Әлеуметтану зерттеулері



Кіріспе 5
1. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы 6
2. Жастар . әлеуметтік.демографиялық топ. 7
3. Неке және отбасы 9
4. Саясат әлеуметтануы 11
5. Экономикалық социяология 12
Қорытынды 15
Пайдаланған әдебиеттер 16
Әлеуметтік зерттеулер — әлеуметтік, қоғамтанулық зерттеулердің бір түрі, қоғамды жекелеген ғылымдардағы арнайы және нақтылы-әлеуметтік зерттеулерде жалпытеориялық және әдістемелік негіз, «өзегі» ретінде қарастырады. Әлеуметтік зерттеулерді бір жағынан, жалпылама, абстрактылы, қоғамды өзіне тән әмбебап белгілеріне, мәніне, бүкіл әлем заңдылықтарына сай зерттейтін әлеуметтік-философиялық зерттеулерден ажыра- тып қарау керек; екінші жағынан, қоғам¬дағы нақтылы, арнайы ғылымдардағы — саясаттану, экономикалық теория, мәдениеттану,әлеуметтік психология, құқықтану, этнология және т.б. — әлеуметтік зерттеулерден бөліп қарау керек. Бұнда қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде зерттелмей, оның кейбір жекеле¬ген құрылымдары, бөлігі, саласы қарас- тырылады. Ә.З.-ге сай белгілер: әлеу- меттік шынайылықты зерттеуге жүйелі көзқарас; әлеуметтік дәйектерге сүйену; эмпирикалық материалдар қолдану. Әлеуметтану құрылымына сай Әлеуметтік зерттеулер теориялық және эмпирикалық; негізгі және қолданбалы; макро, микро және орта деңгейдегі болып бөлінеді. Маңызы жағынан көпшілік Әлеуметтік зерттеулер бір әлеуметтік құбылыстың немесе процестің екіншісінен тәуелділігін анықтаудан тұрады.
Қолданылған негізгі түсініктердің мағынасын ашу интерпретациялау деп аталады. Түсініктің мазмұны толық ашылды деп айтуға болады, тек сол жағдайда, егер оның интерпретациясы екі бағытта жүреді: берілген ұғымды басқа ұғымдармен салыстыру (түсініктердің теоретикалық интерпретациясы) мен оны берілген бақылау мен экспериментімен салыстыру (түсініктердің эмпирикалық интерпретациясы).
Көбінесе негізгі түсініктер басқа жеке түсініктерден құралады. Осылай, «Өңдірістік ереже жағдайы» негізгі түсінігі бірнеше түсініктерден тұрады: « еңбек ереже жағдайы», «технологиялық ереже жағдайы», өз арада «еңбек ереже жағдайы» түсінігі жоспарлы тапсырмалар мен орындау нормаларын атқаруды; ішкі еңбек тәртібінің ережелерін орындау; жұмыс уақытының қолдану режимін, жетекшілердің бұйрығын орындау және т.б. білдіреді.
Осыған байланысты, басты түсініктердің интерпретациясы оның құрушылардың ажыратылуын белгілейді. Негізгі түсініктерді интерпретациялауын жалғастыру және бөлшектендіру операционализация түсінігі деп аталады. Ол негізгі түсініктерді сипаттайтын, жеке түсініктердің ізденісін іске асырады.
Зерттеу мақсаттарын белгілеу
Социологиялық зерттеудің мақсаты айрықша оның бағытын – теоретикалық немесе қолданбалы белгілейді. Зерттеу бағдарламасы қандай мәселені шешу үшін және берілген зерттеу қандай нәтижеге бағытталады деген нақты сұраққа жауап беру керек.
Мақсат пен гипотезаларға сай зерттеу міндеттері айқындалады, олар негізгі және негізгі емеске бөлінеді. 
1. Р.Әбсаттаров, М.Дәкенов «Әлеуметтану» Алматы: Қарасай,2007 жыл.
2. А.И. Икенов, А.Д.Жүсіпова «Әлеуметтану негіздері» Алматы Экономика 2004 жыл
3. Аяғанов : «Социология негіздері», Алматы, 2008
4. Шынтемірова Б.Ғ. , Шайхиев Т.Т. – «Саясаттану» (Оқу- әдістемелік құрал) Алматы 1998.
5. Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1974
6. Нысанбаев : «Социология», Алматы, 2007
7. Қарабаев Ш.Қ. «Әлеуметтану негізі» - Алматы: Экономика баспасы,2007
8. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
9. Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. – Алматы, 2001
10. Основы социологии: Курс лекции. – ч.1. – М.,1994

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 5
1. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы 6
2. Жастар - әлеуметтік-демографиялық топ. 7
3. Неке және отбасы 9
4. Саясат әлеуметтануы 11
5. Экономикалық социяология 12
Қорытынды 15
Пайдаланған әдебиеттер 16

Кіріспе
Әлеуметтік зерттеулер -- әлеуметтік, қоғамтанулық зерттеулердің бір түрі, қоғамды жекелеген ғылымдардағы арнайы және нақтылы-әлеуметтік зерттеулерде жалпытеориялық және әдістемелік негіз, өзегі ретінде қарастырады. Әлеуметтік зерттеулерді бір жағынан, жалпылама, абстрактылы, қоғамды өзіне тән әмбебап белгілеріне, мәніне, бүкіл әлем заңдылықтарына сай зерттейтін әлеуметтік-философиялық зерттеулерден ажыра- тып қарау керек; екінші жағынан, қоғам-дағы нақтылы, арнайы ғылымдардағы -- саясаттану, экономикалық теория, мәдениеттану,әлеуметтік психология, құқықтану, этнология және т.б. -- әлеуметтік зерттеулерден бөліп қарау керек. Бұнда қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде зерттелмей, оның кейбір жекеле-ген құрылымдары, бөлігі, саласы қарас- тырылады. Ә.З.-ге сай белгілер: әлеу- меттік шынайылықты зерттеуге жүйелі көзқарас; әлеуметтік дәйектерге сүйену; эмпирикалық материалдар қолдану. Әлеуметтану құрылымына сай Әлеуметтік зерттеулер теориялық және эмпирикалық; негізгі және қолданбалы; макро, микро және орта деңгейдегі болып бөлінеді. Маңызы жағынан көпшілік Әлеуметтік зерттеулер бір әлеуметтік құбылыстың немесе процестің екіншісінен тәуелділігін анықтаудан тұрады.
Қолданылған негізгі түсініктердің мағынасын ашу интерпретациялау деп аталады. Түсініктің мазмұны толық ашылды деп айтуға болады, тек сол жағдайда, егер оның интерпретациясы екі бағытта жүреді: берілген ұғымды басқа ұғымдармен салыстыру (түсініктердің теоретикалық интерпретациясы) мен оны берілген бақылау мен экспериментімен салыстыру (түсініктердің эмпирикалық интерпретациясы).
Көбінесе негізгі түсініктер басқа жеке түсініктерден құралады. Осылай, Өңдірістік ереже жағдайы негізгі түсінігі бірнеше түсініктерден тұрады: еңбек ереже жағдайы, технологиялық ереже жағдайы, өз арада еңбек ереже жағдайы түсінігі жоспарлы тапсырмалар мен орындау нормаларын атқаруды; ішкі еңбек тәртібінің ережелерін орындау; жұмыс уақытының қолдану режимін, жетекшілердің бұйрығын орындау және т.б. білдіреді.
Осыған байланысты, басты түсініктердің интерпретациясы оның құрушылардың ажыратылуын белгілейді. Негізгі түсініктерді интерпретациялауын жалғастыру және бөлшектендіру операционализация түсінігі деп аталады. Ол негізгі түсініктерді сипаттайтын, жеке түсініктердің ізденісін іске асырады.
Зерттеу мақсаттарын белгілеу
Социологиялық зерттеудің мақсаты айрықша оның бағытын - теоретикалық немесе қолданбалы белгілейді. Зерттеу бағдарламасы қандай мәселені шешу үшін және берілген зерттеу қандай нәтижеге бағытталады деген нақты сұраққа жауап беру керек.
Мақсат пен гипотезаларға сай зерттеу міндеттері айқындалады, олар негізгі және негізгі емеске бөлінеді.
1. Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Социометриялық әдіс (негізін салушы Джордж Морено).
Эмперикалық әдістерді жинау: І.
Басқа өлшемдерді қолданып, мысалы мәліметті жинау тәсілі жағынан зерттеу төрт түрге бөлінеді: сұрақ қою, бақылау, құжаттарды талдау, тәжірибені жасау.(анкета, интервью,сауалнама беру). Құжат мәтінде, таспада, дискіде берілген ақпаратты сақтау жіне беру үшін жасалған зат. Бақылау (ең маңыздысы) - кандай да бір элементтің өту кезінде болатын системалық, бағытталған фиксациясы. Сұрау жүргізу тәсілі әлеу.у зерттеуінің кең тараған түрі.(Ол арқылы 80-90% бастапқы деректерді жинайды). Сұрақ қою екі жолмен өткізіледі: сауалнама жүргізу мен сұхбат өткізу түрінде. Олардың негізінде сұралатын адамға қойылатын сұрақтардың жиынтығы жатады. Осы сұрақтарға берілген жауаптарды бастапқы мәлімет, ақпарат деп түсінуіміз абзал.сенімді ақпаратты жинау үшін сауалнаманы құрудың бірқатар ережелері мен қағидаларын ұстану қажет. Сауалнаманың сұрақтары үш топты құрады. І. Мазмұны бойынша адамьарлың санасы, жүріс тұрысы жөнінде және респонденттің өзі туралы өмір баяндық мағлұматтар. ІІ. Нысаны бойынша сұрақтар ашық, жабық, тік, жанама болып бөлінеді. ІІІ. Атқаратын қызмеиі бойынша екі топтамаға: сұрақтар негізгі және негізгі емес болып бөлінеді.
Мәліметтерді өңдеу келесі сатылардан тұарды:
І. Ақпаратты сарапиау және кодтау. Бұл қадамның мақсаты - әлеу.к зерттеу барысында алынған ақпартты унификациялау мен формализациялау;
ІІ. Айнымалыларды жасау. Анкеталар негізінде жиналған ақпарат зерттеу барысында шешілуге тиіс сұрақтарға жауап береді, өйткені операциялау процесінде сұрақтар индикаторлар формасына ие болды. Ендігі кері процедуарны жүргізу қажет, яғни мәліметтерді зерттеулер сұрағына жауп бере алатын фомаға келтіру қажет.
ІІІ. Статистикалық анализ - әлеу.к мәліметтерді анализдеу процесіндегі кілтті қадам. Оның барысында әлеу.у мамандарына жалпылаулар мен қорытындылар жасауына мүмкіндік беретін тәуелділіктер мен заңдылықтар анықталады.
Мәліметтерді өңдеу мен анализдеу кезінде ранжирлеу, шкалалау, корреляция және т.б әдістерді қолданылады. Ранжирлеу - зерттелетін обьектілерді оларды тәртіптеу негізінде қатыстық мәнділігін қалыптастыру процедурасы. Ранк дегеніміз - топтағы бағаланатын обьектіміз, баға үшін маңызды қасиеттерге ие басқа да обьектілердің реттік орнын сипаттайтын көрсеткіш.
Социологиялық зерттеу жоспарының құрылымдық компоненттері бұл оның кезеңдері және түрі мен формасы бойынша әртүрлі ғылыми зерттеулік және ұйымдастыру техникалық процедуралар мен операциялар болып табылады. Бұлардың бәрі жоспардың 4 блогында құрылымданады.
Бірінші блок. Зерттеудің инструментарий мен бағдарламасы бекітіледі және талқыланады; алғашқы социологиялық ақпаратты жинау тобын құрастыру мен дайындау; сыналатын зерттеу жүргізу; сыналатын зерттеуқорытындылары бойынша бағдарламаға түзетулер енгізу; инструментарийды көбейту; смета дайындау және зерттеу шығынын есптеу.
Екінші блок. Зерттеуді жүргізу, социологиялық ақпаратты жинақтау. Сұраудың уақыты мен орны құрастырылады, социологиялық зерттеудің мақсаты мен міндеті жөнінде сұрастырушылардан алдын ала сұрастыру.
Үшінші блок. Алғашқы ақпаратты ЭВМда өңдеу дайындығымен байланысты операциялар жиынтығын қамтиды.
Төртінші блок. Өңделген нәтижелерді талдау, тәжірибелік ұсыныстарды құрастыру мен есеп дайындау.
Ғылыми және практикалық іс жүзінде қарастырылып отырған затты өзге заттармен шатастырмай, терминдер мен сөздердің мағыналарын дәл ажырату үшін пайындалатын ұғымдардың мазмұнын ашу кажеттігі үнемі туындап отырады. Ұғымның мазмұны мен мағынасын тілмен өрнектеп ашық беретін логикалық операция айқындама (дефиниция -- defintio -- айқындау) деп аталады. Мазмұнын ашу қажет болып тұрған ұғым -- айқындалушы ұғым, айқындалушы ұғымның мазмұнын ашып беретін ұғым -- "айқындаушы ұғым деп аталады. Айқындаудың түрлері номиналды және реалды болып екіге белінеді. Номиналды ( лат. потеп -- есім ) айқындау деп, сол айқындаудың өзіне сүйеніп, белгілі бір заттың сипаттамасының орнына жаңа термин (есім) енгізуді айтамыз. Сонда айналымды айқындау жазықтықтағы бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелердің геометриялық орны ретінде айқындау номиналды болып табылады. Заттың мәнді белгілерін ашатын айқындама "реалды" деп аталады. Қылмыс үстінде кінәланушының кінәсінің дәлелі ретінде айғақ ұғымының анықтамасы реалды болады. Айқындамалар айқын және айқын емес болып бөлінеді. Айқын анықтамаға затқа тән мәнді белгілерді тура көрсететін анықтамалар жатады. Олар екі анық көрініс беретін -- анықтаушы және анықтаушы ұғымдардан тұрады.

2. Жастар - әлеуметтік-демографиялық топ.

Қылмыстың жасалу проблемалары. Адамзат қоғамы түрлі кезеңдерде қоғамның жастар проблемалары ретінде айқындауға болатын ерекше проблемаларды шешу қажеттілігіне тап болды. Осы проблеманың ерекшелігі мен өзектілігі барлық қоғамды бірктіреді қоғам жастар арқылы биологиялық және сол сияқты рухани жаңғырады.
Қоғамда демографиялық топтың осы санатын айқындаудың әр түрлі әдістері бар. Маркстік теорияның жақтастары жастарды ұқсас антропологиялық ерекшелжтері және психологиялық қасиет бар жастық топ ретінде ғана қарамау қажеттілігін талап етеді. Бұл жерде жастардың мәні олардың қоғамдық катынастардың тарихи айқындалған сипатына негізделген әлеуметтік ерекшеліктері мен белгілерінде болады.
Басқа көзқарастың жақтастары жастар социологиялық мағынада ол жас баланың ролін аса көп ойнамайтын және де сонымен қатар үлкендердің ролін толық құқықты тасымалдаушы больш табылатын адамдар өміріндегі мінез-құлық базасы болып табылады деп санайды. Жастардың барлық проблемалары кедейшілік құрылымды бейтарап аумақтың мәртебесіндегі үздіксіздік үзілсінде құрылады деп санайтын американ социологы Г.Сиболд та осы көзқарасты ұстанады.
Көптеген батыстық социологтар жастарды жаца тап деп айтады, олардың өмірге деген көзқарасы бірдей, талғамдары, мүдделері және қажеттіліктері дәл келеді. Жастар біз деген сезім күшінде социологиялық тұтастықты білдіреді. Осылайша, бұл жерде жастардың әлеуметтік-психологиялық құрамы және сапасы дербес және қоғамдық өмірдің сипатына қатысты емес ерекшелік ретінде қарастырылады.
Жастардың социологиялық теориясында ұрпақ, жас ерекшелік табы, жастық, жақ, жастар, әлеуметтік жасы келгендік қарттық деген ұғымдар жоқ
Демографияда жобамен бірдей уақытта туған адамдардыц жиынтығын ұрпақ деп санайды.
Антропологтар мен заңгерлер жалпы ата-бабадан шыққан сатылықты ұрпақ деп айтады.
Социологиялық түсінікте жастық шақ қашан басталды? Әртүрлі авторлар, жастарды ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде сипаттай отырып бұл ұғымды біржақты қолданады. Мысалы, австриялық социолог Л.Розенмайер жастық кезең 13 жастан басталып 24 жаста аяқталады деп санайды. Ғалым осы кезеңнің ішкі жас ерекшелігін және әлеуметтік дифференциациясын баса айта отырып, қандай да болмасын нақты негіз бермейді.
13 пен 18 жыл аралығындағы жас жасөспірім шақ ұғымымен біріктіріледі және біршама дәрежеде жаңа белгілерге және әлеуметтік тәртіптің нысандарына әкелетін биопсихологиялық дамумен сипатталады. Бірақ адамды балалық шақтан бөлетін демаркациялық сызық 18 жаста өтеді. Бұл жас көптеген елдерде құқықтық дербестіктің басталуымен сипатталады, яғни ересектермен қалыпты теңестірумен және занды құқықтарды алумен: еңбек үшін тең ақы төлеу, армияда қызмет ету, некеге отыру, сайлауға қатысу.
Жастық шақта әлеуметтік рөлдерді белсенді игеру процесі болады. Олардың саны олар бәсең игерілетін немесе тоқтатылатын белгілі бір толығу шегіне жылдам жақындайды.
Социолог В.Н. Боряз толығу шегі жастық шақ деп түсінуге болатын жас ерекшелік кезеңдерінің шеңберіне жатады деп есептейді. Ал одан әрі -әлеуметтік есею кезеңіне кіру. В.Н. Боряз жастар санатын айқындауға арналған аса кең шекараларды ұсынады, ол осы топқа 14-33 жас аралығындағы адамдарды кигізеді.
Көптеген социологгар адам жасы тек есептегіш, өмір сүрген жылдың көрсеткіші ретінде ғана қаралуы мүмкін еместігі туралы көзқарасты жақтайды. Оның жеке адамның даму процесінің динамикасын зерттеуде елеулі мәні бар. Әлеуметтік құрам, қажеттілік пен мүдде, мақсаттар мен өмір сүру жоспарлары, іс-әрекеттің нәтижелері мен перспективалар әрбір алдыңғы кезеңде дайындалады. Сондықтан зерттеушілер жеке тұлғаны бүкіл өмір бойындағы тұтастықта зерттеуді үсынады.
Адам жасының қоғамдық функциялармен байланыс идеясы ғылымда бірнеше рет атап көрсетілді. Ол адамның өмір циклін әлеуметтік кезеңдендіру негізінде жатты. Адамның барлық өмір циклін біртұтас етіп байланыстыруға ұмтылыс А. Шопенгауэрдің Адамның жастары туралы еңбегінде нақты көрсетілген, онда ғалым өмір жолын екі қатарлы кезеңге бөледі, ал олардың әрқайсының өзіндік ерекшеліктері және белгілері бар.
Қазіргі қоғам жүз, екі жүз жыл бұрынғыдай жастарға, оның мүдделеріне, құндылықтарына, іс-қимыл тәртібіне киім үлгісіне бір жақты қарамайды. Үлкен ұрпақ жастардың пікіріне, оның өзіне және оның проблемаларына тереңірек қарайды. Ал олар бүгін мүлдем қарапайым емес.
Экономикалық белсенді тұрғындардың халықтың жалпы құрамындағы үлесінің төмендеуі неғұрлым қарқынды бөлігі - жастар есебінен болады. Бүгін жұмыспен қамту қызметіне өтініш жасайтындардың әрбір екіншісі жастардың өкілі. Олардың жартысынан азы ғана жұмыспен қамтылады. Сондықтан жастардың экономикалық іс-әрекеттегі үлесі халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің жалпы санының 24 процентін ғана құрайды. Жұмыссыз жастардьщ саны 1993 жылдың басында жұмыссыздардың жалпы санының 54 процентін құрадыі.
Проблеманы зерттеушілер 1990 жылдан бастап қылмыскерлер қатарының жасарғанын атап көрсетеді. Мысалы, бүгінгі күні Ресейде қылмыскерлердің жартысы - 14 пен 30 жас арасьшдағы жастар, барлық қылмыскерлердің жетіден бір бөлігін 14-18 жастағы кәмелетке толмағандар ққрайды, Қазақстанда тиісінше - 50,9 және 6,9 процент. 1999 жылы ҚР полиция қызметкерлері 148 мыңға жуық кәмелетке толмаған қылмыскерлерді ұстаған, бұл 1998 жылға қарағанда 10 мыңға көп. Жоғары оқу орындарының қылмыс жасаған студенттері 40 процентке жуық, ал мектеп, лицей және гимназиялардың оқушылары - 23 процентке көбейді.

3. Неке және отбасы

Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз -- бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке катысты емес жекебастың құқықтарымен байланыскан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтықакт Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңы болып табылады.
Неке -- отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толык келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты -- неке деп түсінуіміз кажет.
Егер неке тіркелмесе де, бірак еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады.Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлык жасап, материалдык көмек көрсетсе -- бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса -- бұл да отбасы.
Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану ғылымының қалыптасу және даму кезеңдері
Қазіргі қоғамды әлеуметтанудың рөлі
Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңі
Әлеуметтанудың тарихи қалыптасу кезеңдері
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары
Тұлға типологиясы
Әлеуметтану (Оқу-әдістемелік құрал)
ӘЛЕУМЕТТАНУ ЖӨНІНДЕГІ ОЙДЫҢ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ
Социология ғылымының деңгейлер
Пәндер