«Жастардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру»


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:
«Жастардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру»
6M050100- Әлеуметтану
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық-тәжірибелік алғышарттары . . . 6
1. 1. "Ұлтаралық қатынас мәдениеті ұғымы" . . . 6
1. 2. Қазақстандық отаншылдық-патриоттық сезімді қалыптастыру ұлтаралық қатынас мәдениетінің өзегі ретінде . . . 15
2. Жас ұрпақтың бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін сіңірудің мектептік іс-тәжірибесі . . . 23
2. 1. Ұлтаралық қатынас мәдениетін оқу үрдісінде қалыптастыру іс-шаралары . . . 23
2. 2. Ұлтаралық қатынас мәдениетін тәрбиелеудің сабақтан тыс уақыттағы нысандары мен әдістері . . . 41
3. Студент- спортшы топтарында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері . . . 49
3. 1. Студенттерді адамгершілікке тәрбиелеу ұлтаралық қатынас мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде . . . 49
3. 2. Студенттік топтарда ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудағы спорттың әлеуметтік рөлі . . . 59
3. 3. Ұлттық спорттық мүдделер-ұлтаралық қатынас мәдениетінің қалыптасқандығының көрсеткіштері ретінде . . . 68
Қорытынды . . . 78
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 81
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Тақырыпта жастардың бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін сіңіру жолдары қарастырылған. Жастар 14-29 жас аралығын құрайтын әлеуметтік-демографиялық топ болып табылады. Олар мектеп оқушылары, студенттер, жұмысшы жастар, спортсмендер және де басқа көптеген шағын әлеуметтік топтардың мүшелері. Мәдениет дегеніміз- табиғаттағы адам әрекетімен жасалатын өзгерістер. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың өмір сүру жағдайына, талабына сай пайда болып, қалыптасады. Ал жастар бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру бұл- білім беру, адамгершілік, басқаларды құрметтеу сияқты адами қадыр-қасиеттерді бойларына сіңіру. Бүгінгі таңда көпұлтты Қазақстан қоғамында жастар арасындағы ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ұлтаралық қатынас экономикалық-әлеуметтік, мәдени даму тұрғысындағы әртүрлі деңгейлі елдердің әртүрлі этникалық-әлеуметтік қауымдастықтарының ынтымақтастығын, өздерін өздері өздері өмір сүріп жатқан елдің азаматы сезінуі, достығы, әріптестігі өзара түсіністігі негізінде пайда болады. Ұлтаралық татулық елді мекендейтін ұлттардың дамуы мен жақындасуы сипатында қалыптасады.
Жастар арасындағы, ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселелері ғылыми еңбектерде әлі де толық зерттелмеген. Бұл орайда жастардың бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін сіңірудің жолдарын амалдарын іздестіру қажет. Ең алдымен, оларға ұлтаралық өзара ынтымақтасуы, іс-әрекет бірлігі, ұлттық мүдделер мен тәуелсіздіктерінің танылуы, ішкі істеріне араласпау, жалпы демократиялық және интернационалдық принциптердің бірлігі, мемлекеттер мен халықтардың достық қарым-қатынастары мәселелерін ұғындырып түсіндіру қажет. Ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың негізін құрайтын принциптер мен ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің алдыңғы кезекте туындайтын мәселелерін қарастыру керек.
Ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру жастардың нақты өмірін зерттеуді талап етеді. Себебі, оның негізінде елдің ұлттық өмірін интернационалдыққа тәрбиелеу, ынтымақтасу мен достастық принциптері жатыр. Жастардың ұлтаралық қатынас мәдениеті-ұлттар мен ұлыстардың өзара толысуы мен дамуы сипатынан пайда болып, этностардың толық теңдігін, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарына, ұлтаралық айырмашылықтарына, этникалық мүдделеріне және тіліне аса құрметпен қарау болып саналады. Ұлттық келісім әлеуметтік даму және қоғамдық қатынастар саласындағы халықтар мен мемлекеттердің достық, гуманистік өзара қатынастары, байланыстары мен өзара іс-әрекеттерінің ерекше тұрақты жүйесі. Жастардың қарым-қатынас мәдениетінде халықтардың достығы мен бірлігі және елдердің өзара тиімді әріптестігі айрықша назарда болуы қажет. Жастардың ұлтаралық қатынас мәдениетінің құрылысы оның элементтерін өзара байланыста ұстап отырудың жиынтығын көрсетеді.
Қоғамымыздың қазіргі заманғы даму сатысы қоғамдық өмірдің барынша саясаттандырылуымен сипатталады. Десек те бұл өмірдің бір көрінісі ғана. Қазіргі жаһандану жағдайында адамдардың тарихи және ұлттық санасының қайта жаңғыруы процестері де ерекше маңызға ие болуда. Өйткені, едәуір деңгейде саяси және үлгілік-өнегелік мәдениеттердің түрлері көптігіне байланысты әрі бұл үдерістерді ескермей ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру мүмкін емес.
Мемлекетіміздің саяси тарихында жастарымыздың патриотизмі маңызды орынға ие. Өз елінің мүддесіне қызмет етуден көрінетін Отанға деген сүйіспеншілік сезімі қоғам дамуы мен ұрпақтар сабақтастығының маңызды құрамдас бөлігі болған және солай болып қалада береді. Бұл биік сезім өз елінің тағдыры үшін жауапкершілікті түсінушілікке дейін ұлғаяр болса, ол жекелеген жас адамдардың күнделікті іс-әрекеттеріндегі маңызды серпінге, осыдан келіп, тұтастай қоғам ілгерілеуіндегі қуатты қозғаушы күшке айналады. Дәл осы патриотизм қоғамның саяси бірлесуі мен тұтасуына септеседі.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Көптеген мамандардың қызығушылығын танытып отырған ұлтаралық келісім мен ұлтаралық қатынас мәдениетінің зерттелуіне көптеген ғалымдар ат салысып тұр. Ұлтаралық қатынас мәдениетін нығайту мен халықтар достығын беріктендіру мәселелеріне біздің отандық ғалымдарымыз да үлес қосуда. Олардың ішінде О. Н. Нұсқабаевтың, Т. С. Сәрсенбаевтың, К. Мардановтың, Д. К. Кішібековтың және т. б. еңбектерін атауға болады.
Қазіргі таңда Қазақстанның әлеуметтанушылары да, мысалы, З. К. Шәукенова, З. К. Жаназарова, Г. С. Әбдірайымова, К. Ү. Бикенов және т. б. жастардың ұлтаралық қатынас мәдениетін дамытудың жаңа әлеуметтік-методологиялық әдістемелерін үлгілеуде. Жастардың бойындағы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу мен әлеуметтік рөлдер жүйесіне қосу мәселелерін зерттеуде Ш. Жаманбалаеваның, Б. Мұхамеджановтың, Р. К. Төлеубекованың т. б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінен де құнды мәліметтер алуға болады. Десекте, өмір ағымына қарай туындайтын үдерістерге сәйкес ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесі күн тәртібінен түсе қоймайды. Біздің зерттеуімізде осы мәселені шешуде азғантай болса да өз септігін тигізе ме деген үміттен туындаған талдау болғалы тұр.
Магистрлік диссертациялық жұмыстың нысаны. Қазақстан жастары бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселелерін зерделеу.
Магистрлік диссертациялық жұмыстың пәні. Жастардың бойына ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдарын теориялық және әдістемелік тұрғыдан қарастырып зерттеу.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты, міндеттері және жаңалығы. Жастардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудағы өзара құрмет пен сыйластық негізінде өзара достығы мен түсіністік қабілеттілігін арттыру жолдарын қарастыру.
-Өзара сыйластық негізінде басқа халықтардың құқықтары мен еркіндіктерін құрметтеу, бірлесіп қарым-қатынасын жасау қабілеттігін қалыптастыру-Қазақстан халықтарының бірлігі мен өзара түсіністігі, құрмет тұтушылық сезімдері мемлекеттік саясат деңгейінде қарастырылды.
-Этносаралық қарым-қатынастарды ізгілендіре түсу, дамыту жолдары нақтыланады.
-Елімізде ұлтаралық келіспеушіліктерді болдырмау тетіктері негізделеді. Елбасы саясатындағы ұлтаралық қарым-қатынаста татулықты нығайту шаралары әңгімеленеді. Оқушы жастардың бойында ұлтаралық қатынастарды дамыту жолдарын қарастырылады;
-Студенттік, спорттық топтарда ұлтаралық қысым көрсетушілікті болдырмау жолындағы әлеуметтік мәселелер шешіміне ерекше көңіл бөлінеді;
-Жастардың бойында ұлтаралық мәдениетті қалыптастырудағы саяси шешімдердің рөлі талданады;
-Жастар бойындағы ортақ мәдени құндылықтарды одан әрі жетілдіру пысықталады;
-Студенттік, спорттық топтарда жастар тәрбиесін жетілдіру жолдары негізделеді.
Магистрлік диссертациялық зерттеудің практикалық тиімділігі. Зерттеуді орта мектеп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында, жұмысшы коллективтерінде, шағын топтарда, топтасқан жастар бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру істерінде пайдалануға әбден болады. Зерттеу нәтижесінде алынған тұжырымдарды іс-тәжірибеде пайдаланып, қолдану жастар тәрбиесінде оң нәтижелер беруге ықпал жасайды.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы тақырып пен қойылған міндеттерді шешудегі ішкі логикалық-қисынды байланыспен сипатталады. Зерттеу жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралды.
1. Ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық-тәжірибелік алғышарттары
1. 1. «Ұлтаралық қатынас мәдениеті» ұғымы
Қазақстанның жан-жақты өркендеуі мен гүлденуі көбіне-көп қазақ халқының және республиканы мекендеген басқа ұлт өкілдерінің арасындағы татулыққа, өзара түсінушілікке және сыйластыққа тікелей байланысты. Осыған орай, қазір мемлекет басшылары тарапынан ішкі саясаттың түп қазығы ретінде әр халықтың өзіндік ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің алуан түрлілігін сақтай отырып, азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді тұрақтандыруға айрықша мән берілуде.
Мәселенің бұлай қойылуы, ұлтаралық қатынасты одан әрі жетілдіруді, халықтар достығын талмай насихаттауды, әрбір ұлт өкілінің, ең алдымен жастардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін тәрбиелеуді талап етеді.
Ұлтаралық қатынас мәдениеті-бұл әртүрлі ұлт өкілдерінің бойында татулықты, өзара түсінушілікті, сыйластықты, коллектившілдікті, ізгіліктілікті, имандылықты тәрбиелеу, өз халқының өзіндік ұлттық-мәдени ерекшеліктерін сақтай отырып, басқа ұлт пен ұлыстардың өскелең өмір тәжірибесін, тұрмыс салтын, дәстүрін, шаруашылықты жүргізу тәсілдерін, рухани байлығын, өнерін, мәдениетін меңгеруге ұмтылушылық сезімін қалыптастыру, ұлттық менмендікке, шовинистік дандайсушылдыққа, басқа ұлт пен ұлыстарды жек көрушілдікке ымырасыздықты орнықтыру.
Ұлтаралық қатынас мәдениеті белгілі бір қоғамдағы әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы қарым-қатынастың барлық түрлерінен, еңбекте, күнделікті тұрмыста, оқу, мәдениет және сауда-саттық орындарында, автотранспортта, көпшілік қарым-қатынаста, т. с. с. көрінеді. Әрбір ұлт өкілі, жеке адам басқа бір ұлт өкілін (немесе басқа бір адамды), оның бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерді, жанының тазалығын немесе жамандығын, еңбекке икемділігін, басқа ұлт өкілдеріне көзқарасын, адамгершілігі мен мінез -құлық мәдениетін, рухани дүниесінің байлығын немесе жұтаңдығын, кісілігін, біліктілігі мен іскерлігін өзінің тәжірибесімен, өз ұлтына тән адамдық қасиеттермен, мінез құлық нормаларымен және тұрмыс қалпымен салыстыра отырып бағалайды. Басқа ұлт өкілдері бойындағы адамдық жағымды қасиеттерді өз бойына сіңдіруге, өмірлік тәжірибе мен шаруашылық жүргізудің озық машықтарын меңгеруге ұмтылады.
Жалпы, әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы күнделікті аралас-құралас тұрмыстағы татулық, адал ниетті достық қарым-қатынастар, өзара түсіністік пен сыйластық, төзімділік пен парасаттылық, жоғары мінез-құлық мәдениеті мен адамгершілік, бір-бірінің ұлттық мақтаныштарына, тұрмыс салтына, әдет-ғұрыптарына, дәстүрлеріне, құндылықтарына, мүдделеріне және талғамдарына құрмет, ұлттық сезімдері мен көңіл-күйлеріне қаяу түсірмеуге ұмтылушылық т. с. с. жинақтала келіп халықтар, ұлттар мен ұлыстар арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын жалпымемлекеттік (жалпыұлттық) этикалық мінез-құлық нормасына айналады. Халықтар, ұлттар мен ұлыстар арасындағы достықты, түсіністікті және келісімді, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға қызмет етеді. Түбінде этикалық алуан түрлілікке қарамай, тұрмыстың ортақ жағдайы мен туысқандық ынтымақтастық, игілік пен молшылық идеясы біріктірген адамдардың үйлесімді қауымдастығын қолдайтын әлеуметтік біртұтас ұлттық демократиялық құқықтық мемлекет құруға негіз қалайды [1. 78-80б] .
Ұлтаралық қатынас мәдениеті- адамдардың санасында жаңарып келе жатқан қоғамның бағытына енетін интернационалдық және патриоттық рухта тәрбие беру реформалары мен тәсілдерінің жиынтығы болып саналады. Жастардың ұлтаралық қатынас мәдениетінің мағынасы-олардың жоғарғы мәдениеті мен адамгершілігінің ұлыстар мен ұлттардың, ұлттық және этникалық топтардың, мемлекеттердің мүдделермен сәйкес келуі.
Ұлтаралық қарым-қатынас әр адамның мәдениеті мен сана-сезімінің көрсеткіші, адамгершілік парасаттылығы, өзге ұлт өкіліне деген ойы, пайымы, ар-ождандық пиғылы, өмірлік тәжірибесі.
Ұлтаралық қатынас мәдениеті оның мағынасының негізгі құрамдас бөлігі болып саналатын мемлекеттік, ресми және ұлттық тілдерімен тығыз байланысты. Қазіргі кезде біздің елімізде негізінен ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мағынасының көрнісі ретінде қос тілдік кең таралды. Өзінің туған тілімен қатар өзге халықтың тілін білген адам, Ж. Х. Жүнісова айтып өткендей, басқа халықтың тарихымен, салт-дәстүрімен, мәдениетімен жақын танысады, ол халықтың тілін, мәдениетін қоса алып жүрушілер өндірген материалдық және рухани құндылықтарға қол жеткізе отырып, көптеген өзге ұлттың адамдарымен етене араласуына мүмкіншілік алды [1. 29б] .
Осы ұғымның, яғни “ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті” ұғымының мағынасын қарастырсақ, бұл жерде этникалық жалпы адамзаттық түсініктерінің арақатынасын анықтап алу маңызды мәселеге айналды. Себебі бұл екі ұғым өзара диалектикалық бірлікте болады және ұларалық қатынас мәдениеті ұстанымдарының негізгі бағыттарын іске асыру тәсілдері болып саналады. Келесі кезекте «ұлттық» және «жалпы адамзаттық» құндылықтарды талдап өтейік.
Қоғамдық өмірде ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар адамдардың өзара қарым-қатынастары арқылы мінез-құлқы, ұстанымдары, іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады. Ежелден айтылып келе жатқан жоғары абырой, адамгершілік, сүйіспеншілік, намыс, адалдық сияқты құндылықтар бізге жеке тұлғалар арқылы жетті. Кез келген ұлт сол ұлтты құрайтын адамдардың ұлттық құндылықтарын жеткізушісі болып саналады.
Қоғамдық қарым-қатынастардан ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар тыс қалыптаспайды, бірақ кешегі таптық көзқарас түрлері, қанаушылар мен қаналушылар, буржуазия мен пролетариат арасындағы қарама-қайшылық теориясы жалпы адамзаттық құндылықтарды шатастырып жіберді. Адами құндылықтар алдымен отбасында, табиғи ортада, қоршаған ортамен қарым-қатынаста бойға дариды. Ата-ананың магнетизимі, ой-өрісі балаға беріледі. Жақсы қасиеттер ананың сүтімен, бесік жырымен бойға дарып, қалыптасады. Әрбір келесі ұрпаққа ата-бабалар тәрбиесі, ата-аналардың тектік белгілері жетілдіріліп, түрленіп беріледі. Бұларды меңгеру жеке тұлғаны қалыптастырудың белгілі бір іргетасын құрайды. Келер ұрпақтар түрленген қоғамдық құндылықтарды бойына сіңіреді.
Бұл жерде осы үрдістердің өзге маңызды жағын, қалыптастыру мен ықпал ету обьектілерін, ұлттық сезім табиғатының айырмашылықтарын ескеру қажет. Құндылықтарды нығайту және қабылдаудағы мінез-құлықтың оң және теріс болуы осымен қарастырылады.
Адамның әр түрлі құбылыстарға, оқиғаларға және әр түрлі жағдайларға қатынасы ұлттық мүддені, ұлттық абыройды және намысты қорғап қалу қарым қатынасын, ұлттық сезімді түсіндіреді.
Осы ұлттық сезімдер шынайы мүдделер тұрғысынан алғанда бұрыс та, дұрыс та болуы мүмкін. Адамға ықпал жасау мен әсер ету үрдістері әр тұлғаның шынайы белгілі бір ұлттық құндылықтар мен мүдделерді түрлі жасандылық және жалғандықтан бөлу үшін керек.
Ерекше әлеуметтік-психологиялық құбылыс -ұлттық сезім болып саналады. Ол сыртқы әсерлерге тез бейімделеді. Осы себептенде қызбалықтан аса абай болу қажет. Ұлттық сезім үнемі тәрбиелеуді және ақыл-парасаттылықпен пайымдауды керек етеді. Әр жеке тұлғаның ұлттық сезімін тәрбиелеу қоршаған ортада қалыптасқан, олар үшін өмірлік қағида болып саналатын белгілі бір құндылықтарды жетілдіру арқылы жүзеге асуы мүмкін. Ақыл-ойдың бақылауындағы және белгілі бір ортаның ықпалындағы ұлттық сезім адамгершілікті, ізгілікті болады, табиғи -биологиялық, тектік нышандармен органикалық түрде қалыптасып жатады. Дегенмен ақыл-парасаттың өзі кейде адамдардың қандай да бір бөлігінде қоғамға қарсы әр түрлі ойлармен, психологиялық тойымсыздықпен, өзімшілдікпен, басқа ұлттық құндылықтарды менсінбеумен үйлесіп жатады. Сондықтан оның алдын алып отыру қажет.
Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы мен нығаюы кеңес қоғамының саяси жүйесіндегі идеологиясында интернационализм тұрғысынан іске асырылып келді. Интернационалдық сезім өз кезегінде көбінесе ұлттық сезімдердің қандай да бір антиподы, адамдардың бірге өмір сүруінің, өзара қарым-қатынасының анағұрлым жоғары деңгейі делінетін ұлттық құндылықтар мен ұлттық сезімдер өтпелі құбылыс ретінде танылатын. Жалпы адамзаттық құндылықтардың орнына ұсынылған интернационалдық сезімге көтерілудің жолындағы сатысы ретінде қарастырылатын. Іс жүзінде интернационализмнің идеал шыңына көтерілуі 80-ші жылдары коммунизм орнатумен байланыстырылды, оған тез жету-дерективтік нұсқауларды айнытпай орындауға байланысты болды. Бірақ түпкі мақсаты «жан-жақты дамыған адамды» қалыптастыру болып саналатын интернационалдық тәрбиенің мәселесі алынбас қамалға кездесті. Себебі ұлтаралық және этникааралық қарым-қатынастар мәдениетінің жоғарғы деңгейіне тек қана ұлттық қарым-қатынастар арқылы, оны айналып та, секіріп те өтпестен тек обьективті түрде қол жеткізуге болатын еді. Тіпті «интернационалдықтың» және өзге ұлттықтың өзі ұлттылық арқылы, ең алдымен өзіннің «менің» деген қабылдауы және меңгеруі, содан өз мәдениетін өзге ұлттың «мен емеспін» деген қабылдауы және түсіну дәрежесіне дейін көтеру арқылы қабылданған болатын. Осылай ұлтаралық қарым-қатынас жасау-өзінің бағыты, сипаты, ауқымдығы, теңдігі жағынан шынайы болмыс сияқты көрінетін [3. 15б] .
Әр адамның өз ұлтына қатысты патриотизмі, тілі, ұлты, мәдениеті, «өз» адамдарының мәселелеріне назар аудару және оларды шешуге көмектесу, ынта білдіру игілікті себеп екені белгілі. Олар кең ауқымды қоғамдастықты көпшілік арасында, мемлекетті қорғау арқылы тиісті шешімін табуы керек. Мұндай ұмтылыстардың белгілі бір өлшемі мен шекарасы болады. Егер бұл шекара мен өлшемнен асып кеткен жағдайда басқа этникалық топтардың, ұлттардың, азаматтардың мүдделеріне қарама-қайшылықтар туа бастайды. Көзге көрінбейтін шекараның бұзылғанын сезе алмайтын адам халық үшін игілікті қарым-қатынас мәдениетін іске асырудың орнына, өзінің қоғамдастарының барлығына басқалардың наразылық көзқарасын туғызуы мүмкін. Оған мысал Ош облысында болған қанды оқиғалар сол аумақты ерте кезден мекендеп келе жатқан басқа топтардың дәл осындай құқығын бұзатын шешімдер қабылдауынан басталды. Нәтижесінде 230 адам қаза тауып, 1371 адам ауыр жарақат алған, 88-і із-түзсіз жоғалған, 411 тұрғын үй, 54 мемлекеттік объект, 89 автомашина өртенген. Молдова басшылары республиканы үшке бөлуді көздеді. Яғни олар: Преднесторвье, Гагаузия және Молдова. Молдова басшыларының молдован еместердің пікірімен санаспай шешім қабылдауы Дубоссардағы қасіретке айналды. Молдова басшыларының шешіміне Румыния құрамында болғысы келмейтін гагауздар, орыстар, украиндар және өзінің тәуелсіздігін 1990 жылы жариялаған Гагаузия мен Преднестровье әділ қарсылық көрсетті [4. 15-16б] .
Әрбір адам өз ұлтын, оның тілін сүю, оның дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптеу, өзінің ұлттық намысын қорғауға міндетті. Адам бойында болатын зиянды құбылыс: басқа ұлт өкілдеріне деген менменсіну, елемеушілік, тәкаппарлық, олардың тілі мен мәдениетін құрметтемеу. Әрбір адамның бойындағы адамзаттық табиғи арақатынас этникалық қарым-қатынастың игілікті дамуына жол ашады, ал менменсіген қасиет қарым-қатынаста әрқашанда қарсылық іс-әрекетін тудырады.
Ұлттық қатынаста дұрыс айтылған ой болса да кейбіреулердің бойында өкпе-наз тудыруы мүмкін. Баспасөз бетіндегі әділ айтылған теріс қылықтар барлық ұлтта кездесе береді және солай екен деп бүкіл ұлтты кінәлауға болмайды. Кейбір газеттерде жарияланған «Джигашвилидің, Берияның және кавказ алыпсатарларының ұлты» атты мақала туралы Грузия ғалымы Д. Стура ашына айтты. Ал өзбек жазушысы Темур Пулатов өзбектер туралы не білесің деп сұрағанда: «олар- біздің базарларымызда грузиндермен қатар тұрып, бағаны тым қымбаттататындар» деп жауап беретін мәскеуліктердің бар екенін айтты [5. 112б] .
Өзбекстанда өткен ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында ірі ұрлықтар, асырып жазушылар, жемқорлық әрекеттер әшкереленді. Бұл қылмыстар жергілікті баспасөздерде зерттеу мақаларына себеп болды. Осы құбылыстың әсерінен халық әр түрлі ойға кетті. Ұлттық сезіммен ойнауды, құштарлықты қыздыруды және тұтатуды ұнататын адамдар үшін газет бетіндегі «жарияланымдар республиканы бүкіл әлемге масқара етіп жатыр» деген өсек таратуға сылтау болды. Өзбекстанда, Қырғызстанда, Грузияда және Ресейде мұндай қылмысты істер көп болды. Тек «өзбек», «грузин», «орыс» халықтары істері болмақ емес. Себебі белгілі бір топтың, мафиялық одақтың, жеке адамдардың қылмыстарын халыққа арта салуға болмайды.
Саяси тұрақтылық-экономикалық реформаны жүргізу үрдісіндегі ең басты фактор. Қоғамның тепе-теңдігі үкіметке және халыққа реформаның стратегиясы мен тактикасын таңдауға мүмкіндік береді. Онымен қоса ұлттық мүдделерді, ұлттық құндылықтарды, ұлттық дәстүрлерді қолдау, дамыту және қорғау жөніндегі жұмыстарды сәтті іске асыруға мүмкіндік жасайды.
Қазақ халқының және республиканы мекендеген басқа ұлт өкілдерінің арасындағы татулық, түсіністік және сыйластық Қазақстанның жан-жақты өркендеуі мен гүлденуіне басты себеп. Қазіргі таңда мемлекет басшылары әр ұлт өкілінің өзіндік мәдени ерекшеліктерін сақтай отырып, ұлтаралық татулықты тұрақтандыруға айрықша мән беруде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz