Мектеп оқушыларының еңбек тәрбиесін қалыптастыру
Кіріспе
1 Мектеп оқушыларының еңбек тәрбиесін қалыптастыру
1.1 Мектеп оқушыларының еңбек тәрбиесін қалыптастырудың теориялық негіздері
1.2 Мектеп оқушыларының еңбек тәрбиесін берудің педагогикалық негіздері
2 Биология сабағында оқушыларға еңбек тәрбиесін беруәдістемесі
2.1 Биология сабағында еңбек етуге тәрбиелеу әдістемесі
2.2 Биология сабағында сыныптан және мектептен тыс жұмыстарда еңбек дағдыларын қалыптастыру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның білім беру заңдары мен білім стандарттарында әрбір азаматтың сапалы білім алып, өзінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін өз бетімен жүмыс жасай білуінің маңызы зор екендігі атап көрсетілген.
Елбасымыз Н.Ә Назарбаев «Еліміздің ертеңі, бүгігі жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деп атап көрсеткеніндей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру ұстаз атаулыға үлкен міндет артып отыр. Оқу процесін дұрыс және ғылыми тұрғыда ұйымдастыру үшін мұғалімге тек биологияның теориялық негізі мен оқыту әдістемелерін білу жеткіліксіз. Сонымен қатар, білім алуда ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруда, ойлау мен таным қабілеттерін дамытуда оқыту үдерісінің жалпы психологиялық заңдылықтарын білу қажет.
Сондықтан, биологиядан кластан (сыныптан) тыс жұмыстар, атап айтқанда мектептің оқу-тәжірибе участогындағы жұмыстар барысында оқушыларға ауылшаруашылығы жұмыстарының маңыздылығын нақтылап талдап көрсету жоғары маңызға ие болмақ. Жерге деген көзқарас өлкетану, туристік басқа да алуан түрлі мектептен және сыныптан тыс жұмыстар арқылы қол жеткізетін тәрбиелік шаралар нәтижесінде қалыптасатын туған өлкеге деген қарапайым ғана сүйіспеншілік емес. Жерге деген қарым-қатынасқа тек ақыл ғана емес, жүрек керек.
Тәжірибелік жұмыстар еңбекке баулу мен тәрбиелеудің қортындысының өзіндік көрсеткіші (индикаторы) қызметін атқарады.
Оқыту мен тәрбиелеу барысы екі жақты, ол педагогтар мен тәрбиелеушілердің біріккен күш-жігері арқылы ғана тиімділікке қол жеткізеді. Сондықтан, оқушылардың таным белсенділігінің артуы, олардың еңбек әрекетіне қатысуының ұлғаюы, шығармашылық қабілеттерінің дамуы мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу жұмысының маңызды тұсы болып табылады.
Оқушылардың қандай да бір іске қызығушылығы мектепте ғана қалыптасатынын ескеру абзал. Олай болса, оқушылардың ауылшаруашылығы бағытындағы тәжірибелік жұмыстарының мазмұны мен әдістерін түбірінен жақсарту қажеттілігі туындайды.
Мектептегі ауылшаруашылығы тәжірибелік жұмыстарын дамыту оқушыларға еңбек, адамгершілік, физикалық, экологиялық, эстетикалық тәрбие берумен тығыз байланыстырылуы шарт.
Зерттеудің мақсаты: биологиядан сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларды белсенді еңбек пен қоғамдық іс-әрекетке дайындау, еңбекке шығармашылық қатынасын дамыту болып табылады.
Зерттеудің міндеті:
1. Оқушылардың қоғамдық пайдалы өнімді еңбек ету барысында туындайтын күнделікті практикалық мәселерді шешуде ауылшаруашылығы тәжірибелерін пайдалануға саналы түрде ұмтылуын қалыптастыру.

1 Жүнісқызы К., Алимкулова Р., Жумагулова Қ. Биология оқыту әдістемесі.-Алматы, 2006.
2 Иващенко А.А. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық БАҚ-тары. Алматы: «Алматы
3 Калинова Г.С. Методика обучения биологии (6 – 7 кл.) – М.: Просвещение, 1987.
4 Қуанышова. С.Е. Биологияны оқыту әдістемесі. - ОҚМУ, 2003.
5 Биология қазақстан мектебінде № 2(32) – 2010.
6 Биологиядан сыныптан тыс жұмыс: Мұғалімдерге арналған құрал А: Алматы, 1996.
7 Гольдфельд М.Г. Биологиядан сыныптан тыс жұмыс А: Алматы, 1994.-191с.
8. Қуанышева С.Е. Биологияны оқыту әдістемесі. Шымкент:
2000 ж. 300 бет
9. В.В. Травникова Биологические экскурси, СПб.: «Паритет», 2002. – 256 б.
10. Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т.Есполов Экология және табиғатты тиімді пайдалану: оқулық. – Алматы: Ғылым, 2004 – 328 б.
11. Биология Қазақстан мектебінде./ Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. 2005 жылдан бастап.
12. Қайым Қабділрашид. Биология. Анықтамалық көмекші құрал. –Алматы. «Ол – Жас баспасы» ЖШС. 2006 ж. 104 бет.
13. Оспанова Г. Экология: оқулық. –Алматы Экономика, 2002. – 408 б.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Мектеп оқушыларының еңбек тәрбиесін қалыптастыру
1.1 Мектеп оқушыларының еңбек тәрбиесін қалыптастырудың теориялық негіздері
1.2 Мектеп оқушыларының еңбек тәрбиесін берудің педагогикалық негіздері
2 Биология сабағында оқушыларға еңбек тәрбиесін беруәдістемесі
2.1 Биология сабағында еңбек етуге тәрбиелеу әдістемесі
2.2 Биология сабағында сыныптан және мектептен тыс жұмыстарда еңбек дағдыларын қалыптастыру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның білім беру заңдары мен білім стандарттарында әрбір азаматтың сапалы білім алып, өзінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін өз бетімен жүмыс жасай білуінің маңызы зор екендігі атап көрсетілген.
Елбасымыз Н.Ә Назарбаев Еліміздің ертеңі, бүгігі жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздың қолында деп атап көрсеткеніндей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру ұстаз атаулыға үлкен міндет артып отыр. Оқу процесін дұрыс және ғылыми тұрғыда ұйымдастыру үшін мұғалімге тек биологияның теориялық негізі мен оқыту әдістемелерін білу жеткіліксіз. Сонымен қатар, білім алуда ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруда, ойлау мен таным қабілеттерін дамытуда оқыту үдерісінің жалпы психологиялық заңдылықтарын білу қажет.
Сондықтан, биологиядан кластан (сыныптан) тыс жұмыстар, атап айтқанда мектептің оқу-тәжірибе участогындағы жұмыстар барысында оқушыларға ауылшаруашылығы жұмыстарының маңыздылығын нақтылап талдап көрсету жоғары маңызға ие болмақ. Жерге деген көзқарас өлкетану, туристік басқа да алуан түрлі мектептен және сыныптан тыс жұмыстар арқылы қол жеткізетін тәрбиелік шаралар нәтижесінде қалыптасатын туған өлкеге деген қарапайым ғана сүйіспеншілік емес. Жерге деген қарым-қатынасқа тек ақыл ғана емес, жүрек керек.
Тәжірибелік жұмыстар еңбекке баулу мен тәрбиелеудің қортындысының өзіндік көрсеткіші (индикаторы) қызметін атқарады.
Оқыту мен тәрбиелеу барысы екі жақты, ол педагогтар мен тәрбиелеушілердің біріккен күш-жігері арқылы ғана тиімділікке қол жеткізеді. Сондықтан, оқушылардың таным белсенділігінің артуы, олардың еңбек әрекетіне қатысуының ұлғаюы, шығармашылық қабілеттерінің дамуы мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу жұмысының маңызды тұсы болып табылады.
Оқушылардың қандай да бір іске қызығушылығы мектепте ғана қалыптасатынын ескеру абзал. Олай болса, оқушылардың ауылшаруашылығы бағытындағы тәжірибелік жұмыстарының мазмұны мен әдістерін түбірінен жақсарту қажеттілігі туындайды.
Мектептегі ауылшаруашылығы тәжірибелік жұмыстарын дамыту оқушыларға еңбек, адамгершілік, физикалық, экологиялық, эстетикалық тәрбие берумен тығыз байланыстырылуы шарт.
Зерттеудің мақсаты: биологиядан сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларды белсенді еңбек пен қоғамдық іс-әрекетке дайындау, еңбекке шығармашылық қатынасын дамыту болып табылады.
Зерттеудің міндеті:
1. Оқушылардың қоғамдық пайдалы өнімді еңбек ету барысында туындайтын күнделікті практикалық мәселерді шешуде ауылшаруашылығы тәжірибелерін пайдалануға саналы түрде ұмтылуын қалыптастыру.
2. Мәдени өсімдіктерді өсіруге оқушылардың қол жетерліктей білігі мен дағдысын қалыптастыру.
3. Қоршаған ортамен қарым-қатынасты үйрету арқылы мектеп оқушыларына берілетін экологиялық тәрбиені іске асыру, ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізгендегі табиғатты қорғау шараларымен таныстыру.
4. Мектептің оқу-тәжірибе участогінде өсімдіктер өсіру кезінде оқытуды ауылшаруашылығы еңбегімен тығыз да жоспарлы түрде байланыстыруды іске асыру.
5. Өсімдік шаруашылығы негіздерінен алған білімдерін оқушыларды ауылшаруашылығы мамандығына бағдарлау және еңбекке баулу мақсаттарына пайдалану.
6. Ботаникалық білімнің практикалық мәні - өсімдік шаруашылығының ғылыми негізі екенін көрсету.
1
1.1
Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудық негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Еңбек тәрбиесі - тәрбиеленушілердің жалпы еңбектік біліктері мен қабілеттерін, еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға, еңбекке және оныңөнімдеріне жауапкершілікті қатынасты қалыптастыруға, мамандықты саналы таңдауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекеті. Еңбек тәрбиесі -- жасөспірімдерді еңбекқорлыққа , еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы. Е. т. барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі халықтың педагогикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған. Мыс., қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулынған әрбір жас сәби "Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей" деген мақал рухында тәрбиеленген (қ. Халықтық педагогика). 18 ғ-дың ағартушылары (Ж.Ж. Руссо, И.Г. Пестолоций) оқыту мен Е. т-н ұштастыру мәселесін алғаш рет ғыл. тұрғыдан талдады. Қазақстанның халыққа білім беру жүйесінде Е. т. отбасында, мектепте, мектептен тыс мекемелерде жүзеге асады. Отбасында бала кішкене кезінен еңбек тапсырмаларын орындауға, еңбекқорлыққа, төзімділікке баулынады. Е. т. мектепте білім берумен тығыз байланыста жүзеге асады. Оқу еңбегінің барысында балада ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу процесінде өзіне-өзі қызмет ету, оқу құралдарын дайындау, мектеп үйін жөндеу, табиғатты қорғау, т.б. қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуы олардың ой-өрісінің кеңеюіне, қабілеттіліктерінің, бейімділіктерінің дамуына мүмкіндік жасайды. Педагогика ғылымы Е. т-н жас ұрпақты отбасы мен мектепте тәрбиелеудің жалпы үрдісінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Оқушыларды еңбек етуге, еңбекқорлыққа баулу, оларға кәсіптік бағдар беру қазіргі таңда барлық оқу жүйесінде оқушы әрекетінің белсенділігін қамтамасыз етудің бір тәсілі болып табылады.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты - жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту.
Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.
Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері:
:: Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.
:: Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру.
:: Мамандықты таңдауға дайындау.
Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына дарыту барысында оның экономикалық (дәрежесіне) нәтижесіне мән беру қажеттілігін ғалымдар дәлелдеп берді. Еңбек нәтижесіз болса, ол адам бойында еңбекке деген жек көрушілік сезімін туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты ұйымдастырған еңбек үрдісінде еңбектің бір түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз еңбек ету адам ағзасының күнделікті дағдысына айналады.
Тұлғаның ақыл-ой, дене, адамгершілік және басқа жақтарынан дамуының нәтижесі оның мамандық таңдау даярлығына жггкілікті дәрежеде әсер ететін болады.
Бүгінгі заманда жұмысты жалпы адамзаттың құндылыққа, өзара түсінушілікке, ынтымақтастыққа бағдарлау мен құра білу табысты еңбек етудің кепілі болып табылады.
Еңбек тәрбиесінің мазмұны және жүйесі
Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысында еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік қалыптасып, кейін жаппай еңбек іс-әрекеті түрінде байқалады.
Еңбек тәрбиесі үшін еңбек сабағы өте маңызды, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді.
Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру, оқушылардың еңбекке шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылар өндірістік бригада базасында, демалыс лагерьлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтарына қатыса жүріп, әр түрлі өсімдіктер өсіреді, тәжірибелер жасайды, кейбір мамандықтың түрлерін игереді.
Балалар өзіне-өзі қызмет көрсете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудық тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, өзімнің адамгершілік борышым деп есептеп, үлкендер еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады.
Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет көрсету: оқу-құралдарын, кабинеттерді, сынып бөлмесін, дәліздерді жинау, т.б.
Отбасында өзіне-өзі қызмет көрсетуге: төсек-орынды, пәтерді жинау, кір жуу, тамақ дайындау, т.б. жатады.
Мектеп жұмысының негізгі міндеті - өзіне-өзі қызмет етудің берік жүйесін жасап, тұрмыстық еңбекті әр адамның күнделікті өмір игілігіне айналдыру. Жалқау, еріншек балаларға дұрыс бағыт беру мұғалімдердің, ата-аналардың адамгершілік борышы.
Қоғамдағы пайдалы еңбек - қоғамдағы қажеттілікті қанағаттандыру, жеке адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы. Қоғамдық пайдалы еңбек барысында оқушылардың дүниетінымы қалыптасады. Мамандықты тануда көзқарасы кеңейіп, денсаулығы жаңсарады, саяси сенімі және мәдени-адамгершілік ұғымы артады.
Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнеше түрлерін атауға болады:
:: халық қоныс тепкен жерлерді, көшелерді, тротуарларды жөндеуге қатысу, экологиялық жағдайға байланысты тазалықты сақтау, табиғатты күту және қорғау;
:: мәдени-ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, қоғамшылдыққа тәрбиелеп, олардың әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын кеңейтеді;
:: шефтік жұмыс - адамгершілікке тәрбиелеудің ең жоғары формасы. Ол баланы қамқорлыққа, қайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. Мектеп өміріндегі пайдаланып жүрген шефтік жұмыстарға Отан соғысы және еңбек мүгедектеріне, кері адамдарға, көп балалы аналарға, мәдени мұраларды қорғауы жатады.
Өнімді еңбек арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасайды.
Өнімді еңбек жалпы білім беретін орта мектептегі оқу-өндіріс кооперативтері оқушылардың өндірістік бригадалары арқылы жүзеге асырылады. Өнімді еңбек барысында оқушылар өз мүмкіндіктеріне сәйкес жалпы халықтың іске үлес қосады. ()қушылардың өндірістік бригадасының жұмысы екі бағытта жүргізіледі: өнімді еңбек процесін ұйымдастыру және ауылшаруашылық тәжірибелік жұмысын істеу.
Сонымен, оқуды еңбекпен ұштастыруда, оқушылардың кәсіби ынтасын, қызығушылығын, ауылшаруашылық еңбегін дамытуда, еңбек және адамгершілік тәрбиесін кешенді тұрғыдан іске асыруда оқушылардың өндірістік бригадасының рөлі зор.
Әрбір оқушының үйірме сабақтарында шығармашылық қатынасы байқалады, әдебиеттерімен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білуге де үйретеді.
Оқушының қызғылықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға қатысады және оларды тікелей ұйымдастырады.
Еңбекке тәрбиелеу бірқатар педагогикалық шарттарға байланысты:
:: баланы еңбекке неғұрлым ертерек қатыстыруына;
:: балалардың еңбек әрекетінің қоғамдық мағынасы және өнегелік негізі болуына;
:: еңбек тапсырмасын орындағаннан кейінгі нәтиже баланың сенімін қуаттануына, қуаныш сезімін артуына;
:: еңбекті балалардың психикалық және физологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастыруына;
1.2
Оқушылардың биология пәні бойынша алған білімдерін тереңдете отырып, танымдық қызығуы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда теориялық білімдерін практикада пайдалана білуде мектеп жанындағы оқу-тәрбие учаскесінің маңызы өте зор.
Мектеп жанындағы учаскеде мынадай бөлімдер болуы керек:
1. Бастауыш сынып оқушыларымен сабақ өткізілетін бөлім. (өсімдік морфологиясы бойынша дүниетану сабақтары).
2. Көп танапты ауыспалы егістікке егілетін дала дақылдары мен көкөніс дақылдары бөлімі.
3. Оқушылармен жүргізілетін практикалық талаптарға сәйкес жылыжайлар мен көшеттер бөлімі
Мектептің оқу-тәжірибе үлескісінің жұмысын ұйымдастыруда ең бірінші алаңның топырағына көңіл аударған абзал. Себебі, топырақ құрамы мен құрылымы өсімдіктің өсуі мен гүлдеу мерзіміне, алынатын өнім түсіміне тікелей әсер етеді. Сондықтан оқу-тәжірибе үлескісінің алаңын топырақпен қамтамасыз ету мен оны танаптарға орналастыруға мұқият қарау қажет. Мектеп алаңынан өнімді мол алу үшін ауыспалы егістік технологиясын пайдаланған дұрыс. Көптеген өсімдіктер, мысалы қызан, картоп, тамыржемістер (сәбіз, қызылша, шалқан), үрмебұршақ және пияз -- көң мен қарашірікті, оның үстіне минералды тыңайтқыштарды есептеп шашуды талап етеді.
Әрине, тәжірибе күрделі климат, топырақ және ылғалдың түрлі жерлерінде жасалады. Сондықтан тәжірибе нәтижесі әр түрлі болары сөзсіз. Алайда тәжірибе дәл және анық болуы үшін барлық жүргізілетін есеп болуы абзал. Өйткені барлық мәлімет мынадай құжаттар арқылы жүргізіледі:
1) Күнделік дәптері.
2) Тіркеу журналы.
Күнделікке оқушылардың күнделікті бақылаған мәліметі жазылады. Онда күнделікті болған өзгерістер (өскіннің өсуі, гүлдеуі т.б.) ауа райында болған құбылыстар (фенологиялық бақылау), жасалған күтім (суару, түптеу, шөптеу, т.б.) жазылады.
Тіркеу журналыңда жер аумағы, өсімдік тарихы, топырақ сипаттамасы тәжірибе алаңының сызбасы, ауданы, тәжірибе жұмысының жоспары, аудан бұрынғы дақыл жөнінде мәліметтер, 1 га шаққанда алынған өнім, есептеу қорытынды жазылады. Оқу-тәжірибе үлескісінің жұмысын дұрыс жоспарлаудың маңызы зор. Әрине, жоспарлау кезінде топырақтың құрамы мен құрылымын, өсімдіктің вегетациялық кезеңін, жергілікті жерде өсіруге ауа райының қолайлығын ескерген жөн. Сондай-ақ, жас кезінде дақылдарды күтіп, баптау үшін оқушылардың жазғы еңбек практикасын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Топ мүшелерінің еңбек практикасын биолог мұғалімдер немесе бастауыш сынып мұғалімдері бақылап, ұйымдастырып отырады. Бригада мүшелері бірінші күні жұмысын бастарда мектеп үлескісінде жұмыс істеу кезіндегі сақтық ережесімен танысып, журналға қол қояды. Ал бақылаушы, үйретуші мұғалім жұмыс түрлерін белгілеп, оны орындау жолдарын көрсетіп, тәжірибе күнделігін жүргізуді реттеп, оқушылардың келгендері туралы журналға белгілеп отырады. Оқушылардың жазғы еңбек практикасы үлескіде өскен дақылдарды күтіп баптау, өнімін жинау жұмыстарымен бірге пәнге байланысты, оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып, шығармашылыққа тәрбиелейді. Оқу-тәжірибе үлескісінің жұмысын дұрыс жоспарлау барысында мынадай педагогикалық міндеттер жүзеге асады:
1. Оқушылардың танымдық қабілеттері артады.
2. Теориялық білімнің практикамен байланысуы.
3. Оқушыларды еңбеккерлікке, іскерлікке тәрбиелеу.
4. Ізеттілікке тәрбиелеу (кішіге қамқор болу).
5. Агробиологиялық тәрбие беріледі.
6. Экономикалық білім беріледі.
7. Шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Сондықтан да оқушыларға жан-жақты, саналы білім беруде, оларды өзіндік зерттеушілік еңбекке баулып, еңбек ете жүріп танымдық қабілеттерін дамытуда мектеп жанындағы оқу тәжірибе үлескісінің берері мол. Сабақтан кейін оқушылар өздерін толғандырып жүрген мәселелер жайлы оқытушыдан көп мағлұмат беруді сұрайды. Оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыру үшін, танымдық қабілетін арттыру үшін мұғалім оқушыларды сыныптан және мектептен тыс жұмыстарға тарту керек. Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға үйірме, факультатив, секция, клуб, студиялардың жұмыстарын айтуға болады.
Ауылшаруашылығы тәжірибелеріне тән ерекшеліктер
Оқу-тәжірибе участоктері оқушылардың тәжірибе жұмыстарының базасы болуы тиіс. Оқу - тәжірибе жұмыстары барысында оқушылар тапсырылған іске жауапкершілікке тәрбиеленеді, бастаған ісін аяғына жеткізуге дағдыланады.
Ауылшаруашылығы тәжірибе жұмыстары арқылы оқушылар тірі табиғатты тереңірек оқып-үйренеді, жергілікті климат жағдайын ескере отырып ауылшаруашылығы дақылдарынан мол өнім алуға эксперименттік зерттеу жүргізеді, табиғатты қорғау шараларын үйренеді, тірі табиғат бұрышында мектеп жанындағы тәжірибе участогінде жұмыс істеуге дағдыланады.
Мектеп оқушыларының тәжірибе жұмыстары- оқуды өндірістік еңбекпен байланыстырудың бір түрі, оқытудың теориялық және машықтану (практикалық) деңгейіндегі негізгі ұғым-түсініктерді игерудің тиімді құралы деп қарастыру керек.
1 - сурет Оқу- тәжірибе алаңының жоспары
Тәжірибе жасау арқылы - зерттеуші (экспериментатор) қойған мәселені шешуге жан-жақты жауап іздеу нәтижесінде күрделілігі, маңыздылығы, ұзақтылығы әртүрлі көптеген сұрақтардың жауабын табады.
Мектеп жанындағы тәжірибелік - машықтану (практикалық) жұмыстарын оқушылардың келешек мамандығын саналы түрде таңдауға дайындайтын еңбек тәрбиесінің алғашқы сатысы деп қарау керек және бұл еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесінің өзіндік көрсеткіші қызметін атқарады.
Тәжірибе жұмыстары көптеген пәндердің - еңбекке баулу, табиғаттану, биология, география, экология, химия және физика-математиканың кейбір тақырыптарының оқу бағдарламаларының жалғасы болып табылады.
Осы пәндерден игерілген теориялық білім далалық және зертханалық эксперимент жүргізгенде пайдаланылатын болады. Алайда бұл білім әдетте аздық етеді, сондықтан іс барысында туындайтын мәселерді шешу үшін қосымша хабар көздеріне жүгіну, танымның жаңа әдістерін игеру керек болады.
Тәжірибелік жұмыстарға балалардың білім деңгейі мен жас ерекшеліктерін, олардың икемімен қызығушылығын ескере отырып, 1-11 класс шәкірттері тақырыптар бойынша түгел қатыстырылуы керек.
Тәжірибе жұмыстарының бағытына қарай негізгі алға қойылатын мәселе оның қортындысының ғылыми құндылығы болуы керек. Яғни, тәжірибе жұмыстары бұрыннан белгілі әдістермен жүргізілуі керек, оның қорытындылары дәлелді де сенімді, қорытындысы қатесіз болуы керек. Жас натуралист ұзақ тәжірибе жасау үстінде көптеген беймәлім жайттарға жауап табады. Кейде алғашқы мәліметтер болмауы мүмкін, оларды алдын-ала арнаулы әдебиеттерден, шаруашылықтың статистикалық материалдарынан, мерзімді баспа сөздерден, ұзақ та қыруар еңбек жұмсаған эксперимент үстінде табуға болады.
Оқу-тәжірибе учаскесіндегі бақылаулар мен тәжірибелер барысындағы оқушылардың агробиологиялық дағдысын қалыптастыру және дамыту
Оқу әдісі ретінде бақылауды тәжірибемен үйлесімде оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілетін сабақтарда кеңінен пайдалану қажет. Өсімдіктер құрылымы мен тіршілігін ғылыми зерттеудің маңызды әдістері - бақылау мен тәжірибе кейбір өзгерістерге ұшырай отырып, ғылыммен бірге мектепке енді. Мектеп учаскесінде оқушылар мәдени және арам өсімдіктердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін зерттейді, олардың өсуі мен фазалар бойынша дамуын бақылайды. Оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілген тәжірибелер мен бақылаулар материалында негізгі биологиялық-экологиялық ережелер мен ұйымдарды ашу өте тиімді.
Бұл зерттеуде оқу-тәжірибе учаскесі базасы негізінде агробиологиялық білімді қалыптастыруға бақылаулар мен тәжірибелердің әсері анықталды. Бақылаулар мен тәжірибелерді толық түсіну себеп-салдарлық байланыстарды, анықтаумен және оларды жинақтаумен байланысты. Ол сыртқы нақты фактілерді қабылдаудан бақыланатын құбылыстардың мәнін ашатын ұғымдарға өтуді болжайды.
2
2.1
Мектептегі оқу-тәжірибе участогіндегі тәжірибені жасар алдында оқушылар тәжірибеге қойылатын талаптармен танысып алу керек. Әр тәжірибе екі мөлдекте жүргізіледі - тәжірибелік және бақылау мөлдектері.
Мөлдектердің мөлшері, формасы, бетінің тегістігі, топырағының құрамы бірдей болуы міндетті.
Тәжірибелік мөлдектегі өсімдік сиретіліп, тыңайтқыш себіледі, ал бақылау мөлдегінде бұл шаралар орындалмайды. Екі мөлдектерде де топырақтың өңделуі, өсімдіктердің күтіп-бапталуы, егінін жинау бірдей етіп жүр, бір мезгілде жүргізіледі. Тәжірибе қорытындысы дәл шығу үшін, әр тәжірибе екі екіден қойылады. Әр тәжірибенің мақсаты мен тақырыбы бірдей болады және оны жүргізу жоспары белгіленеді.
Тәжірибе участогының мөлдектерінде тәжірибе тақырыбы, дақылдардың аты, тәжірибенің бақылануы жазылған тақтайша орнатылады.
Тәжірибе тақырыптарын таңдау
Мектептің оқу-тәжірибе участогындағы жасалатын тәжірибенің табысты және практикалық маңызды болуы оның тақырыбын дұрыс таңдай білуге байланысты болады.
Мектептегі тәжірибе жұмыстарының мазмұны оқу бағдарламалары аясында болады және оқушылардың қызығушылық деңгейіне, ұйымдастырушылардың қоятын мақсаттарына топырақ-климаттық жағдайларға және жергілікті ауылшаруашылықтың ерекшеліктеріне байланысты толықтырылуы мүмкін.
Оқушылар орындайтын тәжірибе жұмыстарының тақырыптарын мынадай бөлімдерге жүйелеуге болады.
1. Өсімдіктің тіршілік ортасының топырақ - климаттық жағдайлары.
2. Мәдени өсімдіктерді өсірудің агротехникалық әдістері.
3. Ауылшаруашылығы дақылдарының дамуы мен өсуінің биологиялық ерекшеліктерімен танысу және сортты зерттеу.
4. Органикалық және минералдық тыңайтқыштар мен микротыңайтқыштардың астық өнімділігі мен оның сапасын жақсарту әсері.
5. Фитоцидті өсімдіктер - өсімдіктерді зиянды насекомдардан қорғаудың құралы.
Бағдарламалық тәжірибелер зерттеудің жеке және жалпы әдістерін жасаудың негізі қызметін атқарады.
Тәжірибелердің оқу-танымдық маңызы
Оқу-тәжірибе участогында жасалатын тәжірибелердің ең әуелі оқу-танымдық маңызы болуы керек.
Оқушылар оқу-тәжірибе участогында өсімдіктер тіршілігіне бақылау жасауды, тәжірибеге қойылған өсімдіктерге сыртқы факторлардың әсерін бақылауды үйренеді, тәжірибедегі мәліметтерді талдай алуға және осылардан дұрыс қорытынды жасай білуге машықтанады.
Сондай-ақ, ол тәжірибелердің шаруашылықта да маңызы болуы керек.
Мектеп практикасында агротехникалық бағыттағы тәжірибелер маңызды орын алуда. Өйткені, ауылшаруашылығында бірізділікке (шаблонға) орын жоқ, мысалы, ұсынылған әдіс бір жағдайда оң тиімділік көрсетсе, келесі жағдайда оның зардабы ауыр болуы мүмкін.
Егін себуді қай уақытта бастау керек? Өсімдікті егудің уақытын анықтайтын тиісті нұсқаулықтар бар. Қар астында қалдырылған пияз, сәбіз, қызылша, күнбағыс дәндерінен мол өнім алынатыны да дәлелденген. Бұндай танымдық тәжірибелердің шаруашылыққа да экономикалық тұрғыдан пайдасы бар.
"Топырақты егіске дайындау" - бұл тақырып тәжірибе жүргізуші жастарға кең жол ашатын тақырып. Көптеген тәжірибе жұмыстарын сортсынау тақырыптарына арнауға болады. Оқушылар астық дақылдарымен, тамыр жемістілермен, әртүрлі көкөністермен жүргізілетін тәжірибелерін жергілікті шаруашылықтағы табиғат жағдайларымен байланыстыра зерттейтін болады.
Үйірмеге қатысатын оқшылар өздерінің қызығушылығына қарай секцияларға бөлінеді. Секция жұмыстарының мақсатымен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz