Қазақстандағы социологиялық көзқарастардың қалыптасуы



Кіріспе 3
1. Қазақстандағы әлеуметтік ой.пікірінің дамуы (ХІХ ғасыр . ХХ ғасырдың бірінші жартысы). 4
2. Қазақ ағартушылық философиясының көрнекті өкілдері: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев. 4
3. Қазақстанның қазіргі заман әлеуметтануы 8
Қорытынды 11
Пайдаланылған әдебиеттер 12
Қазақстандағы социологиялық көзқарастардың қалыптасу процесі Батыс Еуропада социологияның ғылым ретінде қалыптасуымен қатар жүрді. Қазақ ойшылдарының теориялық мұраларын шартты түрде үш бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт Ыбырай Алтынсариннің, Шәкерім Құдайбердиевтің, Ахмет Байтұрсыновтың (1873 - 1938) білім (білім беру) социологиясы саласындағы еңбектерімен және қызметімен байланысты. Олар білімді, оның әлеуметтік маңыздылығы мен құндылығын насихаттауды мақсат етті. Ыбырай Алтынсарин бұл проблемаға адам жасының психологиясы мен әлеуметтік педагогика тұрғысынан қарады.
Батыстың социологиялық тұжырымдамаларының қалыптасуы мен дамуы ерекшелігі бірқатар теорияларда көрініс табатын өнеркәсіптік капиталистік қоғам дамуының тарихи кезеңдерімен байланысты. Ресейде социология "ұлттық өзіндік сана нысанына”, "ресейтануға” айналды. Социологиялық ойды зерттеушілер жазғанындай, орыс социологы (әлеуметтік философы) "жалпы қоғамды”, "жалпы әлеуметті” және т.б. сирек зерттеген, ол Ресейді зерттеген, тіпті абстрактілі ұғымдарды қолданған кезде де бұл оның тарапынан "таза ғылымға” жасалған саналы немесе еріксіз құрмет болатын, ал іс жүзінде ол не Ресейді, не жалпы әлемді тұтасымен қарастырған болатын. Орыстың социологиялық ойы "өзіндік зерттеумен”, "өзіндік рефлексиямен” сипатталады - бұл оны идеялық және рухани жағынан қазақ ағартушылығымен және қазақстандық ойшылдардың әлеуметтік-саяси ілімдерімен жақындастыра түседі.
Мақсаты: Қазақстанда әлеуметтік ойдың қалыптасуы қазақ халқының қоғамдық және әлеуметтік болмысының, дүниетанымының, әлеуметтік құндылықтар жүйелерінің айрықша нысандарына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. ХІХ ғасырдағы - ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік және әлеуметтік-саяси ілімдер қалыптасуының объективті шарттары мынадай факторлар болды: 1. рухани көтерілу - мәдениет, тарих, жаратылыстану, әдебиет өркендеді, сондай-ақ халықтың саяси және әлеуметтік санасы сапалық жаңа деңгейге көтерілгені атап өтілді; 2. әлеуметтік-саяси даму - Қазақ¬стан¬дағы патшалық отаршылдық саясат әкімшілік, сот нормалары арқылы қоғамдық құрылымның дәстүрлік нысанының өзгеруіне әкеп соқты.
ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанның қоғамдық ойында қазақ ағартушылығы қалыптасты, оның жарқын өкілдері Шоқан Уәлиханов (1835 - 65), Абай Құнанбаев (1845 - 1904), Ыбырай Алтынсарин (1841 - 89) болды. Қазақ ағартушылығының философиялық мұрасы.
Міндеттері:
1. Классикалық кезең - Ш.Уәлихановтан, А.Құнанбаевтан және Ы.Алтынсариннен бастау алады;
2. Дамыған ағарту ісі кезеңі. Оның өкілдері М.Сералин, С.Торайғыров (1893 - 1920),
1. Г. О. Әбдікерімова “Әлеуметтану” , Алматы 2011 ж
2.T.Карабаев “Әлеуметтану негіздері”, Алматы 2008 ж
3. Биекенов К.Ү. “Әлеуметтану тарихы”,Алматы 2010 ж
4.Т.Ж.Қалдыбаева “Әлеуметтану-оқу құралы”
5.Н.А.Аитов “Социология”,Алматы 1997 ж

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. Қазақстандағы әлеуметтік ой-пікірінің дамуы (ХІХ ғасыр - ХХ ғасырдың бірінші жартысы). 4
2. Қазақ ағартушылық философиясының көрнекті өкілдері: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев. 4
3. Қазақстанның қазіргі заман әлеуметтануы 8
Қорытынды 11
Пайдаланылған әдебиеттер 12

Кіріспе
Қазақстандағы социологиялық көзқарастардың қалыптасу процесі Батыс Еуропада социологияның ғылым ретінде қалыптасуымен қатар жүрді. Қазақ ойшылдарының теориялық мұраларын шартты түрде үш бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт Ыбырай Алтынсариннің, Шәкерім Құдайбердиевтің, Ахмет Байтұрсыновтың (1873 - 1938) білім (білім беру) социологиясы саласындағы еңбектерімен және қызметімен байланысты. Олар білімді, оның әлеуметтік маңыздылығы мен құндылығын насихаттауды мақсат етті. Ыбырай Алтынсарин бұл проблемаға адам жасының психологиясы мен әлеуметтік педагогика тұрғысынан қарады.
Батыстың социологиялық тұжырымдамаларының қалыптасуы мен дамуы ерекшелігі бірқатар теорияларда көрініс табатын өнеркәсіптік капиталистік қоғам дамуының тарихи кезеңдерімен байланысты. Ресейде социология "ұлттық өзіндік сана нысанына", "ресейтануға" айналды. Социологиялық ойды зерттеушілер жазғанындай, орыс социологы (әлеуметтік философы) "жалпы қоғамды", "жалпы әлеуметті" және т.б. сирек зерттеген, ол Ресейді зерттеген, тіпті абстрактілі ұғымдарды қолданған кезде де бұл оның тарапынан "таза ғылымға" жасалған саналы немесе еріксіз құрмет болатын, ал іс жүзінде ол не Ресейді, не жалпы әлемді тұтасымен қарастырған болатын. Орыстың социологиялық ойы "өзіндік зерттеумен", "өзіндік рефлексиямен" сипатталады - бұл оны идеялық және рухани жағынан қазақ ағартушылығымен және қазақстандық ойшылдардың әлеуметтік-саяси ілімдерімен жақындастыра түседі.
Мақсаты: Қазақстанда әлеуметтік ойдың қалыптасуы қазақ халқының қоғамдық және әлеуметтік болмысының, дүниетанымының, әлеуметтік құндылықтар жүйелерінің айрықша нысандарына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. ХІХ ғасырдағы - ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік және әлеуметтік-саяси ілімдер қалыптасуының объективті шарттары мынадай факторлар болды: 1. рухани көтерілу - мәдениет, тарих, жаратылыстану, әдебиет өркендеді, сондай-ақ халықтың саяси және әлеуметтік санасы сапалық жаңа деңгейге көтерілгені атап өтілді; 2. әлеуметтік-саяси даму - Қазақ - стан - дағы патшалық отаршылдық саясат әкімшілік, сот нормалары арқылы қоғамдық құрылымның дәстүрлік нысанының өзгеруіне әкеп соқты.
ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанның қоғамдық ойында қазақ ағартушылығы қалыптасты, оның жарқын өкілдері Шоқан Уәлиханов (1835 - 65), Абай Құнанбаев (1845 - 1904), Ыбырай Алтынсарин (1841 - 89) болды. Қазақ ағартушылығының философиялық мұрасы.
Міндеттері:
1. Классикалық кезең - Ш.Уәлихановтан, А.Құнанбаевтан және Ы.Алтынсариннен бастау алады;
2. Дамыған ағарту ісі кезеңі. Оның өкілдері М.Сералин, С.Торайғыров (1893 - 1920),

1. Қазақстандағы әлеуметтік ой-пікірінің дамуы (ХІХ ғасыр - ХХ ғасырдың бірінші жартысы).

ХІХ ғ.60-шы ж.ж патшалық Ресей қазақ даласын толығымен отарлауды іске асырған. Ол жүргізілген отарлау саясаты қазақ халқының әлеуметтік - экономикалық, мәдени-құқықтық және тағы да басқа өмір салаларына ай -
тарлықтай ықпал етті.Сол тұста қазақ даласына демократиялық көзқарас -тағы орыс ойшылдары әр түрлі себептермен келе бастаған. Солардың қа - тарында А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин және т.б болған. Қазақ ағартушылары өздері өмір сүрген тұстағы қоғамның тыныс - тіршілігін зерттеп, оның әлеуметтік мән-мазмұнын ашып тағы да басқа мәселелерін терең пайымдаулардан өткізді.
Зар заман ағымына анықтама берсек, ол отаршылдық дәуірдегі елдің әлеуметтік ахуалының көркем бейнелеуінің көрінісі.Асан ата айтып кеткен (Мұнан соң қилы-қилы заман болар,Заман азып,заң тозып, жаман болар),Бұқар болжап берген (Күн батыстан бір дұшпан, Ақырда шығар сол тұстан) дәуір келіп жеткен соң ақын-жырауларының өлең-толғауларының тақырыбы өзінен-өзі зар заман ағымына ойысты. Сондықтан бұл құбылыс басталар жері, тамамдалар тұсы айқындалған, тарихи өзгерістер аясында жетіліп, өркенделген, түйінделген ағым ретінде қарастырылады. Бұл сарынның ақындары қатарына Дулат Бабатайұлын\1802-1871\,Шортанбай Қанайұлын\1818- 1881\, Мұрат Мөңкеұлын\1843-1906\, Әбубәкір Кердері Шоқанұлын\1858-1903\ т.с.с. ақындарды қосуға болады
Солардың көрнекті өкілдерінің бірі Шортанбай - орыс отаршылдығы тұсында қазақ қоғамына кірген әлеуметтік өзгерістердің сырын терең ашып бейнелеген суреткер.Қазақ даласына сауда капитализмінің кіруі, қоғамның бай не кедей болып жіктелуі, өкімдікке талас пен сайлау кезіндегі даулар ақын өлеңдерінде әсерлі суреттеледі:
Асылық азған заманда,
Алуан- алуан жау шықты.
Арам, араз хан шықты.
Қайыры жоқ бай шықты,
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты,- деп ол бірде қазақ даласына келген сауданы айыптаса, елдің бас көтерер азаматтарының байлыққа құнығуын, қанаудың күшейгенін сынға алады.

2. Қазақ ағартушылық философиясының көрнекті өкілдері: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев.

Ш.Уалиханов (1835 -- 1865) - ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым. 1856 жылы Ш.Уәлиханов екі экспедицияға қатысады. Біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыстықкөлге дейінгі, екіншісі - дипломатиялық тапсырма бойынша Құлжаға сапар. 1857 жылы Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегіп, қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны "Манасты" көшіріп алды. Ыстықкөлге экспедиция кезінде Ш.Уәлиханов тарихи деректермен қатар көненің көзі - ерте заман бұйымдарының құнды үлгілерін жинады. "Ыстықкөлге барған сапардың күнделігі", "Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы", "Қырғыздар туралы жазбалар" деген тарихи-этнографиялық туындылары жоғарыда аталған сапарларының нәтижесі болатын. Ш.Уәлихановтың ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының назарын аудартып, 1857 жылдың ақпанында ол қоғамның толық мүшелігіне қабылданады. Оның ғылыми мұрасы Қазақстанның және көп ұлтты Ресейдің, басқа да халықтардың проблемаларының өзекті тұстарын қамтиды. Шоқан Орта Азия мен оған іргелес жатқан аймақтар халқының географиясын, этнографиясы мен фольклорын зерттеуге де үлкен үлес қосты.
Ш. Уалихановтың ғылыми еңбектерінің бәрінде,атап айтқанда,"Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы","Сот реформасы жайлы жазбалар","Баянауыл округі туралы","Өлкенің үкімет басқару жүйесі мен саяси жағдайы ", "Сахарадағы мұсылмандық туралы" және т.б шығармаларында қазақ қоғамындағы көкейтесті әлеуметтік мәселелер зерттеледі.
Қазақ қоғамында орын алған жағымсыз құбылыстар тоқыраудың мотиві болғанын,қоғам дамуында жаңа бетбұрыс алған еркін ағымды тоқтатқанын сынай отырып, қазақ елінің өркендеу болашығын реформамен тығыз байланыстырады,реформаға қалай әзірлену және оны қалай жүргізу қажеттігі жөнінде аса құндыой-пікірлер тұжырымдады. Оның пікірінше, реформаға ғылыми тұрғыдан келу керек, нақты тарихи жағдайды есепке алу қажет. Сонда ғана реформа сәтті орындалады, соның негізінде қоғамдық организмнің дамуы іске асады. Мұндай реформа аяғына дейін жеткізу маңызды процесс деп санайды.
Басқаша сөзбен айтқанда, реформаны жемісті жүргізу үшін өзгерістердің ішкі қайнар көздерін көре білу қажет болды. Сонымен қатар Шоқан қоғамдағы өзгерістерді жасау қажеттілігі қоғамның даму деңгейінен және бұқара халықтың өмір салтынан туындауы тиіс деп түйді.
Ш. Уәлихановтың тұжырымдауынша, қоғамда жасалатын бетбұрыстардың халыққа ұнамдысы, пайдалысы экономикалық және әлеуметтік реформа, олар халықтың маңызды мұқтаждарына тікелей қатысы бар реформа деп саналады, ал саяси реформалар қажетті экономикалық реформаларды іске асырудың құралы ретінде қолданылуы тиіс, өйткені жеке алынған әрбір адам және барлық адамзат ұжымдаса отырып өзінің дамуында бір ғана түпкі мақсатқа - өзінің материалдық әл - ауқатын оңалтуға ұмтылады және осының өзі прогресс болып саналады .
Қоғамда жасалатын бет бұрыстардың халыққа ұнамдысы, пайдалысы экономикалық және әлеуметтік реформа. Шоқанның пікірі бойынша, экономикалық және әлеуметтікреформалар шынайы қоғамдық прогресске жетуді мақсат етуі керек ,ал қоғамдық прогресс өз кезегінде халықтың материалдық халін жақсартуға қызмет етуі тиіс. Саяси реформа белгіленген экономикалық мақсатқа жетудің құралы қызметін атқарады.Ал ол халықтың пайдасы үшін іске асырылатын қоғамдағы өзгерістер материалдық қажеттілігіне және ұлттық мазмұнына орайластырылған бірнеше талаптарды қанағаттандыруы қажет.Оның аталмыш мұқтаждықтар мен сипаттар деп қазақтың ауылдық рулық қауымдастығының жерді ұжымдасып пайдалануы,еңбекші жұрттың әлеуметтік қауымдастығы сияқты жақсы жақтары еді.
Шоқан реформаны халыққа таңуға да қарсы болды. Оның көзқарасы бойынша, еріксіз, күштеп іске асырылған реформа қазіргі таңға дейін адамзатты ауыр зардапқа соқтырып келеді.
Реформалардың сәтті жүзеге асуын Шоқан олардың дұрыстығымен байланысты қарастырады. Олар прогресс заңдарына негізделсе ғана дұрыс болады. Оның пікірі бойынша, дәл осындай жағдайда ғана қоғамдық организмнің дамуы дұрыс, орынды жүреді. Осыдан келіп халықтар: өзін-өзі дамыту, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі басқару және жазғыру іспетті саяси прерогативтерді жүзеге асыру тиіс.
Шоқан қазақтың қоғамын әлеуметтік организмнің күрделі объектісі ретінде қарастыра отырып,оның әлуметтік таптық құрамының қоғам дамуына сәйкес үлкен өзгерістерге ұшырап отыратынын көрсетті. Оның тұжырымдамаларында қазақ қоғамының ақ сүйек және қара сүйек деп аталатын екі топқа бөлінуі феодалдық қоғам кезінде орын алғандығы тұжырымдалады. Қоғамның мұндай екі әлеуметтік топқа бөлінуінің себебін ол адамның шыққан ата-тегіне, мал-мүлкінен, билік ету деңгейінен көреді. Шоқанның әлеуметтанулық көзқарастары О.Конт, Г.Спенсер, т.б. Батыс әлеуметтанушыларыныңой - пікірлерімен ұқсас. Шоқан олардың тұжырымдамаларының төңірегінде қалып қоймады.Қоғамның кейбір әлеуметтік мәселелері жөнінде олардан ілгері кетті.
Шоқанның әлеуметтану саласындағы пайымдаулары қоғамдық ғылымдарға қосылған зор ілес. Шоқан сияқты қазақ қоғамына назар аударып,оны тұңғыш зерттегендердің бірі Ы.Алтынсарин.
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңірінде белгілі атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленеді, 9 жасында Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет еткен белгілі Шығыс зерттеушісі Григорьевтен сабақ алды. Оның үйінде жиі болып кітапханасынан кітатар оқиды. Мектепті үздік бітірген ол 1857-59 жылдары арасында өз атасы Балғожа бидің песірі (қағаз көшіруші) болады, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа ауысады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепте мұғалім болып келеді. Осы кезден бастап оның ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Ол ел-елді аралап мектеп ашуға қаражат жинайды. 1864 жылы қаңтардың 8 жұлдызында жұрттың күткен мектебі ашылады.
Әлеуметтік тұжырымдаманы дамытуда зор үлесі бар ірі тұлғалардың бірі Ы.Алтынсарин 1841-1889 болды. Білімсіздіктің етек алуынан қазақ қоғамының надандық жайлап отырғанын айта келіп ,жұртты білім алуға шақырды. Сондықтанда ол өзінің 25 жылдық өмірін жеткіншектерге білім беруге арнады.Жергілікті жерлерден мектеп ашу ісімен айналысады. Қазақ балаларына арнап оқулықтар,оқу құралдары және әдістемелік кітаптар жазды.Ол қазақ қыздары үшін мектеп-интернат ,ауыл шаруашылық және қолөнер училищелерін ашты. Қазақ халқының жарқын болашағын тек оқу-ағарту ісімен,білім-ғылыммен байланыстырды.
Оның жазған кітаптары білім беру тарихтарында алғашқы қазақ оқулықтары ретінде әділ бағасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік ақыл-ой тарихы
Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
Этносоциология туралы
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Социология ( оқу құралы )
Саяси мәдениет - әлеуметтік институт ретінде
Саяси сана және саяси мәдениет
Дін социологиясының қалыптасуы мен дамуы
Әлеуметтану пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Құқықтық мәдениет - қоғам мәдениетінің негізгі салаларының бірі
Пәндер