Биология сабағында жаңа технологияларды қолдану


Кіріспе4
1 Жаңа инновациялық технологияларды сабақта қолдану6
1. 1Оқыту технологиясы ұғымы6
1. 2 Модульдік оқыту технологиясы негізінде оқу процесін ұйымдастыру. 7
1. 3 В. Ф Шаталовтың әдістемелік жүйесі10
1. 4 Сын тұрғысынан ойлау технологиясы12
2 Жаңа инновациялық технологияларды биология пәнінде қолдану15
2. 1 Жаңа инновациялық технологияларды сабақта қолдану15
2. 2 Білім жүйесінде жаңа информациялық технологиялық құралдарды қолданудың маңызы. 16
3 Тәжірибелік бөлім21
3. 1 Биология сабағында жаңа технологияларды қолдану нәтижесі21
3. 2“Кесірткенің ” тақырыбын оқыу әдістемесі25
3. 3 10 сыныпта «Жабықтұқымды өсімдіктер түрлері» тақырыбын сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқыту әдістемесі30
Қорытынды. 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 34
КіріспеТақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі « . . . осы заманғы білім беру, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды пайдалану мамандарды дайындау сапасын көтеруге басты себеп болатын, инновациялық экономиканы дамыту» деп атап көрсетілген, сол себепті де елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты білім беру жүйесіне қойылып отырған жаңа талаптарға сай студенттердің белсенділігі мен жеке даралық қабілеттерінің жетілуіне әсер ететін жаңа ақпараттық технологиялар қолдану әлемдік білім кеңістігіне енуге жол ашуда. Осы орайда жоғарғы оқу орнын оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың мәнін ашуды талап етеді. Сондықтан біздің зерттеу проблемамыздың әдіснамалық негізіне жоғарғы оқу орнындағы оқыту жүйесі, оның ішінде кредиттік оқыту, ақпараттық технологиялар пайдалану мәселелері алынды.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселелері педагог ғалымдардың үнемі назарында болып келеді. Білім беру саласын ақпараттандыру, компьютерлендіру мәселелерінің әртүрлі аспектілері В. С. Гершунский, А. П. Ершов, В. М. Монахов, Е. И. Машбиц секілді ғалымдардың зерттеу еңбектерінде көрініс тапқан. Оқыту үдерісінде компьютерлік технологияларды қолданудың теориясы мен әдістемесі Ю. С. Брановский, Н. В. Василенко еңбектеріне арқау болған. Ал Қазақстанда бұл мәселелерге Е. Ы. Бидайбеков, Ж. А. Қараев, С. К. Кариев, К. А. Таңатаров, К. З. Халықова тың зерттеулер жүргізді.
Биологияны оқытуды ақпараттандыру - бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияның құралдарын биология сабағында қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарын қамтамасыз ету үдерісі. Оқу үдерісінде білім беруді ақпараттандырудың негізгі бөлігі дербес компьютерлерді қолдану, интернет желісін пайдалану арқылы жүреді. Сондықтан ол Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылатын негізгі мақсатты көздейді. Олай болса, білім беру саласындағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану еліміздегі ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналуда. Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болады.
Осы тұрғыдан бүгінгі күні жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып тәрбие беру мұғалімнің басты мңдеті.
Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді. Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибегенегізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор. Қазіргі таңда оқытудың озық сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емесСабақта қолданылған жаңатехнологиялардың өзіәрбір мұғалімнің шеберлігіне байланыстыәрқалай жүзеге асырылуы мүмкін.
Зерттеудің мақсаты
Ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процессінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жұмыстың міндеттері
- Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;
- Алған білімді жүйелеу ;
- Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.
- Оқушылардың бойында жаңа қасиеттер мен іскерліктерді қалыптастыру
Зерттеудің әдістері
Оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау қабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Зерттеудің болжамы
Біздің қазіргі мектептің маңызды мәселелерінің бірі: оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру және білімді өз бетінше алуы және оны қолдана білуі. Бұл мәселелерді шешуі үшін ақпаратқа және саналы еңбекке бейімдеу, ғылым мен мәдениет саласында белсенді қызмет етуге тәрбиелеу қажет.
Күтілетін нәтиже
Оқыту технологияларын пайдалануда мына жағдайлар еске алынуы қажет.
- Қоғамның түлекке қойып отырған талабы;
- Таңдалып отырған технологияларды іске асыруға мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сәйкестігі;
- Жұмыстың жүйелілігі
Бұл үрдістің тиімділігі
1 Жаңа инновациялық технологияларды сабақта қолдану 1. 1Оқыту технологиясы ұғымыЯ. А. Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқыту технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. 4 Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизация- ластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П. Я. Гальперин, А. Талызина, Ю. К. Бабанский жəне т. б. ) . Шетел мамандары оқыту технологиясының үш кезеңі болғанын айтады. Алғашқы кезеңде мұғалім бірде-бір көмекші құрал-жабдықсыз ауызша оқыту арқылы оқушыға білім берген. «Бұл кезде - оқыту технологиясының функциясын адамдар тәжірибесі атқарған», - дейді А. Талызина. Екінші кезеңде кітап басып шығару игерілген соң оқыту технологиясы елеулі өзгеріске түсті, адамдарға әр түрлі дидактикалық материалдар көмекке келді. Үшінші кезең - қазіргі кезең, оқыту технология- сына әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді.
«Оқыту технологиясы» деген термин алғаш рет АКШ-та пайда болған. Кейіннен көптеген зерттеушілердің (Ф. Янушкевич, У. Куписевич, М. В. Кларин, Г. К. Селевко тағы басқа) еңбектерінің нәтижесінде бұл ұғым эволюцияға ұшырады. Польшаның белгілі дидакторы Ф. Янушкевич,
У. Куписевич оқыту технологиясына жалпы дидактиканың бір бөлігі ретінде оқытудың ең оңтайлы жолын анықтайтын терең түсіну керектігін қолдады. «Біздің - дейді олар, оқыту технологиясын жалпы дидактикамен немесе оқытудың техникалық құралдармен теңестіру ойымызда жоқ, өйткені, бірінші жағдайда өте кең жалпылай салу, ал екіншісінде тым бір жақты пікір болар еді».
Қазіргі кезде 50-ден артық педагогикалық технологиялар бар. 5 Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В. Данилов, В. К. Дьяченко жəне т. б. ), екіншісі - тəжірибемен жүзеге асуы (Е. Н. Ильин, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов жəне т. б. ) . Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: «жаңа технологиялар», «білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар», «бағдарламаластырылған жəне проблемалық оқыту технологиясы», «сын тұрғысынан ойлау технологиясы», «авторлық технология» жəне т. б. Педагогикалық технологиялар оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. 6 Жаңа оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырып, басты идеяны және нәтиже тиімділігін негізін құрап, жеке тұлғаның жетелеуіне, жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру - заман талабы[1; 25] .
Бүгінгі таңда Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш. М. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В. Ф. Шаталовтың оқу материалдарын белгі және сызба негізінде қарқынды оқыту технологиясы, Қазақстанда профессор Ж. А. Караевтің оқытуды дербестендіру мен деңгейлік саралап оқыту технологиясы, М. М. Жанпейісованың модульдік технологиясы, Ә. Жүнісбектің үндесе оқыту әдістемесі, Ф. Ш. Оразбаеваның қатысымдық тұрғыдан оқыту әдістемесі, Ш. Бектұровтың, Қ. Қадашеваның, Қ. Сариеваның т. б. ғалымдардың әдістемелері белсенді түрде қолдануда. Бұл технологиялар теориялық тұрғыдан дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Аталған технологиялардың арасында күнделікті сабақ үрдісінде пікірлесім түрлерінің тиімділігін көрсететін технологиялардың бірі - проблемалық оқыту технологиясы. Осы технологияға тоқталып, сипаттама берейік[2; 56] .
1. 2 Модульдік оқыту технологиясы негізінде оқу процесін ұйымдастыру.
Модульдік оқыту технологиясының мәні: оқушы модульмен жұмыс істеу процесінде нақты мақсаттарға өздігінен (немесе белгілі көмек нәтижесінде) қол жеткізеді. Модуль бұл - оқу мазтұны мен оны меңгерудің технологиясы біріктіріліп берілген мақсаттық функционалдық түйін.
Модульдің құрамы:
- әрекеттің мақсатты жоспары;
- ақпарат банкі;
- дидактикалық мақсаттарға жетуге арналған әдістемелік нұсқау.
Бұл технологияны оқыту мазмұныаяқталған дербесақпарат блоктары түрінде ұсынылады. Оларды меңгеру дидактикалық мақсаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Бағдарламаны құру үшін курстың негізгі ғылыми идеялары бөлініп алынып, оқыту мазмұны солардың төңірегінде белгілі бір блоктарға топтастырылады. Содан кейін екі деңгейден тұратын кешенді дидактикалық мақсаттар анықталады. Оның біріншісі - оқу мазмұның меңгеру деңгейі, екіншісі-оны практикада және оқуды әрі қарай жалғастыруда қолдануына бағдарлау деңгейі. Кешенді дидактикалық мақсаттардан кіріктірілген дидактикалық мақсаттар бөлініп алынады да, модульдер соған сәйкес дайындалады.
Модульдер үш типке бөлінеді:
- танымдылық, ғылым негіздерін оқытуда қолданылады;
- операциялық, іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру және дамыту үшін қолданылады;
- аралас, алғашқы екеуін қамтиды.
Модульдік оқыту барысында өзіндік жұмысқа барынша көп уақыт бөлінеді, . Оқушы мақсат қоюға, жоспарлауға, ұйымдастыруға, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауға үйренеді. Бұл оған оқу әрекетіндегі өз күшін байқап, сезінуге, өзінің білім, білік, дағдыларындағы кемшіліктерін табуына мүмкіндік береді.
Модульдік оқыту технологиясын қолдану оқытуды субъект қатынасына негіздеп құруға көмектеседі.
Модульдік оқыту технологиясын сонымен бірге бақылау, талдау және түзетуді өзін өзі басқарумен үйлесімдікте іске асырады:
- жаңа модульмен жұмыс жасауға дайындық деңгейі қандай екенің білу үшін әрбір модуьді бастамас бұрын оқушылардың білім, білік, дағдыларын алдын ала бақылау жүргізіледі;
- қажет болған жағдайда оқушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жұмысы жүргізіледі;
- әрбір модульдің құрамдас бөліктерінің соныңда өзін өзі бақылау, бірін-бірі бақылау, үлгімен сәйкестендіру түрінде ағымдық және аралық бақылаулар өткізіледі;
- қорытынды бақылау модульдің соңында жүреді.
Модульдерді кез келген оқыту жүйелерінде қолдануға болады. Ол оқытудың сапасын жақсартып, тиімділігін арттырады. Сондай-ақ дәстүрлі оқытумен үйлестіру өте нәтижелі.
Модульдерді жасаудағы мақсат курс немесе курстың әрбір тақырыбының мазмұның педагогикалық, дидактикалық және кәсіптік міңдеттерге сәйкес құрамдас бөліктерге бөлу болып табылады. Одан кейінгі мақсат-барлық құрамдас бөліктер үшін оқытудың ең тиімді түрлері мен формаларын анықтап, оларды уақыт жағынан үйлестіру және бір кешенге біріктіру, кіріктіру.
Модульдерге бөлуоқу пәнінің түсініктемелік аппаратын жүйелі түрде талдауға негізделеді. Ол іргелі түсініктер тобын бөліп алуға, оқу материялдарын жүйелі, тиянақты етіп топтастыруға, курс ішіндегі немесе іргелес, туыс пәндерге тақырыптарды қайталауды болдырмауға мүмкіндік береді.
Әрбір модуль қажетті дидактикалық, әдістемелік материялдармен, негізгі түсініктердің тізімімен, оқыту барысында қалыптасатын білік, дағдыларымен қамтамасыз етіледі. Әрбір модуль үшін оны меңгеру алдында оқушыға берілетін анықтамалық және иллюстративтік материялдар іріктеліп алынады. Сондай-ақ оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі дайындалуы тиіс. Әрбір оқушы бір модульден келесі модульге оқу материялдарын игеру қабілетіне қарай өз траекториясымен жүреді және ағымдық бақылау кезеңдерінен басқа оқушыларға қатыссыз өтеді[3; 58] .
Оқу материялдарын модуль бойынша құру - міңдетті және маңызды процесс, себебі ол:
- пән мазмұнын дамыту логикасын нақты айқындауға;
- осы мазмұнның бөліктері мен байланыстарын белгілеуге;
- олардың автономдылығының деңгейін анықтауға,
- олардың арасындағы логикалық байланыстарды тек мұғалімнің ғана емес, оқушының да толық түсінуіне жағдай жасауға мүмкіндік туғызады.
Модульдің оқу материялдарының мазмұнын анық, дәл құру оқушылардың жетекші идеяларды, оқу пәнінің даму логикасын, жалпыланған білім жүйесін саналы меңгеруіне көмектеседі.
Оқу материялдарының мазмұның құру барысында оқу пәнін мұғалім белгілі бір жүйе ретінде қабылдауы тиіс. Логикалық құрылымды талдау графасы мұғалімге аталған модульді меңгерту кезіңде оқушыларда қандай арнайы, пәндік білік, дағдылар қалыптасуы керек және оны игеру процесін жеңілдету үшін қандай жалпы білік, дағдылар қолданылатының анықтауға көмектеседі. Қажетті біліктер мен дағдылар жүйесі оқушылардың жаңадан иергендерімен қоса, бұрынғы білік, дағдыларына сүйеніп қалыптасады. Оқушыда бұрыннан бар білік дағдылар танымдық іс әрекеттің жаңа тәсілдерін меңгеру үшін негіз болып табылады. Оқу материялдарын модульде орналастыру, баяндау жүйесі оқушыларда іс әрекеттің жалпылама тәсілдерін құрастыру үшін жағдай туғызады. Нақтылы бір бала үшін жаңа болып табылатын маңызды білік, дағдылар туралы ақпараттар модульдің мазмұнына еңгізіледі. Бұл мағлұматтар әр түрлі әрекеттеріне арналған бағдарлық негіз түрінде беріледі. Ол оқу іс әрекетін күтілетін нәтижеге ғана бағдарлап қоймай, осы нәтижеге қол жеткізетін тиімді әдістерді іздеуге де көмектеседі. Бұл оқушылардың іс әрекетте шығармашылықпен қарауын дамытып, модульдік оқыту процесінде өздігінен жұмыс істеу, білім алу деңгейін жоғарылатады. Мұны іске асыру модуль мазмұның құру кезінде белгілі бір шарттар ескерілген жағдайда мүмкін болады.
Модульдік технологиямен оқытуға тән ерекшелік - модульдегі басқару қызметі өзін-өзі басқару қызметі және өзін-өзі бағалау қызметіменалмасады. Оқыту процесінің дамуына қарай мұғалім оқытуды тиімді ұйымдастыру мәселесі бойынша кеңесші және координатор рөлін көбірек атқаратын болады. Оқытуды басқару біртіңдеп көзге білінбейтін, жабық түрдегі басқаруға айнлажы.
Модульдік оқытуға мынадай тәуелділік тән: оқытудың ақсатына - жеке тұлғаның шығармашылық дербестігін қалыптастыруға - теориялық жалпылау деңгейінде оқытудың мазмұны арқылы оқушылардың репродуктивті, продуктивті іс әрекетін іске асыратын әдістердің көмегімен қол жеткізеді.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін күтілетін нәтижеге және оған қол жеткізудің тиімді жолдарын іздеуге бағыттайтын мақсаттарды айқындау деңгейінде оқыту процесін дамыту бағыты беріледі, танымдық дербестігінің даму қарқыны анықталады. Оқытудың бастапқы кезеңінде бірінші модульмен жұмыс барысында оқушылар мұғаліммен бірге оқытудың мақсаттары мен міңдеттерін айқындайды. Модульдің құрамдас бөліктерінің бірінен екіншісіне көшкен уақытта дәл сол бөліктегі оқу материялдарын толық меңгерудің қажеттілігін, яғни келесі бөліктегі материялдарды онсыз түсінуге болмайтының оқушылардың саналы сезінуіне жағдай жасау керек. Осылайша оқушылар өз әрекеттерінің бағдарламасын өздігімен құруға біртіңдеп дағдыланады.
Модульдегі оқу материялдарын орналастырудың ерекшелігі олардың белгілі бір принциптер, заңдылықтар, жетекші идеялар деңгейінде игерілуін қамтамасыз етеді, әрекеттің жалпыланған тәсілдерін қалыптастырады. Бұл өз кезегінде оқушылардың танымдық дербестігі мен қабілеттілігін дамытады. Тек қарапайым міңдеттерді ғана емес, жаңа технологиялық және практикалық міңдеттерді шешуге итермелейді.
Қазіргі оқыту процесінде модульді оқыту технологиясы кеңінен қолданылуда және өз тиімділігін көрсетуде. Бұл технологияның ерекшеліктері:
- Құрылымның үш бөлімнен тұруы (кіріспе, сөйлесу, қорытынды) .
- Өзін - өзі бағалау.
3. Топтық жұмыстағы белсенділік.
- Көру, есту, жазу, сөйлеу құбылыстарының қатар жүруі.
5. Еркін тәрбиеге баулу.
Әрбір тарауға құрылған жоспар бойынша кіріспе бөлімінде сабақ түсіндіріледі. Сөйлесу бөлімінде оқыту, үйрету ойындары нәтижесінде оқушының ізденісі, қызығуы жалпы білім деңгейі артады. Қорытынды бөлімінде тарауды қорытындылау мақсатында тест алынады, соңынан сынақ тапсырылады. Барлық оқушыларға тест пен сынақ басы бойынша қорытынды баға шығарылады.
Оқуциклі ретінде ұдайы қайталанатын модульді өзінің құрылымы бар. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе бөлімі (модульге, тақырыпқа ену), сұхбат бөлімі (көбінесе сұхбаттасу, диалогты қарым-қатынас арқылы оқушылардың іс әрекеттерін ұйымдастыру), қорытынды бөлімі (бақылау жұмысын алу) . Әр модульге сағат саны әртүрлі беріледі және баланың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндіктер жасайды[4; 125] .
1. 3 В. Ф Шаталовтың әдістемелік жүйесіКеңестік дәуірде жеке пәндерді оқыту үрдісінде өз заманында оқытудың жаңаша бір әдістемелік жүйесін қалыптастырып, оқытудың жаңа технологиясын мектеп өміріне белсенді түрде ендіріп, оқушылардың білім сапасының жоғарылығын қамтамасыз етуге қол жеткізгендердің бірі - донецкілік математика пәнінің мұғалімі Виктор Федорович Шаталов болып табылады. Кезінде оның оқыту технологиясы да көптеген қиындықтарға кездесті. Себебі, В. Ф. Шаталовтың әдістемелік жүйесін жаңа жағдайда жұмыс жасауын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, түсіндіру және сипаттау жеткіліксіз болды. .
Осындай кең арналы, жемісті де қызу ізденіс үстіндегі жаңашыл мұғалімдерінің арасында азаматтық және кәсіптік қайрат-жігерін осы заманғы білім беру ісінің ең өзекті, әрі күрделі мәселелерін шешудің кілтін табуға жұмсайтын донецкілік мұғалім Виктор Федорович Шаталовтың есімі айрықша дараланып тұрады. Бұл өзекті мәселелерге: оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу т. б. жатады(16) .
Ерекше әсер қалдыратын нәрсе, бұл мұғалімнің жекелеген әдіс-тәсілдермен эксперимент жасауы емес, қайта олардың толық және жеткілікті түрде, сындарлы бірізділікпен, белгілі бір әдістемелік жүйемен құрылуындағы жетістіктерді көрсете білуге деген ұмтылысы мен мүмкіндігі.
Біздің ойымызша, В. Ф. Шаталовтын басты еңбегі - оқыту ісін оқушылардың өз күшімен басқарудың тиімді жолдарының бірін байқап көруінде. Жасыратыны жоқ, “Оқыту әдісі дегеніміз - мұғалімнің оқыту, білім беру, үйрету іс-әрекеті мен оқушының оқу, үйрену іс-әрекетінің бірлігі” деген формулада келтірілген оқушылардың оқу-танымдық іс- әрекетіне назар аударылуына қарамастан, В. Ф. Шаталов мектептегі сабақ кезіндегі нақты оқуға деген белсенділікті, оқушылардың танымдық іс-әрекетін айтарлықтай қатаң және сатылы түрде басқарудың мүмкіндігін таба білген. Бұл тұрғыдан алғанда, ол кеңестік психологияда тұжырымдалған А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина сияқты ғалымдардың жалпы идеяларын шынайы түрде жүзеге асырып, оларды әдістемелік жағынан “нақыштай” білді.
В. Ф. Шаталов оқушыларының оқу-әрекетінде қандай нақты формалар бар? Олардың негізгілерін атап өтелік. Жаңа оқу материалын игеру алдымен мұғалімнің оқу материалының мазмұнын толық түсіндіруі және оқушылардың оны белсенді түрде тыңдауы түрінде өтіледі. Сонан соң оқушылар мұғалім үлестірген тірек сигналды, парақтарды оқып үйреніп және жазып жаттығады. Бұдан кейін оқу материалы бойынша жасалған тірек сигналдарымен қызу жұмыс істеу, осындай конспекті құрастыруға байланысты (шамамен 15-20 сабақта бір рет) шығармашылық жұмыс орындау және т. б. жүзеге асырылады.
В. Ф. Шаталовтың тірек сигналды парақтары өзінің мәні жөнінен П. Я. Галь-периннің оперативті әрекет схемаларына, оқытылатын ұғымдары мен белгілері П. Я. Гальпериннің белгілі бір жүйе бойынша акыл-ой әрекетін сатылы түрде қалыптастыру теориясына (теория поэтапного формировангия умственных действий) сай карточкаларға жазылған жұмысқа жақын. Глобальді, іріленген тақырыптар идеясының өзі “меңгерудің негізгі бірліктері” түрінде жүзеге асырылады (П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин және басқалар) [5; 59] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz