Түстану – түс туралы


Кіріспе3
1 Түстану - түс туралы ілім жүйесі. 4
2 Хроматикалық және ахроматикалық түстер5
Қорытынды8
Пайдаланған әдебиеттер9
КіріспеТүстану - түс туралы ғылым - бояулармен істес болатын суретші таныс болуға тиісті көптеген мәселелерді зерттейді. Күннің «ақ» жарығы шын мәнінде өте күрделі екені және көптеген түстерден тұратыны сендерге физика курсынан мәлім. Нәзік күн сәулесін шыны призма арқылы өткізген кезде ол бұзыла отырып, спектр деп аталатынды, яғни түстердің үздіксіз қатарын құрады, мұнда олар мынадай тәртіппен орналасады: қызыл, қызғылт сары, сары-жасыл, жасыл, жасыл-көгілдір, көк, күлгін түстер. Олардың арасында қатаң шекара жоқ: сары-жасыл, мысалы, жасылға, жасыл - жасыл-көгілдірге және т б. елеусіз ауыса береді.
Біз көретін заттардың түсі оларға түскен «ақ» жарықтың тек қайсы бір бөлігін, яғни спектрдің қайсыбір бөлігін ғана шағылыстыруға, ал оның екінші бөлігін жұтып қоюға олардың қабылетілігімен анықталады. Бұл құбылыс іріктеп жұту деп аталады. Мәселен, жасыл дене спектрдің жасыл бөлігін ғана шағылыстырады, ал қалған сәулелерді бойына сіңіреді. Егер осы денеге қызыл шыны арқылы қарайтын болсақ, ол бізге қап-қара болып көрінеді, өйткені қызыл шыны өз кезегінде дене шағылыстырған жасыл сәулелерді жұтып қояды (ал қалғандарын дененің өзі жұтып қойған) .
Барлық спектрдің түстері және күн спектрінде жетіспейтін қан қызыл (ең шеткі қызыл және күлгін түстердің аралығындағы) түстер түстердің хроматикалық («түстік») шкаласы деп аталатынды құрайды. Ақ заттар бүкіл спектрді шағылыстырады, ал қара заттар, керісінше, бүкіл спектрді жұтып қояды.
Бейнелеу өнерін оқытудағы негізгі мақсаттың бірі - оқушыларға көркемдік білім беру болып табылады. Оқушыларға көркемдік білім берудің құрылымы бейнелеу өнерінің сауаттылығын құрайтын бейнелеу өнерінің заңдылықтарын меңгеру мен бейнелеудің қарапайым ептейліктері мен дағдыларын қалыптастырудан тұрады. Бейнелеу өнерінің негізгі сауаттылығын құрайтын перспектива, жарық пен көлеңке, ритм, симметрия және композиция заңдылықтарын оқушыларға меңгертудің көкейкесті мәселелері көп. Олар: бейнелеу өнерінің осы заңдылықтарын жинақталып бір жүйеге келтірмеуі мен оны оқытудың мазмұны, формалары мен әдіс-тәсілдерінің жоқтығы арасындағы қарама-қайшылықтардың болуымен ерекшеленеді.
Осындай мәселенің шешімінің әлі күнге дейін табылмауы, бейнелеу өнерінің түстану ілімі мен оның мазмұнының қысқаша болсада әліге дейін толық еместігі, оны жинақтап, бейнелеу өнері пәнін оқытудың теориялық материалы ретінде танудың қажеттігі қаншама жылдардан бері туындап келеді. Барлық оқу пәндерінің теориялық оқу материалдарының болатындығы сияқты, бейнелеу өнерінің бейнелеу ептейліктері мен дағдыларының қалыптасуына ерекше әсер ететін - бейнелеудің жарық пен көлеңке, перспектива, композиция және түстану заңдылықтарын түсінеміз.
1 Түстану - түс туралы ілім жүйесі.Түстер хроматикалық және ахроматикалық болып бөлінеді. Хроматикалық түстерге түрлі-түсті түстер жүйесі кіреді. Ахроматикалық түстерге ақ және қара түстер жатады. Барлық хроматикалық түс үш параметрмен ашықтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі бойынша - ашық (ашық сұрғылт немесе қара сұрғылт) бойынша ерекшеленеді. Түстік өң бұл «қызыл», «сары» және т. б. сөздермен анықталады. Мысалы қызыл, таза қызыл немесе сұрғылт қызыл. Бұл қызылға қосылған сұрғылт қоспа түстің өңін өзгертпейді қызыл түс қызыл болып қалады. Ахроматикалық қоспадан, хроматикалық түстің қанықтығы азаяды. Мұндай қоспада ахроматикалық түс неғұрлым аз болған сайын, оның қанықтығы арта түседі.
Хроматикалық түстерді шартты түрде жылы түсер және суық түстер деп бөлінеді. Жылы түске түс спектрінің сары-қызыл бөлігі, ал суық түске көгілдір бөлігі жатады, жылы түстерді күн мен оттың түсімен, суық түстерді аспан, су мен мұздың түсімен сиппатауға болады. Күлгін және жасыл түстер аралық жағдайда пайда болады. Бұларды басқа түстермен қатынасына байланысты бірде жылы, бірде суық түске жатқызуға болады. Түстік шеңбер бірге қатар қойылған түстерден құралған шеңбер. Бұл шеңбер, сары, сарғыш қызыл, қызыл, қызғыш қоңыр, жасыл көк, көк, күлгін көк, болып жалғасып отырады. Негізігі түстер сары, қызыл және көк түстер болып табылады. Контраст түстер - бір біріне қарама қарсы түстер. Ақ түске, қара түстер қарсы ақ пен қызыл т. б. түстер конраст сипатын береді.
Түстердің қасиеттерін зерттеу бізге түстердің психологиялық физикалық қасиетін, этнокөркемдік атауларын анықтауға мүмкіндік береді.
Психолог ғалымдар түстің адамға әр түрлі әсер туралы бірқатар зерттеулер жүргізгендігі белгілі. Мысалы қызыл түске көп қарау, немесе қызыл түске боялған бөлме ішінде ұзақ отыру адамның жүйкесіне тиіп, оны әлсірететіндігі анықталған. Сонымен қатар бөлменің қабырғасын түрлі түстермен реңдеудің өзіндік ерекшелігі болады. Мысалы, зерттеу нәтижелері үйдің көлеңке немесе солтүстік жақтағы бөлмелерін жылы түстермен, күн жарығы тікелей түскен бөлмелерді суық түстермен (ашық көк, немесе салат түсті ақшылды жасыл көк түске) безендіру қажеттігін көрсеткен. Сонда жылы түстер адамға жылылық әсерін беріп, бөлменің іші жылына түскендей
сезіледі, ал суық түсті бөлме жаздың күні адамға салқындағандай әсер беретіндігі анықталған.
Сол сияқты заттардың салмағына байланысты болатын түстердің қасиетін мынадан білуге болады. Мысалы қара жасыл көк түске боялған жүк машинасы өте ауыр сияқты болып қабылданса, нақ сондай формадағы машинаның түсі ақшыл көкке боялса оның салмағы жеңіл сияқты болып көрінетіндігі белгілі болған.
Түстерді тану барысында олардың символдық түрде берілуі ерекше назар аударатын құбылыс. Жасыл көк түс жастық шақты білдірсе, аспан көк түс бостандықты, еркіндікті, білдіреді, ақ түс тазалықты, қара түс жамандықты, қызыл түс белгілі бір өзгерісті білдіреді.
Қазақ халқында түстердің белгілі бір атаулары болған. Жылқының түсіне байланысты ақ боз, күрең, қара торы, шабдар, буырыл, құла, ала, т. б. атаулармен атаған.
Картиналардағы түстердің берілуінің өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, таңертеңгі мезгілді бейнелейтін картиналарда көкшіл түстер басым болса, кешкі мезгілді бейнелейтін картиналарда қызғылт түстер басым болып беріледі. Күндізгі мерзімді бейнелейтін картинадағы заттардың түстері өзінің табиғаттағы қалпында бейнеленеді. Ал егер, заттық бетінің фактурасы жылтыр болып келсе, оған сол заттың жан-жағындағы заттардың түстері әсер етіп, өзінің табиғи түстері азғана өзгеріп көрінуі бейнеленеді.
Картиналардағы түстердің өзгеруі мен бейнелеуінің бір ерекшелігі шығарманың идеясына байланысты болып келеді. Суретші Салихаддин Айтбаевтың «Бақыт» атты картинасында көктемгі далада отырған қыз бен жігіт көрінісі бейнеленген. Жастардың үстіндегі киімдері түрлі түсті бояулармен берілген, ал дала, алыстағы тау, жасыл көк түстермен жазылған. Картина композициясында аспанға қарағанда жердің көрінісі толық картина жазықтығын жауып жатыр. Шығармадағы түрлі түстердің арасында жасыл көк түстердің басым берілуі арқылы суретші адам өмірінің жастық кезеңін жасыл реңдермен беру арқылы жастықтың өзіндік ерекшелігіне көңіл аударады. Яғни жасыл түсті жастықтың түсі ретінде символдық түрде береді.
2 Хроматикалық және ахроматикалық түстерАхроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі бойынша - ашықтығы (ашық-сұрғылт немесе қара-сұрғылт) бойынша ерекшеленеді. Хроматикалық түс, ашықтығы жағынан ерекшеленумен қатар, тағы да екі басты белгілермен - түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Түстік өң - бұл «қызыл», «сары» және т. б. сөздермен анықталатын нәрсе және мұның өзі бір түсті екіншісінен ерекшелеп тұрады. Бірақ қызыл таза қызыл немесе ахроматикалық, мысалы, сұрғылт қоспасы бар болуы мүмкін. Соның өзінде ол бәрі бір қызыл болып қалады - сұрғылт қоспа оның түстік өңін өзгертпейді. Егер осындай ашықтықтағы сұрғылт түсті алсақ, онда жаңа (араластырылған) қызылдың ашықтығы да өзгермейді. Алайда түс қалай дегенмен басқаша болады: онда оның үшінші белгісі - қанықтылығы өзгереді. Ахроматикалықтың қоспасынан хроматикалық түстің қанықтылығы азаяды. Мұндай қоспада ахроматикалық түс неғұрлым аз болған сайын, оның қанықтылығы да арта түседі.
Сонымен, барлық хроматикалық түс үш параметрмен - ашықтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады.
Хроматикалық түстерді жылы және суық түстер деп шартты түрде бөледі. Жылы түске спектрдің сары-қызыл бөлігі, ал суық түске көк-көгілдір бөлігі жатады. Бұл топтар өзінің жылы және суық түстер деген атауын бірі - күн мен от түсімен ойша байланыстырылу, екіншісі - аспанның, су мен мұздың түсімен ойша байланыстырылу арқылы алған. Күлгін және жасыл түстер аралық жағдайға ие болады және алуан түрлі нақты жағдайларда, үйлесімге байланысты бірде жылы, бірде суық түске жатқызылуы мүмкін.
Егер бүкіл көршілес түстер біртіндеп өзгере отырып, бірінен екіншісіне ауысатын спектрлік бөлісуді алып, сақинаша исек, онда бүл сақина бірікпейді, себебі, жоғарыда айтып өткеніміздей, шеткі түстердің - қызыл және күлгін түстердің - арасында өтпелі қызыл-күлгін (қара қошқыл) түстер жетіспейді. Егер оларды қоссақ, шеңбер бірігеді. Мұндай түстік шеңбер бізге түстер жөнінде көп нәрсені түсінуге көмектеседі.
Кез келген хроматикалық түске қоспа күйінде алдымен ахроматикалық (іс жүзінде қараға жақын) түс беретін басқа түсті іріктеп алуға болады. Түстердің мұндай жұбы қосымша түстер деп аталады. Мәселен, қызыл-күрең түске жасыл-көгілдір, сары-жасылға - қан қызыл-күлгін қосымша болады және т. б. Іс жүзінде түстік шеңберде мұндай қосымша түстер қарама-қарсы жатады.
Бейнелеу өнерінде үш түс: сары, қызыл және көк - негізгі түстер деп есептеледі .
Егер бояулар туралы айтатын болсақ, бұл краплак, сары кадмий және берлиндік көкшіл бояу.
Осы түстердің кезкелген екеуін араластыру үшіншіге қосымша түс береді: сары және көк жаңсыл түс (қызылға қосымша), көк пен қы-зыл - күлгін (сарыға қосымша), қызыл мен сары - қызғылт сары (көкке қосымша) түс береді. Егер ахроматикалық (сұр) дақты хроматикалық (мысалға, жасыл) фонмен қоршаса, онда сұрдың бетінде өте айқын байқалатын хроматикалық реңк, дәл осы жағдайда қызыл реңк пайда болатыны аңғарылады. Шын мәнінде, жасыл шабындықты бойлай жүгірген соқпақ жол әрдайым ақшыл көк-қызғылт сияқты болып көрінеді. Түстердің мұндай жұбы (фонның түсі және сұрғылт фонда пайда болатын хроматикалық реңктің түсі) контрасты түстер деп аталады. Түстік шеңберде олар қосымша түстермен аздап сәйкес келмей, бір-біріне қарсы дерлік орналасады. Олардың қосымша түстерден айырмашылығы онша айқын байқала бермейді, сондықтан іс жүзінде оларды елемеуге болады. Тікелей көршілес орналастырылған контрасты түстер көзбен көргенде қанықтылығы жағынан бір-бірін күшейтіп тұрады. Бір түстің қоршауындағы екінші түс өзгермеуі үшін бұл түске айналадағы түстен аздап қосу керек. Бұл ахроматикалық түске де қатысты. Мысалы, жасыл фонның қоршауындағы сұрғылт дақ қызғылт болып көрінбей, таза сұрғылт түс болып қабылдануы үшін сұрғылт түске аздап жасыл түс қосу керек. Контур жүргізу түстердің контрастық әсерін күрт төмендетеді.
Айқын контуры бар дақ түстік контрастың әсерін мүлдем дерлік сезінбейді. Түстік контрастар заңын түсіну түс іс жүзінде жоқ жерде, яғни бейтарап сұрғылт дақтарда түстік әсерге қол жеткізуге және кез-келген хроматикалык түстің реңкін, көзбен қарағанда оның қанықтылығын арттыра немесе төмендете отырып, өзгертуте мүмкіндік береді. Түсті пайдаланатын суретшінің аса маңызды міндеті - неғұрлым тиімді гармониялық түстік үйлесімдерді табу. Алынған түстер әдемі (гармониялың) немесе нашар (дисгармониялық) үйлесуі мүмкін. Түстік гармониялар бұл белгілі бір тәртіппен орналасқан аз ғана түстердің қисындасуы.
1. Қос түсті гармония
- түстік шеңбердегі қарама-қарсы түстердің
үйлесуі. Мүндай үйлесу біршама дөрекілеу, контрасты, тек плакатта
гана орынды .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz