Биология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру



Кіріспе 3
1 Биология кабинеті 4
1.1Биология кабинетінің жабдықталуы 4
1.2 Биология кабинетінде тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру 5
2. Биология пәнінен тірі табиғат нысандарының маңызы. 13
2 Биология кабинетіндегі жабдықтарды ұйымдастыру 16
2.1 Жалпы білім беретін орта мектептерде зоологиялық бөлім ұйымдастырудың маңызы 16
2.2 Оқу.тәжірибе учаскесінің оку.тәрбиелік маңызы 23
3 Тәжірибелік бөлім 26
3.1 6 сыныпта «Жапырақ .өсімдіктің өсу мүшесі» тақырыбын оқыту 26
3.2 7 сыныпта «Қосмекенділердің көптүрлілігі» тақырыбын оқыту әдістемесі 29
Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 34
Тақырыптың өзектілігі. Биология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттырудың түрлі әдістері бар. Оқушылардың биология сабағына белсендіру алдымен қызықтыру үшін кабинетке тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру керек.
Білім беру құрылымын жетілдіру, жалпы білім, еңбек және кәсіптік даярлық сапасын арттыру, оқытудың белсенді формалары мен әдістерін, техникалық құралдарды кеңінен қолдану бүгінгі күннің талабы.
Көптеген ғалымдардың психология-педагогикалық зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне шолу жасайтын болсақ, оқыту құралдарының көмегімен өткізілетін сабақта білім алушылардың жалықпайтындығын, жаңа оқу материалдарын қабылдау процесіне олардың әр-түрлі сезім мүшелері барынша толық қатысатындығын, соның нәтижесінде оқушылардың оқуға қызығушылығы артып, түсіндірілген материалдарды олардың берік қабылдануына мүмкіндік туғызатындығы дәлелденді.
Дегенмен, оқыту құралдары мұғалімнің ролін атқара алмайды. Ол тек мұғалімге көмекші құрал ғана бола алады. Өйткені мұғалім оқушылар үшін білімнің көзі, оқу процесінің жетекшісі ғана емес, еліктейтін үлгісі де. Сондықтан педагогикалық процесте орын алатын мұғалім әлі де негізгі тұлға болып саналады.
Оқу-тәрбие жұмысында әр-түрлі оқыту құралдарын пайдалану, олардың дидактикалық мүмкіншіліктерін одан әрі жетілдіру үлкен мәселе.
Жұмыстың мақсаты. Тірі табиғат бұрышында жануарлар бөлімінде омыртқасыздар қарапайымдылар көп жасушалар буынаяқтылар, бунақденелер, былқылдақденелілер, шаяндар балықтар болса, енді өсімдіктер бөлімінде бөлме өсімдіктерінен бастап (алоэ, бегония, кактус, қазтамақ т.б.) және төменгі сатыдағы өсімдіктермен жоғары сатыдағы өсімдіктер мәдени өсімдіктер және кеппешөптер болса, оқушылардың қызығушылығы артады.
Жұмыстың міндеттері:
- биология кабинеттің ұйымдастырудағы қажеттілігін анықтау;
- биология кабинетті жабдықтау шарттарын айту;
- биология кабинетіндегі көрнекі құралдардың жасалу жолдарының маңызын ашып көрсету;
Зерттеу болжамы. Орта мектепте биология сабақтарында тірі табиғат материалдарын қолданудың тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: сабақта көрнекі құралдар жүйелі қолданылып, оқушылардың жас ерекшелігіне, материал мазмұнына сәйкес іріктелініп алынса, олардың байқампаздығы, пәнге деген қызығушылығы, абстрактылы ойлауы дамиды.
1. Қуанышева С.Е. Биологияны оқыту әдістемесі. Шымкент:
2000 ж. 300 бет
2. В.В. Травникова Биологические экскурси, СПб.: «Паритет», 2002. – 256 б.
3. Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т.Есполов Экология және табиғатты тиімді пайдалану: оқулық. – Алматы: Ғылым, 2004 – 328 б.
4. Биология Қазақстан мектебінде./ Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. 2005 жылдан бастап.
5. Қайым Қабділрашид. Биология. Анықтамалық көмекші құрал. –Алматы. «Ол – Жас баспасы» ЖШС. 2006 ж. 104 бет.
6. «Сабақ беру тиімділігін арттыру жолдарың Құрастырған Б. Сманов Алматы Мектеп 1989 ж.
7. Д. Сабыров «Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарың Алматы Мектеп 1978 ж. 110 бет.
8. Д. Сабыров «Оқыту теориясының негіздерің Педагогика коллледждер мен училищелерге арналған дидактикалық оқу құралы Алматы 1993 ж.
9. Қазақстан Республикасының заңы , Білім беру туралы «Алматы ақшамы 1992 ж 24 ақпан.
10. О. Мұсабеков «Пәнаралық байланысты жүзеге асыру Қазақстан мектебі, 1989 ж. №13 49 – 50 бет.
11. Т. Сабыров «Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарың Алматы Мектеп 1978 ж.
12. Жануар терминiнiң құрылымдық моделi-жануартану пәнi мазмұнын компьютермен оқыту тұрғысынан айқындау негiзi // Ізденiс. – Алматы, 2003. – № 3. – 131–136 бб. (А. Әмiрбекұлымен авторлық бірлестікте).
13 Дидактикалық бiрлiктi iрiлендiру технологиясын жануартану пәнiн оқытуда пайдалану / Ун-т «Кайнар». – Алматы, 2005. – № 3/2. – 65–66 бб.
14 Жаратылыстану пәндеріндегі зертханалық жұмысты алгоритмдік деңгейде жасау ерекшеліктері // Хабаршы. Қ. Сәтбаев атындағы ҚҰТУ. – Алматы, 2008. – № 4. – 170–174 бб. (Л. Жайдақбаевамен авторлық бірлестікте).
15 Абкии Г. П. Методика решения задач по химии. — М.: Просвещение, 1971.
16 Аркавепко Л. Н., Гапонцев В. Л., Велоусова О. А. Для чего классифицировать расчетные задачи // Химия в школе, 1995, № 3. С. 60.
17 Архангельская О. В. Решение задач. Чем проще, тем изящнее // Химия в школе, 1998. С. 46.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Биология кабинеті 4
1.1Биология кабинетінің жабдықталуы 4
1.2 Биология кабинетінде тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру 5
2. Биология пәнінен тірі табиғат нысандарының маңызы. 13
2 Биология кабинетіндегі жабдықтарды ұйымдастыру 16
2.1 Жалпы білім беретін орта мектептерде зоологиялық бөлім ұйымдастырудың маңызы 16
2.2 Оқу-тәжірибе учаскесінің оку-тәрбиелік маңызы 23
3 Тәжірибелік бөлім 26
3.1 6 сыныпта Жапырақ -өсімдіктің өсу мүшесі тақырыбын оқыту 26
3.2 7 сыныпта Қосмекенділердің көптүрлілігі тақырыбын оқыту әдістемесі 29
Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 34

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Биология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттырудың түрлі әдістері бар. Оқушылардың биология сабағына белсендіру алдымен қызықтыру үшін кабинетке тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру керек.
Білім беру құрылымын жетілдіру, жалпы білім, еңбек және кәсіптік даярлық сапасын арттыру, оқытудың белсенді формалары мен әдістерін, техникалық құралдарды кеңінен қолдану бүгінгі күннің талабы.
Көптеген ғалымдардың психология-педагогикалық зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне шолу жасайтын болсақ, оқыту құралдарының көмегімен өткізілетін сабақта білім алушылардың жалықпайтындығын, жаңа оқу материалдарын қабылдау процесіне олардың әр-түрлі сезім мүшелері барынша толық қатысатындығын, соның нәтижесінде оқушылардың оқуға қызығушылығы артып, түсіндірілген материалдарды олардың берік қабылдануына мүмкіндік туғызатындығы дәлелденді.
Дегенмен, оқыту құралдары мұғалімнің ролін атқара алмайды. Ол тек мұғалімге көмекші құрал ғана бола алады. Өйткені мұғалім оқушылар үшін білімнің көзі, оқу процесінің жетекшісі ғана емес, еліктейтін үлгісі де. Сондықтан педагогикалық процесте орын алатын мұғалім әлі де негізгі тұлға болып саналады.
Оқу-тәрбие жұмысында әр-түрлі оқыту құралдарын пайдалану, олардың дидактикалық мүмкіншіліктерін одан әрі жетілдіру үлкен мәселе.
Жұмыстың мақсаты. Тірі табиғат бұрышында жануарлар бөлімінде омыртқасыздар қарапайымдылар көп жасушалар буынаяқтылар, бунақденелер, былқылдақденелілер, шаяндар балықтар болса, енді өсімдіктер бөлімінде бөлме өсімдіктерінен бастап (алоэ, бегония, кактус, қазтамақ т.б.) және төменгі сатыдағы өсімдіктермен жоғары сатыдағы өсімдіктер мәдени өсімдіктер және кеппешөптер болса, оқушылардың қызығушылығы артады.
Жұмыстың міндеттері:
- биология кабинеттің ұйымдастырудағы қажеттілігін анықтау;
- биология кабинетті жабдықтау шарттарын айту;
- биология кабинетіндегі көрнекі құралдардың жасалу жолдарының маңызын ашып көрсету;
Зерттеу болжамы. Орта мектепте биология сабақтарында тірі табиғат материалдарын қолданудың тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: сабақта көрнекі құралдар жүйелі қолданылып, оқушылардың жас ерекшелігіне, материал мазмұнына сәйкес іріктелініп алынса, олардың байқампаздығы, пәнге деген қызығушылығы, абстрактылы ойлауы дамиды.
Күтілетін нәтиже. Орта мектепте биология пәнін оқыту үрдісінде тірі табиғат материалдарын пайдалану арқылы оқыту оқушылардың танымдық-шығармашылық ізденістерін дамытады. Сабақтың өнімділігі артып, оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.
1 Биология кабинеті

1.1Биология кабинетінің жабдықталуы

Биология кабинеті сабақ өтетін негізгі сынып бөлмесі болып табылады.Кабинет құралдары арнайы жүйе бойынша белгілі тақырыптарға сай орналасуы керек. Ең бастысы мұғалім мен оқушының арасындағы жұмыс орнын қалыптастыру керек. Биология кабинетінде су краны болған жөн.Өсімдіктерді күту үшін сарамандық жұмыстар үшін және күнделікті өсімдіктерді суару үшін ыңғайлы. Егерде су краны жоқ болса су құюға арналған ыдыс болуы керек. Мұғалімнің жұмыс орны және кластағы көрнекіліктерді демонстрациялауға қажетті жағдайдың болуы шарт. Демонстрациялауға арналған зат оқушыға жақсы көрінуі керек. Демонстрациялауға кеселін тигізетін артық заттар болмау керек. Демонстрациялауға арналған заттарды алдын ала көрсетпей сабақ барысында қолданған жөн. Мұғалімнің столы қарапайым күнделікті столдан 20-25 см биік болуы керек. Егер демонстрациялау столы болмаса қарапайым мұғалімнің столын пайдаланады. Бірақ оқушы столынан алшақ болуы керек. Столдың үстіне арнайы жәшіктер орналастыру керек. Демонстрацияланатын зат анық көріну үшін заттың фонына мән беру керек. Егер заттың түсі қара болса ақ фонды пайдаланған жөн. Тақтаның маңында магнитті тақта болуы керек. Кластың артқы жағына немесе жанындағы қабырғаларға органикалық дүниенің стендысын шығарып ілу керек. Себебі биологияның барлық курстарында қарастырылады. Кабиенеттегі гүлдер жылу сүйгіш, ылғал сүйгіш және сабақта тәжірибеге қажетті өсімдіктер бұлардың барлығы топталып бөлек-бөлек қойылуы керек. Кабинеттің жарық және жылы жеріне аквариум қоюға болады. Кітаптар қоятын арнайы шкафтар онда кітаптар тізімі жазылып ілінеді. Биология кабинеті
3 бөлімнен тұруы керек:
1. Клас бөлмесі
2.Құрал-жабдықтар бөлмесі
3.Тірі табиғат бұрышы.
Көрнекілікте табиғи және жасанды болады. Табиғи преппаратты жабдықтарға өсімдіктану бойынша кеппешөптерді, жануартану бойынша омыртқасыз жануарлардың колек-я, ылғалды дайын препараттарды микропреппараттарды жатқызамыз. Барлық көрнекіліктер шкафта арнайы сөрелерде тақырыпқа сай орналасу керек. Биология курсына қажетті құрал-жабдықтар белгілі дәрежеде өсімдіктану, жануартану, тәнтану, тіршіліктану курстары бойынша жабдықталады. Өсімдітану бойынша көбіне өсімдіктер қолданылатын болғандықтан бөлме өсімдіктерінің ішінен герань, традинскация,кактус т.б өсімдіктерді өсірген тиімді. Жануартану курсында насекомдарды, былқылдақденелілерді ұстаған тиімді. Себебі бұл насекомдар формалинде жақсы сақталады. Үлестіріліп берілетін материалдар сабаққа пайдаланар алдында, құрғатылып кептірілген күйінде беріледі. Барлық курстар бойынша зертханалық жұмыстарда тірі объектілер қолданылады. Тәнтануда адам мен жануар қаңқасы дайын препараттар қолданылады. Мектепте оқу тәрбиелік аймақ болса жыл сайын биология кабинетіндегі құрал-жабдықтар жаңартылып отыруы керек. Құрал-жабықтарды жақсы сақтау үшін дайын күйіндегі материалдарды кардонға жапсырады. Әрбір кардонның немесе үлестерме материалдардың артына реттік номер салынады. Ал шкафтың немесе көрнекі құрал тұратын шкафтың есігіне кардонның номері , аты жазылады. Тәжірибеге қажетті приборлар, ыдыстар арнайы бөлек шкафқа салынуы керек.
Биология кабинетінің қауіпсіздік техникасын сақтау ережесі
::Компютерлік желімен жұмыс бастамас бұрын техникалық қауіпсіздікпен танысыңыз.
::Жұмыс жасаушылардың барлығы да проэктордың күлгін саулесіне қарамау керек.
::Проектордың ұзақ қызмет жасау барысында сәулесі сізге түспегендігіне және сыныптағы оқушыларға қарсы тұрғанда сәуленің сізге бағытталмағандығына көз жеткізіңіз;
::Экранның екі жағынан да 1м қашықтық жасау керек.Бұл тақта бетіне жан-жағында кедергісіз жұмыс жасауға септігін тигізеді;
::Көзге ауыртпалық түспеу үшін тақтамен ұзақ жұмыс жасамау керек
::Кабинетте пән оқушысымен бірге кіруі керек
::Тақта бетін дымқыл матамен сүртуге болмайды
::Тақтаны құрғақ матамен сөндіріп барып сүрту керек
::Оқушылардың жұмыс барысын оқытушы міндетті түрде қадағалапотыру керек
::Кабинете жұмыс бастамас бұрын құрылғылардың жұмыс істеп тұрғандығына көз жеткізіңіз
::Кабинеттің тоқ қосқышына түрлі техникалық құралдарды қосуға рұқсат етпеңіз(ұялы телефонды қуаттандыру, магнитафон қосу. т.б)
Ескерту:
Техникалық қауіпсіздікті сақтау-бұл өміріңізді сақтау
Техникалық ақауларды байқасаңыз кабинет меңгерушісіне хабарлаңыз.

1.2 Биология кабинетінде тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру

Кабинетті жабдықтау шеберлікті, ізденісті талап етеді. Толық жабдықталған кабинетте оқушылардың көру, бақылау жүргізу, зертханалық жұмыстар жасау арқылы білім, біліктері артыи, естерінде ұзақ сақталады. Төменде экология кабинетін оқу жабдықтарымен жабдықтау және тірі табиғат бұрышын жасау мысалдары көрсетілді.
Жануарлар
Аквариум Балықтар: группиялар, шұбар-семсер (пецилиялар), семсерқұйрықтар, алтын балықтар, жайыншалар, данио-рерио, барбустер, скаляриялар және т.б.
Омыртқасыздар: кірпікшелі кебісше, кәдімгі гидра.
Былқылдақ денелілер: айқұлақ, ұлу, перловица, ампулярия, ахатина, үлкен тоспа ұлуы, қошқармүйіз ұлу, шалғындық шырыш және т.б. Шаянтәрізділер: шашақмұрт шаян (дафния), циклоп, есекқұрт
Бунақденелілер: жүзгіш қоңыз (плавунец окаймленный), үлкен суіңкәр, ауылшаруашылық ЗРІЯНКӨСтерінің дернәсілдері немесе көбелек қуыршақтары, басқа да бунақденелілерді, дрозофнлаларды ұстауға болады. Сирекқылтанды құрттар мен сүліктер.
Акватеррариум.
Қосмекенділер: кәдімгі құйрықты бақа (тритон), аксолотль, шпорц бақасы, шөп бақа, жасыл немесе сұр құрбақа, шұбар бақа.
Мамандандырылған кабинеттерде басқа да жануарларды ұстауға болады: тасбақаларды, су жыландарды, атжалмандарды, теңіз шошқаларын, үй қояндарды; құстардан: кептерлерді, тотықұстарды, шымшықтарды және т.б.
Өсімдіктер
Кактустер (зигокактустер, эпифиллюмдерді), рипсалистер және т.б., сүттігендер (ашық сүттіген, жапырақсыз сүттіген, басқа да формалары), монстера, агава, ағаштәрізді алоэ, амаралис, аспарагустер, бальзамин, бегония, Дегремон бриофиллюмы, германтус, етті гойя, колеус, қазтамақ, пеларгония, сансевьера, сенполия немесе узабар шегір-гүлі, алтын сциндапсус, традесканция (түрлі формалары), шоқты хлорофитум, циперус немесе папрірус; гүлді аквариумдық өсімдіктер (оралмалы валлиснерия, каролиндік кабомба, пистия, пузырчатка, ряска, канадалық элодея); споралы аквариумдықтар (жүзуші риччия, фонтииалис немесе су мүгі, төрт жапырақты маргилея, жүзгіш сальвиния, хара немесе топляк және т.б.).
Жинақтамалар
Орман, бақша, алқап, бақтардағы зиянкес бунақденелілер.
Әр түрлі табиғи мекеы ортала-рьша өсімдіктердің бейімделулері (орман, шалғындық, дала, өзен, көл, таулар және т.б.).
Жарық тәртібі, ылғалдылық, температураға өсімдіктердің экологиялық бейімделуші формалары.
Паразиттік өмір сүруші формалары.
Мекен ету ортасы ретінде топыраққа экологиялық бейімделуші формалар.
Өсімдіктердің өмірлік формалары.
Жануарлардың өмірлік формалары.
Өсімдіктер мен жануарлардың қорғаныштық бейімделушіліктері (құрылысы, түр-түсі (реңі).
Өсімдіктердің мәдени формалары (түрлік саналуандылық), агро-жүйедегі мәдениеттендіру.
Өсімдіктердің шөп қоректі жануарлардан қорғанатын аналогиялық мүшелері (арша, таққурай, ит-мұрын, бөріқарақат).
Қорғаныш рең түрлері (жабын реңді бунақденелілр, үркітуші реңді бунақденелілер, мимикриялық және бүркеніш реңді пішін мен түр-түс).
Бунақденелілердің аяқтарының бейімделу өзгерістері. Жануарлардың жемтіктеріне шабуыл жасау мүшелері.
Бүлінгені су қаларындағы индикатор-жануарлар (ақ, сұлама, перловица, аз қылтанды құрттар). Бауырсорғыш, мысық ішіндегі паразит құрттар.
Кестелер
Биосфера.
Табиғат белдеулері.
Емен орманы, тұщы су қоймасының тіршілік қауымдастықтары. Көлдің өсуі (сукцессияға мысал ретінде). Өсімдіктер мен жануарлардың мекен ету ортасына бейімделуші формалары.
Ылғалды, тропикалық ормандар, субтропиктер, шөл, су өсімдіктері, орман, шалғындық өсімдіктері.
Жануарларды қорғау (21 кестеден тұратын серия).
Карталар
Әлемдік биосфералық қорықтар мен ұлттық саябақтар.
Қазақстанның табиғат белдеулері.
Қазақстанның физикалық картасы.
Әлем және Қазақстанның зоогеографиялық картасы.
Қазақстанның қорықтары мен қорықшалары.
Қазақстанның экологиялық картасы. Қазақстан халқының тығыздығы.
Моделъдер-Үлгілер
Табиғаттағы зат және энергия айналым. Тіршілік қауымдастығының динамикалық моделі (емен орманы, тұщы су қоймасы). Тұщы су қоймасы өсуінің динамикалық моделі.
Экологиялық-биологиялық конструкторлар.
Агроценоз.
Биосфера және адам.
Микропрепараттар
Тіршіліктің паразиттік формалары.
Түрлі ластанған орта факторларының әсерінен өзгерген жапы-рақтарының формалары мен түрлері (хлорофилдің өзгеруі, жапырақтың құрылысы және галлар (бұзғындар) өзгерісі және т.б.)
Аудиовнзуалды оқыту жабдықтары. Кинофильмдер
Зиянкестермен биологиялық күресу әдістері.
Адам және оның денсаулығы.
Құстарды қорғау және қатыстыру.
Балықтарды қорғау және өсіру.
Кұстардың экологиялық топтары.
Өсімдіктер тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер.
Жануарлар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер. Адамның өсімдік түрлерінің көп сымдық өзгерістер.
Экология. Биология әлемі. Планетариум орталығы слайд-альбомдар сериясы.
Диафильмдер
В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.
Жаһандық экологиялық дағдарыстар.
Құстарды қорғау және қатыстыру.
Жануарлар санын қалпына келтіру.
Түрлі табиғат жағдайларындағы жануарлар тіршілігінің ерекшеліктері.
Қыстама және жыл құстары.
Қоршаған ортаны қорғау.
Өсімдік тіршілігіндегі күз.
Ағзалардағы бейімделушіліктің пайда болуы.
Өсімдіктер тіртілігіндегі маусымдық құбылыстар.
Өсімдіктерді қорғау.
Жыртқыш өсімдіктер.
Өсімдік бірлестіктері.
Балық байлығын қорғау және балық өсіру.
Жапырақтардың алуан түрлілігі.
Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабы.
Сирек және жойылып бара жатқан жануарлардың түрлері.
Гүлді өсімдіктердің алуан түрлілігі және олардың тіршілік ету мекендері.
Диапозитивті (Слайдтер).
Өсімдіктер және жануарлардың табиғи бірлестіктері.
Бунақденелілердің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі.
Адамның өсімдік бірлестіктеріне әсері.
Адамның өсімдік түрлерінің көп түрлілігіне әсері.
Өсімдіктердің бірлестіктегі өзара байланысы.
Адамның табиғаттағы құстар санының әсері.
Астрахань қорығы.
Экология. Биология әлемі. Планетариум орталығы. Слайд-альбом сериясы.
Видеофильмдер . 10+10 10 фрагменттен тұратын сериал. Накануне -- экопрос-вещения ассоциациясы -- 100 мин.
Экология. Дәстүрсіз энергетика. Кварт киновидеостудиясы -- 1 кас, 50 мин.
Табиғат бірлестіктері. Кварт киновидеостудиясы -- 1 кас.,. 42 мин.
Өсімдік тіршілігі. Кварт киновидеостудиясы -- 1 кас, 70 мин.
Табиғат құпиялары. Кварт киновидеостудиясы -- 1 кас, 175 мин.
Қызықты табиғат. Кварт киновидеостудиясы -- 1 кас, 75 мин.
Өсімдік бірлестіктері.
Жануарлар жауап береді ВВС кино-видеостудиясы - 1.кас...,103 мин.
Экологиялық альманахтар (жинақ). Кварт кино-видеостудиясы - 1.кас..., 85 мин.
Экологиялық жүйе. Кварт кино-видеостудиясы - 1.кас..., 76 мин.
Биосфералық қорықтар. ВВС кино-видеостудиясы - 1.кас..., 55 мин.
Экология. Табиғатты қорғау. ВВС кино-видеостудиясы - 1.кас..., 85 мин.
Күйтабақтар. Табиғаттағы құстар дауыстары. Табиғаттағы жануарлар
дауыстары. Экологиядан сабақтар мен сарамандық жұмыстар өткізген кезде жетіспейтін құрал-жабдықтар мен материалдарды биология, химия, физика кабинеттерінен алып қолдануға болады.

Өсімдіктану курсы бойынша табиғи материалдарды , жасанды мәліметтерді, қордағы, кітаптағы, ғылыми жұмыстарды оқушылардың биология сабағына белсенділігін, қызығушылығын, сүйіспеншілік мәні бар білім беру керек. Өсімдіктер әлемін балдырдан оқу басталады. (құрылыс ерекшеліктері, көбеюі, даму т.б. ) яғни көп жасушалы балдырлар, одан ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктер, дара және қос жарнақты өсімдіктер, одан төменгі сатыдағы өсімдіктер және жоғары сатыдағы өсімдіктер оқушыларға тәрбиелік мәні бар білім береміз. Өсімдіктану курсында тірі табиғат бұрышындағы жинақтамалар бөлімінде әртүрлі табиғи мекек орталарына өсімдіктердің бейнеленуі (орман, шалғындық, дала, өзен, көл, таулар және т.б. )
Мекен ету ортасы ретінде топыраққа экологиялық бейімделуші формалар және өсімдіктердің өмірлік формалары бар.
Өсімдіктердің қорғаныштық бейімделушіліктері (құрылысы, түр-түсі, көбеюі, дамуы, тыныс алу, қоректену т.б.)
Өсімдіктердің мәдени формалары (түрлік сан-алуандық) агрожүйедегі мәдениеттендіру.
Өсімдіктердің шөп қоректі жануарлардан қорғанатын аналогиялық мүшелері (арша , таңқурай , итмүрын , бөріқарақат)
Өсімдік бірлестіктері
Қазақстанның және Халықаралық Қызыл кітапқа енген өсімдіктер туралы мәлімет беру
Өсімдіктердің шаруашылықтағы, адам өміріндегі, табиғаттағы мағызы
Міне осы бағытта өсімдіктер курсында тәрбиелік мәні бар білім береміз.
Өсімдік -- табиғат қазынасы, халық байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес . Олай дейтін себебіміз, ол тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі, өсімдіктерде түзілген органикалық заттарды бүкіл тірі ағзалар пайдаланады.
Біздің ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн тонна шамасында оттегін бөліп шығарады. Өсімдіктер айналадағы ортаны жақсартады; ауа райын салқындатып, қатты желге тосқауыл болады; аптап ыстықты қайтарып, қысқы суықтың ызғарын бәсеңдетеді . Сондықтан да ауыл шаруашылық өсімдіктерін қатты аңызақ желден құрғақшылықтан сақтау үшін және қар тоқтату, жыралар мен тау беткейлеріндегі топырақты бекіту үшін орман алқаптары пайдаланады .
Өсімдіктер топырақта түзде де ерекше маңызды: топырақты қара шірікпен байытады (өсімдіктердің органикалық заттары жануарлар мен ұсақ ағзалардың әсерінен қара шірікке айналады). Топырақтың құрамы жақсы болуы өсімдіктердің жемістердің молайуына әкеп соғады. Демек, өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі.
Адамдардың өміріне, тіршілік қажетіне бірден-бір жарамды мәдени өсімдіктер дәнді (бидай, жүгері, күріш, тары, қарақұмық), майлы (күнбағыс, зығыр, жер жаңғағы), талшақты (ақ мақта), бау-бақша өсімдіктері (орамжапырақ, қызанақ, баклажан, қарбыз, қауын, дақылдар мен жеміс-жидектері (алма, шие, таңқурай, қарақат, грек жаңғағы т. Б. ) болып табылады .
Қазақстанда 6000-ға жуық дәрілік өсімдіктер өседі екен. Дәрілік өсімдіктер әр түрлі аймақта таралған. Бұл дәрілік өсімдіктер қорғауды талап етеді. Қазақстанда өсімдіктерді және жануарларды қорғауға алған 9 қорық 62 қорықша бар.
Жанурартану ылғалды препараттарды аквариумдегі жануарларды және акватеррариумдегі жануарларды биология сабақтарында тірі табиғат бұрышындав пайдалану
Биология сабақтарында ылғалды препараттардан К.И. Скрябин ұсынған ГТЖТ әдісі арқалы зерттеу .
Бұл әдіс ғылыми мақсат барысында қолданылады. Онымен жануарлардың тоғышарлары бар барлық мүшелерін тексеруге болады
Мал дәрігерлік жеке тәжірбиеде мүшелерді тексеруде ГТЖТ әдісі көп пайдаланылады. Мысалы: фасиолез бен дикроцелиозын аурулардың қоздырғыштары сорғыш құрттарды балау үшін бауырды тексереді. Оны ет жолдары бойынша тіліп отырып, оның жеке бөліктерінің ішінде физиологиялық кюветкаға салады. Осы уақытта құрттар ертіндіге түсіп, ыдыс түбіне жиналады және оларды үлкейткіш лупаны пайдалана отырып теріп алады.
Герлихтың модификациясы бойынша асқорыту жүйесін зерттеу. Бұл әдіс күйіс қайыратын малдың стронгилятадаларын нематодаларын іздеп табуға қолайлы. Ол үшін асқазан ұлтабар асқазан кілегейлі қабығынан көптеп қырынды алып, ыдысқа салып, Рингер ертіндісінде бірнеше дүркін жуып-шайып 60 в-ты электро шам астына 4-5 см қою керек. 30 минут өтісімен жұмыр құрттар жылы мен жарықтың әсерінен қырындының үстіне шығып, преполовальды инемен жинап алып, қайта жуып шаю үшін стаканға салады. Остертагиялар мен гемонхтарды жинау үшін ұлтабарды бөліп алып тіліп қандауырдың (скальпелдің) түбі өтпес жағымен кілегейлі қабығынан мол етіп қырынды жинап, көлемі 9-12 см кюветкаға салып, 200 в электро шам астында екі арлық 20 см қояды. Қырынды сыртына жылжып шыққан неиотодтарды жинап физиологиялық ертіндісі бар шыны ыдысқа салады.
Аквариумдегі алғашқы балықтарға келсек майда және ірі балықтарды кездестіреміз. Мысалы: алтын балық, группиялар, жайыншалар, скаляриялар т.б. Бұлар майда балықтар. Осы сияқты аквариумде омыртқасыздар; кірпікшелі кебісше, гидра, былқылдақденелілерден; айқұлақ, ұлу, қошқармүйіз ұлу т.б, шаянтәрізділерден; өзен шаяны, циклоп, дафния т.б, өрмекшітәрізділерден; қарақұрт, бұзаубас т.б. оқушыларға білім беру үшін пайдаланамыз. Аквариумдегі барлық жануарлар еріген оттегімен тыныс алады және қолдан қореқтенеді. Бұлар жыртқыш жәндіктер. Жануарлардың адам өмірінде үлкен маңызы бар.
Жануарлардың жер жүзінде суда да, құрлықта да, топырақта да тіршілік етеді. Жануарлар қоректеніп ұрпағын өрбітеді.
Бұлардың акватеррариум дегеніде бар. Онда арнайы қосмекенділер кәдімгі құйрықты бақа, тритон, аксолотль, шұбар бақа т.б. Бақаларды жеке бөлек ұстайды. Өйткені бақалар суды тез ластап , басқа жануарлардың өмір сүруіне кедергі жасайды . Қазақстанда бақалардың екі түрі мекендейді . Көпшілігі тропиктік жерлерде (Африка , Австралия ) елдерінде мекендейді .
Мамандандырылған кабинеттерде басқада жануарларды ұстауға болады : тасбақаларды , су жыландарды , атжалмандарды , теңіз шошқаларын , үй қояндарын , құстардан : кептерді , тотықұстарды , шымшықтарды т.б.
Негізінен жануарлар әлемі  табиғаттың бөлінбес құрамдас бөлігі . Сондықтан бүкіл халық болып жануарларды қорғау жұмысы ұйымдастырылды . Халықаралық Қызыл кітапқа 1979 жылдан 226түрі 79түр тармақтары , құстардың 181 түрі мен 77 түртармақтары, жорғалаушылардың 98 түрі мен түр тармақтары , қосмекенділердің 40 тармақтары тіркелді .
Биология кабинетін ұйымдастыруда негізгі көңіл бөлінетін жағдай оның эстетикалық және гигиеналық жоғары талапқа жауап беруі. Себебі, кабинет базасында үнемі оқу-тәрбие үрдісі ұйымдастырылады.
Кабинетті ұйымдастырғанда басты назарда болатын мәселе мектеп биологиясының барлық бөлімдері арқылы өтетін үш негізгі идея: эволюция, экология және табиғатты қорғау, систематика. Сондықтан кабинетті жабдықтағанда басты стендтер осы бағытты қамтыса орынды болады. Эволюциялық даму жалпы планетамыздың жалпы көрінісін береді, егер жасалынатын стенд. Жердің, тіпті Күннің жүйесінің пайда болуынан бастап қамтыса, онда оқушыларға ғылыми әлем бейнесі қалыптасып, материалистік дүние танымы дамиды.
Оқыту мен тәрбиелеудің материалдық базасын жасау және ондағы жабдықтарды тиімді орналастыру көпшілік жағдайда білім мен біліктілікті игеруге және биология ғылымына деген танымдық қызығушылықтың дамуына әсерін тигізеді.
Оқыту құралдарының үш түрін бөліп қарастыруға болады: табиғи нысандар, нақты нысандарды алмастырушы көрнекі белгілер бейнелеуші, сөздік немесе вебральды құралдар.
Осындай үш түрге бөлу таным теориясы тұжырымдамасына және ойлаудың даму сатысына сәйкес. Алғашқы кезеңде нақты нысандармен, нақтылы жағдайда тікелей практикалық әрекет жасау жүретін көрнекі - әрекеттік, практикалық ойлау жетекші болып саналады. Екінші кезеңде оқушылар тәжірибелермен жинақталған, нақты заттармен емес, түсініктер мен қабылдаулардың бейнелі түйсінуі арқылы міндеттерді шешу жүзеге асырылатын көрнекі - бейнелі ойлау. Үшінші, жоғары кезеңде ойлау әрекетінің жетекші ролі болып, абстакциялық - теориялық ойлау есептелінеді. Оқытудың барлық құралдары оқу танымдық әрекетін ұйымдастырудың және биология мазмұнының басқаша көрсетілуін береді.
Табиғи немесе нақты нысандар - оқушылар тікелей сабақ үстінде немесе топсеруен кезінде пайдаланатын және қарым - қатынаста болатын заттар. Олар а) тірі табиғи нысандар б) өңделген табиғи нысандар болып екі топқа бөлінеді.
Тірі табиғи нысандарға: арнайы таңдалған өсімдіктер - бөлме өсімдіктері, аквариум, террариум және тірі табиғат мүйісіндегі өсімдіктер мен жануарлар жатады.
Табиғи оқыту құралдарын сабақта қолдана отырып, мұғалім оқушылардың білімінің нақтылы бейнеден абстрактлы ойға шыңдалуына жәрдемдеседі. Мұндай құралдардың көмегімен оқушылар заттың мөлшерін, формасын, түсін толық бақылап толық мәлімет ала отырып, олардың эстетикалық ұнату қабілеті де қалыптасады.
Өңделген табиғи нысандарға:
* ботаника пәні бойынша - кеппе шөп, практикалық сабақтарға арналған өсімдіктердің бүтіндей (демонстрациялы) және және жеке мүшелерінің (таратпа) оқу құралы ретінде қолданылатын түрлері жатады;
* зоология пәні бойынша жәндіктердің коллекциясы, жануарлардың дамуы бойынша ылғалды препараттар, әр-түрлі систематикалық топтағы омыртқалылардың қаңқасы мен тұлпы (демонстрациялы), жануарлардың жеке бөлімдері (таратпа) және сүйек, балық қабыршақтары, құс қауырсыны т.б.
* анатомия, адам гигиенасы мен физиологиясы пәні бойынша адам қаңқасы (демонстрациялы), жеке сүйектер, микропепараттар.
Оқылатын нысандардың нақты қасиеттері тек қана көру арқылы ғана емес, иіс сезім, есту және сипап сезу мүшелерімен де қабылдана алады.
Бейнелеуші оқыту құралдарына таблицалар және әр курс бойынша сызба- нұсқалар мысалға; жасуша құрлысы, ағзалар экожүйелер, заттар айналымы жөніндегі суреттер, фотосуреттер, үрдістер мен нысандардың материалданған нобайлары; ДНҚ нобайы, жүрек жобасының нобайы, қазба жануарлардың нақпішіндері жатады. Көрнекіліктің ерекше тобы болып компьтерлік мультимедиялық оқыту құралдары есептеледі.
Сөздік немесе вебральды құралдар - олар кітаптар, оның ішінде оқулық, мұғалімнің сөзі, кино немесе телекөрсетілімдерді түсіндіретін дикторлық мәтін, компьютермен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдар (бейнекадрлар, нобайлар) тестілер мен жұмыс дәптерлері. Оқушылардың нақты нысандарды немесе суреттерді тікелей бақылауын қамтамасыз ету бақылаулар мен практикалық әрекеттер түрінде болады.

2. Биология пәнінен тірі табиғат нысандарының маңызы.
Биология курсы бойынша табиғи көрнекі құралдар болып арнайы таңдап алынған бөлме өсімдіктері, оқу тәжірибе алаңынан алынған немесе танымжорықтардан әкелінген, тірі табиғат мүйісіндегі, аквариумдегі, террариумдегі өсімдіктері жатады.
Оқушылар ботаника курсын нақты және терең білу үшін оларға өсімдік дүниесі объектілері мен құбылыстары жөнінде дұрыс түсінік беру керек, ол үшін оқыту процесінде білімнің алғашқы бұлағына -- тірі табиғатты тікелей көруге көңіл аударылады, ол сабақты көрнекі оқыту арқылы жүзеге асырылады. Ботаниканың әр сабағын тірі және арнайы әзірленген табиғи материалдармен қамтамасыз ету қиын емес, өйткені оны жинау, дайындау, сақтау іс жүзінде женіл, және оған әр мектептің мүмкіндігі бар.
Табиғи құралдарды сабақ үстінде көрсету үшін ғана емес, оқушылардың жұмыс істеуіне, яғни лабораториялық сабақта оқушыларға үлестіріліп беруге жететіндей болуы керек. Өсімдікті әр оқушыға беру қажеттігін мұғалім әрқашан да есінен шығармауы керек. Тірі объектілерді тікелей бақылау, олармен жұмыс істеу, эксперимент жасау оқушылардың толық және нақты түсінік алуына мүмкіндік жасайды. Бұның өзі өсімдік организмінің құрылысы мен тіршілік процестері туралы дұрыс және саналы түсінік қалыптасуын қамтамасыз етеді, бұл мектеп ботаника курсының алдындағы оқу тәрбиелік маңызды міндеттердің бірі.
Биология сабағында табиғи объектілерді, әдетте, басқа топтағы құралдармен бірге пайдаланады, өйткені осындай жағдайда ғана оқушылардың түрлі өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылыстарының және тіршілігінің, олардың систематикасының заңдылықтарын білуге ең қолайлы жағдай туады. Өйткені көрнекі құралдың әр түрінің оқушылардың білім алу әрекеті мен ынтасын арттыратын өзіндік дидактикалық мүмкіншіліктері бар. Сондықтан белгілі бір сабақта көрнекі құралдарды таңдауда ескерілетін жағдай: міндеттерді орындау үшін белгілі сабақтъң мақсаты, міндеті және материалына байланысты түрлі көрнекі құралдар педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалану керек.
Биология сабақтарының қажетті оқу жабдықтарымен қамтамасыз етілуі ең алдымен мұғалімнің өзінің инициативасы мен белсенділігіне байланысты. Ботаниканы оқытуға қажетті көрнекі құралдарды мұғалім жоспарлы түрде жыл сайын жинайды, олардан көрнекі құралдар дайындайды. Сабақ үстінде көрсететін және оқушыларға үлестіріліп берілетін материалдарды дайындау маусым айына байланыстылығын ескере отырып, мұғалім өсімдіктерді жинау және олардан көрнекі құралдар әзірлеудің календарлық жоспарын жасайды, жоспарда табиғи жағдайда табылатын, мектеп-тәжірибе учаскесінде, жергілікті колхоз егістігінде болатын материалдар, сондай-ақ оқушылардың, практикалық жұмыстарының, өсімдіктің дамуы мен өсуінің сатысы және фазасы бойынша жеке кезеңдерінде сұрыпталған объектілерге жасалған тәжірибелер нәтижесінде алынған материалдар ескеріледі. Оқушылар жазда болған жерлерінен көптеген қызықты материалдар жинап әкеледі. Мұғалім олардың сабаққа қажеттерін таңдап алады. Материалдар әзірлеу жоспары объекті тізімі тәрізді болады, әр объектіні карточкаға жазған қолайлы, содан кейін бұл карточкаларды жинау мерзіміне, жеке оқушыларға берілген тапсырмаға және т. б. сәйкес бөлу керек. Әр карточкаға, объектінің атынан басқа, оны дайындау жағдайы мен мерзімі, сақтауға, күтімге, тиісті сабаққа әзірлеуге және пайдалануға қойылатын талаптар көрсетіледі. Бірте-бірте ботаниканы оқытуға қажет барлық материалды көрсететін толық картотека жасалады. Көрнекі құралдарды мұғалімнің тікелей басшылығымен окушылар ретке келтірулері керек. Табиғи материалдарды ретке келтіру жұмысын кебінесе жас натуралистер үйірмесіне, не көрнекі құрал әзірлеу жөнінде арнайы үйірмеге біріккен оқушылар орындайды. Тірі табиғат материалдарына өсімдіктердің тұқымы, жемісі, жер беті, жер асты бөліктері, мектепке бір жолы пайдалану не кейбіреуін ұзақ сақтауға әкелінетін жабайы және мәдени өсімдіктер жатады. Бір жолы пайдалану үшін өсіп тұрған өсімдіктерді, әдетте, күзде, ботаника пәнінің алғашқы сабақтарына, ал кейбір ерте көктем өсімдіктерін оның соңғы сабақтары үшін көктемде жинайды. Бұл мақсатқа арнап табиғаттан, учаскеден, колхоз егістігінен қандай өсімдіктер алынатындығын бағдарлама талабына сәйкес және жергілікті жер жағдайына қарап мұғалім белгілейді.
Мектептер тәжірибесінде вегетация кезеңін түсіндіруде әр түрлі жабайы және мәдени өсімдіктері қолданылады. Осы мақсатта жаз бойы қажетті өсімдіктер тұқымын екі үш рет себеді және көшетін отырғызады, осының барысында ботаника пәнінің алғашқы сабақтарына (қыркүйек, қараша) барлық органдары бар, вегетация процесіндегі өсімдіктер алынады. Көп өсімдіктерді топырағымен қазып алып, мектепке әкеліп жәшікке не гүл құмырасына отырғызуға және ұзақ сақтауға болады: мысалы, астра, хошиісті темекі, настурция, қойбүлдірген (жыл бойы гүлдейтін, бірнеше рет жеміс беретін, қыс бойы гулдейтін және жеміс беретіндері өте қызықты), ал жабайы өсімдіктерден -- бақ-бақ, өгейшеп, папоротниктер және т. б.
Ылғал камерада шықшылдық, плаун, түрлі мүктер тәрізді өсімдіктерді ұстау оңай. Мектепте тұтас өсіп тұрған есімдіктермен қатар, тәжірибе жасауға, вегетативтік көбеюге материал болатын өсімдік бөліктері, жеке органдары (капуста кочаны, бақ-бақ тамыры, лалагүл мен бидайық тамырсабағы), гүл шоғын алуға мүмкін (басты пияздың, жауқазының, пиязшығы, сәбіз тамыры) болуы керек. Мәдени және кейбір жабайы өсімдіктердің, мысалы: бұршақ, астық, крест гүлділер тұкымдастарының жас тұқымдары да қажет бұлар түрлі демонстрациялық және үлестіліліп берілетін материалдар алу және тікелей танысу үшін қажет. Кейбір жағдайда тұқымды өндіру (мысалы шалқамның тамыр түкшелерімен танысу үшін), өскін алу, екінші бір жағдайда өсімдікті топырақта не тұздар ерітіндісінде өсіру жеткілікті. Әдетте өсіп тұрған өсімдікті тұқымынан не вегетативтік көбею органдарынан, бағдарламаның белгілі тақырыбына сай, белгілі мерзімде алу керек.
Өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылысы, олардың, тіршілігі жөніндегі мәселелермен танысу үшін біздің, кәдімгі бөлме өсімдіктеріміздің маңызы үлкен. Оларды мектепті безендірумен қатар, ботаника курсының белгілі тақырыптары мен жеке мәселелерін өткенде пайдалануға болатындай етіп өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылысымен, олардың биологиясымен танысу үшін, тәжірибе жасау, бақылау жүргізу үшін, систематика топтарын анықтау үшін -- таңдап алу керек. Бөлме өсімдіктерінің декоративтік және мөлшері жөніндегі сапасын да ескеру қажет. Мысалы, ірі фикустар, драцендер, барқытшөп, циперустар көп қиыншылық тудырады, өсімдіктердің аласа түрлері болғаны жақсы. Кейбір бөлме өсімдіктерін қалемшелеу жөніндегі практикалық жұмыстарда пайдалануға болады.
Бөлме өсімдіктерін қою үшін тіректер, кішкене столдар, аспалы ұстағыштар, тіреулер, трельяждар және т. б. қолданылады.
2 Биология кабинетіндегі жабдықтарды ұйымдастыру

2.1 Жалпы білім беретін орта мектептерде зоологиялық бөлім ұйымдастырудың маңызы

Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымның маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды.
Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды балалар даярлау болса, ал мектептiң негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi бiлiм мен қатар тәрбие беру, жеке тұлға қалыптастыру, мәдениетi жоғары деңгейдегi оқушылар тәрбиелеу. Жас ұрпақ бойына батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен қайырымдылық, iзеттiлiк пен қамқорлық сезiмдерiн сiңiрудi әр ұстаз, әр пәнде сабақпен ұштастыра жүргiзуі қажет. Сабақтың тиімділігін арттырудың маңызды бір жолы - сабақтағы атқаратын жұмыс түрлерінің сан алуандығы.
Ғалым-педагог Л.В.Занков "Оқыту-оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуi қажет"- дейдi [1]. Көрнектi психолог Л.С. Выготский : "Жақсы оқыту - баланың дамуын iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту"- деп тұжырымдайды [2]. Ал, оқыту мұғалiм арқылы iске асатын процесс болғандықтан педагогтар мен ұстаздар қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.
Алға қойған оқу-тәрбие міндеттерін жүзеге асыру үшін мектептегі биология пәнінің мүмкіндіктері зор. Биологияны оқытудың мақсаты - осы ғылымның негіздерін үйрету. Бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жануарлар әлемінің тарихи дамуындағы негізгі объективті заңдылықтарын игерулері қажет. Бұл заңдылықтарды білу - белгілі бір деректі мәліметтерді зерттеуге, бақыланатын жануарлар туралы нақты түсініктерге сүйенуге тиіс [3].
Педагогикалық практика нәтижесіне қарасақ қала мектептеріндегі оқушылардың арасында жануарларды зерттеу жұмыстарына байланысты тақырыптармен қызығатындары әліде баршылық, демек бұл бағытта жұмыс жүргізуді тез арада қолға алу қажет. Бұл бағытта жүргізілетін табиғат байлықтарын қорғау жөніндегі білім беретін шараның бірі мектептерде зоологиялық бөлім ұйымдастыру.
Мектепте зоологиялық бөлім оқушыларға жануарлар тіршілігін табиғи жағдайда таныстыруға мүмкіндік беретін зертхана болып саналады. Сондықтан оны сабақтың басым бөлігін өткізетін саяхатсабақтары мен практикалық жұмыстар жүргізілетін, жануарлар тіршілігіне ұзақ уақыт тәжірибе жасап, бақылау жүргізетін негізгі базаға айналдыру қажет. Қазіргі таңда мектеп оқушылары бастауыш сыныптардан бастап ғылыми жұмыстармен айналысуда, ал ол жануарларға жасалатын эксперименттік жұмыстарды қамтиды. Сондықтан мектепте оқушы жануарға жасалатын эксперимент жұмыстарын зоологиялық бұрышта өткізуі, оқушының қажетін арттырып отырады. Оқушыларға зерттеу объектілеріне ұзақ уақыт бақылау жүргізулеріне немесе эксперименттік тексерулерді қажет ететіндіктен оның маңызы зор.
Жақсы жабдықталған зоологиялық бөлімде:
- аквариум, террариум, инсектариум, формикарий, ұсақ құстар мен сүтқоректілерге арналған торлар мен үйшіктері бар тірі табиғат мүйісі;
- әр түрлі үйшіктерге сан алуан құстар жіберілген құстар қалашығы;
- пішіні мен шамасы стандартқа сай келетін қоянқоралар;
- тауық, үйрек, қаз, күркетауықтары бар жақсы жабдықталған құсқора;
- 4-10 ұядан құрылған омарта, оның ішінде шыныланған және бақылауға арналған ара ұясы, өсіруге қажетті құрал-саймандар;
- жұлдызқұрттарды өсіретін орын;
- қолдан жасалған тоғанша болуы керек.
Аквариум - (лат. aquarium - суқойма) - су жануарлары мен өсімдіктерін өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс. Оның кейбір түрлерін дельфинарий, океанариум деп те атайды. Олардың пішіні мен құрылысы әр түрлі болып келеді. Аквариумдер балықтардың табиғи жағдайына сәйкес жабдықталады. Онда өсімдіктер де өсіріледі. Әдетте арнаулы құралмен аквариумге ауа да жіберіледі. Суы мезгіл-мезгіл ауыстырылып тұрады. Аквариумде ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізіледі. Мысалы, кейбір балықтарды жерсіндіру аквариумде зерттеледі. Аквариумде балық аурулары да зерттеледі. Мектепте көрнекті құрал ретінде аквариумның лабораториялық және сәндік түрлері қолданылады. Ғылымда аквариумды экологиялықжүйенің қарапайым моделі деп қарап, ондағы топырақ пен судың құрамының өзгеруіне, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне бақылау жасап, ғылыми тұрғыда баға беруге болады. Сондай-ақ аквариумде биологиялық тепе-теңдік сақталады, тура табиғаттағыдай зат айналу процесі жүріп тұрады.
Террариум - ( лат. terra -- жер) - сиымдылық, мұнда амфибийлер, рептилийлер, насекомдар және басқада омыртқасыз жануарлар мен өсімдіктерді өсіру үшін қажетті жағдайлар жасалған орын. Көптеген террариумдарды әйнектен, металл каркастардан немесе негізін пластмассадан және ағаштан жасайды. Шөл аймақтарда тіршілік ететін жануарларға террариум табанына құм орналастырады, тастар салады және өсімдіктер отырғызады. Мұнда температура мен ылғалдылықты үнемі тұрақты түрде бақылауда ұстап тұру маңызды. Жарық және жылуды арнайы құрылғылармен қамтамасыз етеді.
Инсектариум - (лат. Insectum-насекомдар) - насекомдарды ұстауға, көбейтуге және өсіруге, сонымен қатар буынаяқтылардың өкілдеріне де арналған арнайы орын. Инсектариде насекомдардың тіршілік ету ерекшеліктерін бақылау жұмыстары, сонымен қатар насекомдарды көбейту жұмыстары жүргізіледі. Қарапайм инсектариум жәшікке ұқсайды немесе цилиндр тәрізді болады оның қабырғасын әйнектен немесе мөлдір пласинкамен, марлямен жасайды немесе көздерінің көлемі 0,5-1 мм етіп жіппен тоқиды.
Формикарий - (лат. formica -- құмырсқа) құмырсқаларды бақылауға арналған инсектариидің ерекше бір түрі. Алғашқы формикарии ХІХ ғасырда мирмекологтар мен энтомологтар өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстары үшін жасап шығарған. Кейін құмырсқалардың қауымдасып тіршілік етуі натуралистерді көпшілік қауымды қызықтыруына байланысты формикарийлердің қарапайым конструкцияларының жаппай таралуына әкелді. Бірінші коммерциялық формикарии шамамен 1929 жылы шығарылды, ал 1931 жылы профессор Frank Austin патенттеп алған.
Мектепте зоологиялық бөлімді ұйымдастыру оңай емес, сондықтан оған уақыт қажет. Алдымен қарапайым, жабдықтауға көп қаржы мен уақыт жұмсалмайтын бөлімдерден бастау тиімді. Мектепте зологиялық бөлімді ұйымдастыру және жоспарлауда мұғалімге ең алдымен, бөлімнің орны мен оған қажет жабдықтарды анықтау; оқушылар өз бетімен жүргізетін бақылау, тәжірибе және ғылыми жұмыстардың тақырыптарын айқындап алу және оларды орындау әдістемесін құрастыру қажет. Зоологиялық бөлімді ұйымдастыруға оқушыларды белсене араластыру керек. Алғашқы кезде ескі жәшіктен бақа мен құрбақаларға террариум жасауға, ал кесірткелерге металмен торланған, жабылатын қақпағы бар қораптар, қолдан аквариумдар және әр түрлі инсектариумдар дайындатуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология пәнін оқыту процесі кезіндегі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар
Биология сабақтарында бейнетаспаларды қолданудың мүмкіндіктері
Оқушылардың сандық дағдыларын қалыптастыруда биология мен информатиканы кіріктіріп оқытудың тиімділігін анықтау
АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ ӨТКІЗУ
Биология пәнінен сабақтың типтері және олардың ерекшеліктері
Биологияны интерактивті оқыту
Биологияны компьютерлік технологияға негіздеп оқыту ерекшеліктері
Биология сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану
Биологияны оқытуда қолдануға тиімді интерактивті әдістер
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау
Пәндер