Еліміздің спорттағы жетістіктерінің тарихы


Үлгілі орта мектебі
Шығарма
Тақырыбы: Еліміздің спорттағы жетістіктерінің тарихы
Сыныбы: 10
Орындаған: Медерхан Мақсат
Пән мұғалімі: Жаңсақалова А. Ж
Еліміздің спорттағы жетістіктерінің тарихы
Спорт өнері қазақ халқына жат емес. Аттың жалы, түйенің қомында өскен әр қазақтың баласы спорт өнеріне жақын болды.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген атақты Қажымұхан Мұңайтпасовты кім білмейді. Ол орыстың атақты палуаны Поддубныймен бірге оқып әлемді бірге шарлады. Атақты палуанды шетелге шығарудың өзі қиындық туғызып ресейлік “қара Иван ” болып шыққан жоқ па?
Шынтуайтқа (шындығында) келгенде оның қазақ екенін бәрі білді. Орыс ақсүйектері көре алмады. Қазақ халқының өз елін, ұлтын сақтап қалу оңайға түспеді. Тарихтың арғы кезеңін қойып, жоңғар шапқыншылығының өзі де халықты есеңгіретіп, ұлт болып қала ма? жоқ бостандықта бола ма, деген алмағайын күн туды. Қазақтың соңғы ханы Аылай хан халықтың басын құрап, бір тудың астына жиып, ел батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Қарасай, батырларды соңына ертіп ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен осынау байтақ жерімізді жаудан қорғап бүгінгі бізге мұра етіп қалдырды. Қасиетті жерімізге қызыл империяның көсемдері көзалартып, Абайдың туған құтты жеріне атом бомбасын сынау үшін жарылыс ошақтарын салды. Қазақ елін жерін менсінбей шикізат өндіретін орын деп қана білді.
1919-1920 жылдары спорт өнері туралы қаулы шығарып, спорт бағдарламасын ірі заводтар, өндіріс орындарында, мектептерде жеке пән ретінде өткізуді тапсырды.
Ресейдің ірі қалалары Мәскеу, Петроград, Ростов, Севастопополь, Одесса қалаларында спорт жарыстары ұйымдастырылды.
Қазақ жерінде бокстың дамуы 30- жылдардан бастау алған. Ең алғаш бокс үйірмесі Алматыда құрылып, “Темп” деп аталды. Кейін ”Динамо”, “Спартак”, “Медин”, Қарағандыдағы “Угольщик” деген атпен ұйымдастырылып кішігірім жарыстар өтіп жатты.
Қазақ боксының тарихында Шоқыр Балтековтың орны ерекше болды. Ол осы бокс өнерінің негізін салып, 1937 жылы Алматыда бокстан біріншілік ұйымдастырып 50 боксшы қатысқан жарыс өткізді. Бокс өнерінің дамуына Отан соғысы кедергі келтіріп, тек 1945- 46жылдан бастап қолға алынды. Жастарды спорт өнеріне, боксқа баулыған Шоқыр Бөлтеков, Г. Кирнштейн, М. Хайрутдиновтер болды.
Ең бірінші қазақ республикасынан 1959 жылы алматылық Анатолий Кадетов алтын медаль алды. Сондай-ақ, алматылық Махмұт Омаров қола медалын, Геннадий Ропеков КСРО чемпионатының финалисі атанып, Бухаресте өткен халықаралық студенттік жарысқа қатысты. Бұл дегенің шетелге қазақ елінен тұңғыш шыққан спортшы деуге болады. Өкінішке орай қазақ спортшыларының жетістіктерінің бәрін КСРО “өзімдікі” деп білді. Оның себебі мынау: Қазақ халқына КСРО -дан бөлініп өз алдына билік құру, спорт командасын құру деген жоқ болды. Қазақ басқа майда мемлекеттермен қатар КСРО құрама командасына кіріп, соның атымен шықты . Жеңіс қай елдікі болса да, нәтиже жемісі КСРО -ның атында болды.
1992 жылға дейінгі КСРО чемпионаттарында Қазақстанның боксшылары 167 медаль (36 алтын 44 күміс 77 қола) еншілеген . Қазақтың әйгілі танымал боксшысы Серік Қонақбаев Еуропаның екі дүркін чемпионы әлем кубогінің иегері, Жақсылық Үшкемпіровты кім білмейді. Ол Мәскеуде 1980 жылы грек-рим күресінен өткен олимпиада жарысында алдына жан салмай алтын медалды алды.
Жақсылық Үшкемпіров Тәуелсіздік таңы атқанға дейінгі қазақ халқының грек-рим күресінен шыққан жарық жұлдызы болды. Алтын медалға ие болған тұңғыш олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, кеңес одағының екі дүркін чемпионы атанды. 1991 жылдары КСРО ыдырап, қазақ елі тәуелсіздігін алды. Қазақтың өз қолы өз аузына жетті. Қазақстан қайта құру ісін қолға алып, елімізде аумалы - төкпелі кезең болса да, әр қазақтың аузында “тәуелсіздік” деген сөз тұрды. Осы бір сөзді Жұбан ақынша “мың өліп, мың тірілген” қазақ қаншама ғасыр, қаншама жыл күтті десеңші. Таңымыз атып, күніміз шықты. Қазыбек бидің айтқанындай “Қазақ деген жай жатқан елміз. Елімізді, жерімізді жау баспасын деп, найзамыздың ұшына үкі таққан елміз”. Үйіміз ағаш туырлығымыз киіз, шаңырағымыз күнге ұқсаған, күн бейнелі. Себебі біз ер де, өр елміз. Жақсылықты ертеңгі күннен тіпті аспаннан іздедік. Құс төресі - сұңқар. Таудың биігіне ұя салады. Ұлт төресі-қазақ. Біздің ел турашыл, шыншыл, таза халық.
Тағамның дәмдісін жейді. Жейтіні жыдқының жал - жаясы, сусыны қымыз, шұбат. Сұңқар құр өлексе жемейді. Міне мен де қазақ екеніме мақтанамын .
Өнердің қай саласы болса да жетім қозының күйін кешті. “Жетім қозы тас бауыр, маңырап да айығар” дегендей, барлық сала КСРО-ға бағынды
1992 жылы Қазақстан Республикасының бокс федерациясы Азия құрылығындағы бокс ассоциоцияның құрамына мүше болып енді. Тәуелсіздіздік таңы қазақ спортшыларынв кең жол ашып, әлемнің қай түкпірінде өтетін олимпиадаға қатыса алалтын болды.
1996 жылы Атлантадада өтетін олимпиада қазақ боксшылары: Василий Жиров алтын медаль, Болат Жұмаділов пен Болат Ниязымбетов күміс, Ермахан Ибраимов қола медалдарын алды. Василий Жировке ВЭЛ Баркер кубогін берді.
Сидний олимпиадасына Қазақстаннан барған бокс спортшылары: Ермахан Ибраимов, Мұхтархан Ділдабеков, Бекзат Саттарханов жүлделі орынға ие болды. Ең жас спортшы Бекзат Саттарханов американдық атақты боксшы Рокки Хуареспен кездесіп жекпе-жекке шықты. Жанкүйерлер Хуарес мықты, жеңіс сонікі деді. Бірақ Бекзат Хуарестен басым түсіп, алтын медалға ие болды. Бекзат небәрі жиырмада еді. Сол жиырма жасында-ақ қазақ елін әлемге таныта білді.
Осы Сиднейде өткен Олимпиадада Ермахан Ибраимов румын боксшысы Симонмен кездесіп оны жеңіп алтын алқа иеленді.
Дүниені дүбірлеткен әсіресе Қазақстан үшін ерекше аталмыш Лондон олимпиадасы болды. Осы олимпиадаға дейін бес жарысқа қатысқан қазақ спортшылары әбден ысылып шыңдалып, әлемдегі ең мықты деген азулы спорт шеберлерін жеңді. Мысал үшін мына бір оқиғаларды айтпай кетуге болмайды.
Олимпиада Атланда қаласында өткен олимпиадада Қазақстаннан барған 3 спортшы да ең биік тұғырға көтерілді. Грек-рим күресінен Юрий Мельниченко әлемнің екі дүркін чемпионы Ресейлік Александр Игнатенконы жеңіп, келесі кездесуде украиндық Мариан Сандуды ойсыратып, ақтық финалға шықты. Финалда Юрий Мельниченко әлемнің чемпионы Денис Холлды жеңіп Қазақстан еліне алғашқы алтын медалын алып берді. Екінші алтын медалды Александр Тарыгин алды. Үшінші алтынды “Балқаш барысы” атанған Василий Жиров алды. Оған ең жоғарғы ВЭЛ Баркер кубогі берілді.
Австралияның Сидней қаласында өткен жазғы олимпиада да желаяқ қызымыз Ольга Шишигинаның ерлігін де ұмыт қалдыруға болмайды.
Жасының ұлғайғанына қарамастан 100 метрлік қашықтықтан бірінші болып келіп жұртты таңқалдырып алтын алқа тағынды.
2004 жылы Афинада өткен олимпиадаға қазақ спортшылары үлкен дайындықпен барған. Алайда қазақ спортшылары 40-шы ғана орынға ие болып, бір ғана алтынды еншіледі. Ол алтын да Бақтияр Артаевтың шеберлігі арқасында келді. Жартылай финалда ресейлік Олег Сайтовпен кездесіп, оны жеңіп, ақтық сайыста кубалық Арогонмен кездесіп алтын медаль тақты. Оған қоса жоғары атақ ВЭЛ Баркер кубогін алды.
2008 жылы Пекинде өткен ХХІХ олимпиада қазақ халқы үшін жемісті нәтиже берді. Ауыр атлетші Илья Ильин мен Бақыт Сәрсекбаев алтын әкеліп ел құрметіне бөленді.
Лондонда өткен ХХХ жазғы олимпиада Қазақстан спортшылары үшін үлкен жеңісті де жемісті күндер болды. Олимпиадаға 114 спортшы қатысты. Олимпиададан спортшылар 3 алтын күтті. Алайда ұлттық құрама Ұлыбританиядан 7 алтынды иемденіп жалпы командалық есепте 12 - орынға ие болды.
Жарыстың бірінші күні велосипедші Александр Винокуров 250 шақырымға созылған жарыста алдына жан салмай бірінші болып мәрежеге жетті. Александр Винокуров 2000 жылы Сиднейде өткен олимпиадада екінші орынға ие болған. Себептермен жарыстарға қатыспай 40-қа келгенде Лондон олимпиадасына қатысып, алтын алқа тағынды. Жарыстың екінші күні Зүлфия Чиншанло (салмағы 53 келі) 220 келі зілтемірді бағындырып, екінші алтынды олжалады.
Лондонда ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан тарапы 114 спортшыны алып барған. Меже бұрынғы - кемі үш алтын олжалап қайту. Алайда, бұл жолы қазақстандық саңлақтар көзделген межені асыра орындады. Атап айтқанда ұлттық құрама Ұлыбританиядан жеті бірдей алтын медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 12-ші орынға тұрақтады.
2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында Винокуров екінші орынды жеңіп алғаны есімізде. Осы уақыт аралығында көптеген жарыстарға қатысқан отандасымыз ауыр жарақат алған еді. Бұдан кейін ол спортпен бірнеше уақытқа да қоштасқан. Алайда, жасы қырыққа келген тұста Винокуров велосипедіне қайта отырып, Қазақстан үшін Олимпиада алтынын жеңіп алды. Бұдан кейін ауыр атлеттеріміз бірінен соң бірі жоғары тұғырға көтеріліп, ел мерейін үстем қылды. Олимпиаданың екінші күні жарыс жолына шыққан жерлесіміз Зүлфия Чиншанло (53 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) қос жаттығуда 226 келі зілтемірді бағындырып, еліміз үшін екінші алтын медальді олжалаған. Айта кетейік, серпе көтеруде 131 келі салмақты басынан асырған Зүлфия әлемдік рекордты жаңартумен қатар, қос жаттығу нәтижесі бойынша Олимпиада рекордына да түзету енгізді.
63 келі салмақта ел намысын қорғаған ауыр атлет Майя Манеза да Қазақстанның жеңісті жолын одан әрі жалғастырды. 110 келі зілтемірді жұлқа көтерген атлет серпе көтеруде 135 келі салмақты бағындырып, қос жаттығу бойынша Олимпиада рекордын жаңартқан (245 келі) . Ал, бұл жарыста қазақстандыққа басты қарсылас саналған Ресей ауыр атлеті Светлана Царукаева қос жаттығуда небәрі 237 келі салмақты көтеріп, күміс медальді қанағат тұтты.
Қазақстандық тағы бір ару, Светлана Подобедова да (75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде) Олимпиаданың биік тұғырынан көрінді. Мамандар осы салмақта алтын алады деген орыс қызы Надежда Евстюхина алғашқы кезеңде-ақ жарыс жолынан шығып қалған. Ал, екінші ресейлік атлет Наталья Заболотная жалпы есепте 291 келі салмақты бағындырып, суырылып алға шықты. Алайда, дәл осындай көрсеткішке қол жеткізген Светлана Подобедова өз салмағының жеңіл болуының арқасында Олимпиада алтынын қанжығасына байлады. 94 келі салмақта өнер көрсететін Қазақстан мақтанышы, Пекин Олимпиадасының және әлемнің екі дүркін чемпионы Илья Ильин де жанкүйерлер үмітін ақтады. Қоссайыс нәтижесі бойынша 418 келі көрсеткішке қол жеткізген жерлесіміз әлем рекордын екі рет жаңартты. Илья жұлқа көтеруде 185 келі зілтемірді бағындырса, серпе көтеруде 233 келіні төбесінен асырып, жылдар бойы бұзылмай келген әлем рекордына түзету енгізген болатын.
Осылайша Илья Ильин Қазақстан тарихында алғаш рет Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атанды.
Бокстан әлемдегі ең мықты державалардың біріне айналған Қазақстан құрамасы бұл жолғы Олимпиада ойындарынан да алтынсыз қайтқан жоқ. Тағы да сол 69 келі салмақ дәрежесінде топ жардық. Әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиевке бұл жарыста тең келер ешкім болған жоқ. Фаворит саналған ресейлік Замковойыңыз да, украиндық Шелестюк те Серіктің алдын орай алған жоқ.
Бразилияда XXXI Жазғы Олимпиада ойындары аяқталды. Төртжылдықтың басты бәсекесіне 200-ден астам елдің спортшылары қатысты. Бұл додада еліміздің атынан 105 атлет 26 спорт түрі бойынша бақ сынады. Қазақстан Рио Олимпиадасында медальдар саны жағынан тәуелсіз ел тарихындағы ең үздік көрсеткішке қол жеткізді. Қоржынымызда барлығы 17 медаль бар. Оның 3-уі алтын, 5-уі күміс және 9-ы қола.
Дмитрий Баландин - 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Олимпиада чемпионы. 21 жастағы спортшы нағыз жанкештілік көрсетті. Дзюдошы Елдос Сметов күмісті иеленді. Ел сенім артқан боксшы, құрама капитаны Данияр Елеусінов 69 келіде топ жарып, Рио төрінде Әнұранымыз шырқалды. Қазақ қыздарының арасында зілтемірші Жазира Жаппарқұл күміс жүлдегер атанды. Әйелдер арасындағы бокста Дариға Шәкімова бағы жанып, қола медаль иеленді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz