Социология түрлері



Кіріспе 3
1. Дін социологиясы 4
2.Білім социологиясы 5
3. Құқық социологиясы 6
4.Этнос социологиясы 9
5.Еңбек социологиясы 10
Қорытынды 12
Пайдаланған әдебиеттер 13
Тақырыптың өзектілігі: тақырыптың өзектілігі, біріншіден, Қазақстанда кедейшілік көрсеткішінің ұлғайып келуі. 2005 жылы Біріккен ұлттар ұйымының кедейшілікті азайту бағдарламасының үйлестірушісі Малин Бергрен Қазақстанда тұрғындардың 20 пайызы кедейлерге жатқызылса, кедей болуға жақын тұрғандар саны бұдан екі есе көп екендігін айтады. 2007 жылы Қазақстанда тұрғындардың әлеуметтік өмірін оңалтуға бағытталған шаралардың жемісті болуына қарамастан кедейшілік мәселесі әлі де болса проблема болып қалуда. Бұл әсіресе еліміздің тұрғындарының 40 пайызын қамтитын ауылдық аймақтарда өзекті болып тұр.
Елімізде халықтың белгілі бір бөлігі әлі күнге кедейшілік тауқыметін тартып отыр. Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өткен Үкіметтің сәуірдің 7-сі күні өткен селекторлық кеңесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова осылай айтты.
Атаулы әлеуметтік көмек енгізілген 2002-ші жылдан бастап елімізде кедейшілік деңгейі біршама төмендегенін жеткізген министр: «Дейтұрғанмен, республикамыздың түрлі өңірлерінде кедейшілік деңгейі бойынша айтарлықтай айырмашылықтар бар. Тұрмысы төмендердің басым бөлігін көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, бала тәрбиесінде отырғандар, жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтитындар құрайды», деді.
Ірі зерттеулер: кедейшіліктің жоғары деңгейі — даусыз факт. Чарли Бут пен Сиб Раугари Ұлыбританиядағы кедейшілікті зерттеген классикалық жұмыстарыңда да күнкөріс қаражаты негіз болған кедейшілік анықтамаларын қолданылғаны көп нәрсені аңғартады. Олар кедейшіліктің деңгейі әлем елдеріндегідей болмағанымен, бұл елде де едәуір жоғары екендігін көрсетті. Өздерінің он жеті томдық еңбектерінде олар кедейшілікті көрсеткіш ретінде пайдаланды. Кедейшілік ұғымын енгізіп, одан төмен болған жағдайда отбасылар күнкөріс үшін кажет қаражат таба алмайтынын көрсетіп, Бут Лондон жұртынын үштен біріне жуығы кедейшілікте тұратынын айғақтайтын мәліметтер берді. Раунтридің жаңа ғасыр табалдырығындағы кедейшілікті зерттейтін жұмысыңда да күнкөріс каражаты жоқ болған жағдайдағы кедейшілік анықтамасы пайдаланылды. Алайда ол қару үшін қажет тамақтанудың негізгі мерзімін анықтау, содан кейін киім мен баспанаға жұмсалатын шығындарды ескере отырып, сол мерзімді қамтамасыз ету үшін қажет болатын кірісті есептеп шығаруға тырысып, неғұрлым кеңірек анықтама енгізді. Оның мәліметтері Нью-Йорк жұртының 15 пайызға жуығы кіріс негізгі кажеттерін қанағаттандыруға жетпейінше бастапқы кедейшілік жағдайында өмір сүретінін көрсетті. Табыс басқа нәрселерге жұмсалып кететін екінші деңгейден кедейшілікті қосканда халықтың 28 пайыздан астамы анық мұқтаждық немесе қайыршылық жағдайында күн көрген.
1. Р.Әбсаттаров, М.Дәкенов «Әлеуметтану» Алматы: Қарасай,2007 жыл.
2. А.И. Икенов, А.Д.Жүсіпова «Әлеуметтану негіздері» Алматы Экономика 2004 жыл
3. Аяғанов : «Социология негіздері», Алматы, 2008
4. Шынтемірова Б.Ғ. , Шайхиев Т.Т. – «Саясаттану» (Оқу- әдістемелік құрал) Алматы 1998.
5. Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1974
6. Нысанбаев : «Социология», Алматы, 2007
7. Қарабаев Ш.Қ. «Әлеуметтану негізі» - Алматы: Экономика баспасы,2007
8. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
9. Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. – Алматы, 2001
10. Основы социологии: Курс лекции. – ч.1. – М.,1994

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. Дін социологиясы 4
2.Білім социологиясы 5
3. Құқық социологиясы 6
4.Этнос социологиясы 9
5.Еңбек социологиясы 10
Қорытынды 12
Пайдаланған әдебиеттер 13

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: тақырыптың өзектілігі, біріншіден, Қазақстанда кедейшілік көрсеткішінің ұлғайып келуі. 2005 жылы Біріккен ұлттар ұйымының кедейшілікті азайту бағдарламасының үйлестірушісі Малин Бергрен Қазақстанда тұрғындардың 20 пайызы кедейлерге жатқызылса, кедей болуға жақын тұрғандар саны бұдан екі есе көп екендігін айтады. 2007 жылы Қазақстанда тұрғындардың әлеуметтік өмірін оңалтуға бағытталған шаралардың жемісті болуына қарамастан кедейшілік мәселесі әлі де болса проблема болып қалуда. Бұл әсіресе еліміздің тұрғындарының 40 пайызын қамтитын ауылдық аймақтарда өзекті болып тұр.
Елімізде халықтың белгілі бір бөлігі әлі күнге кедейшілік тауқыметін тартып отыр. Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өткен Үкіметтің сәуірдің 7-сі күні өткен селекторлық кеңесінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова осылай айтты.
Атаулы әлеуметтік көмек енгізілген 2002-ші жылдан бастап елімізде кедейшілік деңгейі біршама төмендегенін жеткізген министр: Дейтұрғанмен, республикамыздың түрлі өңірлерінде кедейшілік деңгейі бойынша айтарлықтай айырмашылықтар бар. Тұрмысы төмендердің басым бөлігін көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, бала тәрбиесінде отырғандар, жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтитындар құрайды, деді.
Ірі зерттеулер: кедейшіліктің жоғары деңгейі -- даусыз факт. Чарли Бут пен Сиб Раугари Ұлыбританиядағы кедейшілікті зерттеген классикалық жұмыстарыңда да күнкөріс қаражаты негіз болған кедейшілік анықтамаларын қолданылғаны көп нәрсені аңғартады. Олар кедейшіліктің деңгейі әлем елдеріндегідей болмағанымен, бұл елде де едәуір жоғары екендігін көрсетті. Өздерінің он жеті томдық еңбектерінде олар кедейшілікті көрсеткіш ретінде пайдаланды. Кедейшілік ұғымын енгізіп, одан төмен болған жағдайда отбасылар күнкөріс үшін кажет қаражат таба алмайтынын көрсетіп, Бут Лондон жұртынын үштен біріне жуығы кедейшілікте тұратынын айғақтайтын мәліметтер берді. Раунтридің жаңа ғасыр табалдырығындағы кедейшілікті зерттейтін жұмысыңда да күнкөріс каражаты жоқ болған жағдайдағы кедейшілік анықтамасы пайдаланылды. Алайда ол қару үшін қажет тамақтанудың негізгі мерзімін анықтау, содан кейін киім мен баспанаға жұмсалатын шығындарды ескере отырып, сол мерзімді қамтамасыз ету үшін қажет болатын кірісті есептеп шығаруға тырысып, неғұрлым кеңірек анықтама енгізді. Оның мәліметтері Нью-Йорк жұртының 15 пайызға жуығы кіріс негізгі кажеттерін қанағаттандыруға жетпейінше бастапқы кедейшілік жағдайында өмір сүретінін көрсетті. Табыс басқа нәрселерге жұмсалып кететін екінші деңгейден кедейшілікті қосканда халықтың 28 пайыздан астамы анық мұқтаждық немесе қайыршылық жағдайында күн көрген.

1. Дін социологиясы

Дін социологиясының ғылыми пән ретінде қалыптасуы көбінесе еуропалық қоғамындағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени процестердің арқасында. Бұл сұрақтарды шешуге елеулі талпыныстардың бірін О.Конт (1798 - 1857) жасады. Ол әлеуметтік өмірді зерттеуге жаратылыстану ғылымдары қолданып жүрген индуктивті әдісті қолдануды ұсынды. Діннің рөлі және әлеуметтік тәртіптің негізінде не нәрсе жатыр деген сұраққа байланысты О.Конт "тарихтың үш сатысы жайлы заңында" жауап берді. Бірінші саты діни немесе "теологиялық жағдай", онда адам санасында дәлелсіз ойға негізделген оқиғалар, субъективтік негізсіздіктер үстем етеді. Екіншісі - философиялық, "метафизикалық жағдай", онда абстракция, дөрекі дерексіздер шынайылық ретінде қабылданады. Үшінші - позитивті, ол жерде ғылымның көмегімен қолда бар жағдайларға дұрыс баға беруге қол жеткізіледі. Осы үш "сана жағдайының" әрбірі бүкіл әлеуметтік ұйымдасудың негізін құрайды. Дін және позитивті білім, ғылым арасындағы жанжалдың міндетті түрде болатындығын мойындай отырып, оның дами түсуі діннің құлдырауына және міндетті түрде оның өліміне алып келеді дей отырып, Конт әлеуметтік байланыстардың ыдырау қаупін болжады. Ақырында Конт әлеуметтік байланыстардың рухани тірегі ретінде "екінші теологиялық синтез" керек деген қорытындыға келіп, адамзаттың бірыңғай ортақ "ұлы тірі жан" култі, барлық өмір сүргендердің, өмірден өткендердің және болашақ ұрпақтардың үлкен әлеуметтік организмі ретінде "позитивті дінді" жасады.
К.Маркс (1818 - 1883) дінді қоғаммен өзара байланысында қарастырды, бірақ оның түсінігінде ол екі дербес өмір сүретін шаманың өзара әрекеттесуі болған жоқ. Маркс, шын мәнінде алғаш болып дін өзінің табиғатымен әлеуметтік феномен болатынын көрсетті. Ол қоғамдық байланыстар, қатынастар жүйесіне енгізілген және оның түп-тамыры әлеуметтік құрылымдарда. Діннің түсіндірмесін содан іздеу керек. Жаратылыстан тыс, қасиетті жайлы көзқарастар осындай негізде пайда болды: дін аспан есебінен емес, жердің есебінен өмір сүреді.
Дінді әлеуметтік феномен ретінде түсіну оның қоғам өмірінде әбден шынайы функциялар орындайды, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандырады деп түсінуді білдіреді. Маркс осылайша дінді зерттеудегі функционалдық әдістің негізін қалап кетті. Бірақ Маркс көзқарасының айрықша ерекшелігін дін тарихи табиғатында мәңгілік емес, ауыспалы әлеуметтік жағдайлардың - олардың негізіне басқаның еңбегін иемдену жүйесі, әлеуметтік теңсіздік жүйесі құрайтын жағдайлардың туындысы ретінде сендіру құрайды, ол жерде біреулердің бостандығы екіншілердің құлдығын білдіреді; қоғамның таптарға бөлінуі, әлеуметтік антогонизмдер, таптық күрес осыдан келіп шығады. Маркс пікірі бойынша, дін - идеология, ол оның ең ежелгі тарихи алғашқы формасы. Оның әлеуметтік қызметі - идеологиялық қызмет: ол оны ақтайды немесе сонысымен қолда бар тәртіптерді заңдастырады немесе оларды сынайды, оларға өмір сүру құқығын беруден бас тартады. Ол қоғамдық дамудың тежеушісі ретінде қызмет атқара отырып, әлеуметтік конформизмді сіңіруі мүмкін немесе әлеуметтік наразылықты ынталандыруы мүмкін. К.Маркстың діннің шарасыз өлуі немесе оның жеңіске жеткен жұмысшылар табы тарапынан жойылуы жайлы айтарлықтай қатаң түрдегі қорытындысы осыдан шығады. Көріп отырғанымыздай, олай болған жоқ және болып жатқан да жоқ, оған қоса Конт айтқандай, олардың діннің дәл сол әлеуметтік қызметтерін иеленуімен діни идеологияның басқа жүйелермен ауыстырылуы болып жатыр.

2.Білім социологиясы

Білім беру социологиясы дәстүрлі социологиялық тақырыптардың бірі. Сонымен қатар бұл тақырыптың ертеден бері қарастырыла бастағанына қарамастан, онда талас тудыратын, шешілмеген мәселелер өте көп. Білім берудің социологиялық проблемаларымен іс жүзінде социологиялық бағыттардың барлық өкілдері айналысып жүр. Сондықтан білім беру социологтарын әр мектептің жеке ауқымында қарастырған жөн болар.
Қазіргі заманда білім берудің формалды жүйесі атқарып отырған функцияны кез келген (отбасы немесе құрдастар) әлеуметтік институт орындай алмайады. өйткені, отбасы мүшелері туыстық қарым-қатынастармен бекітілсе, ал, құрдастар арасында ол жақын адамды өзі таңдайды. Алайда, ірі қоғамда мемлекет немесе тап, ұлттық немесе кәсіби деңгейде басқа принциптерге орай негізделеді. Ірі қоғамда адамдар туыстық немесе өзі ұнататын адамдармен емес, оған мүлде қатысы жоқ адамдармен қызмет етуі міндетті. Сондықтан білім беру жүйесі әлеуметтік әрекетті іске асыратын бірден бір сала. Білім беру мекемелерінде индивид басқа индивидтермен қалыпты, жүйеленген ережелерге сай әрекет етуі тиіс. Бұл жағдай қоғамның қатаң әлеуметтік нормалары мен ережелеріне сай құбылысты көрсететін болады. Басқаша айтқанда, қалыптасқан нормалар мен ережелерді қадірлеу қалыптастырылады.
Социологиядағы функционалистік дәстүрді айтарлықтай дамытқан Т.Парсонс болды. Парсонстың көзқарасы басқаша. Ол Дюркгейммен білім беру жүйесі индивидті қоғаммен байланыстырудағы әлеуметтендіруші ролінің маңызына орай келіседі. Бірақ Парсонс отбасы және білім беру мекемелерінде әлеуметтендіру ерекшеліктерін жеке-жеке талдап көрсетеді.
Білім беру социологиясының орталық проблемасы интеллект коэффициенті деп аталатын орны мен ролін бағалаумен байланысты. Адамдар табиғи дарындылығымен айтарлықтай ерекшеленеді. Осы орайда интеллект деген ұғым - абстракты ойлауды нақты түрде білдіреді. Алайда, мұндай дефиниция әр түрлі типіне бөлу жүргізіліп келеді.
Білім беру социологиясы үшін таптық және ұлттық айырмашылықтар осы салада үлкен қызығушылық тудырып отыр.
Ағылшын социологы Дж.Дуглас 1940-1960 жылдар аралығында өте қызық, ұзақ мерзімді зерттеулер жүргізген еді. Ұзақ уақыт ішінде ол бес мыңға жуық оқушыларды бақылайды. Дуглас оқушыларды қабілетіне қарай бірнеше топтарға бөліп, содан кейін оларды төрт әлеуметтік топтарға жатқызады.
Әлеуметтік әркелкіліктің моделін білім беруде - мәдени депривация теориясы деп атайды. Мәдени депривация теориясының әр түрлі теорияларында әлеуметтік субъективті мәдениеттер білім алу саласында басқа әлеуметтік-мәдени топтармен бәсекелесуге мұрсат бермейді. Мәселе тек материалдық жетіспеушілікте емес, сәбидің қоршаған ортаның мәдени қырынан қарағандағы кедейлігі. Депривация формасына бүгін социологтар лингвистикалық депривацияны, тіл қолданысына қатысты мәселелердің жоқтығын жатқызады. Мұнда білім беру жүйесінің кейбір ұлт тілдерінде толық жетілдірілмегеніне орай ұлттық мектептердегі бітіргендер үшін қолайсыз жағдай, лингвистикалық депривация тудырып отыратындығын атап өту керек.
Мәдени депривация теориясы білім беру жүйесінде қалыптасқан әлеуметтік пргоблемаларын түзету үшін практикалық бағдарламаларды дүниеге әкелді. Біздің еліміздегі мамандарға зәру болған кезеңде ұлттық ұлттық мамандарды (мұғалім, дәрігер, ғалым, инженер) әзірлеу бағдарламалары тарихи қалыптасқан мәдени депривацияны жоюға бағытталған еді.
Интеракционистердің пікірінше, адам айналасын өзі бақылап отырады. әлеуметтік шындық интеракционистер үшін жеке адамдардың әлеуметтік өзара әрекетінен құралады деп айтылатындығы жайлы біз бірінші теориялық бөлімде атап кеткенбіз. Батыс социологтарының бір бөлігі педагогтардың көпшілігі идеал оқушы моделін, осындай белгілі бір стандартта ұстанатындығын атап өтеді. Оқушының мұндай идеалды образы оқушының ең жақын, өзіне сай қасиеттеріне орай қалыптастырылады. Оқушының осы идеалды образға жақындығы немесе алшақтығы оның табысын анықтайтын болады.

3. Құқық социологиясы

Құқық социологиясы - құқықтың әлеуметтік институттар жүйесінде қызмет етуін, құқықтық нормалардың генезисін, динамикасы мен құрылымын, олардың қоғамдағы рөлін зерттейтін социология ғылымының саласы. Құқық социологиясы құқықтық тәртіпті сақтау негіздерін, сондай-ақ құқықтың әсерінен туындайтын әлеуметтік өзгерістердің себептері мен алғышарттарын зерттейді. Құқық пен құқықтық құбылыстарды зерттеуде жүйелілік пен функционалдық әдістеріне сүйеніп, заңды әзірлеу, заңның тиімділігі, халықтың құқық пен заң жөніндегі көзқарастары, құқықтық сана мен мәдениетті қалыптастыру, құқықтық әлеуметтену секілді қоғамдық жағдайлар мен құбылыстарды зерттейді. Құқық социологиясы құқықтық актілер мен нормаларды әлеуметтік реттеудің барлық түрлерімен тығыз байланыста және үндестікте қарастырады. Әлеуметтік реттеуді әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, мораль, топтық құндылықтар мен ұстанымдар, қоғамдық пікір, т.б. құрайды. Сондай-ақ ол құқықтық негізі бар барлық әлеуметтік-құқықтық құбылыстарды кешенді түрде зерттейді. Құқық социологиясы заңдар мен кейбір жеке нормалардың тиімділігін, құқықтық реттеу, тәрбиелеу, жоспарлау-болжау сияқты негізгі қызметтерді, құқық пен сот билігі туралы қоғамдық пікірді, құқықтық мамандықтардың мәртебесін зерттеуге ерекше көңіл бөледі. Құқық социологиясы жалпы құқық теориясы мен салалық заң ғылымдарына сүйеніп, құқықтанудың факторлық базасын нығайтады, оның әлеум. өмірмен, қоғамдық тәжірибемен байланысын күшейтеді. Құқық социологиясы заңдарды жетілдіру мен заң ғылымының дамуына тікелей ықпал етеді.
* құқықтық қатынастар мен оған жатпайтын әлеуметтік қатынастардың ара байланыстары мен олардың бір-біріне өту процестерін зерттеу;
* адамдар арасындағы, адамдар мен мемлекеттік орыңдар арасындағы қатынастардағы теңдіктің сақталу мәселелерін анықтау;
* қоғамдық тәртіп мен құқықтық мінез-құлықты әлеуметтік мүмкіндіктерді орынды пайдалану жолдарын табу, соның ішінде әлеуметтік өзін-өзі басқару мен бақылаудың соңғы резервтерін ашу;
* соңғыларды күңделікті өмірдің беделді күшіне айналдыру;
* жалпы кұқықтық мемлекет орнату арқылы елімізді өркениетті өмір салты бар азаматтық қоғамға айналдырудың шараларын жүзеге асыру.
Жалпы әлеуметтанудың негізгі айналысатыны қоғамдық жүйенің әлеуметтік қырларын, қоғамдық құбылыстың әлеуметтік әлпетін, байланыстарын және қарым-қатынастарын талдау, зерттеу болып табылады. Құқық әлеуметтануы жалпы әлеуметтанудың бір саласы (қала, ауыл, еңбек, жастар, саясат, дін сияқты ондаған салалардың бірі) және ерекше әлеуметтік құбылыстарды зерттейтін жеке әлеуметтанулық теория болып табылады. Құқық әлеуметтануының объектісі - әлеуметтік құбылыстардың бір түрі болатын заңдық құбылыстар. Құқық қоғамның жаратылысы, әлеуметтік институт болғандықтан, заңдық құбылыстың бәрі де белгілі бір дәрежеде әлеуметтік сипатта болады. Кейбір құқықтық емес әлеуметтік құбылыстарға әдет-ғұрыптар жатады (шошқа етін жемеу, жақындардан жеті атаға дейін қыз алыспау, шығыс әйелдерінің еркектердің жолын кеспеу, әңгімесіне араласпау сияқты мысалдар). Сөзсіз айқын кұқықтық сипатқа ие болатындарға заң, соттық және әкімшілік шешімдерді келтіруге болады. Алғашқы кезде құқық әлеуметтануының тақырыптары заңның атқаратын қызметін, оның мәртебесін, беделін, заңды білу қажеттігі, көпшіліктің сот жүрізуші туралы түсініктері, олардың әлеуметтік тегі туралы, әділ соттың болуы т.т. айналасындағы зерттеулермен шектелетін. Кейінірек зерттеулердің ауқымы кеңейді, енді құқық әлеуметтануы барлық құқықтык бөлшегі бар әлеуметтік құбылыстармен айналысады. Сөйтіп, құқық әлеуметтануы бастапқы құқықтық құбылыстарды және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ЛЕКЦИЯЛАР КОНСПЕКТІСІ (ТЕЗИСТЕРІ)
Социология ғылымы жайында
Зерттеудің деңгейі
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Социология ғылымы туралы жалпы түсінік беру
Социология пәнінің анықтамасы. Социологияның заңдары мен категориялары
Қазақ зиялыларның көзқарасы
Әлеуметтану пәнінен дәрістер
Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі туралы
Кертартпа ғадет социологиясы
Пәндер