Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие жұмыстарын жүргізу



Кіріспе 3
1 Орта мектепте оқушыларды жалпы гигиенаға тәрбиелеу 5
1.1 Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мазмұны, міндеттері, даму тарихы 5
1.2 Оқушыларға қойылатын гигиеналық талаптар 7
Балалардың кітаптарына қойылатын гигиеналық талаптар 8
2 Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие беру 13
2.1 Биологияны оқытуда гигиеналық білім беру 13
2.2 Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие жұмыстарын жүргізудегі іс.әрекет 14
3 Тәжірибелік бөлім 19
3.1 8 сыныпта биологияны оқытуда оқушылардың жеке бас гигиенасын оқыту әдістемесі 19
Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелері. 8.сынып.Биология 19
Қорытынды 26
Пайдаланған әдебиеттер 27
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» «... білім берудің тиімді жұмыс істейтін қазақстандық жүйесі қалыптасып, қазіргі әлемде Казақстанның лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадрларды даярлаудың сапалық білім деңгейіне қол жеткізетін болады» деп атап керсетілген. Яғни, "жаңа" қоғамға "жаңа" сапалы адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Әрбір жеке тұлғаның, бүкіл халықтың, бүкіл қоғамның тағдыры мұғалімнің еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты. Мектеп мұғалімі өз қызметін шығармашылық бағытта ұйымдастыра білуі үшін, ең алдымен, өз қызметінің мәнін түсіне алуы - басты шарт.
Гигиена грек сөзі - Hygiene - емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық гигиеналық факультеттері мен кафедралар бар. Арнаулы түрде маман дәрігерлер-гигиенистер дайындалады.
Гигиена — аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық-түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гагиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге және т.б. биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым. Практикада қолданатын нақтылы әсілдері болады. Осының бәрі адмның денсаулығын арттыруға қолданылады.
Сонымен гигиена ғылымының негізгі көздеген мақсаты адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы бірінші денсаулық сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласына залая келтіретін факторлардан адамзат баласын корғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигаенасы болып бірнешеге бөлінеді. Әрбірінің өздерінің алдына қойған мақсаттары бар.
Дәрігер-гигиенистер, санитарлар айналаны қоршаған сыртқы ортаның адамдар өмірі мен жұмыс жағдайларының келеңсіз тұстарының алдын алатын ескертпе кершістеріңдей күн сайын болатын санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізіп, әрбір кездескен қолайсыз жағдайлардың жолына тосқауыл қойып отырады. Жұқпалы ауруларды таратпай алдын алу мақсаттарымен қаптап кететін жұқпалы дерттерге қдарсы медициналық әдістер мен шараларды кең көлемде қолданады.
1. Неменко Б.А. Оспанова Г.К «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық)».- Алматы 2002.344б.
2. Кучма В.Р. «Гигиена детей и подростков»., М., Медицина, 2004.,
3. Амосов Н.М. «Денсаулық туралы толғаныстар». Алматы, 1989.
4. Покровский А.А. «Тағам туралы талдау». Алматы, 1990.
5. Өмешұлы Ә. «Салауатты өмір – денсаулық кепілі». - Алматы. 1999.
6. Татарникова В.Л. Г. «Педагогическая валеология». - С-Пб. 1995.
7. Өмешұлы Ә. «Салауатты өмір – денсаулық кепілі», Алматы, 1999
8. Малдыбаев Ә. «Мұны әркім де білуі тиіс», Алматы, 1987
9. «Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі»/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009
10. «Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық». Алматы: Атамұра, 2008.
11. «Балалар энциклопедиясы», III-том
12. Дайырбеков О.Д., Алтынбеков Б.Е., Торғауытов Б.К., Кенесариев У.И., Хайдарова Т.С. «Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік». Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
13. . Шаңырақ: «Үй-тұрмыстық энциклопедиясы». Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
14. . Матюхин З.П. «Тамақтану, гигиена және физиология негіздері», Просвещение 1999 ж.
15. Ордабеков С. «Медициналық валеология». Тараз, 2005.
16. Коваль, В.И. «Гигиена физического воспитания и спорта: учеб. для студентов вузов» / Валерий Иосифович Коваль, Тамара Алексеевна Родионова.- М.: Академия, 2010.- 314, [6] с. .- (Высш. проф. образование).
17. . Кабанов А.Н., Чабовская А.П. –« Гигиена подростков». "Просвещение" 1969 337с.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Орта мектепте оқушыларды жалпы гигиенаға тәрбиелеу 5
1.1 Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мазмұны, міндеттері, даму тарихы 5
1.2 Оқушыларға қойылатын гигиеналық талаптар 7
Балалардың кітаптарына қойылатын гигиеналық талаптар 8
2 Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие беру 13
2.1 Биологияны оқытуда гигиеналық білім беру 13
2.2 Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие жұмыстарын жүргізудегі іс-әрекет 14
3 Тәжірибелік бөлім 19
3.1 8 сыныпта биологияны оқытуда оқушылардың жеке бас гигиенасын оқыту әдістемесі 19
Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелері. 8-сынып.Биология 19
Қорытынды 26
Пайдаланған әдебиеттер 27

Кіріспе

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ... білім берудің тиімді жұмыс істейтін қазақстандық жүйесі қалыптасып, қазіргі әлемде Казақстанның лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадрларды даярлаудың сапалық білім деңгейіне қол жеткізетін болады деп атап керсетілген. Яғни, "жаңа" қоғамға "жаңа" сапалы адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Әрбір жеке тұлғаның, бүкіл халықтың, бүкіл қоғамның тағдыры мұғалімнің еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты. Мектеп мұғалімі өз қызметін шығармашылық бағытта ұйымдастыра білуі үшін, ең алдымен, өз қызметінің мәнін түсіне алуы - басты шарт.
Гигиена грек сөзі - Hygiene - емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық гигиеналық факультеттері мен кафедралар бар. Арнаулы түрде маман дәрігерлер-гигиенистер дайындалады.
Гигиена -- аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық-түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гагиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге және т.б. биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым. Практикада қолданатын нақтылы әсілдері болады. Осының бәрі адмның денсаулығын арттыруға қолданылады.
Сонымен гигиена ғылымының негізгі көздеген мақсаты адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы бірінші денсаулық сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласына залая келтіретін факторлардан адамзат баласын корғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигаенасы болып бірнешеге бөлінеді. Әрбірінің өздерінің алдына қойған мақсаттары бар.
Дәрігер-гигиенистер, санитарлар айналаны қоршаған сыртқы ортаның адамдар өмірі мен жұмыс жағдайларының келеңсіз тұстарының алдын алатын ескертпе кершістеріңдей күн сайын болатын санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізіп, әрбір кездескен қолайсыз жағдайлардың жолына тосқауыл қойып отырады. Жұқпалы ауруларды таратпай алдын алу мақсаттарымен қаптап кететін жұқпалы дерттерге қдарсы медициналық әдістер мен шараларды кең көлемде қолданады.
Алдыңғы қатардағы шараларды іс жүзіне асырып эпидемияға қарсы күресті үдете түседі. Ауа райының өзгешелігін, климаттың біркелкі еместігін, судағы ауру тарататын микробтардың санын анықтап, биологиялық ерекшелікгерін ескеріп, ауадағы шаңтозаңдардағы микробтарды біліп, қанша ішіндегі түтіннің құрамын анықтап, олармен биологиялық және химиялық күрес жүргізудің жолдарын белгілеп береді, Қай саладағы дәрігерлер қызметінде болмасын профилактикалық әерекет жасап, көзге көріне түседі. Оларды жасау үшін терең ой, жүйрік ақыл керек. Адамзат баласының денсаулығы бірімен-бірі байланысты табиғи (биосфералық) және әлеуметтік-экономикалық, саяси факторлардың әсерлерімен қалыптасады. Биосфералық факторларға жататындар: атмосфералық ауа (тропосферадағы), су (гидросферадағы), жер (литосферадағы. космостық факторлар күн сәулесі), әлеуметтік факторларға еңбек және оқу жағдайлары, тамақ, киім-кешек төсек-орын, жағдайы және т.б. жатады. Бұл факторлар адамдардың салауатты өмір сүру салтын қалыптастырады. Бұл факторлар қолайсыз болғанда зиянды дағдылар дамып кетеді. Арақ-шарап ішу, темекі шегу, наркотикалық заттар мен әурелену,гоксикоманиямен айналысу ерекше етек алады.
Курстық жұмыстын тақырыбы - Оқушыларға гигиеналық тәрбие беру.
Зерттеу объектісі - мектептегі оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні - мектеп оқушыларына гигиеналық тәрбие берудегі мұғалім жұмысының мазмұны.
Зерттеу жұмысының мақсаты - мектеп оқушыларына гигиеналық тәрбие беру бойынша шаралар жүйесін әзірлеу.
Зерттеу міндеттері:
- гигиена ұғымының психологиялық-педагогикалық мәнін ашу;
-алдыңғы қатарлы мұғалімдер іс-тәжірбиесін талдау және жинақтау;
- мектеп оқушыларына гигиеналық тәрбие берудің тиімділігін анықтау;
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Орта мектепте оқушыларды жалпы гигиенаға тәрбиелеу

1.1 Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мазмұны, міндеттері, даму тарихы

Әлем халықтарының үлкен бөлігі балалар мен жасөспірімдер болып келетіндіктен, оларға дұрыс көңіл бөлу сол қоғамның маңызды міндеті болып табылады. Балаларға дұрыс тәрбие беру, оларға дұрыс көңіл бөлу деп қарауға болады. Тәрбие берудің 90% өте ерте жаста қалыптасады.
Гигиеналық білім мен гигиеналық дағдылар баланың денсаулығын нығайтуға ғана емес, сонымен бірге баланы әдептілікке, саналылыққа баулиды. Баланы жеке бас гигиенасының талаптарын сақтауға баулу олардың саналы түрде қоғамға қажетті негізгі ережелерді сақтап жүруін қалыптастырады. Балаға гигиеналық тәрбие берудің негізі бала-бақшада басталады, одан ары қарай мектепте тереңірек түсініктер беріледі. Оның негізгі бөлімдері:
1. Оқу үрдісінде гигиена негіздерінен сабақ беру;
2. Мектеп оқушыларының мектептен тыс санитарлық ерікті жұмыстарын жүргізу;
3. Оқушылармен мектептен тыс санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу;
4. Ата-аналармен санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу т.с.с. болып табылады.
Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру жұмысы - мектептің оқу бағдарламасының міндетті түрдегі құрамды бөлігі болып табылады.
Гигиеналық тәрбиенің бағдарламасы. Жалпы алғанда оқушыларға гигиеналық тәрбие беру бағдарламасы төмендегі талаптардан тұрады:
1. Денешынықтыру мен шынығудың салауатандырудағы маңызы;
2. Мектеп оқушыларының ақыл-ой еңбегінің гигиенасы;
3. Тағам тану гигиенасы;
4. Қоғамдық және жеке бас гигиенасы;
5. Жарақаттанудың алдын алу;
6. Политехникалық оқытудың гигиенасы;
7. Жыныс тәрбиесі.
Бұл саладан ең маңызды мәселе қажетті тақырыптарды мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай бөліп алу болып табылады. Балалардың жас мөлшерлері жалпы қабылданған 3 топқа бөлінеді:
1. 10-14 жастағы балалар (4-7 сыныптар);
2. 15-17 жастардағы жасөспірімдер (8-11 сыныптар);
Оқушыларды өздерінің жас мөлшерлеріне сәйкес келетін бөлімдерге гигиеналық баулу - тәрбиенің негізгі принципі. Балалардың жасы өскен сайын гигиеналық тәрбие туралы алғашқы түсініктердің мағнасы тереңдей түседі[1;156].
Денешынықтыру тәрбиесінің тақырыбына дене тұлғасының дұрыстығы туралы мәліметтер кіреді. Мұнда олар іс-әрекеттің дене тұлғасының қалыптасуына әсерін, де-нешынықтыру жаттығуларының, қимыл-қозғалыстың, демалыстың организмнің қалыптасуына тигізетін пайдасымен танысады. Балаларды таңертеңгілік гимнастика жаттығуларын жасауға әдеттендіру де маңызды гигиеналық дағды болып табылады.
Ақыл-ой еңбегі гигиенасы тақырыбына күн тәртібі, үйдегі және мектептегі сабақ оқу гигиенасы, демалыс тәртібі мен ұйқы гигиенасының мәселелері кіреді. Балалар жас мөлшеріне байланысты өздерінің күн тәртібінің элементтерінің ең дұрыс ұзақтығын білуі оны өмірде дұрыс пайдалана білуі керек. 10 жастан бастап мектеп оқушылары өздеріне ыңғайлы күн тәртібін құрастыра алуы тиіс.
Жоғарғы сынып оқушылары қажу мен қатты қажудың физиологиялық маңызы туралы мағлұмат алып, бір күндегі, аптадағы, жыл бойындағы ақыл-ой қызмет қабілетінің динамикасы туралы түсінігі болуы керек. Барлық жастағы оқушылар түнгі ұйқының жағдайы мен ұзақтығын дұрыс бағалай білгені дұрыс.
Кішкене жастағы балалардың тамақтану гигиенасы дастарқан басында отыру, салфетка, ыдыс-аяқтарды пайдалана білуден тұрады. Мұнда асықпай тамақ ішу, тамақ ішкен кезде сөйлемей, алаңдамай отыру дағдыларына үйренеді. Одан ересек жаста мектеп оқушылары тамақтың сандық және сапалық нормалары, минералдық заттар мен витаминдер, тамақтану тәртібі, астың қорытылу механизмі туралы ақпарат алады.
Жарақаттану - балалар мен жасөспірімдер өлімінің негізгі себептерінің біріне жатады. Оқушыларға осы жайында жүргізілетін дұрыс гигиеналық тәрбиенің профилактикалық маңызы өте үлкен. Бұл тақырыпта мектеп оқушыларына (бастауыш және орта сыныптар) жол қозғалыс ережелерін оқытып, таныстыру - басты мақсат. Мектепте және тұрмыста жарақаттанудың алдын алу үшін оның тал, бұталардан, баспалдақтардан, балкондардан құлау жағдайлары, асхана пышағын, қайшыны, газ плитасын, электрлі заттарды дұрыс пайдаланбаудан болатын қателіктер талқыланады.
Мектеп оқушылары төменгі сыныптан бастап жеңіл-желпі жарақат алғанда, кесіп алғанда, тырналғанда, сырылып кеткенде, күйікте, мұрны қанағанда т.б. жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдеріне үйренеді[2;59].
Көптеген зерттеушілер салауатты өмір сүру - рационалды тамақтану, күн тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтау және зиянды әдеттерден бас тарту өмір сүру ұзақтығын 7-10 жылға ұзартады деп санайды. Жеке бас гигиенасының ережелерін сақтамау, тек өзінің жеке басына ғана емес, сонымен қатар маңайындағы қарым-қатынастағы адамдарға да қолайсыз әсер етуі (мыс. жұқпалы аурулар таралуы) мүмкін. Мектеп оқушылары жеке бас гигиенасы туралы білім мен дағдыларды меңгеруі тиіс.
Мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сыныптардағы мектеп оқушыларына мына тәсілдерге оқытып, дағдыландыру қажет:
- қолдарын уақытында (тамақ ішер алдында, әжетханаға барғаннан кейін және жануарлармен ойнағаннан соң т.б.) мұқият жуу;
- денені белге дейін және аяқтарды жуу;
- тісті күту;
- шаш пен тырнақтардың тазалығын сақтау;
- бөлмелерді дұрыс жиыстырып, желдетіп отыру;
Орта және жоғарғы сынып оқушыларына инфекциялық аурулар жөнінде білім беріліп, олардан сақтанудың профилактикалық шараларын оқытады. Кәсіптік мамандыққа оқытудың гигиеналық тәрбиесінің негізі, оқушыларға еңбек сабағында өндірістік процестер кезіндегі қауіптілікті түсіндіру болып табылады. Балалар мен жасөспірімдердің оқу бөлмелеріндегі санитарлық-гигиеналық тәртіп ережелерін білуі керек. Жоғары сыныптарда өндірістік жарақаттану профилактикасы түсіндіріледі. Мектеп оқушылары верстактың өз жастарына сәйкес келетін биіктіктерін, арнаулы киімдерді таңдап алуы, құрал-саймандарды дұрыс пайдалана білуі керек. Қыз балалар тағам өнімдерін даярлау және сақтау жағдайына қойылатын гигиеналық талаптарды, іс тігу машинасын қолдану дағдыларын меңгереді. Барлық жастарда техника қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Орта сынып оқушыларына жыныстық тәрбие беруде де гигиеналық сұрақтарға тоқталады. Соның ішінде, балаларда физиологиялық өзгерістер пайда болардың алдында жыныстық тәрбие жөнінен хабарлар беріледі. Жынысына сәйкес жүргізілетін мұндай түсініктер қыз балалар үшін 12 жаста, ал ер балалар үшін 13 жаста өткізіледі. Жоғарғы сыныптардағы жасөспірімдерге медициналық және моральдық қарым-қатынас жағынан да дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға арналған тәрбие жұмыстары жүргізіледі[3;89].

1.2 Оқушыларға қойылатын гигиеналық талаптар

Жазу сабақтарына қойылатын гигиеналық талаптар .
Жазу жұмысына қажетті жағдайлар мен оған қойылатын талаптар . Жазудың айқын таза болуы үшін , ең әділі жазу дәптерінің қағазы сапалы ( ақ , сия сормайтын ) болуға тиіс . Оқушыға арнаулы қаламсаппен, айқын түсті сиямен жазу тәртібі ұсынылады . Жазу кезінде жарық сол жақтан түсіп тұруы қажет . Оқушылардан әрбір әріпті дұрыс жазу , әрбір жаңа ойды абзацтан ( жаңа жолдан ) бастап жазу , дәптердің түп жағынан ( 10 - 15 мм ) , оң жағынан ( 20 мм ) бос орын қалдыру , біркелкі көркем жазу талап етіледі .
Гигиеналық талап дегеніміз - оқу , жазу жұмыстарының атқарылатын физиологиялық шаралардың жиынтығы . Бұл шаралардың орындалуы оқушының психо - физиология дамып жетілуін қамтамасыз етеді .
1 . Сынып бөлмесінде партаға дұрыс отыру ережелерінің ілініп тұруы .
2 . Сынып бөлмесіне жарықтың сол жақтан түсуі .
3 . Оқушының партаға кеудесін тік ұстап түзу отыруы ( оқушылардың белі орындықтың арқалығына тіреліп тұруы шарт ) .
4 . Оқушының кеудесінен партаның арасындағы қашықтық 4 - 5 см сәйкес болуы керек .
5 . Оқушының басы алды - артына аз солға қисаймай тік болуы және дәптердің бетімен оқушының арасындағы қашықтық 25 - 30 см сәйкес болуы керек .
6 . Оқушының екі аяғы үшбұрышталып партаның кергішіне не төртбұрышталып еденге тиіп отыруы керек .
7 . Оқушының 2 - ші сыныптағы партасының бетінде болып дәптердің жоғары , төмен жылжуын сол қолдың ықпалымен жүзеге асады .
8 . Оқушының қаламсап ұстаған жұдырығы оның көкірек тұсында болуы .
9 . Оқушының жұмыс дәптері партасының бетінде көлбеу жатуы ( есік жағы жоғары , терезе жағы төмен ) .
10 . Дәптердің жоғары немесе төмен жылжуы тек сол қолдың ықпалымен жүзеге асады .
11 . Оқушы қаламсапты ұшынан 2 - 3 мм қашықтықта үш саусақтың көмегімен қатты қыспай еркін ұстап жазуы .
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Балалардың кітаптарына қойылатын гигиеналық талаптар
Балалар ес білгеннен бастап, белгілі көлемдегі ақпаратты қабылдап, түсіне білуі қажет. Білімді меңгерудің жаңа жолдары мен хабар алудың жаңа құралдары пайда бола бастағанымен ақпарат алудың негізгі көзі кітап болып қала береді.
Мектеп оқушыларында жақыннан көргіштік дамуы көптеген факторларға байланысты болатынын, әсіресе, оқулықтар мен балалар әдебиетінің сапасының төмендігінен болатынын өз заманында Ф.Ф.Эрисман атап көрсеткен болатын. Бұл жағдай офтальмологтар мен педагогтардың бақылауларында да айтылады. Сондықтан, кітаптың өзі де, оқу процессі де регламенттеуді қажет етеді.
Жаңадан басылып жатқан оқулықтарға санитарлық бақылау екі бағытпен (басылып шыққанға дейін және басылып шыққаннан кейін) жүргізіледі:
1. Әрбір оқулықтардың басылымын, олар көптеп шығарылғанға дейін өндірістік мамандардың іріктеп тексеруі (жағдайлары толық көрсетілген техникалық құжаттар);
2. Басылымнан шыққан оқулықтарға гигиеналық сараптма жасау үшін, таңдап, іріктеп алу;
Оқулықтардың мұқабасын өңдеуге қойылатын гигиеналық талаптар, балалардың көз анализаторларының ерекшеліктеріне негізделген. Оқыған кезде көзге түсетін жүктеме негізгі екі жағдайдан тұрады: көріну жағдайы және оқуға қолайлылығы. Текстің көрінуі қағаз бен баспаның сапасына байланысты болады, оқуға қолайлылығы - баспа белгілерінің размеріне, олардың түсіне, баспа бояуларының суретіне және теріп алынған әріптердің орналасу жағдайына байланысты болады[4;78].
Сонымен, оқулықтың гигиеналық сипаты - қағаздың, баспаның, шрифтің, баспа жиынтығының, форматтың және кітаптың салмағы мен мұқабасының сапасына баға беруден тұрады.
Оқулықтарға арналған қағаз - баспа белгілері мен фонның арасындағы қарама-қарсы түстердің жеткілікті болуын қамтамасыз ету үшін ақ немесе аздап сарғыш түсті болуы керек. Сөйлем мәтіндері қағаздың екінші беттегі сөйлем жолдарынан көрініп тұрмауы керек. Қағаз беті тегіс және жарықтың шағылысуына кедергі келтірмейтіндей өте жылтырамауы керек. Кедір-бұдырлы жұмсақ қағаз ылғалды тез сіңіреді және ұзақ уақыт бойы сақталатын патогенді микроорганизмдерді, органикалық лас заттарды өзінде ұстап қалады. Арнаулы жүргізілген зерттеулер арқылы туберкулез таяқшаларының кітап беттерінде 5 айға дейін, дифтерия қоздырғыштары 3 айға дейін, гемолитикалық стрептококктар бір ай бойы өмір сүре алатындығы анықталған.
№1 типографиялық және №1, №2 офсет қағаздары гигиена тұрғысынан ең жақсы болып есептеледі. №2 тифографиялық қағазды қолдануға болмайды. Оқулықтарды №3 типографиялық қағазда және газетке арналған қағаздарға басып шығаруға тиым са-лынады.
Оқулықтардың басылымы айқын, біркелкі, анық көрінетін, қою қара түсті болуы керек. Тақырыптар, қортындылар мен ережелерді, жеке сөйлемдерді бөліп көрсету және формулалардың элементтерін жазу үшін түрлі-түсті баспа әріптерін қолдануға болады.
Оқу процессі кезінде шрифтардың гарнитурасының жас ерекшеліктеріне әсерін оқып, білуге арналған зерттеулердің нәтижесінде әліппе оқулығына белгілі психологиялық-педогогикалық талаптарға сәйкес, арнаулы шрифт: келбетінің қарапайымдылығы, әріптердің анықтығы, әріптер аралығының өлшемдерінің жеткіліктілігі, түр түсінің қанықтығы қажет екендігі анықталды. Осы талаптарға ең жоғарғы дәрежеде, рубленная (кертік) гарнитура сәйкес келеді екен.
Азбука әріптерінің әліппе әріптерінен айырмашылығы штрихтары өте жуан және әріптер аралықтарының жақын орналасуында. Бірінші сынып оқушыларының оқулықтары мен әліппесі үшін, әліппелік немесе журналдық кертіктік гарнитурасын алған жөн. Кейінгісін бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін арналған оқулықтарға да қолдануға болады.
Екінші сыныптан бастап оныншы сыныпқа дейінгі оқушыларға арналған оқулықтарға мектептік (школьная) гарнитура қолданылады. Оның кертіктік гарнитурадан айырмашылығы штрихтарының жіңішкелігінде және әріптердің аяқ жағында онша анық емес кертік таңбалары болатындығында. Әріптердің шрифтері мектеп гарнитурасынан жіңішкелеу келеді.
Үшінші сыныптан бастап және одан жоғары сыныптарға арналған оқулықтарда қосымша мәтіндерді (ескертпе, түсініктеме, көрсеткіштер, сөздіктер және т.б.) басу үшін көлбеу типографиялық шрифті (курсивті) қолдануға рұқсат етіледі. Өрнектелген шрифтерді оқулықтардың мәтінін басуда (жазу үлгісінен басқа) қолдануға болмайды[6;123].
Шрифтердің биіктігінің де гигиеналық үлкен маңызы бар. Мұнда оқушы жас болған сайын, шрифт ірілеу болуы керек деген заңдылық байқалады. Балалар оқыған кезде әріптерді бөлшектеп қарастырады, сондықтан, оның жеке элементтерінің өлшемі және әріптің өзінің тұтас алғандағы өлшемі жеткілікті болуы керек. Сонымен қатар, жылдам көз жүгіртіп оқыған кезде әріптердің биіктігі 4 мм-ден жоғары болуы керек, өйткені бұндай жағдайда оның өлшемі көздің торлы қабатының сары дағының орталық нүктесінен асып тұрады да анық көру мүмкіндігін төмендетеді. Оқуға дағдылану қалыптасқан соң, үлкен шрифтерден кішісіне қарай көшу керек, өйткені үлкен шрифтер оқу жылдамдығын азайтады.
Бірақ, бұдан кейінірек жүргізілген зерттеулер, шрифтің биіктігін жас мөлшеріне байланысты бөлу қажеттігін көрсетті, және бұл ұсыныстардың бәрі ересектерге де арналатындығы анықталды. Шрифтің биіктігі мм немесе кегльмен белгіленеді (кегль типографиялық пунктпен өлшенетін литер ауданының биіктігі)
Әріп штрихтарының биіктігі сөйлем жолындағы "Н" - әрпінің биіктігімен өлшенеді. Әліппеде ол 48 бен 20 кегль арасында болады, немесе 8 ден 3,5 мм дейін, бірінші сынып оқушыларының оқулықтарында - 16 кегль (2,8 мм), екінші сынып оқулықтары 16-14 кегль (2,3 мм) үшінші және төртінші сыныптар үшін 14-12 кегль (2,0 мм). Бесінші сыныптан бастап жоғары қарай оқулықтың негізгі текстінің шрифтері 10 кегль (1,75 мм) болып келеді. Көзге үлкен жүктеме түсіретіндіктен және оқушылардың тез қажуына әкеліп соғатындықтан, гигиенистердің пікірі бойынша, жоғарғы сынып оқушыларының өзіне 10 кегльден төмен шрифті қолдануға болмайды деп есептеледі.
Одан ұсақ шрифтермен - петитпен (8 кегль) орта және жоғары сынып оқушыларының оқулықтарында қосымша мәтіндерді басуға рұқат етіледі. Петитті оқулықтар тізімін жазғанда, сөздіктер, нұсқауларды басқанда кеңінен қолдануға болады. 7-8 сыныптардағы тақырыптарға арналған мәтіндерді петит қолдану арқылы 4 жолдан ар-тық басуға болмайды; ал 9-10 сыныптарға арналған оқулықарда бір бетте 16 жолдан артық болмауы керек. 8-9 сыныптарға арналған оқулықтарға сұрақтар мен тапсырмаларды, әрбір сұрақтың мәтіні екі жолдан, ал петиттің барлық мәтіні - 16 жолдан аспаған жағдайда баспаға петитті қолдануға рұқсат етіледі.
Сондықтан оқу дағдысы аз төменгі сынып оқушылары үшін 20, 16, 14 кегльден тұратын ірі шрифтармен басылған оқулықтарда сөйлем жолдарының ұзындығының ең қолайлы мөлшері 126-130 мм болып есептеледі, 5 сыныптан бастап 10 кегльден тұратын шрифтармен басылған кітаптарда сөйлем жолдарының ұзындығы 113 мм бастап, 98-95 мм дейін азайтылады[7;58].
Осыған байланысты бастауыш және орта сыныптардағы мектеп оқушыларына арналған оқулықтарға екі бағаннан тұратын текст жиынтықтарын қолдануға рұқсат етілмейді. Бір сөйлем жолынан екіншісіне жиі көңіл аудару мектеп оқушыларында жылдам қажу пайда болғызады. Екі бағанды баспаны тек қана 8-10 сынып оқушыларына қолдануға және олардың ішінде, негізінен ұзақ уақыт үзіліссіз оқуды қажет етпейтін (анатомия, физиология, география және т.б.) оқулықтарға ғана рұқсат етіледі. Оқулықтардың мәтінін үш бағанды баспамен басуға тиым салынады.
Қолайлы оқу үшін сөйлем жолдарының және әріптерінің арасының өзара қашықтығының да (интерлиньяж және апрош) маңызы өте зор. 1-4 сынып оқулықтарында интерлиньяж 2,8 мм, жоғары сынып оқулықтарында апрош 4-11 мм, 3-4 сынып - 3 мм, 5 сыныптардан бастап жоғары қарай - 2 мм болуы керек. Кон пластинкасымен өлшенген баспа жиынтығының тығыздығы шрифтің биіктігіне байланысты 1 см2 орында 10-15 белгіден көп болмауы керек.
"Мектеп оқулықтарын өңдеудің санитарлық ережелері" оқулықтардың эксперименттік және сынамаға арналған түрлерінен басқа барлық түріне арналды. Оның талаптарының сақталуын бақылап отыру, оқулықтар басып шығаратын баспасы бар территорияға қызмет ететін санитарлық-эпидемиологиялық станцияға міндеттеледі. Баспадан шыққан оқулықтар "санитарлық ереженің" талаптарына сәйкес келмесе СЭС сол оқулықтардың басылып шығуы мен таралуына тиым сала алады, немесе кемшіліктерді жойғанша өндірістің жұмысын тоқтатады.
8-11 - сынып оқушыларының оқу-өндірістік комбинаттардағы еңбек жағдайы, өзінің сипаты жағынан өндірістік процесстерге ұқсас болып келеді. Мұнда еңбектің қолайсыз факторларымен араласу қауіпі туа бастайды. Мысалы, металлды ыстық өңдеуден және механикалық өңдеуден өткізетін шеберханалардың жұмыс аймағында зиянды химиялық заттар жоғары концентрацияда болады, ал токарьлық, фрезерлік шеберханаларда жұмыс орнының жарықтандырылуы көбінесе жасөспірімдерге есептелмеген және шуыл деңгейі жоғары болады.
Бұл жағдайлардың балалар организміне әсерін анықтау үшін жүргізілген терең зерттеулер әлі де аз. Фармокологияда балаларға арналған дәрілердің дозасы, оның улану реакциясын болғызбау үшін дене салмағының әрббір килограммына есептелгені алынады. Осыған байланысты жасөспірімдер үшін өндірістік химиялық заттардың ересектерге қарағанда анағұрлым қауіптірек екені туралы қортынды жасауға болады.
Ойлап қарасаңыз, мұндай тұжырымның негізі бар. Жасөспірімнің салмағы аз, сондықтан дене салмағының әрбір бірлігінің химиялық заттарды қабылдауы ересектерге қарағанда анағұрлым жоғары болып келеді. Балалар мен жасөспірімдердің тыныс алу көлемі мен тері қабатының көлемі дене салмағы бірлігімен алғанда салыстырмалы түрде үлкен, ал өндіріс улары тері арқылы жеңіл сіңеді. Сонымен қатар балалар организмінде улы заттарды детоксикациялау механизмі әлі жетілмеген. Жұмыскерлерге арналған Денсаулық сақтау Министрлгі бекіткен химиялық заттардың әсерін нормаландыру шаралары жұмыс істейтін жасөспірімдер үшін жарамайды. Осы сұрақ төңірегіндегі мәліметтердің барлығын біріктіріп қарағанда жасөспірімдер организмінің сезімталдығы, ересек адамдарға қарағанда үштен он есеге дейін жоғары екенін. Бұл проблеманы гигиеналық тұрғыдан шешу мәселесін 2 бағытта жүргізуге болады:
1. Жас организмдер үшін химиялық заттарға нормалар енгізу;
2. Жасөспірімдерді улы заттардан аулақтату.
Бірінші бағыт мақсатқа сәйкес келмейді және оны практикада қолдану мүмкін емес. Өйткені 1500 -ден артық химиялық қосылыстарды регламенттеу үшін, бірнеше ондаған жылдар мен өте үлкен экономикалық шығын қажет болады. Дүниежүзінде жыл сайын бірнеше жүздеген жасанды түрдегі заттар шығарылып жатады, оларды гигиеналық бағалаудың өзі бірнеше жылдарға кешігіп жүргізіледі. Сондықтан, жасөспірмдерге улы химиялық заттармен жұмыс істеуге жас мөлшері және уақыт әсері бойынша шектелуі түрде ғана рұқсат етіледі. Мектеп шеберханалары үшін химиялық және физикалық өндірістік қолайсыз факторларға қарсы қосымша профилактикалық шаралар қарастырылған[8;125].

2 Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие беру

2.1 Биологияны оқытуда гигиеналық білім беру

Гигиена грек сөзі - Gugieinos - емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым
Тәнтану пәнінен гигиеналық, тәрбие беруде макал-мәтелдерді пайдадану
Қазақ халқының мақал-мәтелдерін оқушыларға тәнтану пәнінен гигиеиналық тәрбие беруде пайдаланудың әдістері баршылық.
Оларды сабақта және сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстарда пайдалануға болады. Тақырыптың мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтелдерді материалды өтер алдында, сабақты түсіндіру, әсіресе, қорытындылаған кездерде пайдаланса өте тиімді болатыны тәжірибеден тұжырымдадық.
Мақал-мәтелдер ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарда да көп көмегін тигізеді.
Тәнтану пәні сабақтарында пайдаланатын мақал-мәтелдер:
Ac қорыту тарауындағы Қоректік заттар және тамақтың азық-түліктер тақырыбын өтер алдында оқушыларға халықта Ac - адамның арқауы, Ас тұрған жерде дерт тұрмайды, Aз қайғыны ас басады , коп қайғыны дос басады, Ауру - астан, дау -- қарындастан, Тәні саудың - жаны сау, Іш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологияны оқыту әдістемесін жүзеге асырудың әдіс - тәсілдерін көрсету
Биологияны оқыту әдісі
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие беру
Биология оқыту әдістемесі
Биологияны оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеті
Биологияны оқыту әдістемесінің пәні
Биологияны оқыту әдістерінің тұжырымдамалық негіздері
Патриотттық тәрбие
Биология пәніндегі тәрбие әдістері мен теориясы. биология оқыту
Оқушылар білімін тексеру
Пәндер