Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1. Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру5

2. Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиелеуде дүниетанымын, сана-сезімін қалыптастыру7

Қорытынды9

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 10

Кіріспе

Тақырыптың көкейкестілігі: Қазіргі кезеңде қоғамның даму бағыты бүкіл оқу-тәрбие жұмысының алдына жас жеткіншектердің тілін, ақыл-ойын, жалпы білім деңгейін, дүниетанымын дамыту мәселесін қойып отыр. Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік дәреже алуы, тұңғыш Конституция, Білім беру заңының қабылдануы ұрпақ тәрбиесіне жаңаша қарауды, оны жақсарту жолдарын нақты айқындауды талап етеді. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жас ұрпақты ізгілікке, эстетикаға, отансүйгіштікке баулитын экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Себебі, "табиғат - қоғам -адам" жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Балалардың мұндай табиғат жайында алған қарапайым дүниетанымдық ұғымдары, олардың бастауыш сыныпта дүниетанымды оқыту барысында және жоғарғы сыныптарда биологиялық пәндер бойынша берілетін білім жүйесінің алғашқы баспалдағы болмақ. Сондықтан да бүгінгі күнге дейін бастауыш сыныптарда оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жүйелі ұғым беру ісі жете зерттелмеген, тың мәселе. Осы мәселеге байланысты төмендегідей бірнеше қарама-қайшылықтарды атап айтсақ: - оқушылардың табиғатпен дұрыс қарым-қатынаста болмауы; - табиғат тазалығын сақтау дағдылары қалыптаспағандығы; - табиғатқа қамқорлық жасау, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жеткіліксіздігі; - табиғатты қорғау, дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыруға арналған әдістемелік құралдардың аздығы; Осы қарама-қайшылықтарды ескере отырып, Қазақстанның жергілікті табиғатына сай, өлке тану принципіне негізделген, нақтылы қай көлемде, қандай мазмұнда табиғат жайында материалдарды енгізу керек? Оны оқытудың жолын талдайтын, балаға табиғат жайында жүйелі ұғым бере отырып, оның дүниетанымын қалыптастырудың жолдары мен әдістерін анықтап, саралайтын ғылыми зерттеу жұмыстарының теориялық-әдістемелік базасы жеткіліксіз даму деңгейде келе жатқаны нақтылы және тиімді зерттеулерді қажет етеді. Мұндай өзекті мәселенің зәрулігі дипломдық жұмыс тақырыбын "Бастауыш сыныпта экологиялық тәрбие беру негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру" - деп атауға негіз болды.

Тақырыптың мақсаты: Экологиялық тәрбие беру арқылы бастауыш сыныптағы балалардың дүниетанымын қалыптастыруды теориялық және әдістемелік жағынан негіздеу.

Тақырыптың міндеттері:

• экологиялық тәрбие беру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру жолдары мен мүмкіндіктерін ғылыми - әдістемелік тұрғыдан негіздеу;

• Экологиялық сана экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет ұғымдарының мәнін нақтылап, табиғат арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың орнын анықтау;

• экологиялық тәрбие беру арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың тиімді жолдары, формалары мен әдістерін іріктеу. әдістемесі атты екiншi бөлiмiнде бастауыш 4-шi сыныптарда оқушыларға дүниетану пәнi мазмұндарына туған өлке және қазақ этнопедагогика материалдарын енгiзуде экологиялық бiлiм мен тәрбие берудiң формалары мен әдiс-тәсiлдерi айқындалып, оларды iс жүзiне асыруда тежiрибелiк-эксперименттiк жұмыстың нәтижелерi шығарылып, ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар берiледi. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің бастапқы күйі анықталып, мүмкіндіктері ашып көрсетіледі; экологиялық іс-әрекет процесінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу бойынша жүргізілген тәжірибелік-педагогикалық жұмыстардың мазмұны мен нәтижелері баяндалады. Қорытындыда бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудiң теориялық және тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстардың нәтижелерiне негiзделген тұжырымдар мен ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар берiледi, зерттеу жұмыстары бойынша алынған тұжырымдар жасалады, осы салада әрі қарай зерттеулер жүргізудің мүмкін болатын бағыттары көрсетіледі.

1. Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру

Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Бастауыш сынып балаларының тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары жүргізіледі.

Экологиялық тәрбие жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның тармақтарымен тікелей байланысты. Ал классикалық экологиядағы негізгі түсініктер мыналар: а) жеке алынған ағзаның өзінің өмір сүру ортасына ие болған бір аймақтағы экожүйелердің қызметі; ә) өмір сүретін тірі ағзалардың қоғамдастығы және олардың өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болуы.

Бұл екі ұғым бастауыш сынып оқушыларының қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:

- табиғаттағы әр түрлі оқиғаларды бейнелейтін немесе табиғатты қорғау, көркейту іс-әрекетін білдіретін әңгімелер;

- мектеп алаңында (табиғаттағы еңбек) тіршілік объектілері үшін немесе оларды күтіп-баптауды жүзеге асыру, сондай-ақ, заттарды қайта өңдеу (кітаптарды және т. б. жөндеу) іс-әрекеті;

- табиғаттан алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс-әрекеттері негізінде бейнелеу өнерінің туындыларын жасау;

- табиғатпен тілдесу, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерімен еркін түрде байланыс жасау - бақылау, оларды зерттеу, күтіп-баптау іс-әрекеті, қолға үйрету мен белгілі-бір жағдайға бағындырып үйретуді қамтитын кешенді іс-әрекет;

- тәжірибе жасау - бақылау нәтижесндегі өз пікірін айтумен сабақтасып келген іс жүзіндегі танымдық іс-әрекет;

- сұрақтар, хабарламалар, әңгіме, сурет салу, хат жазу;

- табиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер жөнінді пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін айқындау;

- бақылау - өз бетінше дамытумен бірге табиғат туралы және табиғаттағы адамдардың іс-әрекеттері жөнінде мәліметтерді алуды қамтамасыз ету;

- табиғат жайлы мазмұндағы телехабарларды, суреттерді көріп тамашалау, шағын шығармалар оқу балалардың табиғат жөніндегі қалыптасқан түсініктерін айқындайтын және жаңа ықпал ететін іс-әрекет түрлері.

Баланың табиғаттан алған әсерін әңгімелеп, суреттеп беруі оның қиялына қанат бітіріп, табиғат жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын тигізеді. Табиғаттағы әдемілікті сезініп, қабылдау дағдысы өзінен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, оларды өз бетінше әрекет жасауын бақылау, оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауғы мүмкіндік береді. Мұндай іс-әрекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланысты руға болады.

Балалармен экологиялық бағыттағы іс-әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу ұстаздың кәсіби шеберлігін танып, экологиялық тәрбие жұмысы кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді игеруін қамтамасыз етеді. Сол себепті балалардың экологиялық тәрбиелілігінң деңгейін көтеруге олардың тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамытуда пайдалануға болатын мынадай әдіс түрлерін ұсынамыз.

«Тіршілік иелерінің өміріне қажетті түғызу және қолдау әдісі» балаларға экологиялық тәрбие берудегі басты әдіс түрі болып саналады. Ол балалардың тәжірибе жасау дағдыларын, икемділіктерін айқындауға бағытталған. Объектілерді бақылау - өсіп-өндірудің нәтижелері қалыптаса бастаған дағдыларды бағалауға бағыт береді және оларға сипаттама беруді қамтамасыз етеді. Экологиялық тәрбиеде жақсы нәтижеге жету - осы әдіс түрінің тәжірибе мен моделденген іс-әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында. Сондай-ақ, заттарды күтіп-баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға қатысу балаларға қажетті тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Бақылау - табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі, мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен, қоршаған ортамен тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады. Ұзақ мерзімді бақылаулаларды ұйымдастыру - өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру ортасымен өзара байланыста болу, балалардың сол ортаға деген бейімділігін танудың алғы шарты. Бақылау балаларға табиғат жөніндегі нақты түсініктерді меңгертіп, ойлау қабілетін, тілін дамытады. Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау арқылы бала көптеген жаңалықтарға тап болады. Ал жүйелі бақылау баланың жеке басының байқампаздығын аңғартады, осының әсерінен баланың дүниетанымы кеңейіп, қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарасы пайда болып, білуге деген ынтасы арта түседі.

2. Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиелеуде дүниетанымын, сана-сезімін қалыптастыру

Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат, қоғам - біртұтас ұғым. Адам, табиғат, қоғам арасындағы және олардың үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі тез дамиды. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының көру және есту сезім мүшелері арқылы қабылдауымен есте сақтау қабілеті жоғарғы дәрежеде болады.

«Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршілік мәні, мағынасы туралы көзқарастың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниетанымның көзі - білім. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтанады. Мектеп қабырғасында алған білімнің шындығы мен ғылымилығы практика жүзінде қолдану барысында айқындала түспек. Осы арқылы адам, заттар мен құбылыстар арасындағы қарым-қатынас пайда болады.

Қазақстан Республикасындағы экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясында ортаны қорғауда жергілікті (өлкетану), аймақтық, ұлттық және ғаламдық байланыстар мәселелерінің ашылып көрсетілуіне ерекше назар аударылған.

Экологиялық білім беру принциптері мектептердің практикасында төменгі міндеттерді шешу жолымен жүзеге асырылады:

  1. Адамның табиғатқа әсерінің оның заңдарына сәйкестігін анықтайтын ілімдер, негізгі ұғымдар мен фактілер туралы білімдерді меңгеру;
  2. Қоғам мен әрбір адамның материалдық және рухани күшінің көзі ретінде табиғаттың көпжақты бағалылығын түсіну:
  3. Қоршаған ортаның жағдайын бағалаудағы қолданбалы білімдер мен практикалық іскерліктерді меңгеру. Оның жағдайын жақсартуда дұрыс шешімдер қабылдай білу, өзінің іс-әрекетінің мүмкін болатын салдарын болжау және еңбек қызметінде табиғатқа теріс әсерлерді болдырмау:
  4. Табиғат пен қарым-қатынасқа деген қажеттілікті дамыту, дүниені тануды адамгершілік - эстетикалық сезімдермен бірлікте қарастыруға талпыну;

Бастауыш сынып оқушылары дүние, табиғаттың құбылыстарын, біздің еліміздегі, шет елдегі қоғамдық және саяси өмір туралы, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріндегі оның іс-әрекеті туралы ғылыми білімнің бастапқы негіздерін игереді. Оқыту және тәрбие барысында Отан, халық туралы, алдыңғы қатарлы адамдардың дүниежүзі халықтарының бейбітшілік және бақыты үшін күресу туралы оқушылардың түсінігі қалыптасады.

Ендеше, қорыта келе, балалардың дүниетанымын қалыптастырып, оларды тереңдетуге мұғалімнің іс-тәжірибесінің қызықтылығы, тартымдылығы, көп түрлілігі қажет-ақ.

Дүниетаным - ақиқатты рухани практикалық тұрғыдан игеру жүйесі. Соның ішінде білім мен сенім жиынтығы, адамдардың адамгершілік мұраттары мен әлеуметтік мінез-кұлқы реттегіштері, саяси бағдарлар, қоршаған ортаға деген психологиялық жэне эстетикалық көзқарас дүниені түсіну жэне дүниені өзгерту дүниетаным түсінігінен қуат алады. Дүниетаным - жеке адам және оның қоғамдағы орны, сана-сезімдік қалпы жайлы ұғымдардың жиынтығы, дүниенің біртұтастығын түсіну нәтижесі.

Жанды дүниенің өмір ырғағын жасап тұрған құдіретті нәрсе - ауа. «Ауа - өмір тынысы» дейді дана халқымыз. Тыныс алу тоқтаса, өмір де тоқтайды. «Асқар таудың ауасы - аурудың дауасы», «ауаны былғама, ол- алланың демі» деп, халық кең ауаны, таза самалды қасиет тұтқан. Ең қымбатты, қажетті нәрсені «ауадай қажет» деп, халық ауаны қымбаттың қымбаты деп бағалайды. «желдеткішті жаппа», «ауаны қылышпен кеспе» деп, ырым жасап, әулиенің әулиесіндей көреді. Ауаны тазарту үшн көгалдандыру, орман-тоғай өсіру, қорықтарды қорғау ісіне ел ерекше көңіл бөледі.

Қорытынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларына дүнетану пәнін оқыту барысында экологиялық тәрбие беру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу
Кіші мектеп оқушыларының экологиялық тәрбиесін оқытудың әдіс-тәсілдері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері туралы
«бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру»
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық іс-әрекетті бойына сіңіру
Бастауыш сынып оқушыларына оқу – тәрбие процесінде экологиялық тәрбие беру мәселелері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің жолдары
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы экологиялық білім берудің пәнаралық сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz