Биология сабақтарында проблемалық оқыту арқылы оқушылардың ізденіс дағдысын қалыптастыру



Кіріспе
І. Зерттеу жұмысының өзектілігі
ІІ. Негізгі бөлім. 1. Оқыту технологияларының кезеңдері
1.1. Проблемалық оқытудың теориялық негізі
1.2. Проблемалық оқытудың маңызы
1.3. Проблемалық сабақтарды өткізу әдістемесі
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер :
Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңа талаптар мен сұраныстар тұрғысынан қарауды, қол жеткізген табыстарды екшеп сын көзбен бағалай отырып, жан-жақты саралауды, болашақ ұрпақтың шығармашылық белсенділігін барынша дамытуды талап етеді. Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеуге аса мән беріліп отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында, Елбасымыздың «Қазақстан 2030» атты стратегиясы мен «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушылық және тәрбиелік сипатын күшейту мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.1
Проблемалық оқытудың теориялық негізі
І. Зерттеу жұмысының өзектілігі
Бүгінгі ұрпақ таңдау құқығына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп отыр. Білім алушыны болашағын дұрыс таңдай алатын, ұтымды шешім қабылдап, өзінің өміріндегі кездесетін өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір кезеңдері күтіп тұр. Қазіргі білім берудің негізгі мәні білім алушының даралығын ашу және оқу әрекетін игертуде тиімді әрі нәтижелі әдіс тәсілдерді іздеп, шығармашылық шеберлігін шыңдау.
ІІ. Зерттеу орны
Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің биология кабинетінде, орыс тілі кабинетінің ғаламтор желісі, мектеп кітапханасы пайдаланылды.
ІІІ. Зерттеудің мақсаты
Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету

1 Әбенбаев С, Ахметова Г, Әбенбаева И. Дәстүрлі емес сабақ турасында //Мектептегі шетел тілі. 2003, №2, бб.11-16.
жолының өзін де, процессінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.
ІҮ. Зерттеудің міндеттері
Өз бетімен ізденіс жолын ұйымдастыру – оқушының бұрынғы біліммен жаңа білімді ашуға негіз ету арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, өзіндік ойлау, есте сақтау қабілеті дамыған, өз бетімен ақпарат көздерімен, электрондық оқулық пен бүкіл әлемдік коммуникация желісі жүйесімен еркін жұмыс істей алатын тұлға қалыптастыру.
1.Әбенбаев С, Ахметова Г, Әбенбаева И. Дәстүрлі емес сабақ турасында Мектептегі шетел тілі. 2003, №2, бб.11-16.
2.Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технология // Қазақстан мектебі. – 2001. - №2. – б.8-13. 3.«Білім туралы» Заңы.Алматы. 2007ж.
4.Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялар. к.п.н. Данияров Т, магистр Малгайдарова Г. г.Шымкент., Казахстан Южно-Казахстанский государственный университет им.М.Ауезова
5.«Биолог анықтамалығы» басылымының жинақтамалары.
6.«Биология Қазақстан мектебінде» №2,4,5,6 2011. 7.Выготский Л.С. Психология. – М., 2000 8.Давыдов В.В. О понятии развивающего обучения. – Томск, 1995, 144 с.
9. Захарова И.Г. Информационные технологии в образоании. – М, 1998 10.Иллюстрированная мини-энциклопедия.-Москва;АСТ Астрель,2001.
11.Иманбаева А, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000 12.Иманғалиева А. «Дарынды дамыту – ұстаз парызы». Қазақстан мектебі №1 2011жыл 13.Ковшарь А.Ф,Ковшарь В.А.Птицы.Школьная энциклопедия (Серия «Животные Казахстана»).Алматы,Атамұра,2006 ж,-312 с 14.Кларин М.В.Инновации в мировой педагогие:обучение на основе исследования,игры и дискуссии.Рига «Эксперимент»,1995,176 с 15. Кларин М.В. Педагогическая технология в учебном процессе. – М.: Знание, 1989. – 80 с. 16. Коменский Я.А. Великая дидактика. Избр. Пед. соч. в 2-х томах. -М.Педагогика, 1982. 17. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы. 18.Қуанбаева Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдірудің дидактикалық шарттары: дисс. Пед. ғыл.канд. – Алматы, 2005. –137 бет. 19.Монахов В.М. Проектирование и внедрение новых технологий обучения // Советская педагогика. – 1990. – № 7. – С. 17-23. 20.Мұхамбетжанова С.Т. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Қазақстан мектебі №3. 2012 21.Морева Н. А. Педагогика среднего профессионального образования: Учеб. Пос. для студентов высш. пед. учеб, завед. М.Академия, 2001. С. 26. 22.Селевко Г.К. Современные технологии в образовании. –М., 1998. 23.Таубаева Ш.Т. Оқытуың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп. -1999. №4. бб-5-12 24.Что такое,кто такой? Энциклопедия для школьников.1984. 25.Хрипкова А.Г,Колесов Д.В .Гигиена и здоровье школьников.-М.Просвещение, 1998.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНІС ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Л.Е.Байнияз
Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Қызылқоға ауданы
Жасқайрат ауылы

Кіріспе
Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңа талаптар мен сұраныстар тұрғысынан қарауды, қол жеткізген табыстарды екшеп сын көзбен бағалай отырып, жан-жақты саралауды, болашақ ұрпақтың шығармашылық белсенділігін барынша дамытуды талап етеді. Оқу процесінде жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мен оны озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеуге аса мән беріліп отыр.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында, Елбасымыздың Қазақстан 2030 атты стратегиясы мен Болашақ, Дарын бағдарламаларында, Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушылық және тәрбиелік сипатын күшейту мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.1
Проблемалық оқытудың теориялық негізі
І. Зерттеу жұмысының өзектілігі
Бүгінгі ұрпақ таңдау құқығына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп отыр. Білім алушыны болашағын дұрыс таңдай алатын, ұтымды шешім қабылдап, өзінің өміріндегі кездесетін өзгерістер ағымына икемделе білетін қабілетіне байланысты өмір кезеңдері күтіп тұр. Қазіргі білім берудің негізгі мәні білім алушының даралығын ашу және оқу әрекетін игертуде тиімді әрі нәтижелі әдіс тәсілдерді іздеп, шығармашылық шеберлігін шыңдау.
ІІ. Зерттеу орны
Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің биология кабинетінде, орыс тілі кабинетінің ғаламтор желісі, мектеп кітапханасы пайдаланылды.
ІІІ. Зерттеудің мақсаты
Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету

1 Әбенбаев С, Ахметова Г, Әбенбаева И. Дәстүрлі емес сабақ турасында Мектептегі шетел тілі. 2003, №2, бб.11-16.
жолының өзін де, процессінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.
ІҮ. Зерттеудің міндеттері
Өз бетімен ізденіс жолын ұйымдастыру - оқушының бұрынғы біліммен жаңа білімді ашуға негіз ету арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, өзіндік ойлау, есте сақтау қабілеті дамыған, өз бетімен ақпарат көздерімен, электрондық оқулық пен бүкіл әлемдік коммуникация желісі жүйесімен еркін жұмыс істей алатын тұлға қалыптастыру.
Ү. Зерттеудің әдістері
Проблемалық оқытудың негізгі ерекшелігі - оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі. Проблемалық оқыту - ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау қабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
ҮІ. Зерттеудің жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы
* Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;
* Алған білімді жүйелеу ;
* Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
* Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
* Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
* Оқушылардың бойында жаңа қасиеттер мен іскерліктерді қалыптастыру
* Әр түрлі проблемаларды талдау және оларды шеше білу қабілетін дамыту, ақпаратпен жұмыс жасауды үйрету.
ҮІІ. Зерттеудің болжамы
Біздің қазіргі мектептің маңызды мәселелерінің бірі: оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру және білімді өз бетінше алуы және оны қолдана білуі. Бұл мәселелерді шешуі үшін ақпаратқа және саналы еңбекке бейімдеу, ғылым мен мәдениет саласында белсенді қызмет етуге тәрбиелеу қажет.
ҮІІІ. Әдіснамалық негізі
Оқыту технологияларын пайдалануда мына жағдайлар еске алынуы қажет.
+ Қоғамның түлекке қойып отырған талабы;
+ Таңдалып отырған технологияларды іске асыруға мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сәйкестігі;
+ Жұмыстың жүйелілігі
+ Бұл үрдістің тиімділігі.
ІХ. Ғылыми ізденіс жұмысының кезеңдері
Оқушылармен жүргізу керек дегенде міндетті түрде ескерілетін нәрсе: оқушылардың жас ерекшелігі, жүргізілгелі отырған жұмыс мазмұнының ұйымдастырылуы. Жалпы білім беретін мектептерде биология пәнін оқыту мақсаттарын төмендегідей етіп қоюға болады: 1.Теориялық 2.Оқу-тәжірибе жұмысы 3.Мазмұндық-жалпылау жұмыстары Теориялық мақсаттары (оқушы өз бетімен жүргізеді)
Табиғат сырын түсінуге байланысты әр түрлі баяндамалар, рефераттар.
Табиғат кереметтерін ашатын әр түрлі ғылыми көпшілік әдебиеттер оқу.
Қарапайым тәжірибелер жүргізу.
Оқу - тәжірибе жұмысы (оқушылардың табиғат аясында істейтін жұмыстары)
Серуенге жорыққа шығу арқылы табиғатты тану.
Мазмұндық - жалпылау жұмыстары 1.Оқушылардың биологиялық білімін тексеру
Биологиялық олимпиада өткізу.
Жарыстар,байқаулар өткізу.
Әр түрлі деңгейдегі сырттай байқауларға қатыстыру.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр
мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа
талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.2 Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникация- лық желілерге шығу деп атап көрсеткен.3
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. 17

2 Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технология Қазақстан мектебі. - 2001. - №2. - б.8-13
3 Білім туралы Заңы.Алматы. 2007ж.
17 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.

ІІ. Негізгі бөлім. 1. Оқыту технологияларының кезеңдері
Я.А. Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқыту технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды.4 Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизация- ластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П.Я. Гальперин, А.Талызина, Ю.К. Бабанский жəне т.б.). Шетел мамандары оқыту технологиясының үш кезеңі болғанын айтады. Алғашқы кезеңде мұғалім бірде-бір көмекші құрал-жабдықсыз ауызша оқыту арқылы оқушыға білім берген. Бұл кезде - оқыту технологиясының функциясын адамдар тәжірибесі атқарған, - дейді А. Талызина. Екінші кезеңде кітап басып шығару игерілген соң оқыту технологиясы елеулі өзгеріске түсті, адамдарға әр түрлі дидактикалық материалдар көмекке келді. Үшінші кезең - қазіргі кезең, оқыту технология- сына әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді.
Оқыту технологиясы деген термин алғаш рет АКШ-та пайда болған. Кейіннен көптеген зерттеушілердің (Ф. Янушкевич, У. Куписевич, М.В. Кларин, Г.К. Селевко тағы басқа) еңбектерінің нәтижесінде бұл ұғым эволюцияға ұшырады. Польшаның белгілі дидакторы Ф. Янушкевич,
У. Куписевич оқыту технологиясына жалпы дидактиканың бір бөлігі ретінде оқытудың ең оңтайлы жолын анықтайтын терең түсіну керектігін қолдады. Біздің - дейді олар, оқыту технологиясын жалпы дидактикамен немесе оқытудың техникалық құралдармен теңестіру ойымызда жоқ, өйткені, бірінші жағдайда өте кең жалпылай салу, ал екіншісінде тым бір жақты пікір болар еді.
Қазіргі кезде 50 - ден артық педагогикалық технологиялар бар.5 Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В.Б. Беспалько, В.В. Данилов, В.К. Дьяченко жəне т.б.), екіншісі - тəжірибемен жүзеге асуы (Е.Н. Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф. Шаталов жəне т.б.). Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: жаңа технологиялар, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемалық оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, авторлық технология жəне т.б. Педагогикалық технологиялар оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді.6 Жаңа оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырып, басты идеяны және нәтиже

4 Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялар. к.п.н. Данияров Т., магистр Малгайдарова Г. г.Шымкент., Казахстан Южно-Казахстанский государственный университет им.М.Ауезова
5 Биолог анықтамалығы басылымының жинақтамалары.
6 Биология Қазақстан мектебінде №2,4,5,6 2011.
тиімділігін негізін құрап, жеке тұлғаның жетелеуіне, жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру - заман талабы.
Бүгінгі таңда Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.М. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарын белгі және сызба негізінде қарқынды оқыту технологиясы, Қазақстанда профессор Ж.А. Караевтің оқытуды дербестендіру мен деңгейлік саралап оқыту технологиясы, М.М. Жанпейісованың модульдік технологиясы, Ә. Жүнісбектің үндесе оқыту әдістемесі, Ф.Ш. Оразбаеваның қатысымдық тұрғыдан оқыту әдістемесі, Ш. Бектұровтың, Қ. Қадашеваның, Қ. Сариеваның т.б. ғалымдардың әдістемелері белсенді түрде қолдануда. Бұл технологиялар теориялық тұрғыдан дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Аталған технологиялардың арасында күнделікті сабақ үрдісінде пікірлесім түрлерінің тиімділігін көрсететін технологиялардың бірі - проблемалық оқыту технологиясы. Осы технологияға тоқталып, сипаттама берейік.
0.1. Проблемалық оқытудың теориялық негізі
Тапсырма проблемалық оқыту әдісі бойынша сабақ өткізудің бастапқы пункті болып саналады. Тапсырмада алдымен қойылатын проблеманың сипаттамасы болуы тиіс. Тапсырма тек теориялық сипатта ғана емес, оның практикалық жағы да қарастырылуы керек.
Қазіргі уақытта қоғам шығармашылық әлеуетті жоғары азаматтарды қажет етеді. Шығармашылық ізденіске жетелейтін бір жол - проблемалық оқыту технологиясы. Проблемалық оқыту технологиясының негізгі ерекшелігі - жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерін белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуында. И. Лернер проблемалық оқытудың 4 түрін атап көрсетеді: ділгірлік баяндама, эвристикалық (пікір алысу), жеке ізденіс, (жартылай) зерттеу әдістері. Проблемалық баяндаудың негізгі мазмұны: мұғалім проблемалық жағдай туғыза отырып, ізденіс материалдарын өзі баяндап түсіндіреді, логикалық іс-әрекеттің, қайшылықтардың пайда болу негіздерін, оларды шешудің жолдарын көрсетіп береді. Үйренушілер әңгіменің желісіне зер салып, сұрақтар қояды, өз болжамдарын ұсынады, ғылыми ізденіс жүргізеді. Жеке жартылай ізденіс әдісі үйренушілерден қойылған ділгірлікті өз бетінше шешуді талап етеді. Үрдіс барысында үйренушілер жаңа білімдер алады, дағдыларын қалыптастырады, маңызды шығармашылық іскерлікке үйренеді. Проблемалық оқыту технологиясы мұғалім басшылығында өтетін үйренушілердің оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында үйренушілерде жаңа білім, ептілік жəне дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділіктері, қызығулары, ой-өрістері, шығармашыл ойлары жəне басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В. Кудрявцев, А.М. Матюшкин, М.И. Махмудов жəне т.б.) Жалпы түрінде проблемалық оқыту технологиясы сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын күйінде ұсынбай, үйренушілер алдына міндет (мәселе) қояды, оған қызықтырады жəне оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады. Ал үйренушілер мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен əдістерін зерттейді, оның шынайылығын тексеру тəсілдерін белгілейді əрі талқылайды, дəйектейді, нəтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дəлелдейді. Проблемалық технологияның биология пәнін оқытудағы мүмкіншіліктерін қарастырайық. Проблемалық әдіс туралы белгілі ұстаз Қ. Бітібаева Проблемалық талдау оқушылардың танымын арттыру, ойлау белсенділігін жетілдіруде үлкен рөл атқарады және өзіндік ізденістеріне мол мүмкіндік ашады, әрі дамыта оқытудың негізгі жолы ретінде де пайдалы болып келеді, деген.
0.2. Проблемалық оқытудың маңызы
Проблемалық оқытудың негізі - проблемалық ситуацияны туғызу. Пробле-малық ситуация дегеніміз шешуді талап ететін, іздендіретін, ойландыратын күрделі жағдайдың тууы. Ол үйренушілердің ойлауына, ізденуіне, өздерінше қорытынды жасауға да жетелейді. Проблемалық ситуацияны пікірлесім түрлері, пікірлесім тақырыптары арқылы салыстыру, жетелеу сұрақтары арқылы шешуге болады. Проблемалық сұрақтар өткен материалды қайта жаңғыртып, үйренушілерді іздендіріп, әрі айтыс та тудыратын сұрақтар, әрі топтың ойлау белсенділігін арттыру да ерекшелігін көрсетеді, үйренушілер- дің білік пен дағдыларын және білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндіктерін тудырады.7
Биология пәнінің әрбір тақырыбын өту барысында ғылыми болжам жасауға жетелейтін проблемалық жағдаяттар тудыру ерекше орын алады. Проблемалық жағдаятты қабылдап, талдап шешудің жолдарына болжам жасауда оқушылар бұған дейінгі алған білімдеріне сүйенеді, сөйтіп қарастырылып отырған құбылыстың, үдерістің өздеріне әлі таныс емес қасиеттері, белгілері, ерекшеліктері, заңдылықтары жөнінде пікірлерін ортаға салады, әркім өзі ұсынған піірлерін негіздейді, қорғайды, ғылыми принциптерге сүйене отырып тұжырымдайды. Оқушы ойын қозғап, түртіп, қозғалысқа келтіріп отыру оқытушының басты міндеті болып табылады. Проблемалық оқытуды ұйымдастырудағы шешуші тәсіл - проблемалық жағдаяттар тудыру. Бұл тапсырмалар оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді, ойлана білу қабілетін дамытады, ғылымға, пәнге деген қызығушылығын арттырады, төзімділікке, шыдамдылыққа, аңғарымпаздыққа баулиды.8 Проблемалық жағдаяттар тудыру тәсілдерін өз тәжірибемнен келтірейін. І. Алдын-ала проблемалық жағдаяттар тудыратын сұрақтар дайындау. ІІ. Оқушылардың өздеріне биологиялық есептер құрастыртып оны шығарту, шыққан нәтижелерге тоқталып ой жүгірту.
ІІІ. Демонстрациялық тәжірибелер мен зертханалық жұмыстар орындату. ІҮ. Биологиялық құбылыстарды негізге ала отырып жұмбақ жазу.

7Выготский Л.С. Психология. - М, 2000
8Давыдов В.В. О понятии развивающего обучения. - Томск, 1995, 144 с.
Ү. Биологияны көркем әдебиетпен байланыстыру.
0.3. Проблемалық сабақтарды өткізу әдістемесі
Проблемалық оқытуда үйренушілерді топтарға бөліп, пікірлесімнің топтық жұмыстарының тиімділігі зор, өйткені үйренушілер өздеріне берілген проблемалық сұрақтар төңірегінде топ болып пікірлесіп, өз тобын қорғауға әзірленеді. Үйренушілерді топқа бөліп, біріншіден, проблемалық жағдаят туғызып, екіншіден, проблемалық сұрақтар арқылы рөлдік ойын ойластыруға болады. Сонымен, проблемалық оқыту технологиясының биология сабағындағы тиімділігі: пікірлесім арқылы үйренушілерге тек қажетті білім, ептілік жəне дағдылар жүйесін меңгеруге жəрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі, өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады, тілін дамытады, тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді, мәдени-ресми қатынасқа дайындайды, қазақша ойлауға, жетексіз өз бетінше сөйлеуге дағдыландырады.
Я.А.Каменскийдің ілімінен бастап бүгінге дейін оқыту әдістемесінде білім беруді ұйымдастырудың басты формасы - сабақ болып табылады. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың формуласы ғана емес, жалпы педагогикалық үрдіс жүйесіндегі ең жауапты бөлік.9
Проблемаға бағытталған оқыту тәсілі белгілі бір тапсырмалар түрлерін орындауға негізделген. Проблемалық оқыту технологиясының биология пәнін оқытудағы мүмкіншіліктерін қарастырайық.
Ендеше 8 сыныпта өткен сабағыма тоқталайын.
Сабақтың тақырыбы: Адам организміндегі мүшелер жүйелері қызметінің үйлесімділігі, ішкі секреция бездері тарауын қорытындылау. Сабақтың мақсаты: Ағзадағы зат алмасумен биологиялық заңдылықтарды өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың танымдық ой-өрісін, іс-әрекетін, дарындылық қабілетін дамыту көзделді.
Мен осы аталған сабағымда алдын-ала проблемалық жағдаяттар тудыратын сұрақтар дайындауды оқушыларға тапсырдым. Миға шабуыл әдісі арқылы Ішкі секреция бездерінің адам өміріндегі маңызы туралы проблемалық жағдайлар шешілді.
1.Адам қарынсыз, бір өкпемен, бір бүйрекпен, жарты бауырмен өмір сүре алады. Адам ағзасында оншақты ішкі секреция бездері бар, олардың салмағы 100 гр болады. Егер адамның салмағы 0,5 гр гипофиз безін алып тастаса адам өледі.10
Сұрақ: а) Ішкі секреция бездері өте кішкентай болғанымен ағза үшін маңызы өте зор.Неліктен?
ә) Ағзада олар қандай қызмет атқарады?
2.Ішкі секреция бездері тәулігіне өте аз мөлшерде гормондар түзеді.Тәулігіне В дәрумені 0,000003г,ал адреналин одан мың есе аз түзіледі.15 гр адреналин жер шарындағы бүкіл адамға жетеді екен.

9 Захарова И.Г. Информационные технологии в образовании. - М, 1998
10 Иллюстрированная мини-энциклопедия.-Москва;АСТ Астрель,2001
Сұрақ: а) Гормондар дегеніміз не? Аттарын атаңыз.
ә) Ағза үшін ішкі секреция бездері гормондарының маңызы қандай ?
3.Адамның өміріне, денсаулығына биологиялық белсенді заттар ферменттер, витаминдер және гормондар әсер етеді. Мысалы: қауіп төнгенде жануарлар, жүгірер алдында спортсменнің қанында адреналин көбейіп кетеді.
Сұрақ: Гормондардың ағзаға әсері қандай? - деп берілген тапсырмаларға оқушылар толыққанды жауап берді.
Осы сабақта биологиялық құбылыстарды негізге ала отырып жұмбақ жазу тапсырмасы берілді. Мысалы,
1. Әсері оның өте күшті- болар дауыс жіңішке
Әйелдерге ғана тән гормон ол,ойлан жауаптар ізде. (эстроген)
2.Гипофизде артқы бөлік-қан қысымын реттейді
Аты-заты не екенін-көп ізденген көздейді (вазопрессин)
3.Көбірек бөлсе-бақшаңкөз, ал аз бөлсе - ақылес кем болар, әрі ез. (тироксин)
4.Айырша без арттырады-ауруға қарсы тұруды,
Көп шұғылдан спортпенен-жеңерсің сен ауруды. (тимозин)
5.Зат алмасуды реттер-бүйректің боз қабаты,
Сонда қай зат - анықта, зерделе сен оны. (кортизон)
6.Қанда болар қантты реттейді-ол қосымша жұмыс істейді (инсулин)
7.Көңіл күйге байланысты өзгеріп тұрар - әсері,
Бұл гормонға тәуелді болар бар мүшелер іштегі. (адреналин)
8.Өзі сонша титтей ғана -әсері оның үлкен зор
Өсуге ол жауап берер-қайсы гормон екен ол? (соматотропин)
9.Жауырыны қақпақтай, дауысы болар жұп-жуан,
Қай жынысқа тән екен ол-жауаптарды жібер бол. (андроген) Оқушылар өздері дайындаған осындай жұмбақтар оқушының тапқырлығын ізденіс дағдыларын қалыптастырады деп ойлаймын.
Сонымен қатар 9 сыныпта өткізген сабағымның тақырыбы
Биологиялық алға басу табыстары ретіндегі ағзалардың бейімделуі. Биологиялық алға басу және кері кету туралы түсініктерін қалыптастыру, Эволюциялық табыс және Эволюциялық сәтсіздік туралы теориялық білімдерін әр түрлі мысалдар келтіре отырып, биологиялық білімдерін дамыту, табиғаттың тылсым сырын түсіне білуге, оны қорғауға, ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа, білімділікке тәрбиелеу мақсаты жоспарланды.11 Сынып үш топқа бөлініп, үй тапсырмасы бойынша топтар бір-біріне тапсырмалар дайындап алып келді.
Проблемалық жағдайларды шешу. Прогресс тобына:
Құралайдың салқыны . Мамыр айының аяғында болатын суық жел.Осы желге қарсы киік өз құралайларын аяқтандырып, жүгіртіп, өргізеді. Киік

11 Иманбаева А, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000
қанша көп болса да, олар 2-3 күн ішінде түгелдей төлдеп болады. Киіктің тағы бір айта кетерлік ерекше қасиеті - оның енелігі кез келген құралайды емізіп, бауырына ала береді. Киік құралайының далада жетім, жалғыз қалмауы осыдан.
Сұрақ: Бұл халық болжамы тіршілік үшін күрестің қандай формасына келеді? - деп Эволюция тобы қойды.
Ал Регресс тобына: Қазақ халқында аңшылық-саятшылық өнері ертеден бар,ал аңшы аңға тек астында жүйрік аты,қолында қыран құсын ғана емес,сонымен қатар тазы итін де алып шығатын еді. Сұрақ: Біздің ата-бабамыз жүйрік тазыны қандай эволюциялық жолмен алды? - деп Прогресс тобы қойды.
Эволюция тобына:
1 кг киік мүйізінің халық аралық құны 600 доллар. Бөкен мүйізі өкпе қабыну, жүрек сусамыр ауруларына таптырмайтын ем.Киік 300 түрлі дәрілік қасиеті бар шөппен азықтанады екен.Киік даламыздың көркі,табиғатымыздың байлығы, Еуразия материгінің жазық аймақтарында тіршілік еткен олардың біздің республикамызда ғана сақталуы еліміздің ұлттық мақтанышы. Десекте, қазіргі таңда олардың саны жойылу алдында тұр. Сол себепті де мемлекет тарапынан қорғауға алынған жануар болып саналады. Қазақтың бетпақ даласын мекен еткен киіктің жүйріктігі арқасында жауынан қашып құтылады, алыс суатқа да әлділері жетіп, әлсіздері жыртқыштарға жем болады.
Сұрақ: Киіктердің тек біздің жерімізде сақталуы дарвинизм бойынша қалай аталады? - деп Регресс тобы қойып оқушылар қойылған сұрақтарға бірін-бірі толықтыру арқылы жауап берді.
Осындай сұрақтар үйренушілердің ойлауына, ізденуіне ғана әсер етпейді, оларды болжам жасауға, өздерінше қорытынды жасауға жетектейді. Сабақтың келесі бөлімінде Биологиялық құбылыстарды негізге ала отырып жұмбақ жазу тапсырмасы берілді.
1. Әлемді біз билеп тұрмыз, -деді күл-қоқыста құжынаған... (шыбын)
2.Жаманның тұқымы көп болатынын жәндік атаулы әлдеқашан мойындаған,- деді улкен гүлге қонған... (көбелек)
3. Сөз сырын аңғарса, қызық тым,
Бір сөз бар баспана болатын
К-әрпі б-мен г-болса егер,
Жәндік болады, қанды соратын (бүрге)
4.Шай қалдығында бар әріп,
Алмасқанда жаңа сөз болады
Шақса адамды қызарып
Құрсағына қан толады. (маса)
Биологияны көркем әдебиетпен байланыстыру мақсатында оқушылар сабақты Қадыр Мырза Әлінің мына өлең шумақтарымен түйіндеді.
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді, Дарқандықты қазаққа дала берген секілді. Еркелікті,ерлікті желден алған секілді, Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.
Табиғат тақырыбында жазылған шығармаларды оқи отырып оқушылардың тілдік қоры дамиды, қызығушылықтары қалыптасады.
Үйге : §28.Әр түрлі ағзалардың бейімделгіштігіне зерттеу жұмыстарын дайындап келу тапсырмасы берілді.
7 сыныпта Жануарлар бөлімін оқу барысында Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері тақырыбын өту барысы кезінде оқушыларға үйге Неліктен бунақденелілер аса ірі мөлшерге дейін өсе алмайды? деген тапсырма беріліп, сол сұраққа жауап берген оқушы жауабына зер салайық. Сұрақты талдауға қажетті білім оқушыда бар. Бірақ қойылған сұрақ - проблеманы шешуге ол білім жеткіліксіз. Сондықтан оқушыда танымдық ізденіс қажеттілігі туады.12
Меганевра (лат. Meqaneura) - тас көмір дәуірінде өмір сүрген, инелік тәрізді бунақденеліліердің өліп біткен туысы. Meqaneura monyi деп аталатын бунақдене барлық дәуірдегі аса ірісі болып табылады және қанатын жайған кезде көлемі 75 см. Ірі инеліктер қазіргі кептерлердің көлеміндегі өсімдікқоректі бунақденелілермен (диктионевридтер) қоректенген.
Дернәсілдері жыртқыш, жер бетінде тіршілік етеді. Меганевраның қазба қалдықтары 1880 жылы Коментриде (Францияда) табылып, 1885 жылы сипатталды. Тағы бір өте жақсы сақталған меганевра 1979 жылы ағылшын графтығы Дербиширде табылған. Меганевра ашылған сәттен бастап, зерттеушілерді мына сұрақ мазалады. Неге, палезой дәуірінде тіршілік еткен аса ірі бунақденелілер қазір жоқ?
Біріншіден, олардың денесі хитинді жабынмен қапталған және бунақденелінің сызықты мөлшерлерінің өсуімен қатар хитинді жабынның массасы да өсуі керек. Денесін қозғалысқа келтіретін бұлшықеттер олардың өсіп ұлғаюын шектейтін түтік тәрізді аяқтарда орналасқан. Ірі бунақденелілер икемсіз және жайбасар болады, олар жыртқыштардың оңай олжасына айналады.
Екіншіден олардың тыныс алу жүйесі жіңішке демтүтіктерден тұрады. Солар арқылы денедегі бүкіл мүшелерге ауа келеді осындай тыныс алу жүйесі тек аса ірі емес мөлшерлерде ғана нәтижелі болады.
Егер кенеттен бунақденелілердің денесі іріленсе, демтүтік арқылы келетін ауа дененің бүкіл қуыстарына жете алмас еді. Ақырында бунақденелі оттек жетіспеушіліктен көп ұзамай өледі.13
Сондықтанда да бунақденелілер аса ірі мөлшерге дейін өсе алмайды. 1911 жылы зерттеушілер мынадай жорамал жасады, таскөмір дәуірінің атмосферасында оттегінің мөлшері қазіргі заманмен салыстырғанда өте

12 Иманғалиева А. Дарынды дамыту - ұстаз парызы. Қазақстан мектебі №1 2011жыл
13Ковшарь А.Ф,Ковшарь В.А.Птицы.Школьная энциклопедия (Серия Животные Казахстана).Алматы,Атамұра,2006 ж,-312 с
көп болған, сол себепті де таскөмір дәуірінде тіршілік еткен бунақденелілер аса ірі мөлшерге дейін өскен, - деп 7б сынып оқушысы Төлеген Мирас жауап берді.
ІІ. Оқушылардың өздеріне биологиялық есептер құрастыртып оны шығарту, шыққан нәтижелерге тоқталып ой жүгірту. Мысалы 8 сыныпта өткен Ас қорыту мүшелері тақырыбындағы сабағымда шығарылуға берілген биологиялық есептерге назар аударайық.
Есеп №1. Егер бір адамға тәулігіне 6 грамм тұз жеткілікті болса,әр отбасыға бір айда,бір жылда қандай мөлшерде тұз жұмсалады? (6 гр · отбасы саны) ·30 =
(6 гр · отбасы саны) ·365 =
Бұл есепті шығару арқылы оқушылар тұздың тәуліктік мөлшерін есте сақтайды және тұзды тағамдарды шектен тыс қолдану адам ағзасына зиян екендігіне көз жеткізеді.14
Есеп №2. Тамақтанған кезде әр адам 1 грамм нанды шығындайды.150 000 халқы бар қалада бір жылда қанша нан шығындалады? (1 гр · 4 мезгіл) ·150 000 = =600 000 = 600 кг
600 кг · 365 = 219 000 кг = 219 т.
Әр оқушы өз отбасына есептеп шығаруға болады. Бұл есепті шығару арқылы оқушылар ысырапшылдықты болдырмауға, үнемшілдікке үйренеді. Есептің шарты мен жауап арасындағы мүмкін болатын ойланыс пен толғанысты бастан кешіреді.
6 сыныпта Көгалдандыру. Ағаштар мен бұталарды отырғызудың мерзімі, тәсілдері тақырыбы бойынша сабақты бекіту кезінде берілген есептерге назар аударайық.
1-есеп. Көп пәтерлік үйде 201 адам тұрады. 3 адам бір ағаштан өсіргенде үй жанында қанша ағаш өсіріледі?
Жауабы: 201:3=67 ағаш.
2-есеп. Қалада 150 мың адам тұрады. Биіктігі орташа 1 ағаш 3 адамды оттегімен қамтамасыз етеді. Ағаштың қоректену ауданы 12 шаршы метр. Қала халқын толық оттегімен қамтамасыз ету үшін қалада қанша ағаш өсіру керек және ол ағаштар қандай ауданға (га) егілмек?
Жауабы: 150 000:3=50 000 ағаш;
50 000x12=600 000 м2 = 60 га
3-есеп. Жүз пәтерлік үйде орта есеппен 400 адам тұрады. Биіктігі орташа 1 ағаш 3 адамды оттегімен қамтамасыз етеді. Осы үйдегі барлық тұрғындарды оттегімен қамтамасыз ету үшін қанша ағаш егу керек?
Жауабы: 400:3=133,3 ағаш
4-есеп. Әрбір ұяның ауданы (35x20) см2 болған кезде, 1 гектар жерге қанша өсімдік отырғызуға болады?
Жауабы: 35x20=700 см2 =0,07 м2 ;
10 000: 0,07= 142 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологияны оқытуда тірі өсімдік объектілерін пайдалану әдістемесі
Биология сабақтарында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
«Дарвинизм»
Биология сабақтарында проблемалық әдісті пайдалану
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Оқу-тәрбие процесiнде мектеп оқушыларына Дамыта оқыту жүйесiнде ғылымдар тәжiрибесiне сүйене отырып оқушылардың дамытушылық қабiлетiн қалыптастырып педагогикалық жаңа әдiстердiң тиiмдiлiгiмен жетiстiктерiне тоқталу
Биология пәні бойынша сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру
Химия сабақтарында интерактивті оқыту технологиясы
Оқушылардың биологияны оқуға қызығушылығын арттыру жолдары
Биология сабақтарындағы оқыту технологиясы
Пәндер