Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І - тарау. Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері.

  1. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері . . . 8
  2. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттері . . . 17

ІІ - тарау. Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың әдістемелік негіздері.

2. 1. Бастауыш сынып оқушылары жеке тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының бүгінгі күнгі ерекшеліктері . . . 34

2. 2. Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының мазмұны мен әдіс - тәсілдері . . . 45

Қорытынды . . . 53

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 56

Қосымша . . . 58

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі.

Қазақстан Республикасы тәлім тәрбие тұжырымдамасында: «тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген. Осыған байланысты, жас ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыру - қазіргі кездегі тәрбие мен білім берудің басты көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттің саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.

Бұл міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы - оқушылардың тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның ынтымақтастық жұмысын дамытудың және оның тиімді әдістемесін жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кіруі, демократиялық дәстүрге өту жағдайында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған жалпы адамзаттық құндылықтар мұрасына ден қоюы адамгершілік, гумандық процестің айқын көрінісіне айналуда. Бұл мәселе, соңғы жылдар ішінде ғалымдардың зерттеу обьектілеріне айналуымен қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде бастауыш мектеп оқушыларын жеке тұлға етіп қалыптастыруда олардың қасиеттерін жан-жақты дамыту басты нысанаға алынған.

Жеке тұлға өзіндік құндылық. Оның тұлғалық қасиетінің дамуы мен қалыптасуы мектепте оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты болуы керек.

Бұл жөнінде ежелден - ақ ұлы ойшылдарымыз Әл - Фараби, Ж. Баласағұн, Ұлы Абай ерекше толғанған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған Д. Кішібеков, Р. Н. Нұрғалиев жеке тұлғаның дамуы - қоғамдық қатынастардың нәтижесі деген философиялық тұжырым жасаған.

Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру үшін, ол күн сайын жанұя мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым - қатынастардың куәсі болуы қажет. Жанұя мүшелері бір - бірімен тату - тәтті, өзара түсінікте болса, одан адамгершілік пен әділеттің, көрінісі айқын сезіліп тұрады. Жанұяның бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір - біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірыңғай саяси көзқарасты ұстануымен, соған орай, ерлі - зайыптылық және ата - ананың сезімін терең түсіне білулерінен байқалады.

Жанұя мен мектептің ынтымақтастығының негізгі міндеті - баланың тұлғасын қалыптастыруға, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттедің барлығы - негізінен жанұя мен мектепте, яғни жан иелерін тәрбиелеп шығаратын ортада дамып, қалыптасып нығаяды.

Барлық зерттеу жұмыстары баланы өмірге дайындауға жанұя тәрбиесіне үлкен жауапкершіліктің жүктелгенін көрсетеді. Әділдік пен бауырмашылдық, өзара түсінушілік, ата - анаға және туған туыстарына деген сүйіспеншілік пен сыйластық, отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат, адамдарға және еңбекке леген құрмет тағы да сол сияқты тұлғалық қасиеттер баланың кішкентай кезінен жанұяда және мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан, жанұядағы, мектептегі және айдаладағылармен қарым-қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды. Соңғы жылдары Азаров Ю. П, И. В Гребенников, А. И. Лихачев, Ю. П Петров, А. О Пинт және т. б жанұяда баланың тұлғасын қалыптастыру мәселелерін зерттеген ғалымда, ал Қазақстанда Ж. Б Қоянбаев, Р. М Қоянбаев және т. б жанұяның мектеппен ынтымақтастығы мәселелерін зерттеген.

Көрнекті педагогтар К. Д Ушинский, А. С Макаренко, В. А Сухомлинский, Ы Алтынсарин шығармаларында оқушы тұлғасын қалыптастырудың жолдары қарастырылса, оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағыт-бағдар беруді ең алғаш тәрбие жұмысының мазмұнына енгізген белгілі педагог ғалым М Жұмабаев болды. Психологтар мен педагог ғалымдар Ж. Пиаже, Л. С. Выготский, Л. С Рубинштейн, Л. В. Зоньков, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, А. Г. Ковалевтің және Қазақстандық көрнекті ғалымдар Т. Тәжібаев, С. Қ. Қалиев, К. Ж. Қожахметовалар өз еңбектеріне жеке тұлғаны дамыту мәселелеріне теориялық және практикалық талдау жасаған.

Оқу-тәрбие процесінде баланың тұлғалық қасиеттерін дамыту мәселесі Ш. А. Амонашвили, К. К. Платонов, В. С. Библер, Б. М. Теплов, А. Н. Лук, Б. Т. Ананьев, В. А. Крутецкий, В. И. Кириенко, Н. С. Лейтес, А. В. Петровский, В. Т. Пушкин, Д. Б. Богословский, В. Ш. Андреев, Г. А. Давыдова және т. б еңбектерінде қарастырылады. Қазақстанда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар М. Ә. Құдайқұлов, Е. Ө. Жұматаева, А. Б. Мырзабаев, Л. Т. Дирксен, К. К. Жұмадилова, және т. б.

Көптеген психологтар М. Мұханов, Қ. Жарықбаев, А. В. Петровский және т. б ғалымдардың айтуы бойынша бастауыш сынып кезеңі орта мектеп оқушыларының І - ІҮ сыныптарын және 6-11 жас аралығын қамтиды. Бұл кезеңнің негізгі психологиялық ерекшелігін оның өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер - оның мінез-құлқында, санасында күрделі, ол кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты бұл кезең «Көзі ашылмаған балалықтай» даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық негіздері бастауыш сынып кезеңінде қалыптасады және әдетке айналады.

Педагогикалық - психологиялық әдебиеттерге талдау жасау барысында бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелерінің әлі де ғылыми зерттеулерде өз дәрежесінде көрініс таппағандығын көрсетеді. Бұл кезең оқушылардың жеке тұлға болып дамуының және қалыптасуының бастапқы кезеңі болып табылатындықтан, жанұя тарапынан берілетін тәрбиенің мәні аса маңызды. Алайда, жанұя тәрбиесінің педагогикалық маңыздылығы мектептен бірлесе отырып, жұмыс атқарса, онда жемісті болар еді. Сөйтіп, оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда оның педагогикалық мәселелерінің ғылыми-теориялық негізінің жоқтығы мен практикалық мұқтаждығының арасында қайшылық айқын байқалады. Осы қайшылықтың шешімін табу бізге зерттеу тақырыбын «Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері» -деп алуға мүмкіндік береді.

Зерттеудің мақсаты: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелерін теориялық және әдістемелік тұрғыда негіздеу.

Зерттеу пәні: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру.

Зерттеу обьектісі: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тәрбие үрдісі.

Зерттеу міндеттері:

- Кіші мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктерін;

- Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттерін айқындау;

- Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының бүгінгі ерекшеліктерін айқындау;

-Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының мазмұны мен әдіс-тәсілдерін айқындау.

Зерттеу базасы: Эксперименттік жұмыс Бәйдібек ауданындағы №9 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте өткізілді. Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

І-тарау. Бастаушы сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері.

1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері.

Бүгінгі таңда қоғамдағы «Тәрбиенің мақсаты-жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру қажет»-деп көрсетеді. Осыған байланысты біз бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелерінің мәнін ашу үшін «жеке тұлға» деген ұғымға түсініктеме анықтама беруге болады.

«Жеке тұлға» ұғымы психологтардың көзқарасы бойынша, жеке организм-жеке адам тұлғасы. Бұл саналы іс-әрекет обьектісі. Тұрақты және әлеуметтік маңызды қасиеттерге байланысты, жеке адам-қоғам мен ұлттың бірлескен мүшесі, жеке тұлға өзіндік сана мен қоғамдық сананың пайда болуына байланысты қалыптасады.

Жеке тұлға ретінде жеке адам немесе организмнің барлық психологиялық ерекшеліктері қарастырылады .

Жеке тұлға-бір жағынан интеграциялық ұйым. Оның бойында танымдық, аффектілік, тұлғалық сипатын көрсететін қасиеттер сақталған. Оның басқа адамдардан айырмашылығы да сонда.

Күнделікті тіршілікте жеке тұлғаның әртүрлі қасиеттері ашыла түседі. Психалогиада жеке тұлға туралы көптеген психологтардың пікірлері бар. Олардың әрқайсысы жеке тұлға туралы әртүрлі анықтама береді.

Адамның жеке тұлға диагностикасын қолайлы жағдай туғызу мен қалыптастыруға ең тиімді жолдар іздеуде, оның құрылысын зерттеуде, пайда болу заңдылықтарын білуді қажет етеді.

Жеке тұлға теориясы-адам бойында қалыптасқан ойлар мен гипотезалар жиынтығы. Жеке тұлға теориясын зерттеу көптеген жаңа ойларға қол жеткізеді. Бізге қызығушылық туғызатын бастапқы: адам табиғаты. Біздің мақсатымыз-адам бойындағы қалыптасқан қасиеттерді зерттеу.

Жеке тұлға теориясы-негізгі екі функцияны атқарады: олар мінез-құлықты түсіндіреді және алдын ала болжайды. Жеке тұлға теориясы адамның жеке басындағы мінез-құлықты зерттеп, қалыптасқан жүйесіне түсініктеме береді. Ол адамның мінезінің сан қырлы ерекшеліктерін түсіндіреді.

Жеке тұлға теориясы-адамның күнделікті тыныс-тіршілігін түсіндіре алады. Жеке тұлғаның өзара қарым-қатынасы-олардың болашағына, көзқарасының дамуына, алдын-ала болжам жасайды.

Психология ғылымында «жеке тұлға» туралы мынадай теорияларды айтуға болады.

  1. Психодинамикалық теория. З. Фрейдтің (4865-1939ж) психодинамикалық теориясы адамның мінез-құлқын психоаналитикалық қарым-қатынас арқылы зерттеуге келтірілген.
  2. Жеке тұлғаның Эго теориясы (Э. Эриксон) . Бұл теория бойынша, қоғамға және жеке адамдарға, олардың барлық өмірі бойында жеке басының қалыптасуы тепе-теңдік теориясына негізделген.
  3. Джулиана Роттердің әлеуметтік ілім теориясы. Әлеуметтік ілім теориясын Д. Роттер қоршаған ортаны зерттеу арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас түрлерінің әлеуметтік әсерін қабылдаудың нәтижесі деп түсіндіріледі. Бұл теория-әлеуметтік үйрену, адамның мінез құлқын, тұрмыс қызметін әлеуметтік ортада қабылдауға негізделген. Ол көбінесе адам сұранысына байланысты, ортамен қарым-қатынас жасау арқылы қалыптасады.
  4. Альберт Бандураның әлеуметтік когнитивтік теориясы. Ол жеке тұлғаның және әрбір адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезіндегі мінезіндегі өзгерістің ауытқу ерекшеліктерін көрсетеді. Оның дәлелденуіне «адамдар концепциясы, яғни мінезі мен қоршаған ортаға өзара бейімделеді. Бұл ретте жеке тұлға дәрменсіз обьект емес, ортаны бақылайтын сананы әрі күш қуаты бар адам ретінде танылады және ол ойланған жетесіне жетіп, оны іске асырады. Бұл теория бойынша мінез құлық реакциясы мен айналадағылардың дамуы, ортамен сыпайы түрде қарым-қатынас жасауға негізделген.

Джорж Келлидің жеке тұлғаның когнитивтік теориясы (1967) Жеке тұлғаның когнитивтік теориясы бойынша адам бойында конструктивті заттар болады. Бұл арқылы қоршаған ортадағы интерпретациялық оқиғаны ұдайы жинайды. Бұл жиналған конструктивті заттар сол адамның негізін айқындайды. Бұл теория кейде «жеке тұлғаның теориясы» деп аталады. Осы арқылы жаңа конструктивті ойлар қалыптасады.

Раймонд Кеттелдің жеке тұлға қасиетінің құрылыс теориясы. Бұл теория эмпирикалық әдістің зерттеулерін нақты пайдалануға негізделген. Кеттел факторлық талдаудың көмегімен жеке тұлғаның игі қасиеттерін ашу мақсатында мінездің ғылыми моделін конструкциялаған. Кеттел бойынша, жеке тұлға белгілі бір жағдай кезінде дәлелденуге арналған жеке адамның мінезі. Адамның жеке қасиеті, Кеттел бойынша, жеке тұлға белгілі бір жағдай кезінде дәлелденуге арналған жеке адамның мінезі. Адамның жеке қасиеті Кеттел бойынша, оның гипотезиялық психикалық құрылысы. Ол адам мінезінің белгілі бір істі бітірудегі, оны аса бір ынтамен, ниетпен ойлап істеудегі психологиялық сипаттамасы, адамның іске деген құлшынысы. Кеттел бойынша игі түйін - адамның туа біткен қасиеттері. Кеттел игі қасиетті оның болмысына - конститутцияның көзіне байланысты сипаттайды.

Карл Роджерстің жеке тұлғалық феноменологиялық теориясы. 1902-1987 ж.

Бұл теорияның авторлары феноменологиялық бағыт адамның ішкі дүниесінің және рухының үйлесімділігін тапқанда ғана дұрыс болып табылады деген. Субьективтік әлем - оның феномені қоршаған ортаны уақыттың қай кезеңінде болмасын түсіне білуі. Роджерс субьективтік қабылдау немесе адамның уайым тартуы жеке тұлғаның жекелей іс-әрекетінің мінезге тән өзгерісін дәлелдейді.

Жеке іс-қимыл теориясы. Іс-қимыл теориясы кәсіптік даму үрдісінің методологиялық негізі болып есептеледі. Ол субьектінің (индивид не әлеуметтік топ) белсенділігін туғызатын және сол белсенділік арқылы дамудың арнаулы жағдайын айқындайды.

Кеңес дәуіріндегі педагогикада жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және көбінесе жобалау пәні ретінде ғана қарастырылады.

Соның салдарынан отандық мектептердегі біржақты көзқарас, демек, оқу-тәрбие үрдісін тек ынтымақтастық ретінде түсінетін ұғым әлі жойылып біткен де жоқ, педагогтар мен оқушылардың жеке тұлғалық өзара қарым-қатынасы. Көрнекті отандық психологтар Я. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, Б. Г. Ананьев, А. Н. Леонтьев, А. Г. Ковалев, Г. С. Костюк, А. В. Петровский, А. И. Божович, И. С. Кон, жеке тұлға теориясын дамытуға айтарлықтай үлес қосты. Отандық психологтардың және педагогтардың көпшілігінің пікірлері бойынша, адамдық индивидтің генетикалық детерминтелген сапасы - жеке тұлғаның даму жағдайында және биологиялық қабілетте үлкен рөл атқарады. Бұл ретте адам биологиясының жануарлар биологиясынан айтарлықтай айырмашылығы бар екенін, сондай-ақ адамға тән арнаулы адамдық қажетінің туа пайда болады. Оған қарым-қатынас қажеттілігі жатады және қажеттілік жеке тұлғаның өзі болып саналу мүмкіндігін естен шығаруға болмайды.

Іс-қимыл қарым-қатынасында жеке тұлғаның даму көзі қоғам болып қарастырылады. Оның дамуының қозғаушы күші ретінде заттық іс-қимыл жүйесінің қайшылығы алынады.

А. Н. Леонтьев жеке тұлғаның дамуы және оның құрылымдық тұжырымдамасын жасаған кезде іс-қимыл түсінігіне көрнекті орын берген. Ол жасаған классификацияға сәйкес, А. Н. Леонтьев теориясын адамның өмірлік-психологиялық (мотивтік) және мінез-құлықтың (іс-қимыл) сипатын түгел қамтитын психодинамикалық, құрамды-динамикалық деп бағалауға болады.

А. Н. Леонтьев, Л. И. Божович сияқты жеке тұлғаның ішкі жан дүниесін мотивациялық деңгейге жатқызады. Оның теориясының тағы бір маңызды түсінігі «Жекелей ойлаушылық» болып табылады. Ол адамның қарым-қатынас мақсатын, оның іс-қимылының қандай түрге бағытталғанын және қатынас мақсатын оның іс-қимылының қандай түрге бағытталғанын және оның мотивтік ерекшелігін туғызатын жайларды анықтады. Жеке тұлғаның іс-қимылының әр түрлілігі - көптігі оның биік сипаты екендігін және ірі тұлғалылығын көрсетеді.

Қазіргі таңдағы ұлттық тәрбие беру жүйесінде бастауыш мектеп кезеңі бала өмірінің алты, жеті жастан - он, он бір жасқа дейінгі аралықтағы кезеңді қамтиды.

Бастауыш сынып кезеңіне тән негізгі белгілер мынадай: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Мұнда баланың өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең болып саналады. Бұл белгілер оның мінез-құлқында санасында күрделі, ол кейде қиыншылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты, бұл шақ көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері нақ осы бастауыш сынып кезеңінде қалыптасады және әдетке айналады. Сондықтан бүгінгі таңда көптеген ғалым-психологтарының ерекше назары, бастауыш сынып оқушыларын дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану балаларды ары қарай оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайындауға мүмкіндік береді.

Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері мен тұлғалық қасиеттері туралы мәселелерді Ресей - Кеңес ғалым психологтары: А. В. Петровский, Р. С. Немов, В. С. Мухина, С. Ф. Жустков, Д. Б. Эльконин, Л. В. Заньков және т. б. Ал Қазақстандық ғалым психологтар: Қ. Жарықбаев, М. Мұханов және т. б. еңбектерінен кездестіруімізге болады.

Тәжірибелі ұстаздарға белгілі, психологиялық жағынан расталған мынадай қағида бар.

Баланың класқа келген алғашқы күнінен-ақ оған оқушының сабақтағы, жанұядағы және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын да, нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарасын, міндеттерін және құқығын бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығын дереу түсіндіру керек. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету - бастауыш сынып оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес, мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес, олардың тіршілігін ұйымдастыруы қажетті шарт болып табылады.

Бастауыш сынып оқушысының жеке басына тән қасиетінің дамуында «Мен» деген ұғымның мәні жатады. Бала өзін білген соң құрбыларына қарағанда бәлендей тізімде қандай орын алатынын ойлап, қайткенде жақсы орынға ие болсам деп арман етеді. Бұл жағдайда баланың өзінің қандай орын алғысы келетіні туралы бағасы мен құрбыларының, не үлкендердің ол жөніндегі бағасы арасында үлкен алшақтық болғаны жақсы. Егер бастауыш сынып оқушысының өзі жөніндегі бағасы, құрбыларының бағасынан асып кетсе, мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. Керісінше оның өзі жөніндегі бағасы өзгелердің оған беретін бағасына төменге түседі, осындай баланы кішіпейіл дейді. Кіші оқушы өзінің ісіне, не мінезіне әлі сын көзбен қарай алмайтын болғандықтан, оның өзі жөніндегі бағасы, әдетте өзгелердің бағасынан жоғары дәрежеде келеді.

Бастауыш сынып оқушысының жеке басына тән қасиеттерді тек «Мен» деген сала тұрғысынан бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік жігері қандай, ашуланғыш не сабырлы келе ме, өсімдікті ажыратудағы талғамы және озгелермен қатынасы қандай екендігін қарастыратын болсақ, бастауыш сынып оқушысына қойылатын талаптарды мөлшер немесе норма деп атайды. Балада мектепке келмей тұрып, нені істеуге болатынын не болмайтынын әбден жақсы біледі. Мектепке кіргеннен кейін, бұрын орындап көрмеген міндеттерді игере білуі тиіс. Мысалы, сабаққа кешігіп, не берілген тапсырманы орындамай келуге болмайды. Тапсырманы орындамаса, сол сияқты мектепке таза киініп келмесе немесе тәртіп бұзса, бұл «нормаларды» бұзуға жатады. Әуелгі кезде осыған үйрене алмай қиналатын болады. Бірақ, бірте бірте міндеттерді орындауға үйрене бастайды. Бұл мөлшерлерді норма дейтін себебі осыларды орындау дәлелденген және дәстүр болып кеткен.

Жалпы алғанда, осылардың бәріне бірдей тән қасиеттері мынада: әуесқой, ақкөңіл өзгелерге жәрдем бергісі келіп, дәрменсіздерді не қарт адамдарды аяп соларға қамқорлық көрсеткісі келетінінде, 7-8 жастағылардың әуесқойлығын алсақ өзгелерге сұрақ қойғанды, мектепке дейінгілер сияқты «Бұл не?» - деп сұрамайды, «Бұл неліктен?» - дейді. Сұрақтарды осылай құруда үлкен мән бар. Өйткені бастауыш сынып оқушылары нәрсенің не екенін гана білгісі келмейді, соның бәлендей сырын, себебін білгісі келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың психикалық ерекшеліктерінің педагогикалық мәселелерін теориялық және әдістемелік тұрғыда негіздеу
Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу іс-әрекетіне бейімділігі мен әлеуметтік статусын қабылдауының психологиялық ерекшеліктері
Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеу
Оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту
Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу сабағында жүргізілетін шығармашылық жұмыстар
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
Жалпы білім беру пәндер циклы
Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz