Ауыл шаруашылық химикаттарының топырақ микрофаунасына экологиялық әсері


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ХИМИКАТТАРЫНЫҢ ТОПЫРАҚ МИКРОФАУНАСЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В060800 - «Экология» мамандығы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ХИМИКАТТАРЫНЫҢ ТОПЫРАҚ МИКРОФАУНАСЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ»
5В060800 - «Экология» мамандығы
ТҮЙІНДЕМЕ
Дипломдық жұмыс 78 беттен, 9 кестеден, 15 суреттен тұрады, пайдаланған әдебиеттер тізімі 98, соның ішінде 10 шетелдік болып табылады.
Кілт сөздер: топырақ, пестицид, фундазол, жалпы микроб клеткасы, актиномицет, микроскопиялық саңырауқұлақ, микоризалық саңырауқұлақтар, бактерияның лизис аймағы.
Жұмыстың мақсаты: антропогендік фактор ретіндегі пестицидтердің қоршаған ортаға тигізетін әсерін зерттеу.
Жұмыстың міндеттері:
- экологиялық факторлар әсеріне байланысты пестицидтердің топырақта таралуын зерттеу;
- пестицидтердің топырақ микрофлорасына әсерін зерттеу;
- пестицидтердің өсімдіктердің микоризалық саңырауқұлақтарға әсерін анықтау.
Зерттеу обьектісі және әдістері: тәжірибеге топырақ микрофлорасына әсер ететін фундазол алынды. Фундазолдың әсерінінен микроорганизмдердің лизис аймағы анықталды. Зерттеу 2 нұсқада жүргізілді. Фундазолмен өңделген және өңделмеген топырақтағы микоризалық саңырауқұлақтардың дамуы.
Алынған нәтижелер: фундазол егістікті өңдегенде ауада тұрақты түрде 2-3 тәулікке дейін сақталады. Топырақтың шамамен 20 см тереңдігіне дейін өтеді. Топырақтағы жалпы микроорганизмдер, актиномицеттер мен микроскопиялық саңырауқұлақтар саны азаяды. Фундазол концентрациясының артуынан микрофлораның лизис аймағы жоғарылайтыны анықталды.
Практикада қолданылуы: топыраққа ауыл шаруашылығы химикаттарының әсерін бағалауда қолданылуға болады.
РЕФЕРАТ
Дипломная работа изложена на 78 страницах и состоит из 15 рисунков, 9 таблиц и содержит 98 список используемой литературы, из них иностранные литературы 10.
Ключевые слова: почва, пестицид, фундазол, общая микробная клетка, актиномицет, микроскопические грибы, микоризные грибы, площадь лизис бактерии.
Цель работы: исследовать в качестве антропогенного фактора воздействие пестицидов на окружающую среду.
Задачи исследования:1. изучить связь пестицидов и экологических факторов на распространение почвы;
2. исследовать влияние пестицидов на почвенную микрофлору;
3. определить влияние пестицидов на микоризные грибы растений.
Методы исследования: для опыта на влияние почвенной микрофлоры объектом явился фундозол. При воздействии фундозола на микрорганизмы была обнаружена площадь лизиса. Исследования проводились в двух вариантах. Развитие микоризных грибов в почве обработанным и необработанным фундазолом.
Полученные результаты: обработанные фундазолом на поле основные виды сохраняются до 2-3 суток. Обработка в почве приблизительно на глубине 20см. Общее количество микрорганизмов, актиномицеттов и микроскопических грибов в почве уменьшается. При превышении концентрации фундозола обнаружено повышение площади лизис микрофлоры.
Практическое применение: оценку воздействия химикатов на почву можно применить в сельском хохяйстве.
ABSTRACT
Thesis is presented on 78 pages and includes 15 figures, 9 tables and contains 98 list of used literature, including foreign literature 10.
Keywords: the soil pesticide fundazol total microbial cells, actinomycetes, microscopic fungi, mycorrhizal fungi, bacteria lysis area.
Purpose: explore the human factor as the impact of pesticides on the environment.
Objectives of the study: 1. examine the relationship of pesticides and environmental factors on the distribution of the soil;
2. to investigate the effect of pesticides on soil microflora;
3. To determine the effect of pesticides on plant mycorrhizal fungi.
Research methods: to experience the impact of soil microflora object was fundozol. When exposed to fundozola mikrorganizmy lysis area was detected. Research carried out in two variants. The development of mycorrhizal fungi in soil treated and untreated fundazol.
The results: fundazol processed on the main types of stored up to 2-3 days. Processing in the soil to a depth of approximately 20cm. Total mikrorganizmov, aktinomitsettov and fungi in the soil decreases. If you exceed the concentration fundozola found increasing space lysis microflora.
Practical application: assessment of the impact of chemicals on the soil can be used in agriculture hohyaystve.
МАЗМҰНЫ
1. 4
1. 5
2
Химиялық фактордың тірі организмдерге әсері . . .
Пестицидтердің су көздерінде жинақталуы . . .
БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛГЕН НЫСАН ЖӘНЕ ОРТАНЫҢ ФИЗИКА-ГЕОРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2. 2
2. 3
Зерттеу жүргізілген топырақтардың физика-химиялық ерекшеліктері . . .
Зерттеу жүргізілген жылдардағы ауа райы ерекшеліктері мен экологиялық факторлар әсері . . .
3. 2
3. 3
Фундазолдың арбускулалы-везикулалы микоризаларға әсері . . .
Бактериялы препараттарды егіншілікте қолдану . . .
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде-5500, дәрі-дәрмек-4000, тұрмыс химиясында-1500 пайдаланылады. Халықаралық саудада жыл сайын 500-ден 1000-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр [1] .
Агроценозда өсімдіктердің зиянкестері мен тамыр жүйесін зақымдайтын саңырауқұлақтарды жою мақсатында пестицидтердің көптеген түрлері пайдаланылады. Алайда пестицидтер биотикалық фактордың болып есептелетін-флора мен фаунаға кері ықпалын тигізуде, яғни микрооргнизмдердің санының топырақта азаюына, көбіне жойылуына әкеледі. Сонымен қатар, көп пайдаланылған химикаттар топырақтың улануын туындатып, биогеоценоздың өздігінен реттелу мүмкіндігін төмендетеді.
Соңғы кездегі зерттеулерде көп мөлшерде қолданылған тыңайтқыштар, фунгицидтер, гербицидтер әсерінен ауыл шаруашылық өсімдіктері өнімдерінде ауыр металл иондарының жиналуына алып келетіні және оның қоршаған ортаға кері әсерін тигізетіні және қоректік тізбек арқылы адам мен жануар ағзасына түсетіні туралы айтылуда.
Бүгінгі таңдағы тәжірибелер мәліметтері бойынша фунгицидтердің 90%-ы онкогенді, мутагенді және адамның имундық жүйесін бұзатыны және түскен ортасында баяу ыдырайтыны анықталған. Сондықтан, адамның шаруашылық қызметінің экожүйеге тиімсіз жақтарын азайту үшін биоценозды табиғи экожүйеге жақындату мақсатына ауыл шаруашылығында пайдаланылатын пестицидтерді биологиялық препараттарға ауыстыру қажеттілігі туындауда.
Антарктида мұздарыңда шамамен 2000 т. астам 1950-1960 жж. ауыл шаруашылығында кеңінен пайдаланылған ДДТ пестицидінің бар екені жайлы мәліметтер жиі келтіріледі [2] .
Ауыл шаруашылығында қолданылатын химикаттардың микроорганизмдерге әсерін анықтауға зерттеуге бағытталған.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Антропогендік фактор ретіндегі пестицидтердің қоршаған ортаға тигізетін әсерін зерттеу.
Жұмыстың міндеттері:
- экологиялық факторлар әсеріне байланысты пестицидтердің топырақта таралуын зерттеу;
- пестицидтердің топырақ микрофлорасына әсерін зерттеу;
- пестицидтердің өсімдіктердің микоризалық саңырауқұлақтарға әсерін анықтау;
Автордың қосқан жеке үлесі
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік бөлімі, тәжірибе нәтижелерін талдау, талқылау және қорытындылау жұмыстары толығымен білімгердің өзінің қатысуымен орындалды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы
Топырақ микрофаунасына ауыл шаруашылығы химикаттарының экологиялық әсері аз зерттелген жұмыстардың бірі болып табылады.
Микоризалық саңырауқұлақтардың өсімдіктің тамыр жүйесінде дамуын анықтау жұмысы алғаш рет жүргізіліп отыр.
Микоризалық саңырауқұлақтар асқабақ тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесінің өсуі мен дамуына жағымды әсер ететіні дәлелденді;
Өсімдіктердің тамыр жүйесінде вегетациялық кезеңдері бойынша микоризалық саңырауқұлақтардың түзілу деңгейі экологиялық тұрғыдан анықталды.
Белгілеулер мен қысқартылған сөздер
ДДТ - .
ДДЭ - .
IUPAC - International union of pure and applied chemistry
шекті рауалы концентрациясынан (ШРК)
А - апрессорий.
г - гиф.
Арб - арбускула.
ПХБ-полихлорлы бифенил.
ЕПА-ет пептонды агар.
ТМД-тәуелсіз мемлекеттер достастығы
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Пестицидтердің түрлері мен топтары
Пестицидтер-мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден өсімдік жануарлары экопаразиттеріне, адам мен жануарларға ауру тарататын организмдерге қарсы қолданылатын барлық химиялық қосылыстар [3] . Пестицидтердің атауы латын сөздерінен алынған; pesis - жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін.
Химиялық табиғаты және патогендік қасиетіне байланысты пестицидтердің бірнеше: гигиеналық, химиялық, өнеркәсіптік классификациясы бар.
Пестицидтер улылық дәрежелерінің әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Улылығын бағалау үшін тәжірибеге алынған жануарлардың 50% өлетін дозаны, яғни летальдық доза (ЛД50) пайдаланады. ЛД50 мөлшеріне байланысты пестицидтерді: күшті әсер ететін улы заттар, улылығы жоғары, улылығы орташа және улылығы төмен деп бөледі.
Тұрақтылығына байланысты пестицидтерді былай жіктейді:
- өте тұрақты-ыдырау уақыты 2 жылдан көп;
- тұрақты (0, 5-1 жыл) ; салыстырмалы тұрақты-1-6 ай;
- тұрақтылығы аз-1 ай.
Көбіне хлорорганикалық, фосфорорганикалық және сынапорганикалық пестицидтер жиі қолданылады. Әсер ету обьектісіне, яғни арамшөптер, зиянды жәндіктер, жылы қанды жануарларға және химиялық табиғатына байланысты пестицидтер мынадай топтарға бөлінеді:
- акарецидтер-кенелермен күресу үшін;
- альгицидтер-балдырлар мен басқа да су өсімдіктерін жою үшін;
- антисептиктер-бейметалл материалдарды микроорганизмдерден қорғау үшін;
- бактерицидтер-өсімдіктердің бактериалды ауруларымен және бактериялармен күресу үшін;
- зооцидтер-кемірушілермен күрес үшін;
- инсектицидтер-зиянды жәндіктермен күресу үшін;
- лимацидтер-әртүрлі моллюскалармен күресу үшін;
- нематоцидтер-жұмыр құрттармен күресу үшін;
- фунгицидтер-топырақтағы саңырауқұлақтармен күресу үшін.
Сондай-ақ пестицидтерге өсімдіктердің жапырақтарын жою үшін пайдаланатын-дефолианттар, өсімдіктің артық гүлдерін құрту үшін-дефлоранттар, өсімдіктің дамуы мен өсуін реттейтін-химиялық заттар, арамшөптерді жою үшін-гербицидтер, жәндіктер, кемірушілер және басқа да жануарларды үркіту үшін қолданылатын химиялық заттар-репелленттер, жою үшін алдымен жәндіктерді еліктіретін-аттрактанттар, жәндіктерді жыныстық стерилдеу үшін қолданатын-стерилизаторларды жатқызады.
Альдрин. IUРАС (International union of pure and applied chemistry) номеклатурасы бойынша заттың атауы 1, 4, 4а, 5, 8, 8а-гексагидро-1, 4-эндо-5, 8-экзо-диметилен-1, 2, ЗДЛ 0, 10 - гексахлорнафталин. Эмпирикалық формуласы - С 11 Н 8 СI 6 . Құрылымдық формуласы
Молекуалық салмағы - 353, 93. Сыртқы көрінісі-ақ кристалл зат. Органикалық еріткіштерде ериді. 104-105 0 С - та балқиды Тығыздығы - 1, 6. 1 жылға дейін ыдырайды. Тәжірибелік жануарлар үшін ЛД 50 40-50 мг/кг. Қазакстанда альдринді қолдануға тыйым салынған
Пайдалану аймағы - альдрин көк қасқа шегіртке және де басқа зиякестермен күресу үшін қолданылады
Адам денсаулығына әсері - жүйке жүйесіне және концерогендік әсер етеді. Көп мөлшері тырыстырып өлімге алып келеді, ал орташа мөлшерде - бас айналдырып, басты ауыртып, құстырады, бұлшық еттер жұмысын бұзады
Дильдрин. IUРАС номеклатурасы бойынша заттың атауы 1, 4, 4а, 5, 6, 7, 8, 8а-октагидро-1, 4-эндо-5, 8-экзо-диметилен-1, 2, 3, 4, 10, 10-гексахлор-6, 7-эпоксинафталин. Эмпирикалық формуласы - С 11 Н 8 С1 6 О. Құрылымдық формуласы
Молекулалық салмағы - 386, 5. Ақ түсті кристалл зат, органикалық еріткіштерде ериді, балқу температурасы 175 0 С, ЛД 50 25-50 мг/кг уытты. Қазакстанда дильдринді қолдануға тыйым салынған
ДДТ. IUPAC номеклатурасы бойынша заттың атауы 4, 4'-дихлорди , 1, 1, 1 -трихлор-2, 2-бис (4-хлорфенил) этан. Эмпирикалық формуласы - С 14 Н 9 С1 5 . Құрылымдық формуласы
Молекулалық салмағы - 354, 5. Органикалық еріткіштерде ериді балқу температурасы 108, 5-109 0 С, қайнау температурасы 185°С (133, 3 Па), тығыздығы- 1, 55. 2-15 жылды ыдырайды. Гигиеналық қауіпсіздік мөлшері - 0, 5 мкг/кг.
Пайдалану аймағы - ДДТ өте күшті инсектицид, оны малярия, тифтің тасымалдаушыларына қарсы көптеген елдерде (Африка, Азия және Оңтүстік Америкада) қолданған. Қазакстанда бұл препаратты колдануға тыйым салынған.
Адам денсаулығына әсері - жүйке жүйесін тоздырып, мутагетік және канцерогендік әсер көрсетеді.
Гептахлор. IUPAC номеклатурасы бойынша заттың атауы: 1, 4, 5, 6, 7, 8, 8-гепта-хлор-За, 4, 7, 7а-тетрагидро-4, 7-метаноинден. Эмприкалық формуласы - С 10 Н 7 С1 7 . Құрылымдық формуласы
Молекулалық салмағы - 375, 5. Ақ түсті кристалл зат әлсіз камфорлы иісті, органикалық еріткіштерде ериді, 117-126 0 С балқиды (6, 7 Па), құрамында 65-72% гептахлор, сонымен катар хлордан, нонахлор, октахлор бар, жәндіктерге өте кауіпті. Гигиеналық қауіпсіздік мөлшері - 0, 4 мкг/кг
Гептахлор топырақтағы зиянкестермен күресу үшін қолданылады, сонымен қатар дәндерді бүлдірушілерге қарсы инсектицид ретінде де пайдаланылады (10-20%) .
Адам денсаулығына әсері-жүйке жүйесінің, бауырдың, бүйрек үсті бездерінің бұзылуына алып келеді.
Гексахлорбензол. IUPAC номеклатурасы бойынша заттың атауы гексахлорбензол. Эмпирикалық формуласы - С 6 С1 6. Құрылымдық формуласы
Молекулалық салмағы - 2844, 8. Ақ кристаллды зат, органикалық еріткіштерде ериді, қайнау температурасы 326 0 С, балку темпе-ратурасы 231 0 С. Тығыздығы - 2, 04, түскен ортасында 7, 5 жылда ыдырайды. Токсикологиялық әсері - ЛД 50 тәжірибелік жануарларға ~ 1700 мг/кг. Гигиеналық талап мөлшері - 0, 5 мкг/кг.
Пайдалану аймағы - басқа фунгицидтермен бірге астық тұқымдастарды зиякестерден қорғау үшін пайдаланылады.
Адам денсаулығына әсері - жүйке жүйесін, бүйректі, қалқанша бездерді, сүйекті, бауырды, қанды, иммундық жүйені зақымдайды, канцерогендік әсер етеді.
Мирекс. IUPAC номеклатурасы бойынша заттың атауы: додеках-лорпентациклодекан (5. 2. 1 0 2, 6 0 3, 9 . 0 5, 8 ) . Эмпирикалық формуласы - С 10 С1 12
Құрылымдық формуласы
Молекулалық салмағы - 545, 5. Ақ кристаллды зат, органикалық еріткіштерде ериді, балқу температурасы 485°С. Тығыздығы -0, 085. Ыдырау кезеңі - 10 жылға дейін. Токсикологиялық әсері - ЛД 50 300-600 мкг/кг. Құмырсқаларды жою үшін пайдаланылады [4] .
Адам - жүйке жүйесін, бүйректі, қалқанша бездерді, сүйекті, бауырды, көзге, асказанға, репродукциялық жүйені зақымдайды, канцерогендік әсер етеді.
Токсофен. IUPAC номеклатурасы бойынша заттың атауы: полих-лоркамфен. Эмпирикалық формуласы - С 10 Н 10 С1 8. Молекулалық салмағы - 414.
Құрамы - полихлоркамфен және полихлоркамфандардың әр түрлі кұрылымдарының күрделі қоспасын кұрайды. Балауыз тәріздес ақ зат, органикалық еріткіштерде ериді, балқу температурасы - 65-90 0 С. Тығыздығы -0, 55, 14 жылда ыдырайды. Токсикологиялық әсері - балықтар мен араларды уландырады. Әртүрлі кеміргіштерге және термиттерге қарсы қолданады.
Адамның жүйке және асқорыту жүйесіне әсер етеді. Аз мөлшерде бас айналдырады, тітіркену, әлсіздік, жүрек айну, асқазан ауруларын, диареяны тудырады, ал көп мөлшерде -тырысқақтық пен өлімге алып келеді.
Хлордан. IUPAC номеклатурасы бойынша заттың атауы: 1, 2, 4, 5, 6, 7, 8, 8-октахлор-2, 3, За, 4, 7, 7а-гексагидро-4, 7-метаноинден. Эмпирикалық формуласы - С 10 Н 6 С1 8 . Молекулалық салмағы - 409, 7. Техникалық өнім 20 әртүрлі заттардан тұрады. Ақшыл сары май, консистенциясы бойынша балға жакын, комфорлы иісті. Органикалық еріткіштерде ериді, цисхлордан балқуы-106, 5-108°С, ал а транс изомер - 104, 6-106 0 С, тығыздығы - 0, 056, 4 жылда ыдырайды. Токсикологиялық әсері - балықтар мен араларды уландырады, әртүрлі кеміргіштерге және термиттерге карсы қолданады.
Адамның жүйке жүйесіне және асқорыту жүйесіне әсер етеді. Аз мөлшерде бас айналдырады, тітіркену. әлсіздік, жүрек айну, асқазан ауруларын, диареяны тудырады, ал көп мөлшерде -тырысқақтық пен өлімге алып келеді.
Эндрин. IUPAC номеклатурасы бойынша заттың атауы: 1, 4, 4а, 5, 6, 7, 8, 8а - октагидро- 1626364610610-гексахлор-6, 7-эпокси-1, 4, 5, 8-диме-танонафталин. Эмпирикалық формуласы - С 12 H 8 С1 6 О. Құрылымдық формуласы:
Молекулалық салмағы - 380, 9. Ақ кристалды зат, органикалық еріткіштерде ериді.
Пестицидтерді пайдалану ауыл шаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп отыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кеткен. Организмдер ішінде қолданылған химмикаттарға бейімделу мүмкіндігі байқалуда. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.
Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады:
- хлорорганикалық қосылыстар-гексахлоран, ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т. б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді;
- фосфорорганикалық инсектицидтер - карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т. б. Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды;
- карбаматты инсектицидтер - карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин) . Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсеретеді, ал жануарлар мен адамдарға зияны жоқ;
- хлорфеноксиқышқыл туындыллары-дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады;
- пиретроидты табиғаты бар пестицидтер-трансхризантема қышқылы. Бұл инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан бөліп алған. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І алынған. Бұдан басқа өте қатты әсер ететін жасанды пиретроидтер де алынған.
1. 2 Пестицидтердің табиғи ортада ыдырауы
Тірі организмге түскен пестицидтердің әсері препараттың тұрақтылығына, яғни персистенттілгіне және организмде жүретін метаболизм процесінің жылдамдығына байланысты болады [5] .
Қоршаған ортаға түскен пестицидтер абиотикалық және биотикалық жолдармен ыдырайды. Біріншісі - фотохимиялық, тотығу - тотықсыздандыру реакциясының және гидролиздің көмегімен жүзеге асса, екіншісі-ферменттердің әсерінен ыдырайды. Биотикалық ыдырау абиотикалыққа қарағанда жылдам жүреді. Ыдырау жылдамдығы ферменттердің концентрациясына және пестицидтерді ыдырата алатын микроорганизмдердің санына байланысты.
Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны жекелеген экожүйе деп қарастыруға болады. Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құбылысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болады . Бұл қабат топырақтың ең бір белсенді бөлігі болып саналады.
Топырақ ресурстары жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Топырақ биосфераның компонеттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей жанама әсерлерді тепе-теңдікте сақтап тұра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық - түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдайлар тек топырақ арқылы ғана жасалады. Топырақтың табиғи дене ретіндегі негізгі функциясы атмосфералық жауын - шашын жинақтау мен су баланысын реттеу, өсімдіктерге қажетті қоректік элементтерді жинақтау, жер асты суларын түзумен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы заттарды тасымалдау .
Топырақ - сыртқы орта жағдайлары жылу, су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар микроорганизмдердің әсерінен қалыптасқан жердің беткі құнарлы қабаты. Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельф пен адамның іс-әрекеті де жатады. Тірі организмдер негізгі қасиеті - құнарлылығын қалыптасуына жағдай жасайды. Топырақтағы химиялық элементтердің таралуы төменде 1 кестеде берілген.
Кесте 1. Жерде химиялық элменттердің таралуы
Пестицидтердің ауыл шаруашылығында көп қолдануға байланысты топырақтың құрамындағы хмимиялық элементтердің мөлшері өзгерген. Топырақ деградацияға ұшырап, өздігінен қалпына келу мерзімі баяулайды. Топырақ бұлардан басқа пестицидтерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда да біршама ластанады. Олардың химиялық тұрақты түрлері топырақта жинақталып, топырақ биотасының қырылып қалуына себеп болады. Ал пестицидтердің топырақта жинақталуы және ондағы организмдерінің жойылуы топырақ түзілу процестерінде әсер етіп, оның құнарлылығын төмендетеді.
Пестицидтер топырақта әр түрлі жылдамдықтар таралады. Кейбір пестицидтердің ыдырау мерзімі төменде 2 кестеде берліген. Таралу жылдамдығы пестицидтің химиялық құрамына байланысты келеді. Жылдам ыдырап экожүйеге залалы аз болуы мүмкін [6] .
Ал кейбір ДДТ пестицидінің топырақта ыдырау уақыты шамамен 50 жылға жетуі мүмкін. Осы кезеңде ол биогеоценозды түгелдей ластап, тағам арқылы адам организміне түсуі мүмкін.
А. Спутников тәжірибе жүргізу арқылы уытты заттардың жануарларға әсерін анықтап, пестицидтердің уыттылығын 1 кг дене массасына препараттың неше миллиграмм концентрациясы келетініне қарай сипаттады. Оларды уыттылық дәрежесіне қарай 4 класқа топтастырады.
ХХ ғасыр аяғында Республика территориясында шикізат материалдары мен тағамдарда өсімдіктерді зиянкестерден қорғауға пайдаланатын химиялық
Кесте 2. Пестицидтердің топырақта таралуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz