Тұлғаның өзіндік сана теориясындағы «мен» бірлігі, В. Джемстің менің үш өлшемді компонентті құрылымы


Тұлғаның өзіндік сана теориясындағы «мен» бірлігі, В. Джемстің менің үш өлшемді компонентті құрылымы
Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген - адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
Джемс көптеген мәселелермен айналысты - эмоция және танымдық процестердің дамуы және миды зерттеуден бастап тұлға мәселелерінің және жүйке зерттеулеріне дейін. «Сана ағыны» яғни санасыздық психикалық процестердің жиі болатын сыртқы дискреттілігіне қарамастан адамдық сананың үздіксіз жұмысы туралы Джемстің идеясы болып табылады. Ойдың үздіксіздігі санадағы тұрақты үзілуіне қарамастан өзіндік идентификация мүмкіндігін көрсетеді. Сондықтан, мысалы, адам ұйқыдан тұрған кезде өзін сезеді және оған «өзін екенін білу үшін айнаға қараудың қажеті жоқ ». Джемс үздіксіздікті ғана емес сананың тұрақты өзгеруі динамизмді айтады, бір өзенге екі рет кіруге болмайды деп Гераклиттің айтқаны сияқты ол бізде бірдей ой екі рет болмайды деп жазады. Сананың жұмысын зерттей отырып, ол екі негізгі детерминаттың ашылуына әкеледі - көңіл аудару және әдет. Адамның белсенділігінің айта отырып, ғалым психика оның практикалық қызметінде көмектеседі, әлеуметтік бейімделу процессінің іске асырады, кез-келген қызметте сәттілікке мүмкіндігін жоғарлатады. Джемстің психологиялық көзқарастары оның функционализмнің философиялық теориясымен тығыз қатысты болып келеді. Сондықтан Джемс оның теориялық психологиядан маңыздылығы аз емес екенін дәлелдей отырып, қолданбалы психологияға үлкен мән береді. Оның көзқарасының ең маңыздылығы педагогикамен психологияның байланысы болып табылады. Ол тіпті педагогтарға арнайы кітап шығарған болатын «Мұғалімдермен психология туралы әңгіме», онда ол тәрбиенің және өзін өзі тәрбиелеудің үлкен маңыздылығын, балалардың дұрыс әдеттерінің түзелу маңыздылығын дәлелдеді. Тұлғаның түрлі құрылымын және бөлігін шақыратын сол сезім мен эмоцияның сипаты маңызды болды. Бәрінен бұрын өзін-өзі бағалау (өзіне риза болу және риза болмау) ролін тек ол алғашқы айтқан еді. Джемс бөлшек түрінде берілген өзін-өзі сыйлау формуласын дәлелдеп шығарды. Оның алымында табыс, бөлімінде талаптану.
Мысалы, кездеймоқ бір жағдайлармен кішкентай адам балаларын аңдардың алып кетіп, жылдар бойы өз орталарында тірі қалдырып қойған фактілерінтарихтан жақсы білеміз. Қырыққа жақын мәлім болған жағдайлардың барлылығында да балалар адам қалпынан айырылып қалған. Төрт аяқтап еңбектеп жүріп, өзін асырап өсірген жануарлардың барлық қимылдарына еліктеуден басқа ешбір қабілеттері болмаған. Кейбір олардың қолға түскендерін адам қалпына келтіріп, сөйлеуді, екі аяқпен жүруді үйретуге тырысқан талай белгілі маман ғалымдардың әрекеттері нәтиже бермеген.
Демек, адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын тек қоғамдық орта. Ол үшін адам туған күнінен бастап, сол ортадан қол үзіп кетпеуі міндет. Осы ортамен тығыз байланыс, қатынаста болып, сол ортаның (топтың, ұйымның, алуан түрлі басқа қауымдастықтардың) іс-тәжірибелерін, сапа қасиеттерін өзінің бойына сіңіруі қажет.
Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі - өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау тәсілін, ол үшін еңбек құралдарын, оның ең қарапайым түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілетінде болды. Тек еңбек процесінде адамдар бір-бірімен қатынас, байланыс жасауды, ойларын сөз арқылы жеткізуді үйренеді. Бара-бара адам еңбегі материалдық және рухани мәдениет жүйесінің субъектісі, яғни жасаушысы болып шықты. Қоғамдық қатынастар адамның өмір сүруіне қажетті материалдық игіліктерді (тамақ, киім, баспана) өндіру қажеттілігінен туады.
Осыларды еске ала отырып, адам дегеніміз, еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі деп анықтама беруге болады.
Бұдан адам мәнінің тек қоғамдық-әлеуметтік жағы шамадан тыс үлкейтіліп, оның биологиялық, психологиялық жақтарының маңызы төмендетіліп, жоққа шығарылып отыр деген пікір тумауы тиіс. Анығында адамның өлшемі (кейбір уақытта құрылымы деп те айтады) үш түрлі болады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Бологиялық өлшем - бұл адам организмінің түр бейнесі мен құрылымының (морфологиясын), басқаша айтқанда, органимзнің құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т. б. қамтиды.
Психологиялық өлшем - адамның ішкі жан дүниесі, онда жүріп жататын саналы және санадан тыс құбылыстар мен процестер, (сезім жүйесі, мысалы, құмарлығы, жек көру, не сүю, мақтаныш, не қорлану, күйініш, не наразылық, ойлау) адамның еркі мен сипатын (бейнесін) темпераментін, т. б. қамтиды.
Осыған орай жеке-жеке алып қарағанда бұл екі өлшемнің әрқайсысы адам ұғымын тұтас тұлға ретінде ашып бере алмайды, өйткені биология мен психология адамдарды жеке-дара зерттеп, оларды тұлға ретінде көрсете алмайды.
Әлеуметтік өлшем - адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан-жақты осылай қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс-әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.
Әлеуметтану тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның идеясына сәйкес келетін немесе идеалды емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін, оның идеалды типтен қандай ерекшілігі, айырмашылығы барын зерттейді. Әлеуметтануда тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырылады:
а) Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіне араласып, мұның бар жақсылықтарын бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуын;
ә) Әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде тұлғаны қарастырады.
Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі. Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет:
Биологиялық, генетикалық дамудың алғы шарттары.
Әлеуметтік ортаның болуы қажет, өйткені онда мәдени орта болады, онымен жас сәби бала әр уақытта байланыста, қатынаста болуы қажет. Онсыз, яғни әлеуметтік ортасыз сәби бала жан-жақты дами алмайды.
Әрбір тұлғаның белгілі бір деңгейде іштей санасы, қасиеті болады. Осылардың жиынтығы тұғаның құрылымын қалыптастырады.
«Мен» бейнесі адамның әлемдік бейнесін жасайтын болмыстық форма мен сфера ретінде туынды сипатқа ие болады. Жасөспірімдердің «мен» бейнесі өзіндік ерекшелік, ал өзіндік сана сезімдері символикалық сипатқа ие болады. Идеалды нақтыланған «Мен» бейнесі бір мифологиялық табиғатқа ие болады. Миф ұғымы «Мен» бейнесі, тұлғаның өмірлік стратегияларын біріктіруге мүмкіндік береді. Өзіндік бағалау агрессиялық мінез-құлыққа белгілі бір өзгешеліктер әкеледі және көп жағдайда тұлғааралық өзара әрекеті, ішкі әсерленулер мен эмоциялық реакцияларды, өзіне және басқаларға не оң, не теріс қатынасты жасайды.
Өзіндік бағалау процесі субъективті агрессивті мінез-құлықтың шешуші дитерминанты не қарсыласатын, не оны жандандыратын ішкі міндетті нормативті стандарттарды реттейді. Агрессия сферасын анықтайтын нормативті стандарттарды адам дағдыланған әрекеттермен реттемейді. Жасөспірімдер қоғамда өтіп жатқан процестерді өзіне лайықты болатындай қабылдап, оған тез бейімделіп, соған сәйкес мінез-құлықтың стереотиптерін қалыптастырады. Өзіндік сана тұрғысында жасөспірім өзін қоғам мүшесі ретінде ұғынады және қоғамдық мәнді позицияларда нақтыланады. Жасөспірімдердің конфликтілігі және «Мені» бір жағынан болмыста энергетикалық қуатты өзіндік көрінуге ұмтылуынан тұрса, басқа жағынан белгілі бір таңдаумен іс амалдарға жете қоймаған тәжірибесіздігінен тұрады.
Жасөспірім жасында өзіндік бағалаудың негізгі функциясы: іс-әрекетін мінез-құлықты реттеу болып табылады. Мысалы: «мен қандай ақылдымын» деп ойласа, қоршаған ортаға сенбеген қатынаспен қарағандай болып табылады. Адекватты емес күмәндануларда жасөспірім өзінің адамгершілік қасиеттерін өзі айтып, басқа адамдарды менсінбесе, қоршаған орта да оған негативті тұрғыда қарайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz