Биологияны оқыту әдістемесінің пәні


- ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ
Лекция №1.
1-лекция
Биологияны оқыту әдістемесінің пәні
Жоспары:
1. Биологияны оқыту әдістемесінің пәні және оның басқа ғылымдармен байланысы.
2. Биологияны оқыту әдістемесінің міндеттері.
Лекция мақсаты:
Биологияны оқыту әдістемесінің пәні және оның басқа ғылымдармен байланысын зерттеу.
Лекцияның мәтіні :
Биологияны оқыту әдісі педагогикалық ғылымдар саласына жатады, сондықтан пәннің құрылымы оқытудың жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сай түзіледі.
Биологияны оқыту әдісі мектеп биология пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және төрбиелеу процестерінің жүйесі туралы ғылым. Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің биология пәндерін тәрбиелеп оқыту процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Биологияны оқыту едісі, биологиялык мазмұнды, оқыту ерекшеліктерін ескре отырып, мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі.
Мұғалімнің оқу материалын оқушылардың саналы түрде меңгеруін, оны өмірде қолдана білу дағдыларына үйрету жолдарының тиімді өдістерін үйретеді. Қысқаша айтқанда методика-оқу пәнініц мазмұнын және оқыту формалары мен тәрбиелеу жолдарын қарастырады. Методиканың аталган бөлімдері бірін-бірі толықтырады және тығыз байланыста, бірлікте болады. Оқыту жүмыстарының қүралдарымен жабдықтарында анықтайтын осы методика. Қорыта айтқаида, методика дегеніміз биологияны қалай окыту керек, иені үйретіп қалай төрбиелеу керек, биологияны не үшін оқу керек? - деген сүрақтарға жауап береді.
Биология - оку пәні ретінде - оқыту әдістерінің озіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда нақты объектілер (есімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылысгары мен дамуын оқытады. Бүл ерекшеліктер оқыту жүмыстарын үйымдастырудың ерекше формаларын қолдануды талап етеді (топсеруендер, оқушылардың өз бетінше, сабақтан тыс және үй жүмыстарын, сыныптан тыс орындалатын жүмыстар т. б. ) . Сонымен бірге оқыту әдістері-практикалык жүмыстар, лабораториялық жүмыстар, эксперименттep, тәжірибелер, арнайы көрнекіліктер қолдану аркылы жүргізіледі.
Биология пәнінің мазмұны жөне оның озіндік ерекшеліктері, окытудың әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді оның төрбиелік мүмкіндіктерінде аныктайды.
Тірі ағзалардың иақты фактілерін, табигат құбылыстарының бір-бірімен байланысын, тірі табиғаттың даму эволюциясының заңдылыктарын оқып-білу оқушылардьщ ғылыми, диалектикалық-материалистік козқарастарын қалыптастырады.
Биологиялык білім қоршаған табиғи ортаның маңызын, табигатты қорғау қажеттілігімен қалпына келтіру шараларын, қоғамдық және жеке еңбектің ги-гиенасының маңызын түсінуге, оқушыларды өмірге бейімдеп, политехникалық білім алуға мүмкіншілік туғызады.
Атақты педагог К. Д. Ушинский айтқандай «Оқушылардың ақыл-ойын, логикасын дамыту үшін, жаратылыстану тарихын оқыту тиімді - деп есеитеймін». Себебі тірі табиғаттың объектілерін бір-бірімен салыстыру, анықтау, эксперименттер кою, оқушылардың ойлау қабілетінің дамуын қамтамасыз етеді.
Бақылау сұрақтары:
1. К. Д. Ушинскийдің оқытуға салған еңбегі?
2. Ы. Алтынсариннің педагогикалықе ңбектері?
3. Біологія пәнінің мазмұны?
2 - лекция
Отандық биологияны оқыту әдістемесінің
пайда болуы мен дамуының тарихы
Жоспары:
- 40-шы жылдағы биологияның дамуы.
- Қазақстандық ғалымдардың биология ғылымына тигізген әсері.
Лекция мақсаты:
Қазақстандық ғалымдардың биология ғылымына тигізген әсерін зерттеу.
Лекцияның мәтіні :
Ғылымның дамуына байланысты 40-шы жылдардан бастап мектеп биологиясына жаңа
экс
перименттер мен демонстрация
ла
у
снгізу қажеттігі туды.
Сабақты өту әдісінің проблемаралын шешу аса маңызды және негізгі мақсаттардың бірі болды. Сабақтың оқу мазмұны экскурсия кезівде өсімдіктер мен жануарларға бақылау жүргізумен және материалдар жинаумен тыгыз байланыста болды. Жануарлар меп өсімдіктерге тірі табиғат мүйісінде, үйде бақылаулар жүргізу қажеттігі туды. Эксукурсиялар өтетін сабақтың тақырыбына байланысты өткізілетін болды, үйге берілетін тапсырмалардың ерекшеліктері мен әдістері оңделді. Сабақтан тыс, кластан тыс, көпшілікпен бірге орындалатын жүмыстардың формалары мен әдістері өңделіп, оқушылардың білімі мен тәрбиесін дамытудағы орны анықталды.
Бертін келе биологиядан сабақ берудің формаларының проблемалары шешілді.
Ленинградтағы А. И. Герцен атындағы педагогикалық институттың жаратылыстану кафедрасьшда, 1938 жылдары мүғалімдердің біліктілігін арттыру институттарында әдіскелер үжымының еңбектері жарияланып методикалық зерітеулердің жаңа бағыттарып дамытты «Арнайъі методика», «биологияны оқытудың жадны әдістері», - проблемалары шешуін тапты. Халел Досмұхамедұлы Досмұхамедов (1939) Тұңгыш рет ана тілінде жаратылыстану ғылымы
бойынша оқу қүралдарын жазды. Солардын бірі «Жануарлар» 1922 жылы Ташкентге басылып
шықі ы. Жұмақан Маусымбайұлы КҮДЕРИН (1891 -1938) К, азақтан шыққан түңғыш биолог-ғалымдардың бірі, ботаника жөнінде «Өсімдіктану» атты оқу қүралын 1927, 1930 - жылдары басып шығарды. Ол жиырма жасында ауылшаруашылык мектебін бітіріп, егіс жөне мал шаруашылығының маманы атанды.
Атақты ғалымдар И. И. Шмальгаузен, Н. П. Дубинин, С. С. Четвериков және көптеген шетел ғалымдары Ф. Добржанский, Г. Симпсон, Дж. Хаксли, Э. Майер еңбектерінің нәтижесінде эволюцияның синтетикалық теориясы қалыптасты. В. И. Вренадскийдің «Биосфера» ілімі Н. В. Сукачевтің «Биогеоценоз» ілімдері мектеи биология пәндерін оқытуда гана экологиялық-эволюциялық мақсаттарды шешудің бірден-бір жолы ретінде оқытылды.
Н. М. Верзилиннің басқаруымен биологиялық түсініктерді дамыту теориясы сабақ беруде айтарлықтай орын алды. Осы бағытта жүргізілген ғылыми-зерттеу жүмыстары баршылық. 1966 жылдары Ю. И. Полянскийдің басқаруы мен ғалымдар тобы мектеп биологиясына эволюциялық ілім, цитология, аутоэкология, биоценология және биосфера туралы ілімдерін оқытудың мазмүнына, бағдарламага енгізді.
Соңғы жылдардағы биологиядан білім беру проблемалары: білімнің сапасын арттыру, теориялык білімді тәжірибемен байланыстыру, оқу проблемаларын шешу үшін оқытудың активті жаңа формаларын епгізу болып табылады.
Қазақ Республикасында жаратылыстану әдістемесінің дамуына үлес қосқан ғалымдардьщ бірі Күдерин Жүмахан Маусымбайүлы. Методисттің «Өсімдіктану»- оқу құралы-Алматы «Рауан» баспасынан 1992 жылы жарық көрді. 265 бегген түрады.
Бүл кітап 1927 жылы және 1930 жылдары араб және латын әріптерімен түңғыш рет қазақ тілінде басылып шыққан, өсімдіктер тіршілігін тартымды баяндайтын оқу қүралы болды.
Бүл оқу қүралы биология ны зерттейтін ғалым одіскерлерге және студенттерге, сондай-ақ биология мәселелері қызықтыратын оқырман қауымына арна-лған.
Күдерин Ж. М. «Қуғын-сүргінде аман қалған еңбектері»-Алматы «Демеу» баспасы 1995 жылы жарық корді. 352 беттен қүралған.
Күдерин Ж. М. түңғыш қазақ тілінде жариялан-ган, жазылған және қүрастырыи, аударылып жасаган бірнеше еңбегін бір кітап етіп топтастырылған. Бүл кітантар 1937 жылдың нөубетіне тап болған абзал аза-магтың Қазақстандағы ауыл шаруашылығына қосқан ііотижелі үлесі ретінде кейінге үрпаққа үсынылып отыр. Ауыл шаруашылығын зерттейтін ғалым-әдіскерлерге, студенттерге, оқырман қауымға арналған.
Бақылау сұрақтары:
1. Ж. М. Күдериннің биологияға қосқан еңбегі?
2. Биологиялық түсініктердің дамуы?
3. Сабақты өту проблемалары?
3 - лекция
Жаратылыстануда оқыту әдістемесінде
Любендік және эволюция - биологиялық бағыт
Жоспары:
- Любендік бағыт.
- Эволюция - биологиялық бағыт.
Лекция мақсаты:
Биологияны оқыту әдісі педагогика ғылымдар саласына толықтырулар мен жаңалықтар енгізілуін зерттеу.
Лекцияның мәтіні :
Жаратылыстану өдісінің щазан төңкерісіне дейінгі даму кезеңі
«Жалпы жаратылыстану саласындағы ғылымдарды оқытып үйрету әдістемесі, мектептерде оқыту әдістерінің дамуы 18-ші ғасырдың екінші жартысынан дами бастады. Пәннің дамуына биология мамандыры, ғалымдар, көптеген әдіскер мүғалімдер, кеп жылдар бойы жүргізілген оқу-әдістемелік жүмыстарының нәтижесіне зор үлес қосты. Әдістемелік қүралдар мен окулықтардың мазмүны тарихтың дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі қоғамдық-әлеуметтік қүрылымның ерекшеліктеріне тікелей байланысты болды.
18-ші ғасырдың бастапқы кезендерінде табиғат туралы пән жарық көрген жоқ. Осы ғасырдың екінші жартысында арнайы мектептерде жаратылыстану пәні оқыту процесіне енгізіле бастады.
Екатерина ІІ - ші өз еліне білімді мамандар қажеті болғандықтан, Ресейде мүғалімдер дайындайтын семинариялар (1783ж), Халық училищелерін ашты, 5 жылдық бас училищелер және 2 жылдық кіші училищелер»- деп аталды.
Осы оқу орындарында Академик Василий Феодорович Зуев (1757-1794) дәріс берді. 1786 жылы В. Ф. Зуев өз тегін көрсетпей 2 бөлімнен түратын оқулық жазды. Оқулық «Орыс империясының халық училищелеріне арналған табиғат тарихының нұсқасы» - деген атпен жарық көрді.
Осы кезеңнен бастап жаратылыстану пәнен оқыту әдістемесінің тарихы басталды. Оқулықтың бірінші бетінде автор пәннің мақсаты мен міндеттерін адғаш рет ашып берді. Оқулықта В. Ф. Зуев жаратылысты, табиғатты оқытудың жүйесі мен оқыту тәртібін
көрсетті:
- Қазба байлықтар (Өлі табиғат) ;
- Тоңатын әлем (Өсімдіктер өлемі) ;
- Жануарлар әлемі (Зоология) .
Оқулықта өсімдіктер мен жануарларға, олардың биологиясына тоқтала отырып, адам өміріндегі пайдалану жолдарын да қамтыған. Оқулықта 148 жуық осімдіктер мен 157 ге жуық омыртқалы жануарларға сипаттама берілген. Мазмүндауда автор К. Линнейдің систематикасын басшылыққа алып, саралаудан аулақ болыи, адам тіршілігіне пайдалы өсімдіктер мен жануарлар түрлеріне көбірек тоқталған.
Оқулықтың кірісне болімінде, сабақ берушілерге арналған үсыныстар келтірілді. Сабақты әңгімелеу ба-рысында көрнектіліктерді пайдаланудың тиімділігін көрсетті.
Оқулықтың екінші бөлімі «Жаратылыстану тарихының бейнелері» деп аталып, онда 57 сызбанұсқа, 193 сурет берілді. Осы бейнелер сабақ өту барысында оқушыларға таратылып берілуі тиіс.
Оқулықтың қүндылығы, барлық биологиялық мәліметгер нақты, ғылыми түрғыдан дәлелденген, оқушылардың алған білімдерін іс-жүзінде пайдалану жолдарын корсете білген.
Әулие Петр қаласында «Растущий виноград» журналының бас редакторы қызметін атқарды.
Жаратылыстану пәнін оқытумен қатар В. Ф. Зуев сол кездегі жаратылыстануды оқытудың маңызды проблемаларын шешу барысында көптеген еңбек етті. Пәннің ғылымилыгы, көрнектілігі, оқушылардың білімді саналы түрде игеруі, оқыту өдістерінің практикалық мәселелеріне тоқталды.
Бақылау сұрақтары
Бақылау сұрақтар:
1. Зуевтің еңбектері мен қызметі?
2. Жаратылыстану пәнін оқытумен қатар зерттеу?
3. Жалпы жаратылыстану саласындағы жұмыстар?
4 - лекция
. Эволюцияның элементарлық факторы мутациялық процесс, популяциялық толқын, оқшаулану табиғи сұрыптау . Табиғи сұрыптау ең басты фактор .
4. Эволюцияның ең басты белгісі - дивергенттілік бір қалыптылық, ұзақтық және түр түзілу кезеңдері болып есептеледі .
5. Түр - бірнеше популяциядан және түр тармақтарынан тұрады . Оның ішінде гендер алмасып, ауысып жатады . Ол бір тұтас генетикалық жүйе болып есептеледі . Синтетикалық эволюция теориясы бойынша түр жайындағы көзқарас прокариоттарға және жыныссыз көбейетін эукариоттарға қолдануға болмайды . Микроэволюция макроэволюция процесімен тығыз байланыста .
Бақылау сұрақтары
- ХVIII ғасыр аяғында мектеп биологиясын оқыту?
- ХХ ғасырдың 20-30ж. ж. биология ғылымынің экалогиясы?
- Н. И. Вавиловтың биологияны оқытуға қосқан үлестері?
- А. Я. Герд нң 1-ші рет биологияны үйретудегі идеялары?
5 - лекция
ХХ ғасыр басындағы мектеп жаратылыстануы.
Жоспар:
1. Н. П. Дубинин, Романовтың эволюциядағы ең басты факторы
2. XXІ ғасыр биология ғасыры және биология ғылымдарының жетістіктері
Лекция мақсаты:
ХХ ғасыр басындағы мектеп жаратылыстануының даму ерекшеліктерін оқып үйрену.
Лекцияның мәтіні :
XX- ғасырдың 30 жылында Н. П. Дубинин, Романов, Райт эволюцияның ең басты факторы - гендердің жылжуы жайлы жаңалық ашты . Олардың ұйғаруы бойынша эволюция үшін ең маңызды фактор жеке мутация ғана емес, гендердің кездесу жиілігіндегі кездейсоқ өзгерістер болып саналады, мысалы тасқын су, өрт, салдарынан гендердің кездесуін өзгертіп, соның нәтижесінде популяция құрылымы өзгеріп, ол ұрпақтан - ұрпаққа берілуі мүмкін .
Эволюциялық теорияның дамуына тағы бір үлесін қосатын биологияның саласы, молекулалық бтология, генетиптердің эволюциясын айқындауға мүмкіндік береді .
Осының нәтижесінде биологиялық теорияның деңгейін көтеріп, тірі организмдерді зерттеуде онтогенетикалық, популяциялық шегінен тыс сырларын ашуға мүмкіндік береді .
Жаңа генетикалық проблемаларды зерттеудің нәтижесінде ғалымдар гендердің нәзік құрылысын зерттеп, олардың функцияларының сырларын ашып гендердің жасанды синтезделуі арқылы, бір организмнен екінші организмге отырғызу барысында ғылымның жаңа саласы гендік инженерия дамыды .
Қазіргі кезде ғылымда гендердің аксонралды табиғаты жайлы ережелері ашылып белок құрылысының ақпараты ДНҚ молеуласының тізбектерінде интрондар арқылы бөлініп, белоктың информация бермейтін қосымшалар арқылы бөлініп тұратындығы дәлелденді. Гендердің осындай құрылысы ғалымдардың айтуы бойынша гендердің алмасу қабілеттерін арттырып, мутация тазалықтарын сақтай отырып жаңа гендердің қалыптасуына мүмкіндік береді .
Ғалымдардың анықтауы бойынша генотиптегі құрылымдық гендердің бірнеше кемшіліктері болады немесе генотиптегі гендердің ұқсас топтары әрқайсысы ұқсас кейде бірдей белоктарды қолдайды .
Бұлардың осындай ерекшеліктері керекті жағдайда көптеген белоктарды, ферменттерді синтездеу үшін органмзмдерге үлкен мүмкіндік береді. Гендердің осындай бір дупликациялық қасиеті эволюция үшін өте маңызды болады, себебі ол популяция ішінде тез тралып, особьтардың фенотипін өзгертуге мүмкіндік береді.
Ғылымның течниаклық жетістіктері барлық саладағы мамандардың биологиялық дайындықтарына талап қояды. Әсіресе болашақ мамандардың экологиялық сауаттылығы мен тәрбиесі шешуші роль атқарады .
Сондықтан жалпыға бірдей білім беретін мектептерде, лицей, гимназияларда жас өспірімдер мен оқушыларға биология пәндерінен политехникалық білім қалыптастыруға аса көңіл аударуда .
Герцен жастарды тәрбиелеуде жаратылыстану білімінің маңызын айта келіп, оның жастық ақыл ойды ескінің қалдықтарынан тазартуға бағытталғанын осы негізде оларға кең мүмкіршілік ашатынын жазған еді .
Қазіргі таңда табиғатты қорғау мәселесі бүкіл әлемдік масштабта . Сондықтан биологиялық білім әрбір азамат, мемлекет, адамзат үшін ауадай қажет .
XXІ ғасыр биология ғасыры демекші биология ғылымдарының жетістіктері. Ауыл шаруашылығында өнеркәсіптер, өндірістер, медицинада, космостық биологияда. Ал жасөспірімдер мен жастар үшін білім мен тәрбиесінің, сан алуан жақтарын қамтуда биологиялық білімнің мәні зор. Мысылы: Политехникалық-санитарлық-гигиеналық дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру байқампаздық пен бақылау икемдеріне логикалық ойлау мен шығармашылыққа этикалық эстетикалық тәрбие, табиғатты сүю, аялау, қорғау, экологиялық-эволюциялық білім мен тәрбиені қалыптастыратып дамыту, отандық- патриоттық сезім мен тәрбие қалыптастыруда алатын орны ерекше.
Бақылау сұрақтары.
1. Мұғалім қандай қасиеттерге ие болуы қажет.
2. Биология ғылыиының дамуының бет бұрысы.
3. ХХғ. 20-30 жылдарындағы биология.
4. Генетикалық проблемаларды шешу.
6 - лекция .
Б. Е. Райков, оның революцияға дейінгі және советтік кезеңдердегі
отандық жаратылыстану әдістемесін дамытудағы рөлі.
Жоспар:
- Б. Е. Райковтың революцияға дейінгі отандық жаратылыстану әдістемесін дамытудағы рөлі.
- Советтік кезеңдердегі отандық жаратылыстану әдістемесін дамытудағы рөлі.
Лекция мақсаты:
Советтік кезеңдердегі отандық жаратылыстану әдістемесін дамытудағы рөлін зерттеу.
Лекцияның мәтіні :
Биология пәнінің оқыту әдісін дамытуда профессор Борис Евгеньевич Райковтың (1880-1966) еңбектерінің маңызы ерекше. Ол сабақ беру әдістерінің проблемалары мен даму тарихын зерттеудегі еңбектері мп зоология оқулығының авторы. Ең бірінші рет биология пәнін оқытуда арнайы кабинеттік жүйеге көшуді колдады.
Б. Е. Райков 1924 жылы Ленишрадта биологиялық станция ашып ғылыми зергтеулер мен бақылаулар жургізді. Табиғатқа экскурсиялар өткізудің білім деңгейін көтерудегі маңызын атап көрсетті.
Осы жылдары Наркомпрос мектептерде сабақ берудің жаңа әдістерін «лабораториялык» және «жоспарлау әдістерін» қолдануды нүскады. Лабораториялық, әдіс класс, сабақ кестесі, сабақтардың орньш алып, мүғалімнің рөлін кеңесші деңгейінде көрсетгі. «Жұмыс қоғаамшаларында» тапсырмалар беріліп ай соңында конференциялар өткізілді. XX ғасырдың 30-шы жылдарынан бастаи оқу-агарту жүйесінде жаратылыстану пәндерін оқытудыц жалпы жөне арнайы оқу-әдістсмелері қарқынды дами бастады.
1932 жылы 25 қазанда ЦК. ВКП(б) ның үйғарымында «Сабақ» оқытудың негізгі формасы екендігі корсетілді және барлық мектептердің түрлері жалпыға бірдей білім беретін он жылдық орта мектептерге айна лды. Биологияны оқыту ғылыми түрғыда бірізділікпен, жүйелілікпен жүргізілді. Осы ксзеңдердегі методикалық проблемаларды дамытуда оздерінің үлестерін қосқан белгілі әдіскерлер Ю. И. Полынский (1872-1930) , Д. А. Судовский( 1873-1942), М. М. Беляев (1880-1955), В. Ф. Натали (1890-1965), П. И. Боровицкий (1896-1966), Н. М. Верзилин (1903-1984) т. б. болды.
1937-1941 жылдары «Мектеп биология» журналы Б. В. Всесвятскийдің редакциясымен жарық көрді. 1946-1948 жылдары Б. Е. Райковтың редакдиясынан Леимшрадтагы «Мектептегі жаратылыстану» журналы к а ііга жаңғырып кейіннен Москваға «Мектептегі биология»- деген атиен ауысты.
Бақылау сұрақтары:
1. Н. П. Дубинин еңбектері?
2. Романовтың биологияға қосқан еңбнетері?
7 - лекция
Советтік кезең.
Жоспар:
- Советтік кезеңнің түсініктері
- Олардың ерекшеліктері.
Лекция мақсаты:
Жаратылыстану пәнін оқытумен оның жаңалықтарымен танысу?
Лекцияның мәтіні :
Жаратылыстану пәнін оқытумен қатар В. Ф. Зуев сол кездегі жаратылыстануды оқытудың маңызды проблемаларын шешу барысында көптеген еңбек етті. Пәннің ғылымилыгы, көрнектілігі, оқушылардың білімді саналы түрде игеруі, оқыту өдістерінің практикалық мәселелеріне тоқталды.
Бэр бірніші педагогикалық экскурсиялық биостанция қүрды. Бүл кезеңдегі методиканың ерекшедігі экекурсиялық, практикадык оқыту формаларына баса кнңіл аударылды. Осылай оқытудың нәтижесінде оқушылар нұсқау бойынша өз бетінше жүмыс жасау икем дағдыларын қалыптастырды.
Бұл оқыту формаларының негізінде Б. Е. Райков «Моторлы» (қозғалыстағы) методын анықтады.
Лабораториялық жүмыстарды жүргізу үшін үлестіліріп берілетін материалдар кеңінен тарады: тірі, кептірілген, консервіленген өсімдіктер, жануарлар және минералдар.
Жаңа мектептің ашылуы, оқу бағдарламаларының және жоспарларының жасалуына көптеген ғалымдар ат салысып, жаратылыстану пәнінің әдістемелік проблемаларын шешуге көптеген үлес қосты. Солардың бірі ботаника ирофессоры Валериан Викторович Половцев (1862-1919) болды. 1901 жылғы Петербургте өткен орыс жаратылыс зерттеу ғалымдары мен дәрігерлердің XI съезінде В. В. Половцев «Орта мектептердегі оқу пәндерінің мақсаты» тақырыбында жасаған баяндамасында, жаратылстану пәнін оқытудағы негізгі мақсат тәрбие және оны қалыптастыру үшін төмендегідей мәселелерге тоқталу керектігін керсетті:
Бақылау сұрақтары
І. Сыртқы қоршаған ортаның қүбылыстарын түсіну.
- Өз организіміндегі қүбылыстарды түсіну.
- Сезім мүшелерінің дамуы адамның психика-лык дамуының басты, маңызды факторлар екендігін білу.
- Белгілі тәртіпте және кең көлемде ойлау әдістерін жемісті түрде дамыту.
- Оқушының түлға ретіндегі рухани талаптарын кеңейту.
Биологиядан кластан тыс жұмыстардың дамуы.
Жоспар :
- Биологияны оқыту әдістемесінде орындалатын жұмыстар.
- Кластан тыс орындалатын жұмыстар түрлеріне сипаттама
Лекция мақсаты:
Биологияны оқыту әдістемесінде орындалатын жұмыстардың маңызын оқып үйрену.
Лекцияның мәтіні :
Сабақтан тыс орындалатын жұмыстар
Сабақтан тыс орындалатын жүмыстар мүғалімнің тапсырмасы бойынша жекеше түрде немесе топпен бірге бірігіп оқушылардың міндеггі түрде орындайтын практикалық жүмыстары. Сабақтан тыс орындалатын жүмыстар төмендегідей формалар түрінде үйымдастырылады:
- Биология кабинетінде орындалатын жүмыстар.
- Тірі табигат мүйісінде орындалатын жүмыстар.
- Табиғатта орындаатын жүмыс түрлері.
- Оқу-тәжірибе учаскееінде орі. індалагын жүмыстар.
Осылайша үйымдасгырылған сабақтан тыс орындалатын жүмыстардың соңында сабақ кезінде корсетілетін төжірибелер, кешюшөптер, коллекциялар, монтаждар, бақылаулардың қортындылары дайындалады.
Өсімдіктер мен жануарларға жүргізілетін кейбір бақылаулар үзақ мерзімде жүргізілетін болгандықтан, сабақ кестесінб симайды. Сабақ кезінде микроскоптардың жетіспеуіне байланысты, приборлар мен қүрал- жабдықтардың топшылығы, аякталмай қалған жүмыстарды сабақтан тыс уақытта жасауды қажет етеді. Оқушыларды 4-5 адамнан топқа бөлу арқылы ұсақ жануарларды күту-практикалық жүмыстарын іске асыруға болады.
Оқушылар мүғалімнің берген тапсрымасы бойынша жануарларға ұзақ мерзімді биоло-гиялық бақылаулар жүрізіп, бақылау қорытындысын сабақтарда қолданады. Әрбір оқушы оқу жылының барысында-1 немесе 2сабақтан тыс жүмысты міндетті түрде орындайды, ол жүмысын мүгалім міндетті түрде бағалайды.
Кейде сабақтан тыс орындалатын жүмыстар үй тапсырмасы сияқты алдын-ала беріледі. Оның мерзімі оқытылатын материалдың мазмүнына байланысты бінеше күн, апта немесе ай бүрын белігленіп, беріледі.
Мысалы өсімдіктану пәнінен:
1. Суда өсірілетін өсімдіктермен тәжірибе жасау
-2
ай.
2. Жапырақтың бетінде крахмал таңбасын түсіру-2 күн.
- Жапырақтың бойынан 02болінуі- 3 күн.
- Тамырдың қысымының көтерілуі-2 күн.
- Сабақтың бойымен судың көтерілуі- 3 күи.
- Бегонияның жапырағы арқылы көбеюі- 2 ай
- Қара-күйені өсіру-20 күн
- Мүктің өскінін өндіру-15 күн.
- Папоротниктің өскінін өсіру- 2 ай
Бақылау сұрақтары
- Сабақтан тыс орындалатын жұмыстар?
- Өсімдіктер мен жануарларға жүргізілетін кейбір бақылаулар?
- Биология кабинетінде орындалатын жүмыстар?
- Табиғатта орындаатын жүмыс түрлері?
- Оқу-тәжірибе учаскееінде орындалатын жұмыстар?
9 - лекция
Биологиялық білім беру құрылымындағы өзгерістерЖоспары :
- Биологияның білім беру құрылымдары
- Білім беру құрылымдарын жаңарту әдістері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz