Газет стилі ұғымын, жалпы сипаттамасын және оның функциясын қарастыру


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе 5

1 Газет стилінің жалпы сипаттамасы

  1. Публицистикалық стиль және оның функциясы 8
  2. Газет тарихы, қалыптасуы 11
  3. Газет стилінің ерекшеліктері 15
  4. Тақырып газет стилінің элементі ретінде 18

2 Газет стилінің грамматикалық ерекшеліктері

2. 1Тақырыптың грамматикалық ерекшеліктері 26

2. 2Газет хабарламасы мен мақаласының ерекшеліктері 33

2. 3Ағылшын газеттерінің грамматикалық параметрлері 37

2. 4Газет тіліндегі сөзжасам 40

2. 5Газет мәтінінде төл сөз бен төлеу сөздің берілуі 47

2. 6 Газет мәтінінің құрылымы мен синтаксистік ерекшеліктері 51

Қорытынды 59

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 62

Кіріспе

Қазіргі таңда қоғамды бұқаралық ақпарат құралдарынсыз елестету қиын. Олардың рөлінің басымдығы сондай, «төртінші билік» деп те атайды.

Қоғам өмірі үнемі өзгерісте болып отырады. Қоғамға қызмет ететін тіл де осы өзгерістерге сай өзгереді. Қоғамдық өзгерістер сол тілден көрініс табады. Соның ішінде, қоғамда болып жатқан оқиғалар басқа стильдерге қарағанда публицистика стилінде айқын көрінеді. Публицистика стилі түсінігі кең ауқымды тақырып болғандықтан, бұл жұмыста соның бір тармағы, газет стилін қарастыратын боламыз.

Бұқаралық ақпарат құралдарының ескі түрі баспа болып табылады. Ол жеке дара күш ретінде өз алдына тәуелсіз. Баспалық ақпарат құралдары елдің мәдени және саяси өмірінде маңызды орын алады, адамдарға айналасында болып жатқан оқиғаларға қанық болуына, бағытталуына септігін тигізеді.

Газет публицистикасын жаңа тарихты, қоғамның күнделікті қарбалас тіршілігі, саяси, әлеуметтік, тұрмыстық тағы басқа мәселелердің толықтай көрінісін беретін заманауи жазба деп атайды. Газет стилінің тақырып шектеусіздігі оның лексикасының ерекше ауқымдылығы мен әртүрлілігін көрсетеді. Газет сөзінің принципиалдық ерекшелігі ондағы газет стилі ауқымында бағалаушылық қасиетіне ие болатын эмоционалдық рөлінен көрініс табады.

Телевидение, радио бұқаралық ақпарат құралдарының қуатты дамығанына қарамастан газеттің қоғам өмірінде маңызды рөл атқаруының жалғасын табуы газет тілінің лингвистикалық зерттелуінің маңыздылығын көрсетеді.

Тасқа қашалып жазылған дүниенің ешқашан құны жоғалмайды. Ол біздің тарихымыздан белгілі. Егер оның құны мәңгілік болмаса, сонау Тоныкөк, Күлтегін ескерткіштеріндегі жазулары соншама ғасыр сақталып қалмас еді. Газет пен журнал да сондай. Мәңгілік. Сарғайған парақтардағы сарғайған жазуларды кез келген сәтте тауып алуымызға мүмкіндік бар. Сонау 1870 жылы шыққан «Түркістан уәлаяты» газеті, «Дала уәлаяты» газеттері немесе революциядан кейін Алаш азаматтары шығарған «Қазақ», «Айқап» сияқты басылымдар осының дәлелі. Алаш арыстары жазып қалдырған рухани дүниелеріміздің бәрі «тасқа қашалып жазылғандай» күні бүгінге дейін сақталып қалды. Бұл да газет пен журналдың құдіретінің арқасы. Замана көшіне ілесіп, өркениетті қоғамда ақпараттық кеңістік адам ілесе алмайтын шапшаңдықпен қарыштап дамып келеді. Бүгінде газет пен журналдың орнын көбіне интернет-ресурстар басып келеді.

Газетті біз жалпы публицистикалық стильге жатқызамыз. Бірақ И. П. Гальперин публицистика стилін бөлек те, газет стилін бөлек алып қарастырады [5:315] . Бірақ мұнда газет стилін публицистикалық стиль деп те, газет стилі деп те қарастыратын боламыз.

Газет тілі көп стильді: газет жолдарында әдеби тілдің барлық стильдері өз орындарын тапқан: хроникалық ақпараттық жазбалар мен оған жақын жанрлар іс-қағаздары стилінде беріледі; газетке жарияланатын үкіметтік қаулылар, дипломатиялық актілер және т. б. ресми іс-қағаздармен байланысты; экономикалық шолу, статистикалық анализдер, ғылыми-техникалық прогрестің кейбір аспектілерін жария ететін мақалалар ғылыми стиль нормасымен беріледі; кейбір жанрлар публицистикалық (мысалы, үгіттеуші-насихаттаушы мақалалар), кейбіреулері публицистикалыққа да, көркем-әдеби стиліне де келмейді (очерк, фельетон, памфлет), үшінші біреулері ауызекі ақпараттық (сауалнама, репортаж), келесісі беллетристикалық (әңгіме, өлеңдер) .

Газет негізін құрайтын - мақала. Ал мақала негізі - оның тақырыбы. Мақала тақырыбы оқырман назарын өзіне аудартатын немесе оны оқымай кейінге қоя салуға ықпал ететін нағыз құрал. Тақырып газет шығармасының мазмұны туралы белгілі бір ақпарат береді. Сонымен қатар, газет нөмірінің, газет бетінің атауы оқырманның оқуға деген ынтасын тудыратын, назарын өзіне аудартатын эмоционалдық бояуға қанық болады.

Газет тілі функционалдық стильдердің бірі ретінде лингвист зерттеушілер назарын өзіне тартады. Бір жағынан, бұл тақырыпқа арналған көптеген жұмыстардың теориялық жағы басым келетінін атап өткен жөн.

Тақырып өзектілігі газет-публицистика мәтінінің грамматикалық аспектілерінің жеткілікті зерттелмегендігіне негізделген. Газет мәтінінің, тақырыбының әсер ету ерекшелігі мен қабылдануы осы тұрғыдан зерттеушілер назарында болып келгені де зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді.

Ғылыми жаңалығы: газет стилінің ағылшын және қазақ баспаларындағы грамматикалық ерекшеліктері қарастырылады.

Дипломдық зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы ағылшын тілінің сабақтарында талдау жұмысын қолдануға болады және де ағылшын тілді және қазақ тілді баспа тілдерін зерттеу жобаларына, курстық зерттеу жұмыстарына негіз бола алады.

Қарастырылып отырған зерттеу жұмысының қазіргі уақытта зерттелуіне баға: газет стилі қанща кең ауқымды болғанымен, оның грамматикалық ерекшеліктеріне арналған зерттеу жұмыстары жоқтың қасы, есесіне стильдің лексикалық және стилистикалық ерекшеліктеріне зерттеу жұмыстары көп кездеседі.

Жұмыс мақсаты:

Газет стилі ұғымын, жалпы сипаттамасын және оның функциясын қарастыру;

Ағылшын тілді және қазақ тіліндегі баспасөздер стилінің грамматикалық ерекшеліктерін айқындау;

Газет мақаласының құрылымы мен синтаксистік ерекшеліктерін зерттеу;

Жұмыс міндеті:

Газет стилінің грамматикалық ерекшеліктерін талдап, зерттеу;

Газеттегі мақала тақырыптарының грамматикалық ерекшеліктерін көрсету;

Газет мақалаларының синтаксистік-структуралық құрылымын зерттеу;

Жұмыс барысындағы зерттеу нысаны болған қазақ тілді басылымдар мен ағылшын тілді басылымдардың мақалалары мен тақырыптары.

Диплом жұмысының теориялық-әдіснамалық негізіне И. Р. Гальперин, М. Н. Кожина, Балақаев М., Томанов М., Жанпейісов Е., Манасбаев Б., Т. Амандосов, Солганик Г. Я, Чжао Вэньцзэ, Коробова Л. А., Кнорина Л. В., Кулаков А. Н., Журбина Е. И., т. б. сынды ғалымдардың стилистика, грамматика, лингвистика саласындағы еңбектері арқау болды.

Зерттеу жұмысының практикалық негізі ретінде The New York Times, The Telegraph, The Daily Mail, The Sun, The Denver Post, The Guardian, The Business Insider және т. б. ағылшын тілді басылымдар мен Егемен Қазақстан, Жас Алаш, Ана тілі сынды қазақ тілді басылымдар қолданылды.

1 Газет стилінің жалпы сипаттамасы

1 Публицистикалық стиль және оның функциясы.

Публицистика (латынша: көпшілік, әлеумет) -қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.

Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т. б. шығармаларды, шешендік сөздер публицистикалық стильдің ауызша түріне жатқызып жүр.

Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайдаланылады. Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер негізі, арқауы болады. Мәселен, саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени, моральдық мәселелер. Үндеудің, үгіттеудің мақсаты - жұртшылықты қоғамдық мәні бар іске қатыстыру, жұртшылықтың санасына ықпал ету. Тіл деңгейлеріне байланысты публицистикалық стильдің ерекшеліктері болады. Лексикада - қоғамдық-саяси терминдер мен сөздердің (митинг, ереуіл, демократия, парламент), эмоциялық баға беруші сөздердің (еңбек озаты, көшбасшы, еңбеккер, дем беруші), экспрессивтік бояуы бар сөздердің (қоян-қолтық, нық қадаммен), фразеологияда - перифразалардың (ақалтын - мақта, күріш; қара алтын - көмір, мұнай; екінші тың - қой шаруашылығы, көгілдір тың - құс шаруашылығы) ; морфологияда қос сөздердің (қоғамдық-әлеуметтік, бұқаралық-саяси, үгіт-насихаттық) ; бұйрық рай тұлғасының (орындайық, табысқа жетеміз), синтаксисте - сөйлемдегі сөздердің инверсиялық орын тәртібінің, қаратпа сөздердің, риторикалық сұрақтардың, жай сөйлем бөліктерінің, сан алуан қайталамаларының т. б. жиі қолданысқа түсуі публицистикалық стильдің басқа стильдерден өзгешеліктерін көрсетеді.

Публицистикалық стильді шағын стильдерге (подстиль) бөлу жөнінде бірізділік байқалмайды [1:34] . Дегенмен кейбір зерттеушілердің, Мысалы

А. Н. Васильеваның дәлелдеуінше, мынандай шағын стильдерге жіктеледі: 1) ресми-ақпараттық публицистикалық стиль; 2) ақпараттық-іс публицистикалық стилі; 3) ақпараттық-аналитикалық публицистикалық стиль; 4) ақпараттық-экспрессивтік публицистикалық стиль; 5) бейресми-ақпараттық публицистикалық стиль; 6) жалпы публицистикалық стиль директивалық публицистикалық стиль; 7) салтанатты-декларативтік публицистикалық стиль; 8) таза публицистикалық стиль; 9) экспрессивтік публицистикалық стиль; 10) репортаж публицистикалық стилі; 11) фельетон публицистикалық стилі [2:25] . Публицистикалық стильдің жанрлары туралы ғылыми концепция жасағандардың бірі Т. Амандосов: " Публицистика жанрыныңда пайда болу, қалыптасу, даму тарихы бар. Осы ұзақ жолда жанрлардың сипаты, өз ерекшеліктері пайда болып отырған. Дамудың осы барысында «жанрлар туады, өседі, өзгереді, жолығады, жаңадан пайда болады». Баспасөз арқашанда идеялық-саяси күрестің алаңы екені мәлім. Жанрлардың мазмұны мен формасы да осы идеялық-саяси күрестерге байланысты өзгеріп, дамып отырған. Осы дамудың барысында, журналистиканың шағын жанры заметка, одан кейін барып публицистиканың талдамалы жанрларының бірі -корреспонденция пайда болғаны белгілі. Жанрлар өзара бөлінгенде, олар ерекшелене, екшеле түскенде, біз олардың сыртқы формасын ғана қарап қоймаймыз. Атқаратын қызметін негізге аламыз, өйткені оларға атқаратын қызметіне қарай сипаттама беруге болады. Публицистің алдына қойған осы мақсаттарына байланысты публицистика хабар, талдамалы және көркем публицистика болып жүйеленеді де, олар өзара іштей жанрларға бөлінеді. Әрбір жанрдың өзіне тән заңдылығы, өз ерекшеліктері, өмір шындығын көрсетуде өз әдістері бар. -кішілі жанрлары, оның түрлері бар. Сөйтіп, публицистикалық шығармалар мынадай үш түрлі жүйеге бөлінеді: публицистикалық хабар, талдамалы және көркем публицистикалық жанрлар" деп тұжырым жасаған болатын [3:69] .

Жалпы газет дегеніміз не? Орысша-қазақша түсіндірме сөздікте газетке мынадай анықтама және жалпы қысқаша тарихын береді: «газет - мерзімді, уақытша не бір рет қана шығатын басылым. Ежелгі Шығыс қалаларында көпшілік орындарға ілінетін хан жарлықтарынан бастау алады. XVI ғасырда Венецияда «жаңалық жазушылар орталығы» құрылып, арнаулы ақпараттарын «газета» (италиянша gazzetta - базар нарқы туралы ақпарат сатып алуға арналған ұсақ ақша) деп аталатын тиынға сатты. 1631 ж. француздық «La gazzette» мерзімді басылымының шығуына байланысты «газета» термині осы заманғы мағынасына ие болды. Қазақ тіліндегі тұңғыш басылымдар «Түркістан уәлаятының газеті» (1870 - 82) мен «Дала уәлаятының газеті» (1888 - 1902) . 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары ұлттық мүддені көздеп, бұқаралық сананы оятуға ұмтылған «Қазақ» газеті (1906), «Серке» (1907) басылымдарын шығаруды қолға алды. Қазіргі кезде қазақ тілінде 100-ге тарта газеттер шығарылады ("Егемен Қазақстан", "Жас Алаш", "Қазақ әдебиеті", "Ана тілі", "Алматы ақшамы" т. б) . Олар шартты түрде: ресми, тәуелсіз, партиялық, т. б., сондай-ақ орталық (республикалық), облыстық, қалалық, аудандық газеттерге бөлінеді. Газеттің шығармашылық-шаруашылық жұмыстарына бас редактор басшылық жасайды». [4:72] Газетті біз жалпы публицистикалық стильге жатқызамыз. Бірақ И. П. Гальперин публицистика стилін бөлек те, газет стилін бөлек алып қарастырады. Басылымда кездесетін барлық материал бірдей газет стиліне жатпайды. Оған берілген ақпаратқа баға беретін және оқырманға ақпаратты жеткізу функциясын атқаратын материалдар жата алады. Ағылшын газет стиліне оқырманды ақпаратқа қанық ету мақсатында қызмет ететін лингвистикалық бірлік ретінде қабылданған лексикалық, грамматикалық, фразеологиялық құралдардың өзара байланысты жүйесі деген анықтама беруге болады. Ағылшын газетінде ақпарат төмендегілер арқылы беріледі:

  • қысқаша жаңалық жазбалары (заметки) ;
  • репортаж;
  • таза ақпарат сипатындағы мақалалар;
  • жарнамалар мен хабарландырулар;

Газет қоғам пікіріне саяси және басқа да сауалдар арқылы әсер етуге тырысады. Оның бағалаушылық элементі жаңалықтарды жинау мен ұсынуда байқалады; яғни, спецификалық лексиканың қолданылуы; күмән-күдіктердің фактілер арқылы берілуі; репортердің ұсынған ақпаратында сенімсіздікті немесе жауапкершіліктен бас тартушылығын көрсететін синтаксистік конструкцияда. Негізгі интерпретация және бағалаушы құралдар - газеттік мақалалар, атап айтқанда, редакциялық мақала. Редакциялық мақала деп отырғанымыз фактілерді субъективті түрде ұсынатын алдаңғы қатарлы мақала. Бұл мақсатта эмоционалды бояуға қанық тілдік элементтердің таңдалуы көзделеді. Газет стилінің өзіне тән спецификалық лексикалық ерекшеліктері болады және ол төмендегі сөздердің кең қолданысымен айқындалады.

  • арнайы саяси және экономикалық терминдер
  • терминологиялық емес саяси лексика
  • газеттік клише
  • қысқартулар
  • неологизмдер [5:274]

Күнделікті газет жаңа ақпарат әкеледі, олардың функциясы оқырманға ақпаратты тез, нақты, түсінікті әрі көркем шағын түрде жеткізу болып табылады, сондықтан да оның тілі тілдік инновацияларға тез бейімделгіштігімен ерекшеленеді. Газет тілінің өзіндік заңдылықтары бар. Газетке тән үш жанр тобы болады: ақпараттық (хроника, заметка, есеп, репортаж, сұхбат) ; аналитикалық (мақала, корреспонденция, шолу) және көркем-публицистикалық (очерк, фельетон, памфлет), сонымен қатар басқа да функционалдық стильдер болуы мүмкін.

Газеттің функциясы. Публицистика стилінің арнайы функционалдық-стилистикалық зерттелуіне көп болған жоқ. Газеттің маңызды функциясы ақпараттық деп танылады, алайда, газеттің алғашқы бұл функциясын үгіт-насихаттық қызметі екінші орынға ығыстырады. Газетке ашық және айқын көрінетін экспрессивті әсер берушілік тән. Газет тілінде бұл екі функция бөлініп қарастырылмайды. Газет қоғамды ақпараттандыру қызметін атқарады, яғни, жаңа ғылыми ашылулар, техникадағы жаңа өнімдер туралы, мәдени өмір жаңалықтарын оқырманға жеткізіп, дәріптеу қызметін атқарады. Осыған байланысты газет ғылыми тіл құралдарына сүйенеді. Оған саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да мәселелерді жалпылау мен оларға талдау жасау тән [6:84] .

Газетші теорик те болуы керек. Газет мазмұнының теориялық бағыты ғылыми тілдің лексикалық синтаксистік ерекшеліктеріндегі тіл құралдарының әр түрлілігінен көрініс табады. Газет функциясын бірнешеуге бөледі: ақпараттық, танымдық, тәрбиелік, ұйымдастырушылық, ойын-сауықтық [7:343] . Алайда, оның басты қызметі үгіт-насихаттық, ақпараттық болып қала береді. Басқа функционалдық стильдермен салыстырғанда экспрессивті әсер ету құралдары мен жолдары публицистикалық стильде өте көп қолданылады. Газет тілінің экспрессиясы әр түрлі формада жүзеге асады. Бірақ ұстамды, бір қалыпты дәлелдің формасы мәнерлі, яғни, экспрессивті болатынын білген жөн [8:28] .

Жазушының стилистикалық шеберлігі оқырманға әсер ете алатын тіл құралдарын таңдай білу болып табылады. Газет тілінің спецификасы оның ерекше әрі экспрессивті мәнерлі түрде жеткізілуінде. Публицистика стилінің экспрессивтілікке байланысты бір белгісі стандартының, яғни, газет штампының болуы.

1. 2 Газет тарихы, қалыптасуы

Публицистикалық стильдің жазба түрінің ең алғаш қалыптаса бастауы халықтың жалпы мәдениеті мен экономикасына байланысты. Мәдениеті ерте дамыған елдерде публицистикалық жанр ерте қалыптасады. Оған орыс тілі мысал бола алады. Ресейде XVIII ғасырда ең бірінші газет жарық көрді; сықақ журналдар шыға бастайды. Радищевтің “Санкт-Петербургтен Москваға саяхаты” сол кезде жалынды публицистикалық шығарма болып есептелген.

XIX ғасырдың екінші жартысы публицистикаға үлкен өзгерістер енген кез болды. Бұл кезде революцияшыл-демократтар публицистиканы царизмге қарсы күрес құралы етіп жұмсады. В. Г. Белинский, Н. А. Добролюбов, Н. Г. Черны-шевский сияқты сыншы-публицистер өздерінің сын мақалаларында қоғамдық құрылысты қатты сынға алып, революциялық идеяны қуаттады. Революциялық публицистиканың ең жоғарғы үлгісі марксистік-лениндік классикалық еңбектер болып саналады. [1:35]

Қазақ баспасөзі XIX- ғасырдың екінші жартысында, яғни Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижесінде пайда болды. Оның даму тарихы әлі толық зерттеліп, бір жүйеге келтірілген жоқ.

Бұл саладағы ең алғашқы сөз, бізге белгілі дерек бойынша 1925 жылы айтылған екен. Сол жылы жазғы тұрым Ташкентте «Ақжол» газетінің ұйымдастырумен жалпы қазақстандық баспасөз тілшілерінің съезі өткізілген. Съезде Байтасұлы «Қазақ баспасөзінің тарихы туралы» деген тақырыпта баяндама жасаған.

С. Сейфуллиннің айтуына қарағанда, ол «Баяндамасында алғашқы революция кезінде шыққан газеттердің қандай болғанын өзінше бұза, шала-пұла айтқан» көрінеді («Тар жол тайғақ кешу» 1960 жыл) . Баспасөздің маңызы, атқарар рөлі, ондағы жаңа леп, бағыт-бағдарлар жайлы сөз жөнінен Рысқұловтың «Баспасөз мәнісі» (1926) атты еңбегінің мәні зор деп есептейміз.

Қазақ баспасөзінің бағыт-бағдарына алғаш баға бергендердің бірі жазушы-академик С. Мұқанов. Ол өзінің 1932 жылғы «XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» деген кітабында қазақ баспасөзіне біраз талдау жасайды. Сол сияқты профессор Қ. Жұмалиев пен профессор Е. Исмайыловтың 1941 жылғы «Қазақ әдебиеті» деген оқу құралында, «Қазақ ССР тарихында»., Қ. Бисембиевтің 1961 жылғы «Қазақсанда XIX ғасырдың аяқ шенінде және XX ғасырдың басында болған саяси-идеялық ағымдар» деген кітабында қазақ баспасөзі туралы сөз болды. Қазақ баспасөзінің кешегі-бүгінгісін бірыңғай зерттеп, мол мұра қалдырған Х. Беккожиннің есімі ерекше аталуға тиіс. Аталған авторлардың еңбектері кезінде өз міндеттерін атқарады, өз қызметтерін көрсетті.

Революциядан бұрынғы баспасөз бетінде басылған мәліметтерді ғылыми маңыздылығы жағынан архив қазынасымен бір дәрежеге қоюға болады. Әрине осы газет-журналдарда басылған шығармалардың кез келгенін пайдаланарда оған сын көзімен қараған дұрыс.

Қазақстан жерінде шыққан газет-журналдардың басым көпшілігі орыс тілінде басылғанымен қазақ тіліндегілер де аз болған жоқ. Солай дегенмен де орыс тіліндегі газет- журналдардың көпшілігі реттеліп, библиографиясы жасалып, материалдары ғылыми айналымға түскенімен қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздер күні бүгінге дейін реттелмеді, олардың толық библиографиялық көрсеткіштері жоқ. Осыдан барып көптеген ғылымдарға, әсіресе шығыс халықтарының әдеби, мәдени мұраларын, тарихын, экономикасын, тілін зерттейтін ғалымдарға осы бай мұра бүтіндей белгісіз болып келді. Ал, бұл газет журналдарға көз жіберіп, сырын ашып, ақтарып көретін болсақ, олар революцияға дейінгі Қазақстанның тарихынан, әдебиетінен, мәдениетінен, шаруашылық жайларынан толып жатқан соны деректер бергені даусыз. Тағы бір айта кететін жай Қазақстанның тарихын, экономикасын, әдебиетін, мәдениетін зерттейтін ғалымдар қазақ тілінде ертеректе шыққан газет-журналдарын тауып пайдалану үшін көптеген уақыттарын жоғалтады. Оның қиындықпен түсетін бір себебі мынада: бұл газет-журналдар кітапхана қорымен архивтерде түгел сақталмаған.

Патшалық Ресейдің қол астындағы ұлттар тіліндегі шыққан газет-журналдарда басылған мақалалардың түгелге жуығы библиографияға түсірілмегенін ескерсек, қазақ тіліндегі библиография тіпті болмаған. Бұл жұмыс тек кейінгі кезде ғана қолға алынып, қазақ халқының мәдени өмірін, тарихи даму жолындағы өзгерістерді талдап, зерттеуде жұмыстар атқарылып, түрлі энциклопедиялар мен библиографиялармен жинақтар шығарылды.

Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуде елеулі қателіктер, үлкен кемшіліктер болды.

Кейінгі жылдары қазақ баспасөзін зерттеудегі қателіктерді түзеу жөнінде бірқатар жұмыстар істелді. Б. Кенжебаев өзінің алғашқы кітабын түзетіп, 1956 жылы «Қазақ баспасөзі тарихынан» деген атпен қайта бастырып шығарды. Осы кітаптың авторы да бұрынғы жіберілген қателіктерін ескере отырып, қазақ баспасөзі тарихына байланысты бірқатар мақала жариялады, осыған орай басқа авторлардың да мақала, кітапшалары жарық көрді.

Қазақ баспасөзін зерттеуге бұрын-соңды басылып шыққан библиографиялық көрсеткіштер көп жеңілдік келтіреді. Бұл жөнінде Алянтровтың, Седельниковтың, Сабитовтың, сондай-ақ академик Ә. Марғұлан мен профессор Е. Исмайыловтың басшылығымен Ү. Субханбердина құрастырған библиографиялық көрсеткіштерді атап көрсетуге болады.

Осылардың бәрі қазақтың мерзімді баспасөзінің тарихы туралы жинағы кітап жазу қажеттігін туғызды. Бұл жөнінде Х. Беккожин көптен бері зерттеу жүргізді, бірақ бұдан 1830 -1960 жылдар арасында шыққан қазақ газеттерімен журналдарын түгелдей егжей-тегжейлі зерттеген екен деген ұғым тумауы керек. Бұл, біріншіден, тек бір кісінің қолынан келетін іс емес. Бұл кітапты («Қазақ баспасөзінің даму жылдары») автор өзінің және басқалардың зерттеулері негізінде жазды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарнамалық мәтіндерді аудару фонетикасы
Адманың баспасөз жариялым атауынан алатын әсері
Жарнамадағы нейролингвистикалық бағдарламалау
Саяси тілде сөйлеу
Баспасөз жарияланым аттарының тілдік – стильдік ерекшеліктері
Аударуманың теориялық мәселелері
Араб саяси дискурсының ерекшеліктері
ҚАЗАҚ СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ РӨЛІ
Туынды ұғымы
Журналист тұлғасын қалыптастыру факторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz