Орта мектепте биология курсында салауатты өмір салтын қалыптастыру



Кіріспе 3
1. ОРТА МЕКТЕПТЕ БИОЛОГИЯ КУРСЫНДА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 5
1.1 Мектеп оқушыларын денсаулығы және оны қалыптастырушы факторлар 5
1.2 Жалпы орта мектепте оқушыларды тазалыққа баулу 9
1.3 Оқушылардың салауатты өмір сүру қалыптастырудың педагогикалық негіздері 10
2. БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА САЛАУАТТЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ТӘРБИЕЛЕУ 13
2.1 Салауатты өмір салтын қалыптастыруда биологиялық білімдердің маңызы 13
2.2 Биология сабағында салауатты өмір салтына баулу әдістемесін жетілдіру жолдары 15
2.3 Биологияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру 18
3 Тәжірибелік бөлім 21
3.1 8.сынып. «Тағамның маңызы, құрамы және қызметі» тақырбын оқыту әдістемес 21
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде адамдар мен қоғамның салауаттылығы бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Өйткені, әрқайсымыздың денсаулығымыз – бұл жеке байлық қана емес, ол сондай – ақ еліміздің экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарт. Адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты – мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Елбасы Н.Ә. Назарбаев “Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасында “Салауатты өмір салты - әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналасуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған” деп көрсеткен.
2007 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының білім беру жүйесінің міндеттері туралы бабында жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерінен қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектік байытумен қатар әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет – ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеудің маңызы да айтылған.
Дүние жүзін жаулап аламын деген Шыңғысхан Әмударияның жағасында ауырып қалып, қытайдың атақты Ган Чун Цзи деген емшісін алдыртады. Жарық дүниені қимаған Шыңғысхан, мәңгілік өмір сүруді жүзеге асыратын қандай дәрің бар деп сұрапты. Сонда емші: «Өмірде уақытша ғана болуға арналған дәрі бар, ал мәңгілік өмір сүретін дәрі жоқ», - депті.
Демек, тұжырымдамамыздың мақсаты - бойына қабылдап алған дертін адам өзі шығарады дегендей-ақ, ұзақ өмір сүрудің кілті әр адамның өзінің қолында екенін айтпақпыз.
Сонау ықылым заманнан бері, адам баласы ұзақ өмір сүрудің жолын қарастыруда. Кезінде осы қағиданың негізі болған Аристотельдің іліміне сүйенсек: «Жанды дене қозғалмаса өледі» деген тұжырымдамасы сол дәуірден бері адамзаттың ұзақ жасауының, яғни, салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болып табылады. Мысалы, қара қарға әр нәрсені бір шоңып жүріп 300 жыл жасайды екен. Сағатына 10 м қозғалатын тасбақа да 200 жыл өмір сүреді. Сонда, Аллаһтың әмірімен табиғат заңына бақылау жасасаң, сол Жаратқан Иеміздің іліміне жүгінсек, бізге, яғни, адамзатқа қанша өмір сүрудің жолын қанша іздесек те жетістіктің шыңы көрінбейді. Енді саналы түрде табиғаттың табиғи болмысын өз қолымызбен бұзып, бүгінгі таңда адамзат өзін-өзі жоюға өрекеттенуде.
Осылайша, адамзаттың жер бетінен жойылып кетуге қаупі бар тарихи кезеңде тұрғанда не істеу керек? Адам баласы қалай өмір сүру керек?
Яғни, болашақ өмірді жалғастыру үшін бүкіл әлем бойынша әр халың өзінің ұлттың бейнесін және денсаулығын сақтауды қарастыруда.
1. Салауаттылыққа баулу мәселелері //Білім. – Алматы. – 2007, №3
2. Салауатты өмір сүру – жаратылыстану ғылымдары байланысынан туындайтын негізгі ұғым //Биология мектепте. – Алматы. – 2007, №3, 11-16 бб.
3. Ауыл мектебінде білім беру сапасын арттырудың тиімді жолдары //Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция материалдары. – Абай атындағы ҚазҰПУ. – Алматы. 2007, 310-313 бб.
4. Биология сабақтарында салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал. – Алматы. –2007, 71 б.
5. Факультативтік сабақтарда биологияны оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру. Әдістемелік құрал. – Алматы. – 2007, 39 б.
6. Биология және денсаулық //Биология мектепте. – Алматы. –2008, №2 (автор. бірлес. 10 сынып оқушысы Бердібаева М.)
7. Жалпы білім беретін орта мектептің оқу үрдісінде алдыңғы технологияларды қолдануды жетілдіру //Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция материалдары. – Абай атындағы ҚазҰПУ. – Алматы. – 2008, 131-134 бб.
8. Биологияны оқытуда пәнаралық байланыс негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру // Ұлт тағылымы. – Алматы. – 2008, №2.
9. Р. Қалиева «Эксперименттік мектепте денсаулық сақтау педагогикасының идеяларын дамыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.» 12 жылдық білім Республикалық ғылыми әдістемелік және ақпараттық сараптамалық журнал №5, 2005 жыл.
10. Б. Г. Игенбаева, С. К. Шабажанова «Сабақтың дұрыс ұйымдастырылуы – бала денсаулығының кепілі.» 12 жылдық білім Республикалық ғылыми әдістемелік және ақпараттық сараптамалық журнал №7, 2005 жыл.
11. А. Карімов «Типтік тізімдегі кейбір заттардың адам ағзасына әсері» Биология мектепте. Ғылыми педагогикалық журналы. №1, 2007жыл.
12. Әбішев Қ. Философия //оқулық//. Алматы: Ақыл кітабы, 1999.
13. Табылдиев Ә. Қазақтың халық педагогикасы және тәрбие. –Алматы: Қазақ университеті, 1991. – 213 б.
14. Құнантаева К.Қ. Қазақ педагогикасының тарихы. - Алматы,2005.–215 б.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. ОРТА МЕКТЕПТЕ биология курсында САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 5
1.1 Мектеп оқушыларын денсаулығы және оны қалыптастырушы факторлар 5
1.2 Жалпы орта мектепте оқушыларды тазалыққа баулу 9
1.3 Оқушылардың салауатты өмір сүру қалыптастырудың педагогикалық негіздері 10
2. БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА САЛАУАТТЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ТӘРБИЕЛЕУ 13
2.1 Салауатты өмір салтын қалыптастыруда биологиялық білімдердің маңызы 13
2.2 Биология сабағында салауатты өмір салтына баулу әдістемесін жетілдіру жолдары 15
2.3 Биологияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру 18
3 Тәжірибелік бөлім 21
3.1 8-сынып. Тағамның маңызы, құрамы және қызметі тақырбын оқыту әдістемес 21
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде адамдар мен қоғамның салауаттылығы бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Өйткені, әрқайсымыздың денсаулығымыз - бұл жеке байлық қана емес, ол сондай - ақ еліміздің экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарт. Адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты - мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Елбасы Н.Ә. Назарбаев "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында "Салауатты өмір салты - әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналасуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған" деп көрсеткен.
2007 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының білім беру жүйесінің міндеттері туралы бабында жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерінен қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектік байытумен қатар әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет - ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеудің маңызы да айтылған.
Дүние жүзін жаулап аламын деген Шыңғысхан Әмударияның жағасында ауырып қалып, қытайдың атақты Ган Чун Цзи деген емшісін алдыртады. Жарық дүниені қимаған Шыңғысхан, мәңгілік өмір сүруді жүзеге асыратын қандай дәрің бар деп сұрапты. Сонда емші: Өмірде уақытша ғана болуға арналған дәрі бар, ал мәңгілік өмір сүретін дәрі жоқ, - депті.
Демек, тұжырымдамамыздың мақсаты - бойына қабылдап алған дертін адам өзі шығарады дегендей-ақ, ұзақ өмір сүрудің кілті әр адамның өзінің қолында екенін айтпақпыз.
Сонау ықылым заманнан бері, адам баласы ұзақ өмір сүрудің жолын қарастыруда. Кезінде осы қағиданың негізі болған Аристотельдің іліміне сүйенсек: Жанды дене қозғалмаса өледі деген тұжырымдамасы сол дәуірден бері адамзаттың ұзақ жасауының, яғни, салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болып табылады. Мысалы, қара қарға әр нәрсені бір шоңып жүріп 300 жыл жасайды екен. Сағатына 10 м қозғалатын тасбақа да 200 жыл өмір сүреді. Сонда, Аллаһтың әмірімен табиғат заңына бақылау жасасаң, сол Жаратқан Иеміздің іліміне жүгінсек, бізге, яғни, адамзатқа қанша өмір сүрудің жолын қанша іздесек те жетістіктің шыңы көрінбейді. Енді саналы түрде табиғаттың табиғи болмысын өз қолымызбен бұзып, бүгінгі таңда адамзат өзін-өзі жоюға өрекеттенуде.
Осылайша, адамзаттың жер бетінен жойылып кетуге қаупі бар тарихи кезеңде тұрғанда не істеу керек? Адам баласы қалай өмір сүру керек?
Яғни, болашақ өмірді жалғастыру үшін бүкіл әлем бойынша әр халың өзінің ұлттың бейнесін және денсаулығын сақтауды қарастыруда.
Демек, бүгінгі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі - халың денсаулығы. Республика көлемінде халықтың 80% -ы әр түрлі ауруға шалдыққан. Егеменді ел болғаннан бері қарай білім беру жүйесіне реформа жүргізудің салдарынан, оқушы-жастардың тәрбиеден сырт қалуы келеңсіз жағдайда соғып отыр. Яғни, ата-аналардың, оқытушы-мұғалімнің ішімдікке, есірткі, шылым шегуге бейімделіп, саналы түрде уақытынан бұрын денсаулықтарын өз қолдарымен жоюда.
Келесі бір мәселе, адам баласының өз қолымен жасаған табиғат апаты. Бір мысал алайық, атом радиациясының кеселінен су кепті, жер тозаңға, тас күлге айналды, өсімдік өсуін тоқтатты. Ауа қозғалысы өзгергендіктен, жер бетіндегі тіршілік күн өткен сайын апатқа ұшырауда. Міне, тіршіліктің, болашақ жанды заттардың жер бетінен жойылу қаупінің негізі осында. Бұл қағиданың негізінде, енді адамзат тіршілікті сақтап қалудың жолын іздеуде. Демек, денсаулықты сақтап, ұзақ өмір сүрудің бір-ақ жолы бар. Ол - салауатты өмір сүру салты.
Бұл мәселенің шешімін ғылыми түрде іздестіру сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттағы оқушылардың өзіндік жұмысының шығармашылық мәнін күшейте отырып, ұстаздарға салауатты өмір салтын қалыптастыра білім мен тәрбие беру міндеті жүктеліп отыр. Міне, осыдан - ақ жастарда салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру көкейкесті мәселе екендігі түсінікті. Бүкіл адамзаттық мәнге ие болған салауатты өмір салтына байланысты құндылықтар - адам баласы қанша өмір сүрсе де ешбір ескірмейтін, қадір - қасиетін, қажеттілігін жоғалтпайтын, тозбайтын байлық.
Курстық жұмыстың мақсаты салауатты өмір салтын оқушыларда қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Міндеттері:
- Салауатты өмір сүру салтының педагогикалық негіздері
- Салауатты өмір сүру салтының мағынасы
- Салуатты өмір сүру салтын мемлекеттік деңгейде реттеу
- Салауатты өмір сүру салтын оушыларда қалыптастыру
- Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мектептегі негізгі бағыттары
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ашық сабақтар ұйымдастыру
Зерттеу объектісі мектеп оқушылары
Зерттеу пәні оқушыларда салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру мәселелері
1. ОРТА МЕКТЕПТЕ биология курсында САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

1.1 Мектеп оқушыларын денсаулығы және оны қалыптастырушы
факторлар

Салауатты өмір салты - денсаулықты сақтаудын және нығайтудың негізгі, ол жан-жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді.
Қолайсыз факторларға халықтың барлық топтарының ішінде, қолайсыз факторларға, не-гізінен аналар мен балалардың организмдері өте сезімтал келеді. Балалардың денсаулығын қалыптастыратын негізгі факторлар мыналар:
1. Ата-аналардың денсаулығы мен конституциясына әсер етуші (әсіресе аналарға жүкті болғанға дейін әсер ететін) факторлар;
2. Генетикалық (тұқым қуалағыштыққа әсер етуші) факторлар;
3. Ауаның, судың, топырақтың санитарлық-гигиеналық сипаты;
4. Тамақтану жағдайы;
5. Жанұя тұрмыстық факторлар: жанұяның құрамы, тұратын мекен жайдың сипаттамасы, орташа кіріс мөлшері, жанұя тұрмысы және сәбидің күтімі, жанұяның психологиялық климаты, зиянды әдеттердің (шылым шегу, арақ құмарлық т.с.с.) болуы;
6. Сәбидің мектепке дейінгі мекемелерде болу жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаты.
Бұлай топтастыру Әлеуметтік гигиенаның ғылыми зерттеу институтында және Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдарында жасалған. Көрсетілген факторлардың ішінде, әсіресе, жүктілік пен босанудың нәтижесінде, жаңа туған нәрестенің денсаулығына және сәбидің алғашқы жылғы өміріне әсер ететіндері тереңірек зерттелген. Мысалы, балалардың дене салмағының аз (2500гр төмен) болып туатыны көбінесе жас (18 жасқа дейінгі) және кәрі (35 жастан жоғары) аналарда болатыны байқалды. Оларда перинаталдық өлім саны мен жүктіліктің асқынуларының көрсеткіштері де жоғары болып келеді. Балалардың дене салмағына, мезгілінен бұрын босануына және іс -жүзіндегі өлім санының көбеюіне аналардың жүктілікке дейін және жүктілік кезінде дұрыс тамақтанбауы да әсер етеді.
Анасының шылым шегуі, әртүрлі дәрі-дәрмектерді бақылаусыз пайдалануы, ішімдікке әуес болуы нәрестенің құрсақта жатқандағы өсуіне ғана емес, одан кейінгі дамуына да зиянды әсерлерін тигізеді. Аналардың жұмасына екі рет 100 гр. артығырақ арақ ішуі, салмағы азайған балалар туу қаупін көбейтіп жібереді. Емшек сүтімен асырау және дұрыс тамақтандыру сәбилердің денсаулығына әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Кейінгі жылдары көптеген экономикасы дамыған елдерде дене салмағы жоғарылап кеткен (200% жоғары) мектеп оқушыларының саны көбейіп келеді. Бұл құбылыстың себептері, басқа да қауыптілік факторлары сияқты тереңірек зерттеуді қажет етеді.
Ата-анасының білім деңгейі мен әлеуметтік-экономикалық статусының балаларының денсаулығына тигізетін әсері туралы көптеген мәліметтер бар.
Балалардың денсаулық көрсеткіштері әсіресе ерте жастағы балаларддың, жанұя жағдайына байланысты. Толық емес жанұялардағы балалардың аурушаңдығы толық жанұяларға қарағанда сенімді түрде жоғары және оларда жиі ауыратын балалар саны да басым келеді. Мұндай айырмашылық жас өскен сайын тереңдей түседі. Некеге тұрмаған ата-аналардың балаларының денсаулығы нашарлау келеді, олар көбінесе айы-күні жетпей шала туады, аяқтануы, сөйлеуі уақытынан кешірек қалыптасады, осындай балалардың арасында жедел және созылмалы аурулардың жиірек болатынын байқауға болады. Үйлесімсіз тұратын жанұялардағы балалардың созылмалы ауруларының асқынулары жиі қайталанады және олар ауыр түрде, ұзақ жүретіндігі байқалады.
Балалардың денсаулығы мен күн тәртібінің де арасында айқын корреляциялық байланыс бар екені анықталған. Ұйқысы қанбаған оқушылар арасында денсаулық көрсеткіші төмен екендігі, таза ауада күніне 1-ақ сағат немесе одан да аз болатын оқушылар көз рефракциясының анамалиясымен, ревматизммен, зат алмасу бұзылыстарымен,басқа мұндай тәртіпті сақтаған балаларға қарағанда жиірек зардап шегеді. Жедел респираторлық аурулардың балалар арасында таралуы, негізінен, оқу-тәрбие бөлмелерінің ауданының жеткіліктілігіне, желдетілуіне және сонымен қатар, ғимараттың жоспарлануына тікелей байланысты болып келеді.
Академик Г.Н.Сердюковскаяның басшылығымен көп өлшемді "бала-қоршаған орта" жүйесіне факторлық анализ жасалып, мұнда мектеп оқушыларында аурушылдық қалыптасуына әсер ететін 80-ге жуық көрсеткіштердің әсері анықталған.
Мұнда оқушылардың денсаулығына елеулі әсер ететін төмендегі факторлар анықталды: жергілікті жердің климаттық ерекшеліктері; атмосфералық ауаның ластануы; қанағаттанғысыз санитарлық-гигиеналық жағдайлар (әсіресе мектеп сиымдылығының жоғарылауы, екі сменде сабақ оқу, оқу бөлмелерінің ауданының жеткіліксіздігі т.с.с.); жанұяның материалдық деңгейінің нашарлығы; анасының жұмыс бастылығы; мектепке дейінгі жаста бала бақшаның сәбилер тобында болуы, бастауыш сыныпта ұзартылған күн тәртібінде болуы; әкесінің маскүнемдігі; мектептегі оқу жүктемесінің жоғары болуы; күн тәртібін сақтамау, әсіресе ұйқы қанбауы;
Іс жүзінде өсіп келе жатқан организмдердің денсаулық жағдайы мен өсіп, дамуына ең көбірек әсер ететін әлеуметтік-гигиеналық факторлардың практикалық мақсатқа арнап шартты түрде жасалған жіктемесін (А.Г.Сухарев) қолдануға болады:
1. Қолайлы факторлар:
# а) ең жақсы қимыл-қозғалыс тәртібі;
# б) шынығу;
# в) дұрыс, балансты тамақтану;
# г) рационалды күн тәртібі;
# д) қоршаған орта әсерінің гигиеналық нормаларға сәйкес болуы;
# е) гигиеналық дағдылар және дұрыс тұрмыс-қалыпта өмір сүру.
2. Қолайсыз факторлар ("қауыптілік" факторлары):
# а) қимыл-қозғалыс қажеттілігінің жеткіліксіздігі, немесе шамадан тыс жоғары болуы;
# б) оқу-тәрбие процесстерінің және күн тәртібінің бұзылуы;
# в) ойын, оқу және еңбек іс-әрекеттеріне қойылатын гигиеналық талаптардың орындалмауы;
# г) тамақтануды ұйымдастырудағы кемшіліктер;
# д) гигиеналық дағдылардың болмауы, зиянды әдеттермен айналысу;
# е) жанұядағы және балалар ұжымдарындағы қолайсыз психологиялық климат.

Бүгінгі таңда Қазақстан азаматының денсаулығын қорғау мәселесі мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болып отыр. Барлық дамыған елдерде тұрғындардың, оның ішінде жастардың денсаулығы негізгі ұлттық құндылықтардың бірі және мемлекет саясатының басты бағыты болып саналады. Соған қарамастан, денсаулық сақтау жүйесінің тұрақсыздығын айтпағанда, Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша әлемнің 80 астам елдерінде тұрғындардың денсаулығын сақтау жолында мемлекеттік саясат ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмаған. Денсаулық сақтау жүйесін жақсартудағы мемлекеттің жүргізіп жатқан белсенді шараларына қарамастан, Қазақстандағы жағдай тек жақсылық тілегенді қажет етеді. Бұл жағдайда экологиялық проблемалар, нашақорлық пен ішімдікке салынудың кең таралуы сияқты басқа да проблемалар қазақстандықтардың денсаулығының төмендеуіне, түрлі эпидемиялық аурулардың таралуына әкеп соқтыруда.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту және өмiр жасын ұзарту - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатының ең басты мiндеттерiнiң бiрi болып табылатынын ескере келе, Елбасы Қазақстан халқына Жолдауларында да саламатты өмiр салтын насихаттау мiндетiн үнемі қойып келеді.
Президентiмiз салауатты өмiр салтын қалыптастыру, адамның өз денсаулығы үшiн ынтымақты жауапкершiлiгiн тәрбиелеу, әлеуметтiк мәнi бар аурулардың алдын алуға барынша назар аудару - денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күнделiктi тұрмысындағы мемлекеттiк саясаттың ең басты бағыты болуы тиiс деп белгiледi.
Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз атты Елбасы Жолдауының басымдықтары: саламатты өмiр салтына жағдай жасау, денсаулықты нығайту, халық денсаулығының әлеуетiн дамыту және дене мәдениетiн қалыптастыру, саламатты өмiр салтын қалыптастырудың кешендi, үздiксiз және тұрақты жүйесiн құру, саламатты өмiр салтын насихаттауға мемлекеттiк органдар мен ведомстволар, сондай-ақ үкiметтiк емес ұйымдарды тарту болып табылады. Менiң пiкiрiмше, бұл үшiн жұмыс орындарында, университеттер, мектептер мен балабақшаларда спортпен айналысуға жағдай жасалып, жұмыс күндерi дене жаттығуларынан басталуы қажет, өйткенi дене белсендiлiгi - салауатты өмiр салтының бiр көрiнiсi.
Бiздiң елiмiзде мемлекет тарапынан әр адамның спортпен айналысуына мейлiнше жағдайлар жасалған. Жыл сайын халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн жаңа спорт нысандары пайдалануға берiлiп жатыр, сондықтан бұқаралық спортпен айналысу үшiн қолда бар барлық қорлар мен мүмкіндктерді белсендi пайдалану қажет. Сонда ғана бiз, Елбасы талабына сай, қазақстандықтардың 30 пайызына дейiн бұқаралық спортқа тарта аламыз. Кең көлемді реформаның жүзеге асуы прцесінде негізгі ролді мемлекеттік пен үкіметтік емес мекемелердің біріккен әлеуметтік жобалар шеңберінде дені сау ұрпақты тәрбиелеу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарын атауға болады және оны қоғамның өзекті мәселерін шешудің бір механизімі ретінде болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау мәселелері тұр.
Салауаттану -- тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық, имандылық-адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құраушының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады. Кез-келген өзара әсер әрекет етуші ретінде де, жауап беруші ретінде де анықталады.
Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметгік биологиялык мәні арасындағы қарама -- қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты -- салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауатгану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және ны-ғайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.
Салауаттанудың рөлі -- адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі жөне өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады.
Салауаттану ғылымы қалай денсаулықты сақтаудың ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден -- дені сау адам, екіншіден -- оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден -- аурудъщ пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден -- сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.
Салауаттанудың зерттеу пәні -- адам. Зерттеуге организмнің анатомиялық, физиологиялық негіздері, бейімделу тетіктері, корғану тосқауылдары, организмнің сыртқы ортаға бейімделуі туралы білімдері енеді. Салауаттану адамның термодинамикалық, денелік, химиялық, антропологиялық, экологиялық құбылыстарын қамтиды. Адам қоғамның қарапайым мүшесі, этикалық және эстетикалық ұстанымдарын жеткізуші жеке тұлға ретінде қарастырылады. Тек осындай кешенді тәсіл оның негізгі қасиеті -- денсаулығын сипаттауға мүмкіндік береді.
Тіршілік дегеніміз тек адамның ғана емес, кез келген тірі организмнің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі болғандықтан, салауаттану тіршілік етуге қажетті ортаның әсерін барлык кұрауыштарымен оқып-үйрену міндетін қояды.

1.2 Жалпы орта мектепте оқушыларды тазалыққа баулу

Оқушыларды өздерінің жас мөлшерлеріне сәйкес келетін бөлімдерге гигиеналық баулу - тәрбиенің негізгі принципі. Балалардың жасы өскен сайын гигиеналық тәрбие туралы алғашқы түсініктердің мағнасы тереңдей түседі.
Денешынықтыру тәрбиесінің тақырыбына дене тұлғасының дұрыстығы туралы мәліметтер кіреді. Мұнда олар іс-әрекеттің дене тұлғасының қалыптасуына әсерін, де-нешынықтыру жаттығуларының, қимыл-қозғалыстың, демалыстың организмнің қалыптасуына тигізетін пайдасымен танысады. Балаларды таңертеңгілік гимнастика жаттығуларын жасауға әдеттендіру де маңызды гигиеналық дағды болып табылады.
Ақыл-ой еңбегі гигиенасы тақырыбына күн тәртібі, үйдегі және мектептегі сабақ оқу гигиенасы, демалыс тәртібі мен ұйқы гигиенасының мәселелері кіреді. Балалар жас мөлшеріне байланысты өздерінің күн тәртібінің элементтерінің ең дұрыс ұзақтығын білуі оны өмірде дұрыс пайдалана білуі керек. 10 жастан бастап мектеп оқушылары өздеріне ыңғайлы күн тәртібін құрастыра алуы тиіс.
Жоғарғы сынып оқушылары қажу мен қатты қажудың физиологиялық маңызы туралы мағлұмат алып, бір күндегі, аптадағы, жыл бойындағы ақыл-ой қызмет қабілетінің динамикасы туралы түсінігі болуы керек. Барлық жастағы оқушылар түнгі ұйқының жағдайы мен ұзақтығын дұрыс бағалай білгені дұрыс.
Кішкене жастағы балалардың тамақтану гигиенасы дастарқан басында отыру, салфетка, ыдыс-аяқтарды пайдалана білуден тұрады. Мұнда асықпай тамақ ішу, тамақ ішкен кезде сөйлемей, алаңдамай отыру дағдыларына үйренеді. Одан ересек жаста мектеп оқушылары тамақтың сандық және сапалық нормалары, минералдық заттар мен витаминдер, тамақтану тәртібі, астың қорытылу механизмі туралы ақпарат алады.
Жарақаттану - балалар мен жасөспірімдер өлімінің негізгі себептерінің біріне жатады. Оқушыларға осы жайында жүргізілетін дұрыс гигиеналық тәрбиенің профилактикалық маңызы өте үлкен. Бұл тақырыпта мектеп оқушыларына (бастауыш және орта сыныптар) жол қозғалыс ережелерін оқытып, таныстыру - басты мақсат. Мектепте және тұрмыста жарақаттанудың алдын алу үшін оның тал, бұталардан, баспалдақтардан, балкондардан құлау жағдайлары, асхана пышағын, қайшыны, газ плитасын, электрлі заттарды дұрыс пайдаланбаудан болатын қателіктер талқыланады.
Мектеп оқушылары төменгі сыныптан бастап жеңіл-желпі жарақат алғанда, кесіп алғанда, тырналғанда, сырылып кеткенде, күйікте, мұрны қанағанда т.б. жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдеріне үйренеді.
Көптеген зерттеушілер салауатты өмір сүру - рационалды тамақтану, күн тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтау және зиянды әдеттерден бас тарту өмір сүру ұзақтығын 7-10 жылға ұзартады деп санайды. Жеке бас гигиенасының ережелерін сақтамау, тек өзінің жеке басына ғана емес, сонымен қатар маңайындағы қарым-қатынастағы адамдарға да қолайсыз әсер етуі (мыс. жұқпалы аурулар таралуы) мүмкін. Мектеп оқушылары жеке бас гигиенасы туралы білім мен дағдыларды меңгеруі тиіс.
Мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сыныптардағы мектеп оқушыларына мына тәсілдерге оқытып, дағдыландыру қажет:
- қолдарын уақытында (тамақ ішер алдында, әжетханаға барғаннан кейін және жануарлармен ойнағаннан соң т.б.) мұқият жуу;
- денені белге дейін және аяқтарды жуу;
- тісті күту;
- шаш пен тырнақтардың тазалығын сақтау;
- бөлмелерді дұрыс жиыстырып, желдетіп отыру;
Орта және жоғарғы сынып оқушыларына инфекциялық аурулар жөнінде білім беріліп, олардан сақтанудың профилактикалық шараларын оқытады. Кәсіптік мамандыққа оқытудың гигиеналық тәрбиесінің негізі, оқушыларға еңбек сабағында өндірістік процестер кезіндегі қауіптілікті түсіндіру болып табылады. Балалар мен жасөспірімдердің оқу бөлмелеріндегі санитарлық-гигиеналық тәртіп ережелерін білуі керек. Жоғары сыныптарда өндірістік жарақаттану профилактикасы түсіндіріледі. Мектеп оқушылары верстактың өз жастарына сәйкес келетін биіктіктерін, арнаулы киімдерді таңдап алуы, құрал-саймандарды дұрыс пайдалана білуі керек. Қыз балалар тағам өнімдерін даярлау және сақтау жағдайына қойылатын гигиеналық талаптарды, іс тігу машинасын қолдану дағдыларын меңгереді. Барлық жастарда техника қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Орта сынып оқушыларына жыныстық тәрбие беруде де гигиеналық сұрақтарға тоқталады. Соның ішінде, балаларда физиологиялық өзгерістер пайда болардың алдында жыныстық тәрбие жөнінен хабарлар беріледі. Жынысына сәйкес жүргізілетін мұндай түсініктер қыз балалар үшін 12 жаста, ал ер балалар үшін 13 жаста өткізіледі. Жоғарғы сыныптардағы жасөспірімдерге медициналық және моральдық қарым-қатынас жағынан да дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға арналған тәрбие жұмыстары жүргізіледі.

1.3 Оқушылардың салауатты өмір сүру қалыптастырудың педагогикалық негіздері

Демек, мектепте оқушылардың денсаулығы ерекше өзекті мәселе. Статистикалық деректер бойынша жалпы мектепті бітірушілердің 68% дені сау, әрбір екінші жеткіншек морфофункционалдық патология, 42%-созылмалы сырқат деп танылуда. Жас балалардың маскүнемділік деңгейлері де жиі байқалып келеді.
Мектеп оқушыларының денсаулықтарына теріс әсер ететін факторларының қатарына мектеп оқушыларының оқу сабақтарымен артықша жүктелулерін, педагог пен оқушылардың арасындағы авторитарлық қарым-қатынастықты, оқыту мен тәрбиелеудегі баланың тұлғалық және жас ерекшеліктерін қажетті деңгейде есепке алынбаушылықтарын, гиподинамия және т.б. атап көрсетуге болады. Мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын қазіргі заманның талаптарына сәйкес жүргізу, оқушының денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық қызметкерлер мен мұғалімдердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Педагогика ғылымында осы туындаған мәселені шешудегі тиімді жолдары мен құралдарын негіздеу қажеттілігі туындайды.
Денсаулық мәдениеттілігінің төменділігі, денсаулыққа қарамаушылық себептері, оқушылардың арасында 40% салауатты өмір салтының теориясын білмейтіндігінен деп саналады. Демек, қазіргі кезде оқушылардың салауатты өмір салтын тәрбиелеу қажеттілігі, оны арнайы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып қалыптастыру қажеттілігі туады.
Қазіргі мектеп оқушысын салауатты өмір салтына тәрбиелеудің басты міндеттеріне мына төмендегілер жатады:
* халық педагогикасы элементтерін қолдану (ауызша халық шығармашылығы, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындар т.б.);
* мектеп оқушысының бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруда тиімді психологиялық-педагогикалық шарттарды қолдану;
* салауатты өмір салты - ұғымын қалыптастыру;
* салауатты өмір сүру туралы оқушыларды ынталандыру;
* оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне көмек көрсету;
* өз денсаулықтарын сақтауда, салауатты өмір сүру дағдыларында жауапкершіліктерін қалыптастыру.
* арнайы денсаулық сақтау технологиясы арқылы салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру.
Шығыстың ойшылдары Аль-Фараби, Абу Али Ибн-Сина, Ж.Баласағұн, А.Ясауи өз трактаттарында денсаулық пен өмір салтының байланыстылығы туралы айтса, педагог-ағартушылар А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулати, Асан Қайғының шығармаларында жас жеткіншектерге денсаулық сақтау туралы білім беру керек екендігіне көңіл бөлінген.
Педагогика саласындағы бірқатар зерттеуші ғалымдар Амосов Н.М., Ақбердиева Д.Ф., Колбанов В.В., Зайцев Г.К., И.И.Соковня-Сейшона, А.С. Иманғалиев, Г. Сисенғалиева, Т.Г. Тынынбаева, Ж.З.Торыбаева, С. Исаев, Е.Г. Жук және т.б. еңбектерінде салауатты өмір салтына тәрбиелеудің педагогикалық стратегиясы оқушының алған, алатын білімі мен тәжірибесі негізінде жүргізілуі, орындалуы тиісті деп көрсетеді және де салауатты өмір салтына тәрбиелейтін кезеңді тізбектей анықтау қажет екендігін айтады.
Мектеп қабырғасында оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы негізінде қалыптастыру қажеттілігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда зерттеліп және ғылыми - әдістемелік жағынан қажетті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі арасында қарама-қайшылық орын алып отырғандығы байқалады.
Жоғарыда айтылған проблемалардың өзектілігі, оның педагогика ғылымы мен мектеп практикасына тікелей қатынастылығы, теориялық деңгейде толық әзірленбеушілігі біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын былай деп таңдап алуымызға негіз болды: Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы негізінде қалыптастыру. Зерттеу проблемалары оқушылардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбие мазмұнын анықтаудан, педагогикалық процессті қалыптастырудан тұрады.

2. БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА САЛАУАТТЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

2.1 Салауатты өмір салтын қалыптастыруда биологиялық білімдердің маңызы

Салауатты өмір салты - белгілі популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған мінез-құлқы, тәрбиесі. Салауатты өмір салты - тек медициналық емес, сонымен қатар өндіріс пен өндірістік қатынастардың дамуына байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық категория. Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті.
Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға жағдай жасайтын тәртіптер және организмге зиянын тигізетін әдеттерге қарсы тәртіптер - гигиеналық дұрыс тәртіп болып саналады. Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға әр түрлі іс-әрекеттер мен демалысты дұрыс пайдалану, рационалды тамақтану, жақсы қимыл-қозғалыс белсенділігі, денешынықтыру, шынығу, жеке бас гигиенасын сақтау, өзінің денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөлу, жақсы экологиялық жағдай т.с.с. әсер етеді.
Бұл жағдайда балалардың өзіне қажетті тіршілік ортасын қалыптастыра алмайтындығын ескеру керек. Сондықтан бұндай жағдайларды қалыптастыру негізінен ата-аналарға, ағарту жұмыстарын ұйымдастырушыларға, педагогтарға байланыстыі. Яғни, баланың болашақтағы мінез-құлқы оның сәби кезінен бастап тіршілік ортасына байланысты болады.
Салауатты өмір зиянды әдеттермен үйлеспейді. Алкоголь және басқадай маскүнемдікке әкелетін заттар, анаша, шылым шегу салауатты өмір салтын қалыптастыруға жан-жақты кедергі келтіреді. Зиянды әдеттер көптеген аурушаңдықтың қауіптілік факторы болып саналады және балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына кері әсер етеді.
Қазіргі кезде, жоғарғы сынып оқушыларына жүргізілген эпидемиологиялық тексерулер шылым шегу, шарап ішу, анаша пайдалану жастардың арасында кеңірек таралып бара жатқанын көрсетеді. Әсіресе маскүнемдік бірінші орынға шығады екен.
Маскүнемдікке бейім келетін ең қиын кезең - жасөспірім кезеңі. Бұл кезеңде жасөспірімдер тіршілігінде бірқатар маңызды өзгерістер болып жатады. Біріншіден, организмнің психо-эндокриндік қайта құрылуы қалыптасады, екіншіден жаңа көзқарас, қажеттіліктер қалыптаса бастайды. Психологиялық қайта құрылу дискамфорттық жағдайлардың пайда болуының себебінен қиын қалыптасады. Жасөспірімдердің мінез-құлқы тұрақсыздықпен, жылдам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың салауатты өмір сүру қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Химияны пәнаралық байланыста негіздеп оқытудың маңыздылығы
Экологиялық тәрбиенің теориялық мәселелері
Спорт физикасы факультатив курсы
Мектептерде химияның жаратылыстану ғылымдарымен байланысын инновациялық оқыту
Биология сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру
Жалпы білім беретін орта мектепте химияны пәнаралық байланыс негізінді оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі
Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жолдары
Салауаттылық –денсаулық кепілі
Пәндер