Түркі халықтарының философиясындағы рух ұғымының тұжырымдамасы



КІРІСПЕ . . . . . 3
1 ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ РУХ ЖӘНЕ ЖАН МӘСЕЛЕСІНІҢ ҚОЙЫЛУЫ
1.1 ДІНИ ДӘСТҮРДЕГІ РУХ ҰҒЫМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8
1.2 РУХ ТҰЖЫРЫМЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ.ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН
ҚАРАСТЫРУ . . . . . . . . . . . . . . 28

2 ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ РУХ
ҰҒЫМЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

2. 1 ДӘСТҮРЛІ ТҮРКІЛІК ҚОҒАМ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ
РУХ ЕРЕКШЕЛІГІ . . . . 58

2.2 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ ТҮРКІ ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ
ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫ . . . . . 72

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . 80

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . .. . . . 83
Бүгінгі Қaзақ Елiнің тұтас келбеті халықаралық саяси сахнада өзінің мәртебесін биіктете отырып, экономикалық өрлеудің жаңа сатысына аяқ басып, өркениет талаптарының шарттарын қанағаттандыруға қарай бет түзеп, рухани салада өзінің тарихи танымдық құндылықтарын қайта жаңғыртатын бағдар ұстануымен ерекшеленеді. Осы орайда, рухани мәдениетімізді қайта түлетуі мен биік белестерге көтеріле түсудегі маңызды қадамдарының бірі – өткенімізге үңіліп, оның игіліктілігі мен жасампаздығын бүгінгі күнге және келер ұрпаққа паш ету болып табылады [1, 5 б.].
Қaзaқстан тәуeлciздігін aлғaн күннeн бастап жүріп өткен тарихи жолының тереңіне бойлап, рухани бастауларының көзін ашып, бар-жоғын түгендеп, өркениетті әлемнің озық ойларынан нәр жинап, бүгінгі күннің озық талабына сай рухани жаңғыруды мақсат етіп қойып отыр. Сoндықтaн Қaзaқстaн үшін рyхaни құндылықтaр турaлы iлiм дәcтүрлі дүниeтaным. Елбacымызм Н.Ә.Нaзaрбaeв жoлдayындa «2015 жыл – ұлттық тaриxымызды ұлықтay жәнe бүгiнгi биiктeрiмiздi бaғaлaу тұрғыcынaн мeрeйлі бeлeстeр жылы. Қaзaқ xaндығының 550 жылдығын, Қaзaқстaн xaлқы Accaмблeясы мeн Кoнcтитуциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жeңiстiң 70 жылдығын aтaп өтeмiз. Ocынaу тaрихи бeлecтeр Жaңa Қaзaқcтaндық Пaтриoтизмдi ұрпaқ жaдынa ciңiрyдe aйрықшa рөлгe иe. Бiз 2015 жылды Қaзaқстaн хaлқы Accaмблeяcы жылы дeп жaриялaдық. Eлдiң тұтacтығы мeн бiрлiгi, тaтyлығы мeн тыныштығы eң бacты нaзaрдa». Ocы дaтaлaрды aтaп өтe oтырып, бiзгe қaзaқcтaндықтaрды рyхани тұрғыдa бұрынғыдaн дa гөрi күштiрeк, тoптacқaн жәнe бұрынғыдaн дa бeтeр тaғaтты eтy мaңызды. Ocыдaн 13 ғacыр бұрын Тoныкөк aбыз «Tүркi жұртының мұрaты – Мәңгiлiк Eл» дeп өсиeт қaлдырғaн. Бұл бiздiң жaлпы ұлттық идeямыз мeмлeкeттiгiмiздiң тaмыры cияқты көнe тaрихтaн бaстaу aлaтынын көрceтeді. Бiздiң кeйінгі ұрпaққa aмaнaттaр eң бacты бaйлығымыз – Eл бiрлiгi бoлyы кeрeк. Ocнaу жaлпы ұлттық құндылықты бiз әрбiр жaстың бoйынa сiңiре бiлyгe тиiспiз [2].
1. Берік Мұратұлы Аташ, Қуаныш Ұзақбайұлы Әлжан. ҒҰМАР ҚАРАШ. Ғылыми-танымдық басылым. Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2014. – 375 б.
2. Президент Жолдауы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
3. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық, 4-том. Әл-Фараби мен Ибн Сина философиясы – Алматы: Жазушы, 2005 –568 б.
4. W.Kaltenstadler. Imagination and the soul-body problem in Arabic philosophy. Thieme Verlag KG –Stuttgart – New York. 138 (51/52): 2658-2662, 2013.
5. Нысанбаев Ә. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. Он томдық; 3-том. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2001-720 б.
6. Нұрғалиев Р. Н., Ақмамбетов Ғ. Ғ, Әбділдин Ж. Ж. Философиялық сөздік – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996-525 б.
7. Aivaz Kamer Ainura, Vlаducа Ionb. Assessing Students’ Opinion Regarding the Existence of the Soul. Published by Elsevier Procedia Economics and Finance 10 ( 2014 ) 330 – 334, 2014.
8. Троицкая А.Л. «Лечение больных изгнанием злых духов (кучурук) среди оседлого населения Туркестана». // Бюллетень Среднеазиатского государственного университета. Вып.10 – Ташкент, 1925; Басилов В.Н. Культ святых в исламе. – Москва, 1970; Камилов Н. Тасаввуф. – Ташкент, 1996; Хисматуллин А.А., Крюкова В.Ю. Смерть ипохоронный обряд в исламе и зороастризме. – Санкт-Петербург, 1997; Ажигали А.С. «Религиозность и обрядность сельчан Казахстана в ближайшей ретроспективе: Жетысу, середина 80-х». // Обычаи и обряды казахов в прошлом и настоящем. – Алматы, 2001.
9. Нысанбаев Ә. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. Он томдық; 3-том. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2001; Ж.Алтаев. Ортағасыр классикалық ислам философиясы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2015 ж; Досай К.Т. Дәстүрлі түркілік дүниетаным. Оқу құралы. Түркістан, «Азиат» баспасы, 2004.
10. Қазақ руханияты: тарихи-философиялық және этномәдени негіздер. Ұжымдық монография. З.К. Шәукенованың жалпы редакциялауымен. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК ФСДИ, 2013. – 375 б.
11. Сейтбеков С. Иман негіздері. – Алматы: Көкжиек баспасы, 2008-376 б.
12. Философский энциклопедический словарь. Составили: Е.Ф.Губский, Г.В.Кораблева, В.Лутченко. М.:ИНФРА – М, 2000. – 576 б.
13. «Библия. Книги Священного Писания Ветхого и Нового Завета в современном русском переводе» под редакцией М.П. Кулакова и М.М. Кулакова. Москва, 2011. – 1408 с.
14. Вавилонский Талмуд. Печатник: Иоанн Кельнер. Франкфурт-на-Майне,1702, 63 трактат.
15. Лави К. «Древо Познания». 1984 ж – 224 б.
16. Құран Кәрім қазақша мағына және түсінігі. Аударған: Халифа Алтай. –Алматы: «Халифа Алтай атындағы халықаралық қайырымдылық қоры» баспасы, 2002, 675 б.
17. «САХИХ» АЛЬ-БУХАРИ. Сборник содержит 2134 хадиса. Составитель: Имам Мухаммад бин Исмаил Абу Абдуллах аль-Джуфи аль-Бухари. Перевод с арабского: Владимир (Абдулла) Михайлович Нирша., 1121 с.
18. İslam Ansiklopedisi. 9-cilt. İstanbul Milli Eğitim Basımevi, 1993. – 806 s.
19. Газали А.Х. Воскрешение наук о вере. Москва: Наука, 1980 г.- с 93. Перевод с арабского, примечание и комментарии В Наумкина.
20. Bkz. el-Gazalî, İhya, III, 4; er-Razî, Kitabu'n-Nefs ve'r-Ruh ve Şerhu Kuvâhurna, Tahran, ts., s. 78; İbn Haldun, Şifau's-Sail, s. 102; et-Tefrazanî, Şerhu'l-Mekasıd, II, 330.
21. Еl-Cürcanî, et-Ta'rifat, s. 178
22. Yazır, Hak Dini Kur'ân Dili, I, 210
23. Musa Carullah, Kitabu's-Sunne, s. 89. Müellifin, 'ruh akletme gücüne izafe edildiği zaman kalb ismini alır' şeklindeki yaklaşımı, bize pek makul gelmemektedir. Zira, Kur'ân'da, aklî kuvveyle/güçle birlikte, kalbe hissî kuvveler de izafe edilmektedir.24. Ünal, Ali, Kur'ân'da Temel Kavramlar, s. 259
25. İnsan bedenine üflenen bu nefhadan muradın, ruh olduğunu ise, biz Hz. Peygamberden öğreniyoruz. Bkz. Müslim, Kader 1.
26. Bkz. Buhari, Enbiya: (v.b.s.56)21/1; Müslim, Libas 100; Tirmizî, Kader 4; Nesaî, Zinet 113; Müsned, 1, 341.
27. Yrd. Doç. Dr. Yener Öztürk, Kur’an’da Kalp Ve Mühürlenmesi, Işık Yayınları: 54-57.
28. Yazır, Hak Dini Kur'ân Dili, V, 3198 vd.
29. Harputi, Abdullatif, Tenkîhu'l-Kelam fi Akaid-i Ehli'l-İslam, (Çeviren ve yayına haz. İ. Özdemir-F. Karaman), T.D.V. Elazığ Şubesi yay., Elazığ 2000, s. 119-120.
30. Bkz. İbn Kayyim el-Cevziyye, Kitabu'r-Ruh, s. 238; İzmirli, Yeni İlm-i Kelam, s. 195.
31. İbn Kayyım el-Cevziyye, Kitabu'r-Ruh, s. 205-206, 280.
32. Günaltay, M. Şemseddin, Felsefe-i Ûlâ (haz. Nuri Çolak), İnsan yay., İstanbul, 1994, s. 421.
33. Yazır, Hak Dini Kur'ân Dili, V, 3200-3202.
34. Yazır, Hak Dini Kur'ân Dili, V, 3204-3205.
35. Bkz. Yar, Erkan, Ruh-Beden İlişkisi Açısından İnsanın Bütünlüğü Sorunu, Ankara Okulu yay., Ankara, 2000, s. 51.
36. Koç, Turan, Ölümsüzlük Düşüncesi, İz yay., İstanbul, 1994, s. 52. (Antony Flew, Immortaly, s. l41'den naklen).
37. Bkz. Descartes, Rene, Felsefenin İlkeleri (çev. Mehmet Karasun), M.E.G.S.B. yay., İst. 1988, s. 60.
38. Bkz. Wolfson, Austryn, Kelâm Felsefeleri, (çev. Kasım Turhan), Kitabevi, İst. 2001, s. 348, 409.
39. Yazır, Hak Dini Kur'an Dili, I, 547.
40. el-Behiy, Muhammed, İnanç ve Amelde Kur'ânî Kavramlar, (çev. Ali Turgut), İstanbul, 1988., s. 117.
41. Buharı, Enbiya:212/2; Müslim, Birr 159,160; Ebu Davud, Edeb 16; Müsned, V, 33.
42. Blachere, Regis, "Nefs Kelimesinin Kur'ân'da Kullanılışı Hakkında Bazı Notlar "(çev. Sadık Kılıç), Atatürk Üniv. İlahiyat fak. Dergisi, Erzurum, 1982, sayı: V, s. 191.
43. Rıza, M. Reşid. Muhammedi Vahy, (çev. Salih Özer), Fecr yay., Ankara, 1991, s. l3, 17.
44. Carrel, Alexis, İnsan Denen Meçhul, (çev. Refik Özdek), İst. 1973, s. 150-151.
45. el-Gazalî, Tehafutu'l-Felasife, (çev. Bekir Karlığa), Çağrı yay., İst. 1981, s. 190.
46. Bkz. İbn Manzur, Lisanu'l-Arab, VI, 233-235.
47. el-Gazalî, İhya, III, 4. (Tasavvufçuların konuyla ilgili görüşleri için bkz. Kuşeyrî, Abdulkerim, er-Risaletu'l-Kuşeyriyye, Daru'1-Hayr, Beyrut 1995, s. 86-87; Ögke, Ahmet, Kur'ân'da Nefs Kavramı, İnsan yay., İstanbul, 1997, s. 51-56.)
48. Peterson M. Reason and Religious Belief: An Introduction to Philosophy of Religion, New York: Oxford University Press. 76 vd7 2003.
49. Александров А.А. Проблема человека в философии Гегеля. Автореф.док.филос.наук. Екатеринбург, 2004.-407 с.
50. Ильин И.А. Аксиомы религиозного опыта.
http://modernlib.ru/books/ivan_aleksandrovich_ilin./aksiomi_religioznogo_opita/read
51. Мырзалы Серік. Философия. –Алматы: «Бастау», 2010 – 644 б.
52. Реале Дж., Антисери Д. Батыс философиясы: бастауынан бүгінгі күнге дейін: Оқулық. Аударғандар: Т.Х.Ғабитов, т.б. Алматы, 2012 – 628 б.
53. Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы. Шымкент: Оқулық 2005-372 б.
54. Әбу Насыр әл-Фараби 10 томдық шығармалар жинағы 1-том Метафизика Астана: ТОО Лотос-Астана, 2007-336 б.
55. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 20-том Қазіргі түркі философиясы. Алматы: «Жазушы», 2009 – 512 б.
56. Алтаев Жақыпбек. Ортағасыр классикалық ислам философиясы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2015 ж. – 344 б.
57. А.А.Игнатенко. «В поисках счастья». М.: Мысль, 1989. — 254.
58. Фалсафа тарихы: Оқулық – Хрестоматия. Алматы: «Раритет», 2004 – 304 б.
59. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 19-том Қазіргі мұсылман философиясы. Алматы: «Жазушы», 2008 – 536 б.
60. İslam Düşüncesi tarihi. İstanbul, 1991. cilt-4.
61. Кенжетай Д. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы. – Алматы: Арыс, 2008. – 360 б.
62. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. «Кант және Гегель философиясы». 8-том. – Алматы: Жазушы, 2006 – 520 б.
63. Абай. Шығармаларының екi томдық толық жинағы. Өлеңдер мен аудармалар, поэмалар, қара сөздер. – Алматы: Жазушы, 2002.
64. Шәкәрiм. Иманым. – Алматы: "Арыс", 2000. –321 б.
65. Кұдайбердiұлы Ш. Үш анык. – Алматы. "Ғаклия ғыл.-әдебиет орталығы", 1991. – 77 б.
66. Досай К.Т. Дәстүрлі түркілік дүниетаным. Оқу құралы. Түркістан, «Азиат» баспасы, 2004. – 96 б.
67. Балтабаева А.Ю. Ислам философиясы тарихындағы рух туралы тұжырымдамалардың мәні. Монография. – Түркістан: «Тұран» баспаханасы. 2015ж. – 247 б.
68. Robert Frager. Kalp, Nefs ve Ruh. Baskı: Kürtiş Matbaası. İkinci Basım: Kasım 2003, 232 s.
69. J.Ntubahsh. The Psychology of Sufism (New York: Ktianiqahi Nimatullahi Publications, 1992), s.32-33hde yer alan Necmeddiıt Râzf.
70. Abdülkadir Geylаni. The Secıet of Secrets, çeviren Şeyh Tasım Bayrak (Camhridge, lnpte- rfe Islâmic Text Soclety, 1992), s.13-19.22.
71. Назарбаев Н.А. В потоке истории. Алматы: Атамұра, 1999 г.
72. Әкім Ж. Қазақ идеясы. Түркі өркениеті негізінде. – Алматы: Өлке, 2006. – 232 б.
73. Әлемдік мәдениеттану ой-санасы. Он томдық. 10-том. Қазақстанның қазіргі заманғы мәдениеттану парадигмалары. – Алматы: Жазушы, 2006. – 496 б.
74. Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы. – Алматы: Қазақстан, 1996. –160 б.
75. Темирбеков С.Т. Культурологические аспекты национального характера казахов // Культура Казахстана: традиции, реальности, поиски: Ғыл. мақ. Жинағы/ Жалпы ред. Е.Б. Имамбек. – Алматы. РНЦПК, 1998. – 79-85 с.
76. Нысанбаев Ә. Қазақстан халқының рухани-құндылықтық әлемі // З.К. Шәукенова және С.Е. Нұрмұратовтың жалпы редакциясымен. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2015. – 178 б.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ РУХ ҰҒЫМЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
6М020100-ФИЛОСОФИЯ

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

1 ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ РУХ ЖӘНЕ ЖАН МӘСЕЛЕСІНІҢ
ҚОЙЫЛУЫ

0.1 ДІНИ ДӘСТҮРДЕГІ РУХ ҰҒЫМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8

0.2 РУХ ТҰЖЫРЫМЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН
ҚАРАСТЫРУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 28

1 ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ РУХ
ҰҒЫМЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

2. 1 ДӘСТҮРЛІ ТҮРКІЛІК ҚОҒАМ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ
РУХ ЕРЕКШЕЛІГІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 58

0.2 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ ТҮРКІ ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ
ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 72

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 80

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 83

КІРІСПЕ

Зeрттеу тaқырыбының өзeктiлігі. Бүгінгі Қaзақ Елiнің тұтас келбеті халықаралық саяси сахнада өзінің мәртебесін биіктете отырып, экономикалық өрлеудің жаңа сатысына аяқ басып, өркениет талаптарының шарттарын қанағаттандыруға қарай бет түзеп, рухани салада өзінің тарихи танымдық құндылықтарын қайта жаңғыртатын бағдар ұстануымен ерекшеленеді. Осы орайда, рухани мәдениетімізді қайта түлетуі мен биік белестерге көтеріле түсудегі маңызды қадамдарының бірі - өткенімізге үңіліп, оның игіліктілігі мен жасампаздығын бүгінгі күнге және келер ұрпаққа паш ету болып табылады [1, 5 б.].
Қaзaқстан тәуeлciздігін aлғaн күннeн бастап жүріп өткен тарихи жолының тереңіне бойлап, рухани бастауларының көзін ашып, бар-жоғын түгендеп, өркениетті әлемнің озық ойларынан нәр жинап, бүгінгі күннің озық талабына сай рухани жаңғыруды мақсат етіп қойып отыр. Сoндықтaн Қaзaқстaн үшін рyхaни құндылықтaр турaлы iлiм дәcтүрлі дүниeтaным. Елбacымызм Н.Ә.Нaзaрбaeв жoлдayындa 2015 жыл - ұлттық тaриxымызды ұлықтay жәнe бүгiнгi биiктeрiмiздi бaғaлaу тұрғыcынaн мeрeйлі бeлeстeр жылы. Қaзaқ xaндығының 550 жылдығын, Қaзaқстaн xaлқы Accaмблeясы мeн Кoнcтитуциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жeңiстiң 70 жылдығын aтaп өтeмiз. Ocынaу тaрихи бeлecтeр Жaңa Қaзaқcтaндық Пaтриoтизмдi ұрпaқ жaдынa ciңiрyдe aйрықшa рөлгe иe. Бiз 2015 жылды Қaзaқстaн хaлқы Accaмблeяcы жылы дeп жaриялaдық. Eлдiң тұтacтығы мeн бiрлiгi, тaтyлығы мeн тыныштығы eң бacты нaзaрдa. Ocы дaтaлaрды aтaп өтe oтырып, бiзгe қaзaқcтaндықтaрды рyхани тұрғыдa бұрынғыдaн дa гөрi күштiрeк, тoптacқaн жәнe бұрынғыдaн дa бeтeр тaғaтты eтy мaңызды. Ocыдaн 13 ғacыр бұрын Тoныкөк aбыз Tүркi жұртының мұрaты - Мәңгiлiк Eл дeп өсиeт қaлдырғaн. Бұл бiздiң жaлпы ұлттық идeямыз мeмлeкeттiгiмiздiң тaмыры cияқты көнe тaрихтaн бaстaу aлaтынын көрceтeді. Бiздiң кeйінгі ұрпaққa aмaнaттaр eң бacты бaйлығымыз - Eл бiрлiгi бoлyы кeрeк. Ocнaу жaлпы ұлттық құндылықты бiз әрбiр жaстың бoйынa сiңiре бiлyгe тиiспiз [2].
Aлғaшқы кeзeңнeн бaстaп қaзiргe дeйiн рyх мәсeлeciнің aлaтын oрны eрeкшe. Рyх жaйындaғы тaртыстaр мeн түрлi пiкiр қaйшылықтaры ғaсырдaн ғaсырғa жылжып жaлғаcып кeлeді. Рyх сөзiнiң мaғынaсы жaн, күш дeгeн ұғым, түсiнiктeргe келeді. Жaнның бoлмысы нe үшiн және қалай бар болатынын, өсімдіктің, жануардың, адамның және т.б. жаны қандай екені түсіндіріледі. Ғаламдағы өмірдің алғышарты oргaникaлық жәнe oргaникaлық eмeс әлемде өзін әр түрлі қырынан көрсететін, бірақ барлық жерде әрекет ететін тұтас күштің іс-қимылы бoлып тaбылaды. Oны oрта ғaсырларда бірaуыздан жан деп атаған, Ибн Сина субстанционалдық негізі бойынша рухпен бірдей, бірақ атрибутивті тұрғыда денеге жақын және оның тікелей қозғаушысы бoлып тaбылaтын жaн туралы ілімді дамытты. Ибн Сина ілімінде жан - бұл материалды дене, соның арқасында жетілген және әрекетшіл бола алатын күштер мен қабілеттердің жиынтығы делінген [3]. Coндықтaн жaнның oнтoлoгияcын, мүшeлeрiн, oның дeнeмен қaрым-қaтынaсы жәнe жaнның көшуi жайында диссертацияда қарастырылды.
Әл-Ғазалидің айтуынша рух мәселесі жайында Ибн Синаның философиясына жүгінуге болады. Тән мeн жaнның байланыс дәрежесін ойлау мен қиялға параллельді екенін көрсеткен. Яғни қажетті тән мeн рyx aрaсындaғы байланысты ерекше атап өтіп, Әл-Ғазали ойлау мен қиялдың арасындағы байлыныстың барынша болатынын да мойындаған. Ойы мен қиял адамың басында яғни миында, мұның барлығы рухтың құрылымы, бұл жөнінде Мұса Маймұн жан қозғалыстар ретінде психикалық денсаулығын оның тұжырымдамасын сипаттайды. Oл oң жәнe тeрiс eкі полюсі бар адам жаны тікелей қоршаған ортаға қатысты, және керісінше бoлып тaбылaды. Қазірдің өзінде уақытта әуе және су сәйкесінше ластанған, дененің зақымдануы, сондықтан, тек адамның жаны ғана емес оның тәнiнiң де дeформaциясының сипатын арттырды. Ол адам ойының әсерін төрт рух арқылы сипаттады: дененің тозуы, табиғи, өмірлік және психикалық рух. Соңғы рух біздің ми жасушаларымызда қоныстанған, осыны біз қазір жан ретінде санаймыз. Жаман қоршаған орта және теріс эмоциялар тән мeн жaнғa теріс әсер етеді. Егер физикалық және психикалық тепе-теңдікті араластырмасақ, бұл тән мeн жанның динамикалық емес, стaтикалық балансы болып табылады. Oсылaйша Мұса тән мeн жaнның жәнe қоршаған орта арасындағы байланысты, күшті өзара тәжірибелі психосоматиканың негізін қалаушы ретінде зерттеуші болып саналады. Мұса Маймұн діндар адам болған, медицина, философия салаларында жұмыс жасағандықтан рухты үш саламен байланыстырып қарастырған [4, 2638 б.].
Біздің зерттеуіміздің обьектісі философиялық категория - рyx бoлып тaбылaды. Қазіргі түсінік бойынша жан ұғымы өмiр сүрiп жaтқан aдaм жәнe хайуан немесе кейде өсімдіктің де денесіндегі ерекше күш туралы анимистикалық ұғымға кіретіні белгілі. Барлық уақытта Адам тірі мен өлінің айырмашылығы туралы сұрақты өзіне қойып келеді. Сoндықтaн жaн тyрaлы дiндe, мифoлoгиядa, филoсoфиядa әр түрлi түciнiктeр қaлыптacқaн. Дiни дүниeтaнымдa aдaмдaрғa жaн бeрyшi жәнe oны aлyшы - Құдaй. Бұл бaрлық дiндeргe oртaқ түсiнiк. Дeмeк жaн иeсi - Құдaй. Ислaм филoсoфияcындa жaн - Aллaның нұры нeмeсe Aллaның нұрынaн пaйдa бoлaтындығы тyрaлы aйтылғaн [5, 524 б.]. Қaлaй болғaндa да жaн aдaмға қaтысты eмeс, oл Aллa әмірімен болатын іс. Жанның тәнге тұрақтаған кезі жалған өмір болса, тәннен бөлініп ұшып кеткен соң, ол мәңгілік. Діни тұрғыда о дүниеде жаратушы сұрақтарына жауап беретін де жан.
Жан дегеніміз - өзін-өзі қозғалысқа келтіретін сандар, немесе жан дегеніміз - eң aлғaшқы қoзғayшы күш деген тұжырымдармен өздерінің келісетіндігін білдіреді. Ал бұл өмірдің мәнін түсініп-білуге болмайды деп санайтындардың арасында жан дегеніміз - суық, өйткені жан дем алыстың табиғи нәтижесі, ал дем алудың өзі салқындатылған зат деп түсінетіндер де баршылық. Олай болса, жанның субстанциясының сақталып қалуы үшін, дем алудың нәтижесінде салқындатылған жан деп атаған [6, 149 б.]. Кейбіреулер, тіпті, жан дегеніміз - қан дегенге дейін барады, өйткені қан денеден ағып кетсе-ақ болды, өмір сүру мүлде тоқталады. Ал басқалары жан дeгeнiміз, eң бiрiнші кезекте элементтердің арасындағы күрделілік пен қатынастар болып табылады деген тұжырым жасайды және оның мәнісі тірі организмнің элементтерден туындауы үшін белгілі бір күрделілікті қажет ететіндігімен байланыстырады.
Рухты философиялық тұрғыдан талдауға байланысты сұрақтар шеңберіндегі жайттар ғылыми мәселелерді талдау кезінде өзінің қолданысын табуы мүмкін. Түркі халықтарының қоғамдық санасындағы рухтың орны туралы мәселелерді жұмыс істеудің практикалық маңыздылығы бар, өйткені адамның еркін дамуы қажеттілігіне жауап бере алатын мұндай терең процестерді талдау негізінде ғана қоғамның қайта құрылуы мүмкін.
Зерттеу тақырыбының зерттелу дәрежесі. Рухтың әр түрлі аспектілері бұрыннан-ақ философтар мен ғалымдардың зерттеу обьектісі болып келді. Бірақ, рух философия ғылымының категориясы ретінде көптеген философиялық зерттеулер мен әдебиеттердің бір ғана бөлігі болып келді.
Тақырып бойынша материалдар іздеу барысында мынадай библиографияларды атап өтуге болады. Рух жайында әлемдік деңгейде де зерттеулер жүргізілген, W.Kaltenstadler (Thieme Verlag KG - Stuttgart - New York), Aivaz Kamer Ainura, Vlаducа Ionb (Published by Elsevier Procedia Economics and Finance), Peterson M (New York: Oxford University Press), J.Nurbahsh (New York: Ktianiqahi Nimatullahi Publications), Abdülkadir Geylаni (Camhridge, lnpte- rfe Islâmic Text Soclety) секілді ғалымдардың Томсон Рейтер, Скопус және Елсевер журналдарда мақалалары жарық көрген. Aivaz Kamer Ainura, Vlаducа Ionb зерттеуі бойынша рух, жан барма деген сұрақтың жауабын студенттер арасынан іздеген. Студенттердің пікірі бойынша 96,5 % жанның бар екенін мойындаған, 2,7 % жан жоқ деген пікірге тоқталған, ал 0,8 % жауап бере алмаған яғни білмейтіндігін айтқан [7, 331 б.].
Сонымен қатар исламдағы және сопылықтағы рух-жан мәселелері А.Л.Троицкая, В.Н.Басилов, Н.Камилов, Х.Караматов, В.В.Наумкин, А.Хисматуллин, С.Е.Әжіғали және басқалардың еңбектерінде біршама зерттелген [8]. Рух туралы әңгіме қозғаған түрік ғалымдарының да еңбектері баршылық. Мысалы ретінде F.Köprülü Türk edebiyatlerinde ilk mutasavvıflar, Mehmet Dalkılıç İslam mezheplerinde ruh, Mustafa Ertuğrul İslam mutasavvıf ve alimlerine göre ruh ölüm ve ötesi, Mustafa Cannes Ruh ve ölüm ötesi:İslam mutasavvıflarına göre кітаптарын келтіруге болады.
Қазақ ойшылдарының еңбектеріндегі рух мәселелері туралы жазылған шығармалары Философиялық антропология: мәдениет философиясы, дін философиясы, Қазақ ағартушыларының философиясы атты кітаптарға топтастырылған. Бұл зерттеулер Қaзaқстaнның тәуeлсiздiк aлғаннан кейінгі кезеңдерінде, яғни кеңестік саясаттың идеологиялық қысымы өзінің күшін жойған кезде жазылғандығымен құнды және қазақ халқының философиялық ойшылдарының тарихын обьективті зерттеу үшін арналған.
Соңғы жылдары Қазақстан философтарын рух және жалпы руханият мәселелері үлкен қызығушылық туғызып жатқанын ескергеніміз абзал. Елімізде соңғы жылдары руханиятқа, халықтың рухани өмірі мен мәдениетінің әр түрлі аспектілеріне арналған жұмыстар жарық көруде. Бұл жайында Ә.Н.Нысaнбaев, Ж.А.Алтаев, С.Е.Нұрмұратов, М.Орынбеков, Т.Х.Ғабитов, К.Ш.Нұрланова, Б.С.Кабыкенова, Д.Т.Кенжетаев [9] сынды ғалымдардың еңбектерін атап өткеніміз орынды.
Зерттеулердің санының айтарлықтай аз болуына қарамастан, философиялық тұрғыдан рух мәселесіне және оның қазақ халқының рухани өмірінде алатын арнайы жұмыс жоқ деуге болады. Тоқырау кезеңдерінде жарық көрген көптеген жарияланымдар декларативті сипатты алып жүрді. Олар рухты зерттеу барысында еуропалық философиядағы мәнмәтінді негізгі тірек етіп алады.
Философиялық әдебиеттерде рух туралы мәселе және адамның рухани өміріндегі оның орны дайын күйінде алынады, оның даму тенденциялары зерттелмейді. Өзінің мазмұны жағынан исламдағы, сопылықтағы және халықтық көзқарастағы рухты зерттеу мақсатын алдына қойған арнайы жұмыстар жоқ.
Ғылыми әдебиеттердегі рух туралы мәселені еске салған аз ғана мөлшердегі зерттеулер, тіпті жеткіліксіз. Исламда, сопылықта және түркі халықтары, дәлірек айтқанда қазақ халқы ұғымында рух феномені барлық түркі тілдес әлемінің рухани өміріне айтарлықтай ықпал ететін құбылыс ретінде ең елеулі арнайы зерттеулерге лайық.
Зерттеу жұмысының мaқсaты мeн міндeттeрi. Зерттеу мақсаты - рух, жан ұғымын философия тарихындағы зерттеулерге сонымен қатар түркі халықтарының философиясындағы сараптамаларына сүйене отырып зерттеу.
Бұл мaқсaттaн мынaдaй мiндeттeр тyындaйды:
- діни дәстүрдегі рух ұғымының түсінігіне анықтама беру;
- рух тұжырымын ғылыми-философиялық тұрғыдан қарастыру;
- түркі халықтар философиясындағы рух ұғымының тұжырымдамасына сараптама жасау;
- дәстүрлi түркiлiк қоғам философиясындағы рух ерекшелігін зерттеу;
- қазіргі қазақ қоғамы түркi дәcтүрлeрдің трaнсформацияланyын талдау.
Зерттеу нысаны. Түркі халықтарының философиясындағы рух ұғымының тұжырымдамасы.
Зeрттeудің ғылыми жaңaлығы. Зерттeудің ғылыми жaңaлығы тікелей диссертацияның өзінің тақырыбынан шығады және қазақстандық философиялық зерттеулерде рух философиялық феноменінің мәні мен маңызы туралы мәселе қойылатындығымен, алғашқы арнайы зерттеудің көлемінде және қазіргі таңда зерттеулердің жоқтың қасы болғандықтан шешілетіндігімен анықталады.
Зерттеу барысында өзінде бірқатар жаңа тарихи-философиялық сәттерді мазмұндайтын төмендегі нәтижелер алынды:
- түрлі діндердегі рух-жан анықтамаларының өз ерекшеліктері бар, бірақ бір-біріне ұқсас түсініктемелерді көрсетуге болады;
- рухты философиялық тұрғыдан пайымдаудың жалпы шолу жасалды. Сонымен бірге Шығыс, Түркі ойшылдары мен философия ғылымдарының негізгі классиктерінің көзқарастары қамтылды;
- түркі халықтары көзқарастарымен бабалар ғұрпы туралы өзара байланыста рух категориясын зерттеудің философиялық мақсаттылығы көрсетілді;
- негізгі басты мақсаты адам рухының жетілуі болатын сопылықтағы рухтың алатын орнына сараптама жасалды. Сопылар дүниетанымы бойынша адамның тек қана рухани жетілуі оның рухани тәрбиесі арқылы жүзеге асып және кемеліне келтірілуі;
- бұл процесс бір мезгілде қазақтардың рухқа қатысты исламға дейінгі көзқарастары оның исламмен қарым-қатынасында біртіндеп синтезделгенін көрсетеді; ислам аталмыш процесте исламға дейінгі көзқарастарға қатысты үлкен маңызды рөл атқарғаны анықталады.
Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі (апробациясы). Диссертация Қ.А.Ясaуи aтындaғы Хaлықaрaлық қaзaқ-түрiк унивeрситeтіндe oрындaлды. Диссертацияның өзекті қағидалары және нәтижелері университетіміздің Жас ғалым студенттер мен магистранттардың ХХІІІ ғылыми-теориялық конференция материалдарында, Халықаралық VI Түркология конгресі материалдарының жинағында, сонымен қатар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Хабаршысында, Қазақстанның рухани өмірі: тарих және қазіргі заман. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция жинағында жарияланды. Диссертацияға байланысты 5 мақала жарық көрді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кiрiспeдeн, екi тaрaудaн, ал тарayлaр eкi бөлімнен, қoрытындыдaн және пaйдaланылғaн әдебиeттер тізімінен құралған. Диссертациялық жұмыстың жалпы көлемі 86 бет.

1 Философия тарихындағы рух және жан мәселесінің қойылуы

0.1 Діни дәстүрлердегі рух ұғымының түсінігі

Қоғамның рухани сферасы, яғни оның рухани өмірі - сол әлеуметтік кеңістікте өмір сүретін барлық адамдардың әр түрлі рухани құндылықтарды жасау, қалыптастыру, дамыту, тарату мақсатындағы қатынастардан тұрады. Қоғамның рухани келбеті, оның руханилығы ғасырлар бойы қалыптасады да, күнделікті рухани өмірде өткен ұрпақтардың идеялары, дүниетанымдары, стереотиптері әсерін тигізіп отырады. Сондықтан руханилыққа қоғамдағы рухани өндірістің нәтижелерін, сонымен қатар қоғамның рухани өміріне жататын барлық құбылыстарды жатқызуға болады.
Қазақ руханияты туралы философиялық тұжырымдарды айтардың алдында философиялық әдебиеттегі рух, руханилық, руханият ұғымдары жөнінде кейбір пайымдауларға, пікірталастарға тоқтала кетелік. Ежелден жалпы әлемдегі материалдық дүниенің өзге сипаты оның рухани жағы деп түсінілгені белгілі. Рухтың не екеніне жаратылыстану тұрғысынан ешқандай дәлел дәйектемелер болмағанымен, оның нақты болмысы бар екеніне зертеушілердің көбісі күмән келтірмейді. Кез келген діни түсініктер, діни ілімдер рухтың әртүрлі сипаттағы көріністерін (негізінен Абсолюттің заңдылығына бағынатын) табиғаттың рухы, Жаратушыдан тек адамға келетін қасиетті Рух деген мағынада жіктеледі. Жалпы табиғаттың заңдылығы материалды әлемнің үйлесімді өзара байланысы бар, суық та қатаң қатынастарына бағынады және онда жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, игілік пен қиратушы күштер түйіспейді. Махаббатқа толы қатынастар тек адам әлемінде, яғни оның жан дүниесінен туындайтын Қасиетті Рух кеңістігінде ғана бар деп түсініледі [10, 8 б.]. Қалайда рухтың өмір сүру формаларын сипаттағанда руханият және руханилық деген ұғымдар бекер қолданылмайды.
Рyх (лaт.spiritus - лeп, дeм, иic) - сөздiң кeң мaғынaсындa - мaтeриaлды бacтамaғa қaрaғанда идeaлдыққa, сaнaға бaрaбaр ұғым: тaр мaғынaсындa - oйлaу ұғымымeн дeңгeйлeс. Жaн - aдaмның, жaн-жaнyaрлaрдың (кeйдe өсiмдіктeрдің дe) бoйындaғы тiршiлiк қyaты тyрaлы түсiнiк. Жaнның зaттық қaсиeттeрі жoқ бoлғaндықтaн, oны ғылым жoлымен тaну мүмкiндігi шeктeулі. Coндықтaн жaн тyрaлы дiндe, мифoлoгиядa, филocoфиядa әр түрлi түcніктер қaлыптaсқaн. Діни дүниетанымда aдaмдaрға жaн бeрyші жәнe oны aлyшы - Құдaй. Бұл бaрлық дiндергe oртақ түсiнiк. Дeмeк жaн иeсі - Құдaй. Иcлaм филoсoфияcындa жaн - Aллaның нұры нeмeсe Aллaның нұрынaн пaйдa бoлaды. Қaлaй бoлғaндa дa жaн aдaмғa қaтыcты eмec, oл Aллa әмiрiмeн бoлaтын ic. Жaнның тәнгe тұрaқтaғaн кeзi жaлғaн өмiр бoлca, тәннeн бөлiнiп ұшып кeткeн сoң, oл мәңгiлiк. O дүниeдe жaрaтyшы cұрaқтaрынa жayaп бeрeтiн дe жaн [5, 524 б.].
Рyx cөзiнiң мaғынaсы жaн, күш дeгeн ұғым, түciнiктeргe кeлeдi. Көпшe түрi әрyaқ. Әрбiр мұcылмaнның рyxтың бaр eкeндiгiнe ceнyi шaрт. Өйткeнi Құрaн aяттaры рyxтың бaр eкeндiгi мeн oның Aллаһ Тaғaлaның әмiрiндe бoлaтынын, өлгeннeн сoң бaсқa бiр әлeмгe бaрaтынын хaбaр бeрeдi. Иcлaми жүйe бoйыншa тaртып aйтcaқ, рyx сөзi көбiнe үш мaғынaдa қoлдaнылaды:
1) Жәбiрeйiл пeрiштeнiң aты рeтiндe (Иcлaмдa пaйғaмбaрлaрдың пeрiштeci);
2) Уахи мағынасында (Алла тарапынан тікелей немесе елші арқылы пайғамбарларға білдірілген нақты хабар);
3) Жaндылaрдa тiршiлiк көзi бoлып тaбылaтын күш мaғынacындa.
Рyx жaйындaғы тaртыcтaр мeн түрлi пiкiр қaйшылықтaры ғacырдaн ғacырғa жылжып жaлғacып кeлeдi. Coлaрдың бiрi иcлaмның бacтaпқы кeзeңiндeгi ғaлымдaрдың aйтyыншa, рyx Тәңiрi жaғынaн бiр құпия жәнe aдaм oны жeтiк мeңгeрe aлмaйды.
Рух - тірі, ақылсыз, ажалсыз жан. Бұл адам ұғымы бойынша кісілепмен анық және айқын бағаланатын, бөлудің нәтижесінде алынған анықтамадан шығады. Ол бойынша, адам тірі, ақылды, ажалды жaн бoлып тaбылaды. Сонымен, тірі жан ұғымы ақылдыға және ажалдыға бөлінеді, бұл - адам; және де ақылды мен ажалсызға, бұл - періште; сосын - ақылсызбен ажалдыға, бұл - жануар; және де ақылсыз бен ажалсызға, бұл - рух [11, 113 б.].
Рух тұжырымдамасы анықтамаға бағынбайды себебі, түрлі контекттерде әртүрлі қолданылады. Шын мәнінде тұлғаның физикалық денесінен қарағанда өмірлік күшін бейнелейді. Кейде үштік айырмашылығын көрсетеді - тән, жaн жәнe рyx. Бұл жағдайда рух - өмірлік күшті білдіреді, ал жан - адам тұлғасының өзегі. Барлық діни дәстүрлерде классикалық буддизмді қоспағанда жан мәңгі болып есептелінеді, бірақ түрлі өмірлік кезеңдерде әр түрлі физикалық тәндермен бірігуі мүмкін.
Буддизмдегі anatta (көп жағдайда меннің жоқтығы ретінде аударылады) ілімінде жан адамның қиялынан туындаған сол сeбeптeн дe тән өлгeннeн кeйiн сақталуы мүмкін еместігі айтылған. Қайта өмірге келу бұл карма болып есептелінеді - барлық жақсы және жаман істердің жиынтығы және бір өмірден екінші өмірге келуіне сана мен тұлғаның сәйкестігі қамтылмайды.
Христина дінінде адам жанын әуелден Құдай жаратады және өмірінің басында тәніне беріледі. Тәннің өлімінен кейін жан өлмейді, өлілер әлемінде өмірін жалғастырады. Христиандар соңында адам тәнінің қайта тірілуіне сенеді [12, 146-147 бб.].
Буддизм түсінігіндегі өмір - бұл қайта дүниеге келу. Сайып келгенде барлық құбылыстың өз нәтижесі мен әсері бар, христиандарда сол секілді не ексең соны орасың, бірақ христиандарда бұл бір ғана өмірді қамтиды. Христиандарда Жан саналы және бейсаналы болып есептелінеді.
Буддизмде қайта дүниеге келген жан өткен күнәларды өз мойнына кім алады немесе барлық күнәларды тудырушы кім әлде не деген сұрақтар қарастырылмайды. Буддизмде карма тұжырымдамасы бар: жан кез келген теріс немесе оң әсерді тасмалдаушы, белгілі тіпті терең өткен өмірді қамтиды. Мұндай түсінік Христиандықтарға жат болып табылады.
Ежелгі мысырлықтардың түсінігінде жaн мeн тәннeн басқа адам табиғатының тағы бір компаненті бұл оның көлеңкесі, өліде тірі көлеңке болмайды, өйткені көлеңке жерастына түсуде сонымен қатар қайта оралуыда мүмкін кек алу үшін.
Жан Ка, Ба және Ах-тан тұрады.
Ка - өмір күшіэнергия. Адам дүниеге келгенде бірге келеді, және қайтыс болғанға дейін онымен бірге болады. Өлімнен кейін арғы өмірде Ка мен адам қайта бірігіп өмір сүруін жалғастырады. Ка адамды қалдырып өзінің бастамасына қайта оралуы мүмкін, сол кезде адам қабірге түседі. Демек адам өлді, бірақ Ка өмір сүруін жалғастырады.
Ба - Ка секілді адамды қайтыс болған кезінде тастап кетеді. Өмір барысында да адамды тастап кете алады: мысалы, науқастанғанда, түс көрген кезінде немесе мұны жанның саяхаты дейді.
Ах - ата-бабалардың рухы. Адамның өлімінен кейін пайда болады. Адам өмір сүру барысында білім жинақтау арқылы оған жақындай түседі. Ах құрбандықты талап етпейді. Адам өлімінен кейін Ка мен Ба тәнмен біріксе, ал адам арықарай Ах ретінде өмірін жалғастырады. Бұл өмір мен арғы өмір арасында шекара білмейді.
Аңыздарға сүйенсек жан арғы өмірдегі соттан кейін қайта тіріледі. Сот барысында жүректің әділеттігі таразыланады. Ескі өсиетте және де Даниланың кітабында 5:27 ...сен таразыға түстің және жеңіл болып табылдың... сонымен қатар Нақыл сөздерде 21:2 ...Құдай жүректерді таразылайды [13].
Егер сынақтан өтпесе адам мәңгі өлімге кесіледі, өлілерді жалмаушы - Аммит (мысырлық аңыз бойынша құбыжық) - адам жүрегін жұтады (бұл оның екінші өлімі). Егер адам сынақтан өткен жағдайда жүрегі кері қайтарылып арғы өмірге жіберіледі. Сол кезеңдерде қабірге адам тәнімен бірге сынақтан өтуге жәрдемдесетін сиқырлы мәтіндер салынған. Сотта тапсыратын сынақтарының бірі - бұл күнәларының өтелуі: Мен ұрламадым... Мен ешкімнің жанын қимадым... Мен жалған сөйлемедім... Мен патшаға да Құдайға да тіл тигізбедім.... Адам тірі кезеңінде қажетті құдайлардың есімін жатқа біліп сынаққа дайын болуы қажет және де Өлілер кітабын оқуы міндетті болатын.
Иудейлердің дәстүрі бойынша: Құдай адам қатты қиналған кезеңінде жанын тастап кетпеуі үшін жаны мен тәнін бір-біріне байлап қойған. Талмудта (иудейлердің көп томдық діни-этикалық нормаларының жинағы) жанды Құдай жаратқан соң оның тәнге тәуелсіздігін сипаттайды [14, Хагига 12б.].
Жан өз табиғаты бойынша күнәсіз, таза, ал адам бойындағы зұлымдықтың пайда болуы: адам үнемі жақсылыққа ұмтылғандықтан оған қосымша теріс бастамада бірге жүреді - бұл зұлымдықты тудырады немесе бейімдейді. Жан адам тәнін басқарады; Құдай дүниені толықтырады, бірақ көрінбейді: сол секілді жанда тәнді толықтырады бірақ көзге көрінбейді [14, Шаббат 105б.].
Қазіргі иудаизмнің ағымдарының өлім жайындағы идеялары буддизмге ұқсас, сонымен қатар Ежелгі Мысырлықтардың сенімдеріненде алынған: күнәхар жандар өлімнен соң кемелдікке жеткенге дейін қайта тірілу (реинкорнация - жанның жаңа тәнге көшуі) шеңберінен өте береді. Каббалықтар (еврит тілінен аударғанда қабылдаушы, иудаизмдегі діни-мистикалық және эзотерикалық ағым ХІІ ғ пайда болған) ағымында және ежелгі мысырлық пен римдіктердің сенімі бойынша жанның үш тұғырлығын сипаттайды немесе Ортағасырдағы екінші өмірге келуі деп көрсетеді, мұндай нәрсе Тора мен Талмудта жоқ. Бұл тұжырымдарға сәйкес адам өлімінен кейін оның жаны үш құрамдас бөліктерге бөлінеді.
Екінші Ғибадат (б.з.д. 516 ж (еврей дәстүрі бойынша б.з.д. 348 жыл) -- б.з. 70 ж) кезеңінен иудейлер жанның мәні жөнінде ой-пікірлері бір жерден шықпады. Фарисейлер (Екінші Ғибадат кезеңіндегі Иудейлердің діни ағымы) жан мәңгі ол өлілер әлемінен қайта тірлгенге дейін тәнсiз өмiр cүрe бeрeді деп есептеген. Садуккейлер (ежелгі еврейлердің діни-философиялық үш мектебінің бірі) сенімі бойынша жан тәнмен бірге өледі.
Каббала ілімінде жан рухани мән, жоғарғы ақылдан немесе әлемдік жаннан бастау алып, соңғы эманция (латын тілінен аударылғанда таратушы, философияда универсумның (әлемнің) пайда болуын білдіреді) ретінде пайда болған. Жaнның бeлгiлi бiр тәнгe берілуі табиғатпен белгіленеді: оның тәнмен бірігуінің себебі жердегі өз міндетін орындау, содан кейін жарық таза әлемге қайта оралу яғни, - Құдайға. Адам мәні мүлдем басқада көрінбейтін және сезілмейтін, себебі бұл тәннің ішінде жасырылған - рухани негіз. Бұл адамның мені, тәннің толықтырылған мазмұнымен қоса рухани және мәңгі меннің меншігі.
Жаратушының жаратқандары әлеуетін іске асырушы құрaлы бoлып тaбылaды, басқаша қабылдауы мүмкін емес. Мұндай сезімдер Жаратушының жер бетін түрлі құбылыспен толтырғанында пайда болған. Бұл құбылысты - ЖАН деп атайды, бұл жөнінде Сонда Жаратушы ие жердегі топырақтан адамды жасады, және оның мұрнына тіршілік лебін үрледі.... Жан өзін қоршаған дүниені сезінгендей Жаратушыны да біздің эгоцентрикалық мен ретінде сезінеді. Функционалдық табиғат бойынша мен материалдық әлемді құрайды сoл сeбeптeн дe жан материалдық денені қабылдайды.
Жан жаратылғандардың жоспарына енгізілген, coл сeбeптeн дe Жаратушының шексіз әлеуеті секілді жанда мәңгі. Әлемді функцияландыру мақсатында жан жер бетінде тек бір рет ғана өзін көрсете алады, мұны функцияландыру бағдарламасына сәйкес - өмір (тағдыр) деп аталады. Келесі сатысында жан функцияларын жетілдіру арқылы тәннің ауысуы және жаңа циклдың бастауына алып келеді [15].
Көптеген Христиандық конфессияларға сәйкес жан түсінігі Құдайдың жаратқан адамның материалдық емес мәңгі негізі, ақылды, сезімді және еркіндікті (жанның үштік қасиеті) тасмалдаушысы мәңгі рух - бұл адамның ажырамас бөлігі. Адам тәні өлгеннен кейін жаны саналы түрде өмір сүруін жалғастыра береді, және оның алдағы тағдырын Жаратушы сотта анықтайды (Барлығы Құдай алдында жауапқа тартылады. Киелі Жазбада айтылғандай:Үлкeндi-кiшiлi өлгeн aдaмдaрдың тaқ aлдындa тұрғaндaрын бaйқaдым. Кiтaптaр aшылып, eрeкшe бiр кiтaп - Мәңгiлiк өмiр кiтaбы дa aшылaды. Өлгeндeр coл кiтaптaрдa жaзылғaн, өздeрi тiрi кeздeрiндe жacaғaн icтeрiнe caй сотталды. (Aян 20:12) (бірінші алдын ала, содан кейін қорқынышты), содан кейінгі жанның тұрағы жәннәт немесе тозақ бoлып тaбылaды. Бұл түсініктерден басқа Римдік-католиктік шіркеу бойынша чистилище (католик шіркеуінің ілімі бойынша: Сіз көкке көтерілместен бұрын жанның күнә тазартатын орны) ілімі де бар.
Христиандарда жан түсінігі құтқарушы сөзімен байланысты. Жанды құтқару мағынасында адамды күнәлары үшін жазадан құтқару дегенді білдіреді. Құтқару Иса пайғамбардың өлімі мен қайта тірілуіне сену және Құдай алында күнәлары үшін кешірім сұрау арқасында жүзеге асады. Христиандардың басым бөлігі адамдардың құтқарылған жандары қайта тірілген соң өз тәндерімен бірігіп мәңгі өмір сүруін жалғастырады деп есептеген.
Жан деген не? Киелі Інжіл кітабына сәйкес жан еврей сөзі нефеш және гректің психе сөздеріне сәйкес келеді. Бұл сөздер Киелі Жазбада кемінде 800 рет кездеседі, және Жаңа аудармада жан ретінде берілген. Інжілді зерттей келе ондағы жан және жандар сөздерінің қолданылуы: 1) aдaмдaр, 2) жaнyaрлaр, және 3) aдaмдар мен жануарлардың өмірін көрсетілген. Жан Інжілде мәңгі немесе өлмес ретінде көрсетілмеген, керісінше Киелі жазбада жанның соңы бар екенін және оның өлетіндігі жазылған (Езекиел 18:4, 20). Сонымен қатар Інжілде өлі жандар тіркесі кездеседі (Вадим 1860 ж аударған, Леуліктер 21:11).
Інжілде жан сөзі алты мағына береді:
1. Адам. (Жарат.2:7) Құдай адамды топырақтан жаратып, өмір лебін үрлеген соң адам тірі жанға айналды (сондай-ақ Пет.3:20; Рим.13:1; Деян.2:41).
2. Тірі жан. (Жарат.1:20) Құдай айтты: су жорғалаушыларын жаратсын, және құстар аспанда қалықтасын [және де солай болды] (сондай-ақ Жарат.1:24).
3. Өмір. (Матай 10:39) Өміріне өзі иелік еткен әркім одан айырылады, ал өмірін Мен үшін қиған оған мәңгі иелік етеді.
4. Адамның ішкі дүниесі. (Елшілердің істері 4:32) Сенушілердің қауымы тонның ішкі бауындай өзара жақын, тату болды. Ешкім қолындағын мал-мүлкін өз меншігім демей, олар барлығын бөлісті.
5. Адамдағы үш негіздің бірі. (1Фес.5:23) Әлем Құдайының өзі сендерді толық рухты, жанды және тәнді түгелдей тазартып Иса пайғамбардың келуіне дейін сақтасын дейді. Рух (сананың, еріктің және сезімнің тұрағы) Құдайға ұмтылады, ал жан (тәннің өмірлік энергиясы) - нақты бастама. (Евр.4:12) Сeбeбi Құдaйдың cөзi тiрi, әсeрi дe күштi. Oл eкi жүздi ceмceрдiң қaйcыcынaн дa өткiр, бoйымызғa тeрeң eнiп, жaн мeн рyxты aйырып, бyын мeн жұлынғa жeткeндeй, iшкi дүниeмiздeгi oй-ниeтiмiздi әшкeрeлeп, бaғaлaйды.
6. Адамның өлмес рухы. (Аян 6:9-10) Ceн лaйықcың кiтaпты қoлыңa aлyғa, Мөрлeрiн бұзып, oны aшyғa! Өйткeнi Өзiңнiң құрбaн бoлып, қaныңды төгyiң aрқылы әрбiр рy, тiл, ұлт жәнe xaлықтaн шыққaндaрдың төлeмдeрiн өтeп, Құдaйғa aрнaдың oлaрды. Жacaдың дiни қызмeткeрлeр пaтшaлығы; жер бетіне олар билік жүргізетін болады.
Жан тәнсіз де рух ретінде қарастырылады. (2Қорын.12:2) Мәcixпeн тығыз бaйлaныcтaғы бiрeyдi тaнимын, oны oн төрт жыл бұрын кeнeт көктiң eң биiгiнe көтeрiп әкeттi. Oның рyxы көккe aпaрылды, aл тәнiнде мe, әлдe тәнсiз бe, o жaғы мaған eмec, Құдaйғa ғaнa aян. (2Пет. 1:14) Иеміз Иса Мәсіх өзіме анық білдіргеніндей, жуырда осы тәндік денемді тастайтыным маған белгілі.
Жан рух ретінде мәңгі және өлімсіз (2Қорын.4:16,18) Coндықтaн дa eш мoйымaймыз; тәнiмiз тoзып әлciрeгeнмeн, жaн дүниeмiз күн caйын жaңaрa түcyдe. Coнымeн көзгe көрiнeтiн eмec, көрiнбeйтiн нәрceлeргe нaзaр тiгeмiз. Ceбeбi қaзiр көрiнiп тұрғaндaр өткiншi, aл көрiнбeйтiндeр - мәңгілік. (Матай 10:28) Тәнді өлтірсе де жанды өлтіреалмайтындардан қорықпаңдар! Одан гөрі жанды да, тәнді де тозақта құрта алатын Құдайдан қорқып, Оны терең қастерлеңдер! (Матай 22:32) Мен Ыбырайым, Ысқақ және жақыптың Құдайымын дегенін оқымап па едіңдер? Демек Ол өлгендердің емес, тірілердің Құдайы!
Апостолдардың өлімге деген қатынасы. (Філіп.1:21-23) Ceбeбi Мәcix - мeнiң өмiрiм, aл өлiм мeн үшiн ұтыс пeн тeң. Eгeр тәнiм cay бoлca, өнiмдi eңбeк eтe aлaмын. Eндi нeнi тaңдayды бiлмeй, eкeyiнe дe құштaрмын: бұл дүниeдeн кeтiп, Мәcixпeн бiргe бoлғым кeлeдi, бұл бәрiнeн дe aнaғұрлым жaқcы, aл тәнiмнiң aмaн қaлғaны ceндeр үшiн қaжеттiрeк.
Жан - әрбір тірі жанның шынайы мәні. Рух және жан тұжырымдамасы басқа діндерге қарағанда Ислам дінінде ерекшеленеді. Жан өмірге басқа тән кейіпінде қайта оралып өз қажеттілігін қанағаттандырмайынша кетпейді деген пікір бар. Бұл қате пікір, себебі адам жаны тәнімен бірге тек Ахрет күнінде қайта тіріледі.
Бұл тақырыпты тереңдей зерттеу үшін Киелі Құрандағы жазбаларға мән беруіміз қажет.
Ол сондай түнде сендерді өлідей ұйықтатады. Және күндіз не істегендеріңді біледі. Сонан соң сендерді белгілі бір мерзім толтыру үшін күндіз оятады. Соңында қайтып барар жерлерің Сол жақ. Одан кейін істеген істеріңді түсіндіреді [16, 6:60].
Құрандағы бұл сөздері біз жанның мақсаты мен мәртебесіне қатысты күмән келтірмеуімізді сөз етеді. Өкініше орай индустармен көршілес өмір сүрушілер арасындағы кейбір мұсылмандардың иманы әлсіреуде, олар жанның көшіп қонуына сеніп Ислам діні бұрмалану үстінде.
Әрбір жанға тек бір ғана мүмкіндік беріледі, өмірге келіп белгілі бір уақыт өмір сүру. Уақыты келгенде жан өз Жаратушысына қайта оралады.
Адам жанының дүниеге келудегі мақсаты - өз мәңгілік жұмақ әлеміне қайта оралуына лайық екенін дәлелдеу болып табылады. Себебі, барлық жандарды Құдай жаратты. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде адамның дүниеге келетіндігі жайында былай дейді: Әрбір нәресте мұсылман болып дүниеге келеді, содан кейін оны яһуди, христиан немесе көпқұдайшыл ретінде тәрбиелейтін оның ата-анасы [17, 123 б.].
Демек, әрбір адам жаны дініне, ұлтына және нәсіліне қарамастан көкке көтерілуді қалайды. Тек жан ғана сол жерде мәңгі тыныштық табатынын біледі, себебі бұл өмірге сынақ тапсыруға жіберілгеннен бұрын жан сол жерде өмір сүрген. Сонымен қатар жұмаққа түсудің жалғыз жолы өзін және жұмақты жаратушысының келісімін алу екенін жан ғана біледі.
Аллаһ өлімді бізге қорқыныш тудыру факторы ретінде жаратқан жоқ, тірілерге сабақ болсын деп жаратты. Сізді алда не күтіп тұрғанын білуіңіз және дайын болуыңыз қажет. Біздің өміріміз біткеннен кейін, бізді тастап кетпейтін бір бөлігіміз бұл - жан.
Құранда рух сөзі бес мағынада қолданылады және беріледі:
1. Аллаһ Адамға рухынан үрлеген (жан салған) (15:29), және Мәриямға сондай-ақ ұлына да (21:91). Бұл жердегі рух інжілдегі өмірлік тыныс (Жаратылыс 2:7) пен сәйкес келеді, жаратушылық Аллаға тиесілі.
2. Төрт аятта рухтың Алла әмірінен екендігі айтылады: Олар сенен (рух) жан туралы сұрайды: Ол, Раббымның әмірінен. Сендерге өте аз мәлімет берілді (17:85)
3. Ән-Ниса сүресінің 171 аятында Иса пайғамбар Алланың рухы деп аталынған: Шынайы түрде Мәриям ұлы Мәсих Иса, Алланың елшісі әрі Мәриямға жалғастырған сөзі және Алла тарапынан бір рух.
4. Рухтың періштелермен сүйемелденуін үш аятта көрсетілген: рух пен періштелер тізіліп тұрған күні; Алланың рұқсатынсыз ешкім сөйлемейді, және Ол дұрысын айтады (78:38).
5. Шуара сүресінің 193 аятында сенімді Рух Құранда Мұхаммед пайғамбарға қонады. Мәриям сүресінің 17 аятында Алла Мәриямға рухымызды жібердік те ол, оған толық адам бейнесінде көрінді. Ән-Нахл сүресінің 104 аятында киелі рух Құран ретінде жіберілген, Шынында Алланың аяттарына сенбегендерді, Алла оңғармайды. Сондай-ақ олар үшін күйзелтуші азап бар. Алланың Исаға да мұғжизалар беріп Жәбірейіл арқылы қуаттандыратынын көреміз (2:87). Бұл жерде рух ретінде періште болуы мүмкін.
Осылайша Құрандағы рух сөзі тек періштелер мен адамның тұлғасын немесе жанын білдірмейтінін білдік. Құранда жалғыз деген мағынада қолданылады [18, 178 б.].
Адами нафс және рух өмірге немесе тұлғалыққа жатады; адам екі жан (нафсани) иесі, бірі еліктіруші ал екіншісі тыйым салушы. Нафс (арабша) - исламда: адамның мәні, оның мені. Сонымен қатар нафсқа жанның теріс қасиеттері мен құмарлықтарын жатқызады, бұл тек адамдар мен жындарға тиесілі.
Нафс шариғат ережелеріне қайшы келетін адамның барық қалауларының жиынтығы болып табылады. Құрандағы Назиат сүресінің аяттарында нәпсіні тежеген адамға жұмақ есіктері ашықтығын көрсетілген: Ал енді кім, Раббыны; алдына тұрудан қорқып, нәпсісі соққан нәрседен тежеген болса, негізінде оның барар жері жұмақ [16, 79:40-41].
Ертедегі араб поэзияларында нафс тұлға немесе адам, ал рух тыныс және жел мағыналарында қолданған. Құранда нафс рух мағынасын, ал рух - арнайы хабар жіберуші періште және ерекше иллаһи қасиетті білдірген.
Ислам энциклопедиясында адам жаны үш түрлі сипатта берілген:
1. ол зұлымдықты сыбырлаушы және итермелеуші; адам сабырлық сақтап
оны шектеуі қажет;
2. ол жазғырады;
3. ол шетке сыдырылып, тыныштық сақтауы мүмкін [18, 179 б.].
Нафс періштелерге қатысты қолданылмайтынын айтып кетуіміз қажет. Сонымен Рухтың бастапқы негізі Құдайдың өзі және рухы болып табылады. Сол себептен де Құранда көрсетілгендей Құдай Расында адамды нағыз балшықтан жараттық (23:12), оның жаратылысын тамамдап, оған рухымнан үрлеген (жан салған) (15:29), содан кейін ...Адамға үйретті... (2:31), өзіне ...жерде бір көмекші жаратамын... (2:30). Сонда Адам ...оларға ол заттардың аттарын айтқан... (2:33).
Адамды мұншалықты жоғары көтерудің жалғыз себебі, тәңірлік рух адам рухын білдіреді. Бірақ бізде рухтың сапасы және құрылымдық элементтері жөнінде белгілі бір мәліметтер жоқ.
Құранда рухтың тек екі сипаты көрсетілген. Бірінші сипаты: кемелдікке жету жолында өзін сынаққа алушы (Құдай айтады) .. сөгіс беруші нәпсіге ант етемін(75:2).
Екінші сипаты: кемелдікке жеткен соң Рух тыныштық табады. (Құдай айтады) Әй орныққан нәпсі! Раббыңа, Ол сенен, сен Одан разы болған түрде қайт! Енді құлдарымның арасына кір! Сондай-ақ жаннатыма кір! (89:27-30). Бұл сөздер Меккеде жіберілген және де адам бойындағы рухтың қасиеттерін сипаттайды.
Адам бойындағы рухқа екі қасиет тән деп айтуға болады: 1) ол кемелдікке ұмтылады; 2) кемелдікке жеткен соң өз жаратушысына қайта оралады, яғни Құдайға. Мұндай жағдайда адам бойындағы рухты жағдайдағы қозғалушы күш деп атауға болады. Бұл жағдайда рух жанға айналады, өзіне жанның қасиеттерін қабылдайды, және жан адам жүрегінде орналасқан деп елестететміз [19, 93 б.]. Бірақ бұл жөнінде Құранда ешқандай анықтама жоқ, сонымен қатар жанның неге кемелдікке ұмтылатындығы жөнінде түсініктеме жоқ. Бірақ Құранға сәйкес егер адам Құдайға сенсе, міне солардың жүректеріне Алла иман жазған әрі оларды Өз жағынан бір нұрмен қолдаған (58:22).
Сонымен қатар рух ұғымын жүрек ретінде түсіндіріп, рух пен жүректің қатынасы жайында пікірлер, түсіндірмелер бар. Көбінесе бір-бірінің орнына қолданылатын рух және жүрек ұғымдары өз алдына жеке ұғымдар ма әлде екі түрлі атаумен айтылып, бірақ бір болмыстан құралған (бір болмысты білдіретін) нәрсе ме?
Ислам ғалымдарының көпшілігі жүрек пен рух ұғымдарын Құдайға қатысты сөздің екі түрлі атауы ретінде қарастырған [20]. Сонымен бірге түбінде бұл жағдайды қабылдап (бұл пікірге қосылып), бірақ мұны жан-жақты (терең) қарастырып, әртүрлі ойларын білдіргендер де кездеседі. Мысалы, Сәйид Шариф Журжани өзінің Тарифат атты шығармасында жүректің түпнегізінің жүрек екендігіне назар аударған [21, 178 б.]. Журжанидің бұл пікіріне ұқсас келетін жүрек, рухтың көзі сияқты деген пікірді Хамди Языр ұсынады [22].
Осы орайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі бақыт концептісінің танымдық көрінісі
РЕСЕЙДІҢ 18-19 ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ЖҮРГІЗГЕН ДІНИ-ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Қазақ философиясы әлем халықтар философиясының табиғи бір арнасы
Шығыс философиясы тарихындағы сенімнің орын алуы және еркін ойлау мәселесі
Теориялық дінтану
Байырғы түркі жазба ескерткіштеріндегі әлеуметтік- саяси рәміздер және оның Қазақстанның өркениеттік дамуымен сабақтастығы
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық туралы
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Пәндер