Ресейдегі әлеуметтанулық ойдың қалыптасуы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1. Ресейдегі әлеуметтанулық ойдың қалыптасуы4

2. Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен ағымдар (XIX гасырдың екінші жартысы) 5

3. XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы9

Қорытынды11

Пайдаланған әдебиеттер12

Кіріспе

Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы мен дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың үлесіне тиді. Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әр түрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды. Географиялық идеядағы бағыт геофафғальш әрі әлеуметтанушы Лев Ильич Мечниковтың (1838-1888) еңбектерінде анық байқалды. Л. И. Мечниковтың әлеуметтану теориясы тұрғысынан қарастырған мәселелері оның "Өркениет және ұлы тарихи өзеңдер" деген ірі еңбегінде баяндалды. Социал-дарвинизмнің әлеуметтік зандылықтарды механикалық тіршілік үшін күрес заңына үқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып, зерттеуші әлеуметтануды нақты ғылыми понге айналдыруды көздеді. Ол үшін, оның пікірі бойынша, қоғамдық өмірдің шынайы ерекшелікті заңдарын тұжырымдау, сонымен қатар әлеуметгік прогресс белгі-бөлшемдерін барынша мұқияттылықпен анықтау қажет болды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлап, Л. И. Мечников қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу анықтаушы болатынын атап көрсетті. Биологияның зерттейтін құбылысы жан-жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету жағдайынан тұратын болса, әлеуметтануды тек ынтымақтастық және күштерді біріктірудің көрінісі, яғни табиғаттағы кооперация факторлары қызықтырады.

Мақсаты: Әлеуметтануды дүниедегі бір клеткалыдан бастап, адамдардың өндірістік кооперацияларына дейінгі ынтымақтастықтың бүкіл құбылыстарын қамтыған ғылым ретінде анықтап, Л. И. Мечников қоғам мен биологиялық организм арасындағы өнімдер ұқсастығын пайдалануға бағыт ұстады, сонымен қатар ол қарапайым биологиялық редукционизмді жоққа шығарды.

Қоғамдық прогресс идеясы Л. И. Мечниковтың әлеуметтану тұжырымдамаларында маңызды орынға ие болды. Оның пікірінше, прогресс идеясы болмайынша адамзат тарихы тек оқиғалардың мағынасыз қоймасы болып қалады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану міндеттеріне прогресс неден тұрады, қоғамның алға қарай дамуын қандай нақты белгі-өлшемдермен анықтап білуге болады деген мәселелерді қойды. Өйткені ол табиғатта болатын тіршілік үшін күресті ығыстырды. Ынтымақтастықтың адамдар арасындағы қарым-қатынас ретінде ерікті түрде және күштеу арқылы айқындалғанына көңіл аударып, әлеуметтанушы бұл процестегі индивидтердің еркіндік дәрежесі сол өркениеттің прогрессивтілігінің басты өлшемі бола алады деп ойлады.

Міндеттері:

  • Ресей әлеуметтануының қалыптасу кезеңдерін анықтау;
  • Ресей әлеуметтануының дамуының маңызын ашу
1. Ресейдегі әлеуметтанулық ойдың қалыптасуы

Ресейдегі әлеуметтанулық ойдың қалыптасуы мен дамуы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырлардың үлесіне тиеді. Осыкезеңдердегі ресейлік әлеуметтанудағы географиялық бағыттың ӛкілі географ ғалым әрі әлеуметтанушы Л. И. Мечников болды. Л. И. Мечниковтың әлеуметтанулық тұрғыдан қарастырған мәселелері оның «Ӛркениет және ұлы тарихи ӛзендер» атты еңбегінде баяндалды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп ойлап, Л. И. Мечников қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға тырысу анықтаушы болатындығын атап кӛрсетті. Қоғамдық прогресс идеясы Л. И. Мечниковтың әлеуметтанулық тұжырымдамаларында ерекше орынды иеленді. Оның пікірінше, прогресс идеясы болмайынша, адамзат тарихы тек оқиғалардың мағынасыз қоймасы тәрізді болып қалады. Географиялық ортаның басты компоненті гидрологиялық фактор болуы ықтимал деп түсінген орыс әлеуметтанушысы дүниежүзілік тарихтан ӛзендік, теңіздік және мұхиттық үш негізгі дәуірді немесе ӛркениетті бӛліп кӛрсетті.

Ресей әлеуметтануында органикалық бағытты қалыптастырған А. И. Стронин және П. Ф. Лилиенфельд болды. А. И. Стронин әлеуметтік білімді жаратылыстану ғылымына, ең алдымен биологияға ұқсас үлгіде қарау қажет деп есептеді. Оның пікірінше, әрбір социумның кез келген биологиялық организм сияқты, белгілі бір жинақталған күш қорына сәйкес ӛмір сүруі шектеулі болады.

П. Ф. Лилиенфельд әлеуметтік заңдар әлеуметтік күштердің және табиғаттағы органикалық күштердің арасындағы әрекеттерді ұқсастыру жолымен шығарылуы мүмкін деген қорытынды жасады.

Субъективтік бағыттың кӛрнекті ӛкілдері П. Л. Лавров пен Н. К. Михайловский болды. П. Л. Лавров әлеуметтануды нормативті ғылым деп санады. Оның кӛзқарасы бойынша, қоғамның бір ғана қозғаушы күші бар, ол - тұлға. Лавров әлеуметтануға анықтама беруге де талпыныс жасады. Н. К. Михайловский әлеуметтану басқа да қоғамдық ғылымдармен байланыста болуы керек деп есептеді. Ол қоғамдық ӛмір фактілеріне әділ қарау керек деген тұжырымды ұстанды. Оның пікірінше, тұлға мен қоғам арасында үздіксіз қақтығыс болып жатады.

Анархизм бағытын қалыптастырған М. Бакунин мен П. Кропоткин болды. Анархизмнің басты идеясы - ешбір мемлекеттік институттар бұза алмайтын тұлғаның еріктілік идеясы, табиғи күй ретіндегі оның еркіндік идеясы болды.

Психолгиялық бағыттың ӛкілдері Е. В. Де-Роберти мен Н. И. Кареев қоғам дамуының негізгі бағыттарына, прогресс пен регреске, бұқара халық пен тұлғаның тарихтағы роліне назар аударды. Олар қоғам дамуындағы психологиялық факторлардың ролі мен маңызын дәлелдеуге үлес қосты.

Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттардың бірі жария марксизм бағытының ӛкілдері П. Струве, М. Туган-Барановский, Н. Бердяев, С. Булгаков және т. б. болды. Олардың көзқарастарының негізінде кейінірек идеалистік және діни бағыттар дами бастады.

2. Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен ағымдар (XIX гасырдың екінші жартысы)

Ресей әлеуметтану дәстүрінде органикалық деп аталған бағыттың өкілдері Александр Иванович Стронин (1826-1889) және Павел Федорович Лилиенфельд (1829-1903) қызықты ережелерді қалыптастырды. А. И. Стронин әлеуметтік білімді жаратылыстану ғылымына, ең алдымен биологияға ұқсас үлгіде қарау қажет деп есептеді. Ол қоғамды біртұтас организм ретінде қарастыра отырып, қоғамдық институттарды оның жекелеген фрагменттері деп есептеді. Сондықтан оның "әлеуметтану физиологияға ұқсас болуы қажет" деп түйіндеуі түсінікті еді. Өзі өмір сүрген қоғамды пирамида тәріздес бейнелеу арқылы А. И. Стронин адамгершілік және интеллектуалды құндылықтарды жасайтын қоғамдағы жоғарғы құрылым тек саясатпен айналысу қажет деген ой қорытады. Оның пікірінше, әрбір социумның, кез-келген биологиялық организм сияқты, белгілі бір жинақталған күш қорына сәйкес өмір сүруі шектеулі болады. Ол күш ерте ме, кеш пе бітеді. Адамгершіліктің құлдырауы мен әлеуметтік идеалдардың күйреу процесін биологиялық азу құбылыстарымен салыстыра келіп, А. И. Стронин Батыс Еуропаның "революциялық дәндері" Ресей шындығына жат және қауіпті деген сенімде болды А. И. Стронинннің биологиялық редукционизмі механицизммен бірігіп, оның әлеуметтану тұжырымдамасының эвристік шектеулігін негіздеді. Соған қарамастан оның бірнеше теориялары Ресейдің интеллектуалдық ой-пікірінде белсенді пікір тартыстарын оятты, одан әрі әлеуметтанулық теориялардың дамуына әсер етті Әлеуметтануда органикалық бағытты пән ретінде жақтаушы "Болашақтың әлеуметтік ғылымы туралы ойлар" атты кітаптың авторы П. Ф. Лилиенфельд болды. Қоғамды табиғаттың барлық организмдері сияқты өмір сүретін шынайы организм іспетті қарастыра отырып, П. Ф. Лилиенфельд әлеуметтік заңдар әлеуметтік күштердің, және табиғаттағы органикалық күштердің арасындағы әрекеттерді ұқсастыру жолымен шығарылы мүмкін деген қорытынды жасады. Қоғамдық процестердің өздері, зерттеушінің пікірі бойынша, теориялық тұрғыдан механикалық қозғалыстың көрінуіне алып барады. П. Ф. Лилиенфельдтің пікірі бойынша, барлық организмнің клеткалардан тұратыны іспетті қоғам да клеткалардан түзіледі. Бұл жерде зерттеушінің қоғамдық организмнің клеткалары деп отырғаны жекелеген адамдар. П. Ф. Лилиенфельд қайсыбір жекелеген процестер (туу, өсу, өлім) мен жекелеген органдарды (ми үкімет ретінде, т. б. ) баяндай келіп, биологиялық организм мен қоғамдық организмде дәлме-дәл келетін ұқсастық бар деп есептейді) Экономикалық, саяси және заң қызметін орыс ойшылы физиоло-гиялық, морфологиялық және тұтас организм ипостасиясымен теңестіреді. Сөйтіп, қоғамның басты институттарының мәңгіліктігі және өзгеріске түспейтіндігі туралы тезисті негіздеді, оларды күшпен транс-формациялауды П. Ф. Лилиенфельд патология ретінде қарастырады. Ресейде әлеуметтанулық ойдың дамуында субъективтік бағыт маңыздылардын бірі болды. Оның көрнекті өкілдері Петр Лаврович Лавров (1823-1900) және Николай Констаншнович Михайловский (1842-1904) еді. П. Л. Лавров "Тарихи хатуар"деп аталатын еңбегінде субъективизм туралы өз козқарасын баяндады. Ол әлеуметтану ғылымына бірінші болып "антропологизм", "субъективтік әдіс", "субъективтік көзқарас" ұғымдарын енгізді. Оның пікірінше, басқа ғылымдардағы сияқты әлеуметтану мен тарихта өзгермейтін және абсолютті заттар бар. Олар объективті, белгілі бір дәуірде жұрт оны білмеуі мүмкін, бірақ олар басқа бір дәуірде анықталады. Әлеуметтану мен тарих белгілі бір сатке дейін анықталынбайтын ақиқаттарды құрайды. Олардың анықталынбау себебіне қоғамның мәселені түсінуге және оған жауап қайтаруына субъективті дайын болмауы жатады. П. Л. Лавров әлеуметтануды нормативті ғылым деп есептеді. Оның көзқарасы бойынша, қоғамның бір ғана нақты қозғаушы күші тұлға бола алады. Оның мүддесін мойындамау деген сөз аса маңызды әлеуметтік құбылысты байқамаумен бірдей. Тарихтың барысы объективтік заңдармен анықталса да, тұлға тарихи процесті өзінше түсініп, өз алдына мақсаттар кояды және оған жетудің құралдарын таңдайды. П. Л. Лавров әлеуметтануға анықтама беруге талпыныс жасады. Оның түсінігінде әлеуметтану өз бетінше өмір сүрушілердің арасындағы ынтымақ тастықтың көріну, күшею және әлсіреу формаларын зерттейтін саналы органикалық ғылым. Сондықтан бұл ғылым өзінде дара сананы барынша қалыптастырған даратығы бар бүкіл жанды қоғамды, адам жүзеге асырсам-ау деген қоғамдық идеалдарды, сонымен қатар тұлғаның өзіндік қоғамдық идеалдарды жүзеге асыруға жақындатсам деген талпынысынан туындайтын практикалық міндеттерді қамтиды. Қоғам өмірін және ондағы процестердің негізгі мазмұнын ашудың өзіндік жолын айта келіп, П. Л. Лавров тұлғаның жеке адамгершілік идеалдарына сәйкес өмірдегі формаларды өзгертуге, сонымен қатар ол нені прогресс деп санаса сол үшін күресуге құқылы әрі міндетгі екенін атап көрсетті. Сондықтан тұлға қоғамдық күштерге зор ықпал жасайды. Қоғамның дамуына күшті әсер еткен тұлғаны П. Л. Лавров алға шыққан тұлғалардың қатарына жатқызады. Мұндай тұлғалар қоғамдық құбылыстарға сын көзбен қарайды, оларды түзетуге атсалысады Ш. К. Михайлоискийдің пікірінше, адамнын адаммен қарым-қатынасы секілді, оның табиғатпен қарым-қатынасының арасында бір-бірімен жанаспайтын қарама-қарсы айырмашылық бар. Бірінші жағдайда бір жәй ғана құбылыс деген ой тумауы керек. Өйткені бұл құбылыстың алдына қойылатын нақты мақсаты бар. Екіншісінде мұндай мақсат болған емес. Бұл өзгешілістер аса маңызды болғандықтан адамзат танымының екі ірі саласында әр түрлі әдістерді қолдану қажеттігін талап етеді. Қоғамдық құбылыстарды тек субъективтік деп бағалауымыз керек. Бұл жерде жоғары бақылауды субъективті әдіс жүзеге асыруы тиіс. Н. К. Михайловский әлеуметтану басқа қоғамдық ғылымдармен байланыста болуы керек деп есептейді. Ол қоғамдық өмір фактілеріне әділ қарауға болады деген тұжырымды ұстайды. Тұлғаның әлеуметтік байланыстарына қарап, оның дүниеге козқарасын анықтауға болатынын жазды. Н. К. Михайловский Ч. Дарвин мен Г. Спексердің эволюциялық теориясын мойындамады, керісінше, тұлғаны әлеуметтік бақылаудың бұлдіргіш ықпалынан құтқару қажеттігі теориясын басшылыққа алды. Оның пікірінше, тұлға мен қоғам арасында үздіксіз соғыс жүріп жатады. Оның дәлелі ретінде Ресей тағдырын алға тартты. Әлеуметтік мінез-құлыққа, жүріс-тұрысқа еліктеудің, өзін-өзі сендірудің, беделдің қаншалықты ықпал ететініне көңіл аударып, Н. К. Михайловский 3. Фрейд пен В. Адлердің психосараптамасына жоғары баға берді. Анархизмнің теориялық мазмұны мен практикалық бағыты орыс революционерлері Михаил Бакунин (1814-1876) мен Петр Кропоткин (1842-1921) шығармаларында жан-жақты дәлелденді. Олар Батыс Еуропа анархизмінің теоретиктері Ш. Фурье, М. Штирнер және П. Прудон еңбектеріне арқа сүйеді. М. Бакунин анархизмінің мәні - заттарды өздерінің табиғи ағымына жібергенмен бірдей . . . Осыдан келіп анархизмнің басты идеясы - ешбір мемлекеттік институттар бұза алмайтын тұлғаның еріктілік идеясы, табиғи күй ретіндегі оның еркіндік идеясы қалыптасты, дейді. Тұлға еркін болуы керек, оған ештеңені тануға болмайды дей келіп, Бакунин еркіндіктің әлеуметтік сипатта болатынын жазды. Өйткені еркіндік тек қоғам арқылы жүзеге асуы мүмкін және еркіндік әркімнің барлық адамдармен қатаң теңдікте және ынтымақтастықта болуымен іске асады. Қоғам әр адамның толыққанды дамуы үшін жағдай жасауы тиіс, тек сол ғана оның әлеуметтік еркіндігінің нақты мүмкіндіктерін анықтайды. Адам еркіндігінін бұдан да басқа да көріністері бар, кез-келген өкімет билігі, ол мейлі құдайдікі болса да, адамдікі болса да, егер ол тұлғаны қанаса, оның еркіндігі бүлікке соқтырады және содан көрініс табады. М. Бакуниннің пікірі бойынша, адам өз еркін шектейтін қоғамдық институтгармен қарама-қайшылыққа түседі. Ол әсіресе халықты басып, жаншитын және халықты қанау есебінен күнін көретін чиновниктер аппараты ретіндегі мемлекетпен күреседі. Мемлекет - қашан болмасын елдің күш-қуатына қарсы тұрған азшылықтың өкімет билігі. Ол адамдардың еркін заң жолымен зорлаушы, олардың еркін тұрақты түрде жоққа шығарушы болып отыр. Түптеп келгенде, мемлекет қайсыбір азшылықтың жеңілдіктерін нығайтады және көпшіліктің нақтылы қаналуын бекітеді. Адамдар бұқарасы өздерінің надандығынан бұны түсінбейді. Шындығында олардың мүдделері өздерін қанап отырған мемлекетті жою болып табылады. Осыған олардың әділ саналатын еркіндік бүлігі бағытталуы қажет. Прудонның біраз социалистік идеяларын қабыддаған М. Бакунин оларды өзінің социализм және федерализм теорияларында дамытты. Осы идеяларының арасында ең негізгілеріне жататыны - социализм қоғамдық құбылыс ретінде өзіндік және ұжымдық еркіндікпен, еркін ассоциациялардың қызметімен құрылуы тиіс деген пікірлері. Онда адамдар қызметіне ешқандай үкімет шектеуі болмауы керек және мемлекет жағынан ешқандай қамқорлық болмауы тиіс, мемлекет қалай дегенмен де жойылуы керек. Г. В. Плеханов Батыс пен Ресейде капитализмнің пайда болу жағдайларын және тарихи рөлін салыстырды, әр түрлі елдерде капитализм дамуының алғышарттарын анықтап, одан Ресейді Батыс елдеріне қарсы қоюдың қате екендігі туралы қорытынды шығарды. Ол капиталистік қатынастардың қалада да, деревняда да өзіне жол салып, қалыптасуда екенін дәлелдеді. Г. Плеханов маркстікде терминизмді табанды қорғай отырып, та-рихтағы волюнтаризмге қарсы шықты. Ол адамзат қоғамының тарихын қажетгі заңды процесс ретіңде және адамдардың қызметінің жемісі ретінде қарастырды. Ол қоғамдық өмірдің объективтік және субъективтік жақтарының арасында өзара тығыз байланыс бар, деп есептеді. Ол Лавров, Ткачев, Михайловскийдің социологиялық теорияларын және т. б. тарихтағы "геройлардың" рөлі туралы мәселені барынша сынады. Плехановтың пікірі бойынша, тарихи дамуда шешуші рөлді жеке адам емес, керісінше, бұқара халық "ойнайды". Бірақ ол тұлғаның тарихтағы рөлін біржола жоққа шығарудан алыс тұрды. Бұқара халықпен байланысқан, оның мұң-мұқтажын қолдайтын корнекті тұлға белгілі бір тарихи жағдайда үлкен қоғамдық рөл атқарады және өзінің прогрессивті қызметімен қоғамдық қозғалысты желелдетеді, көрнекті тұлғаның қоғамдық қызметінің маңыздылығы оның қоғамның даму жағдайын дұрыс түсіне білуіне байланысты, бірақ бірде-бір ұлы адам қоғамға күні өткен өндіріс қатынастарын таңа алмайды, - деп қорытады ол. Г. Плеханов идеалистік тұлғанын жеке басқа табынуын қатты сынады. Әлеуметтанушы ретіндегі оның аса көлемді еңбегі осы еді. В. И. Ленин де ертеректе жазған еңбектерінде халықшылдардың әлеуметтанулық көзқарастарына қарсы шықты. Буржуазиялық және халықшыл-әлеуметтанушылармен пікір таластыра отырып, маркстік қоғамдық формация жөніндегі ережені дамытты. Бұл ереже бойынша қоғам белгілі бір тарихи даму сатысында өмір сүріп, дамитын тірі организм. . И. Ленинді әлеуметтік көрегендік сипат ерекшелейді. Өзі өмір сүрген тұстағы Ресейдің күрделі әлеуметтік-экономикалық үрдістеріне (әсіресе оның ішкі рыногына) сараптама жасай отырып, оларды бүкіл жүйені құрайтын байланыстар ретінде (техника, жұртшылык, тұрмыс, отбасы, халықтың жекелеген жіктерінің әлеуметгік жағдайы, олардың саяси рөлі) өмір сүру тұрғысынан қарастырады немесе жүйенің өзін-өзі реттеушілік мүмкіндігі тұрғысынан зерделейді. Оның әлеуметтану жөніндегі түсінігі позитивистердің әлеуметтануды "таптан жоғары" тұрған ғылым деп түсіндіруіне толығымен қарама-қайшы еді. Осы орайда: "материализм өз мағынасына, былайша айтқанда, партиялықты енгізді, оқиғаға қандай да болса баға бергенде белгіді бір қоғамдық топтың қозқарасын тікелей әрі ашық жақтауды міндеттейді", - деп жазды. Ресейде ғасырлар тоғысында үстемдік еткен әлеуметтануды түсіндіруді ол консервативтік деп есептеді, сондықтан бұл ғылымның өзіне сенімсіздікпен қарады. Ол орыстың ірі әлеуметтанушылары М. М. Ко-валевский, П. Н. Милюков және басқалары жасаған қорытындылар Ресей ақиқатында болып жатқан маңызды өзгерістерді көрсете алмайды деп есептеді. В. И. Ленин батыс әлеуметтанушылары О. Конт, Г. Спенсер, М. Вебердің де козқарастарын қабылдамады, ең алдымен әлеуметтік танымның құндылыгын жоққа шығарғаны үшін, ғылыми ұсыныстар негізінде қоғамдық процестерді реттеудің құралы ретінде ұтымдылықты сциентистік тұрғыда түсіндіруді мойындамады. В. И. Ленин үшін қоғамның ұтымдылығы деген, ең алдымен бұқараның өз қызметінің нәтижесі. Ол әлеуметтанудың абстрактілі схемалар жиынтығына айналдырылуына қарсы болды; рухани өмірдік күрделі құбылыстарын сараптауда қауіпті жалаң сөздерден сақтандырды. Әлеуметтану зерттеулеріне ол өзінің қоятын татаптарын "Статистика және әлеуметтану" деген мақаласында баяндады. Қоғам туралы ғылымда ойша жорытушылыққа, дерексіздікке жол бермеудің қажеттігін атап көрсетті: "дәлме-дәл және талассыз фактілерден туатын негізді - оған сүйенуге болатын, біздің заманымызда кейбір елдерде шектен асқан киянатпен қолданылып жүрген, "жалпы" немесе "шамамен алынған" пайымдаулардын кез-келгенін онымен салыстырта болатын негізді белгілеуге тырысу керек" . XIX ғасырдағы Ресей әлеуметтануындағы тұжырымдамалар мен козқарастарды XX ғасыр әлеуметтанушылары одан әрі сабақтастықпен байытуы керек еді. Алайда, бұл елде болған Қазан төңкерісі әлеуметтік ойдың дамуына түбегейлі өзгерістер жасады.

3. XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
ӘЛЕУМЕТТАНУ ЖӨНІНДЕГІ ОЙДЫҢ РЕСЕЙДЕ ДАМУЫ
Әлеуметтану ғылымының тарихы мен әлеуметтану пәнінің зерттеу объектілері
Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен ағымдар (XIX ғасырдың екінші жартысы)
Әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ САПАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ ПӘНІНІҢ ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
Әлеуметтану обектісі
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz