Шекті өнімділіктің кему


Кіріспе3
1. Шекті өнімділіктің кему (азаю) заңы4
2. Ұзақ мерзім кезеңіндегі өндіріс. Изокванталар5
Қорытынды7
Пайдаланған әдебиеттер8
КіріспеИгілік адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын құралдар (товарлар мен қызметтер) . Тұтынылған товарлар мен қызметтер әр тұтынушы үшін субъективті болып табылатын «пайдалылық» әкеледі. Рыноктағы тұтынушының мақсаты шектелген кіріске максималды пайдалылық әкелетін товарлар мен қызметтер комбинциясын сатып алу немесе кірісті рационалды жұмсау. Экономикалық ғылымда пайдалылықпен байланысты жалпы пайдалылық және шекті пайдалылық түсініктері қолданылады. Пайдалылықты өлшеу туралы дау экономистерді екіге бөлді: ординалистер мен кардиналистерге. Кардиналистер шекті пайдалылыққа абсолютті өлшемді іздеумен айналысты. Пайдалылықты көбінде ақшалай бағалауды пайдаланды. Ординалистер салыстырмалы, товарлар комбинациясын таңдауды ұсынды. Ол үшін талғаусыздық қисығын, талғаусыздық картасын, айырбастаудың шекті нормасын, бюджет сызығын пайдалануды ұсынды.
Жалпы пайдалылылық бірнеше товарлар порциясын пайдаланудан тұтынушы алатын пайдалылық сомасы. Шекті пайдалылық қосымша товар порциясын пайдаланудан жалпы пайдалылықтың өзгерісі. Шекті пайдалылықтың кему заңы тұтынылған товарлар саны өскен сайын шекті пайдалылық азаяды. Бұл Госсеннің бірінші заңы деп аталады. Госсеннің екінші заңы бойынша жалпы пайдалылықты максимизациялау кезінде барлық тұтынылатын игіліктердің шекті пайдалылықтары біркелкі болуы керек.
Тұтынушының бюджет сызығы DI=x+PYy функциясымен өрнектелетін түзу сызық. Ол тұтынушының екі түрлі товарлар сатып алу мүмкіндігін көрсетеді. Талғаусыздық қисығы біркелкі пайдалылық әкелетін екі түрлі товарлар үйлесімін көрсетеді. Талғаусыздық қисығы мен бюджет қисықтарының жанасу нүктесі тұтынушының тепе теңдігін көрсетеді. Тұтынушының тепе теңдігін келесі функциямен өрнектеуге болады:
MU1/P1=2/P2=3/P3=ellip; …=n/Pn
Айырбастаудың шекті нормасы (MRS) дегеніміз бір товардың қосымша бірлігін алу үшін екінші товардың қанша бірлігінен бас тару керек екенін көрсететін өлшем.
MRS=elta; B/ΔA
Тұтынушының қалауына байланысты талғаусыздық қисығы формада болуы мүмкін.
1. Шекті өнімділіктің кему (азаю) заңыҚысқа мерзімде өндірістік факторларлардың белгілі бір бөлігі тұрақты, ал қалған бөлігі өзгермелі болады. Қысқа мерзімде қабылданатын шешімдердің негізгі мақсаты - әp6ip өзгермелі фактордың өнім көлеміне тигзетін әсерін және оның тиімділігін анықтау. Ол ушін басқа факторлар тұрақты жағдайда өзгермелі фактордың көмегімен өндірілетін жалпы, орташа және шекті өнімдердің көрсеткіштері қолданылады.
Eкi факторлы өндipiс жағдайында өзгермелі факторға еңбек ресурстары жатады. Баска факторлар (капитал) тұрақты болғанда, нақты 6ip еңбектің мөлшерімен өндірілетін өнімді өзгермелі фактордың, яғни еңбектің жалпы өнімі TPL (total product) деп атайды.
Өндipic факторының орташа өнімі APL (average product) жалпы өнімнің зерттеліп отырған фактордың санына қатынасы арқылы анықталады. Мысалы еңбектің орташа өнімі APL былай анықталады:
APL = ТРL / L.
Бұл көрсеткіш бір еңбек уақыты бірлігінде өндірілетін немесе 6ip еңбек факторына келетін өнім көлемін көрсетеді және еңбек өнімділігі деп аталады. Капиталдың орташа өнімі былайша есептеледі: APК = ТРК / К. Капиталдың орташа өнімі негізгі өндірістік қордың тиімділігін білдіреді және қор қайтарымдылығы деп аталады. Шекті өнім МР (marginal product) өндіріс көлемі өзгерісінің өзгермелі фактор санының өзгерісіне қатынасы арқылы анықталады. Еңбек пен капитал үшін олардың шекті өнімі былайша есептеледі: MPL = ?ТРL / ?L, MPК = ?ТРК / ?К,
мұндағы MPL - еңбектің шекті өнімі, MPК - капиталдың шекті өнімі, ? - өзгepicтi көрсететін белгі, ТР - жалпы өнім, L - еңбек бірлігі, К - каптал бірлігі.
Қысқа мерзімде басқа факторлар тұрақты болып, еңбектің саны көбейсе, онда оның шекі өнiмi алғашқыда өскенмен, кейін біртіндеп төмендей бастайды. Мұны шекті өнiмдiлiктiң кему заңы (law of diminishing marginal returns) деп атайды. Ол заң бойынша:
- Өзгермелі фактордың қайтарымдылығы төмендейді.
- Қысқа мерзім кезеңінде өнім көлемін көбейту шектеледі.
- Әрекет ету сипаты технология ерекшелігіне байланысты.
ТР қисығының бойьндағы В нүктесі қисықтың иілген нүктесі, С - координат басынан сызылған биссектрисамен жанасқан нүкте, А - ТР қисығының бойындағы кез-келген нүктемен сәйкес келетін нүкте, D - ТР-ның ең жоғарғы денгейін көрсететін нүкте. А нүктесін координаттардын басымен қоссақ ОАЕ үшбұрышын аламыз. Үшбұрыштағы tg a АЕ мен ОЕ кесінділерінің қатынасын көрсетеі. Бұл АР-ның көpiнici:
АР L = tg a= A E / OE - TP / L.
А нұктесінен абсцисске қарай ТР мен жанама сызық түсірсек, tg β бұрышын аламыз. Ол МР-ньң көpiнici:
МРL = tg β -=АЕ / FE = ∆TPL /∆ L.
Егер ОАЕ мен FAE үшбұрыштарын салыстырсақ алғашында tg β-ның мелшері tg а-ның мөлшерінен көп екенін кереміз. Яғни, шекті өнімнің (МР) мөлшері орташа өнімнің (АР L) мөлшерінен көп. А нуктесі В нуктесімен сәйкес келгенде tg β ең жогарғы денгейге жетеді, яғни MPL-де ең жоғарғы мөлшерге өceді. А нуктесі С нуктесімен сәйкес келгенде tgβ бұрышы tg а бұрышына теңеседі, бұл MPL мен АР L теңескенін білдіреді. Егер басқа жағдайлар тұрақты болып, өзгермелі факторды (L) ары қарай өcipceк, tg β кемиді де, A нyктeci D нуктесімен сәйкес келгенде, MPL нолге теңеседі. Ары қарай TPL кемиді, ал MPL тepic санға айналады. Бұл қысқа мерзімде өнім көлемін өcipy шектеулі екенін көрсетеді. Шекті өнімнің төмендеуі кез-келген өндipic функциясында болады, ал оның тepic caнғa айналуы немесе айналмауы кез келген өндipic функциясында бола бермейді.
2. Ұзақ мерзім кезеңіндегі өндіріс. Изокванталар
Ұзақ мерзім кезеңінде өндipicтe колданылатын барлык факторлар езгермелі болады. Фирмалар өндipic ауқымын езгерту арқылы өнім көлемін езгерту мүмкіншілігіне ие болады. ¥зақ мepзiмде өндipic факторлары мен өнім көлемінің арасындағы байланыска өнімділіктің кему заңы және қысқа мерзімге тән жағдайлар әсер етпейді.
Бірдей өнім көлемін өндіру үшін қолданылатын өндіріс факторларының әр түрлі үйлесімдерін (комбинацияларын) көрсететін қисықты изокванта (isoquant) деп атайды. Изокванта берілген өнім көлемін көптеген технологиялық жолдармен алуға болатынын көрсетеді.
Осылайша бір-біріне қатар орналасқан бірнеше изокванта қисықтарын изокванталар картасы (isoquant map) деп атайды (15 -сурет)
Изокванта қисығына мынадай қасиеттер тән:
1. Изокванта қисығы теріс көлбеу орналасады. Өнім көлемін өзгертпеу үшiн капитал шығынын азайтқан сайын еңбек шығынын көбейту керек.
2. Изокванталар координат басынан алыстаған сайын олардың бойында жатқан факторлар үйлесімдері беретін өнім көлeмi көп болады.
3. Изокванта қисықтары ешқашанда қиылыспайды. Себебі бір изокванта қисығының бойында орналасқан ресурстар беретін өнім көлемі бірдей болады.
Изоквантаның көмегімен бip факторды екінші фактормен алмастырудың технологиялық шегін анықтауға болады. Капиталды еңбекпен алмастырудын технологиялық шекті шамасы (нормасы) MRTS өндіріс көлемін өзгертпей-ак әpбip еңбек бірлігімен алмастыруға болатын капиталдың мөлшерін көрсетеді.
Изокванталар картасы
Бұл капиталды еңбекпен алмастырудын технологиялық шекті шамасының төмендейтінін көрсетеді
MRTS LK = - ( ΔК/ ΔL) = MPL / MPK
Еңбекті капиталмен алмастырудың технологиялық шекті шамасы капиталды алмастыратын еңбек мөлшерімен анықталынады:
MRTS KL = -(Δ L/ ΔК) = MPK / MPL
Еңбекті капиталмен алмастырғанда өндіріс көлемін өзгертпеу үшін еңбектің санын азайтқан сайын капиталдың санын көбейтуге тура келеді. Оны 45- суреттегі изокванта қисығының бойындағы A нүктесінен B нүктесіне қарай козғалу арқылы көруге болады.
Өндipic факторларын алмастырудын технологиялық шекті шамасын талдағанда еңбек пен капитал 6ip-6ipiн толық алмастыра алмайтынын ұмытпау қажет. Өндipic факторлары 6ip-6ipiн толықтырады. Сондықтан оларды алмастырудың технологиялық шекті шамасы төмендейді. Изоквантаның қисықтары турақты өнім көлемінің шеңберінде факторларды алмастырудын шегі бар екенін және алмастыру барысында әр түрлі қиындықтардың кездесетінін көрсетеді.
ҚорытындыШынайы өмірде «сұраныс ұсыныс» моделінде есепке алу мүмкін емес көптеген ситуациялар кездеседі. Әртүрлі рыноктарда бағаны мемлкет реттеуге қатысуы мүмкін. Оны бағаны мемлекеттік реттеу саясаты деп атайды. Формалары: товар салығын енгізу; товарға дотация белгілеу; қатаң анықталған баға белгілеу. Соңғысы экономиканы тікелей реттеу тәсілі, қалғандары жанам әдістер деп аталады.
Товарға салық белгілеу процент түрінде товар бағасына есептеледі, мысалы: салық 15% болса, товар бірлігі 100 теңге болғанда төленетін салық сомасы 15 теңге. Салықты тұтынушы төлейді, сатушы кірісі 100 теңге, мемлекет бюджетіне түсетін сома 15 теңге.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz