Кенелер және ауылшаруашылық зиянкестер тақырбын оқыту әдістемесі



Кіріспе 3
1 Биологияны оқыту әдістемесіне жалпы сипаттама 5
1.1 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері 5
1.2 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері 9
2 Жаңа инновациялық технологияларды биология пәнінде қолдану 11
2.1 Білім жүйесінде жаңа информациялық технологиялық құралдарды қолданудың маңызы. 11
2.2 Биологияны интерактивті оқыту. 15
3 Тәжірибелік бөлім 19
3.1 Кенелер және ауылшаруашылық зиянкестер тақырбын оқыту әдістемесі 19
3.2 7 сыныпта «Кенелер» тақырыбын оқыту әдістемесі 22
Қорытынды 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27
Қосымшалар 28
Тақырыптың өзектілігі: Биология жаратылысты зерттейтін ғылымдардың бірі. Жаратылыс дегеніміз – бізді айнала қоршаған материялық дүние. Сондықтан, биология жаратылыстану ғылымдарының қатарына жатады. Мен курстық жұмысымда «Биологияны оқытуда өзіндік жұмыстарды пайдалану ерекшеліктері» тақырыбы бойынша мектептегі биологияны оқытудағы өзіндік жұмыстардың маңызын ашуға тырыстым. Биологияны оқытудағы өзіндік жұмыстардың ролін зертедім.
Биология пәнінің мазмұны мен құрылымын және сабақ өткізуге тиісті материалдарды сараптап алуын тағайындаудан басқа, ең бір басты маңызды мәселелердің бірі оның әдістерін де орынды қолдана білу болып табылады.
Пәннен сабақ өткізу әдісін дұрыс таңдай, қолданбаған жағдайда әрбір ұстаз алдына қойған мақсатына жете алмайды.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу материалының мазмұнын сәйкестендіре отырып, оқыту әдісін дұрыс таңдағанда ғана сапалы білім беруді қамтамасыз етуге болады.
Оқыту әдісі дегеніміз – оқушы мен оқушының алдына қойған мақсатына жету үшін екі жақты іс-әрекеттері деп айтуға болады. Сондықтанда осындай іс-әрекетті дидактикалық принцип тұрғысынан қарайтын болсақ, білім беру мен тәрбиелеуді дамыту деп те айтуға болады.
Сонымен, оқыту әдісі дегеніміз – ұстаздың білім беру әдістері деп қарасақ, екінші жағынан оқушының білімді игеру, қабылдау кабілеттілігі немесе әдісі. Оқыту әдістерінің құрылымы сабақ өткізу тәсілдерінен тұрады. Тәсіл дегеніміз – оқыту әдісінің бір ғана элементі, оның жеке бір бөлігі.
Биологиядан сабақ беру практикасында оның көптеген әдістері бар екендігін байқауға болады. Оларды кейбір белгілеріне қарай отырып, былай топтастыруға болады.
Жұмыстың мақсаты: Жалпы білім беретін мекептерде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді және оларды еңбекке даярлауды одан әрі жетілдіру және зоология сабақтарында кенелер жіне ауыл шаруашылығы зиянкестері тақырыбын оқудың көп жалпы тәжірибесі барысында, оған деген оқушылардың қызығушылығы артып, білікті білімдері қалыптасады.
Жұмыстың міндеттері:
- биологияда оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру;
- биологияда оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру түрлері;
-биология пәнін оқытуда жаңа ақпаратық технологияларды қолдану;
-жаңа ақпараттық технологияларды өткізу әдісін өткізу;
- жаңа технология бойынша кене тақырыбын өту методикасы;
Зерттеу обектісі. Мектеп биология пәндерін оқыту барысында оқушыларға кене және ауыл шаруашылығы зиянкестері туралы методикалық білім қалыптастыру. Оқушылардың білімін көтеру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізу.
1. Р.Әлімқұлова. «Жалпы биологиядан кейбір тақырыптарынан методикалық талдау, өңдеу». Алматы, 1969.
2. «Әдістемелік жаршы». 2008 - №1.
3. «Биология және химия» журналы. 2006, №1-2.
4. «Қазақстан мектебі» журналы. 2088, №1.
5. «Биология в школе» журналы. 2006, №5, 2007 №1, 2010 №3.
6. Биология және химия, география журналы. 2008, 2010.
7. Интернет жүйесі: http://www.yandex.ru
8. Интернет жүйесі: http://www.wiki.kz
9. Интернет жүйесі: http://www.google.k
10. Булашбаева А. Жаңа технологиялар әдістері. Биология және салауаттық негізі. 2006. №6, 39-40 б
11. Бозбаева Г. Әдіс тәсілдерінің тиімділігі. Биология және салауаттылық негіз. 2006. №5, 48 - 51 б.
12. Булашбаева А. Жаңа технологиялар әдістері. Биология және салауаттылық негіз. 2006. №6, 39 - 40 б.
13. Исманбетова М. Модульді оқыту. Биология және салауаттылық негіздер. 2006. №3, 30 – 34 б.
14. Кеңесбаев С.М. Жоғарғы педагогикалық білім беруге болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттың технолгияны пайдасына білуге даярлаудың педагогикалық негіздері. Автореферат канд. дисс., Түркістан 2006.
15. Г. Жүнісқызы. Биология оқыту әдістемесі. Биология және салауаттылық негіз. 2003. №4, 9 – 17 б.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Кенелер және ауылшаруашылық зиянкестер тақырбын оқыту әдістемес
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Биологияны оқыту әдістемесіне жалпы сипаттама 5
1.1 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері 5
1.2 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері 9
2 Жаңа инновациялық технологияларды биология пәнінде қолдану 11
2.1 Білім жүйесінде жаңа информациялық технологиялық құралдарды қолданудың маңызы. 11
2.2 Биологияны интерактивті оқыту. 15
3 Тәжірибелік бөлім 19
3.1 Кенелер және ауылшаруашылық зиянкестер тақырбын оқыту әдістемесі 19
3.2 7 сыныпта Кенелер тақырыбын оқыту әдістемесі 22
Қорытынды 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27
Қосымшалар 28

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Биология жаратылысты зерттейтін ғылымдардың бірі. Жаратылыс дегеніміз - бізді айнала қоршаған материялық дүние. Сондықтан, биология жаратылыстану ғылымдарының қатарына жатады. Мен курстық жұмысымда Биологияны оқытуда өзіндік жұмыстарды пайдалану ерекшеліктері тақырыбы бойынша мектептегі биологияны оқытудағы өзіндік жұмыстардың маңызын ашуға тырыстым. Биологияны оқытудағы өзіндік жұмыстардың ролін зертедім.
Биология пәнінің мазмұны мен құрылымын және сабақ өткізуге тиісті материалдарды сараптап алуын тағайындаудан басқа, ең бір басты маңызды мәселелердің бірі оның әдістерін де орынды қолдана білу болып табылады.
Пәннен сабақ өткізу әдісін дұрыс таңдай, қолданбаған жағдайда әрбір ұстаз алдына қойған мақсатына жете алмайды.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу материалының мазмұнын сәйкестендіре отырып, оқыту әдісін дұрыс таңдағанда ғана сапалы білім беруді қамтамасыз етуге болады.
Оқыту әдісі дегеніміз - оқушы мен оқушының алдына қойған мақсатына жету үшін екі жақты іс-әрекеттері деп айтуға болады. Сондықтанда осындай іс-әрекетті дидактикалық принцип тұрғысынан қарайтын болсақ, білім беру мен тәрбиелеуді дамыту деп те айтуға болады.
Сонымен, оқыту әдісі дегеніміз - ұстаздың білім беру әдістері деп қарасақ, екінші жағынан оқушының білімді игеру, қабылдау кабілеттілігі немесе әдісі. Оқыту әдістерінің құрылымы сабақ өткізу тәсілдерінен тұрады. Тәсіл дегеніміз - оқыту әдісінің бір ғана элементі, оның жеке бір бөлігі.
Биологиядан сабақ беру практикасында оның көптеген әдістері бар екендігін байқауға болады. Оларды кейбір белгілеріне қарай отырып, былай топтастыруға болады.
Жұмыстың мақсаты: Жалпы білім беретін мекептерде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді және оларды еңбекке даярлауды одан әрі жетілдіру және зоология сабақтарында кенелер жіне ауыл шаруашылығы зиянкестері тақырыбын оқудың көп жалпы тәжірибесі барысында, оған деген оқушылардың қызығушылығы артып, білікті білімдері қалыптасады.
Жұмыстың міндеттері:
- биологияда оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру;
- биологияда оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру түрлері;
-биология пәнін оқытуда жаңа ақпаратық технологияларды қолдану;
-жаңа ақпараттық технологияларды өткізу әдісін өткізу;
- жаңа технология бойынша кене тақырыбын өту методикасы;
Зерттеу обектісі. Мектеп биология пәндерін оқыту барысында оқушыларға кене және ауыл шаруашылығы зиянкестері туралы методикалық білім қалыптастыру. Оқушылардың білімін көтеру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізу.
Күтілетін нәтиже. Орта мектепте биология сабақтарында кенелер жіне ауыл шаруашылығы зиянкестері тақырыбын өткізгенде сабақта көрнекі құралдар жүйелі қолданылып, оқушылардың жас ерекшелігіне, материал мазмұнына сәйкес іріктелініп алынса, олардың байқампаздығы, пәнге деген қызығушылығы, абстрактылы ойлауы дамиды.
Зерттеу болжамы - егер, оқушыларға кенелер және ауыл шаруашылығы тақырыбын оқыту келесі реттегі бағыттармен жүзеге асырылса, нәтижелі болады:
- білім беру үрдісінде жаңа инновациялық технологиялар арқылы сабақтарды жиі өткізетін болса;
- сабақ өткізген кезде үнемі көрнекі құралдарды пайдалану ескерілсе;
- білім беру барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары жүзеге асырылса.
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиттермен, жаңашыл педагогтардың тәжірбиелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, әдістерін қолдану, өзіндік жұмыстарының түрлерін ұсынып нәтижесін көрсету. т.б.
Зерттеу нысаны: орта мектептердегі биология курсын оқыту процесi.
Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Курстық жұмыс кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.

1 Биологияны оқыту әдістемесіне жалпы сипаттама

1.1 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері

Жалпы білім беретін мектептегі биологиялық білім мазмұнын, оны оқыту әдістерін түбегейлі жаңартудың қажеттігі көп жылдар бойы қалылтасқан ескі әдіснамалық ұстанымдарра негізделіп жасалған пәннің дәстүрлі әдістемесінің қоғам дамуындағы жаңа бағытта даму үрдісінен шыға алмай дағдарысқа түсуінен туындап отыр.
Қазіргі мектептегі биология курсы XX ғасырда биология ғылымдарында болған, танымдық, білімдік және тәрбиелік жағынан аса маңызды деген өзгерістерді жеткілікті дәрежеде игермеген.
Тіршіліктің жасушаның - ағзалық деңгейі бүкіл оқу материалының 90% астамын алады: ал популяциялық - түрлік, биосфералық биогеоценотикалық деңгейлер қажетті көлемде және тереңірек қарастырылмайды, себептілік, тарихилық, жүйелілік, полицентриуі т.б. сияқты білімді дүниетанымдық көзқарас жүйесіне жалғастырып енгізетін биологиялық таным әдістері арнайы оқытылмайды: ғылыми болжам жасау, оны тексеріп байқау әдістері туралы айтылмайды.
VІ-VІІІ сыныптардағы өсімдіктану жануартану пәндерінде тірі ағзалар топтарының жекелеген өкілдерінің аттарын атап, сыртқы, ішкі құрылысын тәптіштеп сипаттауға, жіктеп топтастыруға өте көп көңіл бөлінеді де, экология, диалектикалық көзқарас қалыптастыру мәселелеріне жете мән берілмейді.
IX сыныптағы тәнтану пәнінде адам омыртқалы жануарлардың тіршілік үрдістерін зерделеудің моделі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік мәні, дүниенің ғылыми бейнесіндегі орны, өмір сүру мақсаты, құндылығы, салауатты өмір, т.б. қазіргі заманғы адамтанудың аса маңызды мәселелері мектептегі бүкіл білім мазмұнынан тыс қалған.
Мектептегі биологиялық білім мазмұнының ізгіліктендіру ұстанымын жүзеге асыратындай, оқушыларда тіршіліктің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастыратындай, экологиялық сауаттылығын арттырып, мәдениеттілікке тәрбиелейтіндей ойлауын дамытуымыз керек[1;26].
Қазіргі заманда ғылыми білімнің қуатты кіріктіру кезеңі жүріп жатыр. Мектепте білім мазмұнын пәндерге жіктеп оқыту басымдылығы берік сақталған. Орта, жоғарғы сыныптарда пәндік оқытуға мән берілуі қажет, онсыз оқушыларға қазіргі заманғы ғылым негіздерінен тиянақты білім беру мүмкін емес. Пәндік оқытудың гипертрофиясы биологияның басқа пәндермен байланысын былай қойғанда, өз ішіндегі салалық бөлімдері арасындағы байланыстың үзілуіне әкеп соқтырған. Мысалы: тіршіліктану курсы бір-бірімен байланысы аз цитология, эволюциялық ілім, экология және генетика сияқты, тіпті әрқайсысы өз ғылыми пәнін де қажетті деңгейде бейнелей алмайтын жеке-жеке бөлімдерден тұрады.

Тіршілік жүйесінде жүретін физикалық-химиялық заңдылықтардың негізін түсінуге көмектесетіндей алдын-ала дайындау пәндер оқытылмайды. Мысалы, диффузия, адсорбция, сәуле-жарық, ионды алмасу, қысым, т.б. туралы қарапайым мәліметтері жоқ. V-VІІІ сынып оқушылары өсімдік, жануар, адам ағзасында жүретін тіршілік үрдістері туралы (қоректену, тыныс алу, көбею, өсу, даму, қозғалу т.б.) материалдарды жаттанды оқуға мәжбүр болады. Мектептегі басқа пәндер сияқты биологиядан да оқушыларға көп жағдайда, дайын білім ұсынылады. Оқыту әдістері оларды өздігінен жаңа ақпараттарды іздестіруге, оқу тапсырмаларын өздігінен шешуге талпындырмайды, яғни оқыту әдістемесі, догмалық ойлау типі басым, дайын нұсқауларды бұлжытпай орындаушылар тәрбиелеуге бағдарланып құрылған. Еліміз тәуелсіз даму жолына түсіп отырған жағдайда оқушылардың өз еліне, туған табиғатқа, жеріне терең, аялы сезімін оятып, патриоттық рухта тәрбиелейтіндей, эстетикалық талғамын қалыптастыратындай материалдар, ұлттық мәдениетіміздің элементтері биология пәні мазмұнында жеткіліксіз.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына орай жалпы білім беретін мектептің құрылымы, әр сатысының оқу-тәрбиедегі қызметі өзгереді. Ал, қазіргі мектепте оқытылып жүрген биология пәні әдістемесінің негізгі құрамдас бөліктері (мақсаты, мазмұны, әдістері, оқу жұмысын ұйымдастыру түрлері, құралдары) түбегейлі өзгеріске түскен жоқ, ескі базисте сақталып отыр. "Жаңа" деп жасалған оқулықтары ("Өсімдіктану, Жануартану, Тіршіліктану, Тәнтану) ескі базиске құрылғандықтан аталған кемшіліктерден арылмаған. Оның үстіне республикадағы көп мектептер бұрынғы Одақта жасалған ескі оқулықтар пайдалануда. Осының бәрі жалпы білім беретін мектептегі биология пәні әдістемесін түбегейлі жаңартып, қайта құру қажеттігін көрсетеді [2;589].
Биологиядан жалпы білім берудің мақсаты, мазмұны, құрылымы, ең алдымен қоғамның әлеуметтік сұранысына, қазіргі заманғы биология ғылымының жүйесі мен әдіснамасының ұсыныстарына және орта буын сыныптары оқушыларының жас ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндігіне сай анықталады.
Мектептің негізгі сатысында биологиядан білім берудің негізгі мақсаты -тіршілікті ең жоғары құндылық деп түсінетін, экологиялық және эволюциялық ойлау стилі қалыптасқан, экологиялық мәдениеті, дүниенің ғылым бейнесіндегі тірі табиғаттың, тіршіліктің орны мен мәнін сауатты бағдарлайтын, биологияның ғылыми танымдық әдіс, тәсілдерін, іргелі ұғымдар жүйесін қажетті деңгейде меңгерген және биологиялық білімін экожүйелер мен тірі ағзалардың көптүрлілігін сақтап, қорғауға, өндірістік енбек үрдістерін экологияландыруға, салауатты өмір сүруге тиімді қолдану біліктері бар, биологиялық сауатты тұлға дайын болуы керек.
Бұл мақсат мынадай міндеттер жүктейді:
- Оқушылардың ғылыми дүние танымын, тірі жүйелерге, адамға ең жоғары құндылық, мінсіз әсемдік ретіндегі қарым-қатынасын қалыптастырып, биологияны мәдениет құбылысы деп танып, қабылдауын қамтамасыз ету;
- тіршіліктің, адамның дүниесінің ғылыми бейнесіндегі орны мен ролін түсініп, меңгеруіне жағдай жасау;
- биологияның негізгі идеяларын ұстанымдарын, идея мен деректің өзара байланысын, теориялар мен тұжырымдамалардың қалыптасуы мен дамуын, алмасуын саналы меңгерту;
- тірі жүйелер туралы білімді практикада қолдану біліктерін қалыптастыру;
- биологиямен байланысты мәдениет салаларына қажетті негізгі әрекет түрлері туралы түсінік, білік, дағдыларды меңгерту;
- биологиямен байланыеты мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу.
Биологияны оқыту мақсаты педагогикалық психологияда анықталғандай, орта буындағы сынып оқушысында теориялық ойлаудың даму мүмкіндігінің жоғары болуы жаңа білім мазмұны негізін дамыта отырып, оқыту идеясын игеру қажеттігін көрсетеді. Бұл идеяның негізгі ұстанымдарының бірі - білімнің теориялық деңгейін көтеру екені белгілі. Мектептің негізгі сатысында жалпы биологиялық білімнің аяқталған сипаты болуы қажеттігіне орай, білімнің теориялық деңгейін көтеру бұрын Х-ХІ сыныптарда оқытылатын биологияның іргелі теориялары мен тұжырымдамалары (жасуша, хромосома, онтогенез, эволюция т.б.) туралы ақпараттарды осы сатыға түсіру арңылы жүзеге асырылады. Мұнда оқушылардың таным мүмкіндігі ескеріледі; ең алдымен, ХV-Х сыныптардағы бұрынғы өсімдік, жануар, адам туралы бір-бірімен байланыссыз, индуктивті сипатта, эмперикалық деңгейде оқытылатын материалдардағы ұсақтүйек, білімдік, дүниетанымдық жағынан онша мәні жоқ мағлұматтар қысқартылып, қалғаны жүйеленеді, жалпы биологиялық заңдылықтарды ашатын теориялар мен тұжырымдамалар ықшамдалып жеңілдетіледі (тұқым қуалаудың химиялық негіздері, жасуша деңгейіндегі зат және энергия алмасуының физикалық-химиялық аспектілері т.б.) және басқа материалдармен кірістіріледі. Мұның өзі мектепте оқытылатын биологиянм сәйкес ғылымның моделі ретінде қарастырып, жүйелілік, полицентризм, себептілік, тарихилық ұстанымдары тұрғысынан бір-тұтас курс түрінде құруға және оның мазмұнында тіршіліктің үш деңгейі туралы білімді қамтуға мүмкіндік береді тіршіліктің біртұтастығын, дүниенің бейнесіндегі орнын, биологиялық үрдістер мен құбылыстардың мәнін саналы түсінуге аса қажетті жалпы биологиялың заңдылықтармен оқушыларды ертерек таныстырып, мектептің негізгі сатысының өзінде-ақ олардың жалпы білімділік дайындығының толық болуын қамтамасыз етеді [3;89].
Мұндағы әдіснамалық ұстанымдардың ролі білім мазмұнын, құрылымын, құрамын, оқыту әдістерін анықтауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар олардың өзі білім мазмұнының құрамдас бөлігі бола отырып, биологиялық білімді дүниетанымдық жүйемен ұштастырады. Соның нәтижесінде "Оқушылардың тірі табиғатқа деген ғылыми көзқарасын қалыптастыру" талабы (мақсат) тек сөз жүзінде қалмай, мазмұны арқылы жүзеге асырылады.
Бұл орта буын кезеңіндегі (11 -- 15 жастағы) оқушыда жетекші орынға шығатын құндылық бағдарлы әрекеттің қалыптасуына елеулі ықпал етіп, соның негізінде өмірдің мәнін іздестіру, дүниеге көзқарасын, адамгершілік сезімін, мұрағият ұстанымын, эстетикалық талғамын айқындау бағытындағы талпынысы мен мүддесіне сай келеді. Дамыта отырып оқыту идеясы мектеп биологиясының әдістемесінде тірі табиғаттың біртұтастығы, онымен әрекеттік қарымқатынасын, оқушы тұлғасы дамуының ерекшелігі мен оқу пәні қисынының бірлікте қарастырылуы, биологиялық білімінің жалпы мәдениеттегі орнын анықтайтын ізгіліктендіру идеялары арқылы нақтыланып, биологиялық білім мазмұны құрылымы, құрамы, оны оқыту әдістері осы идеяларға негізделеді.
Оқытудың мақсаты мен білім мазмұнының негізіне алынған дамыта оқыту идеясына, оның ұстанымдарына сәйкес білім мазмұнының төмендегідей құрылымы анықталады:
- Тірі табиғат туралы білім.
Бұл тірі табиғаттың ғылыми бейнесін көрсететін қазіргі заманғы биологиялық ғыльми білім жүйесін және осыны толықтырып, оған әлеуметтік-мәдени фон беретін тірі табиғаттың көркем моделі мен ол туралы әр түрлі мифтік, діни мағлұматтарды қамтиды.
Тірі табиғаттың ғылыми бейнесіне
а) биологиялық обьектілер мен құбылыстар (өсімдік, жануар, адам тіршілігі) туралы түсініктер;
б) түрлі обьектілердің, оларда жүретін үрдістердің және тіршілік қызметінің (қасиеттері, құрылымы, қарым-қатынастық байланыстары, т.б.) басты сипаттамалары;
в) биологиялық, теориялар, т.б, туралы білім кіреді.
Оқушылар меңгеруі тиіс әрекет түрлері туралы білім. Бұған ғылыми-зерттеу, көркем қабылдау, құрастыру, технологиялы практикалық сипаттары және тірі табиғатқа қатынасты, оның мәдениеттегі орнын түсініп бағалауға арналған адамгершілік сипаттағы оқу тапсырмаларын шешуге бағытталған әрекет түрлері жатады.
- Білімді меңгерудің әдіс-тәсілдері туралы білім.
Бұл білім туралы (эмпирикалық, теориялық, практикалық, білік, дағдылар) және оны меңгерту тәсілдері туралы (логикалық: талдау, синтез, жалпылау, салыстыру ғылыми, бақылау, тәжірибе, эксперимент, модельдеу т.б) білімді қамтиды.
Білім берудің мақсатына орай, оқушының жасына байланысты таным ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың бәрінің білім алуына тең мүмкіндік берілуі қажет дейтін дидактикалық ұстанымға сүйенгенде, сонымен қатар біздің мектептерімізде берілетін биологиялық білім деңгейінің алдыңғы қатарлы елдерден төмен болмауын көздегенде, ең алдымен, әр оқушыға мектеп ұстанатын оңу материалының базалық (өзгеріссіз) денгейі, яғни базалық білім мазмұны анықталуы тиіс. Бұл деңгей қандай типті екеніне қарамастан мектептің негізгі сатыда әр оқу үшін ұсынатын білім мазмұнын толық ашады және оқу бағдарламалары осы мазмұнға құрылады [5;123].
Біздің пікірінше, биология мазмұнының салалық бағыттары бойынша алғанда базалық білім мазмұнына мынадай мәселелер кіреді. Биология пәні, құрылымы, әдістері, ғылымының даму кезеңдері. Тіршілік, оның қасиеттері, үрдістері тірі ағзалардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы. Биологиялық обьектілермен, құралдармен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелері.

1.2 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері

Оқушылардың даралық ерекшеліктеріне қарай білім мазмұнын көп деңгейлі етіп құруға ерекше маңыз беріледі. Мұны оқу бағдарламасында екі деңгейлі, оқушының білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар түрінде көрсетуге болады:
1. Мүмкіндік деңгейлер - базалық білім мазмұны ауқымында анықталады;
2. Міндетті деңгей - оқушы меңгеруі тиіс білім, білік дағдының ең аз мөлшерін көрсетеді.
Бұл талаптарды оқушылар "Үрдісті немесе құбылысты ашып түсіндір", "салыстыр", білімді пайдалан, "қорытынды жаса", "негіздеме бер", тәжірибе қой, жаса", "обектіні анықта" т.б, сияқты алуан түрлі оқу әрекеті әдіс-тәсілдерін қолдана отырып орындайды. Соның нәтижесінде, оқушы оқу әрекетінің әдіс-тәсілдерін меңгереді. Әрі солар арқылы оның белсенділігі артады және саналы, берік биологиялық білім алады.
Биологияны нәтижелі оқытуда оқушылардың білімін бақылап, бағалаудың белгілі бір жүйесі, әдістері елеулі ролі бар екенін атап көрсету керек.
Қазіргі мектепте басым қолданылып жүрген бес балдық бағалау жүйесі бүгінгі күнгі дамыта отырып оқыту идеясы талаптарына сай келмейді. Жүйе негізінен, оқушыларды "нашар", "жақсы" оқитындар деп жіктеуге көбірек баға жинақтап, соның орташа көрсеткішімен қорытынды жасауға бағытталған, оқу материалынан барлық оқушылардың алған білім, білік дағдыларының обьективтілігіне кепілдік бере алмайды: дамытушылық, тәрбиелік, диагностикалық қызметі жоқтың қасы: бағалау мұғалімнің пікірімен ғана жүргізіледі, оқушылар қатыспайды. Мұғалім қойған "қорытынды" бағаның дұрыстығына, әділдігіне оқушының, ата-ананың сенімі көп жағдайда болмайды.
Қазіргі кезеңде, кейбір мектеп тәжірибесінде оқушы білімін бақылап, бағалаудың әр түрлі әдіс-тәсілдері, жолдары қолданылып жүр. Солардың ішінен жаңа деп бір-бірімен байланысты жүргізілетін тест-тапсырманы айтуға болады [6;58].
Теет-тапсырма сыныптағы бүкіл оңушылар білімін тұтас пән немесе үлкен тақырыптар, көлемі шағын материалдар бойынша бір мезгілде түгел бақылап, бағалауға мүмкіндік береді, бұған уақыт көп кетпейді. Бағалаудың бұл түрі туралы:
1. оқушы дұрыс жауапты кездейсоқ табуы мүмкін
2. мазмұндағы мәселелерді түгел қамти алмайды
3. оқушы өз ойын, пікір қисынды тұрғыдан талдап, дәлелдеп толық айта алмайды деген сын-пікірлер бар.
Мұндай тестерді, негізінен, күнделікті бақылау-бағалау жұмыстарында кең қолдануға болады. Мұнда да дұрыс жауапты оқушы әрі ойланбай, кездейсоқ оғай таба алады деуге болмайды және әр жауапты ойлана отырып, ой елегінен өткізетін болады. Тапсырма шарты - жауапты дұрыс табу. Оқушылар білімінің міндетті деңгейдегі талаптардан төмен еместігін анықтауға берілетін тест-тапсырмалар осы деңгейде білім, білік, дағдыларды толық қамтитындай етіп құрылады және білімнің тұрақтылық ролін атқара алады, бағдарламада осындай тест-тапсырмалардың үлгілерін берген жөн.
Оқушы білімін күнделікті тексеріп-бағалауға, әрине оның өз ой-пікірін білдіріп, талдап дәлелдеуіне мүмкіндік беретін еркін жауаптарын, тәжірибе қою, нәтижесін баяндау, бақылау қорытындысынан есеп беру т.б. пайдаланылады.
Мектептегі биологиялық білімнің мазмұнын, құрылымын, құрамын оқыту әдістерін мүндай бағыттарда жаңарту, оның құралдарын қайта қарап, жетілдіруді талап етеді. Ең алдымен оқу әдістемелік құралдар қажет. Біздің ойымызша негізгі сатыдағы биологияның оқу-әдістемелік құралдарына шамамен мыналар кіруі тиіс:
1. Биологиядан мектепте білім берудің тұжырымдамасы жаңа мазмұнның, оны оқыту әдістемесінің дидактикалық әдістемелік негіздерін, бүкіл идеологиясын түсініп, оқулық жасауда мұғалімге сабақты дұрыс бағытта жоспарлай тиімді өткізуге көмектеседі.
2. Оқу бағдарламасы (6-9 сыныптар)
3. Оқулық (6-9 сыныптар)
4. Қосымша оқу құралдары (хрестоматиялық, анықтамалық т.б.)
5. Таратылып берілетін дидактикалық материалдар (оқу тапсырмалары, суреттер т.б.)
6. Көрсетілімдік дидактикалық көрнекі құралдар кестелер, суреттер т.б,)
7. Альбомдар (өсімдік, жануар, адам, әр түрлі экожүйелер
8. Фонокүйтабақтар, магниттаспалар жануарлар әлеміндегі дыбыстар
9. Видеофильмдер.
10.Әдістемелік нұсқаулар.
11.Мұғалімдерге арналған хреетоматиялық материалдар
12.Биологияның әр бөлім, ірі тақырыптары бойынша фабрикада дайындалған табиғи обьектілер (тұлыптар, кеппешөптер жинақтамалары, қанқалар т.б.) нақнұсқалар т.б [7;58].

2 Жаңа инновациялық технологияларды биология пәнінде қолдану

2.1 Білім жүйесінде жаңа информациялық технологиялық құралдарды қолданудың маңызы.

Жаңа технологияларды биология сабатарында қолдану оқушы мен оқушы қызметінің қарқындауына мүмкіндік береді; пәнді оқыту саласын арттырады; билогиялық объектілердің өмірлік сиклн бинелеуді, зерттелетін объектілер мен табиғи құбылыстардың ең маңызы сипаттамаларын береді.
Биология сабақтарында мультимедияны пайдаланудың әдістемелік тәсілдері.
Мультимедиялық технолгогиялардың дәстүрлі құралдардан артықшылығы басым: материалды көрнекі түрде бейнелеу, білімді эффект (әсерлі) тексерудің мүмкіндігі, оқушылардың жұмысындағы ұйымдастырылған формаларының көп түрлілігі мен оқытушының әдістемелік тәсілдерді пайдалануы. Көптеген билогиялық процестер күрделілігі мен еркешеленеді. Балалар бейнелік ойлау арқылы обстрактілі қорытынды жасайды, суретсіз өтіп жатқан процесті түсінбейді, құбылысты зерттей алмайды.
Мультимедиялық анимациялық модельдер оқушыға билогиялық процестің өтілу барысын зерделеуге мүмкіндік береді. Интерактивті модульдер өз бетінше процесті құрастыруын, өзінің қатерін өзі жөндеуіне өз бетінше оқуына жол ашады.
Қазіргі таңда қоғам оқушыға оқушылардың жеке маңызды сапасын орттырып, білім жете меңгеруіне таспсырма береді. Білімнің гуманизациялану оқушының әр түрлі жеке қасиеттеріне бағаны қарым-қатынасты көздейді. Білім мақсат ретінде емес, тұлғаны дамудың құралы болып табылады. Бұған жол ашатын ең басты информациялық компьютерлік (ИКТ) технологиялары болып табылады.
Білім жүйесінің ақпараттандырулуы - Қазақстандық білімді модернизациялауға бағытталған приоритетті бағыттардың бірі. Білімді ақпараттандыруды процестер мен бағдарламалық - техникалық құралдардың, информациялардың оқыту процесінде қолданылуы мен өңдеу, тарату, сақтау, жинақтау әдістерінің жүйесі ретінде қарастырылады.
Ақпараттандыру мына төмендегілерді қамтиды:
oo компьютерлендіру-информацияларды іздеу және өңдеу әдістерінің жүзеге асырулу процесі, дамуы.
oo Интелектуалдау-білім мен адамдардың информацияларды қабылдауы мен жасауының даму процесі.
oo Медиатизациялау-информацияларды жинау, сақтау, тарату әдістерін жүзеге асыру процесі.
2. Биология сабағында мультимедияны қолдану әдістемелік нұсқаулары.
Келесі методикалық нұсқауларды қолдануға болад:
1. Мұғалімнің мультимедияны қолдануы; дауысын өндіріп, оқушыдан процесті түсіндіруін сұрау, кадрды тоқтатып, процестің ары қарай жүруін жалғастыруды сұрау, процесті түсіндіруін сұрау.
2. Компьютерді оқушының пайдалануы: текстік материалды зерттеген кезінде: таблицаны толтыруға, қысқа конспект жасауына, сұраққа жауап табуға болады.
3. Білімді тексеру: өзін-өзі тест арқылы тексеру.
4. Оқушылардың мультимедиялық презинтациямен сөйлеуі сөздік қорын, ойлауын жадын, даматып, ең басты нәрсені бөліп алып нақтылауға үйретіп, логикалық байланыс орнатады.
Пәнді оқытудағы ақпараттандырудың кезеңдері.
1. Компьютерді жазатын машина ретінде қолдану, оның көмегімен қарапайым дидактикалық материалдар мен сабақ жоспарларын жасау. т.б.
2. Электронда оқулықтар мен білім беру ресурстарын электронды тасымалдағыштарда олардың иллюстрациялық мүмкіндіктерімен көрнекілік құралдар ретінде пайдалану.
3. Бағдарламалық ресурстарды Microsoft power Point, Microsofr Publisher, Adobe Phofa shop бағдарламаларының көмегімен өзіндік оқу құралдарын жасау үшін пайдалану
4. Оқу жобаларын жасау, оқушылардың сабақтан тыс іскерлігін, оқу зерттеу, жұмыстары басшылыққа алу, дистанциялық (қашықтық) олимпиядалар мен конферецияларға қатысу.
5. Жүйесін іздеу өткен барлық кезеңдерді қамтитын бағалы, толық летодикалық жүйені жасау.
Қазіргі таңда арнайы сақтары бар дайын дискілерді қолдауда, сабақтарды түсінікті және көрнекті ететін өзіндік презентациялар жасвауды үйрендік. Енді, мектептерге жаңа техникалық құралдар келді. Олардың ішінде интерактивті тақта, планшет және тағы да басқалар.
Біздің міндетіміз- бұл техникалық құралдарға сабақ жүйесінде орын табу[9;79].
Интерактивті тақтаның көмегімен презентацияларды жариялауға, модельдер жасауға, оқушыларды материалды меңгеру процесінде белсенді түрде қызықтыруға, сабақ барысының өтілуі мен қорнының жақсартуға болады. Интерактивті тақта ресурстардың кең спектілерін қолдануға жол ашады: текстік редакторлар, СД және ДVД, интернет бейнелер, видио-файлдар, дыбыстық файылдар.
Компьютерде бар нәрсенің барлығы интерактивті тақтада көрсетіледі. Тақтада объектілер мен жазулардың орнын ауыстырруға, текстерге түсініктемелер қосуға, суреттер мен диограммаларға өзгерістер енгізуге, негізгі аумақтарын бөліп алып, яғни керекті жерлерді кесіп алып, түстер қосуға болады.
Текстер суреттер немесе графиктерді жасырып, лекцияның түсінндірме сәттерінде көрсетуге болады..
Интерактивті тақтамен жұмыс оқытушыларға оқушылардың білімін тексеруге, оқушыларды. Пікірталасқа қызықтыруға, жұмыс топпен ұйымдастыруға мол мүмкіндік береді.
Интерактивті тақтамен жұмыс материалдардың шығармашылық пайдалануын қамтиды. Қажетті файлдар немесе беттерді алдын-ала даярлап, оларды оқу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология пәнін оқыту әдістемесі
Кенелер және ауылшаруашылық зиянкестер
Паразитті кенелер түрлерінің сипаттамасы
Арамшөптермен күрес шаралары
Көкөніс және бақша дақылдарының зиянкестері жайлы
Картоп көкеніс дақылдарының зиянкестері
Күздік көбелектердің құрылысы
Өсімдіктің зиянкестері
Жүзім шоғы жапырақ ширатқышы
Өсімдіктің зиянкеске төзімділігі
Пәндер