Этика оқу-әдістемелік нұсқаулар мен дәрістер мәтіні


әл-Фараби атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы
Келісілген:
Факультет деканы
Ә. Р. Масалимова
« » 2016 ж.
Университеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінде бекітілді
Хаттама № 2016 ж.
Оқу ісі жөніндегі проректор
Д. Ж. Ахмед-Заки
Этика
Оқу-әдістемелік нұсқаулар мен дәрістер мәтіні
І - бөлім
Оқу формасы - күндізгі
Алматы 2016
Оқу-әдістемелік нұсқаулар кредиттік бағдарламада студенттерге «Этика» пәнінен Филология факультеті, қ. б., 2 к. 2 к. Журналистика факультеті, қ. б., 2 к. Заңгер факультеті, қ. б., 2 к. Студенттеріне қосымша материал ретінде арналған. Оқу-әдістемелік нұсқаулардың негізгі тұжырымдары мен қағидалары елімізде мәдениеттану, этика, философия пәндерін оқытуда және қазақ халқының этикалық мәдени мұрасына байланысты қазіргі кезеңге қатысты арнаулы курстарды дайындауға көмегін береді.
Автор - дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Т. Х. Ғабитов.
Рецензенттер:
Философия ғылымдарының докторы, профессор Молдабеков Ж. Ж.
Философия ғылымдарының докторы Сатершинов Б. М.
Дінтану және мәдениеттану кафедрасының отырысында қарастырылған және ұсынылған.
« » 2016ж., Хаттама №
Кафедра меңгерушісі (қолы)
Факультеттің әдістемелік (бюро) кеңесінде ұсынылды .
« » 2016 ж., Хаттама №
Төрайымы
(қолы)
АЛҒЫ СӨЗ
Қазақстан Республикасы тек экономикасы жағынан ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік және тұлғалық өмірдің барлық салаларында өтпелі қоғамды басынан өткізіп, инновациялық қоғам құрып жатқаны белгілі. Өтпелі қоғамда дәстүрлі реттеу нормалары қайта қаралып, олардың орнына апробациядан, тәжірибелік тексеруден толық өтпеген жаңа құндылықтар ұсынылады. Олардың көпшілігі, бұрыңғы дәстүрмен байланысы аз, басқа мәдениеттерден алынған үлгі-модельдер екендігіне көз жеткізуге мүмкіндік бар. Дәстүр мен жаңадан пайда болған үрдістердің үйлесімсіздігі кейбір жағдайларда аномияны, яғни нормасыздық, заңсыздық жағдайын қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан, дәстүрлі қоғамның рухани тетіктері мен олардың өзгермелі қоғамдағы ерекшеліктерін қарастыру оқу-ағарту жағынан да, тәрбиелік тұрғыдан да өзекті мәселе болып табылады.
Адамдық қарым-қатынастарды реттеу нормаларын ақиқатқа жақын, дұрыс және толығырақ зерттеу үшін этиканы мәдениеттанумен үйлесімді қарастыру қажет. Өйткені, мәдениет адамдық болмыс тәсілі ретінде өзінің тұтастығын және әмбебаптылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді және осы тұтастық тұрғысынан әдептік нормаларды айшықтап отырады. Адамзат мәдениетiнiң алға жылжуы адамның рухани дамуымен байланысты. Аталмыш адамгершiлiк қағидасының мазмұны сенiм, адамға деген махаббат пен сыйластық, жеке тұлғаны кемсiтудiң барлық түрiмен күресуден көрiнедi. Бүгiнгi күнi iзгiлiктi, рухани дамыған адам болу дегенiмiз - адамды жеке тұлға ретiнде тану, абырой, ар-намысын құрметтеу. Iзгiлiк - жоғары мәдениет пен бiлiмдi, сөз бен iстiң бiрлiгiн талап ететiн, немқұрайлылықпен күресетiн белсендi өмiрлiк ұстаным. Адам қандай құндылықтар жүйесiн ұстанады, ненi мақсат етiп, неге талаптанады деген сұрақтарды анықтау да өзектi. Денсаулық, махаббат, сұлулық, бiлiм, сүйiктi жұмыс сияқты құндылықтар қай дәуiрде болмасын маңызын жоғалтқан емес. Адамгершілік іс жүзінде адамдар арасындағы барлық қарым-атынастарды, олардың мемлекет пен қоғамға қатынасын қамтиды. Адамның күнделікті өміріне мемлекет пен қоғамның қойған талаптары нормалары оның ішкі сеніміне айналып, сезімдерін басқарады, оның үйреншікті әдетіне ауысады. Қоғамдық мораль қоғамдық және мемлекеттік құрылымның одан әрі бекітілуіне жәрдемдеседі, белсенді тұлғаны қалыптастырады. Сонымен, тұрақты моральдық тәртіпті ұстап тұру үшін ақыл-ойға барынша қысым көрсетуді бірде әлсіз, бірде наразы түрде талап ететін ескі жүйені алмастыру үшін, дәл осы адамгершіліктің салтанат құруы мақсатында, жағымды ойлаудың жалпыға ортақ басымдылығына жету үшін бүгінде қызу жұмыс істеу қажет. Енді жаңа этика ғана біздің әртүрлі мұқтаждықтарымызға қатысты, құмарлықтардың тегеурініне қалқан болуға шынайы қабілетті терең және әрекетшіл көзқарастарды бекіте алады. Оның адамзатқа көзқарастарына сәйкес, қазір біздің тегіміз ие болған орасан зор тәжірибеге сүйенген теріске шағарылмайтын дәлелдемелер әрбір қылыққа, әрбір себепке және әрбір бейім немесе қоғамдық шынайы ықпалды дәл анықтай алады.
Этика пәнін жоғары мектепте оқыту тәжірибесі мен отандық гуманитарлық білім берудің жетістіктері де ұсынылып отырған әдістемелік құралда ескерілген. Оқушыларды біртұтас және жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыруда олардың өзіндік қабілеттері мен табиғи қасиеттерін барынша дамытатын, өркениеттілік құндылықтарға негізделген білімді бойларына сіңіріп, заман ағымына байланысты материалдық және рухани байлықтардың түбегейлі өзгеруін ой елегінен өткізе отырып, рухани-адамгершілік, мәдени-құндылықтық болмыстарын байытуда және өзіндік рухани жетілу жолдарын қалыптастыруда оқытылатын басқа пәндер арасында осы пәннің алатын орны ерекше.
«Этика» курсының ХХ1 ғасырдың білікті, білімді, мәдениетті адамын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Этиканы оқып-білу үшін жас ұрпақ мектеп қабырғасында-ақ жаратылыстану мен әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негіздерін игеруі қажет. Егер біз әдепті ұрпақты рационалды пайымдалған моральмен байланыстырсақ, онда ол қарым-қатынастың психологиялық реттеушілік қызметімен айқындалады. Этика пәні оқушылардың жалпы және кәсіби мәдениетін жоғарылатуға, адамның бойында адамгершіліктік құндылықтарға саналы қатынас жасауды үйренуге, жауапкершілікті өмірлік таңдау жасау қабілетін игеруге, сол арқылы білім алу менкүнделікті өмірде дәйекті гуманистік ұстанымдарға қол жеткізуге көмектеседі.
Бұл әдістемелік құралы елімізде қабылданған «Білім туралы» Заңға, «Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары білім беруді дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасына», «Ұзақ жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына», Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2012 жылы 23 тамызда бекітілген, «Білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандартына» сәйкес орындалды.
«Этика» пәнінің мақсаты - студент жастарды этикалық құндылықтар негізінде жоғары адами қарым-қатынастарға баулу;
студент білуі керек:
- этиканың тарихы мен теориясын;
- этикалық ойлаудың әлемдік үлгілерін;
- қазақ этикасының тарихы мен құндылықтарын;
- қарым-қатынас құралдарын;
студент жүзеге асыруы керек:
- гуманитарлық білім саласы ретіндегі этиканың ерекшілігін айқындау;
- тарихи ретроспективада этиканың түпнегізді ұғымдарын, категорияларын, анықтамаларын меңгеру;
- этика бойынша жобалар, ғылыми баяндамалар, эсселер дайындау;
студент дағдылана алуы керек:
- моральных дағдарыстардың алдын алу, оларды шешу жолдарын таңдау;
- тарихи-этикалық жағдайлар мен үдерістерді талдай білу;
- қарым-қатынастағы қиындықтарға нақтылы баға беру, оларды жеке шеше алу.
Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында мынадай міндеттерді шешу қажет:
1. әдеп деонтологиясына сүйене отырып, моральдық құндылықтардың түбегейлі мәдени негіздерін айқындау;
2. қазақы әдептік мәдениетке түсініктеме беру;
3. қазақтың дәстүрлі әдеті реттеу тетіктерінің мәдени негіздерін айқындау;
4. этномәдениеттің әдеп жүйесінің реттеу тетіктері мен құндылықтарын қарастыру;
5. қазақ әдеп жүйесін тарихи типология тұрғысынан қарастыру;
6. қазақ әдеп жүйесі тарихын мәдени мұра бағдарламасы аясында қарастыру;
7. әдептік мәдениеттегі дәстүр мен жаңашылдықтың динамикасын, үлесін және бағдарларын анықтау;
8. қазіргі Қазақстан қоғамындағы әдеп-құқықтық мәдениеттің сипатын, тенденцияларын, қайшылықтары мен олардан шығу жолдарын зерттеу;
9. жаһанданудың әдепке тигізетін жағымды және теріс әсерлерінің арасалмағын таразылау;
10. қазақ әдеп жүйесі өрістеуінің болашақ үрдістерін айқындау.
Пәнді оқытудағы ұсынылған нұсқаулар:
1. Мәдениеттің көптеген анықтамалары, түсіндірмелері, суреттемелерінің арасында оны қоршаған табиғи және әлеуметтік орта мен адамныі қарым-қатынасын ретке келтіретін әмбебапты тетік ретінде айқындау ХХ ғасырда қалыптасқан өркениеттілік ұстанымының маңызды белгісіне жатады. Адамдық қарым-қатынастардың нормативтік негіздері әдеп пен құқықтан құрайтынын атап өтуге болады.
2. Адамдық ынтымақтастықтың кеңейтілген тәртібінде (күш көрсетуге негізделмеген мәдениетте) әдептік және құқықтық нормалардың төмендегідей ортақ белгілері бар: 1) әдеп - еркіндік өрісі, құқық - еркіндік ережесі 2) императивтер; 3) әмбебаптық; 4) құндылықтар; 5) жақсылықты кеңейту және жамандықты шектеу. Әдептік және құқықтық нормалардығ айырмашылығы: 1) құқық мемлекеттік тарапынан рәсімделген, әдептің жүзеге асуын қоғамдық пікір бақылайды; 2) әдеп абсолютті, құқық-шектеулі; 3) әдеп мәжбүр етуді ақтамаса, құқық күш көрсетудің кейбір түрлерін заң арқылы айқындайды.
3. Шығыста мәдениет өзінің түрлі құрастырушы салаларының үндестілігінде, күрделенген жан-жақтылығында ғана дамиды, ол белгілі бір стандартқа, күшпен танылған ұстанымға бағынбайды. Оның негізгі буындарына «маариф» (білімділік) және «адаб» (мораль) жатады және оның мақсаты «камиль-аль инсаниййа» болады. Орта ғасырлардағы мұсылмандық Ренессанс аясында араб, иран, түркі және шығыс эллинизмінің тамаша синкретті бірігуінен, бір-бірімен қабысып, дамуынан бұрын-соңды болмаған ерекше сипаттағы мәдениет дамыды.
4. Әдебтің орта ғасырлық мұсылмандық Шығыста рухани, қоғамдық, интеллектуалдық қызметі латын «гуманитасымен» бірдей болған. Сонда ол қалалық, жетілген мәдениетті, әдептің құндылығын көрсеткен, ол өзі әдептіліктің, білімділіктің үлгісі болған. Алғашқыда «адаб» гуманистік білімділікті» үлгісі болатын. Өзге елдердің мәдениетімен байланысы «адабтың» мазмұнын кеңейтті, гуманизмнің универсалдық формасының белгісі ретінде арабтықтан өзге мәдениетке бастады. «Адаб», «маарифат», эллиндандырылған ежелгі философияның жиынтығынан араб тілдес философия туындады. Оның аса ірі өкілі әль-Фараби мәдениеттің типологиясымен шұғылданған («Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары») . Көрсетілген төрт «қала» мәдениеттің төрт саласы болып табылады.
5. Қазақ дәстүрлі әдептік мәдениетінде әдептік және басқа да нормалар ажыратылмаған синкреттік түрде әрекет етеді. Олардың мәдени негіздеріне жататыны: ауызекі ақпараттық қатынастағы сөздің құдіреттілігі мен сөзге тоқтау, қауымдық (ру, тайпалық) мүдделердің үстемдік етуі геронтократип пен генотиптік әлеуметтік құрылым, ғарыштылық пен табиғатты қастерлеу, еріктілік пен еркіндік, туысқандық қатынастар мен ынтымақтастық және т. т.
6. Қазақтың кәдімгі дәстүрлі әдебінің қайнарларына номадалық шаруашылық-мәдени типте қалыптасқан реттеу тетіктері, мұсылмандық адаб пен шариғат қағидалары, Шыңғыс хан құрған әмбебапты көшпелі мемлекеттегі «Жаса» түзімдері, хандық дәуіріндегі ақын-жыраулар мен билер төрелігіндегі адамгершілік құндылықтары билікті» номадалық салттағы бөлінуі жатады.
7. Қазақтың әдеп санасында кәдімгі әдет пен табиғи құқықтың құндылықтары басымдық танытты, позитивтік және преценденттік құқықтың нормалары қазақтың дәстүрлі мәдениетіне сырттан танылған маргиналдық сипаттағы ережелер арқылы енді.
8. Қазақтың дәстүрлі әдеп мәдениетіндегі негізгі ұстанымдар мен категорияларға жататындары: «жол», «жарғы», «парыз», «кие» мен «кесір», «обал» мен «сауап», «тәубе», «нысап», «кінә мен күнә», «бата», «қанағат» және т. б.
9. Қазақ әдеп мәдениетінің тарихы - қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін, моральды, адамгершіліктің пайда болуын зерттейтін философиялық пән. «Әдеп» термині түрік халықтарының тіліне орта ғасырлардағы араб-мұсылман мәдениетінің ықпалымен енген. Біз «әдеп», «ақылақ», «мораль» «адамгершілік» сияқты ұғымдарды жақын мағынада қолданамыз. Бұл терминдер бірге өмір сүру барысында қалыптасқан мінез-құлық, іс-әрекет ұқсастықтарын білдіретін әдет-ғұрып деген мағынаға ие болады.
10 Қазiргi ғылым дамуы ерекшелiктерiнiң бiрi өзiнiң дүниетанымдық қайнар бұлағына айналып келуi, адамға «қайтып оралуы». Адамзат мәдениетi тарихында ешқашан өшпеген iзгiлiк дәстүрiнiң қайта өрлеуi өмiрдiң өзi қойып отырған талапқа айналды. Өркениеттi қоғамның жетекшi идеясы, оның адамгершiлiк мәнi-адамға болмыстың ең жоғары құндылығы ретiнде қарап, көңiл бөлудi орнықтыру, қоғам мен жеке тұлғаның үйлесiмдi рухани дамуына жағдай жасау.
Әдістемелік құрал Білім беру комитеті бекіткен Этика пәнін оқытудың мемлекеттік стандартына сәйкес орындалған. Жас мамандарды бір тұтас және жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыруда олардың өзіндік қабілеттері мен табиғи қасиеттерін барынша дамытатын, өркениеттілік құндылықтарға негізделген білімді бойларына сіңіріп, заман ағымына байланысты материалдық және рухани байлықтардың түбегейлі өзгеруін ой елегінен өткізе отырып, рухани-адамгершілік, мәдени-құндылықтық болмыстарын байытуда және өзіндік рухани жетілу жолдарын қалыптастыруда оқытылатын басқа пәндер арасында осы пәнінің алатын орны ерекше.
Қазақ этикасы - қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін, моральды, адамгершілікті зерттейтін философиялық пән. «Этика» термині ежелгі грек тілінде «бірлесе өмір сүруші адамдар тобының мекен-жайы» дегенді білдіреді, кейін әдеп туралы ілім мағынасына ие болды. «Әдеп» термині түрік халықтарының тіліне орта ғасырлардағы араб-мұсылман мәдениетінің ықпалымен енген. Көптеген мамандар этиканы әдептану деп аударып жүр. Қазақ этикасы туралы басылымдарда «әдеп», «ақылақ», «мораль» «адамгершілік» сияқты ұғымдар қолданыла береді және оларға әртүрлі анықтамалар беріледі. Кейде бұл терминдер бірге өмір сүру барысында қалыптасқан мінез-құлық, іс-әрекет ұқсастықтарын білдіретін әдет-ғұрып деген мағынаға ие болған.
Егер біз этиканы рационалды пайымдалған моральмен байланыстырсақ, онда төмендегі қағидаларды айқындау мүмкіндігі бар және олар әдептің реттеушілік табиғатына қатысты. Этика үшін жақсылық ұғымы оның басты ұғымы болды және бола береді, оның басты мақсаты - адам өміріндегі қайырымдылық пен зұлымдықтың қайнар көзі мен табиғатын, себептері мен тетіктерін анықтау. Этика мәдениет жүйесіне оның рационалдық-логикалық бастамасы ретінде адамның өмірдегі әдептік-адамгершілік көріністерін рационалды ойлау тіліне аударуы арқылы енеді. Этика - ғылымның маңызды саласы, әдеп - қоғамдық алғышарттардың саласы, адамгершілік - адамның ар-ұяты арқылы жеткен ішкі тұрақтандыру саласы. Этика практикалық философия ретінде, адам өмірінің күнделікті қажеттіліктерін бағдарлайтын ғылым ретінде туындайды. Әдеп, адамгершілік дегеніміздің өзі не? Әдеп - этиканың зерттеу нысаны, қоғамдық сана-сезімнің формасы және жеке тұлғаның өзіндік бағасын анықтауға бағытталған қоғамдық қарым-қатынастардың түрі. Адамгершілік - жеке тұлғаның ізгілік еркіндігінің, оның және жалпы қоғамдық талаптардың ішкі себептермен үйлесуінің қайырымдылыққа ұласатын адамның шығармашылығы бағытының саласы.
Өзіндік жұмыстарды орындаудың талаптары мен шарттары . Жоғарғы оқу орнының оқу жоспарына сәйкес, әрбір студент этика пәні бойынша бірнеше өзіндік жұмыстарды жазып өткізуі керек. Өзіндік жұмыстарға арналған тақырыптар екі бөлімде топтастырылған, себебі жұмыстардың әрқайсысы әр бөлімдегі тақырыптар тізімінен таңдап алынып, бірін-бірі қайталамауы керек. Тақырыптар саны жеткілікті мөлшерде құрастырылған, сондықтан да бір топтағы екі тр бір тақырып бойынша жұмыс орындауына болмайды.
Әрбір бөлімдегі тақырыптар теориялық немесе тарихи кезеңдерді қамтитындықтан тиісті деген әдебиеттердің тізімімен қамтамасыз етілген, дегенмен, соңғы уақыттарда баспадан шыққан жаңа кітаптар тақырыпты ашуға көмектессе, тізімде көрсетілмеген әдебиеттерді де пайдалануға болады.
Студент тиісті кеңестер алуы қажет:
1. Таңдап алынған тақырыпты оқытушымен келісу, себебі көрсетілген тақырыптар шеңберінен шығуға студент мәжбүр болса жетекшімен ақылдасуы қажет.
2. Керек болған жағдайда ғылыми әдебиеттер, мақалалар туралы кеңес алу.
3. Өзіндік жұмыстардың жоспарын бекіту.
4. Жұмысты жазу және талапқа сай формада көркемдеу.
5. Түсінбеген мәселелер, сұрақтар жайында мағлұмат алу.
6. Өзіндік жұмыстарды белгіленген мерзімдерде тексеруге беру.
7. Ұстаз тарапынан жасалынған ескертулер мен түзетулерді толықтырып, жұмысты көрсетілген уақытта тапсыру.
Өзіндік жұмыстардың мазмұны мен формасына мынандай талаптар қойылады: Жұмыс жоспары екі немесе төрт бөлімшнден артық-кем болмауы керек, ерекше бір жағдайда ғана бес бөлімше болуы мүмкін. Жұмыстың мазмұны, әртүрлі монографиялар мен ғылыми мақалаларды оқып-талдаудың нәтижесінде құрылуы керек. Аяқталған өзіндік жұмыстардың мынандай көрсеткіштері болуы қажет: біріншіден, студент зерттеп отырған тақырыбының мәнін, теориясы мен тарихын терең танып-білгендігін көрсету; екіншіден, автор мәдени құбылыстарды талдай отырып, оларды әртүрлі ғалымдар мен ғылыми ағымдар көзқарасы тұрғысынан түсініп, бағалай білу; үшіншіден зерттеп отырған мәдени құбылыстың өзектілігін, оның тарихтағы орны мен қазіргі заманғы маңызын ашып дәлелдеу.
Өзіндік жұмыстарда осы мәселеге қатысы бар деген пікірлер мен концепцияларды атап көрсетіп, олардың авторлары мен жазған еңбектерінің атын атап, тексте келтірілген сілтемелер болса нөмірлеп белгілеп қою қажет. Бір мәселе бойынша көп түрлі пікір қалыптасқан болса, оларды салыстыра отырып, автор өзінің түсінігіне сәйкес келетін біреуін негізге алуға тиіс. Ғылыми жұмыстың құндылығы да, студенттің жеке өзінің пікірінің қалыптасуы және соны айғақты түрде дәлелдей алуымен бағаланады. Мәселенің мәнін ашатын жақтарына назар аудара білу, фактілер мен уәждер арқылы тұжырым жасай алатындығы, жұмыстың деңгейін көтере түседі. Жұмыстың мазмұны логикалық тұрғыдан дұрыс және жасалған жоспарға сәйкес болуы шарт. Жұмыстың құрылымы кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде, автор, осы семестрлік жұмыстың мақсаты мен мұратын, тақырыбтың өзектілігін атап өтіп, осы мәселеге қатысты әдебиеттерге қысқаша шолу жасайды. Қорытынды бөлімде негізгі тұжырымдар айтылады және солардың нәтижесі ретінде түйіндеме жасалып, семестрлік жұмыс аяқталады. Жұмыстың сыртқы формасына келсек, оның көлемі 8 - 10 компьютерлік қағаз беті шамасынан кем болмауы керек, кіріспе, қорытынды және сыртқы бетін қоспағанда. Жұмыстың әрбір бетінде орын қалдырылып, тараулардың аттары жазылып, сілтемелер бет соңында көрсетілуі қажет. Жұмыстың сыртқы беті ғана машинкада немесе компьютерде теріліп, негізгі мазмұны көрнекті және түсінікті жазумен, таза және түзетулерсіз қолмен жазылған болуы керек.
КОНТЕНТ
1. ЭТИКАНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1. 1. Мәдениет және этика
Ақпараттық (информациялық) беріліс әлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар - салт-дәстүр, әдет-ғұрып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және өнер, білім т. б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзіндік санасының жанды буынына айналады.
Мәдениеттің қоғамдағы әдептік қызмет-міндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарамызды өзіне аударатын нәрсе - мәдениет пен білімнің арақатынасы. “Табиғаттан қулығын асырып жіберуге” (Гегель) бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі құрамдас бөлігіне жатады. Ертедегі гректің «пайдейя», Ислам Өркендеуіндегі «маариф», қазіргі өркениеттегі «интелигенттілік» ұғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді». Осы сипатта, әсіресе зиялылар мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет атқарады. Білімділік - мәдениеттіліктің маңызды алғы шарты болғанымен, бұл екі ұғымның арасында елеулі айырмашылық, белгілі алшақтық, кейде тіпті қайшылық бар. Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейде мәдениеті бар өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра алады. Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ, өнер арқылы әсемдікке ұмтыламыз, ал моральдық таным арқылы - жақсылық пен жамандықты айырамыз.
Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-семіп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бұл қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады.
Шексіз даланы игеру оны жай ғана кеңістік, жазықтық деп түсінбей, осы даланы тұтас бір континуим ретінде бағалаумен қатысты. XX ғ. қалыптасқан этникалық аумақтар мен жағрафиялық ұғымдардың және көшпелілер өркениеті шарықтап тұрған кездегі ата-мекен түсінігінің арасында үлкен айырмашылық бар.
Қазақстан жерінде ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе қоймағанына қарамастан олардың мекен еткен аудандарының бірі-Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр. Арыс өзені жағасындағы Кіші Қаратау жотасының солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ертедегі адамдардың еңбек құралдары болып табылатын ірілі-уақты шақпақ тастардың табылуы осыған айқын дәлел бола алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz