Биология пәнін оқыту әдістемесі



КІРІСПЕ 3
1 БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА 4
1.1 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері 4
1.2 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері 8
2 8 сыныпта «Кенелер. Ауыл шаруашылығының зиянкестері» таырыбын оқыту әдістем ес і 10
2.1 Кенелер тақырыбына жалпы сипаттама 10
2.2 Биологияны интерактивті оқыту. 14
2.3 Кенелер және ауылшаруашылық зиянкестер тақырбын оқыту әдістемесі 17
ҚОРЫТЫНДЫ 21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 22
Биология жаратылысты зерттейтін ғылымдардың бірі. Жаратылыс дегеніміз – бізді айнала қоршаған материялық дүние. Сондықтан, биология жаратылыстану ғылымдарының қатарына жатады. Мен дипломдық жұмысымда «Биологияны оқытуда өзіндік жұмыстарды пайдалану ерекшеліктері» тақырыбы бойынша мектептегі биологияны оқытудағы өзіндік жұмыстардың маңызын ашуға тырыстым. Биологияны оқытудағы өзіндік жұмыстардың ролін зертедім.
Тақырыптың өзектілігі:
Бірі білімнің теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды, үшіншісі осы мәселе негізінде оқушылардың практикалық дағдылары мен шеберліктерін дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі- түрлі мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар, өзіндік жұмыс арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызметі мен оқытушының оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту мәселесі де қарастырылуы мүмкін.
Жұмыстың мақсаты: Оқу-тәрбие жұмысының барысында биология курсының әр түрлі салаларынан оқушыларға кенелер жәе ауыл шаруашылығы зиякестері туралы әр түрлі тақырыптарында сабақ өту әдістемесіне методикалық өңдеулер жасау.
Жұмыстың міндеттері:
- Кене ұғымы туралы жалпы түсінік
- Жаңа технология бойынша кене тақырыбын өту методикасы
- Жануартану пәні бойынша жануар кенелерімен танысу
Зерттеу обектісі. Мектеп биология пәндерін оқыту барысында оқушыларға кене және ауыл шаруашылығы зиянкестері туралы методикалық білім қалыптастыру. Оқушылардың білімін көтеру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізу.
Зерттеу болжамы. Орта мектепте биология сабақтарында ди көрнекі құралдар жүйелі қолданылып, оқушылардың жас ерекшелігіне, материал мазмұнына сәйкес іріктелініп алынса, олардың байқампаздығы, пәнге деген қызығушылығы, абстрактылы ойлауы дамиды.
Күтілетін нәтиже. Орта мектепте биология пәнін оқыту үрдісінде интерактивті әдіспен оқыту оқушылардың танымдық-шығармашылық ізденістерін дамытады. Мультимедиялық тақта сабақты электронды түрге айналдырып, көрнекті түрде өткізуге мүмкіндік береді. Сабақтың өнімділігі артып, оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.
1. Р.Әлімқұлова. «Жалпы биологиядан кейбір тақырыптарынан методикалық талдау, өңдеу». Алматы, 1969.
2. Р.Әлімқұлова, Р.Сәтімбаев «Зоология сабақтары». Алматы, 1980.
3. Брунов Е.И., Малахова Г.Я., Соколова Е.А. «Адам анатомиясы, физиологиясы және гигинасынан өтілетін сабақтар». Алматы, 1970.
4. Вилли К. «Биология». Москва, «Мир». 1964.
5. Полянский «Жалпы биология». Москва, 1984.
6. Реймерс Н.Ф. «Негізгі биологиялық терминдер мен түсініктер». Москва, 1986
7. Қ.Сапаров. «Жалпы цитология негіздері». Алматы, 1994.
8. Қасымова Т., Л.Аманжолова, Ж.Әкімов, Р.Сәтімбекұлы. «Тіршіліктану». 1997.
9. Н.И.Филатова, А.А.Луцкая, В.М.Дудникова. «Зоология сабақтары». Мектеп, Алматы. 1999.
10. «Әдістемелік жаршы». 2008 - №1.
11. «Биология және химия» журналы. 2006, №1-2.
12. «Қазақстан мектебі» журналы. 2088, №1.
13. «Биология в школе» журналы. 2006, №5, 2007 №1, 2010 №3.
14. Биология және химия, география журналы. 2008, 2010.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА 4
1.1 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері 4
1.2 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері 8
2 8 сыныпта Кенелер. Ауыл шаруашылығының зиянкестері таырыбын оқыту әдістем ес і 10
2.1 Кенелер тақырыбына жалпы сипаттама 10
2.2 Биологияны интерактивті оқыту. 14
2.3 Кенелер және ауылшаруашылық зиянкестер тақырбын оқыту әдістемесі 17
ҚОРЫТЫНДЫ 21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 22

КІРІСПЕ

Биология жаратылысты зерттейтін ғылымдардың бірі. Жаратылыс дегеніміз - бізді айнала қоршаған материялық дүние. Сондықтан, биология жаратылыстану ғылымдарының қатарына жатады. Мен дипломдық жұмысымда Биологияны оқытуда өзіндік жұмыстарды пайдалану ерекшеліктері тақырыбы бойынша мектептегі биологияны оқытудағы өзіндік жұмыстардың маңызын ашуға тырыстым. Биологияны оқытудағы өзіндік жұмыстардың ролін зертедім.
Тақырыптың өзектілігі:
Бірі білімнің теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды, үшіншісі осы мәселе негізінде оқушылардың практикалық дағдылары мен шеберліктерін дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі- түрлі мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар, өзіндік жұмыс арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызметі мен оқытушының оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту мәселесі де қарастырылуы мүмкін.
Жұмыстың мақсаты: Оқу-тәрбие жұмысының барысында биология курсының әр түрлі салаларынан оқушыларға кенелер жәе ауыл шаруашылығы зиякестері туралы әр түрлі тақырыптарында сабақ өту әдістемесіне методикалық өңдеулер жасау.
Жұмыстың міндеттері:
- Кене ұғымы туралы жалпы түсінік
- Жаңа технология бойынша кене тақырыбын өту методикасы
- Жануартану пәні бойынша жануар кенелерімен танысу
Зерттеу обектісі. Мектеп биология пәндерін оқыту барысында оқушыларға кене және ауыл шаруашылығы зиянкестері туралы методикалық білім қалыптастыру. Оқушылардың білімін көтеру мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізу.
Зерттеу болжамы. Орта мектепте биология сабақтарында ди көрнекі құралдар жүйелі қолданылып, оқушылардың жас ерекшелігіне, материал мазмұнына сәйкес іріктелініп алынса, олардың байқампаздығы, пәнге деген қызығушылығы, абстрактылы ойлауы дамиды.
Күтілетін нәтиже. Орта мектепте биология пәнін оқыту үрдісінде интерактивті әдіспен оқыту оқушылардың танымдық-шығармашылық ізденістерін дамытады. Мультимедиялық тақта сабақты электронды түрге айналдырып, көрнекті түрде өткізуге мүмкіндік береді. Сабақтың өнімділігі артып, оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.
Зерттеу нысаны: орта мектептердегі биология курсын оқыту процесi.
Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Курстық жұмыс кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.

1 БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1.1 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері

Жалпы білім беретін мектептегі биологиялық білім мазмұнын, оны оқыту әдістерін түбегейлі жаңартудың қажеттігі көп жылдар бойы қалылтасқан ескі әдіснамалық ұстанымдарра негізделіп жасалған пәннің дәстүрлі әдістемесінің қоғам дамуындағы жаңа бағытта даму үрдісінен шыға алмай дағдарысқа түсуінен туындап отыр.
Қазіргі мектептегі биология курсы XX ғасырда биология ғылымдарында болған, танымдық, білімдік және тәрбиелік жағынан аса маңызды деген өзгерістерді жеткілікті дәрежеде игермеген.
Тіршіліктің жасушаның - ағзалық деңгейі бүкіл оңу материалының 90% астамын алады: ал популяциялық - түрлік, биосфералық биогеоценотикалық деңгейлер қажетті көлемде және тереңірек қарастырылмайды, себептілік, тарихилық, жүйелілік, полицентриуі т.б. сияқты білімді дүниетанымдық көзқарас жүйесіне жалғастырыг енгізетін биологиялық таным әдістері арнайы оқытылмайды: ғылыми болжам жасау, оны тексеріп байқау әдістері туралы айтылмайды.
ҮІ-ҮІІІ сыныптардағы өсімдіктану жануартану пәндерінде тірі ағзалар топтарының жекелеген өкілдерінің аттарын атап, сыртқы, ішкі құрылысын тәптіштеп сипаттауға, жіктеп топтастыруға өте көп көңіл бөлінеді де, экология, диалектикалық көзқарас қалыптастыру мәселелеріне жете мән берілмейді.
IX сыныптағы тәнтану пәнінде адам омыртқалы жануарлардың тіршілік үрдістерін зерделеудің моделі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік мәні, дүниенің ғылыми бейнесіндегі орны, өмір сүру мақсаты, құндылығы, салауатты өмір, т.б. қазіргі заманғы адамтанудың аса маңызды мәселелері мектептегі бүкіл білім мазмұнынан тыс қалған.
Мектептегі биологиялық білім мазмұнының ізгіліктендіру ұстанымын жүзеге асыратындай, оқушыларда тіршіліктің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастыратындай, экологиялық сауаттылығын арттырып, мәдениеттілікке тәрбиелейтіндей ойлауын дамытуымыз керек[1;26].
Қазіргі заманда ғылыми білімнің қуатты кіріктіру кезеңі жүріп жатыр. Мектепте білім мазмұнын пәндерге жіктеп оқыту басымдылығы берік сақталған. Орта, жоғарғы сыныптарда пәндік оқытуға мән берілуі қажет, онсыз оқушыларға қазіргі заманғы ғылым негіздерінен тиянақты білім беру мүмкін емес. Пәндік оқытудың гипертрофиясы биологияның басқа пәндермен байланысын былай қойғанда, өз ішіндегі салалық бөлімдері арасындағы байланыстың үзілуіне әкеп соқтырған. Мысалы: тіршіліктану курсы бір-бірімен байланысы аз цитология, эюлюциялық ілім, экология және генетика сияқты: тіпті әрқайсысы өз ғылыми пәнін де қажетті деңгейде бейнелей алмайтын жеке-жеке бөлімдерден тұрады.
Тіршілік жүйесінде жүретін физикалық-химиялық заңдылықтардың негізін түсінуге көмектесетіндей алдын-ала дайындау пәндер оқытылмайды. Мысалы, диффузия, адсорбция, сәуле-жарық, ионды алмасу, қысым, т.б. туралы қарапайым мәліметтері жоқ. Ү-ҮІІІ сынып оқушылары өсімдік, жануар, адам ағзасында жүретін тіршілік үрдістері туралы қоректену, тыныс алу, көбею, өсу, даму, қозғалу т.б. материалдарды жаттанды оқуға мәжбүр болады. Мектептегі басқа пәндер сияқты биологиядан да оқушыларға көп жағдайда, дайын білім ұсынылады. Оқыту әдістері оларды өздігінен жаңа ақпараттарды іздестіруге, оқу тапсырмаларын өздігінен шешуге талпындырмайды, яғни оқыту әдістемесі, догмалық ойлау типі басым, дайын нұсқауларды бұлжытпай орындаушылар тәрбиелеуге бағдарланып құрылған. Еліміз тәуелсіз даму жолына түсіп отырған жағдайда оқушылардың өз еліне, туған табиғатқа, жеріне терең, аялы сезімін оятып, патриоттық рухта тәрбиелейтіндей, эстетикалық талғамын қалыптастыратындай материалдар, ұлттық мәдениетіміздің элементтері биология пәні мазмұнында жеткіліксіз.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына орай жалпы білім беретін мектептің құрылымы, әр сатысының оқу-тәрбиедегі қызметі өзгереді. Ал, қазіргі мектепте оқытылып жүрген биология пәні әдістемесінің негізгі құрамдас бөліктері мақсаты, мазмұны, әдістері, оқу жұмысын ұйымдастыру түрлері, құралдары түбегейлі өзгеріске түскен жоқ, ескі базисте сақталып отыр. "Жаңа" деп жасалған оқулықтары "Өсімдіктану, Жануартану, Тіршіліктану, Тәнтану ескі базиске құрылғандықтан аталған кемшіліктерден арылмаған. Оның үстіне республикадағы көп мектептер бұрынғы Одақта жасалған ескі оқулықтар пайдалануда. Осының бәрі жалпы білім беретін мектептегі биология пәні әдістемесін түбегейлі жаңартып, қайта құру қажеттігін көрсетеді[2;589].
Биологиядан жалпы білім берудің мақсаты, мазмұны, құрылымы, ең алдымен қоғамның әлеуметтік сұранысына, қазіргі заманғы биология ғылымының жүйесі мен әдіснамасының ұсыныстарына және орта буын сыныптары оқушыларының жас ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндігіне сай анықталады.
Мектептің негізгі сатысында биологиядан білім берудің негізгі мақсаты -тіршілікті ең жоғары құндылық деп түсінетін, экологиялық және эволюциялық ойлау стилі қалыптасқан, экологиялық мәдениеті, дүниенің ғылым бейнесіндегі тірі табиғаттың, тіршіліктің орны мен мәнін сауатты бағдарлайтын, биологияның ғылыми танымдық әдіс, тәсілдерін, іргелі ұғымдар жүйесін қажетті деңгейде меңгерген және биологиялық білімін экожүйелер мен тірі ағзалардың көптүрлілігін сақтап, қорғауға, өндірістік енбек үрдістерін экологияландыруға, салауатты өмір сүруге тиімді қолдану біліктері бар, биологиялық сауатты тұлға дайын болуы керек.
Бұл мақсат мынадай міндеттер жүктейді;
- Оқушылардың ғылыми дүние танымын, тірі жүйелерге, адамға ең жоғары құндылық, мінсіз әсемдік ретіндегі қарым-қатынасын қалыптастырып, биологияны мәдениет құбылысы деп танып, қабылдауын қамтамасыз ету;
- тіршіліктің, адамның дүниесінің ғылыми бейнесіндегі орны мен ролін түсініп, меңгеруіне жағдай жасау;
- биологияның негізгі идеяларын ұстанымдарын, идея мен деректің өзара байланысын, теориялар мен тұжырымдамалардың қалыптасуы мен дамуын, алмасуын саналы меңгерту;
- тірі жүйелер туралы білімді практикада қолдану біліктерін қалыптастыру;
- биологиямен байланысты мәдениет салаларына қажетті негізгі әрекет түрлері туралы түсінік, білік, дағдыларды меңгерту;
- биологиямен байланыеты мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу.
Биологияны оқыту мақсаты педагогикалық психологияда анықталғандай, орта буындағы сынып оқушысында теориялық ойлаудың даму мүмкіндігінің жоғары болуы жаңа білім мазмұны негізін дамыта отырып, оқыту идеясын игеру қажеттігін көрсетеді. Бұл идеяның негізгі ұстанымдарының бірі - білімнің теориялық деңгейін көтеру екені белгілі. Мектептің негізгі сатысында жалпы биологиялық білімнің аяқталған сипаты болуы қажеттігіне орай, білімнің теориялық деңгейін көтеру бұрын Х-ХІ сыныптарда оқытылатын биологияның іргелі теориялары мен тұжырымдамалары жасуша, хромосома, онтогенез, эволюция т.б. туралы ақпараттарды осы сатыға түсіру арңылы жүзеге асырылады. Мұнда оқушылардың таным мүмкіндігі ескеріледі; ең алдымен, ХҮ-Х сыныптардағы бұрынғы өсімдік, жануар, адам туралы бір-бірімен байланыссыз, индуктивті сипатта, эмперикалық деңгейде оқытылатын материалдардағы ұсақтүйек, білімдік, дүниетанымдық жағынан онша мәні жоқ мағлұматтар қысқартылып, қалғаны жүйеленеді, жалпы биологиялық заңдылықтарды ашатын теориялар мен тұжырымдамалар ықшамдалып жеңілдетіледі тұқым қуалаудың химиялық негіздері, жасуша деңгейіндегі зат және энергия алмасуының физикалық-химиялық аспектілері т.б. және басқа материалдармен кірістіріледі. Мұның өзі мектепте оқытылатын биологиянм сәйкес ғылымның моделі ретінде қарастырып, жүйелілік, полицентризм, себептілік, тарихилық ұстанымдары тұрғысынан бір-тұтас курс түрінде құруға және оның мазмұнында тіршіліктің үш деңгейі туралы білімді қамтуға мүмкіндік береді тіршіліктің біртұтастығын, дүниенің бейнесіндегі орнын, биологиялық үрдістер мен құбылыстардың мәнін саналы түсінуге аса қажетті жалпы биологиялың заңдылықтармен оқушыларды ертерек таныстырып, мектептің негізгі сатысының өзінде-ақ олардың жалпы білімділік дайындығының толық болуын қамтамасыз етеді[3;89].
Мұндағы әдіснамалық ұстанымдардың ролі білім мазмұнын, құрылымын, құрамын, оқыту әдістерін анықтауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар олардың өзі білім мазмұнының құрамдас бөлігі бола отырып, биологиялық білімді дүниетанымдық жүйемен ұштастырады. Соның нәтижесінде "Оқушылардың тірі табиғатқа деген ғылыми көзқарасын қалыптастыру" талабы мақсат тек сөз жүзінде қалмай, мазмұны арқылы жүзеге асырылады.
Бұл орта буын кезеңіндегі 11 -- 15 жастағы оқушыда жетекші орынға шығатын құндылық бағдарлы әрекеттің қалыптасуына елеулі ықпал етіп, соның негізінде өмірдің мәнін іздестіру, дүниеге көзқарасын, адамгершілік сезімін, мұрағият ұстанымын, эстетикалық талғамын айқындау бағытындағы талпынысы мен мүддесіне сай келеді. Дамыта отырып оқыту идеясы мектеп биологиясының әдістемесінде тірі табиғаттың біртұтастығы, онымен әрекеттік қарымқатынасын, оқушы тұлғасы дамуының ерекшелігі мен оқу пәні қисынының бірлікте қарастырылуы, биологиялық білімінің жалпы мәдениеттегі орнын анықтайтын ізгіліктендіру идеялары арқылы нақтыланып, биологиялық білім мазмұны құрылымы, құрамы, оны оқыту әдістері осы идеяларға негізделеді.
Оқытудың мақсаты мен білім мазмұнының негізіне алынған дамыта оқыту идеясына, оның ұстанымдарына сәйкес білім мазмұнының төмендегідей құрылымы анықталады:
- Тірі табиғат туралы білім.
Бұл тірі табиғаттың ғылыми бейнесін көрсететін қазіргі заманғы биологиялық ғыльми білім жүйесін және осыны толықтырып, оған әлеуметтік-мәдени фон беретін тірі табиғаттың көркем моделі мен ол туралы әр түрлі мифтік, діни мағлұматтарды қамтиды.
Тірі табиғаттың ғылыми бейнесіне
а биологиялық обьектілер мен құбылыстар өсімдік, жануар, адам тіршілігі туралы түсініктер;
б түрлі обьектілердің, оларда жүретін үрдістердің және тіршілік қызметінің қасиеттері, құрылымы, қарым-қатынастық байланыстары, т.б. басты сипаттамалары;
в биологиялық, теориялар, т.б, туралы білім кіреді.
Оқушылар меңгеруі тиіс әрекет түрлері туралы білім. Бұған ғылыми-зерттеу, көркем қабылдау, құрастыру, технологиялы практикалық сипаттары және тірі табиғатқа қатынасты, оның мәдениеттегі орнын түсініп бағалауға арналған адамгершілік сипаттағы оқу тапсырмаларын шешуге бағытталған әрекет түрлері жатады.
- Білімді меңгерудің әдіс-тәсілдері туралы білім.
Бұл білім туралы эмпирикалық, теориялық, практикалық, білік, дағдылар және оны меңгерту тәсілдері туралы логикалық: талдау, синтез, жалпылау, салыстыру ғылыми, бақылау, тәжірибе, эксперимент, модельдеу т.б білімді қамтиды.
Білім берудің мақсатына орай, оқушының жасына байланысты таным ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың бәрінің білім алуына тең мүмкіндік берілуі қажет дейтін дидактикалық ұстанымға сүйенгенде, сонымен қатар біздің мектептерімізде берілетін биологиялық білім деңгейінің алдыңғы қатарлы елдерден төмен болмауын көздегенде, ең алдымен, әр оқушыға мектеп ұстанатын оңу материалының базалық өзгеріссіз денгейі, яғни базалық білім мазмұны анықталуы тиіс. Бұл деңгей қандай типті екеніне қарамастан мектептің негізгі сатыда әр оқу үшін ұсынатын білім мазмұнын толық ашады және оқу бағдарламалары осы мазмұнға құрылады[5;123].
Біздің пікірінше, биология мазмұнының салалық бағыттары бойынша алғанда базалық білім мазмұнына мынадай мәселелер кіреді. Биология пәні, құрылымы, әдістері, ғылымының даму кезеңдері. Тіршілік, оның қасиеттері, үрдістері тірі ағзалардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы. Биологиялық обьектілермен, құралдармен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелері.

1.2 Биологияны оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері

Оқушылардың даралық ерекшеліктеріне қарай білім мазмұнын көп деңгейлі етіп құруға ерекше маңыз беріледі. Мұны оқу бағдарламасында екі деңгейлі, оқушының білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар түрінде көрсетуге болады:
1. Мүмкіндік деңгейлер - базалық білім мазмұны ауқымында анықталады;
2. Міндетті деңгей - оқушы меңгеруі тиіс білім, білік дағдының ең аз мөлшерін көрсетеді.
Бұл талаптарды оқушылар "Үрдісті немесе құбылысты ашып түсіндір", "салыстыр", білімді пайдалан, "қорытынды жаса", "негіздеме бер", тәжірибе қой, жаса", "обектіні анықта" т.б, сияқты алуан түрлі оқу әрекеті әдіс-тәсілдерін қолдана отырып орындайды. Соның нәтижесінде, оқушы оқу әрекетінің әдіс-тәсілдерін меңгереді. Әрі солар арқылы оның белсенділігі артады және саналы, берік биологиялық білім алады.
Биологияны нәтижелі оқытуда оқушылардың білімін бақылап, бағалаудың белгілі бір жүйесі, әдістері елеулі ролі бар екенін атап көрсету керек.
Қазіргі мектепте басым қолданылып жүрген бес балдық бағалау жүйесі бүгінгі күнгі дамыта отырып оқыту идеясы талаптарына сай келмейді. Жүйе негізінен, оқушыларды "нашар", "жақсы" оқитындар деп жіктеуге көбірек баға жинақтап, соның орташа көрсеткішімен қорытынды жасауға бағытталған, оқу материалынан барлық оқушылардың алған білім, білік дағдыларының обьективтілігіне кепілдік бере алмайды: дамытушылық, тәрбиелік, диагностикалық қызметі жоқтың қасы: бағалау мұғалімнің пікірімен ғана жүргізіледі, оқушылар қатыспайды. Мұғалім қойған "қорытынды" бағаның дұрыстығына, әділдігіне оқушының, ата-ананың сенімі көп жағдайда болмайды.
Қазіргі кезеңде, кейбір мектеп тәжірибесінде оқушы білімін бақылап, бағалаудың әр түрлі әдіс-тәсілдері, жолдары қолданылып жүр. Солардың ішінен жаңа деп бір-бірімен байланысты жүргізілетін тест-тапсырманы айтуға болады[6;58].
Теет-тапсырма сыныптағы бүкіл оңушылар білімін тұтас пән немесе үлкен тақырыптар, көлемі шағын материалдар бойынша бір мезгілде түгел бақылап, бағалауға мүмкіндік береді, бұған уақыт көп кетпейді. Бағалаудың бұл түрі туралы:
1. оқушы дұрыс жауапты кездейсоқ табуы мүмкін
2. мазмұндағы мәселелерді түгел қамти алмайды
3. оқушы өз ойын, пікір қисынды тұрғыдан талдап, дәлелдеп толық айта алмайды деген сын-пікірлер бар.
Мұндай тестерді, негізінен, күнделікті бақылау-бағалау жұмыстарында кең қолдануға болады. Мұнда да дұрыс жауапты оқушы әрі ойланбай, кездейсоқ оғай таба алады деуге болмайды және әр жауапты ойлана отырып, ой елегінен өткізетін болады. Тапсырма шарты - жауапты дұрыс табу. Оқушылар білімінің міндетті деңгейдегі талаптардан төмен еместігін анықтауға берілетін тест-тапсырмалар осы деңгейде білім, білік, дағдыларды толық қамтитындай етіп құрылады және білімнің тұрақтылық ролін атқара алады, бағдарламада осындай тест-тапсырмалардың үлгілерін берген жөн.
Оқушы білімін күнделікті тексеріп-бағалауға, әрине оның өз ой-пікірін білдіріп, талдап дәлелдеуіне мүмкіндік беретін еркін жауаптарын, тәжірибе қою, нәтижесін баяндау, бақылау қорытындысынан есеп беру т.б. пайдаланылады.
Мектептегі биологиялық білімнің мазмұнын, құрылымын, құрамын оқыту әдістерін мүндай бағыттарда жаңарту, оның құралдарын қайта қарап, жетілдіруді талап етеді. Ең алдымен оқу әдістемелік құралдар қажет. Біздің ойымызша негізгі сатыдағы биологияның оқу-әдістемелік құралдарына шамамен мыналар кіруі тиіс:
1. Биологиядан мектепте білім берудің тұжырымдамасы жаңа мазмұнның, оны оқыту әдістемесінің дидактикалық әдістемелік негіздерін, бүкіл идеологиясын түсініп, оқулық жасауда мұғалімге сабақты дұрыс бағытта жоспарлай тиімді өткізуге көмектеседі.
2. Оқу бағдарламасы 6-9 сыныптар
3. Оқулық 6-9 сыныптар
4. Қосымша оқу құралдары хрестоматиялық, анықтамалық т.б.
5. Таратылып берілетін дидактикалық материалдар оқу тапсырмалары, суреттер т.б.
6. Көрсетілімдік дидактикалық көрнекі құралдар кестелер, суреттер т.б,
7. Альбомдар өсімдік, жануар, адам, әр түрлі экожүйелер
8. Фонокүйтабақтар, магниттаспалар жануарлар әлеміндегі дыбыстар
9. Видеофильмдер.
10.Әдістемелік нұсқаулар.
11.Мұғалімдерге арналған хреетоматиялық материалдар
12.Биологияның әр бөлім, ірі тақырыптары бойынша фабрикада дайындалған табиғи обьектілер тұлыптар, кеппешөптер жинақтамалар, қанқалар т.б. нақнұсқалар т.б[7;58].

2 8 сыныпта Кенелер. Ауыл шаруашылығының зиянкестері таырыбын оқыту әдістем ес і

2.1 Кенелер тақырыбына жалпы сипаттама

Кене (Acarіna) - өрмекші тәрізділер класының бір отряды. Қазақстанда 3 отряд тармағы (акариформды,паразиттіформды және аз зерттелген пішендік кенелер), 10 тұқымдасы, 58 туысы, 236 түрі (иксод кенелерінің 51, гамаз кенелерінің 100, қызыл денелі кенелердің 24,қамба кенелерінің 52, аргас кенелерінің 9 түрі) бар. Республиканың барлық өңіріне кең тараған. Жер бетінде, теңізде, тұщы суда тіршілік етеді, ал жыртқыш және өсімдікқоректі кенелер жер қыртысында, ормандағы ағаш түбінде, өсімдік бетінде, ін мен ұя ішінде мекендейді. Дене құрылысы, пішіні мен түсі әр түрлі, ұзындығы 1,0 - 30 мм. Жұптасқан 1 - 2 көзі болады, көзсіздері де кездеседі.
Дернәсілінің 6 (3 жұп) аяғы, ересегінің 8 (4 жұп) аяғы бар. Терісі не кеңірдегі арқылы тыныс алады. Кейбір түрлерінде еркегі мен ұрғашысының жыныс айырмашылығы айқын белгіленген (жыныстық диморфизм). Ұрық шашу не іштей ұрықтану арқылы өсіп-өнеді. Партеногенез (еркек кенелердің қатысынсыз) арқылы да көбейеді. Арасында жұмыртқа салатындары да, тірі туатындары да бар. Кейбір кенелер барлық даму сатыларынан (жұмыртқа, алғашқы дернәсіл, дернәсіл, нимфа, ересек кене) өтеді, енді біреулері кейбір сатылардан өтпейді. Кене - адам, жануар және өсімдік паразиті, адамға бөртпе, сүзек, кене энцефалиті, туляремия, малға пираплазмоз сияқты табиғи-ошақты аурулар қоздырғыштарын таратады (иксод және аргас кенелері), мал денесінде қан сорып тіршілік ететін таспа құрттардың аралық иесі (сауытты кене); астық зиянкестері (қамба кенесі); адам мен малды қотырға (қотыр кенесі), дерматит пен жапон қызбасына (қызыл денелі кене.) шалдықтырады. Кенені құрту үшін акарицидтер мен биолиогиялық әдістер қолданылады. Кенелерді зерттейтін ғылым саласы акарология деп аталады.[1]
Кенелер - ауыл шаруашылық жануарлар мен өсімдіктердің зиянкестері. Кенелер азық-түлік қорын бүлдіріп, ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Микроскоппен ғана көруге болатын өте ұсақ кенелер (қамба, сүтсірне кенесі) азық-түлікті орынсыз ысырапқа ұшыратады. Әсіресе -қамба кененің зияны қисапсыз. Ол қамба ылғалданғанда өте тез көбейеді. Сөйтіп астық пен ұнды жеп, оны шірік иісті сұр затқа айналдырады.
Мамықкенелер құстардың денесінде мекендеп, әкаяқ (әсіресе тауықта) ауруын туғызады. Мұндайда сирақтағы қабыршақтар қопсып, аяқта ақшыл томпақтар түзіледі де, ұлпа тіршілігін жояды. Сөйтіп, тауық саусағын қимылдата алмай, ақыры өледі. Бұл ауруды ақшыл томпақтарға қарамай немесе креолин жағып емдеуге болады. Үй хайуанаттары тері кенелерінен де зардап шегеді. Бұлар - қышыма кенедей ірірек - 1 мм шамасындағы жәндіктер. Кене теріге жабысып алады. Ол малдың қайын сорғанда, жануар тынышсызданып, оның терісі қабынады, қотырға айналады. Қотырды қаси берсең - қаны шығар. Киімді қаға берсең -- шаңы шығар демекші, терінің жүні түседі. Содан мал азып, титықтайды. Тері кенесінен құтқару үшін қойды жүнін қырыққаннан соң креолинді суға тоғытады. Қансигек ауруы еліміздегі мал шаруашылығына орасан зор зиян келтіреді. Мысалы, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында осы аурудың зардабынан малдардың 80 пайызы шығынға ұшырайды. Аурудың ғылыми атауы - пироплазмоз. Ауру белгілері: малдың дене температурасы 41-42С-ге дейін көтеріліп, тынышсызданады; жүректің және асқазан жолы бұзылып, қан аралас зәр шығарады, мал әлсіреп, ариды. Ауруды тасымалдаушы -- жайылым кенесінің нәзікбас кене деген түрі.
Жайылымда мекендейтін нәзікбас кенелер мамыр-тамыз айларында өте көбейт кетеді. Сондықтан мал осы мезгілде қансигек ауруына жиі ұшырайды. Бұл кенелер қорексіз 9 ай тіршілік ете алады. Мұндайда кенелер кездескен жайылымнан малды 9 айдай басқа кенесіз табынға ауыстыру керек. Сонда мал пироплазмозбен (кене арқылы жүғатын ауру) ауырмайтын болады. Құрт пішінді, мөлшері 0,1-0,2 миллиметр ден аспайтын ұсақ берішкенелер әр түрлі өсімдіктердің шырынын сорады. Олардың ұлпасын және мүшелерін зақымдайды. Сөйтіп өсімдік денесінде беріш (шорланған ісік) түзіледі.
Алма кенесі - тұрқы бір миллиметрге жетер-жетпес ұсақ жәндік. Ол алма, алхоры, шие, кейде алмұрт ағаштарына зиян келтіреді. Ұрықтанған кененің аналығы ағаш қабығының астында қыстайды. Сәуір айында қоректенуге шығады. Бүршік жарып келе жатқан жапырақтармен қоректеніп, соған жұмыртқалайды. Алма кенесі жаз бойы 7 - 9 рет ұрпақ береді. Бұларды жеміс ағашы гүлдеп болған соң және жапырақта кененің 2 - 4 дарағы байқалған жағдайда дәрілеу арқылы жоюға болады. Мәдени өсімдіктер зиянкестерінің бірі - өрмеккене. Мөлшері 0,2-1,0 миллиметрден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология сабағында танымдық белсенділікті дамытудың әдістері мен шарттары
Химия сабақтарында интерактивті оқыту технологиясы
Биологияда оқу-тәрбие жұмыстары
Химияны пәнаралық байланыста негіздеп оқытудың маңыздылығы
Шет тілін оқытуды ұйымдастырудағы жүйелілік қағидасы
Мұғалімнің міндеті зерттеу іскерліктерін зерттеу бойынша қызметті ұйымдастыру
Биология сабағында үйлестірмелі дидактикалық материалды қолдану әдістемесі
Биология мен экологияны оқытуда оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру
Мектептегі биология курсының мазмұнында гуманитарлық аспектінің көздеудің маңызы
Сабақ оқытудың негізгі формасы және оның маңызы
Пәндер