы байланыстың түрлері, сөйлемнің эргативтік конструкциясы, сөздердің орын тәртібінің ерекшеліктері және тағы басқа осылар тәріздес тілдік құбылыстар ескеріледі.
1. Маслов Ю. С. Введение в языкознание. М.,1987.
2. Кодухов В. И. Введение в языкознание. М.,1987.
3. Реформатский А. А. Введение в языковедение. М., 1967.
4. Будагов Р. А. Введение науку оязыке. М.,1965.
5. Широков О. О. Введение в языковедение. М.,1985.
6. Головин В. А. Введение в языкознание. М., 1983.
9. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. А., 1995.
9. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1978.
10. Степанов Ю. С. Основы языкознания. М.,1992.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3
1. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы. 4
2. Тілдердің типологиялық классификациясы 6
3. Дүние жүзі тілдерінің жіктелуі 7
4. Типологиялық жіктелім 12
Қорытынды 15
Әдебиеттер 16

Кіріспе
Құрылымдық ұқсастық бір негізден тараған туыстас тілдердің арасында ғана емес, сонымен бірге әр басқа негізден тараған тілдердің, яғни генеологиялық жағынан әр басқа тілдердің арасында да болуы мүмкін. Мұның үстіне, тусытас тілдердің арасында да құрылымдық жағынан елеулі айырмашылықтардың болуы әбден ықтимал. Ал туыстас тілдердің арасындағы құрылымдық айырмашылықтарды салыстырмалы тарихи тіл білімі тұрғысынан түсіндіру әрқашан мүмкін бола бермейді. Мұндай ұқсастық пен айырмашылықтарды айқындау, олардың себептерін зерттеу және тіәлдердің құрылымдық типтерін белгілеу барысында тіл білімінде оның бір саласы - лингвистикалық типология пайда болды. Лингвистикалық типология тілдердің құрылымдық ұқсастығы мен жақындығын олардың туыстығына байланыссыз зерттейді.
Лингвистикалық типология тілдердің типтерін айқындауды мақсат етеді. Алайда, лингвистикалық типология пайда болғаннан бері ұзақ уақыт (150жылдан астам) өткенімен, тілдік тип туралы ұғым мен тілдердің типтерінің пайда болу себептері әлі де болса жете айқындалмай келеді.
Тілдердің типін анықтау, сайып келгенде, тілдің құрылысын айқындау болып келеді. Алайда белгілі бір тілдердің қандай типіне жататындығын айқындау үшін әдетте сол тілдің барлық қасиеттері мен ерекшеліктері емес, оның басты белгілері негізге алынады. Тілдерге типологиялық классификация жасауда грамматикалық формалардағы аналитизм мен синтетизм құбылыстарының арақатынасы, бұлардың бірінің басым бірінің аз не мулдем болмауы, түбір морфема мен аффикстік морфемалардың байланысу сипаты, ішкі флексияның болуы не болмауы, анықтауыш пен анықтағыштың арасындағы байланыстың түрлері, сөйлемнің эргативтік конструкциясы, сөздердің орын тәртібінің ерекшеліктері және тағы басқа осылар тәріздес тілдік құбылыстар ескеріледі.
Тілдердің типологиялық класстфикациясында мына бір жайды ескермеске болмайды: белгілі бір тілде тілдердің бір емес, бірнеше типіне тән ерекшеліктер мен белгілер, әдетте ұшыраса береді. Осыны ескергенде, әрбәр тілді политипологиялы деуге болады. Мұның өзі тілдердің жалпы типологиялық классификациясын жасауда нақтылы бір тілді тілдердің белгілі бір типологиялық тобына жатқызу мәселесін шешуді қиындата түседі.
1. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы.
Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы деген дүние жүзі тілдерін өзара бір-бірімен туыстығына қарай салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастыру. Соған байланысты алынған тілдердің топтары тілтану ғылымында тіл жанұялары деп аталады, олар өзінің ішінен жақын туыстығына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Тіл жанұялары алыстан бірігетін макрожанұяларға топтастырылады.
Қазіргі кезде әлем тілдері төмендегідей тіл жанұяларына бөлінеді:
1. Үндіевропа тілдеріне қазіргі үнді (хинди, урду, бенгаль, маратхи), иран (иран, тәжік), роман (француз, испан, португал, итальян, румын), славян (орсы, поляк, чех, словак, украин, белорус, серб, хорват), герман (неміс, ағылшын, дат, швед, норвег, галл), балтық (латыш, литван), грек, албан, келть, армян, нуристан тіл жанұялары жатады. Сонымен бірге өлі тіл жанұялары анатлия, тохар, иллирия, скиф, кушан т.б. енгізіледі.
2. Афразиат тілдері: семит (араб, иврит), египет, омот, кушит, чад және бербер тілдері.
3) Дравид тілдері Үндістан түбегіне таралған (телугу, тамиль, каннада, малаялам).
4) Орал тілдеріне фин-пермь (фин, эстон, мордва), угор (венгр, ханты, мансы), самодий (ненец, эвен) тіл жанұялары жатады.
5) Алтай тілдеріне түркі (түрік, татар, азербайжан, қазақ, өзбек, ұйғыр, саха, қырғыз, тува, башқұрт), монғол (халха, қалмақ), тунгус-манчур (манчжур, эвен, нанай) және жапон, корей тілдері жатқызылады.
6) Чукот-камчатск тілдеріне чукот және камчат тіл жанұялары жатады.
Осы аталған ірі алты тіл жанұясын нострат тілдері деп атайды. Яғни бұлардың барлығы да бұдан 10-15 мың жыл бұрын өмір сүрген нострат тілдерінен таралған деген болжам бар.
Олар Африканың солтүстігінен бастап, Еуразия құрлығына өздерінен бұрын таралған палеоазиат тілдерін біртіндеп ығыстырып, осы аймаққа қоныстанады.
Келесі үлкен тіл жанұясы осы палеоазиат тілдері. Оған:
1. Солтүстік кавказ тілдері (абхаз, шешен, авар, ингуш)
2. Син-тибет (қытай, тибет)
3. Енисей (кет, юг)
4. На дене (аляска мен америкада таралған) тілдері жатады.
Одан кейінгі ірі тіл жанұясы тропикалық Африкаға тұтастай таралған. Бұларды нигеро-конголез тілдері деп атайды. Оның ішінде ірі тіл жанұялары бар: Банту (бенуэ-конго), ква, адамуа, индиго тіл жанұялары бар. Осы тіл макро жанұясына ніл-сахара тіл макро жанұясының жақындығы бар. Бұған шари-ниль, сахар, судан тіл жанұялары кіреді. Бұл тілдердің екі жанұясы енді нострат тілдеріне жақындасады.
Сондықтан аталған жанұялардың таралуын төмендегідей сипаттауға болады. Нострат тілдері басқа тіл макрожанұяларының ішінде нигеро-конголез және ніл-сахара тілдеріне ең жақын келеді. Яғни бұл халықтардың айырмасы соңғы екеуі негртұрпатты нәсіліне жатады, яғни бұл халықтардың арғы тегі негртұрпатты нәсілінен болған, нострат тілі жанұясы кезінде европойд нәсіл қалыптасады, бұл кейін олар Еуразия құрлығына өткесін болған өзгерістер. Әдетте бұл екі нәсіл жақын деп есептеледі. Ал монғол нәсілділердің тілдері алғашқыда палеоазиат тілдерінен көрінеді. Олар Еуразия құрылығына ертерек барған одан бұрынғы миграцияның ұрпақтары. Алтай тілдерінің (бастапқыда европалық) кейбір өкілдері (монғолдар, жапондықтар, корейлер) олармен монғолтұрпатты тектермен көп араласқаны байқалады. Түркі халықтары бұлардың арасындағы тым аралас нәсілге жатады. Палеоазиат тілдері негізінен қазір Кавказда сақталған және Оңтүстік-шығыс Азияда шоғырланған. Енді бұларға жақын келетіні Австралиялық тілдер. Бұл тіл жанұясы аустронезия, тасмания тіл жанұяларынан құралады да аустралиялық нәсілге жатады. Бұлар Оңтүстік-шығыс шығыс Азиядан Индонезияға одан Австралияға және мұхиттық аралдарға қарай тарала көшкен алғашқы миграцияның ұрпақтары.
Енді басқа тіл макрожанұяларының ішінен Америкалық үндістердің тілдерін бір макрожанұяға топтастырады. Оған на-дене тілдері енбейді, олар соңынан барған. Яғни бұдан 10 мың жыл бұрын негізінен Беринг бұғазы арқылы Америкаға алғаш аяқ басқан тайпалардың ұрпақтары болып саналады. Негізгі нәсілі амер-индиялық болып табылады. Бұл америкалық үндістердің тілдері де өз кезегінде көптеген тіл жанұяларына бөлінеді.
Енді қалған үш тіл макрожанұясы туралы пікірлдер көп. Бірі Африкадағы койсан тілдері. Оларда алғашқы тілдің белгілері көп сақталған және ешбір тілге ұқсамайды. Сондықтан оларды ешқайда көшпей өз шыққан жерлерінде қалған тайпалардың ұрпақтары деп түсінуге болады. Келесісі - пауас тілдері (үнді-тынық мұхит жанұясы), және австротай (вьетнам, лаос, индонезия, май, яван т.б.) тілдері. Бұлар өз атамекенін (Африканы) ең алғаш тастап шыққан тайпалардың ұрпақтары болса керек деп есептеледі.

2. Тілдердің типологиялық классификациясы

Тілдерді фонетикалық грамматикалық құрылысына қарай бірнеше типке бөлуге болады. Сондықтан тілтану типологиясы, немесе салыстырмалы лингвистика ғылымы тілдерге әртүрлі тұрғыдан келеді:
1. Фонетикалық типология,
2. Синтаксистік типология.
3. Морфологиялық типология
Фонетикалық типология
1. Тілдер дыбыс құрылысты және буын құрылысты болып бөлінеді. Дыбыс құрылысты тілдерді сөздер дыбыстардан құралса, буын құрылысты тілдерде буындардан құралады. Буындар одан әрі бөлшектенбейді, ол тек инициаль (буынның басы) және финальға (буынның соңы) бөлшектенеді. Мысалы, еуропалық тілдер дыбыс құрылысты, Қытай тілі буын құрылысты. Дыбыс құрылысты тілдерде дыбыстар болады да, әріптермен жазады, буын құрылысты тілдерде дыбыстар болмайды, олар иероглифтермен жазады.
2. Монотониялық және политониялық тілдер. Монотониялы тауыс тоны сөз мағынасын ажыратпайды. Политониялы тілдерде сөздің мағынасын ажырататын дауыс тоны. Яғни сөздің айтылу әуені оның мағынасын көрсетеді. Политониялы тілдерге мысалы, Қытай, Вьетнам тілдері жатады. Онда сөздің мағынасын айтылу әуені анықтайды. Монотониялы тілдерде сөздің мағынасын оның құрамындағы дыбыстар анықтайды. Мысалы ағылшынғ орыс, қазақ, араб тілдері.
Синтаксистік типология.
Синтаксистік типология бойынша дүние жүзі тілдері үш топқа бөлінеді.
1. Номинативті тілдер - бұндай тілдерде бастауыш негізгі (атау, исходный) септігінде тұрады да баяндауышпен жақ бойынша қиысады, баяндауыш немесе көмекші етістік соған сәйкес жіктеледі.
2. Эргативті тілдерде етістіктің салт немесе сабақты болуына қарай, белгілі бір септіктерді керек етуіне қарай бастауыштың (субъектінің) тұлғасы өзгеріп отырады, ал толықтауыш осы өзгерістерге керісінше басқа тұлғаларға орайласады. Яғни олардың тұрақты тұлғасы болмайды, бұл тұлға етістіктің қажетсінуіне байланысты.
3. Посессив (пассив) тілдерде етістіктер актив және пассив болып күрт қарсы қойылады да. Бастауыштың тұлғасы осыған байланысты болып келеді.
Қазіргі номинативті тілдердегі етіс категориясы осы өзгерістердің модификацияға ұшыраған бір тармағы болуы керек: етістер өзгергенде бастауыштар мен толықтауыштар (объектілер мен субъект) да өзгеріп кетеді.
Морфологиялық типология
Типологиялық классификациялардың ішінде ең жете зерттелгені морфологиялық типология. Онда әлемдегі тілдерді тұлғалық түрлену жүйесі бойынша топтастырады.
1. Түбір тілдерде сөз түрлендіруші аффикстер болмайды, сөздер орын тәртібі арқылы байланыса береді (қытай тілі).
2. Агглютинативті тілдерде жұрнақтар мен жалғаулар кең таралған және олар түбірдің үстіне бірінен соң бірі үстемеленіп жалғана береді де сөз ұзара түседі. Әлгі қосымшалар бір мағыналы болады, ал түбір өз тәуелсіздігін сақтайды, өзгермейді (қазақ тілі). (көше-көшелер-көшелерге-көшелеріміз ге).
3. Флективті тілдерде қосымшалар түбірдің көрінісіне өзгерістер енгізеді және ол қосымшаларда көп мағына болады, сондықтан сөздің көлемі ұзармайды, түбір өз ішінен өзгереді (орыс тілі). (улица-улицы-улицам-улиц)
Синтетикалылық индекс
Синтетикалылық индексін (Дж. Гинберг бойынша) алу үшін тілдегі текстіні алып, ондағы морфтардың санына сөздердің санын бөледі. Алынған көрсеткіш 2-ден төмен болса, аналитикалық, 2-ден 3-ке дейін болса, тіл синтетикалық, 3-тен жоғары болса, полисинтетикалық болады. Мысалы: tu be or not tu be, быть или не быть, болу немесе болмау. Аналитикалық тілде неғұрлым көп сөз қажет болады, синтетикалық тілде ол аз сөздің санымен беріледі, яғни аналитикалық тіл негізінен көмекші сөздерге сүйенеді, немесе сөз түрлендірушілерді қабылдауға бейім болмайды (ағылшын тілінде көмекші сөздер өте көп және екі септік бар), синтетикалық тілде негізінен қосымшаларға сүйенеді, түбірдің түрлену жүйесі бай болады (қазақ тілінде жұрнақ-жалғаулар көп және жеті септік бар).
Бұлайша топтастырудың тілдер арасындағы туыстыққа тікелей қатысы жоқ. Алдымен фонетикалық типология жөнінде.
1. Тілдер дыбыс құрылысты және буын құрылысты болып бөлінеді. Дыбыс құрылысты тілдерді сөздер дыбыстардан құралса, буын құрылысты тілдерде буындардан құралады. Буындар одан әрі бөлшектенбейді, ол тек инициаль (буынның басы) және финальға (буынның соңы) бөлшектенеді. Мысалы, еуропалық тілдер дыбыс құрылысты, Қытай тілі буын құрылысты. Дыбыс құрылысты тілдерде дыбыстар болады да, әріптермен жазады, буын құрылысты тілдерде дыбыстар болмайды, олар иероглифтермен жазады.
2. Монотониялық және политониялық тілдер. Монотониялы тауыс тоны сөз мағынасын ажыратпайды. Политониялы тілдерде сөздің мағынасын ажырататын дауыс тоны. Яғни сөздің айтылу әуені оның мағынасын көрсетеді. Политониялы тілдерге мысалы, Қытай, Вьетнам тілдері жатады. Онда сөздің мағынасын айтылу әуені анықтайды. Монотониялы тілдерде сөздің мағынасын оның құрамындағы дыбыстар анықтайды. Мысалы ағылшынғ орыс, қазақ, араб тілдері.

3. Дүние жүзі тілдерінің жіктелуі

Үндіеуропа тілдері шоғыры
Еуразиядағы ең ірі, жан-жақты зерттелген тілдер шоғыры -- Үндіеуропа тілдері шоғыры. Оның құрамына енетіндердің өзі бірнеше топқа, топтар тармаққа бөлінеді. Атап айтқанда:
* тек қана өлі тілдерден тұратын хетто-лувий (анатолы) тілдері тобы. Бұл топқа сына жазулы және иероглифті ескерткіштері сақталған хетто тілі, сына жазулы ескерткіштері сақталған лувий, лидий, ликий, сидет, писидий, т.б. өлі тілдер жатқызылады;
* үнді тілдері. Оған веда, санскрит, месопотамдық, көнеүнді, пракрит, оның ішінде пали, т.б. (өлі тілдер) және хинд, бихар, маратх, ория, бенгал, ассам, сингал, синдх, раджастхан, гуджарат, бхил, кхандеш, непал, гархвал, парья, сыған (тірі тілдер) тілдері жатады;
* иран тілдері. Оған авеста (зенд), көне парсы, мидия, пехлеви, парфян, соғды, хорезм, бактрия, т.б. (өлі тілдер), парсы, тәжік, пушту, курд тілдері, лур және бақтияр диалектілері, белуж, тат, талыш, гилян, мазандеран, парач, ормур, кумзар, осетин, памир (оның ішінде, шуғнан, рушан, бартан, орошор, сарыкөл, жазғұлам, ішқашым, мұнжан, вахан, идг), т.б. тілдер жатады. Кейбір Еуропа ғалымдары ежелгі сақ тілін де осы топта болған өлі тілдер қатарына жатқызып жүр. Бірақ мұндай көзқарастың негізсіздігін соңғы жылдардағы зерттеулер көрсетіп отыр;
* тохар тілдері тобы. Бұл топқа тохар А және тохар Б өлі тілдері жатады;
* армян тілі тобы. Оған армян тілі (грабар) жатады;
* фриг тілі тобы: фриг тілі(өлі тіл);
* фрак тілі тобы: фрак тілі (өлі тіл);
* иллир тілдер тобы: иллир және мессапс тілдері (өлі тілдер);
* албан тілі тобы: албан тілі;
* венет тілі тобы: венет тілі (өлі тіл);
* грек тілдері тобы: көне грек және орта грек тілдері (өлі тілдер), жаңа грек тілі;
* итали тілдері тобы: латын және умбр тілдері (өлі тілдер);
* роман тілдері. Оған француз, окситан (провансал), испан, каталан, галлисий, португал, итальян, сард (сардин), ретороман, румын, молдаван, арумын (аромун, македон-румын), исторумын, мегленит (ХІХ ғасырдың аяғынан өлі тіл қатарында), далматын тілдері жатқызылады;
* кельт тілдері тобы: галль және мэн (өлі тілдер), вали (уэль), бретон, ирлан, гэль (шотлан) тілдері;
* герман тілдері. Оған гот, жоғарғы неміс тілі, оның ішінде көне жоғарғы неміс және орта жоғарғы неміс (өлі тілдер) тілдері, неміс, идиш (жаңа еуропа), голланд (нидерлан), африкаанс (бур), исланд, дат, швед, норвег (риксмол және лансмол -- екі әдеби тіл түрінде) тілдері жатқызылады;
* балтық тілдері тобы. Оған парус, ятваж, голяд, шалау, курш, селон өлі тілдері және литва, латыш тілдері жатады;
* славян тілдері тобы. Оған ескі славян, полаб, жоғарғы лужа, төменгі лужа (өлі тілдер), болгар, македон, серб, хорват, словен (словин), чех, словак, поляк, кашуб, орыс, украин, беларусь тілдері жатады.
Алтай тілдері макрошоғыры
Дүние жүзі тілдерінің ішіндегі ірі тілдер шоғырының бірі -- Алтай тілдері макрошоғыры. Бұл шоғыр шығу тегінің бірлігіне, туыстығына қарай түркі тілдерін, моңғол, тұнғыс-маньчжур тілдерін, сондай-ақ, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдерінің жіктелуі жайлы мәлімет
Әлем тілдерінің топтастырылуы
Түркі тілдерінің зерттелу тарихы
Түркі тілдерін жіктеу тарихы мен болмысы
Түркі тілдерінің жіктелуі. Түркі тілдерінің классификациясын жасаудың маңызы. Жетістік-кемістіктері. М.Қашқари "Диуани лұғат ат түрік" сөздігі
Түркі тілдерінің жіктелуі (классификациясы)
Түркология
Н. А. Баскаков классификациясы. Түркі тілдерінің батыс және шығыс хұн саласы, оған кіретін негізгі тілдерге шолу жасау
Түркі тілдері жайында
Түркі тілдерінің фонетикалық жүйесі
Пәндер