Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуы. (1991-2006ж.ж)



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Тарау.Оңтүстік Қазақстандаәлеуметтік саясаттың қалыптасуы.

1.1.Әлеуметтік саясаттың мәні мен жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2. Әлеуметтік саясаттың механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

ІІ. Тарау. Егемен Қазақстан жағдайындағы Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік мемлекеттік саясат

2.1.Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың қалыптасуының кезеңдері
мен саяси құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік қорғау мемлекеттік саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі:Қарастырып отырған жұмысымның тақырыбы Оңтүстік Қазақстан облысы-кең байтақ қазақ жерінің тарихы терең құнарлы да құйқалы,өзгеше өңірі.Ол Қаратау мен Алатаудың баурайынан миллиондаған жылдар бұрынғы адамзаттың мекені болған орындар табылып ғылыми негізде дәлелденуі,сондай-ақ ежелгі түркі қағанаттарытұсында қалалардың жан-жақты өркендеп,өзіндік өркениет ретінде танылғаны талай-талай жәйттерді аңғартады,өзінің жағырафиялық,этникалық,саяси,әлеуметтік ерекшеліктері мен,жер қойнауындағы орасан мол байлығы мен адамзат қауымдастығында өте маңызды орын алады.Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік аумақтық бірлік ретінде 1932 жылы 10 наурызда құрылған,республиканың оңтүстігінде Сырдария алабында орналасқан.Жер көлемі 117,3 мың км2,бұл қазақстан аумағының 4,3 пайызын құрайды,облыста шамамен алғанда 2 миллион 400 мыңдай адам тұрады [1].
Әлеуметтік саясат тақырыбын зерттеу Қазақстанның өз егемендігін алғалы бері айтарлықтай маңызға ие болды. Өйткені Кеңес үкіметі кезіндегі орталықты басқарудың жетегінде болған әлеуметтік саясаттың қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы орны бөлек. Тотаритарлық жүйеде әлеуметтік саясат орталыққа тиімді және әлеуметтендірілген коммунистік бағытта болды. Мұнда керісінше халықтың әлеуметтік саясатқа деген қызығушылығын, бостандығын, жеке көзқарасын жаныштап отырды.
Ал қазіргі демократиялық тәртіп-жоғарғы жақтан билеуші күштердің тарапынан жасалынатын бақылаумен сиыспайды. Басқаша сөзбен айтқанда мемлекеттің әлеуметтік салаға араласу шекарасы шеткі нүктеден (бірақ бұл жол бұл танда сирек кездеседі, өйткені әлеуметтік мемлекет туралы ойлардың басым болуына байланысты) қисынды "алтын ортаға" дейін. Бұл шекара аралығында "халықты әлеуметтік қорғау" мен "мемлекеттің экономикасын көтеру" қатар жүреді.
Мұндай әлеуметтік саясат түрі мемлекеттегі саяси жүйенің тұрақтануына, либералдық, демократиялық саланың дамуына жағдай жасайды. Қазіргі таңда Қазақетан Республикасы әлеуметтік саясаттың жаңа бағытын тандаған болатын. Бұл бағытты таңдауға бірнеше себептер болатын. Оған себеп:
1.әлеуметтік шиеленістерді шешетін институттар саны мен тәжірибенің жеткіліксіз болуы ескі жүйеге деген сенімсіздік туғызды, жаңарған қоғам құруға итермеледі;
2.демократиялық қоғамның-әлеуметтік жаңарулармен қатар дамуы;
3.әлеуметтік саясат әр кезде биліктің легитімділігіне жағдай жасайды, ал өтпелі кезең легитімдіктің жетіспеушілігімен сипатталды.
Халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуі саясатта алдымен әлеуметтік мәселелерді шешуге итермелейді.
Тәуелсіздік алғалы бергі ондаған жылдардың ішінде Қазақстанның саяси, экономикалық өмірінде өте күрделі өзгерістер болып жатыр. Бұлардың ең бастысы Республиканың кешегі Кеңестік қоғамнан жаңа экономикалық, саяси-әлеуметтік құрылымға көшуі. Екінші сөзбен айтқанда, ел нарықтық эканомикаға бет бұрды. Нарықтық экономикаға көшу дегеніміз қоғамда жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуымен, жеке меншіктің пайда болуымен тығыз байланысты. Қазақстандағы бүгінгі таңдағы жүріп жатқан экономикалық процестер Батыс елдерінде баяғыда-ақ басталып, қалыптасқан экономикалық процестерге бірте-бірте ұқсауда. Ал, экономикалық процестердің-әлеуметтік құрылымының дамуында шешуші рөл атқаратындығы белгілі.
Әлеуметтік саясат анықталған қоғамдық қызығушылықтар мен басымдықтың арасындағы тандау болғандықтан оған мемлекеттің араласуы сөзсіз. Дәл қазіргі уақытта әлеуметтік саясат мәселесімен негізінен экономистер ғана айналысуда, ал оның саяси тұрғыдан зерттеп қарастыру керек. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті "Қазақстан халқына Жолдауында" айтып өткендей, бүгінгі таңда бірінші кезекте-ғылыми стратегиялы реформаны таңдау, реттеу және орындау . әлеуметтік тәжірибеде және мемлекеттің өзіндік дамуында ерекше орын алады. "Біз өзіміздің таңдаған бағытымызды нақты білуіміз және түсінуіміз керек, өйткені осы бағыт арқылы көздеген мақсатымызға жетеміз. Өз бағытымызды дұрыс анықтап осы бағытқа жетуге төзімді де шыдамды болуымыз керек. Күшті және нақты бағыт таңдау арқылы біз кез келген қиыншылықтарды жеңе аламыз"- деген болатын [2].
Кез-келген мемлекет өркениетті елдер қатарына қосылу үшін алдымен өз халқының әлеуметтік жағдайын көтеру керек. Осы көзқарастар тұрғысынан әлеуметтік саясаттың дамуын оқыту өте маңызды орын алады. Қазіргі танда әлеуметтік саясат айтарлықтай жоғары өзгеріске түсуде. Өткен тәжірибені, ондағы қателіктерді қайталамау үшін оларды оқып, реттеп отыру қажет.
Сондықтан да әллеуметтік саясатты зерттеп қарастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұл тек ғылыми тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік маңызы бар. Сондықтан да мен диплом жұмысымның тақырыбын Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуы деп таңдадым.
Тақырыптың зерттелу денгейі:Қарастырып отырған жұмыстың зерттелу денгейін оның мол мәліметтер мен деректерді тиімді әрі тианақты қолданудан көре аламыз.Жұмыстың зерттелу денгейі бұған дейін де зерттеліп келген ғалымдар мен ізденушілердің еңбектерінде көрінім тапқан.Мен бұл жұмысымды дәл осы тақырып денгейінің жоғарғы денгейде болуын алдыма мақсат етіп қойдым.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
1.Тақырыпты зерттеу мақсаты. нақты-тарихи зерттеулер арқылы саяси даму кезендеріміздегі әлеуметтік саясаттың қайшылықтық тұстарын ашып көрсету және егеменді мемлекетіміздің жаңа әлеуметтік саясаттын саясаттану ғылымы тұрғысынан сараптау.
2.Міндеттері.
Бұл мақсаты жүзеге асыру үшін мынадай .зерттеу міндеттері диплом жұмысында алға қойылды:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. НА. Назарбаев. Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана // Казахстанская правда. 11-октября 1997 г.
2. Аида Асқарова. Аймақтағы әлеуметтік жағдай №7 2003 Ақиқат 76 – 78 б.
3. Р.К.Алиев.,В.Д.Кокеев. З.М. Джанпаизова. /Саяси терминдер мен ұғымдар сездш. Шымкент.- 2ООО.-59б./1О-бет/.
4. Облыс әкімі есеп берді, қандай ой түйіндедік//Оңтүстік Қазақстан -2006 1 ақпан - 2 б.
5. Жуков.В.ИДСрасновБ.И. / Политология./ Москва,-1995.
6. Досымбай Е. Былтыр есеп беру қалай өтті, нені анықтады? //Оңтүстік Қазақстан 2006 – 2007 25 – қаңтар – 1б.
7. Политология: Энциклопедический словарь /Общ.ред.и сост; Ю.И.Аверьнов/. М., Изд-во Моек коммерч.ун-та, -1993.-358с.
8. ОҚО 2006 жылғы әлеуметтік - экономикалық дамудың негізгі қорытындылары //Оңтүстік Қазақстан 2006 20 қаңтар 2 б.
9. Берк Э. Размышления о революции во Франции. М.,1993.
10. Ш.Өмірзақ Мемлекет қызметкерлер халыққа пайдалы пайдалы мәселемен айналысу керек. //Оңтүстік Қазақстан 2006 21 қараша 1 б.
11. Политология: Энциклопедический словарь. С. 139-141.
Гарбузов В.Н.,Консерватизм: понятие и типология (историографический обзор)// Полис. 1995. 4, С.68.
12. ОҚО әкімнің өкімі: ОҚО әкімі Ө. Шөкеевтің облыс және қала әкімшілігіндегі аппараттарға өзгерістер. // Оңтүстік Қазақстан 2006 28 қыркүйек 1 б.
13. Статистический ежегодник Казахстана за 1994 г. Алматы, 1994 г./57-бет./
14. Отчет Межведомственной Комиссии ООН по неотложным социальным вопросам в Казахстане. Алматы. 16 марта 1994г, /22-бет/.
15. Оценочный отчет. Республика Казахстан. Проект
социальной зашиты.Т. 1. Документ Всемиррного Банка. /11-бет/.
16. Казахстан. Отчет по человеческому развитию 1995. Алматы. 995./31бет/.
17. Казахстан. Отчет по человеческому развитию 1996. Алматы. 1996 г./34 бет./.
18. Осы жерде./34бет/.
19. Статистический ежегодник Казахстана за 1994./25-бет/.
20. Осы жерде./ 126-бет/.
21. Отчет Межведомственной Комиссии ООН по неотложным социальным вопросам в Казахстане ./5—бет/.
22. Краткий статистический ежегодник Казахстана. Алматы, 1994 г./84-бет/.
23. Осы жерде /74-бет/
24 . Казахстан. Отчет по человеческому развитию 1996./104-- бет/.
25. Статистически ежегодник Казахстана за 1995 г.Алматы. 1996 г. /43-55 стр/.
26. Краткий статистический ежегодник Казахстана. Алматы, 1996 г. /27-бет/.
27. Статистически ежегодник Казахстана за 1995 г.Алматы. 1996 г. /43-55 стр/.
28. Краткий статистический ежегодник Казахстана Алматы, 1996 г./27-бет/.
29. Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана '"О положении в стране и основных направлениях внутренней и внешней политики на 1997 г. Казахстанская правда. 8-октября 1996 г.
30. Кдзакртан-2030 стратегиясы//Егемен Кдзакртан 12.12.2001ж. 35. Из справки Государственного комитета Республики
Казахстан по статистике анализу 06-0631/82 от 26.09.95.
31. Кушербаева К.Е:" Некоторые вопросы эволюции внуренной политики Казахстана"Саясат. 1995.г4. 27-43 беттер
32. И.Н. Тасмаганбетов."Социальная политика и политическая трансформация" Алматы; 1997 г.
33. Н. Райханулы."Кедейлік, жұмыссыздық-бір қасірет." Ақиқат жур - ы. 2001ж . 3. (18-226)
34. Мемлекеттік атаулы көмек туралы. //Егемен Қазақстан. 25.01.2002ж
35. Резалюция 1-й сесий Ассамблей народов Казахстана "о всенародном референдуме".Казахстанская правда 1 апреля 1995 г.
36. Собщение об итогах голосования на республиканском референдуме 29 апреля 1995 г./ Казахстанская правда 4 мая 1995 г.
37. Атаулы әлеуметтік көмек туралы заң. //Егемен Қазақстан 2001 ж.
38. ОҚО әкімінің өкімі Ұ.С. Сәдібеков - 2006 ж 4 қырқкүйегінен баста ОҚО Бәйдібек ауданының әкімі. //Оңтүстік Қазақстан 2006 – 5 қыркүйек 1б.
39. Айнабеков Б., Төлтебаев Ә. басты назарда әлеуметтік реформалар (ОҚО облысының әлеуметтік және экономикалық дәрежесі туралы облыс әкімі Болат Жылқышиевпен сұхбат//Заң газеті 2005 мусым /1 – 2 бет/
40. Алдабергенов Қ. Классиктер жүйе қол созып тұр /Экономиканы дамыту және бәсекеге қабілетті/ //Оңтүстік Қазақстан 2005 19 қараша.
41. Барақ Е. Есеп берілді не істелінді /ОҚО – ның Отырар ауданы бойынша сараптама материал// Егемен Қазақстан 2005 27 шілде (№164 – 167) / 7 – бет./
42. Бурлагенка С. Облыс әлеуметтік – мемлекеттік экономикасы ілгері жылжып келеді. /Облыс экономикасын әлеуметтік көрсеткіштері// Оңтүстік Қазақстан – 2005 5 ақпан (№17) /2 - бет/
43. Жүзенов Б. Отандық тауар (Обылыстағы индустриалдық даму) Оңтүстік Қазақстан 2004 1 – Желтоқсан /5 – бет/.
44. Келген жылдан үміт көп, өткен жылға өкпе жоқ. /Облыс әкімі Б.Жылқышиевтің өткен жылды сараптап, алдағы атқарар аумақтар ауқымды тіршіліктер жайлы ой – пікірлер// Шымкент келбеті 2005 4 ақпан /3 - бет/.
43. Көшербаева Е.Тоғыз айдың қорытындысы толынды табыстар да, төзбес ксишіліктер де бар. //Оңтүстік Қазақстан - 2005 – 29 қазан / 1,2 – бет/.
44. Облысымыз 10 айда /Статистикалық көрсеткіштер// Оңтүстік Қазақстан – 2005 17 – қараша /2 – бет/.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тарих факультеті

Саясаттану кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік саясаттың жүзеге
асырылуы.
(1991-2006ж.ж)

Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Тарау.Оңтүстік Қазақстандаәлеуметтік саясаттың қалыптасуы.

1.1.Әлеуметтік саясаттың мәні мен
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2. Әлеуметтік саясаттың
механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

ІІ. Тарау. Егемен Қазақстан жағдайындағы Оңтүстік Қазақстан облысындағы
әлеуметтік мемлекеттік саясат

2.1.Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың қалыптасуының кезеңдері
мен саяси құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.20
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік қорғау мемлекеттік
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 65

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі:Қарастырып отырған жұмысымның тақырыбы Оңтүстік
Қазақстан облысы-кең байтақ қазақ жерінің тарихы терең құнарлы да
құйқалы,өзгеше өңірі.Ол Қаратау мен Алатаудың баурайынан миллиондаған
жылдар бұрынғы адамзаттың мекені болған орындар табылып ғылыми негізде
дәлелденуі,сондай-ақ ежелгі түркі қағанаттарытұсында қалалардың жан-жақты
өркендеп,өзіндік өркениет ретінде танылғаны талай-талай жәйттерді
аңғартады,өзінің жағырафиялық,этникалық,саяси,әлеуме ттік ерекшеліктері
мен,жер қойнауындағы орасан мол байлығы мен адамзат қауымдастығында өте
маңызды орын алады.Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік аумақтық бірлік
ретінде 1932 жылы 10 наурызда құрылған,республиканың оңтүстігінде Сырдария
алабында орналасқан.Жер көлемі 117,3 мың км2,бұл қазақстан аумағының 4,3
пайызын құрайды,облыста шамамен алғанда 2 миллион 400 мыңдай адам тұрады
[1].
Әлеуметтік саясат тақырыбын зерттеу Қазақстанның өз егемендігін алғалы
бері айтарлықтай маңызға ие болды. Өйткені Кеңес үкіметі кезіндегі
орталықты басқарудың жетегінде болған әлеуметтік саясаттың қазіргі тәуелсіз
Қазақстан жағдайындағы орны бөлек. Тотаритарлық жүйеде әлеуметтік саясат
орталыққа тиімді және әлеуметтендірілген коммунистік бағытта болды. Мұнда
керісінше халықтың әлеуметтік саясатқа деген қызығушылығын, бостандығын,
жеке көзқарасын жаныштап отырды.
Ал қазіргі демократиялық тәртіп-жоғарғы жақтан билеуші күштердің
тарапынан жасалынатын бақылаумен сиыспайды. Басқаша сөзбен айтқанда
мемлекеттің әлеуметтік салаға араласу шекарасы шеткі нүктеден (бірақ бұл
жол бұл танда сирек кездеседі, өйткені әлеуметтік мемлекет туралы ойлардың
басым болуына байланысты) қисынды "алтын ортаға" дейін. Бұл шекара
аралығында "халықты әлеуметтік қорғау" мен "мемлекеттің экономикасын
көтеру" қатар жүреді.
Мұндай әлеуметтік саясат түрі мемлекеттегі саяси жүйенің тұрақтануына,
либералдық, демократиялық саланың дамуына жағдай жасайды. Қазіргі таңда
Қазақетан Республикасы әлеуметтік саясаттың жаңа бағытын тандаған болатын.
Бұл бағытты таңдауға бірнеше себептер болатын. Оған себеп:
1.әлеуметтік шиеленістерді шешетін институттар саны мен тәжірибенің
жеткіліксіз болуы ескі жүйеге деген сенімсіздік туғызды, жаңарған қоғам
құруға итермеледі;
2.демократиялық қоғамның-әлеуметтік жаңарулармен қатар дамуы;
3.әлеуметтік саясат әр кезде биліктің легитімділігіне жағдай жасайды, ал
өтпелі кезең легитімдіктің жетіспеушілігімен сипатталды.
Халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуі саясатта алдымен әлеуметтік
мәселелерді шешуге итермелейді.
Тәуелсіздік алғалы бергі ондаған жылдардың ішінде Қазақстанның саяси,
экономикалық өмірінде өте күрделі өзгерістер болып жатыр. Бұлардың ең
бастысы Республиканың кешегі Кеңестік қоғамнан жаңа экономикалық, саяси-
әлеуметтік құрылымға көшуі. Екінші сөзбен айтқанда, ел нарықтық эканомикаға
бет бұрды. Нарықтық экономикаға көшу дегеніміз қоғамда жаңа экономикалық
қатынастардың қалыптасуымен, жеке меншіктің пайда болуымен тығыз
байланысты. Қазақстандағы бүгінгі таңдағы жүріп жатқан экономикалық
процестер Батыс елдерінде баяғыда-ақ басталып, қалыптасқан экономикалық
процестерге бірте-бірте ұқсауда. Ал, экономикалық процестердің-әлеуметтік
құрылымының дамуында шешуші рөл атқаратындығы белгілі.
Әлеуметтік саясат анықталған қоғамдық қызығушылықтар мен басымдықтың
арасындағы тандау болғандықтан оған мемлекеттің араласуы сөзсіз. Дәл
қазіргі уақытта әлеуметтік саясат мәселесімен негізінен экономистер ғана
айналысуда, ал оның саяси тұрғыдан зерттеп қарастыру керек. Еліміздің
Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті "Қазақстан халқына Жолдауында"
айтып өткендей, бүгінгі таңда бірінші кезекте-ғылыми стратегиялы реформаны
таңдау, реттеу және орындау . әлеуметтік тәжірибеде және мемлекеттің
өзіндік дамуында ерекше орын алады. "Біз өзіміздің таңдаған бағытымызды
нақты білуіміз және түсінуіміз керек, өйткені осы бағыт арқылы көздеген
мақсатымызға жетеміз. Өз бағытымызды дұрыс анықтап осы бағытқа жетуге
төзімді де шыдамды болуымыз керек. Күшті және нақты бағыт таңдау арқылы біз
кез келген қиыншылықтарды жеңе аламыз"- деген болатын [2].
Кез-келген мемлекет өркениетті елдер қатарына қосылу үшін алдымен өз
халқының әлеуметтік жағдайын көтеру керек. Осы көзқарастар тұрғысынан
әлеуметтік саясаттың дамуын оқыту өте маңызды орын алады. Қазіргі танда
әлеуметтік саясат айтарлықтай жоғары өзгеріске түсуде. Өткен тәжірибені,
ондағы қателіктерді қайталамау үшін оларды оқып, реттеп отыру қажет.
Сондықтан да әллеуметтік саясатты зерттеп қарастыру маңызды
мәселелердің бірі болып табылады. Бұл тек ғылыми тұрғыдан ғана емес,
сонымен қатар тәжірибелік маңызы бар. Сондықтан да мен диплом жұмысымның
тақырыбын Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік саясаттың жүзеге
асырылуы деп таңдадым.
Тақырыптың зерттелу денгейі:Қарастырып отырған жұмыстың зерттелу денгейін
оның мол мәліметтер мен деректерді тиімді әрі тианақты қолданудан көре
аламыз.Жұмыстың зерттелу денгейі бұған дейін де зерттеліп келген ғалымдар
мен ізденушілердің еңбектерінде көрінім тапқан.Мен бұл жұмысымды дәл осы
тақырып денгейінің жоғарғы денгейде болуын алдыма мақсат етіп қойдым.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
1.Тақырыпты зерттеу мақсаты. нақты-тарихи зерттеулер арқылы саяси даму
кезендеріміздегі әлеуметтік саясаттың қайшылықтық тұстарын ашып
көрсету және егеменді мемлекетіміздің жаңа әлеуметтік саясаттын саясаттану
ғылымы тұрғысынан сараптау.
2.Міндеттері.
Бұл мақсаты жүзеге асыру үшін мынадай .зерттеу міндеттері диплом
жұмысында алға қойылды:
• әлеуметтік саясат мәні, жіктелінуі және таратылу механизмдерін
саясаттану ғылымы тұрғысынан сараптау;
• кеңестік Қазақстан тұсындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты тудырған
қайшылықтардың негізгі себептерін ашып көрсету;
•тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы әлеуметтік саясаттың қалыптасу
ерекшеліктері мен кезеңдері айшықтау;
•өтпелі қоғамдағы әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту
және еңбек саларындағы реформалардың саяси келбетіне тұжырымдамалар жасау;
•Қазақстанда әлеуметтік саясаттың қалыптасуының саяси-құқықтық негіздерін
талдау;
•демократиялық қоғам құру кезіндегі мемлекетіміздін әлеуметтік
саясаттың келешегіне болжамдар жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бұл еңбекте Қазақстанның тәуелсіздігін алған
жағдайындағы еліміздің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары саяси талдау
арқылы сарапталады. Бұл жұмыстың ерекшелігі тәуелсіз мемлекетіміздің
қазіргі әлеуметтік саясатын кеңестік әлеуметтік саясатпен салыстырмалы
талдауында. Сонымен қатар жұмыста мынадай ғылыми нәтижелерге қол жеткізді:
•Оңтүстік өңіріміздің әлеуметтік саясаттының негізгі бағыты жалпы саяси
даму сипатына тәуелділігі айтыла келе, еліміздегі әлеуметтік
саясаттың негізгі кезендері анықталады;
•Оңтүстік өңіріміздің әлеуметтік саясатының бүгінгі ал-ахуалын талдау
арқылы оның болашағы анықталған, әлеуметтік саясат тиімділігі, әлеуметтік
етенелеу негізі екендігі тұжырымдалған;
•Оңтүстік жеріміз өзінің әлеуметтік саясатын жүргізу үшін қабылдаған заңдар
жан-жақты, жүйелі сарапталынып, ондағы кейбір қайшылықтық тұстар ашылып
көрсетілген;
•еліміздегі азаматтардың әлеуметтік белсенділігі жоғары болып тұрған бұл
кезең билік құрылымдарының барлық деңгейінде жауапкершілікті талап етіп
отырғандығын айта келе, өркениетке бастауға байланысты тұжырымдар
келтіріледі.
Зерттеудің обьектісі:
Оңтүстік Қазақстандағы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын
айқындау.
Зерттеудің құрылымы:Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік саясаттың
жүзеге асырылуы атты дипломдық жұмысым кіріспе бөлімнен, екі тараудан,әр
тарау екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І-тарау.Оңтүстік Қазақстанда әлеуметтік саясаттың қалыптасуы
1.1. Әлеуметтік саясат мәні және жіктелінуі
Қоғамдық қатынасты: экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани деп
бөлу етек алған. Бұның ішінде:
• экономикалық қатынас—бұл адамдар арасындағы өндіріске қатысты
материалдық қорды пайдалану және бөлу қатынасы;
• саяси қатынас—бұл азаматтардың билік жүйесі және мемлекетті
басқаруға қатысуы жайлы;
• рухани қатынас—рухани қажеттілікті өтеу үшін және рухани
байлықтың жеткілікті болуын қадағалау;
•экономикалық, саяси, рухани қатынастың негізінде әлеуметтік қатынас
қалыптасады.
•әлеуметтік қатынастар адамның әлеуметтік статусы, жеке қатынастар мен
топтық қатынас арқылы қалыптасады.
Әлеуметтік қатынастар азаматтың, этникалық, саяси, қызметтік
айырмашылығы негізінде қалыптасатын әлеуметтік әділеттіліктің шекарасы
және әлеуметтік қатынастардың негізі болып табылады.
Әлеуметтік қатынас-әлеуметтік саясат негізінде дамиды. XX ғасыр
көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің ішкі саясатының негізі болып,
әлеуметтік саясат шешуші рөл атқарады.
"Әлеуметтік саясат"-мемлекеттің ішкі саясатының бір бөлігі, оның
әлеуметтік программалары мен тәжірибесін, әлеуметтік топтардың
қызығушылығые реттейді. Әлеуметтік саясат экономикамен тығыз байланысты.
"Әлеуметтік саясат-қоғамның ең жоғарғы деңгейде дамуын қамтамасыз етуге,
әлеуметтік мақсат-мүдделер мен қажеттіктерді қанағаттандыруға, лайықты өмір
салтын орнықтыруға бағытталған саяси шешімдер мен іс-әрекеттер жиынтығы"[3]
. Оларға ең алдымен :
• халықтың тұрмыс жағдайын көтеру, жалақының мөлшерін көбейту,
денсаулығын сақтау, білімін жетілдіру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және
т.б. жатады.
Әлеуметтік саясаттың басты мақсаты: қоғамдық қатынастарды үйлестіру,
саяси тұрақтылықты және азаматтық келісімді реттеу болып табылады. Бұған
сонымен қатар, тұрғындардың ақшалай табысы мен товарлық ресурстардың
арасындағы байланысты ұстап тұру, тұрғын үй проблемаларын шешу,
тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру, халықтың денсаулығын сақтау, олардың
мәдениеттілігін, білімділігін арттыру мәселелері де жатады. Үкіметтік
деңгейде әлеуметтік саясат мақсаты: қазіргі таңда Қазақстан Республикасында
тұрып жатқан азаматтардың өмірін тұрақтандыру, халықтардың кедейленуіне жол
бермеу. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін экономикалық және құқықтық
жағдайлар жасау керек. Яғни қоғамның, халықтардың жоғарғы деңгейде өмір
сүруі үшін қоғамдағы жұмыс істеуге қабілетті азаматтар мен жұмысқа
қабілетсіз азаматтар арасындағы байланысты ұстап тұру, жеке, адрестік
әлеуметтік көмекті жоғарылату, кедейлікті жою, медициналық жағынан
көмектесу, білім және мәдениетті көтеру, тұрғын үй мәселесін шешу,
жұмыссыздықты қысқарту және еріксіз көшіп келген мигранттарға көмектесу
секілді мәселелерге көңіл бөлу.
Қазіргі танда Қазақстан республикасының үкіметі басым бағытты-
әлеуметтік саясатқа бұруда. Олардың қатарына: халықтың табыс деңгейінің
төмендеуіне жол бермеу, жұмысшылардың экономикалық қызығушылығын арттыру,
әлеуметтік саланы реформалау жатады. Негізгі әлеуметтік саясат
мәселелерінің маңызды сұрақтарының бірі—кедейлік мәселесі.Бұл негізінен
жұмыссыздыққа байланысты туындайды. Бұл үшін халықты жұмыспен қамтамасыз
ету, Қазақстандықтардың өмір деңгейін тұрақтандыру және табыстың әділетті
бөлінуін қадағалау көзделіп отыр. Сонымен қатар халықтың табысы төмен
бөлігіне, яғни: көп балалы жанұяларға, жарымжан адамдарға, зейнеткерлерге,
жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету. Бұларға әлеуметтік көмек көрсету
мақсатында: жәрдемақы, зейнетақы мөлшерін жоғарылату, үйсіздерге тұрғын үй
мәселесімен көмектесу қажет.
Сонымен әлеуметтік саясатқа: халықты әлеуметтік қорғау, яғни халықтың
денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, еңбек саласын реттеу, миграциялық
қызметті, зейнетақыны және жәрдемақыны реттеу кіреді. Бұл мәселелермен
мемлекеттік органдар: Ішкі істер министрлігі, Білім және Мәдениет
Министрлігі, Қорғаныс Министрлігі, ал мемлекеттік емес ұйымдардан:
қайырымдылық қорлары, мемлекеттік емес зейнетақы қорлары және тағы басқада
қорлар айналысады. Қоғамның әлеуметтік саласы мемлекеттің реформалық
бағытта дамуында шешуші рөл атқарады, ал әлеуметтік ұйым тиімді әлеуметтік
құрмет көрсететін және халыкты әлеуметтік жағынан қорғайтын мамандар
дайындайды.
Кез-келген әлеуметтік саясат-тәжірибе жүзінде, әлеуметтік қызмет
арқылы іске асады. Сонда ғана ол нақтылы нәтиже береді. Әлеуметтік саясатты
шартты, ахуалды, динамикалық үлгідегі бағыт ретінде қарастырута болады.
Өйткені ол қоғамда өз орнын табуға және қалыптастыруға тырысқан халыктың,
азаматтардың өмірін қорғаумен айналысады. Заңға және құқықтық актілерге,
мемлекеттік басқару органдарына сүйене отырып адамдардың жаңа қабылданған
нормаларға, заңдарға бейімделуін, әлеуметтік саясатын реттеп отырады.
Салмақты саясат-нақты әлеуметтік көмек пен жәрдемге негізделген заң жинақ
болып табылады. Өйткені заңдар, құқықтық нормалар сөз жүзінде айтылып қана
қойса, ал іс жүзінде орындалмаса, онда ол қоғамның дамуына айтарлықтай
кедергісін келтіреді.
Қызығушылыққа байланысты, әлеуметтік, кәсіби, жасына байланысты
топтарға бөлу—бұл қиын, әрі күрделі процесс. Сол себептен әртүрлі
топтардың, олардың мүмкіндіктері мен шарттарын бірдей деңгейде, нақты және
толық қарастырғанда ғана әлеуметтік саясаттың қызметі нәтиже береді деуге
болады. Әлеуметтік саясатта сабақтасқан, өзара әрекетескен екі элементті
қарастыруға болады: 1.ғылыми-танымдық; 2. тәжірибелік-ұйымдастырушылық.
1)Ғылыми-танымдық элемент-қоғамдық қалыптасқан қажеттіліктерді
талдау және ұғыну, біржақты әлеуметтік процестің дамуын
қадағалау ретінде қызмет атқарады. Ол қоғамның жәй-күйін және
көзқарасын және мемлекеттегі әр халықтың тұрақты, орнықты дамуын
реттейді. Осы әдістік құжаттар мемлекетте әлеуметтік саясаттың
концепцияларының қабылдануына негіз болады.
2)Тәжірибелік-ұйымдастырушылық элемент-әлеуметтік саясаттың қабылдаған
шешімдерін жүзеге асырушы. Мұнда негізінен әлеуметтік қызметтер мен
халықтың жағдайын жақсарту жөніндегі іс -әрекеттер жатады.
Екі жақты өлшем: мемлекеттің әлеуметтік саясатының ғылыми тұрғыдан
зерттелінуі және халықпен күнделікті санасуы - әлеуметтік жұмыстардың
негізі болып табылады.
Әлеуметтік саясаттың ұйымдастырушылық қызметіне: әлеуметтік
қызметтерді дайындау, алға қойған әлеуметтік шешімдерді шешу, олардың
бағыттарын анықтау, еңбек бөлінісін реттеу және сонымен қатар қабылданған
заңдылықтарды орындау жатады.
Осылайша, әлеуметтік саясат және әлеуметтік қызмет тығыз байланыста
дамиды. Бұл қатынас диалектикалық мінезді: әлеуметтік қызмет-әлеуметтік
саясат үлгісінде болады. Екінші жағынан, әлеуметтік саясат әлеуметтік
қызметте іске асады. Алайда, әлеуметтік саясат пен әлеуметтік қызмет толық
сәйкес келеді деп айтуға болмайды. Әлеуметтік саясат өзінің мағынасы
жағынан әлеуметтік қызметке қарағанда кеңдеу, жылжымалы. Әлеуметтік саясат
әлеуметтік қызметті анықтаушы болып келеді [4].Әлеуметтік саясаттың маңызды
қызметерінің бірі: қоғамның тең деңгейде дамуына қол жеткізу болып
табылады. Оған:
•апаттың салдарынан, артықтан, аурудан, табиғи және техногендік апаттан
(зіл-заладан), демографиялық "жарылыстан" және тағы басқа апаттардан
сақтауға мемлекеттік кепілдік беру;
•өмірдің анықталған белгілі бір деңгейіне бағытталған және оның сапасын
өзгертуге негізделген материалдық қорды және ұйымдастырушылық көмекті
қайта бөлу. Әлеуметтік қиындыктарды төмендету;
•салықтың мөлшерін қысқарту, қаржы мен қайырымдылықты
көтеру, кәсіпкерлік бастама секілді өмірлік нұсқауларды реттеу жатады[5].

1.2.Әлеуметтік саясаттың механизмдері
Әлеуметтік саясатты жетілдіруде мемлекет алдында әлеуметтік артықшылық
немесе әлеуметтік мәселе жайлы сұрақ туындайды. Бұл сұрақтарға нақты
кезеңде, алғашқы кезекте қоғам жауап беруге міндетті. Себебі әлеуметтік
орта, азаматтық құқық үшін күрес, әлеуметтік қажеттілік талаптарды
қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік саясат осыны қарастыруы тиіс.
Әлеуметтік саясаттың жүргізген межесі бойынша: қоғамдық өмірдің ұйымдасуын
үш негізгі концепцияға бөлуге болады:
1.Мемлекет — "түнгі күзетші " ретінде .
2.Мемлекет — "жалпы жарылқаушы " ретінде.
3.Коммунистік бағыт концепциясы.
Мемлекеттің "түнгі күзетші" концепциясында басты ілімдік бағыттар:
концерватизм мен либерализм. Концерватизм мен либерализм адамзаттың
өркениетті дамуы ретінде: кейде шатысып, кейде бір-біріне қарсы тұрып әр
қайсысы-жеке өзіндік даму жолынан өтті.
Концерватизм-саяси идеология ретінде ХҮІІГ ғасырда, яғни жаңа дәуірде
пайда болды. Ең алғашқы концерватизмнің идеологы ретінде Англияның саяси
қайраткері, философ, публицист Эдмунд Беркті айтуға болады. 1790 жылы оның
"Франциядағы революция жайлы ойлар" атты кітабы жарық көрді. Бұл кітабъшда
Берк алғаш рет концерватизм принциптерін қалыптастырды. Ол Европаның
білімпаздық идеясына және Француз революциясы идеясына қарсы шықты. Берк
қоғамдық өмір—салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, моралдік және материалдық байлықтар
негізінде, алдыңғы ұрпақтан және өзара қатынас негізінде қалыптасады деді.
"Қоғам-философ ойынша-тұрақтылық, тевдік және бірте-бірте жаңару сияқты
принциптерге еру қажет. Осы жағдайда ғана қоғамның болашағы бар"[6].
Консерваторлық идеясын негізінде саясатқа мынандай қоғам қайраткерлері,
саясаттанушылар енгізді: О.Бисмарк. Б.Дизраэли. К.Метерних, У.Черчиль. Ш.Де
Голль, Л.Эрхарт. В.Жискарт, Р. Рейган және М.Тэчер.
Ал консерватизм термині ең алғаш рет Француз жазушысы Р.Чато Брионның
1817 жылғы "Концерватизм" деген журнал шығарыла бастағанда қолданыс тапқан.
Содан бері концерватизм және концервативтік сөздері айқын мағына беріп,
еркін қолданыла бастады. Біреулер концерватизмді ашық ойлау нұсқасы деп
түсінсе, келесі біреулер жүріс-тұрыс стилі, үшіншілер идеология формасы деп
түсінеді. Біздің кезімізде концерватизмді идеология формасы немесе қазіргі
постиндустриялды қоғамдағы концепция ретінде қарастыру қызыктырып отыр.
"Саясаттану" энциклопедиясындағы "концерватизмнің" анықтамасына тоқталар
болсақ, Мұнда концерватизм идеология формасы ретінде сараланып, оны үш
түрге бөліп қарастырады:
• Концерватизмнің бірінші түрі-дәстүрлік концерватизм. Бұл әлеуметтік
тұрақтылықты және нарықтық капитализмге тән моралдік дәстүрді сақтау. Бұл
бағыттың өкілдері Э.Берк, Ж.дс Местр. Л де Бональд. XX ғасырда дәстүрлік
бағыт АҚШ-та, жетпісінші-сексенші жылдары "жаңа құқықтық " қозғалысқа бағыт
алды.
• Концерватизмнің екінші түрі - индивиттің бостандығын шектемейтін
антиэтетизм идеясын уағыздаушы либертализм. Концерватизмнің Бұл теориясын
негізін салушылар: Ф.Хайек. Дж.Роулс. Бұлардың ойынша индивит құқығы-
коллектив қызығушылығынан басым тұрады. Мемлекеттің экономикаға араласуына
негіссіз, барлығын жарылқайтын мемлекет-социализм түрі ғана. Либертализм
поцизиясы әсіресе XX ғасырдың жетпісінші жылдарының соңында күшейді.
• Концерватизмнің үшінші түрі — неоконцерватизм. Неоконцерватизм саяси және
әлеуметтік сұрақтарға жауап беру жағынан неолиберализмге ұқсас. Қоғамдық
даму, адамның табиғи, әлеуметтік және саяси белсендігі, саясат және
әлеуметтік қатынасты демократизациялау принциптері ұқсас. Неоконцервативтік
экономикалық саясаттын негізгі әлеуметтік тиімсіз және кейнсиандық әдістік
мемлекеттік реттеу[7].
Концерватизм өзіндік даму тарихында өзгеріп тұрады. Соңғы екі ғасырда ол
өзінің эволюциясын ескі бағытын жоғалтып, жаңа бағыттық сипат тауып,
жаңарып отыр. Бірақта оның негізгі бағыттары сол күйінде сақталып, оның ары
қарай дамуына негіз болып отыр. Концерватизм либерализммен, социалистік-
демократиямен және коммунизммен қатар идеология ретінде өмір сүріп отыр.
Бірақта бұл бағыттардың концерватизмнен ерекшелігі-дейді В.Н.Горбузов ол
ерекше қасиетке ие. Себебі ол осы бағыттардың әр қайсысының ішінде,
құрамында өмір сүреді[8]. Ал енді келесі бағыт: либерализмге келер болсақ
ол алғаш идеология ретінде ХҮП-ХҮШ ғасырларда Англияда және АҚШ-та пайда
болды. Европада XIX ғасырдьщ 30-40 жылдары либерализм түсінігі енгізідді.
Бұның негізін салушылар: Д.Локк. Э.Бекон. Юм.Кант. Монтеське.
И.Бентам.Т.Джефферсон, А.Смит, Дж. Дьюи және тағы басқалар.Өз кезеңінде
либерализм туыстас идеологиялардың жиынтығы болып табылады. Либерализмге
адамдардың бостандығы тән. Либерализм ерекшелігі "бостандық рухы"- өзі ғана
емес, осыны құру үшін құқықтық институттар қалыптастыруы.
XX ғасырда либерализм мен консерватизм бір-біріне қарама -қарсы ағым
ретінде өмір сүрді. Концерватизм-бүкіл халықгық бірлікті және қандайда бір
таптық талап етуге қарсы мемлекеттік бағыт болса, либерализм-жеке адам
бостандығын жақтаған және ұйымдасқан көпшілік билікті жақтады. Ал көпшілік
биліктің демократиялық жолмен ұйымдасама немесе авторитарлық жолмен
ұйымдасама, ол жағына көңіл бөлмеді.
XX ғасырда классикалық либерализм бірте-бірте өз бағытын жоғалта
бастады. Бұл өз кезегінде либерализнің құндылықтарының дағдарысқа ұшырауына
алып келді. Батыс Еуропада және Солтүстік Америкада ескі либерализмді
екінші орынға қалып, социалистік-демократиялық бағыт бірінші орынға шықты.
Мысалы: Ұлыбританияның партиялық жүйесінде либерализм толық консерваторлық
бағдарламаның экономикалық бөлігіне айналды. Басқаша сөзбен айтқанда:
либерализм консерватизмен бірігіп, эволютциялық өзгеріске ұшырады. Бұл
жерде экономикалық либерализм: экономиканы-адамдар қызметінің және мемлекет
пен қоғамның дамуының доминанты ретінде қарастырды. Ал саяси либералим
болса-ХХ ғасырдың өзінде-ақ адамзат тарихында,батыс қоғамында шешуші
рөлдердің бірін атқарды деуге болады. Кейіннен ол экономикалық либерализмге
жол берді. Экономикалық либерализм консерватизм бағытымен бірігуі
нәтижесінде әлемдік дамуда жаңа бағыт либералды-неоконсервативтік бағыт
қалыптасты. Бұл ағым: жеке меншік және еркін нарықтык экономика, қоғамның
эволютциялық дамуы, мемлекеттің экономикаға аз мөлшерде араласуымен
сипатталады. Неоконсерваторлар реалистік және рационалистік бағытты
ұстанады. Жаңа либерализмнің ерекшелігі: азаматтық қоғамның негізі-
саясаттан бөлінген экономика.
Осылайша либералдық-неоконсерваторлық ағым өкілдері мемлекеттің
экономикаға қатысуын шектеп, азаматтардың экономиканы жүргізуін қалайды.
Басқа сөзбен айтқанда, неоконсерватизм идеологиясы: мемлекетті әлеуметтік
шектеу саясатын қолдайды. Өйткені, олардың ойынша кез келген мемлекеттің
әлеуметтік бағдарламасы экономиканың құлдырауына алып келеді.
Мемлекеттің "жалпы жарылқаушы" концепциясы мемлекеттің "түнгі күзет"
рөлі ретіндегі және комунистік концепцияларының альтернативасы болып
табылады. XX ғасыр бірінші жартысындағы батыстық капитализмнің дамуындағы
терең дағдарыс (АҚШ және Англияда ) капитализмді өзгеріс жолына түсуге алып
келеді. Классикалық капитализм өзгеріп демоқратиялық-социализм бағытына
ауысты. Бұл бағытқа ауыса отырып классикалық капитализм, социализмнің
қазіргі бағытын өзінше демократияландырды. XX ғасырдың жартысында ескі
капитализмнің орнына тұрақты әлеуметтік-нарықтык постиндустриализм бағыты
келді. Бұл бағыт екі қоғамдық жүйені: капитализм мен социализмді
ұқсастырды. Бұл жайлы кезінде американдық экономист Д.К. Гелбрейт жазса,
атақты XX ғасыр гуманисті А.Д. Сахаров армандаған болатын.
Әлеуметтік-экономикалық бағыттың негізгі концепцияларының бірі
мемлекеттің "Жалпы жарылқаушы" теориясының негізін салған автор Джон Кеннет
Гэлбрейт. Бұл концепсияның XX ғасырдың елуінші жылдың аяғында және
алпысыншы жылдың басында дамыған бағыттардан айырмашылығы қазіргі
капиталистік мемлекет бейтарап "тап үстілік" күш, барлық қоғамдық қабаттың
қызығушылышн қанағаттандырады. Мемлекет барлық жұмысшы халықтың кірісін
реттеп, әлеуметтік теңсіздікті жояды. Яғни, әділ реттеп, қоғамның әрбір
мүшесінің мүңсыз өмір сүруіне жағдай жасады. Бұл теорияны жақтаушылар
"аралас экономиканы" яғни, жеке және мемлекеттік меншікэкономикасын
жақгайды. "Аралас экономиканы" концепциясы өз бастауын XX ғасыр бірінші
жартысынан алады. Сол кездің өзінде-ақ капиталистік елдерде мемлекеттің
экономикаға араласуы, әлеуметтік және экономикалық салаларды реттеуі
көрініс бере бастады. XX ғасырдың аяғында "аралас экономикаға",
мемлекеттегі экономиканың дамуына үлкен үлес қосқан "кейсиандық төңкеріс"
ілімі келіп қосылды. Бір шетшен кейсиандық теория неоконцерваторлық бағытты
өзіне қарсы койды, екінші жаіынан Дж.Кейнс ілімі маркстік теорияға қарсы
тұрды. Марксттік теория "тек қоғамдық меншік қана халықты жаппай
жұмыссыздықтан және әлеуметтік шығыннан сақгайды" деген бағытты ұстанған
болатын. Кейсиондық концепция нарықтық жүйеге, оның негізгі сипатына
өзгеріс жасауға ұсыныс жасады.
"Кейсиондық төңкерістің" нәтижесінде мемлекеттің-экономикаға араласуы
елеулі дәрежеде өсті және нарыктық доктринаның ажырамас бөлігі болып қалды.
Кейіннен кейсиандық бағыттың үш болжамдық түрі қалыптасты: консерваторлық,
либералды және радикалды[9]. Соңғылары дамыған капиталистік елдерде негізгі
мәнге ие болды: олар: консервативтік орталықшыл түрі, либералды-реформалық
және радикалды-реформалық. Сонымен қатар бұларға солшыл социал-
демократиялық және әлеуметтік бағыттарды жатқызуға болады[10].Жоғарыда
аталған кейсиандық концепциялар нотюкесінде түрлі "аралас экономика"
байланысты теориялар пайда бола бастады. Мұнда негізінен: Әлеуметтік
бағыттағы нарықтық экономика немесе жеке кәсіпкердің қоғамға деген
қызығушылығын қалыптастыруда мемлекеттің қызығушылықты реттеу жатады.
Либералды-реформалық бағыт секілді социал-реформистік экономиканың
"әлеуметтендірілген", "экономикалық плюриализм" бағытын таңдайды. Әр түрлі
меншіктердің қатар болуымен ерекшеленеді. Либералды-реформалық және
әлеуметтік реформалық концепциясымен қатар "аралас эқономикада"
консерваторлық концепция түрі де кездеседі. Бұл концепцияның ерекшелігі:
мемлекет басты рөлде, яғни мемлекет басқару және мемлекеттік реттеу-жеке
меншіктің тиімді дамуына жағдай жасайды және нарықтың шаруашылық жүйесінің
дамуына өзінің оң әсерін тигізеді деген көзқарастарды жақтаған болатын.
Әлеуметтік саясаттың "коммунистік концепциясы", "жалпы жарылқаушы"
және "түнгі күзет" концепцияларынан айтарлықтай ерекшелінеді. Дәстүрлі
либералды-консерваторлық және кейнсиандық теориялармен қатар XIX және XX
ғасырда коммунистік-социалистік даму жолын таңдаған концепция пайда болды.
Комунистік концепция XIX ғасырда қоғам дамуының балама теориясы ретінде
пайда болды. Қоғамда әлеуметтік әділдік орнатуды жақтаған Бұл концепция XX
ғасырдың өзінде-ақ көптеген елдердің тарихында шешуші рөл атқарды. Сонымен
бірге батыстық капиталистік мемлекеттердің ішкі өміріндегі өзгерістер
негізінен маркстік сынға және коммунизмнің шынайы тәжірибесіне байланысты
болды. Марксизм теориясы тек коммунистік концепциясының бастауымен ғана
емес, сонымен бірге социал-демократиялық бағыттардың да бастауы болды. Бұл
концепцияның ерекшелігі: халыктың табысын тең дәрежеде бөлу, яғни меншікті
ортақтастыру негізінде әлеуметтік теңдік орнату. Әлеуметтік жүйеде халықтың
төлем ақысы төмен болды. Бірақ оларға сол кәсіподақ тарапынан әлеуметтік
көмектер көрсетіліп тұрды. Жұмысқа жарамды тұрғындар тәртіп бойынша:
жұмыстан босатылудан сақтанды. Сонымен бірге дене еңбегімен
айналысушылардың, ой еңбегімен айналысқандарға қарағанда табысы жоғары
болды. Осындай концепциялар арқылы маңызды әлеуметтік саяси тандау арқылы
саяси жүйе тұрақты дамиды. Қоғамдағы әр түрлі концепцияның дамуына
байланысты әлеуметтік саясаттың келесі бағыттарын қарастыруға болады.
Мемлекет "түнгі күзет" концепциясында әлеуметтік саясатта келесі
бағыттарды ұсынады:
• шексіз индивид бостандығы;
• тиімсіз әлеуметтік және кейнсиондық әлеуметтік реттеу;
•әлеуметтік қатынасты "адам бостандығына" қауіпті анархиядан
сақтау;
• нарықтық қатынасты әділ реттеу;
• әлеуметтік шектеу саясаты кез-келген әлеуметтік бағыттар шешімі қоғамды
тек дамытып қана қоймайды, сонымен бірге экономиканың құлдырауына да алып
келеді.
Мемлекеттің "жалпы жарылқаушы" концепциясында әлеуметтік саясат келесі
бағыттарды ұсынады:
•қазіргі мемлекет бейтарап "тап үстілік" күш, ол қоғамның барлық мүшесінің
қызығушылығын реттейді;
•мемлекет табысты реттейді, әлеуметтік теңсіздіктің болмауын
қадағалайды;
•мемлекеттің қызығушылығын реттейтін институттың және әлеуметтік-қоғамдық
қызығушылыққа жеке кәсіпкерлердің бағынуы;
•адрестік-әлеуметтік көмек көрсету;
• тандаған реформалар "әлеуметтік кернеу" нсмесе "әлеуметтік жаратылыстан"
сақтаушы "катализатор" ретінде қызмет атқарады.
Мемлекеттің коммунистік концепциясы әлеуметтік саясаттың келесі бағытын
қарастырады:
меншік этатизмі;
табыстың эгалитарлы бөлінуі;
әлеуметтік теңдіктің ерекшеліктері;
жұмыс істеп жатқан кәсіподақтарға әлеуметтік көмек көрсету.
әлеуметтік теңдікті ұстап тұру;
Осы мақсаттарда нарықтан тыс тауарларды және көмектерді реттеу.
• "жаңа адам" құруға талпыну;
• толық мемлекеттік биліке ие болу;
Қазіргі танда қалыптасқан осы концепциялардың бірін тандау демократиялық
даму жолына түскен Қазақстан үшін тәжірибелік-әдістік және теориалық маңызы
зор. Сонымен қатар мемлекеттік билікті дұрыс таңдау-биліктің өміршендігін
көрсетсе керек. Әсіресе постсоциалиалистік тоталитарлық жүйенің құрсауынан—
демократиялық даму жолына өткен Қазақстан үшін бұл бағыттардын маңызы зор.
Қазақстан егемендігін алған жылдар-дан бастап, жаңа әлеуметтік саясат
бағыттарын таңдау үстінде. Осы бағыттардың негізінде жыл сайын Қазақстанда
көптеген заңдар мен кұқықтық-нормативтік қаулылар қабылдануда. Бұл заңдар
халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, денсаулығын көтеру, білімі мен
мәдениетін жоғарылатуға негізделген.

ІІ-тарау егемен қазақстан жағдайындағы оңтүстік қазақстан облысындағы
әлеуметтік мемлекеттік саясат.
2.1.Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың кезеңдері мен құқықтық негіздері
Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың қалыптасу ерекшеліктері мен кезендері
Қазақстан республикасы егеменді ел болып жарияланғаннан кейін,
қоғамның барлық саласы демократияланды. Әлеуметтік саланы реформалау
негізінен: таңдау бостандығын кеңейту, адамның өз мүмкіндіктерін кеңінен
пайдалануға бағытталған болатын. Бұл құндылықтар тоталитарлық тәртіп
идеологиясына қарсы бағытталды. Оған жеке меншік пен мемлекеттік меншіктің
қатар дамуы, жалпы адамзаттық құндылықтардың жоғары болуы, бостандық,
еркіндік принціптері тән.
КСРО тарағаннан кейін Қазақстан және басқада бұрынғы одақтық
мемлекеттер ауыр, жүйелі дағдарысқа түсті. Бұл дағдарыс тек экологиялық,
саяси, әлеуметтік салаларды ғана емес, сонымен бірге экологиялық ,
психологиялық, құрлықтық және тағы басқа салаларды да қамтыды. Жаңа,
егеменді жүйеге өту Қазақстан қоғамына өте ауыр тиді. Әсіресе алғашқы
жылдары (1991-1993 жылдары) өндіріс орындарының тоқтауы халықтың тұрмыс
деңгейінің төмендеуіне алып келді. Ескі жүйенің орнына жаңа жүйенің келуі
қоғамды тұрақсыз күйге түсірді. Ондағы жағдай тек бұрынғы жарым-жартылай
өзгерген өрістің шегінуі емес, оның қирауы, "әлеметтік саясаттың"
дағдарыстан өсіп, апатқа жетуімен сипатталды.
1990 жылдардың басындағы әлеуметтік саясаттың дағдарысы, шаруашылық
байланыстың үзілуі, өндірістік өнеркәсіптердің құлдырауы мен инфляцияның
өсуі нәтижесінде табыс деңгейінде болған құлдырауларды шешуге ескі жүйенің
шамасы келмеді. Бұл ескі жүйені сақтап тұра беру, экономиканы терең
дағдарысқа алып келер еді. Сонымен қатар Бұларға экономиканың жетістігінен
күдер үзген халықтардың сенімсіздік психологиясы келіп қосылды.Көптеген
экскеңестік азаматтар либералдық-экономикалық жүйенің өзгеріс алып
келетініне сенген болатын. Бірақ бұл үміттері ақталмады. Әлеуметтік
саясатта ескі амалдарды жаңа экономикалық және саяси жағдайларға өзгертуіне
Қазақстанда экономикалық реформаға бағдар беретін әлеуметтік концепцияның
жоқтығы себепші болды. Бірінші кезендегі экономикалык өзгерістер тек
қажетсіз әлеуметтік амортизатордың жүзеге асуымен, ал ол қолданылған
радикалды қадамның есепсіз салдарынан болды. Соның арасында бүгінгі күні
мүлде айқын болған реформаның әлеуметтік шығыны халық үшін қолайды
деңгейден асып кетті. Құрлымдық қайта құру, экономикалық өзгеріс бірінші
жылдары Қазақстандықтарға нәтиже бермеді. Бұған куә: халықтың жаппай
кедейленуі, инфляцияның өсуі салдарынан болған, 1992 жылдың 1-ші қаңтарына
дейін халық иеленген сақтаған ақшасының экспроприациалануы және басты
әлеуметтік кепілдіктерді жоғалтуы болды. Бұл кезеңнің басты мәселесі
мемлекеттік еңбек ақыны реттеуде табыстың тіке көпшілікке таратылуын қабыл
алмау нәтижесінде пайда болған әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктің өсуі
болды. Бұл, өз кезеңінде, халықтың жаңа топтары, байлар мен кедейлердің
арасындағы шекараның анық сызылуына алып келді.
Қазақстанда төмен табыс деңгей, төмен еңбек ақы мен еңбек ақы саласы
туралы "мемлекеттік әлеуметтік кепілдік" атты Қазақ ССР заңыда айтылды.Осы
заңға сәйкес төмен еңбек ақы –төмен тұтыну бюджетіне тіркелуі керек еді.
Бұл дегеніміз, әр отбасы мүшесі үшін "ғылыми өңделген норма", азық-
түлікпен заттардың минималды қажет көлемі. Бірақ ғылыми өнделғен норма сол
күйінде қағаз жүзінде қалды. Ал Қазақстан халық-тарының көбі үшін шын сан
мемлекеттегі кедей тұрғындар санының өсуіне қарсы тенденцияны қамтып
көрсеткен, төлемақының өсуімен, бағаның тоқтаусыз өсуі арасындағы
айырмашылық болды. 1991-1993 жылдары кедейлер категорисына жататын адамдар
саны көбейді. Елдің бюджетін толтыратын кіріс салығы халықтың төмен айлық
алатын топтарына ауыр тиді. Бұл әлеуметтік теңсіздіктің тереңдеуі мен
табыстың дифференциациялауының күшеюіне себеп болды. Қазақстан
тәуелсіздіген алғаннан кейінгі алғашқы жылдары өзгеріске ұшыраған
әлеуметтік саясаттың бір саласы-еңбек нарығы болды. Кеңестік жұмысқа
тұрғызу жүйесі жағдайында еңбек ақы төмен болды, ал шкаласы-бір шама тар
болуымен кепілденді. Еңбек ақы өнімділікке байланысты емес еді. Оның
нәтижесі еңбектің сапасының төмендігінен болатын. 1992 жылы басталған
құрылымды қайта құру нәтижесінде кәсіпорындарға бюджеттен ақша бөлу
қысқарды. Кәсіпорын басшылары өз жұмысшыларын, толық емес жұмыс күніне
немесе жұмыс орындарының сақтауынсыз, яғни ақысыз демалысқа жіберді.
Сонымен Қазақстанның еңбек нарығында мынандай жағдай қалыптасты: ашық
жұмыссыздық деңгейі төмен, ал жасырын жұмыссыздық пайызы көбейе берді.
"Жұмыс бастылық туралы" заңға сәйкес (1991) "жасырын жұмыссыздар" жұмыспен
қамтылған болып есептелді. Яғни, жұмыссыздар қатарына жатқызылмады. Дәл сол
кезде өндірістердің толық және жарым-жартылай тоқтауына байланысты жұмыссыз
қалғандар төлем ақысыз демалыста болуға мәжбүр болды. Бұл дегеніміз олар
шын мәнінде жұмыссыз қалды.
Мемлекеттік несиелеудің қысқаруы мен жекешелендірген кәсіпорындар
санының өсуі шамасына қарай жұмыссыздардың ресми тіркелуі көбейді (1992
жылы-33681 адам, 1993 жылы-40514) [11], бұл "ашық жұмыссыздар" саны
болатын. 1991—1993 жылдары тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік
қамтамасыздандыру және әлеуметтік көмек жүйесі Кеңес кезеңіне тән болған
ерекшеліктерді сақтады. Мысалы, 1992 жылы мемлекет 9,5 млн адам [12] үшін
белгілі формадағы әлеуметтік көмек көрсетті, 1993 жылы мемлекеттік
зейнетақыға бөлінген қаржы деңгей Қазақстан Республикасының жалпы ішкі
өнімінің 9,5 % құрады[13]. 1992 жылға дейінге әлеуметтік қорғаныспен
қамтамассыз ету мемлекеттік кәсіпорындардың басты қызметі болды. Қазақстан
тәуелсіз алғаннан кейін әлеуметтік қорғаныс жүйесі қайта қарауды қажет
етті. Жаңа жүйе жұмыссыздар мен мұқтаж болғандар минималды ақшалай түсім
алуын қамтамасыз етуі қажет еді. Сонымен қатар ол жұмьіссыздарға-
жұмьіссыздықтан, мүгедектіктен, зейнетке шығу бірте — бірте сақтандыру
қорын құру үшін мүмкіндіктері керек еді. Дәл осы кезеңде әлеуметтік көмек
пен әлеуметтік осал тұрғындарға көмек көрсету мақсатында Қазақстан
республикасының заңы "Семейдегі ядролық сынау аймағындағы ядролық сынақ
нәтижесінде зардап шекен азаматтарға әлеуметтік көмек туралы" (1992 жыл);
Қазақстан Республикасының заңы "Арал маңындағы экологиялық апат
нәтижесіндегі зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек туралы" (1992
жыл). Қазақсатан Республикасы президентінің жарлығы "Көп балалы отбасыларға
әлеуметтік көмек шаралары туралы (1992 жыл) заңдарына сәйкес "Мемлекеттік
әлеуметтік сақтаңдыру" қоры құрылды (1992 жыл) және "Жұмыспен қамтамасыз
ету туралы" мемлекеттік қор (1991 жылы),"3ейнет ақы қоры "(1992 жыл)
құрылды. Бұл заңдар мен актілердің жеткілікті деңгейде жетілмеуіне
үкіметтің басшылыққа алу талпынысы, мемлекеттік әлеуметтік қорғаныс, оның
зейнетақы қорымен, тұрақты заң шығаруымен және зейнеткерлер мен
мүгедектерді әлеуметтік қиыншылықтардан қорғайтын обьективті индексация
механизмі принципімен қаралды.
Бірте-бірте әлеуметтік қызметтер, кәсіпорындар мен бюджет қаржысынан
қаржыландыратындар шын мәнінде тез қысқаруға тап болды. Мұның себебі 1991
жылы 17 маусымындағы "Қазақ КСРО-да азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету
туралы" заңның жетілмеуі болды. Ол әлеуметтік жүйе дағдарысы мен оның
кардиналды өзгерту қажеттілігін алып келді. Оның нәтижесі ретінде,
зейнетақы деңгейі төмен болып қалды. Зейнетақы қорына түсім—тұрақсыз,
зейнетақы төлеудегі кешіктірулер созылмалы сипат тапты.
Кеңес Одағы тарқағаннан кейін Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі
бұрынғы кеңестік үлгі ретінде сипатталды, өйткені онда болып жатқан
өзгерістер үлкен емес және бұрынғы конституция шеңберінде ұстанды. Осы
конституцияның бір статиясы: тегін медициналық көмек көрсетуді міндеттеді,
Бұл болып жаткан жетіспеушілік пен тарихи қалыптасқан қаржы жағдайында
мүмкін емес еді. Нарық экономикасына өтудің бірінші өтпелі кезеңін бастан
кешіріп жатқан Қазақстанда халықтың денсаулығының басты көрсеткішінің
нашарлауы байқалды. Қазақстандық денсаулык сақтау материалдық техникалық
базасы жарамсыз болды, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету нашарлады,
әсіресе ауылды жерлерде медициналық қызмет көрсету тиімді болмады, медицина
жұмысшылары арасында жұмысқа деген ынта мен мәртебенің төмендеуі болды. 90
ж.ж. басы ұлттық денсаулық сақтаудың құлауымен сипатталды: тәуелсіздік пен
дербестік жағдайында Қазақстан жағдайдың обьективті өзгеру есебімен оның
даму стратегиясын қайта қарай алмады.
Бұрынғы одақтағы басқа дербес елдер сияқты, Қазақстанда да жалпы
денсаулық сақтау мен халықтың денсаулық жағдайы, аурулар котологиясының
парадоксалды көрсеткіші бірмезгілді және оңай емес болды. Кедейленудің өсуі
қатері алдынғы орынға, денсаулық сақтау проблемасы екінші орынға сырылып
қойылды. Қазақстан ауыспалы экономикалы елдердің қайғылы жолын қайталады.
Халықтың түрлі аурулармен ауруының өсуі тікелей құрылымды қайта құрудың
бірінші жылдарындағы шығынмен байланысты болды: әлеуметтік өрістің
игісіздігінен, еңбек ақы деңгейінің төмендігінен пайда болған
стереотиптердің өзгеруімен 1991 -1993 ж.ж. Мемлекетте тұрғындардың жалпы
аурушылдығының өсуінде тұрақты тенденция бақыланып отырды (1991 ж-1000 000
адамнан 122 адам, 1992 және 1993 жж 100000 адамнан 124 адам) [14].
Қазақстанның нарықтық экономикаға ауысуының алғашқы жылдарында
демографиялық жағдайының басты проблемасы өлім-жетімнің көбеюі болды (
өлім—жетімнің коэффиценті 1991 жылы 1000 адамға 8,0 құрады, 1992 жылы -8,1.
1993 жыл -9,2) [15]. Осымен қатар туылғандар санының азаюы байқалды.
(туылғандар коэффиценті 1991 жылы 1000 адамға 21,0 құрады, 1992 жылы -
19,9, 1993 жылы - 18,6 ) [16]. Сол себепті мемлекетте халық санының өсуінің
басты Бұлағы болып есептелетін табиғи өсім кеміді. Қазақстанға Кеңес
Одағынан мұраға қалған экологиялық проблемалар, аналар өлімінің өсуінің
себепкері болды. Арал маңындағы, Семей полигоны маңындағы облыстарда оның
деңгейі өте жоғары болды, жас балалар өлім деңгейі 1992 жылы біршама түссе
де, 1993 жылы жоғарылау тенденциясы қайта көтерілді.( 1990 жылы 1 жасқа
өлген балалар саны 1000 баланың - 26,4 құрады, 1992 жылы -26,2, ал 1993
жылы- 28,4) [17]. 1991-1993 жылдары Қазақстандағы халықтың ауыспалы
жылжымалылығы өте жоғары болды, сондықтан дамографиялық жағдайға ықпалын
тигізбеді. ,
Тәуелсіз Қазақстанның қайта құру әрекетінде білім мен ғылым күшті
жасампаз, факторлы жөнге салушы болды. Дәл солардың арқасында қоғамдық
менталитеттің ауысуы, өз өмірін сүріп қойған стереотиптердің құлауы, жаңа
қоғамдық түсінік пен халықтың нарықты сауатының пайда болуы керек еді.
Тәуелсіз даму жағдайында білім беру жүйесінің жетілмегендігі байқалды,
нарық қатынасына ауысу мектепке дейінгі мекемелерді қаржыландыру
мүмкіндігін елеулі өзгертті. Көп кәсіпорындар бала-бакқшаларды жауып
тастады, не жергілікті бюджетке өткізді. Жеке меншік құқығын пайдалана
отырып кейбір кәсіпорындар өздеріне қарасты ғимараттарды сатты немесе жалға
берді. Тұракты мектепке дейінгі мекемелер саны 1992 жылы 8578-ден, 1993
жылы 8053 дейін қысқарды[18]. Білім беру саласындағы еңбек ақының
төмен деңгейі мен қаржыландырудың жетіспеушілігі перспективті жас
оқытушыларды өз райынан қайтуға алып келді. Студенттер мен оқытушылар
арасында білімге деген қызығушылық төмендеді. Өкіметтің жалпы қаржысынан
білім беруге бөлінген қаржы үлесі 1991 жылы 45 %-тен, 1992 жылы 25 %-ке
дейін түсті[19]. Оқушылар саны қысқарды. 1990-1991 жылдары-5762 мың, 1991
-1992 жылдары-4815 мың; 1992-1993 жылдары-4471 адам[20].
Осы жағдайда барлық білім беру саласында кезек күттірмейтін реформаға
деген қажеттілік туды. Мемлекет "білім беру саласын" алғаш реформалауды
1992 жылы жүзеге асырды. Реформаның басты кезеңі: "білім беру" саласын
реформалау, қаржыландыру, жаңа қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға
"білім беру саласын" бейімдеумен байланысты болды. Бірінші кезекте заң
шығарушы және нормативті-қүқьіқгық білім базасын құру, ұлттық-мәдени білім
жүйесін дамыту, білім жүйесін басқаруда бұқаралық маңыздың терендеуі мен
орнығуы болды. Реформа нәтижесінде кұқықтық және заң шығарушы база құрылды.
Оның негізі жалпы орта білімнің баршаға тиімділігі мен тендігіне
мемлекеттік кепілдіктің берілуі болды. 1992-1993 жылдары қабылданған
нормативті-құқықгық актілер мен зандар жинағының қатарына Қазақстан
республикасының Заңы "Білім туралы" (1992),"Жоғары білім туралы" (1993)
заңдар жинағы жатады. Осы салада мемлекеттік саясатты жүргізуде әкімшілік
қысымның шектелуі мен оқу орындарының дербестігінің кеңеюін қарастырды,
сонымен бірге, білімді қолдаудың мемлекеттік-ұлттық бағдарламасы өңделді
(1993), және осы бағытта мемлекеттік саясаттың концепциясы бекітілді
(барлығы 17 концепция). Жоғары және орта білім министрліктері, Оқу
министрлігі таратылып, осылардың негізінде Қазақстан Республикасының "Білім
министрлігі" құрылды.
Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі ғылымның жағдайы, бір
жағынан,"еңбек бөлінісімен", бұрынғы ортақ одақтық ғылым құрамында болды,
ал екінші жағынан елдегі экономикалық жағдаймен белгіленген еді. Ортақ
одақтық құрылымда Қазақстанның ғылыми-техникалық потенсиялы мен ғылыми
қызығушылығына көңіл бөлінбеді, соның себебінен ортақ ғылымды ұйымдастыру
жүйесі тараған кезде, Қазақстандық "бөлік" диграция мен дағдарысқа ұшырады.
1992-1993 жылдары ғылымды қаржыландыру көлемінің азаюы салдарынан ғылыми-
ізденіс және құрылыстық құрастыру жұмысын атқаратын мамандар саны
айтарлықтай азайды. Мұның бәрі ғылымның кадр жөніндегі бағытының 1970
жылдардағы кезеңмен сәйкес келуіне алып келді. Қазақстан қоғамын жағырту
процесі мәдени жүйеде құрлымдық алға жылжумен қатар жүрді. Бұлар бұрынғы
тоталитарлық жүйені плюларизациялаумен сипатталады. 1991 жылдан бастап
қоғамда идеологиялық және конфессионалдық плюрализмнің, ұлттық мәдени
идеяның қайта туылуы байқалды.
1991-1993 жылдары қатал экономикалық дағдарыс жағдайында мәдени-ағарту
мекемелерінің санын қысқарту, мәдениет пен білімнің барлық салаларында
кадрларды қысқарту, мәдениет мекемесінің әрекетін қайта кескіндеу, олардың
материалдық базасын басқа салада пайдалану етек алды. Осыған байланысты:
1992-1993 жылдары мемлекетте 462 кітапханалар мен 122 клуб мекемелері
жабылды. Бұл кезеңде көп мәдени-ағарту мекемеле-рінің жабылу себебі,
келушілер санының аздығы мен олардың жұмыстарының тиімсіздігі болды. Нарық
қатынасына ауысу мәдениет саласындағы басты проблеманы жарқыратып көрсетті.
Ол проблема: қаржы, маркетинг, менеджмент бойынша сауатты мамандардың
жоқтығы болатын.
Қазақстан ұлттық өнеркәсібін құрылымдық қайта ұйымдастырудың бірінші
жылдарындағы экономикалық басталуы тұрғын үй құрлысының көлемі тез
қысқаруына алып келді. (1991 жылы 6130 мың квадрат метр тұрғын үй көлемі
әрекетке енгізілген еді,1992 жылы-5046 мың квадрат метр, 1993—3797[21] мың
квадрат метр) мұны көбінесе мемлекет қаржыландыратын еді.
Мемлекеттік емес тұрғын үй нарығы сол кезде енді құрыла бастаған және
барлық сұранысты қанағаттындыра алмайтын.
1993 жылы салыстырған өзінің тұрғын үй жағдайын жақсартқан жас
отбасылар саны екі есеге қысқарды. Осы жылдары түрлі топтар арасындағы
тұрғын үй қорын үлестіру өзгерді. Ауысу нәтижесінде ондаған жылдар
бойы қалыптасқан оң құндылықтар жүйесі бұзылды, оның орнына
әлеуметтік саяси бейімдеушілік, сенімсіздік пен керенаулық келді.
Жаңа құндылықты қабылдамау және әлеуметтік бағдарды жоғалту Қазақстанда
қылмыстың көбеюіне алып келді. Жүйелі дағдарыс пен әлеуметтік саясаттың
комунистік түрінің апатының басты практикалық қызметі шегіне жеткен
әлеуметтік мәселелер мен олардың көлемінің бағасын көтеру болды.
Бұл дағдарыс жағдайында әлеуметтік саясаттың қозғалысы
мен приоритеттерін белгілеуге мүмкіндік беретін еді. Дәл осы
кезеңде халықтың бай мен кедей топтарының арасындағы тұңғиықтың
тереңдеу тенденциясы сақтала берді. 1993 жылдан бастап Қазақстанда күнелту
минимуна баға берілді. Бұл жалпы елде әрдайым өсу тенденциясын
қалыптастырды. Бірақ мемлекетте осы уақытқа дейін ресми белгіленген
кедейлер категориясына жататын халықтар жоқ және халықтың орташа табысын
анықтайтын мәлімет жоқ. Мұндай белгілердің жоқтығы мемлекетте кедейлік
мөлшерін анықтауды қиындата түсті.
Қазақстандық отбасылардың жалпы пайда сомасында түсім салығы үлесінің
өсу тенденциясы сақтала берді. Бұл кезеңде (1993-1995 жылдары) салық жүйесі
адамның табысының көп бөлігін қамтыды, соған қарамастан қосымша пайда
табуға рұқсат берілмеді. Халықтың шынайы табысының төмендеуінің тағы бір
себебі: инфлятцияның нәтижесінен болған әлеуметтік кепілдіктің төмен болуы,
еңбек ақының аздығы. Қазақстан халқының үлкен бөлігінің тұрмыс дедгейінің
төмендеуі адам басына ВВП көрсеткішінің төмендеуімен дәлелденді 1993-1995
жылдары ( 1993 жылы-3751 $, 1994 жылы-2909 ), 1995 жылы-2757 $)[22] әсіресе
ауыр жағдай аграрлы аудандарда болды. Ондағы халықтың үлкен бөлігінің
күнелтуі минимум шегінен төмен болды. Ауыл тұрғындары ауыспалы кезең
алдында осал болды. Колхозшылар мен ауыл шаруашылық кәсіпорындар ұжымының
жұмысшыларының орта айлық еңбек ақысы өнеркәсіп саласындағы орта айлык
еңбек ақысына қарағанда екі және оданда төмен болды. (1993 жылы 60 және
156,3 теңгеге сәйкес, 1994 жылы 733-2539 теңге, 1995 жылы—2122 және 7005,5
теңге) тереңделген әлеуметтік дифферентцация процесінде Қазақстан халқының
кедей топтарының саны өсті, ал байлар үлесі сол күйінде қалды. Бұл жағдайда
байлар мен кедейлер арасындағы орта таптың жойылуына қауіп тудырды. Осының
нәтижесінде түтынушы нарығының екі түрі пайда болды, ал ондағы бағалар
деңгейі арасында 3-5 есе айырмашылық болды. Екі полюс пайда болды, элиталы,
екіншісі кедейленген халық. 1993 жылдан бастап жұмыссыздық деңгейінің бірте-
бірте жоғарлауы басталды. 1993-1995 жылы еңбек секторында үкімет ролін
делдалдық пен жұмысқа орналастыру қызметін қамтамасыз етуге алып келді.
Еңбек секторында өкіметтің міндеті мыналар болды:
а)жұмыссыздар, қысқаруға ұшырағандар, жаңа мамандыққа ие болғысы
келгендерді қайта даярлау.
б)жұмыс іздеушілерді потенциалды қабылдаушылармен қосу.
в)осал, бақталасқа жарамайтын адамдарды (әйелдер, жастар, жас өспірімдер
мен мүгедектер) жұмыспен қамтамасыз ету.
г)экологиялық апаттардан зардап шекен облыстар үшін арнайы жұмыс бастылык
програмасын жүзеге асыру және өндеу.
д)қысқа мерзімдік қыскарту тоқтату үшін өндіріс базасына жәрдем.
Ашық жұмыссыздык деңгейі әрдайым өсіп отырды (1993 жылы—40514 адам,
1994 жылы—70078 адам, 1995 жылы-139557 адам) [23]. Қазақстанда еңбек
нарқының басты проблемасы ауылдық жерлерде жұмыссыздық деңгейінің жоғары
болып калуы болды. Қазакстандык еңбек нарығынын келесі ерекшелігі жұмыссыз
әйелдердің жоғары пайызы болды және бұл көрсеткіш әрдайым өсіп отырды (1994
жылы 45409 адам, 1995 жылы—83892 адам) [24] жұмыс бастылық қызметі 1991
жылы құрылды және еңбек ақы қорынан, салық қорынан бөлінген екі процентпен
қаржыландырды. 1991 жылы енгізілген жұмыссыздарға жәрдем ақша, жұмыс
бастылық қор қаржысымен қаржыландырылды және бұл мемлекеттің әр аймағында
әр түрлі мөлшерде болды. Нәтижесінде жәрдем ақы көлемі үлкен рөл атқарды.
Өйткені осы арқылы жұмыссыздықты тіркеу дәрежесі анықталды. 1994 жылға
шейін Қазақстанда сақтандыру жүйесі болмады. Бұны әлеуметтік
қамтамассыздандыру жүйесі ауыстырып отырған болатын. Мемлекет зейнетақымен
және халықгың түрлі топтарын әлеуметтік қорғау мәселесіне көңіл бөлді. 1994
жылы әлеуметтік сақтандыру жүйесінің дамуы нәтижесінде сапалы жаңа кезең
басталды. Ол үлкен мекен-жайлық көмек пен мемлекеттік араласудьщ кеңейуімен
ерекшелінеді. 1994 жылы 1 сәуірінен бастап республикада әлеуметтік жеңілдік
көрсету механизмі енгізілді.Осы кезенде әлеуметтік сақтандыру және
әлеуметтік көмек түсініктері дифференцияцияланады. Әлеуметтік сақтандаруды
терең өзгерту, оларды нарықтық экономика талаптарына сәйкес етуді қажет
етті. Әлеуметтік корғау мемлекеттің әлеуметтік саясатының жолдамасы
ретінде, өте маңызды, өйткені барлық елдерде халықтың көпшілік бөлігін
жұмысшылар құрайды. Олардың басты және жалғыз пайдасы -еңбек ақы болып
табылады. Сондықтан олар экономикалық осал жандар. Тағы да мемлекетте
жұмысқа жарамсыз адамдар мен және жұмысқа жарамдылығы төмен жетілген
адамдардың көп бөлігі мемлекеттен ерекше көмек тілейді. Зейнетақы жүйесі
тереңдетілді, өйткені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Саясаттағы ұлттық қауіпсіздік, оның құрылымы»
Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары
Нарықтық қатынастардың тереңдеуі жағдайында салық салудың әлеуметтік салдары
Циклдық даму және жаһандану жағдайындағы экономиқалық өсу
Муниципалды меншікті басқарудың ғылыми теориялық негізі
Еңбекші қазақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары
Нарықтық экономикадағы ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің экономикалық тиімділігін арттыру жолдары
Экономикалық өсу қарқынының тұрақты экономикалық өсу ауытқымалылығы тұрақсыз экономикалық өсу
Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жүйесін дамытудағы аналитикалық талдау (ОҚО мысалында)
Энергетикалық өзара қатынастар аясындағы Қытай мен Қазақстан
Пәндер