Өндірістік қалдықтардың қоршаған ортаға әсері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І-тарау. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық ахуалдар 4-20
- Топырақ экологиясы. . . . . . 4-11
- Өсімдіктер және жануарлар экологиясы……… . . . 12-17
- Қазақстандағы орман экологиясы18-20
ІІ- тарау. Өндірістік қалдықтардың қоршаған ортаға әсері . . . 21-35
2. 1. Ғылыми - техникалық прогресс және экологиялық проблемалар . . . 21-25
2. 2. Өндірістік техногенез қалдықтарының қоршаған ортаға әсері . . . 26-32
2. 3. Өндіріс нәтижесінде түзілген зиянды газдарды залалсыздандыру . . . 33-35
ІІІ- тарау. Қазіргі кезеңдегі жүргізілетін сауықтыру шаралары . . . 36-47
3. 1. Табиғатты қорғау және экологиялық мәселелерді шешу . . . 36-40
3. 2. Атмосфераны шаң тозаңнан тазарту жолдары . . . 41-44
3. 3. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелерді шешу жолдары . . . 45-47
ІҮ. Қорытынды . . . 48-51
Ү. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . … . . . 52-53
КІРІСПЕ
Қазақстан аумағы батысында Каспий теңізі мен Еділ сағасынан, Шығысында Алтай жоталарына дейін, ал солтүстігінде орал таулары мен Батыс Сібір жазықтығынан, оңтүстігінде Орта Азия шөлдері мен Тянь-Шань қарлы шыңдарына дейінгі ұланғайыр кеңістікті алып жатыр. Қазақстан алуан түрлі бай табиғатымен ерекшеленеді. Мұнда қатаң Сібір мен қапырық Орта Азия, таулы ормандар мен шөлдер, Кең жазира жазықтар мен Тянь-Шань қарлы шыңдарына дейінгі ұланғайыр кеңістікті алып жатыр. Қазақстанның жер бедерінің құрылымы әркелкі. Республика ауданының 1/3 бөлігі биіктігі 27 метрдей (Каспий маңы ойпатты) 100-200 метрге дейінгі жазықтар мен ойпаттар алып жатыр. Жалпы Қазақстанның жері Солтүстік және Батыс жақтанШығыс пен Оңтүстік-Шығысқа қарай биіктей береді. Республиканың негізгі бөлігін құмды шөлдер алып жатыр. Қазақстан қоңыржай белдеудің оңтүстігінде орналасқан. Оның Еуразиялық ішкі аймақтарында орналасуы мұхиттардан, әсіресе Атлант мұхитынан алыс болуы, климаттық щұғыл континентальді болуына әсер етеді. Бұл ауа температурасының кенет өзгеруіне, ауаның өте құрғақ, жауын-шашын мөлшерінің өте аз түсуімен сипатталады. Республиканың солтүстігінде күннің түсу ұзақтығы орта шамамен алғанда жылына 200 сағат құрайды, оңтүстікте - 300 сағат. Ашық күндер саны жылына Солтүстікте 120, оңтүстікте 260 күн, бұлтты күндер саны солтүстікте 60, Оңтүстікте 10 күн. Осыдан орай жиынтық күн радиациясы Сотүстіктен оңтүстікке қарай өледі: қыста 50-ден 200 МДЖ/м²-ге дейін, жазда 650-ден 800 МДЖ/м²-ге дейін.
Тақырып көкейкестігі ретінде.
Мәселенің өңделуі
Зерттеу жұмысының мақсаты
Зерттеу жұмысының нысанасы. Республикамыздың қуатты өнеркәсіп орындарының дамуы, кен орындарының көбеюі салдарынан техногендік кешендердің қоршаған ортаға, ашық әсерінің ұлғаюын, антропогендік ландшафтардың пайда болу салдарын зерттеу-жұмысымыздың негізгі негізгі зерттеу нысанасы болмақ.
Жұмыстың байқалып көрінуі . Бұл зерттеу жұмысының басты мәселелері студенттердің ғылыми-конференциясында баяндамаланып, талдау жасалынған.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық зерттеу жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейкестілігі, тәжірибелік құндылығы, мақсаты мен міндеттері, әдістемелік негізге дәйектелген. Сонымен қатар зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы, зерттеу деңгейі білікті жан-жақты ашып көрсетіледі.
І тарау. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық ахуалдар.
1. 1. Топырақ экологиясы
Қазақстанның барлық жер көлемі 2724, 9 мың км². Жер қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді юұрыс пайдаланбау слдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн . га жазық жерлер, 185 млн. га жайылым және 34 млн. га құнарлы жердің 180 млн. га жері жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн. га топырақ эрозиясы 60 млн. га тұздану, 10 млн. га химиялық және радиактивті заттармен ластанған.
Республиканың 30 млн. га жерлерін өнеркәсіп, көлік, байланыс, елді мекендер алып жатыр.
Солтүстік облыстарды тың игеру науқанына байланысты және бірегей бидай дақылын егу топырақ қарашірігінің 25-30%-ын жоғалтты.
Батыс Қазақстан аймағында мұнай-газ өнеркәсібінің қарқындап дамуы 1000 га астам жерді қамтыса, топырақтың техногенді бүлінуі 2, 5 млн. га, ал тозған жайылым 3 млн. га жерді алып жатыр. Сол сияқты Азғыр мен Тайсойған сынақ полигондарының игілігіне 1, 4 млн. га жер бұйырған. Оның үстіне Каспий теңізінің көтерілуі болашақта осы аймақтың шамамен 2, 8 млн. га жерін су басады деп болжам жасалуда.
Экологиялық қиын жағдай Орталық Қазақстан жерлерін де қамтып отыр. Мұнда жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптік қалдықтарымен ластану, ауыр металдардың жинақталуы, радиактивті элементтердің және ракета-ғарыштық қоқыстардың (Бетпақ дала) шоғырлануы тұрақты жағдайға айналған.
Кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы Ертіс, Әмудария мен Сырдария өзендерінің су бассейнінің азаюы, Арал теңізінің тартылуымен тікелей байланысты болып отыр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда Арал аймағының экологиясына байланысты 2 млн. га жер шөлейттеніп кеткен және Жаңадария өңіріндегі 3 мың га қара сексеуіл орманы біржола жойылу үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойынша топырақтың химиялық улы заттармен және радионуклидпен ластануы жылдам жүруде.
Балқаш-Алакөл және Шу-Мойынқұм аймақтарындағы өзгерістер, Іле өзеніне Қапшағай су қоймасының салынып, судың жасанды реттелуі табиғатқа көп зардаптар әкелді. Су деңгейінің 1, 5-2, 0 метрге төмендеуі Іле атырабы бойынша топырақтың құрғап, бүлініп, сорланып, тозып кетуіне жол берді. Әсіресе, Іле-Балқаш бассейіні жер жаннаты аталған Жетісу өңіріне экологиялық апатты да ала келді. Іле бойындағы ит тұмсығы өтпейтін тоғай, тораңғы орманы, Шарын өзенінің қайталанбас сұлу табиғаты мен каньондары тозып, жағалаудағы шұрайлы жайылымдар құлазыған сары далаға, шөлге айналып бара жатыр. Ендігі жерде Іле суының 10-15 процентін Қытай халық республикасының алуы бұл өңірдің табиғатын тұл етері анық.
Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол республика бойынша 26610, 7 мың га жерді алып жатыр.
Соңғы жылдары байқалып отырған әлемдік климаттың өзгеруі Қазақстанның шөл, шөлейтті белдемдеріне әсерін тигізіп, ондағы егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың құнарсыздануы, бүлінуі және шөлге айналуы прогрессивті түрде жүруде. Оның үстіне топырақты қорғаудың агротехникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және минералды тыңайтқыштар беру, гербицидтер мен пестицидтерді қолданбаудан арам шөптердің қаулап өсуі, шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне жо беріліп, жердің сапасын төмендетті. Мәселен, 1996 жылы егістіктерге 1 млн. т минералдық және 33, 2 млн. т органикалық тыңайтқыш берілсе, бұл көрсеткіштер 1998-2001 жылдары 16 мың тоннаға қысқарған. Топырақтану институтының мәліметі бойынша Қазақстанның құнарлы топырағы өзінің қарашірігінің 19-22 % жоғалтқан. Мұның өзі болашақта жер ресурстарының сапасы жақсармайтынын аңғартады.
Топырақтың ауыр металдармен және радионуклидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс - өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму аймағында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар 2, 3 млрд. т. жетсе, ал 529 обьектіде радиактивті қалдықтар сақталған. Өнеркәсіптерден шығарылған химиялық заттар Шығыс Қазақстан бойынша жылына 5 млн. т. жетіп отырғаны тіркелген. Республика бойынша ластану деңгейі Бетпақ дала, Балқаш өңірі, Мұғаджар, Ертіс өңірі, Маңғыстау, Каспий маңы ойпаты, Іле Алатауы жазықтарында тым жоғары. Сырдария, Шу, Талас, Жайық өзендеріндегі жерлер қорғасын, фтор, бор, мыс, пестицидтер және нитраттармен ластанған.
Өскемен, Риддер, Зырян қалалары маңындағы жерлерде қорғасынның мөлшері 100 РЗШ, кадмий, мырыш 8-14 РЗШ, мыс 10 РЗШ-ға жеткен.
Павлодар, Екібастұз, Қаратау, Тараз т. б. өнеркәсіп орындары аймағы геохимиялық ауытқуларға және уытты заттармен ластануға ұшырағын.
Семей өңірінің радиактивті заттармен ластануы өте жоғары. Осы жерлерде шоғырланған 154 өнеркәсіп орындарынан жылына 294 мың т. улы зат қоршаған ортаға шығарылады. Мәселен, мыс 100 РЗШ, қорғасын 100 РЗШ, мырыш 300 РЗШ, хром 100 РЗШ, кобальт 50 РЗШ, никель 50 РЗШ, т. б. ауыр металдардың шекті мөлшерінің тіркелгені Семей қаласы бойынша жарияланған әдебиеттерде келтіріледі.
Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстан аумағында ядролық қарулар сыналған жерлердің көлемі Ақтөбе облысында - 4207, 5; Атырау - 1635, 3; Шығыс Қазақстан - 11, 1; Жамбыл - 2576, 1; Жезқазған - 4900; Батыс Қазақстан - 1558, 8; Орталық Қазақстан - 19, 6; Маңғыстау - 21, 4; павлодар - 717, 1; Оңтүстік Қазақстан - 8, 1; Семей - 941, 2 мың га жерлерді қамтыған. Осы жерлерде 50 жыл бойы (1949-1996) бұрынғы Кеңес үкіметі соғыс ведомстволары 503 ядролық сынақ жасап, Қазақстанның шұрайлы жерінің 20 млн. га жарамсыз етті.
Батыс Қазақстан аймағында 1966-1979 жылдары аралығында 24 ядролық қару сыналған, олар Маңғыстау облысында - 3, Батыс Қазақстанда - 4 және Атырауда - 17 рет жасалған. Соның ішінде ең ірісі Азғыр полигоны ғана, 6, 1 мың га жерді алып жатыр. Зерттеулер нәтижелері бойынша Нарын, Азғыр құмдарында радиактивті элементтер: кадмий - 80-120, стронций - 150, қорғасын - 80 және нитрат - 8, 8 есе шекті мөлшерден көбейіп кеткен.
Үстірт платасында1968-1970 жылдары жер асты ядролық сынағы жасалған. Осы жерлердің бәрінде де суға, топырақ пен өсімдік жіне жан-жануарлар дүниесіне бұрын соңды болмаған залалдар келді.
Республика аумағында ірі ракеталық полигондар Атырау облысының «Тайсойған», Балқаш көл маңында «Ташкен-4» және «Байқоңыр» ғарыш айлағында орналасқан. Бұл жерлерде топырақ беті өте қауіпті улы гептил жанармайымен және ракета «қоқыстарымен» ластанған. Гептил өте улы зат болғандықтан адамдардың өкпе-тыныс жолдарына, жүйке-жүйесіне әсер етіп, бүйрек, бауыр, мүшелерін зақымдайтыны анықталған. Сол сияқты ракета, космос корабльдерінің ұшуы «қышқыл жауындар» жаудырып қоршаған ортаның тірі комплексінің 3-50 % биомассасын жойып жіберді. Мәселен, 1988-1991 жылдар аралығында тек қана Тайсойған полигонында 24000 ракета барлығы 30 мың тонна жанармай жаққан. 1994 ж. 5 шілде мен 27 қазанда патқа ұшырағын «Протен» ракета тасығышы Қарағанды облысының жеріне гептилен уын шашып орасан зор қауіп төндірді. Оның зардабы әлі белгісіз болып отыр.
Әлемдік экологиялық проблемалар құрылымы
2 кесте
- Жылу эффектісі
- Қышқыл жауындар
- Топырақтың құнарсыздануы
- Орианның қырқылуы
- Мұхиттардың ластануы
- Климаттың өзгеруі
- Адам экологиясы
- Биоәртүрліліктің азаюы
- Азонның жұқаруы
- Фотохимиялық у түтін
- Қоқыс қалдықтары
- Шөлге айналу
- Биосфера құрамының өзгеруі
Топырақтың ауыр металдармен ластануының қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші
Қазіргі кезде Қазақстан жерінің 33, 6 млн. га жері соғыс полигондарының кесірінен бүлінгені анықталды. Сол сияқты республика аймағында барлығы 16 млрд. тонна радиактивті қалдық жиналған. Ол қалдықтар Ақмола облысының - 800 га, Жамбыл облысының - 190 га, Жезқазған облысының - 25 га, Қызылорда облысының - 3, 0 га, Оңтүстік Қазақстан облысының - 2 гектар жерін алып жатыр. Нәтижесінде, бүгінгі таңда Қазақстанда радиациялық апат аймақтары мен ондағы қазіргі қалыптасқан жағдайларды келтірілген фактілер арқылы көруге болады.
Қазақстанның құрғақ климаты жағдайында радионуклидтер топырақта баяу қозғалып, ұзақ сақталып, экожүйелкрді бүлдіреді. Осылайша топырақ негізгі ластану көзі ретінде радионуклидтерді өсімдіктерге одан жан-жануарларға, адамға жеткізіп отырдады. Ал, адам баласы өз кезегінде генетикалық, соматикалық, онкологиялық ауруларға ұшырап, зардап шегеді. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2, 6 млн. адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Атырау облысында 32 мың адам анемия, сүйек рагі, туберкулез, жүйке ауруларымен ауырып, зардап шегуде. Жоғарыда келтірілген тарихи және шынайы фактілер Қазақстанның қасиетті топырағы, ауасы мен су ресурстарының қаншалықты зардап шегіп келгенін дүние жүзінің адамзат қоғамы соңғы жылдары ғана біліп отыр. Ендігі жерде Қазақтың ұлан-ғайыр аумағы өзінің жаралы денесін сауықтыра отырып болашақ ұрпақтарының салауатты өмір сүруін қамтамасыз етуге бел байлап, өркениетті елдер қатарына қосылатын күн алыс емес екеніне кәміл сенеміз.
Қазақстан жеріндегі радиациялық апат аймақтары
Шығыс Қазақстан облысы: Семей, Курчатов қаласы, Шұбартау, Аягөз ауданы, Бородуллихин, Новошульба.
Қарағанды облысы: Егіндібұлақ ауданы.
Павлодар облысы:
Май ауданы.
Шығыс Қазақстан облысы:
Өскемен, Ленинагор, Глубокин, Таврия, Шемонайха аудандары.
Қазақстанда қалыптасқан экологиялық апаттар, оның тигізетін зардаптары
Ортаның ластануы
Техногенді апат
- Адамдардың ауруға ұшырауы
- Қаншама миллиондаған адамдардың қырылуы
- Ластанудың себептерін табу
- Адамдарға үгіт-насихат жүргізу керек, ондай объектілерді қаладан алыс жерлерде орналастыру.
Озон қабатының жұқаруы
Табиғат апаттары (жер сілкіну, сел, цунами, циклон, жұт, вулкандар атқылауы, теңіздер мен мұхиттар деңгейінің көтерілуі немесе түсуі)
Ультракүлгін сәулелерінің зардаптары
Адамдар шығынының көптігі, экономикалық шығындар
Ауаға зиян газдарды жібермеу керек
Алдын-ала дайындық жүргізу және олардың болуын алдын-ала хабарлау керек
1. 2. Өсімдіктер және жануарлар экологиясы
Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми-лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік - жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі тарамаған.
Қазақстанда орман қора 21, 8 млн. га жерді алып жатыр. Яғни, республикамыздың барлық жерінің 3, 35 %-ын құрайды. Біздің еліміздегі ормандар жүйесі негізінен Солтүстік және Шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар - сексеуіл, қарағай, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар.
Орман қоры жер шары бойынша жылдан-жылға азая түсуде. Құрлықтың 62 млн. км² жерін өсімдіктер мен орман алып жатыр. Республикамызда ормандар аз және олардың жағдайы мәз емес. Оның негізгі себептері - адам факторы, өрт, ауа райының өзгеруі мен айнала қоршаған ортаның ластануы.
Орманды қорғау біздің міндетіміз. Орманның адам мен жалпы биосфера үшін маңызы зор.
Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Ылғалды жер өсімдік жамылғысы мен жан-жануарлардың көбейе түсуіне ықпал етеді. Орманды алқаптардағы жер асты сулары өзен мен көлдерді қоректендіреді. Орман аң мен құстың мекені, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен жеміс-жидектердің панасы әрі қолайлы тіршілік ортасы болып табылады.
Ормандардың егістік алқаптарын қорғауда да рөлі зор. Орманды жерде топырақ, су және жел эрозиясы болмайды. Ал ормансыз жердің топырағы кеуіп, шөлге айналады. Ағаштарды қар тоқтату үшін де отырғызады.
Орманның ауаны тазартатын да қасиеті бар. Мысалы 1 га орман бір күнде 220-280 кг көмірқышқыл газын сіңіріп, 180-200 кг оттек бөліп шығарады. Яғни ауаның құрамын толықтырып отырады.
Орман сонымен бірге денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендері, т. б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен-тек емес.
Қазақстанда орманға қарағанда табиғи жайылымдар басым. Өсімдіктің біздің жерімізде 57000 түрі өседі. Оның 506 түрі қорғауды қажет етіп отыр. Жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтап қалу мақсатымен 1981 жылы «Қызыл кітап» шығарылды. Оның мақсаты құрып бара жатқан өсімдіктерді есепке алып, оларды сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекеттік шаралар жүргізіледі. Солардың бірі - сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жерлерді адам қамқорлығына алып қорықтар ұйымдастыру.
Қорық ұйымдастыру ісіне біздің республикамызда соңғы жылдары көп көңіл бөліне бастады. Қазірдің өзінде 9 мемлекеттік қорық, 5 ұлттық парк, 17 ботаникалық, 40 зоологиялық, 2 ботаникалық- геологиялық қорыққорлар құрылған. Алматы, Шымкент, Қарағанды т. б. ірі қалаларда ботаникалық бақтар жұмыс істейді. Осының бәрі сиреп бара жатқан өсімдіктерді қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады. Орман мен өсімдіктерді қорғау ересектермен қатар мектеп оқушыларының да міндеті. Көптеген аймақтарда жастардың белсенділігін арттыру мақсатымен «Жас орманшылар», «Жасыл патрульшілер», «Жас экологтар», «Жас натуралистер» атты үйірмелер ұйымдастырылған. Олар - еліміздің орман шаруашылығының белді көмекшілері.
Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған. Әсіресе алтын тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, шайқурай, жалбыз, бәйшешек, тартар жапырақ, түймедақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсақ, тасжарған, алтай рауғашы, қызылжидек, сасыр, т. б. өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын формоцевтік зауыт жұмыс істейді.
Қазақстанда дәрілік өсімдіктер мен қатар сирек кездесетін, сәндік үшін өсірілетін өсімдік түрлері де бар. Олардың саны азайып барады. Мысалы, Қаратау аймағында өсімдіктердің 1500 түрі өседі. Срндықтан болар Қаратау өсімдіктердің «Меккесі» деп аталады. Табиғаттың әсем көріністері табиғи ортаның ластануынан, жайылымдардың тозу салдарынан сирек кездесетін өсімдіктердің азаюынан бүлінуде. Қазір кең-байтақ даламыздан қызғалдақтардың көптеген түрлері, қызыл адыраспан, сөгеті сасыры, іле бөріқарақаты, іле ұшқаты, жатаған шырша, алтай қасқыр жидегі, кәдімгі пісте, жіңішке көкнар, меруертгүл, жабайы жүзім, т. б. жойылып барады. Оларды қорғау біздің міндетіміз.
Республикамыздың шөл-шөлейтті белдемдерінде орналасқан Мойынқұм, Тауқұм, Сарыесік Атырау, Жалпаққұм, Қызылқұм сияқты ерекше құм жоталары бар. Олардың бәрі біріншіден, тұнып тұрған өсімдіктерортасы болса, екіншіден, жайылым қоры болып саналады. Бірақ елімізде полигондар мен жел эрозиясына ұшыраған жердің көлемі 25 млн. гектарға жетіп отыр. Осыған орай, біз шұрайлы жайылымдар қорын сақтап қалу үшін осы жерлерді ерекше қорғалатын аумақтарға жатқызып, қамқорлыққа алуымыз керек.
Сирек өсімдіктердің қатарына ағаштар да жатады. Оларды кесіп отын, құрылыс материалы үшін пайдалануды азайту керек. Қазірдің өзінде Іле шыршасы, самырсын, шетен, ырғай, тораңғыл, долана, шырғанақ, емен, т. б. ағаштары қорғауды қажет етіп отыр. Әсіресе орман ағаштарын кесу етек алуда. Орманды қорғаудың ең маңызды бағыты - жасанда жолмен орман қорын көбейту. Жыл сайын орман шаруашылығы мыңдаған түп ағаштар отырғызады. Осылайша ормандарды қалпына келтіру жүзеге асады. Орманды қорғау мен қалпына келтіру шараларына оқушылардың араласуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz