Ұйымдасқан қылмыстық топ


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:
1. 1 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі
1. 2. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарды топтастыру
I-бөлім бойынша тұжырым
қазақстан республикасынДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТАРДЫ ҚҰРУ, БАСШЫЛЫҚ ЕТУ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПҚА ҚАТЫСУдың қылмыстық құқықтық сипаттамасы
2. 1. Қылмыстық топтың түрлері
2. 2. Қылмыстық топты құру, басшылық ету мен қатысудың объективті белгілері
2. 3. Қылмыстық топты құру, басшылық ету мен қатысудың субъективті белгілері
20
25
II-бөлім бойынша тұжырым
КІРІСПЕ
Қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтық тәртіп саласындағы мемлекеттік басқаруға қарсы қылмыстар - бұл жалпы қылмыстық пайдакүнемдік қылмыстар деген атауға, яғни, қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтық тәртіп саласындағы мемлекеттік басқарудың басты негізіне, сондай-ақ, өмір мен жеке меншікке тікелей заңсыз қол сұғудан тұратын қылмыстардың жиынтығы, «пайдакүнемдік себеппен және субъектілердің өз қызметтік жағдайын пайдаланбай, осының салдарынан меншіктік негізсіз баю мақсатында жасалады, шаруашылық байланыс пен экономика саласындағы тәртіп бұзумен байланысты емес».
Іс жүзінде жалпы қылмыстық қылмыстар туралы оның бір түрі қылмыстық топ болып табылатын қылмыстық ортаның өзге өкілдері, ұйымдасқан қылмыскерлерге тән мемлекетке қарсы әрекеттерге қатысты айтуға болады.
Ол ұйымдар мен азаматтарға қарулы шабуылмен түйіндескен. Олардың жекеменшігіне ғана емес, өміріне де қауіп төнетіндіктен, соңғысы ерекше әлсіз болып табылады. Ұйымдасқан қылмыстық топ үшін сотталған тұлғалардың қылмыстық ісін іріктеп зерттеуден байқағанымыздай, 78% жағдайда қарақшылық шабуылдар жәбірленушілердің өлтірілуімен аяқталған, жеке қарақшылардың есебінде оның саны 5-тен басталады және одан да көп.
Соңғы уақытта Қазақстандағы қарақшылар мен қарақшылық құрамалар саны жыл сайын өсу үстінде, бұған Ішкі істер министрлігі ұсынған ресми статистика куә.
Қоғамдық қауіпсіздікке жасалған қылмыстық әрекеттердің саны - оларды ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастықтың жасауы, сондай-ақ, қылмыстық қауымдастыққа қатысу 3, 9 %-ға төмендеді. 1
Бүгінде әр төртінші қылмысты ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері жасайды.
Әлеуметтік сауалнамалар қылмыскерлік пен жемқорлықтың бетімен кеткеніне алаңдаған азаматтар еңбекақы мен зейнетақының төленбеу проблемаларынан кейін бірден жеке қауіпсіздігі мен мүлкінің сақталуы туралы сұрақты алға тартатынын айғақтайды.
Тақырыптың өзектілігі. Қылмыстық топ соңғы жылдары ТМД елдеріндегі қылмыстық жағдайдың сипатын анықтайтын негізгі факторға айнала жаздады. Оның өсуші ауқымы мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіреді, себебі ол құқыққа қайшы қызметтің көптеген түрлерін монополияландыра отырып, өз ұстанымын күшейтеді, заңды экономикаға белсенді енгізіліп, соңғы кездері билік құрылымдарына енуге деген ынтасын анық көрсетіп жүр.
Қылмыстық топты құру, басқару, қылмыстың өсу шартында, соның ішінде, қаруланған қылмыста барынша өткір проблеманы жоғары қоғамдық қауіппен сипатталатын, барынша қауіпті әрі кең таралған ұйымдасқан қылмыстық топтың көрінуінің бірі ретінде қоғамдық қауіпсіздікпен күрес иеленіп отыр.
Осы әрекеттегі жоғары қоғамдық қауіпсіздікпен сипатталатын факторлар болып табылады:
а) адам өмірі мен денсаулығы, оның түрлі нысандарындағы меншік және қоғамдық қауіпсіздік жиынтығын құрайтын қарым-қатынас жүйесіне кіретін т. б. қоғамдық қатынастардың әр түрлі тобына бір уақытта зиян келтіруі немесе келтіру мүмкіндігі;
б) тұлғалардың маңызды ортасының қылмыстық қызметінің шеңберіне қосылу;
в) жасалған қылмыстардың ерекше кәсіби дайындығының жоғары ұйымдасқандық факторымен шарттасқан;
г) қағидаға сай шабуыл жасау жолымен, соның ішінде, қару қолдану арқылы қылмыс жасаудың бірнеше дүркінге ұласуына бағытталған.
Қылмыстық топтың қоғамдық қауіптілікті арттыратын маңызды факторы қазіргі таңда қылмыстың осы түрінің жағымсыз даму үрдісі болып табылады. Аталмыш жағдайлар ұйымдасқан қылмыстық топ қылмыстық жауапкершілікке қатысты көптеген сұрақтарды, осы әрекеттің құрам белгілерінің мәнін, оның саралануын, сыбайлас қылмыстармен қатынасын және т. б. теориялық зерттеу қажеттілігін нұсқайды. Бір айта кететін жайт, аталған проблеманы өздігінен зерттеу тек монография деңгейінде ғана емес, қарапайым оқу құралдары деңгейінде де зерттелінуі жоқтың қасы.
Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық заңнамасы қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік туралы Заң нормасына айтарлықтай өзгерістер әкелді: банда түсінігі анықталды, сол қылмысты жасаудың нақты түріне байланысты сараланған жауапкершілігі анықталды; алғаш рет оның сараланған құрамы қарастырылды. Бұл қосымшалар сондай-ақ, жаңа Заңның тәжірибеде қолданылуы бойынша теориялық мағына берілу мен нұсқама жасауды талап етеді.
Аталған жағдайлар осы зерттеудің өзектілігі мен оның жаңашылдығын болжайды.
Зерттеу нысаны мен пәні. Зерттеу нысаны қылмыстық топты құрғаны, басқарғаны үшін жауапкершілікті белгілейтін құқықтық норманы жүзеге асыру саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.
Зерттеу пәні - күй, құрылым; ұйымдасқан қылмыстық топтың өсіңкілігі (динамика) мен таралу үрдісі; сондай әрекеттермен күрес үшін заңнамалық базаның даму деңгейі; осы саладағы ғылыми зерттемелер; құқық қолдану тәжірибесі.
Мақсаты мен міндеттері:
- Қылмыстық топты құрғаны, басқарғаны үшін жауапкершілік туралы қолданыстағы қылмыстық заңды заңнамалық талдау;
- ғылыми материалдарды зерттеу мен талдап қорыту, аталған тақырыптың қазіргі таңдағы теориялық зерттемесінің деңгейін анықтау;
- Қылмыстық топты құрғаны, басқарғаны үшін жауапкершілік туралы заңды қолдану тәжірибесін зерттеу;
- аталған заңды оның тиімділігі тұрғысынан бағалау, оны жүзеге асыру бойынша шараларды, тәжірибеде дұрыс қолдану бойынша нұсқамалар жасау.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізін зерттеудің жалпы ғылымдық және нақты тарихи тәсіл, жеке ғылыми әдісін құрады.
Жұмыстың негізін Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңнамасы құрады, ондай заңнамалар кеңестік, сондай-ақ, революцияға дейінгі кезеңдегі уақытта да кеңінен қолданыс тапты.
Жұмыста аты аталған ежелгі және қазіргі замандағы көрнекі ғалым-криминалистердің еңбектері пайдаланылды: Н. С. Таганцев, И. Я. Фойницкий, А. С. Жиряев, А. А. Пионтиновский, А. Н. Трайнин, М. Д. Шаргородский, Ф. Г. Бурчак, П. И. Гришаев, Г. А. Кригер, Б. С. Никифоров, B. C. Прохоров, P. P. Галиакбаров, П. Ф. Тельнов, П. И. Малахов, Л. К. Малахов және т. б.
Дипломдық жұмысты дайындау барысында философия, логика, әлеуметтік психология және ғылымның өзге де салаларындағы жұмыстар қолданылды.
Зерттеудің эмпирикалық базасын елдегі қылмыскерліктің қарастырылған түрін сипаттайтын сот тәжірибесінің материалдары, статистикалық деректер құрады.
Жұмыстың тәжірибелік мәні оның жаңашылдық элементтерімен шарттасқан; ол зерттеу нәтижесінде алынған деректер қылмыстық топты құрғаны, басқарғаны үшін жауапкершілік туралы заңды жетілдіру, сондай-ақ, оны тәжірибе жүзінде қолдану бойынша жеткілікті түрде негізделген және маңызды ұсыныстарды енгізуге мүмкіндік берді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмысы кіріспеден тұрады, кіріспеде тақырыпты таңдау мен оның өзектілігі дәлелденіп, зерттелетін проблеманың жетілдірілу деңгейі көрсетіледі. Зерттеудің мақсаты мен мәні, оның нысаны мен пәні, әдістемелік негізі анықталады. Жүргізілген зерттеудің эмпирикалық базасы көрсетіліп, жұмыстың теориялық және тәжірибелік мәні ашылып, қорғауға шығарылған қағидалар қалыптастырылады. Осы жерде сонымен қатар, ең басымдылығы болып банданың жоғары ұйымдасқан деңгейімен шартттасқан жасалған шабуылдардың аса білікті дайынлығы, оның бірнеше рет қағидаға сай қару қолдану арқылы шабуылдау жолымен қылмыс жасауға көзделуі табылады. Одан басқа, ұйымдасқан қылмыстық топтың жоғары қоғамдық қауіптілігі қылмыскерліктің бұл түрінің дамуыны жағымсыз үрдісімен сипатталады, бұл дипломдық жұмыста келтірілген деректермен расталады.
Бірінші тарау - «Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы» қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарға жалпылама сыйпат. Анализ қылмыстық құқықтың дәстүрлі түрі - қылмыстың құрам белгілер бойынша жүргізілді.
Екінші тарау - «қазақстан республикасынДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТАРДЫ ҚҰРУ, БАСШЫЛЫҚ ЕТУ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПҚА ҚАТЫСУдың қылмыстық құқықтық сипаттамасы» атауында көрініп тұрғандай, қылмыстық топты саралау сұрақтарының құқық қолдану тәжірибесіндегі дауларын түсіндіруге бағытталған.
Қорытындыда зерттеу қорытындысы келтіріліп, кейбір тәжірибелік нұсқамалар қалыптастырылады.
І бөлім. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
1. 1 Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың түсінігі.
Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабына сәйкес - Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары - делінген.
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың құқықтық мемлекет орнатуға келтіретін залалы мол. Осылардың ішінде әсіресе ең қауіптісі террорлық іс-әрекет екені мәлім. Бұл әсіресе 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та болған террорлық әрекеттен соң айқындала бастады.
Сөйтіп терроризм - ең қауіпті және қоғамның ең басты проблемасы ретінде адамзаттың 21 ғасырына енді. Яғни, соңғы кезде терроризм дами келе қоғамға қауіптілігі күшейіп, осының салдарынан көптеген елдерде және оның азаматтарына орасан түрде зиян келтіреді. Сонымен қоса саяси, экономикалық, имандылық немесе өнеге (мораль) саласында орасан зор шығындарға әкеліп соғады және көптеген адамдарға психикалық түрде әсер етеді. Ең бастысы ешқандай кінәсі жоқ жандардың құрбан болуы.
Қазіргі этапта терроризмнің жан-жақтылығы дамып, ол өте кең өріс алып отыр. Яғни, соңғы кездері терроризмнің салдары ұлтаралық, мемлекет аралық конфликтіге әкеліп соғуда. Соңғы жылдары террористік қылмыстың географиялық жағдайы өсіп, яғни оның жасалу айқыны ұлғайып және сипаттамасы күннен-күнге күрделеніп барады. Терроризмнің саны күрт өсуде және оның жасалу формасының әркелкілігі, объектісі мен мақсаттарының әркелкілігі онымен күресуге қиындық соқтырып отыр.
Ең басты өзекті мәселе ретінде терроризм қаупінен ешқандай мемлекеттің сақтандырылмауында болып отыр. Яғни, бұл дегеніміз мемлекет-мейлі дүние жүзінде ең мықты держава болсын немесе артта қалған дамушы мемлекет болсын бәрібір, олар үшін терроризм қаупі бірдей болып отыр. Бұған негіз ретінде 2001 жылғы 11 қыркүйектегі Америка Құрама Штаттарындағы болған қанды оқиға мен 2002 жылдың 23 қазандағы Мәскеудегі болған әрекеттерді айтуға болады.
Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарға арналған осы дипломдық жұмыста мен аса назар аударғанымыз осы террорлық әрекет болып отыр.
Қылмыстық кодекстің бұл тарауында екі түрлі топқа жататын қылмыстардың түрі көрсетілген. Оның біріншісі қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. Қоғамдық қауіпсіздік деп-адамдардың қауіпсіз өмір сүруін, бірқалыпты қызметін, радиоактивті материалдарды залалсыз пайдалану, қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды тиісінше және қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастарының жиынтығы болып табылады. Бұл қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі қоғамдық қауіпсіздіктің жекелеген салалары (адам өмірінің және онын қызметінің қауіпсіздік шарттары; ерекше қауіп көзі болып табылатын заттарды пайдалану, өліммен аяқталатын зардап туғызуы мүмкін жұмыстарды жүргізу және т. б. ) болып табылады.
Қылмыс - бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзыушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.
Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды. Бұл анықтамада қылмыстың формальды белгісі де (құқыққа қарсылық), материалдық белгісі де қамтылады. Сондай-ақ айыптылық пен жазаланушылық та қылмыстың қажетті белгісіне жатады.
Криминологияда және құқықтық статистикада - әрқайсысы үшін қылмыстық жазалау қарастырылған, іс жүзінде жасалған барлық құқыққа қарсы әрекеттердің жиынтығы. Сонымен бірдерлікте қылмыс - жекелеген қылмыстардын тек қана саны (немесе жиынтығы) ғана емес, бұл белгілі бір заңдылықтарды иеленген құбылыс.
Қылмыс жағдайы заңнамадағы өзгерістер немесе оны іс жүзінде қолдану салдарынан өзгеруі мүмкін. Тіпті заң аясында сот тәжірибесінің ауытқуы да қылмыс статистикасын өзгерте алады. Сол немесе басқа әрекет үшін немесе қылмыстық әрекетті жоятын қылмыстық жауапкершілікті тағайындайтын қылмыстық заңды қабылдау, ол да қылмыс жағдайының әрдайым өзгеріп отыруына әсер етеді.
Қылмыстың құрылымы мен сипатының өзгеруі түрліше әлеуметтік жағдайларға, құбылыстар мен үдерістерге, мысалы, тұрғындардың көші-қон және жас құрамына; аймақтың немесе басқа аумақтың экономикалық жағдайына; қалыптасқан ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер және т. б. ; қылмыс заңнамасының өзгеруіне, қылмыстың алдын алу бойынша жұмыс сапасына және басқа факторларға тәуелді болады.
Адамның теріс қылығы ғана қылмыс деп танылады. Сырттай көрініс таппаған, қоғамдық қауіп тудырмаған ой-пікір, ниет-пиғыл қылмыс деп танылмайды. Іс-әрекет екі нысанда көрініс табуы мүмкін, олар: әрекет (субъектінің белсенді ісі) немесе әрекетсіздік (адамның жасауға міндетті және жасай алатын әрекетті жасамаған енжарлығы) . Әрекеттің қандайын қылмысқа жатқызу, қандайын жатқызбау әр мемлекеттің өз еркіндегі іс. Бір елде қылмыс ретінде жазаланатын әрекет өзге мемлекетте қылмысқа жатпауы мүмкін. Мысалы, ішімдік ішу не зинақорлық жасау - ер мен әйелдің некесіз жақындасуы ислам мемлекеттерінде қылмыс ретінде жазаланса, батыс елдерінде бұл әрекеттер қылмысқа жатпайды. Тек әйел адамның еркінен тыс болған жыныстық қатынас қана қылмыс болып есептеледі. Ал ислам елдерінде бұл әрекеттер ер мен әйелдің өз қалауымен іске асса да қылмыс болып саналады.
Айыптылық түріне қарай қасақана жасалған және абайсызда жасалған қылмыс болады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көзделген іс-әрекеттің сипатына және қоғамдық қауіптілік деңгейіне қарай жеңіл қылмыстарға (2 жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын қасақана және абайсызда жасалған іс-әрекет), ауырлығы орташа қылмыстарға (2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын қасақана және абайсызда жасалған іс-әрекет), ауыр қылмыстарға (5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын қасақана және абайсызда жасалған іс-әрекет) және ерекше ауыр қылмыстарға (10 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру немесе неғұрлым қатаң жаза қолданылатын қасақана іс-әрекет) бөлінеді.
Нысанына байланысты жеке адамға қарсы қылмыс, отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыс, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыс, мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыс, меншікке қарсы қылмыс, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс, коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс, қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс, адамның денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыс, экологиялық қылмыс, көліктегі қылмыс, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс, басқару тәртібіне қарсы қылмыс, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыс, әскери қылмыс түрлеріне ажыратылады. қылмысы үшін айыпты адам лауазым иесі болса, ал ол жасаған қоғамдық қауіпті әрекет (әрекетсіздік) оның қызмет жағдайымен байланысты болса, оны лауазымдық қылмыстар дейді. Олар: лауазымдық өкілетті теріс пайдаланушылық, лауазымдық өкілетті асыра пайдаланушылық, пара беру, пара алу, қызмет бабын пайдаланып жалған құжат жасау, салдыр-салақтық, т. б.
Осы топқа жататын кейбір қылмыстардың қосымша тікелей объектісі адамның өмірі, денсаулығы болуы мүмкін.
Объективтік жағынан алғанда қоғамдык қауіпсіздікке жататын қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы (ҚК-тің 255 және басқа баптары) ; ал қайсыбіреулері әрекет немесе әрекетсіздік күйде (мысалы ҚК-тің 277, 281-баптары) жүзеге асырылады. Кейбір қылмыс құрамының нормалары бланкеттік диспозицияға негізделген (ҚК-тің 277, 281, 287-баптары) .
Көптеген қылмыстар құрам жағынан формальдық (ҚК-тің 255, 261, 268-баптары т. б. ), ал қайсыбіреулері материалдық құрамға (ҚК-тің 277, 276-баптары) жатады.
Қылмыстық топ түсінігімен иерархиялық құрылымды тұрақты ұйым және қылмыстық жолмен материалдық пайда табу мақсатында қалыптастырылған жеке тәртіп нормалары түсіндіріледі:
Бұл белгі сол баяғы ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыс жасау мен оны әшкерелеуге қарсы бағытталған өз әрекеттерін жетілдіру процесін сипаттайды. 2
Онымен қатысушылар арасындағы өзара байланыс тұрғысынан ұйымдасқан қылмыстық ұйымның белгілі тәртіптілігі, сондай-ақ, көшбасшылық пен бағыныштылық қатынасы түсіндіріледі. Жеке қатысушылармен топтың қылмыстық әрекеті барысында қылмысты орындаумен тікелей байланысты тұрақты қызметтер (атқарушы топ) ; топ әрекетінің басшылығымен (ұйымдастырушы-басқарушы топ) ; топтың өмір сүруі мен қызмет етуін қамтамасыз ету арқылы (ұйымдастырушы-қамтамасыз етуші тобы) бекітіледі. Ұйымдасқан топ мүшелерінің атқарымдық рөлін талдау қылмыстық әрекетті жүзеге асыру мен нақты қылмыстарды жүзеге асырушы әр қатысушының орны мен рөлін анықтауға мүмкін береді. Осы орайда сол немесе өзге қызметті жүзеге асыру бойынша, яғни, нақты қалай жасалған әрекеті бойынша сипаттамаға ие болады.
Алайда ұйымдасқан қылмыстық топта әр қатысушының орны мен рөлі оның әрекетінің өзге мүшелермен әрекетіндегі өзара байланыста ғана түсінікті болады. Сондықтан ондай байланыстарды орнату ұйымдасқан қылмыстық топты зерттеу барысында міндетті болып табылады. Одан бөлек, ұйымдасқан қылмыстық топты бұзу - бұл бәрінен бұрын топ ішіндегі байланысты бұзу. Топты қалыптастыру мен дамыту бойынша байланысты, басқару мен өзара әрекет байланысын бөліп қарастыруға болады.
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстық топты зерттеген кезде негізін қалаушы сатылас және деңгейлес болып бөлінетін басқарма байланысын орнату ерекше маңызға ие. Қылмыстық топтың құрылымның пирамидалық сипаты сатылас байланыстардың орындаушылар (төменгі топ) топ ұйымдастырушысына (жоғарғы топ) бағынуы түрінде байқалатындығымен, ал деңгейлестердің - бір топ мүшелері арасындағы әрекеттердің үйлесуі түрінде байқалатындығымен сипатталады. Оның үстіне, ірі топтардың (ұйымдар, қауымдастықтар) болу шарттары қатаң жасырын әрекеттері сақтау қажеттігіне еріксіз мәжбүрлейді, сондықтан ондай ұйымның мүшелері тек топ мүшелерінің шектеулі санын ғана біледі. Алайда бүкіл топ бірыңғай механизм ретінде қызмет етеді және барлық мүшелері бір-бірімен байланысты, қандай да бір нақты қылмыстарды шешу үшін өзара әрекеттеседі. Сонымен, егер топ өзінің әсер ету саласын ұлғайтып, өзге ұйымдасқан топтың қызығушылығын қозғаса, аталмыш қарсылыққа топтың бүкіл мүшелері қатысады. Сондықтан топ ішіндегі өзара әрекет байланысын белгілеу және талдау қылмыстық қауымдастықтың бүкіл қатысушыларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тәртіп пен жауапкершіліктің бейресми нормалардың болуы. Олар азды-көпті санкция мен көтермелеуден тұрады. Көбінесе бұл - қылмыстық бизнес пен көлеңкелі экономиканың нормаларымен «былапыт» қылмыстық әлем заңдарының қоспасы. Материалдық сақтандыру қорының болуы («общак») .
Өзге ұйымдасқан топтармен байланыс. Ол келесі негіздерден құрала алады: бейтарап өзара әрекет, бағынушылық қарым-қатынасы - билік ету; соғыс жағдайы. Ұйымдасқан топтардың басым көпшілігі өз әрекетінің кеңінен қанат жаюына бейім болады. Бұл жағдайда барынша күшті әрі ірі топтар әлсіздерді бағындыруға тырысады. Бағунышылық қатынасына билік жүргізу екі түрлі болады. Бірінші жағдайда ұйымдасқан топ қылмыстық жолмен алынған өз табысының қандай да бір бөлігін (10-нан 50%-ға дейін) өзге топтың басшылығына бере отырып, өздігінен өзінің қылмыстық әрекетін жүзеге асыруды жалғастырады (қылмыстық қауымдастық) 3. Екінші жағдайда топ өздігінен қалыптасуға қатысты бағынышты ретінде өзге топтың құрылымына енеді және осы одақ (қылмыстық ұйым) ұйымдастырушыларының көрсетуі бойынша қылмыстық әрекетті жүзеге асыра бастайды. Алайда бұл дербес ұйымдасқан топтар өзге топтармен бірігуге әрқашан дайын дегені білдірмейді. Соған байланысты түрлі ҰҚН, олардың көшбасшыларын өлтіру арасындағы қаруланған тұрақты «разборкалар» арқылы байқалатын әсер ету саласын кеңейту деп аталатын соғыстар орын алуы мүмкін4.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz