Философия объектісін, пәнін және қызметтері


1. Философия объектісін, пәнін және қызметтерін сипаттаңыз
Философия- адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, білім, саясат, мәдениет сияқты мәселелер бейжай қалдырмайтыны айдан анық. Осыдай мәселелер философияның негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда- даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б. з. д 7-6 ғғ Ежелгі Үндістан, Қытай, Грекия жерлерінде бір уақытта пайда болған . «Философия » терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор. Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді. Алғашқы философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды.
Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды. Философияны алғаш рет ерекше теориялық білім ретінде жинақтап, дәлелдеген ерте грек философы Аристотель . Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелерде айқындала түсті. Онтология- болмыс туралы ілім; Гносеология- таным туралы ілім; Праксиология- адам шығармашылығы туралы ілім; Антропология- адам туралы ілім; Логика- дұрыс ой қорыту туралы ілім. Философияның зерттеу сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя және оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірі және әлемдегі орны, қоғам, табиғат, өркениет, дүниені танып білу. т. б
Ф. Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы: ойлаудың(сананың) болмысқа, рухтың материяға(табиғатқа ) қатынасы.
Философияның зерттеу объектісі мен пәні - бүкіл әлем, тұтас универсум, адам және оның әлемдегі орны. Философияның негізгі атқаратын қызметі -дүниетанымдық, гуманистік, гносеологиялық, әдістемелік, болжамдық, тәрбиелік. Дүниетанымдық қызмет- дүниеге көзқарастардың жүйесін және дүниедегі адамның орнын анықтайды. Гуманистік қызмет- адамды жоғары моральдық қасиетке тәрбиелейді. Адам дамуына, еркінділігіне жан жақты жол ашады. Адам мәселесі әрқашанда бірінші орында тұрады. Гносеологиялық қызмет- ғылыми таным шығуы мен даму зыңдылықтарын анықтаумен көрінеді. Дүниені танып білуге болады. Әдістемелік қызмет- философия бізді қоршаған дүниедегі құбылыстарды, оқиғаларды талдауға жалпы әдіс шығарады. Болжамдық қызмет- философия қоршаған дүние мен адамдардың оған қатынасы туралы білімдерді негізге ала отырып, ғылыми танымның қазіргі заманғы жетістіктеріне сүйене отырып, адамзаттың болашағына, табиғат пен қоғамның даму тенденцияларына болжамдар жасайды. Тәрбиелік қызмет- философия басқа қоғамдық ғылымдар сияқты ол да тәрбиелік қызмет атқарады. Адам тәрбие мен қоршаған ортаның жемісі. Барлық адам тәрбиеші. Философия бірінші адам болуға тәрбиелейді. Әрбір адам өзін тәрбиелеуші, қалыптастырушы болу керек.
2. Ғылыми таным философиясының объектісін, пәнін және қызметтерін анықтаңыз
Эпистемология (көне грекше - «ғылым»және «сөз») немесе гносеология (көне грекше: - «білім») немесе таным теориясы - философия ғылымының саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс кұрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы. Басқаша айтқанда, адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім. Айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнелеуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістер, гепотезалары мен теорияларды құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы.
"Таным" деген не?", "Білімді қалай алуға болады?" деген мәселелер төңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген. Уақыт өте келе бұл мәселені саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология - айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis - білім, таным) - философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол - бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.
Таным өте күрделі, қайшылыққа толы, ұзаққа созылған процесс болғандықтан, оны іске асыру барысында тұрлі әдістер мен тәсілдер қолданыланына өзінен - өзі түсінікті. Кең мағынада әдіс дегеніміз белгілі бір мәселені шешу үшіни таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен әететтер жиынтығы. Ғылыми таным әдістерін қолданудың басты мақсаты шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу.
Ғылыми танымның әдістері өте көп, әрі сан салалы, себебі танып білудің объектісі болып табылатын материалдық және рухани дүниенің өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлық әдістердің шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2) жалпы ғылыми әдістер . Олар ғылымның барлық саласвнда пайдаланылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар нақты құбылыстарды бір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады.
Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириалық және теориялық деңгейлерін ажыратқан дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктерімен әдістері бар. Эмпириялық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет түрғысынан қабылданады. Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстарымен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.
Ғылыми танымның эмпериялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс - бақылау деп аталады. Оның мәні - зерттеу объектісін белгілі бір мерзім арлығында нысаналы ұйымдасқан тұрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді қадағалау. Келесі әдіс - эксперимент - ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі - зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушіні тікелей әсер етіп, ондағы процестерге арласуы.
3. Ғылыми танымның антика дүниесінде қалыптасуы туралы айтыңыз
Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.
Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.
Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.
(антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:
- Архаика немесе алғыфилософия -б. д. д 8-7ғғ (Гомер, Гесиод, Орфей және т. б)
- Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б. д. д. 7-6 ғ. ғ. ) . Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.
- Классикалық кезең (б. д. д. 4ғ. ) . Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.
- Римдік-эллиндік кезең (б. д. д 3ғ. соңы мен б. д. 3ғ. басы) . Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.
Дж. Реале мен Д. Антисери антик философиясы дамуының төмендегідей жетілдірілген жүйесін ұсынады:
- Б. з. д. 6 және 5 ғасырлар аралығын қамтитын физис және космос мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мұның өкілдері қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик-плюралистер және физик-эклектиктер жатады.
- Адам болмысының мәнін айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистік кезең. Бұл кезеңнің басты өкілдері - софистер және Сократ.
- Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдің үлкен синтезі кезеңі.
- А. Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектептер мен пұтқа табынушылық заманы соңына дейін - кинизм, эпикурейзм, стоицизм, скептизизм, эклектицизм бағыттары кезеңі.
- Антиктік пұтқа табынушылық дүниетаным ойының діни дәуірі - неоплатонизм және оның модификацияларының жандану кезеңі.
- Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалыптастыру кезеңі
Философия тарихы адам баласының, бүкіл адамзат тарихының өзіндік санасы. Антикалық философия өзінің көптеген мектептерімен, бағыттарымен ерекшеленеді . Грек даналығы адамның дүние танымында ерекше орын алады. Дүниенің «алғашқы бастамасын» іздеу жолындағы танымдық і с-әрекетте көптеген философиялық « алғыр ойлар» қалыптасты. Олар: дүниенің бірлігі /біртұтастық/, материалдылығы, дүниенің шетсіз-шексіздігі, атомизм т. б. Бұл идеялардың эвристикалық маңызы бүгінгі философияда және ғылымда өте зор. Антикалық философияның космоцентрлік сипаты табиғат пен адам бірлігінің айғағы және дүниенің біртұтастығында.
Көне грек философиясы халықтың тарихи- әлеуметтік, экономикалық өмірмен тығыз байланысты бола отырып, демократиялық құлдық қоғамның дамуын сипаттайды. Бұл қоғам сол кездегі философияның әдебиет пен мәдениеттің кеңінен өркендеуіне жол ашты. Ғылымның алғашқы көздері пайда бола бастады. Грек философиясындағы жаратылыстану /фюзис/ саласы натурфилософияның /табиғат философиясы/ ерекшелігін айқындайды. Табиғаттың заттары мен құбылыстарына таңданудан , оны танудан шыққан философиялық ойлар антикалық дәуірдің ұлы тұлғасы Аристотельдің жүйелеулік әрекетінің негізінде біртұтас философиялық тарихи кезең болып қалыптасты.
4. Ғылыми таным мәселелерінің ежелгі Үнді ф-да қойылуын баянда:
Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы - Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді. Бұл пікірлермен жалпы алғанда келісуге болады.
Көне Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вайшьялар және шудралар. «Варна» сөзі «түс, қабық, бояу» дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна - тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның щеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады. Брахмандар - ой еңбегімен, кшатрийлер - әскерн істермен, вайшьялар - жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар - қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік - варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін.
Көне Үнді қоғамының осындай әлеуметтік жіктелуі, осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың тұрмысының қиындығы оның философиясының негізгі тақырыбын да анықтады: ежелгі Үндінің философиялық пайымдау объектісі - жеке адамның өмірі, оның ішкі дүниесі, басқа адамдармен қарым-қатынасы мәселелері болды.
Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері:
ғылыми оймен байланысының аздығы;
жеке тұлғалық сипатының нашарлығы;
діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы;
философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі;
негізгі философиялық үғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.
Көне Үндінің негізгі философиялық ескерткіштері
Ежелгі Үнді философиясының бастауы - біздің дәуірімізге дейінгі II және I мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. Кейінірек Көне үнді тілі санскритте жазылып алынған Ведалар Үнді қоғамының рухани мәдениетінің, философиялық ойларының қалыптасып-дамуында айқындаушы рөл атқарды.
«Веда» сөзі «білім» дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Оларда дүние, 3 адам, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді.
Ведалар 4 бөліктен тұрады:
Самхиттер - кұдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады;
Брахмандар - діни салт өлеңдер жинағы, философиялық маңызы аса зор болмаса да, Самхиттер мен Упанишадалардың арасын байланыстырып тұр.
Аранъяктар - «Орман кітаптары» - қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы. Қоғамнан бөлектенудің өзі «іс-әрекет жолынан» «білім жолына», тереңірек пайымдау жолына көшу дегенді білдіреді, яғни Араньяктарда дүниетанымдық мазмұн басымырақ бола бастайды.
Упанишадалар - философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта («Ведалардың соңы») деп аталады. Алғашқы упанишадалар шамамен алғанда біздің дәуірімізге дейінгі VII-VI ғасырларда қалыптасып, бұл дәстүр ХІІ-ХІІ ғасырларға дейін жалғасты. Upani-sad («қасында отыру»), яғни ұстаздың аяғының жанында отырып, уағыз тындау, «жұмбақ білім» дегенді білдіреді. Упанишадалар - ұстаздың шәкіртпен диалогәңгімесі, оның тақырыбы - болмыстың алғашқы бастауы, сол арқылы табиғат пен адамның бойындағы құбылыстар түсіндіріледі.
Махабхарата көне Үндінің философиялық ескерткіштерінің бірі болып табылады. Махабхарата - «Бхараттардың ұлы шайқасы туралы аңыз», діни, мифологиялық, философиялық ойлар жинақталған көне Үнді эпосы, буддизмнің қасиетті түпнұсқаларының бірі.
5. Ғылыми таным мәселелерінің ежелгі Қытай ф-да қойылуын түсіндір:
Қытай мемлекеті қазіргі уақытта әлемдік деңгейде танымал мемлекеттердің бірі болып отырғаны күмәнсіз. Өзінің экономикалық қуатын, мәдениетін, саяси ықпалын күннен күнге күшейтіп отырған көршіміздің ұлттық болмысын, философиялық дүниетанымын, адамгершіліктік ұстанымдарын танып-білу біз үшін аса маңызды және пайдалы. Әр халықтың ішкі, нағыз мәні оның философиясы арқылы ашылатыны белгілі, сондықтан да көне Қытай философиясымен танысу, оның бастауларына үңілу қазіргі Қытай қоғамын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII -VI ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мектептер мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелді.
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері:
1) Ең басты ерекшелігі - саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бұл ерекшелік сол кездегі Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан тікедей туындайды. Көне Қытай-мемлекеті иерархиялық неспотия үстемдік Құрған мемлекет болды. Мемлекет басшысы вая, барлык билік соның қолында, ол әлеуметтік конустың шыңында орналасқан. Одан кейінгі қабаттарда әр түрлі деңгейдегі ақсұйектер: мемлекеттік шенеуніктер - чжухоу, беделді отбасылар - дафу және ши, ең төменде ештеңеге құқы жоқ шужэнь орналасқан. Қатаң тәртіпке, ванға бағыныштылыққа негізделген осындай қоғамның философиясы, әрине, «жоғары» мен «төменнің» арасындағы қатынастарды қалыптастыруға, реттеуге, қатаң ұстауға бағытталды.
2) Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі туындайды: философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі - адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. Қытай философиясы адамды Көк пен Жердің арасындағы он мың заттың ең құндысы деп танығанымен, бұл дүние адам үшін жаратылмаған, адам - қарапайым “микрокосм”, Табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен мыңдаған көрінбейтін жіптермен байланысты деп түсіндірді. Яғни, адамның міндеті - осы жіптерді үзбей, жеке белсенділік корсетпей, өзінен жоғарыға, өзінен үлкенге қызмет етіп, табиғат пен өмір ағынына еріп, тыныш өмір сүру, өзінің адамгершілігін жетілдіру жолында тынымсыз еңбектену. Себебі, бұл өмірде ең маңызды нәрсе - жеке адам емес, ол өмір сүріп отырған қоғам, мемлекет, ал жетілген қоғам жетілген адамгершілікке ие адамдардан құрылмақ деп түсіндірілді.
3) Қытай философиясының да бастауы мифология болды деуге болады. Ежелгі мифтердің мазмұнындағы адамның адамгершілік келбетін жетілдіру, адам және қоғамның арасындағы қатынастарды реттеу мәселелеріне басты назар аударылды. Көптеген мифтік ұғымдар Қытай философиясының негізгі философиялық категорияларының қалыптасуына айқындаушы ықпал етті.
4) Натурфилософиялық мәселелер мардымсыздау талқыланды, бұл мәселелерді «инь-ян» мектебі немесе натурфилософтар, моистер және даосизм мектебінің өкілдері ғана қарастырды.
Бірақ табиғи құбылыстарды да Қытай ойшылдары әлеуметтік және адамгершілік құбылыстармен байланысты қарастырды. Дүниенің бес бастауы: су, от, ағаш, металл, жер және табиғаттың бес құбылысы: жаңбыр, күншуақ, ыстық, суық және жел бар деп түсінген және олар халықтың тұрмысына әсер етеді деп пайымдаған философтар олардың себептерін анықтауға тырысты. Бұл түсініктер өздерінің бастауын мифологиялық және діни көзқарастардан алатынын айта кету қажет.
Көне Қытайдың негізгі философиялық ескерткіштері: «И цзйн» - «Өзгерістер кітабы», «Ши цзин» - «Өлеңдер кітабы», «Шу цзин» - «Тарих кітабы».
«И цзин» - «Өзгерістер кітабы» - бүкіл Қытай мәдениетінің қалыптасуына зор әсер еткен, маңызын әлі күнге дейін жоймаған шығарма. Кейбір зерттеушілер оны қасиетті кітап деп атап, Ведалармен, Інжіл, Құранмен бір деңгейге қояды. Ғалымдардың пікірінше, «И цзин» ежелден келе жатқан бал ашу практикасымен байланысты пайда болып, даму барысында философиялық пайымдаудың негізіне айналған. Философиялық ескерткіштердің арасындағы ең көнесі болмаса да, бұл кітап Қытай философиясының бастауы болды деуге болады, бірақ оның түсінуге қиын мәтіндерінің мазмүны әлі күнге дейін толық ашылған жоқ. «И цзин» 64 гексаграммалардан тұрады олардың жүйесі үнемі өзгеріп отыратын дүниенің 64 күйі мен құрылымынан тұратын, Көк - Жер - Адам қатынасын білдіретін ілімді кұрайды ден түсіндіріледі. Шығармада Қытай философиясының негізгі категориялары қалыптасқан, олар арқылы адамның өзін қоршаған ортаға деген қатынасы, кеңістік, уақыт, табиғи қүбылыстар, әлеуметтік өзгерістер туралы түсініктері бейнеленіп, Қытай қоғамының дәстүрлі көзқарастарының теориялық негізі қаланған деуге болады.
«Ши Цзин» - «Өлеңдер кітабы» 305 поэтикалық шығармалардан тұрады. Олардың қай кезеңдерде жазылғанын дәл басып айту қиын, қазіргі заманғы ғалымдар бұл өлендер шамамен біздің дәуірімізге дейінгі XI - VII ғасырларда, Қытайда философиялық мектептер әлі қалыптасып үлгермеген уақытта жазылған, кейінірек Конфуций өлеңдерді іріктеп, өндеп, өзінің философиялық ілімінде қолданған, ал оның шәкірттері Конфуций мектебінің негізгі кітабына айналдырған деген болжам айтады. «Ши цзинді» басқа философиялық мектептер де зерттеді. «Өлеңдер кітабында» Көне Қытай қоғамындағы ван, дафу, чжухоу топтарының өмірі, адамгершілік келбеті, әлеуметтік қызметі жырланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz