Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамалары, әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика



Кіріспе 3
1. О.Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика 4
2. Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері 6
Қорытынды 9
Пайдаланған әдебиеттер 10
Біз тәуелсіздіктің көк туын көтеріп, дербес мемлекет негізін қалаған күннен бастап, дүниауи, осы заманғы мемлекет болу бағытын ұстадық. Ата заңымызды қабылдадық, барлық әлем халықтары ұстанған нарықтық экономика жолына түстік, бұған қоса жахандану процесімен де бетпе-бет келіп отырмыз. Бірақ осы түбірлі өзгерістерге біздің қазақ халқы алдын-ала даярлықсыз бет бұрды. Олай дейтініміз біз, қазақстандық азаматтар, Еуропа тарихы мен мәдениетін, оның халықтарының рухани қазынасын кең көлемде әлі меңгеріп үлгермеген болатынбыз. Бүгінде социология ғылымын оқып білу өте қажет, социология ғылымының дамуы мен тарихы өте қажетті, соның ішінде ірі социолог О. Конттың тарихын білу қажет.
Конт социологияны әлеуметтік статика, әлеуметтік динамика деп үлкен екі тарауға бөлді. Біріншісі қоғамдық жүйесінің өмір сүру шарттары мен заңдарын, ал екіншісі қоғамдық жүйенің даму және өзгеру заңдарын зерттейді.
Әлеуметтік статика – қоғамдық тәртіп, ұйым, үйлесім теориясы. Конт қоғамды барлық бөліктері өзара тығыз байланысты, бір-бірімен берік бірлікте ғана тануға болатын органикалық тұтас дүние ретінде қарастырады. Бұл тұжырымдама индивидтер теориясына, яғни қоғамды жеке адамдардың (индивидтердің) келісім – шарттарының жемісі ретінде түсіндірушілерге қарсы бағытталған. Қоғамның құрылымын айқындап, үйлесімділік пен тәртіпті қамтамасыз етіп отыратын принциптерді зерттеу кезінде Конт осы принциптерді оларды жүзеге асыратын әлеуметтік саясатпен тығыз байланыстырады. Ол алдымен негізгі қоғамдық институттарды (отбасы, мемлекет, дін) олардың әлеуметтік қызметі, әлеуметтік ықпалдастықтығы тұрғысынан қарастырады. Конт заңы бойынша, адамзат қоғамы дамудың теологиялық, метафизикалық және позитивтік үш сатысын басынан өткереді.
Конт Ағарту дәуірінің ғалымдары өз заманының әлеуметтік тәртіптеріне тым шүйліге қарап, қоғамдық институттар арасындағы байланыстарды лайық бағалай алмады деп санады.
Сондықтан ол осы мәселемен түбегейлі айналысып, жаңа пәнді «әлеуметтік физика», кейіннен біржола «әлеуметтану» деп атап, ғылыми айналымға енгізді. Ол экономикалық өмір, әр замандағы үстем идеялар, индивидуалдық пошымдары, отбасы құрылымы, тіл және әлеуметтану ғылымының ерекше объектілері деп белгіледі. Адамзат ақыл-ойының даму барысын үш белескен: теологиялық (үш мың жылдай уақыт), метафизикалық (XIV-XVIII ғасырлар), позитивтік немесе ғылыми белестерге бөледі. Конт сондай-ақ ғылымдар иерархиясын ұсынып, оны математика, астрономия, физика, химия, биология және әлеуметтану деп көрсетеді.
Әлеуметтану деп өзі бөліп көрсеткен ғылымда ол «қоғам», «әлеуметтік организм», «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құбылыс» секілді терминдерді қолданып, біржола орнықтырды.
1. Ш.Карабаев. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2009
2. А.Т.Забирова, Практикалық әлеуметтану, Астана, 2011
3. А.И.Икенов, А.Д.Жүсіпова. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004
4. Б.Ж.Смағамбет. Шетелдік әлеуметтану тарихы. Астана, 2010
5. А.Н.Болатова, және т.б. Әлеуметтану. Алматы, 1998
6. Туров И.С. Общество как социальная система. ”Социологическо-политический журнал”, 1994, №7-8.
7. Кареев Н.И. Основа русской социологии. ”Социс”, 1985, №3.
8. Руткеевич М.Н., Филипов Ф.Р. Социальные перемещения. М., 1970.
9. Есимов Ғ. Соц-зм және әділеттілік. ”Ақиқат”, 1993, №10.
10. Аженов М.С., Бисенбаев Д.Э. Социальная стратификация в республике Қазақстан. А., 1997.
11. Жумакасова К.Социальная структура населения Қазақстана в условиях реформ. ”Мысль”, 1998, №10.
\

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. О.Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика 4
2. Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері 6
Қорытынды 9
Пайдаланған әдебиеттер 10

Кіріспе
Біз тәуелсіздіктің көк туын көтеріп, дербес мемлекет негізін қалаған күннен бастап, дүниауи, осы заманғы мемлекет болу бағытын ұстадық. Ата заңымызды қабылдадық, барлық әлем халықтары ұстанған нарықтық экономика жолына түстік, бұған қоса жахандану процесімен де бетпе-бет келіп отырмыз. Бірақ осы түбірлі өзгерістерге біздің қазақ халқы алдын-ала даярлықсыз бет бұрды. Олай дейтініміз біз, қазақстандық азаматтар, Еуропа тарихы мен мәдениетін, оның халықтарының рухани қазынасын кең көлемде әлі меңгеріп үлгермеген болатынбыз. Бүгінде социология ғылымын оқып білу өте қажет, социология ғылымының дамуы мен тарихы өте қажетті, соның ішінде ірі социолог О. Конттың тарихын білу қажет.
Конт социологияны әлеуметтік статика, әлеуметтік динамика деп үлкен екі тарауға бөлді. Біріншісі қоғамдық жүйесінің өмір сүру шарттары мен заңдарын, ал екіншісі қоғамдық жүйенің даму және өзгеру заңдарын зерттейді.
Әлеуметтік статика - қоғамдық тәртіп, ұйым, үйлесім теориясы. Конт қоғамды барлық бөліктері өзара тығыз байланысты, бір-бірімен берік бірлікте ғана тануға болатын органикалық тұтас дүние ретінде қарастырады. Бұл тұжырымдама индивидтер теориясына, яғни қоғамды жеке адамдардың (индивидтердің) келісім - шарттарының жемісі ретінде түсіндірушілерге қарсы бағытталған. Қоғамның құрылымын айқындап, үйлесімділік пен тәртіпті қамтамасыз етіп отыратын принциптерді зерттеу кезінде Конт осы принциптерді оларды жүзеге асыратын әлеуметтік саясатпен тығыз байланыстырады. Ол алдымен негізгі қоғамдық институттарды (отбасы, мемлекет, дін) олардың әлеуметтік қызметі, әлеуметтік ықпалдастықтығы тұрғысынан қарастырады. Конт заңы бойынша, адамзат қоғамы дамудың теологиялық, метафизикалық және позитивтік үш сатысын басынан өткереді.
Конт Ағарту дәуірінің ғалымдары өз заманының әлеуметтік тәртіптеріне тым шүйліге қарап, қоғамдық институттар арасындағы байланыстарды лайық бағалай алмады деп санады.
Сондықтан ол осы мәселемен түбегейлі айналысып, жаңа пәнді әлеуметтік физика, кейіннен біржола әлеуметтану деп атап, ғылыми айналымға енгізді. Ол экономикалық өмір, әр замандағы үстем идеялар, индивидуалдық пошымдары, отбасы құрылымы, тіл және әлеуметтану ғылымының ерекше объектілері деп белгіледі. Адамзат ақыл-ойының даму барысын үш белескен: теологиялық (үш мың жылдай уақыт), метафизикалық (XIV-XVIII ғасырлар), позитивтік немесе ғылыми белестерге бөледі. Конт сондай-ақ ғылымдар иерархиясын ұсынып, оны математика, астрономия, физика, химия, биология және әлеуметтану деп көрсетеді.
Әлеуметтану деп өзі бөліп көрсеткен ғылымда ол қоғам, әлеуметтік организм, әлеуметтік жүйе, әлеуметтік құбылыс секілді терминдерді қолданып, біржола орнықтырды.
Бұл жұмыста социология ғылымының негізгі салушы О. Контты қарастырады.
1. О.Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика

О.Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика деген бөлімдерден тұрады. Олардың біріншісінің объектісі - тыныштық қалпындағы қоғам болса, екіншісінің объектісі - қозғалыс қалпындағы қоғам болып табылады. Әлеуметтік статика әлеуметтік организмнің құрылымын зерттейтін әлеуметтік анатомия болса, әлеуметтік серпін оның жүзеге асуын қарастыратын әлеуметтік физиология. Осы әлеуметтік динамикада Конт қоғамның ілгері дамуы туралы теорияны одан әрі жетілдіреді.
О.Конттың ой-пікірлерін, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820-1903 жж.) болды. Оның әлеуметтанулық теориясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл ой - пікірлер Ч. Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізі еді:
1. Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;
2. Әлеуметтік эволюция идеясы.
О.Конт жүйесі боынша жеке адам, қоғам, жалпы адамзат өзінің дамуында міндетті түрде үш сатыдан өтеді.
Бірінші теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады. Ол абсолюттік білімге ұмтылады. Теологиялық ойлау өз кезегінде дамудың үш кезеңінен өтеді: фетишизм, политеизм, монотеизм.
Екінші метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300-1800) адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың мән-мағынасын қалыптасуының басты амалдарын ұғынуға, абстракциялар жолымен түсінуге тырысады. Олар сын тұрғысынан өткізіліп қаралады. Бұл кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.
Ал, үшінші позитивті немесе шынайы ғылыми кезеңнің (1800 жылдан бастап) негізгі белгісі - мұнда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға жүгінеді.
О.Конттың пікірі бойынша қоғамның ілгері дамуының негізінде адамзаттың ақыл - ойының дамуы жатыр. Ал ғылым позитивтік сипатта болуы керек. Ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену керек. Ғылымдардың дамуы бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады. Бұл арада басшылыққа алатын қағида - ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай дамуы тән. О.Конт әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде әлеуметтік фактілерді бақылау әдісіне үлкен мән береді. Өйткені, бақылау ғылымға объективтілік береді. Оның еңбектерінде бақылау сөзінің екі мағынасы (кең және тар) байқалады. Кең мағынада, (жалпы бақылау өнері) бақылау позитивті әдіснаманы сипаттап, еркін құрылымға қарсы тұратын әмбебап амал болып табылады. Тар мағынада, бақылау әлеуметтануда қолданылатын ғылымның басты үш әдісінің (таза байқау; тәжірибе, салыстырмалы әдіс) бірі болып табылады.
О. Конттың ойынша, әлеуметтанудың салыстырмалы әдісі салыстырудың бірнеше әдістерінен немесе тәсілдерінен тұрады. Біріншісі - адамдар мен жануарлар қауымдастықтарын салыстыру. Бұл әдістің құндылығы әлеуметтік ынтымақтастықтың неғұрлым қарапайым және әмбебап заңдарын анықтауға мүмкіндік береді. Екіншісі - жер шарының әр түрлі аймақтарындағы адамзат қоғамының әр түрлі қатар өмір сүру жағдайларын салыстыру. Бұл әдіс ғаламшардың әртүрлі бөлігіндегі қазіргі халықтар арасындағы неғұрлым өркениетті ұлттардың бұдан бұрынғы жай-күйлерін анықтап, адамзаттың іргелі дамуының қажетті және тұрақты тепе - теңдігін негіздейді. Зерттудің үшінші объективті әдісі - тәжірибе. Конт әлеуметтануда физикадағы сияқты құбылыстарды жасанды ету арқылы тікелей тәжірибе жасау мүмкін емес деп есептеген.
О.Конттың пікірі бойынша қоғамның ілгері дамуының негізінде адамзаттың ақыл - ойының дамуы жатыр. Ал ғылым позитивтік сипатта болуы керек. Ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену керек. Ғылымдардың дамуы бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады. Бұл арада басшылыққа алатын қағида - ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай дамуы тән. О.Конт әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде әлеуметтік фактілерді бақылау әдісіне үлкен мән береді. Өйткені, бақылау ғылымға объективтілік береді. Оның еңбектерінде бақылау сөзінің екі мағынасы (кең және тар) байқалады. Кең мағынада, (жалпы бақылау өнері) бақылау позитивті әдіснаманы сипаттап, еркін құрылымға қарсы тұратын әмбебап амал болып табылады. Тар мағынада, бақылау әлеуметтануда қолданылатын ғылымның басты үш әдісінің (таза байқау; тәжірибе, салыстырмалы әдіс) бірі болып табылады.
О. Конттың ойынша, әлеуметтанудың салыстырмалы әдісі салыстырудың бірнеше әдістерінен немесе тәсілдерінен тұрады. Біріншісі - адамдар мен жануарлар қауымдастықтарын салыстыру. Бұл әдістің құндылығы әлеуметтік ынтымақтастықтың неғұрлым қарапайым және әмбебап заңдарын анықтауға мүмкіндік береді. Екіншісі - жер шарының әр түрлі аймақтарындағы адамзат қоғамының әр түрлі қатар өмір сүру жағдайларын салыстыру. Бұл әдіс ғаламшардың әртүрлі бөлігіндегі қазіргі халықтар арасындағы неғұрлым өркениетті ұлттардың бұдан бұрынғы жай-күйлерін анықтап, адамзаттың іргелі дамуының қажетті жәнетұрақты тепе - теңдігін негіздейді. Зерттудің үшінші объективті әдісі - тәжірибе. Конт әлеуметтануда физикадағы сияқты құбылыстарды жасанды ету арқылы тікелей тәжірибе жасау мүмкін емес деп есептеген.
О.Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика деген бөлімдерден тұрады. Олардың біріншісінің объектісі - тыныштық қалпындағы қоғам болса, екіншісінің объектісі - қозғалыс қалпындағы қоғам болып табылады. Әлеуметтік статика әлеуметтік организмнің құрылымын зерттейтін әлеуметтік анатомия болса, әлеуметтік серпін оның жүзеге асуын қарастыратын әлеуметтік физиология. Осы әлеуметтік динамикада Конт қоғамның ілгері дамуы туралы теорияны одан әрі жетілдіреді.

2. Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері

Қоғамдық өмірде әлеуметтік мәселелерді талдау талпыныстары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану негіздері
Әлеуметтану ғылымының даму тарихы туралы
Эмиль Дюркгейм (1858-1917)
Әлеуметтану жайлы
Әлеуметтану – әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
Қазақстандағы әлеуметтік көзқарастар мен әлеуметтану ғылымы
Огюст Конт - позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
Әлемдік әлеуметтанудың қалыптасуы мен даму тарихы
Батыс әлеуметтануының негізін салушы
Огюст Конттың өмірі
Пәндер