«Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы»


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

1. «Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы» пәніне анықтама беріңіз

«Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы» курсы студенттерге өздерінің лидерлік қабілеттерін білуге, басқару, сәттілік феномені, тұлғалық даму мен өсуде этикалық нормалар мен принциптерді меңгеруге көмектеседі. Сонымен қатар, қазіргі кездегі инновациялық этикалық ізгіліктер мен өзін-өзі танудағы психологиялық жұмыстар мен практикалық бағытты қамтиды.

Пәннің сипаттамасы
Маманның кәсіби өрлеу іс-әрекеті ұғымы және оның негізгі категорияларын ашу; тұлғалық және әлеуметтік өрлеудің құндылықтық-нормативтік негіздерімен, адамгершілік-ізгілік, этникалық, этико-аксиологиялық компоненттерімен таныстыру.
Пәннің сипаттамасы: Мақсаты
Маманның кәсіби өрлеу іс-әрекеті ұғымы және оның негізгі категорияларын ашу; тұлғалық және әлеуметтік өрлеудің құндылықтық-нормативтік негіздерімен, адамгершілік-ізгілік, этникалық, этико-аксиологиялық компоненттерімен таныстыру.: Әлеуметік ортада тұлғалық және кәсіби іс-әрекет жетістіктеріне жету жолдарын анықтау, әлеуметтік өрлеу және студенттерді ғылыми жетілдіру тәсілдерін қалыптастыру.
Пәннің сипаттамасы: Оқу нәтижелері
Маманның кәсіби өрлеу іс-әрекеті ұғымы және оның негізгі категорияларын ашу; тұлғалық және әлеуметтік өрлеудің құндылықтық-нормативтік негіздерімен, адамгершілік-ізгілік, этникалық, этико-аксиологиялық компоненттерімен таныстыру.:

Студент білуге тиіс :

  1. өрлеу ұғымының әлеуметтік-философиялық мәнін;

- жеке және әлеуметтік өрлеу формалары, жетістігі, беделі формулаларын;

- кәсіби өрлеу негізінде құндылық-нормативтік, адамгершілік-ізгіліктік, этникалық негіздерін;

студент меңгеруі керек және жасай алуы тиіс :

- әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі жеке және әлеуметтік өрлеу тәсілдерін, әлеуметтік тәжірибелік жетістік, әлеуметтік көшбасшы және әлеуметтік қамқоршы болуды;

- білім беру жүйесін дамытудағы жаңашыл тенденцияларды;

- маманның кәсіби іс-әрекет жетістігін, әлеуметтік өрлеуді тұлғалық жобалау тәсілдерін.

2. Этика пәні: анықтама беріңіз

Этика (грек. ethos - дағды, әдет-ғұрып) - зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. “ Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының (“Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика”) атауына кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Этизм - ілім мәнінде, мораль - оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, Этизмлық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Э-лық нормалармен жетекшілік жасайды. Этизм ұғымы жайлы Д. Юмның “Адамның табиғаты” туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этизм ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.

Этиканың құрылымы. Этика үш бөліктен тұрады:

  1. теориялық этика;
  2. нормативті этика;
  3. эмпириялық этика.

Теориялық этика - этиканың негізгі үғымдарын, оның зерттеу пөнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді. Нормативтік этика - негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен катыгездік, ізгілік пен жауыздык, ар-үждан, үят, абырой, парыз және т. б. қарастырады. Эмпириялық этика - белгілі бір кезеңдердегі адамзат үйымдарының нақты адамгершілік келбеті туралы түсінік береді.

3. Жақсылық пен жамандық : салыстырмалық талдау жасаңыз

Жақсылық пен жамандық - жеке адамдар мен әр түрлі топтардың іс-әрекеттеріне, әлеуметтік құбылыстар мен қатынастарға адамгершілік тұрғысынан берілетін этикалық баға . Жақсылық деп белгілі бір қоғам (не белгілі бір топ) адамгершілік деп танып, жалпыға өнеге ететін іс-қимылдарды айтады. Жамандық деп , керісінше, адамгершілікке лайықсыз деп танылатын іс-әрекеттерді айтады. Осы екі ұғымның мәнін түсіндіру, олардың арақатынастарын айыра білуді іздеу барлық халықтар арасында ерте кезден-ақ басталған. Ислам дінінде Жақсылық пен жамандықтың адамның өз ниетіне байланыстылығы айтылады. “Мұхаммед (с. ғ. с. ) : . . . кімді қаласаң ардақтайсың да, кімді қаласаң қорлайсың. Жақсылық сенің қолыңда” (Құран Кәрімде 3:26) Әйтсе де адамдардың қаперсіз жүруі қошталынбайды: “ Жақсылық істеңдер. Шын мәнінде Алла игілік істеушілерді жақсы көреді” (4:36) . Жалпыға бірдей қабылданған адамгершілік қағидаларға жат жамандық іс-әрекеттер қай уақытта да этикалық тұрғыдан айыпталынады. Солай бола тұра бұл категориялардың белгілі, тұрақты өлшемі де жоқ, әсіресе, жеке адамның субъективті ой-пікірі тұрғысынан келгенде Жақсылық пен жамандықтың аясы бірде тарылса, бірде ұлғайып отырады. Қатыстылық жағынан біреуге игілік болып көрінген іс-әрекет өзге біреуге қиянат болуы, сондай-ақ, керісінше, біреуге қиянат болып көрінген әрекет, біреуге игілік болуы ықтимал. Мұндай салыстырмалы түрдегі Жақсылық пен жамандықтың неғұрлым айқын да анық бағасы қалай болғанда да жақсылықтың - жағымды, жамандықтың - жағымсыз құбылыс екендігінде. Сондықтан жағымды жақсылыққа адам жаны әрдайым құштар. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Жақсылық пен жамандық мәңгілік тақырыпқа айналып, өнегелі іс пен өмірлік мәселелерде жақсылық алғы кезекке қойылған. 19 ғасырда өмір сүрген қазақ шайыры Майлықожа бұл туралы былай дейді : “Жақсылық отқа күймес, суға батпас, Гауҝар тас жарық қылмай жерде жатпас, Қолдан келсе етіңіз жақсылықты, Жақсылықты еткендер жаман таппас” . Қазақ даласынан шыққан ұлы ойшылдар: Қорқыт Ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Жүсіп Баласағұни, Абай Құнанбаев, т. б. халқымыздың дәстүрлі дүниетанымындағы жақсылық, ізгілік ұғымдарына терең мән беріп, оларды әлемдік философиядағы түсініктер деңгейінде қарастырады. Олардың пікірінше, жеке адамның жақсылыққа ұмтылуы, ізгі іс-әрекеттер жасауға құштарлығы - әділетті қоғам құрудың басты шарты.

"Жақсының жүрген жері - шашу, жаманның жүрген жері - ашу" (Қадыр Мырза Әли) .

"Жүрекпен істелген жақсылық ең алдымен өзіңе пайда" (Лев Толстой) .

"Жақсылыққа жақсылықпен жауап беру керек, ал жамандыққа әділдікпен жауап берген дұрыс" (Конфуций) .

4. Әділдіктің мәнін ашып көрсетініңіз:

Әділдік, Әділеттілік (арабша әдл ) -әділдік, әділқазылық, шыншылдық; турашылдық, адалдық, дұрыстық; әдәләт - 1) әділқазылық; 2) юстиция - дәстүрлі құқықтық мәдениетте адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың белгілі тәртібіне тікелей қатысты принцип, адамның қоғам алдындағы ғана емес, сонымен бірге қоғамның тұлға үшін де жауаптылығын көрсететін, адамның өмір сүру жағдайлары мен сапасын білдіретін әлеуметтік-этикалық категория.

Әділдік - араб тіліндегі عدل «адл» түбірінен туындаған есім сөз. Бұл түбірдің негізгі мағынасы - зұлымдық жасамау, иесіне тиесілі ақысын беру, адамдарға қателігін түсіндіріп тәрбиелеу, әркімнің өмірдегі өз орнын білуі, ақиқатқа қол жеткізу, т. б. Сонымен қатар, тазартып түзету, теңестіру әрі өлшейтін таразы деген мағыналарды да қамтиды.

Әділдіктің негізін үйлесім, тепе-теңдік, өлшем, сәйкестік секілді ұғымдар құрайды. Мұндай әділдікті күллі құбылыстардың арақатынасынан анық байқауға болады. Барлық нәрсе бір теңдікпен әрі өлшеммен жа¬ратылып, илаһи құдірет тарапынан тәрбие етіліп тіршілікке бейімделген. Адам ағзаларындағы тепе-теңдік пен үйлесімділік, титімдей атом мен алып күн жүйесіндегі тәртіп, төрт мезгілдің алмасуы, түн мен күннің ауысуы сияқты жаратылыстағы бүкіл құбылыстар керемет жүйелілік пен дәлме-дәл өлшемділіктің айғағы.

Ислам осы әділдікті көрсетіп, үйретіп, адамдарды соған бастайды. Шынайы мұсылманның қадірі бүкіл амал-ниеттерін жақсылық пен адамзаттың пайдасына негіздеп, иләһи әділдікке сәйкестендіріп өмір сүре алғандығымен өлшенеді. Шынайы әділдікті іс жүзіне асыра білу аса қиын. Алайда, оны «ихсан» (Аллаһты көріп тұрғандай иманға ие болу) сезіміне ие болғанда ғана толық орындауға болады.

Ислами ұғымда әділдік - өте құнды және кең ауқымды моральдық категория ретінде қарастырылады. Бұл ұғым тек қана құқық саласындағы әділдікті емес, сенімнен бастап адамдық қатынастарды, тәрбиелік мәселелерді, айтылған сөздер, тіпті, санадағы пікірлерді де толығымен қамтиды. Мысалы, жаратылысты Аллаһтан басқа көптеген тәңірге тән деу - зұлымдық болса, бір ғана Жаратушыға беру - шынайы әділдікті білдіреді.

Әділдік - ізгіліктің ірге тасы. “Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ” (Абай) . Әділдік уақыт ағынында өзгеріп отырады. Оның алғашқы түріне көне қоғамдағы “жазалаушы әділеттілік” деген жатады. “Қанға қан, жанға жан”, талион, кек алу принциптері ілкі санада әділдік саналды. Қылмыс пен жаза, әрекет пен айыптау мәселелері әділдіктің осы түсінігімен түбірлес. Қоғамдағы меншіктік қатынастардың қалыптасуына байланысты жазалаушы әділдіктің орнына оны тепе-теңдік тұрғыдан түсіну алдыңғы қатарға шықты. Қоғамдық байлықты барлығына бірдей үлестіру идеясы әділдік талабына айналды. Бұл ұран желеуімен талай қантөгістер, революциялар, бүліктер жүріп жатты. Әлеуметтік әділетті орнатамыз деген желеумен бір ғасырға жуық коммунистер өз халықтарына бақытсыздық әкелді. Социолизм қоғамы “байлық - бұл әділетсіздік, ол кісіні аздырады, адам неғұрлым кедей болса, оның руханилығы жоғарылай түседі” деген жаңсақ пікірді құлаққа құйып келді. Шын мәнісінде, қабілеті мен білігі тең емес адамдарға мүлікті бірдей үлестіріп беру әділетсіздіктің айқын көрінісіне жатады. Мұндай түсінік әлеуметтік енжарлыққа әкеп соғады. Алайда, әлеуметтік теңдік - өркениетті қоғам құрудың басты шарты. Адамдар құдай алдында, әдеп, құқық, заң алдында тең және бірдей мүмкіндікке ие.

Нарықтық қоғамда “мүмкіндіктер теңдігі мен әділеттілігі ” деген өмірлік принцип кең етек жайған. Қоғамдық қатынастар әрбір адамның өзіндік мақсатына жету мүмкіндіктерін шектемеуі керек. Әділдіктің басты өлшемі - адам құқықтары теңдігінің жүзеге асуы. “Нәтижелер теңдігі” қоғамдық байлықты өмірде табысқа жете алмаған адамдардың пайдасына қайта бөлуге әкеледі. Бұл экономиканың даму ынталылығын азайтады. Мысалы, дәрігер мен санитардың, профессор мен ассистенттің еңбегін тең бағалау әділетсіздікке жатады. Алайда қоғам мүліктік теңсіздікті тым шарықтатып жібермеуге тырысуы қажет. Қоғам үшін пауперлер мен люмпендердің, кедей адамдардың қатары көбеюі қымбатқа түседі. Ол қоғамдық ынтымақтастық пен тұрақтылыққа кері әсерін тигізеді.

5. Ар мен ұяттың мәнін ашып көрсетніңіз:

Ұят - жасаған әрекетіңнің жөнсіздігін түсінушілік. Намысқа кір келтірушілік, моральдық рухтың асқақтығын қорлау - масқара болушылық.

Хакім Абай отыз алтыншы қара сөзінде: «Шын ұят сондай нәрсе: шариғатқа теріс я ақылға теріс, я абиұрлы бойға теріс бір іс себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреуі ондай қылық өзіңнен шықпай ақ, бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұның себебі, сол ұят істі қылған адамды есіркегендіктен болады. «Япырмай, мына байғұсқа не болды, енді мұның өзі не болады дегендей, бірнәрсе іштен рақым секілді болып келіп, өзіңді қысып, қызартып кетеді. Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс, я ақылға, я абиұрлы бойға теріс, я адамшылыққа кесел қылық, қатеден, яки нәпсіге еріп ғапылдықтан өз бойыңнан шыққандығынан болады. Мұндай ұят қылық қылғандығыңды бөтен кісі білмесе де, өз ақылың өз нысабың өзіңді сөккен соң, іштен ұят келіп, өзіне жаза тарттырады. Кірерге жер таба алмай, кісі бетіне қарай алмай, бір түрлі қысымға түсесің. Мұндай ұяты күшті адамдар ұйқыдан, тамақтан қалатұғыны да бар, хатта өзін өзі өлтіретұғын кісілер де болады. Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп қылған қысымның аты…

Осы күнде менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайды да. «Ол істен мен ұятты болдым дедім ғой, енді нең бар?», дейді. Я болмаса «жә, жә, оған мен ақ ұялатын болайын, сен өзің де сүйтпеп пе едің», дейді. Немесе «пәленше де, түгенше де тірі жүр гой, пәлен қылған, түгел қылған, менікі оның қасында несі сөз, пәлендей, түгендей мәнісі бар емес пе еді?», деп, ұялтамын десең, жап жай отырып дауын сабап отырады. Осыны ұялған десек, хадис анау, жақсылардан қалған сөз анау. Осындай адамның иманы бар дейміз бе, жоқ дейміз бе?!

Ар-ұждан - моральдық сана-сезім ұғымы әрі этика категориясы: жеке адамның өзінің қоғамдағы маңызын сезінуін және қоғамның осы маңыздылықты тану сәттерін қамтиды. Өзінің мазмұны және өзіңде көрініс табатын моральдық көзқарастың табиғаты жөнінен Ар-ұждан ұғымы "намыс" ұғымымен теңдес.

Бізде «ар» сөзіне ғылыми тұрғыдан қандай анықтама беріледі? «Шәкәрім» энциклопедиясында А. Тоқсамбаева: «Ар - адамгершілік сана, этика-философиялық категория. Адамгершілік (адамшылық, адамдық) қазақ халқында адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтық мағынасын білдіретін ұғым-өлшем болса, Ар оның шығу тегі, бұлақ бастауы. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», - дейді.

Шәкәрім өз шығармаларында «ар білімі» деген терминді қолданған. Ол «ар» сөзін «совесть» деп тәржімалаған. Ар дегеніміз не? Ол тек адамға ғана қатысты түсінік. Михаил Лермонтов: «Адам ісіне құдаймен бірге төреші бір нәрсе бар, ол - ар» деп айтқан.

Ар - адамдық сананың негізі деп: «ар түзер адамның адамдық санасын» деген өлең жолдарымен Шәкәрім де айтқан. Шәкәрімше айтқанда ар өзіне жақын, әлі ара жігі ашылып зерттелмеген ұят, ұждан ұғымдарымен бірлікте.

Сонымен, ар дегеніміз не? Қазіргі заманғы адамгершілік туралы түсінікті этика деп атайды. Немесе, мораль. Осы екеуі адамгершілік деген ұғымға сәйкес келеді. Бірақ Абайда да, Шәкәрімде де адамгершілік деген сөз жоқ, Абай оны адамшылық дейді, Шәкәрім - адамшылық, ар дейді. Адамшылыққа қатысты білімді Шәкәрім «ар білімі» дейді. «Ар білімі» деген тіркес, түсінік - Шәкәрімнің жаңалығы. Ғарифолла Есім айтады: «Ар білімі» ұғымының ауқымы кең. Ар білімі адамның адамшылығының кемелденген кезінде қалыптаса ма деймін. Менің түсінігімше, ар ниет арқылы көрініс береді. Әдетте, адамдарды ақ ниетті, қара ниетті деп бөліп жатамыз. Қара ниетті адамда ар бола ма? Керісінше, арсыздық солардан шығады. Ақ ниетті адамдардың әр ісінде ізгілік жатады. Арлы адамдар - солар. Адамға бас иіп, құрмет білдіру де соларға тән. Ар білімі болса - арлылықты да, арсыздықты да зерттеуі керек» дейді.

Намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады. Өзін-өзі танудан бастау алған адамның рухани ізденісі оның қоршаған ортасын меңгеруіне ұласады. “Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы” деген қағидадан көрініс тапқан, яғни ар-иманның қадірін білумен айқындалатын намыстың бір түрі адамның адамдық келбетін айқындайтын асыл қасиеті. Адам өз бойындағы ең асыл құндылық иман, ар-ождан қазынасы екенін танып білгеннен кейін, оны қорғау, ұлғайту қамымен ғылым, білім іздеп еңбектенсе ол шын мәніндегі намысты тапқаны күмәнсіз.

Ұлылардын ар-уятка байланысты макал-мателдери:

Нысап пен ұят әділеттен шығады. Абай Құнанбаев

Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады. Ғабит Мүсірепов

Арын сатқан антұрғанның айтқан сөзі құрсын. Абай Құнанбаев

Арыңды сатып тапқан мал - харам. Абай Құнанбаев

Пайда ойлама - ар ойла. Абай Құнанбаев

Арсыз сөз қыдыртып, жұрт құтыртуға құмар. Абай Құнанбаев

Ар-намыссыз - ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл. Нұрсұлтан Назарбаев

Жалған намыс - қасиет емес, ар сақтаған - қасиет. Мұхтар Әуезов

Құс ілген қудың ұятта ісі болмайды. Махамбет Өтемісұлы

Ат - шабысына қарай шабады, ер - намысына қарай шабады. Сырым Датұлы

Сайланарда бермейтін уәделері жоқ. Сайланып алған соң аспанда құдай барын, ел-жұрт алдында абырой -ұят барын ұмытып кетеді. Ғабит Мүсірепов

Ұятсызбен ұстаспа. Махмұд Қашқари

Тау суындай тұнық та мөлдір ар. Сағат Әшімбаев

6. Бақыт ұғымы қалыптасуын көрсетініңіз:

Бақыт - адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым.

Бақыттың негізінде адамның өмірі мағыналы және нәтижелі болған кездегі өз болмысына деген ризашылық сезімінің қалыптасуы жатыр. Арман сияқты Бақыт та мұраттың тылсымдық-эмоциялық көрінісі болып табылады. Мұрат тұлғаның болашаққа деген сенімін білдірсе, Бақыт оның іске асу деңгейін көрсетеді. Әдептану саласында Бақыт мәселесімен шұғылданатын ілімді фелицитология (грек. Бақыт туралы ілім) деп атайды.

Бақыт - көп мағыналы ұғым. Оның басты түсініктері:

бақ-дәулет, “қолға қонған құс”, ырыздық;

қуаныш, ләззат, рахат;

жақсылыққа, ізгілікке жету, даналық;

өмірден өз орнын табу, толыққанды тұлғаға айналу.

“Құс ұшуға жаралған, адам бақытты болуға жаралған” дейді халық мақалы. Бақытты өмір сүру - қуанышты болу, дәулетке кенелу, рахатқа бөлену. Адамға қуаныш әкелетін оқиғалар - табысқа қол жеткізу, іс-әрекеттің марапатталуы, алға қойған мақсаттың орындалуы, бала-шағаның қызығы. Қуаныш сезімі адамға күш беріп, кісінің жігеріне жігер қосады. Алайда қуаныш пен Бақыттың арасында айырмашылық та бар. Қуаныш өткінші, жеке бір сәтке байланысты болса, Бақыт - адамның бүкіл өмірінің арқауы. Өмірде адамгершілікке жат, әдептілікке симайтын жалған қуаныштардың да кездесуі мүмкін. Қазіргі жағдайда Бақытты өмір сүру мәселесі өркениеттілік құндылықтарымен (нарық, демократия, адам құқыларын қастерлеу, т. б. ) тікелей байланысты.

Т. Джефферсон “Тәуелсіздік декларациясында” мемлекет өз табиғаты бойынша Бақытқа ұмтылуды қорғап, тұлғалардың іскерлігі мен дербестілігін ынталандыруы қажет екенін, бұл Бақыт үшін мәнді болып табылатынын атап көрсетеді

Ежелгі грек данышпаны Аристотельдің түсінігімен , бақыт деген - адамгершілігі мол адамдарда өмір сүретін жан. Рақымшылығы мол жан Аристотель заманында шынайы бақыт қуанышының иелері саналғанға ұқсайды.

Бүгінгі таңда "Бақыт" сөзі қалай түсіндіріледі? Психология пәнінің көптеген оқулықтарында "бақыт" термині өз өмірінен толық қанағаттанушылық сезімін сезінген адамның психологиялық көңіл-күй ауаны деп түсіндірілген.

Бұған адам баласының еш уақытта толыққанды бақыт қуанышын сезіне алмайтындығын келтіре кетпеске болмайды. Заңдылық екеш заңдылық ретінде адамға үнемі бір нәрсе жетпей жатады.

Бақыт бұл уақытта жоқ нәрсе және бұл уақытта қатты қалайтын нәрсе. Бақыт - бұл арман. Дегенмен, түсініксіз бір түйткіл орнайтыны, арман-тілек қалай жүзеге асысымен, артынша бақыт ізім-ғайым жоқ болып кетпей ме?! Арманыңыз ақиқат өмірде орын алған уақытта бақыт туралы ұғым жүрек түкпіріңізде белгілі бір уақытқа жатқандай болғанмен, алайда, аппақ таңның жарығында сол бір мол қуатты бақыт туралы ұғымның көлеңкесі кішірейіп, күн өткен сайын жарықтан артық жылдамдықпен күш-қуаты кеми бермек.

Адам нені армандап, нені ақиқат өмірде жүзеге асырып жатқанда өз-өзіне қуаныш сыйлайды? Адам белгілі бір іс-қимылдарды жасайды және онысы шырмалған шаруа тұрмысында қуаныш алып келеді. Қандай бір жаңалық ашпасын, өнер тудырмасын, бәрібір де оның барлығы мәңгілікке бақытты қыла алмайды.

7. Парыз ұғымы қалыптасуын қарастырыңыз

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Гегельдің пікірінше абъсолюттік рухтың соңғы формасы философия
Саяси-құқықтық ілімдер тарихы пәні
Ғылым және ғылыми көзқарас
Канондық құқық және мораль
Саяси ілімдер тарихы
Аристотельдің өмірбаяны
МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР
Қоғамның әлеуметтiк жағдайы
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz