«Биологиялық жүйені зерттеу әдістері және құралдары»


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: «Биологиялық жүйені зерттеу әдістері және құралдары»

1. МБ зертхана туралы негізгі түсінік.

Микроорганизмдермен жұмыс жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар екені бізге мәлім. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - тазалық сақтау.

Зертханада жарық мол түсуі керек. Оның терезелері солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс немесе солтүстік жақта орналасуы керек. Егерде терезелер оңтүстік жаққа қараған болса, күн ашық күндері оны материалмен жауып, көлеңкелеген дұрыс. Қабырғалары тегіс боялған немесе пластиктермен жабылған болуы тиіс. Зертханадан шығатын есікте қол жуғыш, дезинфекциялаушы ерітіндісі бар бутил, сабын және сүлгі болуы керек. Еденді пластикамен жабу қажет, өйткені қарағай еденнің тақтайларының аралығында лас жиналады да тазалыққа нұқсан келтіреді.

Жұмыс үстелдері де терезе алдына орналасуы керек, оған жарық мол түскені жөн. Үстел беті пластикамен қапталған болуы тиіс. Үстелдің ортасына пробиркаларға арналған штативтер, флакондар немесе бояулар құйылған ыдыстар, спирт шам немесе газ жанарғысы орналасады. Студенттерге үстел айналасынан жеке орын бекітіліп беріледі, Жұмыс үстелінің үстінде сабаққа қатысы жоқ бөтен заттар болмауы тиіс. Сабаққа қажетті заттардың барлығы өнебойы стол үстінде болғаны жөн. Құрал-жабдықтардың жұмысқа сай, дайын болуына лаборанттар жауапты болады.

Зертханада халатпен, ақ қалпақпен немесе ақ жаулықпен жұмыс істелетінін естен шығармау керек.

Жұмысқа пайдаланылған заттарды ішінде дезинфекциялаушы сұйықтары (хлораминнің 1%, фенолдың 3%) бар ыдысқа салып қою керек. Металдан жасалған заттарды (инелерді, ілмешектерді, пинцетті) жұмыс жасап болғаннан соң спиртовка жалынына жақсылап қарып алады. Киімге немесе тұтынатын заттарға зерттелетін материалдар кездейсоқ тамып кетсе, ол жерді дезинфекциялаушы сұйықпен жақсылап өңдейді. Жұмыс біткеннен кейін қолды дезинфекциялаушы сұйықпен, артынан сабынмен жуып тастайды.

Бөлмені белгілі бір уақыт өткек соң дезинфекциялаушы ерітіндімен, ал боксты (микробтармен жұмыс істейтін бөлме) жұмыс жасап біткеннен кейін бактерицидтік шаммен 30 минуттай өңдеп алады.

Жалпы зертхананың зат жуғыш, автоклав, қоректік орта даярлайтын, термостаттар орналасқан, препараторлық, бокс-бөлме, виварий бөлмелері болуы керек.

Химиялық реактивтер және кейбір биологиялық препараттарды үй асты төлесінде немесе қабырғаға ойып жасалған қараңғы шкафқа орналастырады. Жыл маусымында ол бөлмелер құрғақ, температуралары бір-келкі тұрақты болғаны жөн.

Сабаққа зертхананы лаборант даярлайды, студент тапсырмаларды орындайды, олар келесі ережелерді сақтаулары тиіс:

1. Зертханада тек халатпен кіруге және жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

2. Бөгде заттарды алып кіруге тыйым салынады.

3. Қызметкердің бекітіліп берілген өз орны болуы тиіс, ол тек сол жерде жұмыс істеуі керек.

4. Жұмыста тазалық сақтау міндетті.

5. Жұмыс кезінде темекі шегуге, тамақ ішуге тыйым салынады.

6. Жұмыс үстелінде тек жұмысқа керекті ғана құрал-жабдықтар болуы тиіс.

7. Жұмыс біткеннен кейін жұмыс орнын жинастырып, тәртіпке келтіру міндетті шарт.

8. Спиртовкаларды тек сіріңкемен жағу керек. Оның ішінде спирт болғандықтан өртке қауіпті болып есептеледі.

9. Электр тоғына сақ болу қажет.

10. Бөлмедегі зертхана қызметкерлерінің көмегімен ғана электр жабдықтарын токқа қосуға болады.

11. Химиялық және басқа реактивтермен жұмыс жасаудың ережелерімен алдын ала танысып алу керек.

12. Зертханадан шығарда қолды сабындап жуу қажет.

13. Зертхананың едені әлсін-әлі ылғалды шүберекпен сүртіліп алынуы тиіс.

Зертханалық ыдыстарды өңдеу

Зертханалық жұмыстарда қолданылатын ыдыстар химиялық тұрғыдан аса таза, ал кейбір ыдыстар сонымен бірге зарарсыздандырылған болуы тиіс. Ластанған ыдыстарды хром қоспасымен (қосалқы анықтамада келтірілген) өңдейді. Ол негізінен өте тотықтырғыш зат және шыныларды органикалық қалдықтардан өте жақсы тазартады. Хром қоспасында 30-40 минут ұстағаннан соң ыдыстарды құбыр ағын суында жақсылап жуады.

Жаңадан алынған ыдыстарды 15 минуттай сабынды сумен жуып, содан кейін салқын сумен шаяды. Бұдан кейін ыдыс тазаланбаса, оны 10% тұз қышқылы ерітіндісінде 10-15 минуттай тағы да қайнатып, артынан сумен шаяды.

Өлшеуіш пипеткалар майдан ұқыпты түрде тазартылуы тиіс. Майлы пипеткалар қабырғасында су тамшылары тұрып қалып, сұйықты өлшегенде оның мөлшерін қате көрсетеді. Пипетканы өңдегенде хром қоспасын пипетка ұшымен сорып тартуға мүлде болмайды. Бұл жұмысты пипетка ұшына резина груша кигізіп оңай атқаруға болады.

Заттық әйнектерді де майдан жақсылап тазалау керек. Дұрыс жуылмаған заттық әйнектерде микробтар-дың жұғынды препаратын даярлауға болмайды. Сондықтан бұндай шыныларды хром қоспасына бір тәуліктей салып қояды. Содан соң оларды 5% сода ерітіндісінде 30 минуттай қайнатады да, артынан жақсылап жуады. Таза шыныларды пинцетпен Никифоров қоспасына салып сақтайды (қосалқы анықтамада келтірілген) . Жуылған ыдыстарды сүртпейді, бөлме температурасында немесе құрғатқыш шкафтарда 100- 105° С температурада құрғатады. Таза ыдыстарды шаң-тозаң түспейтін, тығыз жабылатын ыдыстарда немесе шкафтарда сақтайды.

Микробиологиялық зертханадағы жұмыстың негізгі ережесі - жұмысты дұрыс ұйымдастыру.

Келесілерді есте ұстау керек

  1. Зертханаға адамды техника қауіпсіздігі бойынша инструктаждан өткен соң жібереді.
  2. Барлығы медициналық халатта жұмыс істеуі керек. Халатсыз кіруге тиым салынған.
  3. Зертханада темекі шегуге және тамақ жеуге болмайды.
  4. Жұмыс орны үлгідегідей реттілікте болуы керек, ал артық заттар арнайы орындарда тұрады. Столға өзге затты қоюға болмайды.
  5. Күтпеген жерден биологиялық материалдың столға түскенде және т. б. бұл орынды дизинфицирлейтін ерітетін мұқият сүртеді.
  6. Жұмыс нәтижесін жұмыс журналына жазу керек.
  7. Жұмыс алдында және соңында қолды мұқият жуу керек.
  8. Жуылмаған қолмен бетті сипауға болмайды.
  9. Зерттелген материалға ауадын және ауыз қуысынан микрохлора түсетін болғандықтан артық қозғалып, сөйлемеу керек.

Жұмыс кезіндегі студенттер мен кезекшінің міндеті

  1. Кезекші оқу материалын қабылдап оны студенттерге таратады.
  2. Жұмыс кезінде жұмыс орнынтаза және жинақы ұстап, микроскопқа және өзге жабдықтарға мұқият қарау, жұмыстың кез келген этапында мұқият болуы керек, сөйлеспеу, жөтелмеу, қышынуға болмайды.
  3. Барлық егіске (пробиркадағы, чашкадағы, колбадағы) жазу жазады, фамилияны, курс, егіс егілетін күн, стерилизациялану.
  4. Стол бетінің қолбаның бет, инфицирлерде тез оқытушыларға қолдануға болады.
  5. Барлық қолдан пилетка, стекла-мозғаны Дезинфицирленген ерітіндіні салады.
  6. Столда түсті карандаштар болуы тиіс. Дәптерге қажеттілерін жазамыз.

Студенттер мен кезекшілердің жұмысты аяқтағаннан кейін міндеттері.

  1. Жұмыс орнын ретке келтіру.
  2. Барлық пробирка, табақшадағы жасалған егісті кезекшіге тапсыру. (Кезекші термостатқа қояды) .
  3. Қолданылған материалдарды кезекшіге залалсыздандыру үшін тапсыру.
  4. Микроскопты ретке клтіру: салфеткамен иммерсиялық объективті малдан мұқият тазарту; объективті 8х-ға келтіріп, оның астына салфетка қойып, объективті жай қысып, заттың үстелшеге дейін сүрту және егер қажет болса, микроскопты шыны қалпық астына шкафқа қою.
  5. Қолды дезинфицирленген ерітіндімен сүртеді және сабындап мұқият жуады, материалды сақтау, залалсыздандыру мұғалімнің және лаборанттың келісімімен жасалады

3. Лабараторияның жабдықталуы

1. Микроскоптар.

а - «Биолэм» микроскобының жалпы көрінісі; б - МБР-1микроскобының схемасы: 1 - микрос­коптың негізі; 2 - заттық үстелше; 3 - заттық үстелшені қозғайтын винттер; 4 - препаратты ұстағыш клеммалар; 5 - конденсор; 6 - конденсор кронштейні; 7 -гильзаға конденсорды бекітетін винт; 8 - конденсорды қозғайтын рукаятка; 9 - конденсордың иристік диафрагмасының рукояткасы а; 10 - айна; 11 -тубусұстағыш; 12 - макрометрлік винттің рукояткасы; 13 - микрометрлік винттің рукояткасы.

2. Термостаттар - берілген тұрақты температурада микроорганизмдердің қоректік ортада айналдыру үшін қолданады. Лабораторияда эр түрлі температурада бірнеше термостаттар бөлек топтағы микроорганизмдердің жетілуі үшін қондырылған: мезофильді - 28-30 С, термофильдік - 43-55, ағынды түрі - 37 °С, өлшемі мен конструкциясына байланысты термостаттар әр түрлі болады. Үлкен емес шкафтан политермостатқа дейін бірнеше бөлімдерден тұрады.

3. Автоклавтар - ыдыстардың стерилизациялануына, қоректік ортаның және тағы басқа материялдардың қаныққан бу қысымымен атмосферадан жоғары қысымда қызмет істейді. Автоклавта әр түрлі конструкциялды (вертикальды, горизантальды), бірақ принципті схемасы мен құрылысы бірдей болады. Кептіргіш шкаф - термолегулятормен кептіру үшін лабораториялық ыдыстардың стерилизациялануы, әр түрлі материялдардың тұрақты массаға дейін кептірілуі үшін қажет. Кептіргіш шкафты термотұрақты материалды (металл жэне асбест-тен) диопозонды температура жұмыс камерасында 40-тан 200о С-қа дейін есептелінеді. Шексіз іші тесік бетті металды сөрелер орналысқан. Онда ыдыстар немесе кертірілетін материалдар қойылады.

4. Мұздатқыш - Музейлік және жұмысшы мәдени микроорганизмдердің қоректік ортада әр түрлі реактивтер мен ертінділердің 40оС тепратура шамасында сақталуы үшін қолданады.

5. Центрифуга - Сұйық және қатты фазалы суспензиялардың бөлнуі үшін қызмет істейді . Центрифуга -электродвигательдің бөлігіне үздіксіз касадкалы екі ротормен қамтамасыз етілген.

Төрт стаканы бар ротор критовинамен және шыны немесе полиэтиленді пробиркаларға арналған ұяшығы бар бұрыш типті ротормен байланысады. Ротордың айналу жылдамдығы 3000-нан 6000-айн мин .

6. Дистиллятор - суды дистилдеуге арналған қондырғы.

7. таразы -қажетті заттарды өлшеуге қолданылады.

8. Тербеткіш ( Качалка ) - компоненттерді шайқауға, араластыруға арналған құрал.

9. рН-340 маркалары лабораториялық рН-метр (рН ) - сутегі иондарының және тотығуы -тотықсыздануы потенциялының (Е) актифтілігін өлшеуге арналған.

Рефрактомердің құрамындағы құрғак заттарды, қанттарды, спирттерді, аминкышқылдарды, витаминдерді, экстративті көрсеткішін және құрғақ заттардың құрамындағы мөлшерінің массасын көрсетеді.

10. Фотоэлектроколориметр - коллойдты және боялған ерітінділердің өткізу коэфицентін және оптикалық тығыздықтарын анықтауда қолданады. Приборды 315-630 нм спектр облысында болатын жіңішке сызықты жарық фильтрлердің жинағымен қамтамасыз етеді. Колориметр - нефелометр микроорганизмдердің белгілерінің концентрацияларын ерітіндінің лайкылығының дэрежесімен бағалауға мүмкіндік береді.

http://s009.radikal.ru/i310/1510/e4/5ad8d7296b03.jpg

Фотоэелктрокалориметр (ФЭК-М) жалпы көрінісі.

1 - гальванометр; 2 - стабилизатор; 3 - стабилизатор кілті; 4 - сол доңғалақ; 5 - оның өлшеуіш шкаласы; 6 - сәуле пердесі; 7 - кювета орналасқан орын; 8 - оң доңғалақтың өлшеуіш шкаласы; 9 - сәуле сүзгіштерді алмастыратын кілті; 10 - оптикалық сынаны дәлірек қозғағыш дөңгелек; 11 - гальванометрді қосатын кілт.

11. Спектрофотометр - қатты және сұйық заттардың өткізу коэфиценттерін және оптикалық тығыздығын анықтауға қолданылады. Көрінетін (400-760 нм) спектр облысындағы жұтылу спекторларын зерттеуге болады.

12. Зейтц фильтрлері - асбест пен целлюлозаның қоспасынан жасалған диаметрі 33-140 мм және қалыңдығы 3-5 мм-лі дискілер. Целлюлозаның мөлшері көбейген сайын фильтрдің тесіктігі өседі. Ф және СР (стерилизацияланатын) маркалы фильтрлер шығарылып жатыр. Фильтрлер негізінен никельденген металдан жасалған варонкаға орнатылады. Варонка екі бөліктен құралады жоғарлы цилиндірлі және төменгі конус тәрізді. Бұлардың арасында металды сеткада асбесті фильтр орнатады. Содан кейін варонканы бұрайды немесе арнайы винттермен қысып қояды, ал жіңішке тубусты Бунзен колбасының резиналы пробкасына орнатады.

13 . Кептіргіш шкаф - лабораториялық ыдыстарды, т. б. заттарды кептіруге қолданылады.

2. Микроскоптардың түрлері және микроскопиялаутүрлері. БТ зерттеулеріндегі микроскопиялаудың ролі.

  1. Микроскоптың құрылысы

Лупа дегеніміз көздің алдына қойылатын, ал зат оның алдыңғы жазықтығында не шамалы жақын орналасатын қалыпты линза немесе қарапайым оптикалық жүйе. Жүйе көзге дейінгі қашықтық зат пен жүйенің алдыңғы фокусы қашықтығына байланысты болатын тікелей үлкейту және көрініс түзеді.

Микроскоп лупаға қарағанда үлкейтіп көрсететін ұсақ заттарды бақылауға арналған құрал. Микроорганизмдердің морфологиясы мен жасушалардың құрылымын зерттеу көбінесе микрометрмен (мкм =0, 001мм) өлшенеді, сондықтан біз олардың құрылысын микроскоп көмегімен ғана көре аламыз, өйткені микроскоп бізге зерттелетін обьектінің мөлшерін 100 есе (жарықтандыру микроскопы) және 1 есе (электорнды микроскоп) үлкейтіп көрсете алады.

Микроскоптың негізгі техникалық сипаты - оның көру қабілеттілігі болып табылады. «Биоламада» көрудің шекті қабілеті 0, 21мкм тең, сондықтанда объектті 0, 21мкм (1800 есе үлкейту) көруге болады. кіші (3х, 5х, 8х, 9х) және орташа (20х, 40х, 60х) үлкейту объективтерін микроорганизмдердің ірі клеткаларын көруде (саңырауқұлақ) қолданылады. Олар құрғақ жүйе объективтері деп аталады, себебі микроскопиялау барысында фронтальды линза мен препарат аралығында ауа болады. ауаның сынуы (n=1) мен әйнектің шағылысуы (n=1, 52) шашырап объективке тура түспейді. Ұлғайтып көрсететін (85х, 90х) объективтер иммерсионды деп аталады және оларды микроорганизмдердің ұсақ формасын зерттеуде қолданылады (бактериялар) . Бұл жүйеде жұмыс жүргізу үшін препарат максимальді жарық болуы керек. жарықтың шашырауы иммерсионды сұйықтықтарды қолдану нәтижесінде жойылады. Препаратқа кедр майын 1 тамшы тамызады. Құрғақ объективті иммерсионды түріне ауыстырады. Қырынан байқап тұрып объективті майға жанасқанға дейін батырады, фронтальды линза заттық әйнекке жақындайды (объектив линзасы май тамшысында заттық әйнекке, препаратқа тимеуі керек) . окулярға қарап отырып винттермен тубусты жай ғана көтереді, оны препарат көрінісі байқалғанша ұстайды. Жұмыс соңында тубусты көтеріп, препаратты алады.

  1. Микроскопиялау әдістері

Фазалы- контрасттық микроскопия.

Фазалы - контрастық микроскопияның көрінісі боялмаған, контрасты емес объектіден тұрады. Қараңғы және жарық жерлерде әр түрлі қалыңдықты зерттейтін оптикалық препаратты атайды.

Фазалы - контрасты әдісін бақылауы үшін біздің өнеркәсіпте шығарылады, ол мынадан тұрады: 1) . объектив - ахроматтың жинағы. Әр объективте өзінің фазалы пластинкасы болады, ол ішкі линзада орналасқан белгілі бір уақытта плсатинка максимум 90 0 С фазаның өзгеруі байқалады. 2) . Кәдімгі конденордың бақылауына ирис - диафрагманы қажет етеді. Диск револвері - жарқыраған шуақтан құралған. Фазалы пластинканы объективі 2 дәкеден тұрады. 3) . Көмекші микроскопта тубус пен окулярдан тұрса, орталық сақиналы диафрагмадан құралады.

Фазалы - контрасты объективпен окуляр жұмыс орындарда құралған. Кәдімгі конденсорда фазалы - контраста қолданады. Револьверді құрып болғаннан кейін - сақиналы диафрагма 0-ге тең. Бұл препаратты микроскоптың жанына әкеліп, оған төмен ватты шам жарығын орнатады, көмекші микроскопты окулярмен бірге қойып және ақшыл сақина диафрагмасы мен қараңғы сақиналы пластинкалы фазасымен бірігеді. Содан кейін көмекші микроскоп окулярмен ауысады.

Микроскоппен қараған кезде микроағзалардың түрі боялмаған, олар қоректік ортада өзгеріп отырады. Жарық жерде өзгермейді. Олардың тек жарық фазасы ғана өзгереді. Микроскоппен қараған кезде аз контрасты объектісі боялған кезде мөлдір түсті болады. Мұндай түсті көрген кезде фазалы - контрасты микроскопты қолданады. Фазалы - контрасты әр түрлі жарық микроскоптан тұрады:

  1. Объектив арнайы фазалы пластинкамен жинақталған;
  2. Конденсор айналмалы дисктен тұрады;
  3. Көмекші телескоп фазалы - контрасқа арналған.

Бейнелеудің дәлдігі жарықтың түрлі объект элементерімен жұтылуына тікелей байланысты екені белгілі. Егер объектіде жарықтың күшті және әлсіз адсорбирленуі кезекпен жүрсе, объект өзінің амплитудасын өзгертеді. Мұндай объектінің түрлі бөлімдерінен өтетін жарық сәулелерінің интенсивтілігі түрлі болады. мұндай объектілер жарық өткенде не әлсізденбейді немесе аз әлсізденеді. Алайда объектінің жеке учаскелерімен сынудың түрлі көрсеткіштері немесе объектіден шығарда қалыңдықтың тегіс еместігіне тәуелді жарықтың фазасы ауытқиды. Фазаның жылжыуы жарықтың оптикалық тығыздығы түрлі ортада таралу жылдамдығының біркелкі еместігінен жүреді. Үлкен оптикалық тығыздықтағы орындарда жарық жылдамдығын баяулаты фаза бойынша өзгереді. мұндай объектілер фазалы деп аталады. Оларға микроорганизмдер мен тірі клеткалардың көп мөлшері жатады. Адам көзі мен фотопластинка жарықтың фазалы ауытқуын шақырмайды. Олардың табылуы үшін 1934 жылы голлондиялық Церникпен ұсынылған фазалы - контрастар әдісі қызмет көрсетеді.

Фазалы - контрастар әдісі микроскопта диспорционды құрылулар жайлы Абба теорясын пайдалануға негізделеді.

Әдістің мәні микроскоптың кәдімгі конденсорын сақиналы диафрагмалы арнайы конденсормен ауыстырады, ал револьверді арнайы объектіге біріктіреді. Бұл объектінің алаңдық линзасына фазалы пластинка сақина түрінде қойылған.

Фазалы -контрастылы микроскопты келесі әдіспен құрады:

  1. Микроскоптағы кәдімгі объектив пен конденсорды фазалыға ауыстырады.
  2. Конденсор дискісін бұру арқылы нөлдік диафрагманы құрастырады.
  3. Преапаратты микроскоп үстелшесіне орналастырады, ХЮ жарықтандыруын құрайды және фокустайды. Конденсор диафрагмасын түгелімен ашады.
  4. Нөлдік диафрагманы қолданылатын фазалы объективіне сай үлкендіктегі диафрагмаға ауыстырады.
  5. Микроскоп окулярын көмекші окулярға ауыстырады.
  6. Көмекші микроскоптың қозғалғыш трубкасын винт көмегімен фиксирлейді.
  7. Конденсордың орталықтандырғаш винттерін айналдыра конденсордың сақиналы диафрагмасын объективтің фазалы сақинасымен біріктіреді.
  8. Көмекші микроскопты тубустан алады, керекті окулярды қояды, фокусты тұрғызып, объектіні зерттейді.
  9. Объективтің әр ауыстырылуында 4, 5, 6, 7, 8 пункттеріндегі операцияларды орындау қажет.

Әр студент бактериалды препаратты микроскопия техникасымен келесі кезектермен өңдейді:

  • Микроскопты өзінің жұмыс столына ыңғайлы жерге қояды және жарықтандырады;
  • Микроскоптың заттық столына дайын болған жұғындыны қояды және оны қысқыштармен қысады;
  • Препаратты құрғақ обьектив көмегімен көреді және детальды зерттеу үшін жақсы жерді іздеу;
  • Микроскоптың тубусын көтеріп, револьвердің көмегімен иммерсионды обьективті орнату;
  • Иммерсионды обьективтің фронтальды линзасын мойына қаратып, обьективтің линзасын және заттық әйнекті обьективпен бұзбау үшін жанынан бақылайды;
  • Окулярға қарап, макрометрлік винтпен микроскоптың зерттеліп жатқан обьектісі шыққанша тубусты көтеріп көру;
  • Микрометрлік винтпен фокусты анықтайды және де алынған препаратты зерттейді;
  • Микроскопиялық суретті альбомға салады;
  • Тубусты көтеріп, көрсетіліп жатқан препаратты алып тастап, қағазбен немесе салфеткамен кедр майын обьективпен алып тастап, жарықтандыруды өшіреді;
  • Микроскопты чехолмен жауып, жұмыс орнын ретке келтіреді.

Микробиологиялық зерттеулердің әдіcтері:

  1. бактериоскопиялық зерттеу - микроорганизмдердің формасы мен құрылысын микроскоптың көмегімен зерттеу;
  2. бактериологиялық - микроорганизмдердің культураларын культивирлеу жолымен зерттеу, яғни жасанды қоректік ортада өсіру;
  3. тәжірибелік әдіс - тәжірибедегі сыналған жануарлардың көмегімен микроорганизмдердің және олардың уларын анықтау;
  4. серологиялық - қанның сары суының көмегімен микроорганизмдерді анықтау.

Микроорганизмдердің морфологиясы мен жасушалардың құрылымын зерттеу көбінесе микрометрмен (мкм =0, 001мм) өлшенеді, сондықтан біз олардың құрылысын микроскоп көмегімен ғана көре аламыз, өйткені микроскоп бізге зерттелетін обьектінің мөлшерін 100 есе (жарықтандыру микроскопы) және 1 есе (электорнды микроскоп) үлкейтіп көрсете алады.

Микробиологиялық практикада көбінесе оптикалық жарық өрісіндегі микроскоптар қолданылады, көбіне фазалы - контрасты жабдықталуымен.

Көп қолданылатын микроскоптар қатарына қараңғы өрістегі конденсор және люминесцентті микроскопия жатады.

4. Жарық өрісіндегі микроскопия

Жарықта өтетін жарық алаңының әдістері негізінен мөлдір препараттарда қолданылады, өйткені олардың құрылымының бөлімшелері әр қилы жарықты сіңіреді. Жарықтандыру системасындағы сәулелер препаратқа және обьективке біртегіс жарықтандыру береді. Препарат құрылымының элементтері көбінесе оларға түсетін жарықты сіңіреді, ауытқытады, олар суреттің шығуын қамтамасыз етеді. Бұл әдіс сәуле сіңірмейтін обьект үшін де пайдалы. Жарық алаңының әдісі мөлдір обьектілерді бақылау үшін көбінесе биологиялық ұлпа және көптеген минералды қолданылады. Обьектив арқылы жарықтандыру төбеден препаратқа беріледі және ол тағы да жарықтандыру қызметін атқарады.

Биологиялық микроскоптың жабдықтары

Микроорганизмдерді зертеу үшін күрделі оптикалық прибор микроскопты қолданады (грекше mikros - кішкентай, skopeo - көремін) . Микроскоптар 2 негізгі бөліктен: механикалық және оптикалық бөліктен тұрады. Механикалық бөлігі штативтен, тубустан және заттық үстелшеден тұрады. Заттық үстелше винттің көмегімен қиғашымен орналасады. Столдың үстінде препараттың қатайту үшін 2 клемма болады. тубус негізінен макрометрлік және микрометрлік винт көмегімен көтеріледі және түседі.

Тік немесе иілген тубустың үстінде револьвер жалғасқан, оған 2-4 объектив орналастырылған. Объективтерді ауыстыру үшін револьверді өзі осін айналдыру арқылы жүзеге асырамыз.

Микроскоптың оптикалық бөлімі жарық аппаратынан, объективтерін және омулярлардан тұрады. Жарық аппараты заттың үстелдің астында орналасқан, ол айнадан, конденсордан және ирис-диафрагмасынан тұрады. Айна екі беттен тұрады: тегіс және иілген: ол жарық сәулесін шағылыстарап, конденсорға бағыттайды. Өте үлкен жарықтандыру үшін тегіс айналарды қолданады. Жасанды және табиғи кішігірім жарықты үлкейту - иілген айнаны қолданады. Конденсор күшті линзалар жүйесінен тұрады. Ол зерттелетін объектінің оның көрінуі үшін жарықтың ашық болуын қамтамасыз етеді. Жарық сәулелерін жинап, оларды айнада шағылыстырған соң, конденсор тегіс айнада концетрлейді. Конденсор винттің көмегімен вертикальді бағытта жылжиды. Конденсорды төмен түсірген кезде микроскоптың көру түтігінде қараяды, ал көтергенде - жарықталады. Егер қатты жарық болып кетсе, онда конденсорды түсіру керек, ал егер қараңғылау болса - көтеру керек.

Ирис-диафрагма жіңішке металл сегменттерінен тұрады, ол конденсордың астында орналасқан, ол арқылы конденсорға түскен жарықты реттейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология сабағында танымдық белсенділікті дамытудың әдістері мен шарттары
Биологияда оқу-тәрбие жұмыстары
Электронды оқулық дәріс
Педагогикадан мемлекеттік емтиханға дайындық
Экожүйелік қызметтердің экономикалық құндылығын бағалау
Биология сабағында жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру
Мектептегі информатика пәнін саралап оқыту әдістері
Медицинадағы ақпараттық технологиялар
Ақпараттық технология бойынша сабақ өткізу
Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz