Қоғамды алға жетелейтін, өркениеттің басты себебі болып табылатын прогрестің маңыздылығы



Кіріспе 3
1.Қоғамдық прогресс және регресс. 4
2. Әлеуметтік бақылау. 5
3. Демографиялық процесстер. 6
4. Әлеуметтік .экологиялық мәселелер. 9
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер 13
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кездегі қоғам дамуының қозғаушы күштері және әлеуметтік өзгерістердің негізгі формалары жайлы мәселелерді дұрыс түсіну үшін қоғамның әлеуметтік типтері жайлы, атап айтқанда, марксизмнің қоғамдық-экономикалық формация жайлы ұғымын білудің маңызы зор. К. Маркс өзінен бұрынғы әлеуметтік философия өкілдерінің қоғам жайлы жалпылама пайымдамаларына қарама-қарсы «қоғамдық-экономикалық формация» категориясын ұсынып, оның ғылыми анықтамасын тұжырымдап берді: қоғамдық-экономикалық формация деп өндіргіш күштердің дамуының нақты деңгейімен анықталатын негізгі өндірістік қатынастардың төңірегінде қалыптасқан және өндіріс құрал-жабдықтарына деген меншік формасынан көрінетін, айтарлықтай тұрақы біртұтас қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады.
Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.
Адамдардың ауыр металдардан зардап шегуі дүниежүзілік мәселе деңгейінде қалып отыр. Сынап кадмий, қорғасын, мырыш, т.б. металдар азық-түлік арқылы адам организміне түсіп, түрлі аурулар әкеледі. Этилендірілген бензинді пайдалану кезінде адам организміне түсетін қорғасын да өте қауіпті.

Мақсаты: Қоғамды алға жетелейтін, өркениеттің басты себебі болып табылатын прогрестің маңыздылығын анық көрсету. Қазіргі таңдағы экологиялық проблемалалардың адам денсаулығына әсерін білу;

Міндеті:
• Қоғамдағы прогресс және регресс жайлы білу;
• Әлеуметтік бақылау мен демографиялық процесстер туралы түсінік беру;
1. Г. О. Әбдікерімова “Әлеуметтану” , Алматы 2011 ж
2.T.Карабаев “Әлеуметтану негіздері”, Алматы 2008 ж
3. Биекенов К.Ү. “Әлеуметтану тарихы”,Алматы 2010 ж
4.Т.Ж.Қалдыбаева “Әлеуметтану-оқу құралы”
5.Н.А.Аитов “Социология”,Алматы 1997 ж

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 3
1.Қоғамдық прогресс және регресс. 4
2. Әлеуметтік бақылау. 5
3. Демографиялық процесстер. 6
4. Әлеуметтік -экологиялық мәселелер. 9
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер 13

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кездегі қоғам дамуының қозғаушы күштері және әлеуметтік өзгерістердің негізгі формалары жайлы мәселелерді дұрыс түсіну үшін қоғамның әлеуметтік типтері жайлы, атап айтқанда, марксизмнің қоғамдық-экономикалық формация жайлы ұғымын білудің маңызы зор. К. Маркс өзінен бұрынғы әлеуметтік философия өкілдерінің қоғам жайлы жалпылама пайымдамаларына қарама-қарсы қоғамдық-экономикалық формация категориясын ұсынып, оның ғылыми анықтамасын тұжырымдап берді: қоғамдық-экономикалық формация деп өндіргіш күштердің дамуының нақты деңгейімен анықталатын негізгі өндірістік қатынастардың төңірегінде қалыптасқан және өндіріс құрал-жабдықтарына деген меншік формасынан көрінетін, айтарлықтай тұрақы біртұтас қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады.
Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.
Адамдардың ауыр металдардан зардап шегуі дүниежүзілік мәселе деңгейінде қалып отыр. Сынап кадмий, қорғасын, мырыш, т.б. металдар азық-түлік арқылы адам организміне түсіп, түрлі аурулар әкеледі. Этилендірілген бензинді пайдалану кезінде адам организміне түсетін қорғасын да өте қауіпті.

Мақсаты: Қоғамды алға жетелейтін, өркениеттің басты себебі болып табылатын прогрестің маңыздылығын анық көрсету. Қазіргі таңдағы экологиялық проблемалалардың адам денсаулығына әсерін білу;

Міндеті:
* Қоғамдағы прогресс және регресс жайлы білу;
* Әлеуметтік бақылау мен демографиялық процесстер туралы түсінік беру;

1.Қоғамдық прогресс және регресс

Қоғам дамуының қозғаушы күштері және әлеуметтік өзгерістердің негізгі формалары жайлы мәселелерді дұрыс түсіну үшін қоғамның әлеуметтік типтері жайлы, атап айтқанда, марксизмнің қоғамдық-экономикалық формация жайлы ұғымын білудің маңызы зор. К. Маркс өзінен бұрынғы әлеуметтік философия өкілдерінің қоғам жайлы жалпылама пайымдамаларына қарама-қарсы қоғамдық-экономикалық формация категориясын ұсынып, оның ғылыми анықтамасын тұжырымдап берді: қоғамдық-экономикалық формация деп өндіргіш күштердің дамуының нақты деңгейімен анықталатын негізгі өндірістік қатынастардың төңірегінде қалыптасқан және өндіріс құрал-жабдықтарына деген меншік формасынан көрінетін, айтарлықтай тұрақы біртұтас қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады.
Қоғамдық-экономикалық формация ұғымы қоғам дамуының жеке сатыларындағы бірқатар нақты қоғамдардың ұқсас белгілерін терең зерттеп, жалпылаудың нәтижесінде тұжырымдалды. Осының негізінде бес қоғамдық-экономикалық формация атап көрсетіліп, олардың тарихи даму ретін, бағытын ашып берді: тарихи даму өткеннен болашаққа қарай, төменгіден жоғарыға қарай, ескі сападан жаңа сапаға өту арқылы жүреді. Қоғамдық дамудың бұл жолы социологияда әлеуметтік прогресс деп аталады.
Алайда қоғамда прогрессивтік күштермен қатар керітартпа реакцияшыл күштер де әрекет етіп, әлеуметтік жаңалықтарға кедергі жасауы, тіпті тарихты кері қайыруға да әрекет жасауы мүмкін. Ол ма, тоқырау кезеңдері мен кері кету фактілері де болып тұрады. Бұл жеке елдер мен мемлекеттерде жиі кездеседі. Мәселен, бұрынғы КСРО республикаларында қазір сондай тоқырау кезеңі болып тұр. Мұндай құбылыстар әлеуметтік регресс деп аталады.
Әлеуметтік прогресс пен регресті бір-бірінен айыру үшін оның критерийі қандай және ол критерий (өлшеуіш) объективтік сипатта ма, соны анықтау қажет, өйткені оның критерийін объективтік сипатта емес, таза субъективтік сипатта карастыратындар да социология мен әлеуметтік философияда жиі кездеседі. Сонымен қатар, объективтік деген сөзді өз мүддесі тұрғысында бұрмалап қолданатындар да жоқ емес. Әрине, түрлі таптардың, әлеуметтік топтар мен партиялардың мақсат-мүдделері түрліше, кейде тікелей қарама-қарсы болып келеді. Сондықтан, қандай көзқарастар, пікірлер объективтік шындықты дәл бейнелеп, объективтік ақиқатты білдіретінін анықтаудың маңызы зор. Мәселен, XVIII ғ. Ұлы Француз революциясы -- прогрессивтік, 1945 ж. Герман фашизмінің талқандалуы да прогрессивтік құбылыстар.
Қоғамдық прогрестің жалпы адамдық критерийі -- қоғамдық құбылыстың адамның адамдық табиғатына, оның жан-жақты еркін даму қажеті мен мүддесіне объективті түрде сәйкес келуі немесе сәйкес келмеу дәрежесі.
Марксист емес социологтар мен тарихшылардың бір қатары қоғам дамуының прогрессивтік сипатын мойындамайды. Мысал ретінде мәдени-тарихи тип теориясы дегенді алуға болады. Бұл теорияның негізін салған Ресей социологы Н.Я. Данилевский деген дүниедегі халықтарды тарихи және тарихи емес деп екіге бөлді. Тарихи емес халықтар өзіндік цивилизация жасап, тарихи процестің субъектісі болуға қабілетсіз болады, ал тарихи халықтарға, айырықша мәдени-тарихи цивилизацияға қабілетті халықтарға славяндар, гректер, роман-герман халықтары сияқты 13 халық жатады. Бұл тарихи халықтарды бөліп алудың негізі мынадай төрт белгіні ұштастырып көрсету дейді, ол: дін, мәдениет, саяси және қоғамдық-экономикалық құбылыс.
Неміс социологы О. Шпенглер (1880-1936) мәдени-тарихи типтер теориясын өзінше дамыта отырып, циклдық даму теориясын ойлап шығарды (8 мәдени-тарихи типке бөлді) -- өрлеуші (мәдениет) және құлдыраушы (цивилизация) даму бағыттары. Одан кейін оның ағылшындық ізбасары
А. Тойнби (1889-1975) тарихи процестің циклдік моделін (нұсқасын) дүниежүзілік діндердің (ислам, христиан, будда) халықтарды бiріктірушілік ролін мойындау бағытында біраз өзгертті. Діндер, оның пікірінше, ең жоғарғы рухани байлық болып табылады.
П. Сорокин мәдени-тарихи типтердің айрықша тұжырымдамасын ұсынды. О. Шпенглерден және А. Тойнбиден оның айырмашылығы сол, ол қоғамдық прогресті жоққа шығарған жоқ. Ол болашақта бүкіл адамзаттың біртұтас жаңа цивилизациясын қалыптастыруға болады деді. Оның бұл идеясы және онымен тығыз байланысты түрлі әлеуметтік жүйелердi біріктіру (конвергенция) теориясы социологтар арасында кең қолдау тауып, қазіргі заманғы глобализм деген бағыт (тұжырымдама) туып, бірден кең етек алуына әкеп соқты.
Бұл бағыттың мәні сол, әрбір елдің, әрбір халықтың өмірі мен дамуы барған сайын бүкіл дүниенің тұтас дамуына тікелей байланысты бола береді деген пікірді және бұған, керісінше, қазіргі заманғы дүниежүзілік (глобалдық) проблемалардың табысты шешілуі барлық елдер мен халықтардың бірлесе белсенді әрекет етуіне байланысты деген пікірді дәлелдеу. Әлеуметтік қозғалыстар даму формасына қарай әлеуметтік революция және эволюция болып екіге бөлінеді.

2. Әлеуметтік бақылау.

"Әлеуметтік бақылау" - термин, оны айналымға алғаш рет енгізген Г.Тард бастапқыда қылмыскердің қоғамдық қызметке қайта оралуының құралы ретінде қарастырған болатын . Шет ел социологтары Ф.Знанецкийдің, Р.Лапьердің, Д.Мартиндейлдің, У.Томастың еңбектерінде әлеуметтік бақылау проблемасы әуел бастан индивидтердің мінез-құлқындағы қоғам үшін қажеті жоқ ауытқуларды жою проблемасымен және мінез-құлықты реттеу құралын жасаумен жалғасқан болатын. Әлеуметтік бақылау проблемасын бұл социологтар әлеуметтік институттар жүзеге асыратын оңтайлы, әлеуметтік ықпалдар және адамдардың мінез-құлқын сол әлеуметтік жүйенің қарым-қатынастарын реттейтін нормаларға бейімдеу мақсатында ауытқуларды жөндейтін өзгерістер деп түсінді. Әлеуметтік бақылау теориясын Э.Росс пен Р.Парк жасаған. Э.Ростің пікірінше әлеуметтік бақылау дегеніміз "салауатты" әлеуметтік тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қоғамның индивидтің мінез-құлқына мақсатты ықпал ету. Р.Парк әлеуметтік бақылауды әлеуметтік күштер мен адам табиғаты арасындағы белгілі бір арақатынасты қамтамасыз ететін құрал деп түсінеді. Ол әлеуметтік бақылаудың үш нысанын бөліп қарайды: 1) қарапайым (мәжбүрлеуші) санкциялар; 2) қоғамдық пікір; 3) әлеуметтік институттар .
Әлеуметтік бақылау - топтың, ұжымның, қоғамның тұрақтыдығын, бірлігін сақтайды.
Адамның іс-әрекеті деп, оның мұқтаждығы мен алдына қойған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған әрекеттердің жиынтығын айтамыз.
М. Вебер атап көрсеткендей, адамның мінез-құлқы деп, оынң іс-әрекетінің, қызметінің сыртқы көрінісін айтады. Оның негізгі үш түрі болады:
а) инстинктивті; ә) қарапайым; б) әлеуметтік;
Мінез-құлықтың бірінші және екінші түрі көбінесе саналы, ерікті емес түріне жатады да, оның әлеуметтік мәні болмайды.
Мінез-құлықтың мұндай түрлерін, психология ғылымы зерттейді. Екінші жағынан, кейбір осындай тәртіптің түрлерінде әлеуметтік жақтар болуы мүмкін (мысалы, білместіктен, байқаусызда жасалған қылмыстар). Мінез-құлықтың саналы өз үлгісі тек адамға ғана тән. Ол адамның ақыл-ойының көмегімен еркін бақылауы арқылы іске асырылады. Сондықтан оынң әлеуметтік маңызы және әлеуметтік мәні болады. Мұндайды әлеуметтік мінез-құлық деп санаайды.
Әлеуметтік мінез-құлық әр түрлі болады, олар:
а) индивидуалды (яғни, жеке адамның мінез-құлқы);
ә) ұжымдық - бұл жалпы мұқтаждығы, талап-тілегі және іс-әрекет мақсатының бірлігі кезінде құрылған ұйымдасқан топтың мінез-құлықтары;
б) бұқаралық - бұл бір типті, әрі ұйымдаспаған үлкен бұқара тобының мінез-құлқы.
Жеке адам мінез-құлқының құрылымы үш элементтен тұрады: а) мотивация, мұқтаждық пен себеп-дәлелдердің көкейтесті мәселелері;
ә) шешімдер, яғни шешімнің мақсаты, оны іске асырудағы құралдарды іріктеп алу, жоспарлау;
б) іске асыру, өмірге ендіру. Бұл қоршаған ортаға әсер ету, болатын нәтижені талдау, іс-қимылдарды жүзеге асыру.
Әлеуметтік мінез-құлықтың өлшемі болып қылық (поступок) саналады.

3. Демографиялық процесстер.

Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.
Демографиядағы ең басты мәселе - халықтың ұдайы өзгеруін, өсу мөлшерін, дамуын анықтау. Халықтың ұдайы өзгерісі - ұрпақ алмасу, туу мен өлу, яғни табиғи жағдай арқылы жүзеге асады. Белгілі бір аймақтағы халықтың өсу мөлшерінің өзгеруі адамдардың басқа жерлерден көшіп келуі (иммиграция) мен олардың бөтен аймақтарға қоныс аударуына (эмиграция), яғни халықтың көшу-қону қозғалысына да байланысты. Сондай-ақ халық санының өзгеруі адамдардың жасына, отбасы жағдайына, балалар санына немесе білім деңгейіне, мамандығына, әлеуметтік ахуалына орай бір күйден екінші күйге, бір топтан екінші топқа ауысуына тәуелді. Кең мағынасында алғанда, халықтың ұдайы өзгерісі дегеніміз оның санының, құрамы мен орналасуының табиғи жағдайларға және миграцияның ықпалына қарай өзгеріп отыруы. Отбасының құрылуы, оның дамуы мен күйреуі демографияда дербес мәнге ие. Демографияда халықтың және оның бөліктерінің өзгеруі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалық тұрғыдан да қарастырылады. Мыс., белгілі бір жастағы адамдардың санының өзгеруімен қатар олардың тұлғалық дамып-жетілуі, денсаулығындағы өзгерістері де назарға алынады. Демографияда жекелеген адамдарға қатысты әр түрлі құбылыстар барлық халықтың да, сонымен бірге дербес зерттеу нысаны ретінде оның белгілі бір топтарының да жай-күйін сипаттауға пайдаланылады. Демографиялық процестердің өзара байланыстарын, олардың әлеуметтік-экономикалық құбылыстарға тәуелділігін және халық дамуының әлеуметік-экономикалық салдарын зерттей отырып, демография халық саны мен сапасы өзгерісінің заңдары мен заңдылықтарын анықтайды. Нақтылы қоғамдық ортада өтіп жатқан халық өзгерісін солқоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары айқындайды. Демография үшін бастысы - халықтың қоғам дамуымен өзара ықпалдасуы болып табылады. Демография әлеуметтік-экономикалық процесс заңдылықтарының жалпы халықтың ұдайы өсуіне ықпалын ғана емес, керісінше халық өсімінің қоғам дамуына тигізетін әсерін де зерттейді. Әсіресе, бұл жерде еңбек ресурстарының құрамы мен қозғалысының, сондай-ақ халықтың тұтынушы ретіндегі үлес мөлшерінің терең зерттелуі аса маңызды рөл атқарады. Зерттеулердің бұл саласын кейде экономикалық демография деп атайды. Демографияның міндеттерінің бірі - халықтың ұдайы өзгерісінің заңдылықтарын зерттеу негізінде мемлекет тарапынан жүргізілетін демографиялықсаясат негіздерін тұжырымдау.
Демографиялық процестер қоғамда қалыптасқан белгілі бір әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделеді. Сондықтан халықты зерттеуде демография саясат, экономика, медицина, математика, этнография, т.б. бірқатар ғылымдармен тығыз байланыста болады. Олардың зерттеу әдістері мен тәжірибелерін, материалдарын пайдалана отырып, демография өз тарапынан да өзге ғылымдарға қажетті деректер береді. Демографиялық процестердің өзіндік ерекшеліктері, көбінесе халықтың табиғи қозғалыстары демографияның өзіндік зерттеу әдістерін қалыптастыруға негіз болды. Олар: әр түрлі буын өкілдері үшін жас айырымы көрсеткіштерін жасау арқылы дәл сол уақыттағы даму-құлдырау заңдылықтарын көрсететін гипотетикалық ұрпақ әдісі;когорт әдісі (адамдардың нақтылы буынының дамуын зерттеу); потенциалды демография әдісі, т.б. демографияда ғылымның басқа салаларындағыдай болжамдар жасау, оларды деректер арқылы тексеру және соның негізінде ғылым қорытынды жасау қажет. Көбінесе халықтың санын ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады. Сондай-ақ демографиялық коэффициенттерді пайдалану, оларды салыстыру, салғастыру тәсілдері де демографияның өзіндік зерттеу әдістерінің бірінен саналады. Демография ғылымының негізін салушы - ағылшын ғалымы Дж. Граунт. Ол алғаш рет Лондондағы тіркелген адам өлімдерінің бірнеше жылдық жлазбалары негізінде халық арасындағы өлудің көрсеткішін жасауға және оның заңдылықтарын анықтауға талпыныс жасаған.
Халықтың ахуалын, оның экономикамен байланысын У.Петти ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прогресс
Жаһандану дәуіріндегі тарихи сананың трансформациясы
Социология ғылымының қалыптасуы және дамуы
ХХғ. Соңындағы ғылымдағы этикалық аспектілер және әлеуметтік – гуманитарлық бақылау
Ұлы Француз революциясы және оның тарихнаманың дамуына ықпалы
Ғылыми-техникалық революция мен ақпараттық қоғам жағдайындағы адам мен қоғам өмірін философиялық тұрғыдан қарастыру
А. ТОЙНБИ өркениеттерінің пайда болуы мен дамуы тұжырымдамасының ерекшелігі
Өркениет
Дін мен мәдениеттің сабақтастығы
Техника философиясы қазіргі батыстық философияның бір бағыты ретінде
Пәндер