Батыс Қазақстанның ауыл шаруашылығы нарықтық - экономикаға көшу кезеңінде (1990-2005 ж.ж)


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы: «Батыс Қазақстанның ауыл шаруашылығы нарықтық-экономикаға көшу кезеңінде (1990-2005 ж. ж) »
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I тарау Батыс Қазақстан облысы тәуелсіздік жылдарында . . . 5
1. 1. Батыс Қазақстан облысы тәуелсіздік жылдарындағы экономикасының күрт төмендеуі . . . 5
1. 2. Облыс өнеркәсібін нарықтық экономикаға бейімдеу және оны ілгері дамыту . . . 7
I I тарау Облыс ауыл шаруашылығына нарықтық қатынастардың енуі:
жетістіктері және қиыншылықтары . . . 27
2. 1. Шағын және орта кәсіпкерліктің облыста дами бастауы . . . 27
2. 2. Қиыншылық кезеңдегі облыс аудандарының қосқан үлесі . . . 31
Қорытынды: . . . 43
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 45
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Ауыл - қаймағы бұзылмаған қазақы дәстүр
мен ұлттық салт-санамыздың мөлдір бастауы, алтын бесігі.
Халық шаруашылығында ауыл шаруашылығы тарихи да күрделі орындардың біріне ие. Кезінде Қызыл армияны, империяны ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етіп тұрған да ауыл тұрғындары болатын. Кеңестер Одағы таратылғаннан кейінгі уақыттарда дағдарыстың ащы азабын тартып, ең көп жапа шеккен де солар. Мемлекетіміз тәуелсіздікке қол жеткізгенмен, бұл мәселелер одан әрі ушыға түсті. Соңғы онжылдықтағы ауылшаруашылығы да біраз өзгерістерге толы болды. Өйткені, ол екі өзара сабақтас міндеттерді шешеді: бір жағынан, халықты азық-түлікпен, екінші жағынан өндіріс кәсіпорындарын ауыл шаруашылығы дақылдары шикізатымен қамтамасыз жасайды. Ауыл шаруашылығының қоғамдағы осындай маңызды ролі Қазақстан Республикасы тарихына тән жағдай болып саналады. Қазақстан Ресейдің отарлау саясаты кезінде де, кейінгі жиырмасыншы ғасырдағы кеңестік дәуірде де ауыл шаруашылығы дамыған аграрлы елдің бірінен саналды.
Әрине, республика жағдайындағы ауыл шаруашылығына қатынасты жетістіктер мен күрделі қарама-қайшылықтар, тежелу процестері Батыс Қазақстанның ауыл шаруашылығына да тән еді. Қазіргі Қазақстанның егемендік және тәуелсіздік жағдайына бұл ауыл шаруашылығының дамуына сәйкес, тарихи күрделі процестерді, қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени-рухани және әлеуметтік-демографиялық өзгерістерді шынайы тұрғыда зерделеу, оның оң және теріс ықпалдарын жан-жақты ашып көрсету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, сол кезеңде еңбек еткен ата-бабалардың салт-дәстүрлері рухына тәрбиелеу мәселелерін зерттеу тарих ғылымының алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі саналады.
Тақырыптың зерттелуі : Ауыл шаруашылығы тарихын зерттеу күрделі де қиын міндеттердің қатарынан саналады. Бұл ауыл шаруашылығы саласында кезінде Кеңестер Одағында, Қазақстанда көптеген тарихшы-ғалымдар өздерінің іргелі еңбектерін жазып атсалысқан. Бұл тұрғыда тарих ғылымдарының докторлары Х. Арыстанбековтың, Ж. Жұмабековтың, К. Нұрпейісов, М. Қозыбаев, П. Михайлов, В. Савосько мен М. Шамшатовтардың еңбектерін атасақ жеткілікті. Сонымен қатар, ірі-ірі тарихшы және экономисттердің еңбектерін кең пайдаланғанымызды атауды да жөн санаймыз. Олардың қатарында экономисттер К. Ахметов, Б. Жұмағалиев, А. Қарасаев, Б. Ғұмаров, Е. Сатқановтар мен тарихшы-ғалымдар Т. Рысбеков, М. Сыдықов, Б. Аяғанов, А. Алтаев, Х. Абжанов, Б. Бірімжаровтың т. б. еңбектерін жатқызуға болады.
Еңбектің деректік негізіне Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаттарының қорлары, облыстық деңгейдегі статистикалық мәліметтер жинақтары, бұқаралық басылым көздері және тақырыпқа қатысты мақалалар алынған.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысын жасау барысындағы мақсат Батыс Қазақстан облысының тәуелсіздік алғаннан бастап, осы уақытқа дейінгі оның экономикалық және саяси дамуына жан-жақты ғылыми талдау жасалды. Батыс Қазақстан еңбекшілерінің қызметін, шаруашылық, әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктерін деректер арқылы дәйектеп жеткізу. Сонымен қатар облыстың экономикалық және саяси даму барысында кездескен қиыншылықтардың себеп-салдарларын барынша ашып көрсету.
Дипломдық жұмыс жазу барысында сол кездегі Батыс Қазақстан облысының экономикалық-саяси дамуын зерттеп, шолу жасау, қазіргі таңдағы қалыптасқан бағыттарды реттеп, оның мәні мен себебін ашу болып табылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Еңбек мазмұны жағынан кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I тарау. Батыс Қазақстан облысы тәуелсіздік жылдарында.
1. 1. Батыс Қазақстан облысының осы жылдардағы экономикасының күрт төмендеуі.
Еліміздің тәуелсіздік алған тұста бізге жантәсілім экономиканың сынығы ғана тиді, соның өзінде оны игеру мен зерделеу керек болды, өйткені республика бұрын өз әуелетін басқарып көрмеген еді. Кеңес Одағынан бізге, әлемдік қалыптарға мүлде сай келмейтін кәсіпорындар мен жабдықтары бар өнеркәсіп пен жағдайы жайсыз ауылдары мен селолары бар экстенсивті ауыл шаруашылығы мұра болып қалды. Жаңа экономикалық қатынастар бұрынғы басқару мен материалдық-техникалық қамту құрылымдарының жойылмауымен қатар жүрді. Бұл халық шаруашылығының барлық салаларында өндірістің құлдырауына әкелді. Облыс бойынша өндіріс көлемі 1991 жылмен салыстырғанда 1992 жылы 18, 8 пайызға қысқарды және 16651 млн сомды құрады, 3754, 2 млн сомның өнімі алынбай қалды. Өнім шығарудың күрт төмендеуі машина жасау (23%), тамақ өнеркәсібі (28%), қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарында болды. 1991 жылғы өндіріс деңгейіне 41 кәсіпорын немесе олардың 65 пайызы жеткен жоқ.
Өндіріс көлемінің ең үлкен төмендеуі ет комбинатында (27, 4%), «Уральскреммаш» өндірістік бірлестігі (42, 9%) арақ-шарап заводында (33%), Орал нан өнімдері комбинатында (33, 5%), Ақсай құрамажем заводында (32, 6%), балық комбинатында (54, 4%) байқалды.
Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарынан жұмысшылар мен қызметкерлердің кету процесі жүрді. 1991 жылы 30435 адамның орнынан 1992 жылдың аяғында өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың саны 29102 адам немесе 95 пайыз болды. Халықтық тұтыну товарларын өндіру 20, 7 пайызға қысқарды және ол 8, 7 млрд сом құрады. 1992 жылы қаңтар-желтоқсан кезеңінде азық-түлік товарларын өндіру 7, 6 млрд сом, басқа товарлар 2755 млн сом құрады. Облыс экономикасының негізін құрайтын машина жасау заводтары қоймаларында сіресіп тұрып қалған ешкімге керексіз өнімдеріне сұраныстың күрт төмендеуінен дағдарысқа ұшырап тұралап қалды.
Республика және жекелей алғанда біздің облыс үшін күрделі де ауыр болған өтпелі кезеңнің алғашқы үш жылының тәжірибесі болып жатқан процестердің мәнін түсініп, олардың даму барысын талдауға мүмкіндік берді. Бұл тәжірибелер кез-келген реформаның ауыртпалықтар мен қиындықтар арқылы жүзеге асатынын көрсетті, реформалау кезеңі ұзаққа созылса, оның әлеуметтік бағасы да соғұрлым жоғары болмақ. Еліміздегі экономикалық саясат пен экономиканы реформалау жұмысы, Президент атап өткендей, шын мәнінде өз ұлттық валютамыз - теңгені айналымға енгізуден басталды. Жүргізілген экономикалық реформа бұрынғы орталықтан тотальдық жоспарлау мен мемлекет тарапынан бақылау әдісінен бас тартып, мемлекет пен экономика арасындағы өркениетті байланыс түрлеріне көшуде, яғни парламент тиісті заң актілерін қабылдайды, ал өнім берушінің жұмысы бұрынғыдай мемлекеттік жоспарлау комитетіне немесе министрлікке емес, өзінің алғырлығына, шаруашылық жүргізе білуіне байланысты.
Осындай нарық жағдайындағы ауыл шаруашылығының жағдайы көпшілік қауымды ойландырды. Ауыл шаруашылығы экономикасын реформалаудың елеулі нәтижелері болғанмен, айтарлықтай жетістіктер байқалмады. Агросектордың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы барлық аграршы ғалымдарды толғандырды. Осы орайда ауыл шаруашылығын нарықтық экономикаға көшіру қарсаңында осындай көкейтесті проблемалар тұрған болатын.
Экономикасы өтпелі кезеңдегі ел болашағының екі нұсқасы бар еді:
- Экономикада қалыптасқан үрдісті қалпында қалдыру, оны үнемі интеграциядан тыс әрі әлемдік нарықтың сырттан бақылау жасалатын бір пұшпағына айналдыру.
- Ең соңғы, осы заманғы әрі ұтымды технологиялар негізінде өзінің ғылыми-техникалық әуелетін жедел қалпына келтіру мен дамыту ұлғаймалы өндіріс пен инвестициялау арқылы экономиканы өрге бастыру.
Қазақстан екінші жолды таңдады - экономиканың ұзақ мерзімді серпінді өркендеу әуелетіне ие, бәсекеге қабілетті және тиімді қазақстандық үлгісі қалыптастырылмақ, мұның өзі еліміздің тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтай отырып, шешуге мүмкіндік берді. 1994 жылы облыс өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1993 жылмен салыстырғанда 36 пайызға қаржыландырудың барлық көздері бойынша күрделі қаржы көлемі 69 пайызға қысқарды. Осы жыл тез экономикалық гүлдену жөніндегі қиялдан бас тартып, кезек күттірмейтін шаралар мен экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламаларын орындау жолындағы талаптарды қатаңдатты.
1. 2 Облыс өнеркәсібін нарықтық экономикаға бейімдеу және оны ілгері дамыту.
Нарықтық қатынастарға көшудің облыстық концепциясы меншіктің жаңа қатынастарын анықтады. 1990 жылы Қазақстанның халық шаруашылығында экономикалық дағдарыстың күшеюі салдарынан, өндірістің құлдырауы, тұтыну нарығының тұрақсыздануы белең алып, бюджеттің тапшылығы сезілгендіктен облыстарда мемлекеттік мүлік комитеттері құрылды. Мемлекеттік меншікті қайта құру облыс әкімшілігі басшысы 1992 жылы 5 наурызда бекіткен республикалық және коммуналдық меншіктегі объектілерді мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы бойынша жүргізілді. Мемлекеттен алу кәсіпорындарды акционерлік, коллективтік және басқа да меншік түрлеріне беру арқылы жүргізілді. Облыс өнеркәсібінде меншіктің негізгі түрі бұрынғыша мемлекеттік болды. Меншіктің арендалық түріне өнеркәсіп кәсіпорындарының шамамен 5 пайызы көшті. 1996 жылы 1 қаңтарда облыста 130 объект, оның ішінде 29 сауда, 16 қоғамдық тамақтандыру, 22 тұрмыстық қызмет, 16 өнеркәсіп, 16 құрылыс, 1 транспорт, 22 ауылшаруашылық, 1 коммуналдық шаруашылық және 8 басқа салалардағы объектілер жекешелендірілді. Егер 1991 жылы 9, 8 млн сомға 17 объект жекешелендірілсе, 1992 жылы 374, 6 млн сомға 130 объект жекешелендіріліп, нәтижесінде бюджетке 159, 0 млн сом, соның ішінде республикалық бюджетке 132, 2 млн сом, жергілікті бюджетке 26, 8 млн сом аударылды. Мемлекеттік меншікті өзгертудің негізгі формасы коллективтік меншікке сатып алу болды.
Жоғарыда айтылған бағдарламаға сай мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық комитет мемлекеттік мүлікті арендаға беру жөніндегі аудандық комиссияның жұмыс тәртібінің құжаттар пакетін жасады. Кеңшарларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында барлық аудандарда мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық комитет және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандары бекітілді. Облыстың барлық аудандарында осы мәселеге байланысты семинар-кеңестер өткізілді. Осы жылдың сәуір-мамыр айларында комитет мамандары барлық облыс аудандарында болып, арендаға алғашқы болып көшкен шаруашылықтарға нақты көмек көрсетті. Республикалық және коммуналдық меншіктегі өнеркәсіп объектілерін жекешелендірудің облыстық бағдарламасына 1992 жылы 111 кеңшар, ет-консерв комбинаты, облыстық сүт бірлестігі «Агротехсервис» бірлестігі, «Уральсксельстрой» концерні енгізілді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, экономиканың нарықтық қатынастарға көшуінің тиімді болғаны анық бұрынғы жоспарлы зиянмен жұмыс жасайтын кәсіпорындар мемлекеттік бюджетте болса, жеке меншікке ауғаннан кейін өзін-өзі қаржыландырып, нәтижесінде пайдаға шықты, оған дәлел - жанар-жағар маймен, дәрі-дәрмекпен халықты қамту кәсіпорындары, қаламызда жанар-жағармай құю стансалары мен дәріханаларда қажетті тауарлардың көлемі мен түрі көбейді. Жекешелендірілген барлық азық-түлік, өндірістік тауарлар дүкендері негізінен өз жұмыс бағытын сақтап қалды.
1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншікті жекешелендіру және қайта құру бағдарламасы қабылданып, соған сәйкес мемлекеттік меншіктегі объектілердің құрылымы қайта қаралды. 2000 жылы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен республикадағы жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқару тұжырымдамасы мақұлданды. Онда мемлекеттік мүлікті жекешелендіруге әзірлеу, жекешелендіру процедурасын нақтылы өткізу, жаңа меншік иесінің өз міндеттерін орындауын бақылау істері ерекше көрсетілді және мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы мемлекет саясатының негізі белгіленді. Мемлекеттік мүлікті жекеге беруге әзірлегенде жекешелендіруге жататын мемлекеттік мүліктің немесе мемлекеттік акциялар пакетінің сатылу параметрлері, сұраныстары анықталып міндетті түрде бақылауға алынды. Нақты жекешелендіруді өткізу барысында инвестициялық немесе коммерциялық тендерлер, аукциондарға талапкерлердің қатынасу құқығы бұзылмауы ескерілді, олардың әлеуметтік инвестициялық міндеттері көрсетілген бизнес-жоспарлар талдаудан өткізілді. Жаңа меншік иесінің өзіне алған міндеттемелерін іске асыруын бақылау, жекешелендіруден кейінгі кәсіпорынның дамуы, оның салалық ерекшеліктері негізінде жүргізілді.
Осы бір-бірімен байланысты жекешелендіру мен құрылымдық өзгерістер мемлекеттік және жеке секторларында тиімді меншік иесінің қалыптасуына ықпал етті. 1991-2001 жылдар арасында облыста 93 аукционға 278 объект қойылып, оның 236-сы 120 млн теңгеге сатылды. 100 аукционерлік қоғамның мемлекеттік акция пакеттері саудаға шығарылып, 150 млн теңге сатылу құнын құрады. Жоғарыдағы аталған бағдарламаны орындау нәтижесінде 1991-2000 жылдары бюджетке 700 млн теңгеге жуық ақша аударылды.
Аумақтық комитеттің бұрын жекешелендірілген кәсіпорындарға жасаған қолдауының қорытындысы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің елімізде екі түрі бар екенін көрсетті. Олар кәсіпорынды еңбек ұйымының сатып алуы және жекешелендіруді коммерциялық, инвесторлық конкурс пен аукциондар арқылы сату. Біздің облыста жекешелендірудің басым бөлігі кәсіпорындар қызметкерлерінің сатып алуы бойынша жүргізілді.
1999 жылдың қырқүйегінде облыстық коммуналдық меншіктер басқармасы құрылды. Бүгінде ол коммуналдық меншік нысандарын иелену, пайдалану және басқару, сондай-ақ ұйымдарға қатысуда мемлекеттік үлес пен мемлекеттік акция пакеттерін иелену өкілеттігін жүзеге асырады. Осы бағытта облыстағы коммуналдық меншік нысандарына толық инвентаризация жүргізіліп, 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста жалпы аумағы 1492, 3 мың шаршы метр құрайтын, қалдық құны 3751 млн теңгені құрайтын 1908 коммуналдық меншік нысандары бар екені анықталды.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту - ел экономикасын өркендету жолдарының бірі. Осыған орай бос тұрған ғимараттарды өндірістік мақсаттарға пайдалану үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру қолға алынды. Іскер азаматтарға тендер арқылы 23 объект салынып, пайдаланылмай тұрған 20 ғимарат жалға берілді. Кәсіпкерлер жаңа өндіріс технологиясын меңгеруде. Оған көпшілікке мәлім Каракула, Азовскова, Васильев басшылық ететін шаруа қожалықтары, «Айдана», «Квант», «Экспо» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері дәлел. Мысалы, Каракула Зеленов ауданындағы жол пайдалану басқармасы ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, электр жарығы мен көгілдір отынды қосып алды. Үш диірмен орнатып, шұжық цехын салып, нан пісіруді, алынған өнімдерін облыс орталығына сату ісін де ұйымдастырып отыр. Азовскова Зеленов ауданының Көшім ауылында ауыл шаруашылығы өнімдерін өнідіріп, оны ұқсату жұмыстарымен шұғылданып, осы мақсатта қаладан қойма ғимаратын алды. Жеке кәсіпкер Васильев Орал - Чапаев - Атырау тас жолында орналасқан «Кемпинг» объектісінде нан өнімдерін пісіруді, жолаушыларға тәулік бойы тамақтандыру қызметін көрсетуді ұйымдастырып отыр.
Елдің экономикасы, халықтың тұрмыс жағдайы бүгінде біртіндеп оңалып келеді. Ел тұрмысының түзелуі тауар айналымына да оң әсер ететіндігі белгілі. Бүгінде облыста көптеген кәсіпорындардың импорт алмастыру жобасына сай шығарылған сапалы өнімдері сырттан әкелінген тауарларды біртіндеп ығыстырып шығаруда. Сондай отандық кәсіпорындардың бірі - сусын өндірумен айналысатын «Пэтформ» цехы. 1994 жылы, экономикалық жағдайдың қиын кезеңінде құрылған кәсіпорын бүгінде аяғынан нық тұрып, қалыпты жұмыс жүргізуде. Нарық толқынындағы жеті жыл ішінде талай кезеңді басынан өткерген бұл серіктестіктің жұмысы бір ізге түсіп, өзге бәсекелес кәсіпорындармен тайталаса алатындай халге жеткен. Қазіргі уақытта «Пэтформ» сусынның 20 түрін өндіреді. Бүгінде «Лимонад», «Буратино», «Экзотика», «Апельсин», «Лимон» сынды тәтті сусындар үлкендер түгіл, бала-шағаға да танымал. Бұл сусындардың сапасы әлемдік стандартқа сәйкес келеді. Сондықтан әрі сапалы, әрі арзан сусындарға халық тез үйренісіп кетті. Сусын тамақ өнімдеріне жататындықтан, «Пэтформда» сапа мәселесі ең басты орында. Сусындарды өндіруге немістің «Делер» фирмасының шикізаты қолданылады. Ыдыстарға құю технологиясы да қатаң қадағаланады. Бүгінде цех шетелдік жаңа өндіріс құралдарымен жабдықталған. Пайдаланылатын сулар төрт қайтара тазартқыштан өткізіліп барып қолданылады екен. «Пэтформда» жұмыс жасайтындар негізінен жастар болғандықтан, мұндағы жұмыс қарқыны қызу, әрі көңілді өтеді. Бұдан басқалай болуы мүмкін де емес. Себебі өндірісте 18 бен 35 жас аралығындағы жастар жұмыс істейді. Қазақ, орыс, татар т. б. ұлт өкілдерінен құралған команда 22 адамнан тұрады. Оларға жақсы жағдай туғызылған. Жұмысшылардың жақсы жабдықталған демалатын, тамақ ішетін бөлмелері бар.
Өндіріс ұжымы өз басшылары Сәкен Жөкенұлы Хамзиннің іскерлік қабілетіне, өздеріне жасалған жағдайға, жалпы жұмыстың ұйымдастырылу барысына ризашылықтарын білдіріп, осындай ортада жұмыс жасайтындарына қуанатындықтарын айтты. Өйткені «Пэтформда» жұмысшылардың жағдайы, адам факторы алдыңғы орында.
2000 жылы шағын бизнесті дамыту үшін бос тұрған ғимараттарды қайта жөндеу арқылы 37 дүкен, 7 кафе, 3 оптика дүкені, 2 тіс емдеу кабинеті, 7 шаштараз, мердігерлік шеберхана, сауда үйі мен нотариалдық кеңсе пайдалануға берілді. Сонымен бірге шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Шағын бизнес орталығы» мен шаруа және фермерлер ассоциациясы және бизнес инкубатор құрылды. Нарықтық экономикаға сай ет, шұжық өнімдері мен ұннан жасалған тағам түрлеріне және ішімдік пен минералды су, сыра өнімдерінің «сапа күні» өткізілді. Бірінші рет «Таңдаулы жыл кәсіпкері» байқауы оздырылып, жеңімпаз ретінде «Экспо», «Аист» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне сертификат табыс етілді.
Сондай-ақ шағын кәсіпкерлердің бірқалыпты жұмыс істеп, дамып, өркен жайып кетулері үшін, екінші деңгейдегі банк арқылы 390 шағын бизнес тұлғаларына 1 млрд теңгеден астам несие берілді. Облыс әкімінің шешімімен жергілікті өнім өндірушілерді қолдауға жергілікті бюджеттен 30 млн теңге жеңілдік несие беріліп, жыл аяғында кәсіпкерлердің күшімен 18 млрд теңгенің өнімдері өндірілді. 2001 жылдың 1 қаңтарында 3915 шағын бизнестің заңды тұлғасы тіркеліп, жыл ішінде олардың саны 4, 8 пайызға көбейді. Шағын бизнестің шаруашылық нысандарының күшімен 19342, 2 млн теңгенің өнімдері өндіріліп, халыққа таратылды.
Облыстық экономика бағдарламасы облыстық шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің қатысуымен 2001 жылға және 2001-2005 жылдарға әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы индикативтік жоспарының жобасын жасап, ол облыстық мәслихаттың 4-ші сессиясында бекітілді. 2000 жылды Батыс Қазақстан облысы экономика саласында біртекті жетістіктермен қорытындылады. Жыл ішінде өндіріс саласында 578 кәсіпорын ашылып, олардың күшімен 80, 8 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Ал 2001 жылдан бастап облыс бұрынғыдай республика бюджетіне қол созбайтын донор облыстар қатарына қосылды. Мұндай табыстарға облысымыздың жер қойнауындағы табиғи байлықтың қарқынды игеріле бастауы сол байлықты игеруші компаниялар мен жергілікті әкімшілік арасында тығыз байланыс орнап, тыңғылықты жұмыстар атқарылуы нәтижесінде қол жеткізілді. Осындай мүмкіндіктер арқасында облыс бюджетінің шығыс бөлігі екі есеге арттырылды. Білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, облыс орталығын абаттандыру мен автомобиль жолдарын жөндеу, шағын кәсіпкерлікті дамыту және т. б. салаларға жыл басында жоспарланған саладан тыс, қосымша қаржы бөлінді.
Облыстың экономикалық дамуына үлес қосып отырған ірі шаруашылық нысандарының көбі Орал қаласында шоғырланған. Ал ауыр өнеркәсіп саласы, металлургия өнеркәсібі түгелдей қалада орналасқан.
Бірқатар ірі кәсіпорындар импорттық жабдықтарды пайдалану барысында жаңа өнім түрлерін өндіруді бастады. «Механикалық зауыт»
АҚ «Испат-Кармет» АҚ үшін жер асты кен жұмыстарына арнап, қосалқы бөлшектер шығаруды игерді, «Зенит зауыты» АҚ КПО б. в., Ренко-Ақсай ЖШС және басқаларының тапсырысымен өнеркәсіптің мұнай және газ өндіру саласы үшін жабықтарды орнату және жаңарту өндірісін қолға алды, сондай-ақ құбыр жүйелерін пісіруші желілерді тексеруде қызметтер көрсетті. «Оралреммаш» акционерлік қоғамы мұнай секторындағы компаниялармен тиімді шарттарға отыру арқылы өндіріс көлемін айтарлықтай ұлғайтуға қол жеткізді. Зауыт «Казахтрансойл» ЖАҚ және «Интергазқұрылыс» ААҚ үшін 29, 4 млн теңгеге автомобильдерге құятын отын, «Казцинк» ААҚ үшін жол техникаларын, «Өрт сөндіруші» РМК, Орал және Петропавл қалаларының мемлекеттік өрт сөндіру қызметтері үшін өрт сөндіретін автомобильдерді, сондай-ақ астаналық қалалық коммуналдық шаруашылық үшін жуғыш машиналарды дайындап, жеткізіп берді.
Бұрын қару-жарақ шығарумен айналысқан «Металлист» зауыты да Интергазға жылыту қондырғыларын, қосалқы бөлшектер мен Қарашығанаққа қажетті металл кесетін аспаптар шығаруда. Бұрын банкротқа ұшыраған «Металл бұйымдары зауыты» акционерлік қоғамының ізінде құрылған «Металл бұйымдары» ЖШС-нің жұмыс қарқыны да жаман емес. Серіктестік 2001 жылы КПО б. в. -мен жасасқан біржолғы тапсырыс бойынша 37, 1 млн. теңгеге металлқұрылымдар, 2002 жылы «ССС Сайпем» компаниясымен жасасқан бір жолғы тапсырыс бойынша 18, 5 млн теңгеге металлқұрылымдар, сондай-ақ 30, 7 млн теңгеге металл бұйымдар, 0, 9 млн теңгеге металл негізіндегі жиһаздар дайындады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz