Тіл мен ойлау


Кіріспе3
1. Жүйе және құрылым ұғымдары4
2. Тілдің жүйелік, құрылымдық сипатының белгілері5
3. Қазақ тіл білімін зерттеген ғалымдар6
Қорытынды7
Пайдаланылған әдебиеттер8
КіріспеТіл біздің ойымызды туғызып, оны жеткізіп қана қоймайды, сонымен бірге, ол адамдардың сан ғасырғы мол тәжірибесін сақтайды және оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады.
Дыбыс - тілдің материалдық бірлігі, сөздің құрастырушы бөлшегі. Ол тілдік форма болып саналады. Ендеше, сөз де, сөз тіркесі де, сөйлем де тілдік формалар, тілдік элементтер болып есептелінеді. Сөздің формасы оның дыбыстық құрамынан көрінеді де, мазмұны оның мағынасынан белгілі болады. Тілдегі әрбір сөз, сөз тіркесі, сөйлем кандай да болсын белгілі бір мағынаны, ұғымды, ойды білдіреді. Ұғым мен мағына және ой тілдік бірліктердің мазмұны болып табылады.
Тілдік форма мен мазмұнның арасындағы байланыс, яғни сөз бен мағынаның арасындағы байланыс - табиғи байланыс емес, ол шартты байланыс. Мысалы, "ұннан иленіп, табаға пісірілген тағам' деген ұғым мен оның нан деген лексикалық атауының арасындағы байланыс - табиғи байланыс болса, дүние жүзі халықтарының бәрі оны нан деп атаған болар еді. Жоқ. Олай емес, оны біреу - нан, екіншілер - хлеб, үшіншілер - brot (нем. ), төртіншісі - bread (ағыл. ) деп атайды. Олай болса, олардың арасындағы байланыс - кейіннен қалыптасқан шартты байланыс екен.
Адам өз ойын сөйлеп, не жазып білдіреді. Кім айқын ойласа, ол айқын, түсінікті сөйлей алады. Болмаса, керісінше, кім айқын, анық сөйлей алса, ол анық, айқын ойлай алады.
Бұған қарап, тіл мен ойлау тепе-тең, бірдей нәрсе деп ұғып қалуға болмайды. Неміс ғалымы В. Гумбольдт солай деп ұққан. Ол әр 41 түрлі тілдердің болуы әр түрлі ойлаудың нәтижесі, - деп есептеді. Бұл мүлде қате тұжырым болатын.
"Тіл мен ойлау тепе-тең" деп қателесушілер сияқты, "тіл мен ойлаудың арасында ешқандай байланыс жоқ, олар бір-бірінен мүлде бөлек" деп, қате тұжырымдаушылар да жоқ емес. Мәселен, американдық ғалымдар Л. Блумфильд пен З. Харрис осылай дейді. Алдыңғы пікір қаншалықты қате болса, соңғы пікір де соншалықты қате.
Сонымен, тіл мен ойлаудың арасына тепе-тендік белгісін қойып теңестіру де, ол екеуінің бірлігін жоққа шығарып, бірінен- бірін бөліп тастау да ешбір ғылыми негізі жоқ қате көзқарастар болып саналады.
Тіл мен ойлау ә рдайым бірлікте болады. Ойлау тілдегі сөздер мен сөйлемдердің негізінде іске асады, солар арқылы басқаларға белгілі болады . Басқаның ойын да тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы түсіне аламыз.
1. Жүйе және құрылым ұғымдарыҚұрылым, жүйе терминдері жалпы ұғымдарымен бір-біріне балама сөздер сияқты болып көрінуі мүмкін. Орыс тілінде структура, система сөдері кейбір мағыналарында бір-бірімен синоним бола алады. «Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде» система грек тілінен алынған, «құрамдас бөліктердің жиынтығы, бүтіні» деген ұғымды берсе, структура латын тілінен алынған, «құрылысы», «орналасуы» деген мағынаны меңзейді (Кодухов В. И., 1979. - 105 б. ) . Сондай-ақ структура сөзі көп мағыналарының бірінде: «4. Устройство, структура, представляющая собой единство закономерно расположенных и функционирующих частей» деген анықтамамен структура сөзінің мағынасына жуықтайды. В. И. Кодуховтың көрсетуінше, біз сөздің құрылымы дейміз де, бірақ септеу жүйесі деп қолданамыз. Олай болса, тілдің жүйелілігі мен құрылымдылығы тіл мен оның бірліктерін тұтас бірліктер ретінде түрлі қырынан қарастырады.
Қазақ тілінде жүйе сөзі белгілі бір реттелген, тәртіптелген, бірінен соң бірі реттеліп келетін, бір-бірімен байланысты бөлшектердің тұтастығын білдірсе, құрылым бүтіннің іштей бөлшектерге бөлініп, бір жүйеде топтасуын білдіретін сияқты. К. Ахановтың оқулығында (Аханов К., 1993. - 62 б. ) «бүтіннің элементтерінің арасындағы қатынастардың схемасы құрылым деп аталады» деп көрсетілген. Оқулық авторының пайымдауынша, жүйе тек құрылымнан тұрмайды. Әрбір жүйе оған тән және бір-бірімен байланысты үш түрлі атрибуттың - құрылым мен субстанцияның және қызметтің ұштасып келуінен және олардың диалекткалық бірлігінен тұрады.
Орыс тіл білімінде тілдің жүйесі дегеніміз - оның бірліктерінің типтік қатынастарына қарай категориялар мен ярустарға біріктірілген тізбесі(инвентарь), ал құрылым дегеніміз тіл бірліктерінің ярустары мен категориялары арасындағы байланыстар арқылы жасалады, - деген анықтама береді. Құрылым дегеніміз тілдік жүйенің бір белгісі ғана. Тілдік бірлік, тілдік категория, тіл ярусы, тілдік қатынас - тілдік жүйені анықтайтын, ашатын, түсіндіретін ұғымдар бола тұра, бір-бірімен сәйкесе бермейді (Кодухов) .
Тілдік бірліктер - тіл жүйесіндегі тұрақты элементтер, олар бір-бірінен атқаратын қызметі, құрылымы, орны жағынан ажыратылады. Атқаратын қызметіне қарай тіл бірліктері номинативті, коммуникативті, құрылымдық болып жіктеледі. Номинативті бірліктер - сөздер, коммуникативті бірліктер - сөйлемдер, құрылымдық бірліктер - дыбыстар мен морфемалар. Тілдік бірліктер тілдің категориялары мен ярустары бойынша жіктеледі. Тілдік категорияда тіл бірліктері жалпы категориялды белгілері, негізінен, семантикалық белгілері бойынша жіктеледі. Мысалы, орыс тіліндегі род, вид, пажеж, время т. б. категориялары. Қазақ тілінде шақ, жақ, көсемше т. б. категориялары бар.
Тіл ярусы бір текті бірліктер мен категориялардың біртұтастығы (совокупность) . Негізгі тіл ярусына фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, лексикалық тіл ярустары жатады. Тілдік қатынас тілдің ярустары, категориялары, бірліктері, бөлшектері арасында белгілі болатын қарым-қатынастарды білдіреді. Тілдік қатынастың негізгі түрлері - парадигматикалық, синтагматикалық, ассоциативтік, гипонимдік (иерархиялы) қатынастар. Құрылым дегеніміз-бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы. Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема - тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема - ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік. Сөз - болмыс құбылыстарын, заттарын, олардың қасиетерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем - тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.
2. Тілдің жүйелік, құрылымдық сипатының белгілеріЖүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі. Жүйе дегенді өзін тән айырықша құрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деуге болады. Тіл құрылымының жеке салаларының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынасында, өзара байланысында тілдің жалпы жүйесін құрайды. Тілдің жүйелік сипаты тіл білімінің барлық саласында көрінеді. Мысалы дауысты дыбыстар жүйесі, дауыссыз дыбыстар жүйесі.
Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын және оның өзгеруін зерттейді. Бұл екеуі бір нәрсе емес. Синхрония - тіл дамуындағы өзгеріссіз кезең, диахрония-тіл жүйесіннің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің қыры. Синхрония мен диохрония бір-біріне қарама-қарсы қойылып қарастырылады. Тіл, тілдік құрылым уақыт озған сайын дамып, жетіліп отырады. Сондықтан да, оны зерттегенде оған тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарау жеткіліксіз. Бұған қоса тілге оның шығу тегі, дамуы тұрғысынан да қарау қажет. Демек, тілді зерттеуде ғалымдардың, біріншіден, оны құрастырушы элементтердің байланысы тұрғысынан, екішіден, олардың шығуы, тарихи дамуы, өзгеруі тұрғысынан қарастырған жөн. Құрылымдық қасиет пен жүйелiк қасиет тiлге де тән. Құрылым мен жүйе ұғымдары тiлге қатысты мынадай мазмұнға ие болады: құрылым бүтiннiң бойындағы әр тектес элементтердiң арақатынасынан және бiрлiгiнен тұрады. Ол элементтер мыналар: а) дыбыс (фонема), ә) морфема, б) сөз, в) сөйлем. Бұл элементтердiң арасындағы айырмашылықтар - сапалық айырмашылықтар. Демек, аталған элементтер бiр-бiрiнен сапасы жағынан ажыратылады. Әрбiр элементтiң сапасын оның қызметi айқындап белгiлейдi.
а) Дыбыстар (фонемалар) - "құлаққа естiлетiн жай ғана дыбыстар емес", тiлдiң материалдық таңбалары (терминдiк емес, қарапайым мағынадағы таңбалар) . Тiл дыбыстары (фонемалар) бiрiншiден, есту мүшелерi арқылы қабылданады, екiншiден, бiр сөздi екiншi сөзден, бiр морфеманы басқа морфемалардан ажыратады. Мысалы: т, д дыбыстары тән, дән деген сөздердi бiр-бiрiнен ажыратса, н, ң дыбыстары тон, тоң деген сөздердi бiр-бiрiнен ажыратады. Бұларға қосымша мына мысалдарды салыстырыңыздар: күн, түн, жүн; күз, күң, күш, құс, құл, күт; жүк, жүр, жүз; жан, жон, жөн; бас, бес, бос, бөс; досым, досың, досы; доспын, доссың және т. б. ә)
3. Қазақ тіл білімін зерттеген ғалымдарӘйгілі ғалымдар. Қазақ халқынды әйгі ғылымдар көп. Қазақ тілін зерттеген әгелі ғалымдар: Радлов, Айдаров, Бартольд, Сауранбаев. Радлов 1837 жылы туған, ол түрколог, шығыстанушы. Шығармалары: «Түрік тілінің сөздегін», «Түрік тайпағыхалықтардын әдебиет әдебиет үлгілері». Адаров 1921 жылы туған. Ол - ғалым, профессор, филолог. Ол көні түркі ескерткіштерінің мәтіндерін талдаған және оқулықтар жазған. Бартольд - академик, ғалым. Ол Шығыс халықтарының мәдениетті мен тарихи зерттеген. Ол шығармасы «Жетісу» - тарихиның мәсіресі. Сауранбаев 1910 жылы туған. Ол түрколог, профессор, қазақ тіл білімінін негізі салушы. Оларды бірі оқулықтар әдебий тіл тарихи тұралы жазған.
Ғұбайдола - ғалым, профессор филология ғылымның докторы. Ол 250 ғылыми еңбек, 10 монография және студенттерге орнап оқулықтар жазған. Ол түркі ескерткіштерін зерттеген.
Ы. Алтынсариннің 1871 жылы Оринборда жарық көрген «Начальное руководство к обучению киргиз-русскому языку» атты еңбегі қазақтарға орыс тілі грамматикасын түсіндіретін ең бірінші оқу құралы ретінде зор қзмет атқарды. Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым А. Байтұрсыновтың ағартушылық жолға құлшына кірісіп, сауаттылықты жою жолында қазақ тілін жан-жақты талдауына Ы. Алтынсариннің осы еңбегі де үлгі болған сияқты. Ташкентте, Орынборда, Алматыда жоғары орындарында профессор қызметін атқару. Қазақ тілі мен әдебиетін терең зерттеуге ғалымға мүмкіндік жасады, ұстаздық пен қоғамдық жұмыстарда жүріп, ол зерттеу жұмыстарын тоқтатпаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz