«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ: ОНЫҢ ҚОҒАМҒА КЕРІ ӘСЕРІ»


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ: ОНЫҢ ҚОҒАМҒА КЕРІ ӘСЕРІ»
6М050100 - Әлеуметтану
Мазмұны
Кіріспе . . .
1. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік феномен ретінде және жемқорлықтың шығу себептері мен мәні . . .
1. 1. Сыбайлас жемқорлық ұғымының анықтамасы, теориялық негіздері, даму тарихы және оның түрлері . . .
1. 2. Сыбайлас жемқорлықтың негізгі себептері мен әлеуметтік белгілері . . .
1. 3. Сыбайлас жемқорлық - қауіпті әлеуметтік құбылыс және оның қоғам дамуына кері әсері . . .
2. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және күресу . . .
2. 1. Азаматтық қоғам: оның сыбайлас жемқорлықпен күрестегі рөлі . . .
2. 2. БАҚ-ның сыбайлас жемқорлықпен күрестегі рөлі . . .
2. 3. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, күресу шаралары, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық және ол үшін жауаптылық . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Қосымшалар . . .
Кіріспе
Магистрлік диссертациялық жұмыстың өзектілігі: Тақырыпта сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына кері әсерін анықтау жолдары қарастырылған. Қазіргі дағдарыстық өтпелі қоғамымызда жаһандық деңгейдегі проблемалардың бірі - сыбайлас жемқорлық болып тұрғаны бәрімізге белгілі.
Жемқорлық - мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттер түрі. Жемқорлықтың негізгі белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе арадағы делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған әркеттері үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы не болмаса мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы. Туыстық, жерлестік және т. б. жақындарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу.
Жемқорлық жасалу түрлеріне қарай жекелеген лауазымды қызметкерлер және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет. Екіншісі, бірнеше лауазымды қызметкерлердің бірігіп жасаған жемқорлық қылмысы - сыбайлас жемқорлық деп екіге бөлінеді.
Қазіргі біздің қоғамымызда сыбайлас жемқорлықтың қауіпті қылмыс әрі әлеуметтік құбылыс ретінде ең көп тараған түрінің бірі - парақорлық. Ол дегеніміз пара алу, пара беру және парақорлыққа делдал болу болып табылады. Бұл құбылыс мемлекетіміздің қарқынды дамуына кері әсерін келтіруде. Бүгінгі таңда елімізде жемқорлықтың белең алып кетуінің қауіптілігі - ұлтты моральдық тұрғыдан аздыртып, қарапайым халықтың мемлекетімізге, билік орындарына деген сенімсіздігін және құқық қорғау орындарының қызметін бағаламауы сияқты көзқарастардың пайда болуына алып соқтыртады. Сыбайлас жемқорлықпен жұмыла күресуді бүкіл халық болып ат салысу қажет. Әрине бұл оңай іс емес. Бұл қауіпті құбылыстың тамыры тереңде жатыр.
Сыбайлас жемқорлық - лауазымды тұлғаның өз билігін асыра пайдалана отырып, өзіне берілген құқықтарын заңсыз пайдалану. Сыбайлас жемқорлықтың көптеген түрлері лауазымды тұлға жасаған алаяқтыққа ұқсайды. Мемлекеттік билікке қарсы жасалған қылмыс қатарына жатады.
Сыбайлас жемқорлық тақырыбы көптеген ғалымдармен зерттелген және де әліде толыққанды қарастыруды қажет етеді. Осы мәселе төңірегінде мемлекет тарапынан көптеген іс-шаралар жасалып жатыр. Тәуелсіздігімізді алып, өз алдымызға жеке мемлекет болып қалыптасқаннан бастап сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы заң қабылданып, мемлекеттік бағдарламалар жасалып жатыр. Елбасымыз әр жылға халыққа жолдауында да сыбайлас жемқорлықпен күресудің нақты жолдарын көрсетіп, мемлекетіміздің алдыңғы кезекте тұратын мәселелердің бірі ретінде қарастыру қажет екенән басып айтады.
Жоғары лауазымды тұлға өз қызметін пайдаланып, мемлекет байлығын өз қажетіне жаратса, қарапайым халықтың обал, сабауын аттап, адамгершілік қасиетінен жұрдай болу сияқты алғашқы нышандары ертеде мүлік теңсіздігі пайда болған кезден бастап көрініс берген жемқорлық сипатындағы қылмыстардың түбірін қуалап келгенде алаған қолым береген деген ұстанымға сиятын мұндай бақа есепшілдік көнеден-ақ көптеген мемлекетттерде орнығып қалған. Олардың бір-бірінен айырмашылығы тойымсыздық пен ашкөзділіктің әр қоғамда әрқалай деңгейде екендігінде.
Адам баласының ұшқыр ойы өзімен бірге қатар қалыспай дамып әрі өршіп келе жетқан жемқорлықты болдырмау үшін қандай тәсілдер ойлап таппады десеңші. Бұл тәсілдер ел күткендей нәтиже берсе, жемқорлық ұғымы санадан өшіріліп, әлдеқашан көнерген сөздер қатарына ілігер еді. Амал қанша, бай мен кедейдің ара жігі ашылып, қоғамдағы қарама-қайшылықтар тереңдей берген сайын, ел сыйлаған лауазымды тұлғалардың мемлекет қазынасына көз тігіп, қол салуы тіптен асқынып бара жатыр. Қоғамымызда осындай тобасын ұмытып, асыра сілтеушілікті тәубесіне түсіріп қоятын заңымыз бар. Сонда да ел ырысының үстінен қалқып ішіп, сыбайласып жемқорлық жасау бір тыйылмай келеді. Заң талабында мін болмағанымен, оның орындалуында олқылықтардың көп екендігін, құрылған торға шортандардың емес, ұсақ-түйек шабақтардың түсетіндігін Елбасымыздың өз сөзінде талай мәрте қадап айтып, мүдделі орындардың басшыларын елдің алдында талай мәрте қызартқан. Бірақ одан өзгеріп жатқан ешнәрсе шамалы. Елбасының осындай ащы сындарынан кейін енселері түскен шенеуніктер орындарынан қозғалғандай кейіп танытып, көз алдағансытып қояды.
Сыбайлас жемқорлық феноменін түсінуге қатысты сан түрлі әдістемелік бағыттар бар. Сыбайлас жемқорлықтың ежелден ақ түрлі - әлеуметтік, саяси, криминологиялық, құқықтық аспектілерінде қарастырылған.
Магистрлік диссертациялық жұмыстың зерттелу деңгейі: Сыбайлас жемқорлық мәселелерін Б. В. Воложенкин, Г. А. Сатаров, П. А. Кабанов, М. Л. Цирик, Н. А. Морозов, М. И. Левин, Г. В. Ингатенко, И. И. Сулима, А. В. Хомутова, Ю. А. Кузнецовтар мен басқа ғалымдар зерттеген.
Жемқорлық қағидалар, түрлері мен нысандарын, себептік-кешендік факторларын, сонымен қатар шетел мемлекеттері тәжірибесін пайдалану мен қолдауды үсынған мынадай қазақстандық ғалымдардың еңбектерін осы мәселенің зерттеудегі елеулі үлесін қосқандар: Б. А. Амрекулов, Г. И. Баймурзин, И. Ш. Борчашвили, С. Ғ. Қапаров, Ш. Құттаяқов, Д. В. Құрбатов, Г. С. Мәуленов, М. О. Нәукенов, Е. Алауханов, С. С. Сартаев, Е. З. Тұрғытбаев, М. К. Ынтықбаев және т. б.
Магистрлік диссертациялық жұмыстың нысаны: Қазақстан Республикасы бойынша сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына кері әсерін зерделеу.
Магистрлік диссертациялық жұмыстың пәні: Сыбайлас жемқорлықпен күресу, алдын алу жолдарының теориялық және әдістемелік тұрғыдан қарастырып зерттеу.
Магистрлік диссертациялық жұмыстың мақсаты, міндеті және жаңалығы: Зерттеудің негізгі мақсаты қазіргі қоғамда ең өзекті деген мәселелердің бірі, яғни жаһандық мәселе депте қарауға болатын сыбайлас жемқорлық болып тұр. Ғылыми жұмыста зерттеулердің нәтижесінде түрлі әдіс тәсілдер арқылы сыбайлас жемқорлық пен күресу, алдын алу және халықаралық тәжірибелерді салыстыра отырып қоғам дамуына кері әсері анықтау.
- Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың қазіргі заман талабына сай түсінігін талдау және пайда болу тарихын зерделеу;
- Сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік құбылыс ретінде себептерін анықтау, қоғам дамуына кері әсерін көрсету;
- Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі азаматтық қоғам мен БАҚ рөлін көрсету;
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және күресу шаралары арқылы ғылыми нәтижелерге қол жеткізу.
Магистрлік диссертациялық зерттеудің практикалық тиімділігі: Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде алынған мәліметтердің теориялық және практикалық тұрғыдан мәні айтарлықтай. Атаулы мәліметтерді ғылым саласындағы қызметкерлер мен әлеуметтік, құқық, гуманитарлық сала мамандары ғылыми деректері ретінде пайдалана алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі: Магистрлік диссертациялық жұмыстың құрылымы тақырып және қойылған міндеттерді шешудегі ішкі логикалық қисынды байланыспен сипатталады. Зерттеу жұмысы кіріспе, 2 тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
1. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік феномен ретінде және жемқорлықтың шығу себептері мен мәні
1. 1. Сыбайлас жемқорлық ұғымының анықтамасы, теориялық негіздері, даму тарихы және оның түрлері
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің ең бірінші кезектегі міндетіне айналған. Қоғамға зор қауіп төндіріп, орасан зор кесел келтіретін осындай келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Десек те, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық мәселесінің маңызы уақыт өткен сайын артпаса, кеміген емес. Жалпы біз, жемқорлық ұғымын қалай түсінеміз?
Жемқорлық ұғымына этимологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, жемқорлық, яғни коррупция латынның «corruptio» деген сөзінен шыққан, аудармасы «сатып алу», «пара беру». Сонымен қатар, Рим құқығында «сындыру, бүлдіру, бұзу, зиян келтіру, фальсификациялау, сатып алу» ретінде түсіндірілетін және де тиісінше заңға қарсы келетін әрекетті «corrumpire» ұғымымен белгілеген.
Жемқорлық - мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттер түрі. Жемқорлықтың негізгі белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе арадағы делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған әркеттері үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы не болмаса мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы. Туыстық, жерлестік және т. б. жақындарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу.
Жемқорлық жасалу түрлеріне қарай екіге бөлінеді. Олар:
- жекелеген лауазымды қызметкерлер және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет
- бірнеше лауазымды қызметкерлердің бірігіп жасаған жемқорлық қылмысы - сыбайлас жемқорлық деп аталады.
Сыбайлас жемқорлық күрделі де қатпары көп құбылыс ретіндегі тарихы өз ғұмырының ұзақтығы жөнінен адамзат өркениетінен кейін қалған емес. Оның пайда болуы алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттік құрылымдар қалыптасқан уақыттардың қойнауына жетелейді. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық туралы жазбаша мәліметтердің ең алғашқыларын б. з. д ХХІҮ ғ. Көне Бабырдың мұрағаттарынан көруге болады. Патша Лагаша Урукагина шенеуніктер мен соттардың заңсыз әрі жүгенсіз әрекеттеріне тыйым салу мақсатымен мемлекеттік басқару ісіне реформалар жасады. Осындай әрекеттерді Ежелгі Латын жазбаларынанда байқауға болады. Мысалы: «Do ut facies» - аудармасы «Істету үшін беремін». [1. 7б]
Сыбайлас жемқорлық - әлеуметтік феномен, қоғам мен қоғамдық қатынастар туындысы. Сыбайлас ждемқорлықтың пайда болуы мен өмір сүруі қоғамдық және шаруашылық қызметтегі басқару функциясының жекелену сәтінен бастап мүмкін болады. Өйткені, нақ осы жағдайда лауазымды басшыда (басқарушыда) қоғам, мемлекет мүддесі үшін емес, жеке басы үшін ресурстарды пайдалану мен шешім қабылдау мүмкіндігі пайда болады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық өте ерте уақытта туған және бүгінгі күнге дейін бар күрделі әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде көрінеді - сыбайлас жемқорлықтың көрініс беру формаларының өзгеруі барысында оның ауқымы тарылмайды. [1. 12б]
Қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлық - басқа саяси, экономикалық, мәдени және әлеуметтік институттармен өзара тығызбайланысты әлеуметтік институт, басқару жүйесінің бір элементі. Сыбайлас жемқорлықтың инстиуттануының көріністері мынандай:
- Сыбайлас жемқорлықтың бірқатар әлеуметтік қызметтерді атқаруы: әкімшілік байланыстардың жеңілдетілуі, басқарудағы шешім қабылдаудың жеделдетуі мен жеңілдетілуі, әлеуметтік таптар мен топтардың арасындағы қатынастардың консолидациялануы және де қайта құрылымдалуы, бюрократтық кедергілерді азайту арқылы экономикалық дамуға көмектесу, ресурстар дефециті жағдайында экономиканы оптимизациялау және т. б;
- Сыбайлас жемқорлық қарым-қатынастарының жете айқындалған субъектілерінің болуы және де әлеуметтік рөлдердің бөлінуі;
- Сыбайлас жемқорлық әрекеттер субъектілеріне мәлім белгілі бір ойын ережелерінің, нормаларының болуы;
- Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің қалыптасқан сленгі, яғни, тілі мен рәміздік белгілері;
- Мүдделі адамдарға белгілі және орныққан қызметтер таксасы.
Сыбайлас жемқорлық экономикалық заңдардың еркін жұмыс істеуін біршама шектейді және әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін төмендетеді, ел үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы ең бір басты бөгеттердің бірі болып табылады. Таза және әлеуметтік бағыттағы бизнес нарықтан ығыстырылып, шектетілді, өйткені, мұндай бизнесті сыбайлас жемқорлық тиімсіз кәсіпке айналдырады.
Сыбайлас жемқорлық ұлттық шекаралардың шеңберінен шығып кеткен, сондықтан онымен күрес жаһандық ауқымда жүргізуді қажет етеді. Одан түсетін түсімдер «жуылғаннан» соң әлемдік және ұлттық қаржы ағымдарына құйылады да, мемлекеттік және халықаралық билік пен экономика институттарын бұзады. Ол заңның, демократия мен адам құқықтарының үстемдігіне қатер төндіреді. Қоғамның моральдық тетіктерін, билікке деген сенімді, мемлекеттік басқару, теңдік пен әлеуметтік әділеттілік қағидаттарына зиянын тигізеді, бәсекеге бөгет жасайды және экономикалық дамытуды қиындатады. Әсіресе, ең қауіптісі - мемлекеттік билік орындарындағы сыбайлас жемқорлық. Бұл жағдайда ол монополияның билікпен симбиозының, мемлекеттік қызметкерлердің шешім қабылдаудағы қауқарсыздығының, шенеуніктердің бақылауда болуы мен оларға құқықтық жауапкершілік жүктелмеуінің көрінісіне айналады. Тәжірибенің көрсетуінше, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесін бұзады, мемлекеттік билік пен мемлекеттік қызметтің беделінің құлдырауына мүмкіндік жасап жатады. Сыбайлас жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасайды, әсіресе экономика саласындағы ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді. [1. 10б]
Мемлекеттік машинаны ұйымдасқан қылмыстың қолдануы мемлекеттік өкілеттілікті жекеменшікке айналдыру амалы ретінде тікелей сыбайлас жемқорлықпен байланысты. Гегель былай деп жазды: «Мемлекеттік биліктің жеке индивидум иеленген үлесі - жалпыға ортақ биліктің жоғалтқаны деген сөз». Ол аз десеңіз, индивидтер мен қылмыстық құрылымдар биліктің өздері иеленген бөлігіне сүйене отырып, мемлекетке, азаматтық қоғам институттарына және де оның құндылықтарына шабуылға шығады. Сыбайлас жемқорлық мәселесін шешпей, мемлекеттік басқарудың міндеттерін сәтті орындау мүмкін емес. [4. 35б]
Сыбайлас жемқорлық феноменін түсінуге қатысты сан түрлі әдістемелік бағыттар бар. Сыбайлас жемқорлықтың ежелден ақ түрлі - әлеуметтік, саяси, криминологиялық, құқықтық аспектілерінде қарастырылған.
Осылайша, Платон мен Аристотель сыбайлас жемқорлықты саяси категорияға жатқызды, Макиавелли оны мемлекеттің азаматтық ізгілікті бұзатын ауыр сырқаттың белгісі деп санаса, Ш. Монтескье оны нәтижесінде жақсы саяси тәртіп не жүйе жарамсызға айналатын дисфункционалдық үдеріс ретінде сипаттаған.
Қазіргі ғылыми, оқулық және қоғамдық-көркемсөздік әдебиеттерінде де сыбайлас жемқорлыққа түрліше анықтама беріледі. Сыбайлас жемқорлық туралы онымен күресудің әмбебап амалын анықтауға негіз болатын бірауызды ұғымды қалыптастыру - күрделі эволюциялық үдеріс. Сыбайлас жемқорлықтың интегралдық сипаты бұл күрделі құбылыстың бір ізді, бір мағыналы анықтамасын жасауға бүгінгі күні мүмкіндік бермей отыр.
Алайда, бәрібір сыбайлас жемқорлықтың тарихи алғашқы анықтамалары құқық саласына жатады. [5. 105б]
Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде сыбайлас жемқорлықты парамен сатып алушылық, лауазымды басшылардың, саяси қайраткерлердің сатымпаздығы ретінде сипаттайды. [2. 205б]
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы»
Заңы сыбайлас жемқорлықты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың және оларға теңестірілгендердің мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды өз қызмет бабы және онымен байланысты мүмкіндіктер арқылы пайдалануы, әйтпесе оларды мүліктік пайда табу үшін тікелей өздері немесе делдалдар арқылы басқаша пайдалана отырып, заңмен қарастырылмаған түрде шешім қабылдауы, сонымен қатар ол адамдарды жеке және заңды тұлғалардың оларға аталған игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы заңсыз сатып алуы ретінде сипаттайды.
Халықаралық құқық көздері сыбайлас жемқорлыққа әлдеқайда кеңірек анықтама береді және тиісінше сонымен байланысты құқықбұзушылық субъектілерінің кеңейтілген шеңберін көрсетеді.
Дефинициялардың мейлінше ықшам, бірақ мазмұндыларының бірі - БҰҰ-ның ІХ конгресі ұсынған, сыбайлас жемқорлықты «жеке мақсатта пайда табу үшін мемлекеттік билікті асыра пайдалану» ретінде сипаттайтын анықтама. [43. 9б]
Кейбір анықтамаларда, мәселен, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі БҰҰ хатшылығы дайындаған ережеде берілген анықтамада жемқорлық қылмыстық істердің жіктелген төмендегідей 3 тобының жиынтығы ретінде түсіндіріледі:
- лауазымды адамдардың мемлекет меншігін ұрлауы, жымқыруы және иеленуі;
- жеке басының пайдасы үшін қызмет бабын асыра пайдалануы;
- қоғамдық парыз бен жеке есеп арасындағы мүдделер қақтығысы.
Еуропалық Кеңестің сыбайлас жемқорлық жөніндегі тәртіп тобының
анықтамасы бойынша, сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік немесе жеке секторда белгілі бір міндеттер атқару тапсырылған адамдардың оларға мемлекеттік лауазымды басшы, жеке қызметкер, тәуелсіз агент немесе басқа түрдегі қатынастар статусы бойынша жүктелген міндеттемелерінің бұзылуы және өздері әлде өзгелер үшін кез келген басқа әрекеттері. [51. 44б]
БҰҰ Бас Ассамблеясының 34-сессиясы құжаттарында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: «Лауазымды басшының өз қызмет өкілеттігі саласындағы қызметтік ережені бұзатын да, бұзбайтын да түрде сыйлық берушілердің мүддесі үшін кез келген формадағы әрекеті немесе әрекетсіздігі».
Сыбайлас жемқорлық туралы Азаматтық-құқықтық жауапкершілік конвенцияның 2-бабындағы (1999ж. ) анықтамаға сәйкес, «сыбайлас жемқорлықты - пара, жөнсіз артықшылық немесе соның мүмкіндігіне ие болған адамнан талап етілетін, оның негізгі міндеттерін немесе мінез-құлқын бұзуға әкеп соқтыратын тікелей немесе жанама талап; пара немесе кез келген басқа да тиесілі емес артықшылық пен соның мүмкіндігін ұсыну және оның қабылдануы». [37. 58б]
БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес жөніндегі анықтамалық құжатында сыбайлас жемқорлық «жеке мақсатта пайда табу үшін мемлекеттік билікті асыра пайдалану» ретінде сипатталады. Бұл ұғым парақорлықты (лауазым иесін борыш тұрғысындағы жолдан тайдыру үшін сыйлық беруді), непотизмді (тамыр-таныстық жөнімен кіріс кіргізуді немесе пайдалы лауазымдардағы туысқандарды немесе «өз адамдарын» орналастыруы) және көпшілікке ортақ меншікті жеке мақсатта қолдануды қамтиды. [53. 79б]
Сыбайлас жемқорлықтың анықтамасына қатысты көзқарас пікірлердің алуан түрлілігі бұл құбылыстың күрделілігін білдіреді және же оны терең де жан-жақты зерттеуді тадап етеді, біріншіден, сыбайлас жемқорлықты түсінудің теоретикалық деңгейін тереңдету (дәл, айқын анықтама беру, сыбайлас жемқорлықпен оның дамуына мүмкіндік жасайтын себептерді тексеру), екіншіден, сыбайлас жемқорлықтың қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси өміріне ықпалын анықтау және бұл құбылыспен күресу бағытындағы нақтылы шаралар жүйесін құру.
Сыбайлас жемқорлық мәселелелерін зерттеуші американдық ғалымдар бұл құбылысқа «саяси қызметкерлердің, мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің, бизнесмендердің және де басқа адамдардың жеке өздерінің, отбасының немесе топтың мүддесі үшін өзінің ресми міндеттерін, мемлекеттік функцияларды орындаудан жалтаруы» деген анықтама береді. [61. 5-6бб]
Г. Блэк өзінің заң сөздігінде сыбайлас жемқорлыққа мынандай анықтама береді:
- лауазымды адамның ресми міндеттерімен және басқада адамдардың құқықтарымен келіспейтін қандай да бір артықшылық беру ниетімен жасалатын іс-әрекет;
- лауазымды адамның өзі немесе басқа адам үшін қандай да бір артықшылық алу мақсатында өз жағдайын немесе мәртебесін заңсыз пайдалануы.
Сонымен қатар, біршама американдық зерттеушілер М. Джонстон және Дж. С. Наем сыбайлас жемқорлыққа мынандай анықтама береді: «өзі, өзінің отбасы немесе шағын топ мүддесі үшін материалдық немесе мәртебелік артықшылықтар алу мақсатында лауазымды адамның белгіленген тәртіптен ауытқауы» [62. 9б]
Ал өзіміздің отандық әдебиеттердегі анықтамаларда: «Сыбайлас жемқорлық деп - қоғамдық және саяси қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың сатқандығын, оларды сатып алуды, саяси, экономикалық, әскери және тағы басқа салалардағы қызметкерлердің қолындағы билігінің мүмкіндіктерін және қызмет бабын жеке басын байыту мақсатында пайдалануын айтады».
Сонымен, жоғарыда келтірілген анықтамаларға талдау жасай келе, мынадай қорытындылардыжасауға болады:
- Сыбайлас жемқорлық құбылысының өзіне тән белгілерінің болуы;
- Сыбайлас жемқорлық - ең алдымен бұл қоғам дамуына кері әсерін тигізетін әлеуметтік құбылыс;
- Халықаралық құжаттарда жемқорлық ұғынының нақты анықтамасының жоқтығы;
- Әрбір мемлекет қазіргі құқықтық дәстүрлер негізінде өздерінің жемқорлыққа қарсы құралдар жиынтығын анықтауы;
- Жемқорлық ұғымының қазіргі қоғамдағы жемқорлықтың құқықтық анықтамасына негізделмегендігі.
Осылардың барлығын қорыта келе, сыбайлас жемқорлық - бұл екі жақ арасындағы өзара келісім «мәмілесі» деп тұжырымдауға болады. Оның бірі - өз лауазымын заңға қарсы пайдаланатын мемлекеттік немесе жеке қызметте жұмыс жасайтын тұлға болса, екіншісі - мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз жеке басының пайдасы, яғни, материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген жауапкершіліктен таютағы үшін пайдаланатын тұлға.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz